Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жоғары оқу орнында қазақ тілін қашықтан оқытудың дидактикалық негіздері

Мақалада қазақ тілін жоғары оқу орындарында қашықтан оқыту жүйесінің дидактикалық негіздері қарастырылды. Қашықтан оқытудың дидактикалық негіздері айқын да кең арналы танылса, онда бұл күрделі жүйені жоғары оқу орнында қазақ тілін оқыту үдерісінде ұйымдастырудың жəне қолданудың тиімділігі жоғарылайды. Мақалада қашықтық технологиясын тілдерді оқытуда қолданудың теориялық тəсілдерін зерттейді. Авторлар қашықтық технологиясын тіл үйрету тəсілі ретінде қарастырды. Қашықтықтан оқытудың мүмкіндіктерін тілді үйретуде кеңінен қолданылу қажет екені баяндалды. Бұл тіл үйренушілерге өте тиімді технология, себебі қашықтықтан оқыту кезінде тыңдаушы өзіне қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді қарқында өз бетінше жұмыс құрай алады. Яғни, топта оқу мен сабақ кестесі өзіне тиімсіз деп санайтын жұмыс жасап жүрген ересектер үшін сырттан ақпарат алуға мүмкіндік беретін қашықтан оқытудың пайдасы орасан зор деп айтуға болады. Сондықтан тындаушылар өз бетінше жұмыстың техникасы мен əдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге нəтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.

Цифрлық технологияны қолдану арқылы танымның жаңа деңгейіне өсу жолдарын анықтау — өмірдің барлық саласында қарқынмен қарастырылып жатқан мəселе.

Қазақстан Республикасы Н.Ə. Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бəсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл — маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын жəне басқа да перспективалы салаларды дамыту керек» [1], — деп нақты бағдар бергені белгілі.

Жолдау негізінде қабылданған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы [2] төрт бағыт бойынша жүзеге асырылуы көзделген:

  • - бірінші бағыт бойынша, ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, Қазақстанның транзиттік əлеуетін көтеру көзделеді;
  • - екінші бағыт бойынша, көлік жəне логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы жəне электронды сауда экономиканың салаларына цифрлы технологияны ендіру міндеттелген;
  • - үшінші бағыт бойынша, мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру көрсетілген;
  • - төртінші бағыт бойынша, ақпараттық технологиялар бойынша сапалы мамандар даярлау көзделген.

Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық тəжірибе саласында осы көрсетілген бағыттардың барлығы бойынша жұмыс жүргізу мүмкіндіктері бар екені белгілі. Өйткені студенттер — еліміздің келешекте барлық саласында қызмет ететін азаматтар. Сонымен бірге университеттерде жабдықталған компьютерлік кабинеттер көбеюі, интернетпен қамтамасыз етілуі, студенттердің жеке компьютерлер мен смартфон, телефон, планшеттері болуы — барлық қолда бар мүмкіндіктерді пайдаланудың дидактикалық жүйесін уақыт талабына сай арнайы зерттеуді талап етеді.

Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі тарапынан 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген «Қашықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларында» [3] қашықтан оқыту технологияларының мынадай түрлері көрсетілген:

  • - теледидарлық технология;
  • - желілік технология;
  • - кейс-технология.

Осы құжатта қашықтан оқытуда қолданылатын оқу-əдістемелік кешеннің құрамы да нақтыланып көрсетілген:

  • - пəн бойынша білім мазмұны, күнтізбелік-тақырыптық жоспар; ұсынылатын əдебиеттер тізімі;
  • - силлабус;
  • - дəрістердің электрондық конспектісі жəне бейнедəрістер;
  • - практикалық жəне семинар сабақтар материалдары;
  • - студенттің өзіндік жұмысына студенттің оқытушының жетекшілігімен орындайтын жұмысына арналған тапсырмалар жүйесі;
  • - аралық бақылау материалдары — бақылау жұмыстары, тест, жеке тапсырмалар;
  • - қорытынды бақылау материалдары — емтихан материалдары: тестілеу, емихан билеттері мен сұрақтары, бақылау жұмыстары;
  • - қашықтан кеңес беру кестесі.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы студенттерге қазақ тілін оқыту жүйесінің көптеген аспектілері зерттеулер мен арнайы еңбектерде қарастырылғаны белгілі. Қазақ тілін оқыту ғана емес, жалпы тілдерді оқыту əдістемелерінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны, соның ішінде қашықтан оқыту технологиясын пайдалану арқылы сапалы жəне тиімді нəтижелерге қолжеткізу жолдары қарастырылған.

Мақаламыздың көздейтін мақсаты — жоғары оқу орындарында қазақ тілін қашықтан оқытудың сапалы əдістемелік жүйесін əзірлеудің теориялық жəне тəжірибелік негіздерін қарастыру.

Бұл мақсатқа жету үшін шешілуі көзделетін бірқатар мəселелер анықталды, олар:

  • - осы кезге дейін тиімділіктері дəлелденген қазақ тілін қашықтан оқыту əдістемелеріне рационалдылық тұрғыдан талдау жүргізілмегені;
  • - қазақ тілін қашықтан оқыту арқылы студенттердің аудиторияда жəне сабақтан тыс сапалы өз бетімен меңгеруінің біртұтас əдістемелік жүйесінің дидактикалық шарттары анықталмағаны;
  • - қазіргі уақытта қазақ тілін қашықтан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық жəне арнайы технологиялық тұрғыдан жабдықталу деңгейі жоғары оқу орны ғимараттарында толыққанды тұрғыда деп айта алмаймыз; ал мұндай мəселе ақпаратты-коммуникациялық технологияны, оның ішінде қашықтан оқыту технологиясын жоғары оқу орындарында шынайы дидактикалық процесс ретінде жүргізуге жəне одан жақсы нəтиже күтуге мүмкіндік бермейтіні де анықталды.

Осындай мəселелерді талдау негізінде студенттерге қазақ тілін қашықтан оқыту технологиясын зерттеудің қарама-қайшылықтары анықталды. Олар:

  • - студенттердің болашақ қазақстандық сапалы білім алған, компьютерді, ақпараттық- коммуникациялық технологияларды еркін меңгеріп, оны өзінің білімін одан əрі жетілдіру құралы ретінде пайдалана алатын маман ретінде қалыптасуы, мемлекеттік тілді меңгеріп, өз қызметі бабында еркін де сауатты қолдануына деген қажеттілік пен университеттерде қашықтан оқытуды күнделікті пайдаланудың дидактикалық негіздемесінің толыққанды жасалмағандығының арасындағы қарама- қайшылық;
  • - қазақ тілін қашықтан оқытудың өмірлік шынайы қажеттілігінің туындап отырғандығы мен қашықтан оқытудың теориялық-əдістемелік базасының толыққанды жасалмағандығының арасындағы қарама-қайшылық.

Осылай анықталған қарама-қайшылықтар қазақ тілін қашықтан оқытудың теориялық жəне əдістемелік негіздемелерінің айқын танылуының қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Осы қарама-қайшылықтарды шешу жолында қазақ тілін қашықтан оқытудың ғылыми негіздемесі жасалынады жəне тиімді əдістемелік жүйесін /технологиясын əзірленеді деп күтіледі. Бұл жұмысты теориялық тұрғыдан жан-жақты негіздеудің маңыздылығы тек ақпараттық-коммуникациялық технологияның /кибернетикалық сипаттамасынан ғана тұрмайды. Оған қоса психологиялық, /нейро/физиологиялық, педагогикалық, дидактикалық, технологиялық негіздемелері де сенімді, тұғырлы болуы тиіс.

Анықталған қарама-қайшылықтар қазақ тілін қашықтан оқыту технологиясының дидактикалық негіздерін анықтаудың түптамырында келесідей ғылыми болжам жатады: егер жоғары оқу орындарында қазақ тілін қашықтан оқыту технологиясының дидактикалық негіздемесі жан-жақты жəне заманауи теориялық тұғырдан жасалынса, онда студенттердің мемлекеттік тілді өмірдің барлық саласында (тұрмыстық, ресми-іскери, саяси-қоғамдық, əлеуметттік-тұрмыстық т.б.) еркін де сауатты деңгейде өз бетімен меңгеруіне сенімді тірек болатын қашықтан оқыту технологиясы сапалы жүйеге айналады.

Дидактикалық негіздеменің қайнар көздерін жоғары оқу орындарында білім берудің заманауи талаптарына сай жүйелеу үшін, қашықтан оқыту технологиясын зерттеген теориялық жəне əдістемелік-практикалық деңгейдегі еңбектерге талдау жасау қажеттігі анықталды.

Қазақ тілін қашықтан оқыту технологиясының дидактикалық негіздері — қазақ тілін студенттерге меңгертудің сенімді тұғыры. Жан-жақты кең арнада анықталған дидактикалық негіздер ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың əлі де болса жасырын, толық танымал емес, студенттерге қазақ тілінен сапалы білім беру процесіне əлеуеті зор ресурстарын анықтап беруі керек деп санаймыз.

Дидактикалық негіздер деп келесі дидактикалық категорияларды танып-талдау жатқызылатыны белгілі:

  • - оқыту мақсаты;
  • - оқыту міндеттері;
  • - білім мазмұны;
  • - оқыту / оқытушы тарапынан;
  • - оқып- үйрену / студент тарапынан ;
  • - оқыту əдістері;
  • - оқыту ұстанымдары;
  • - оқытуды, білім беруді ұйымдастыру формалары;
  • - білім алу дағдылары;
  • - оқыту құрал-жабдықтары; оқытудың компьютерлік жабдықтары;
  • - оқытудың нəтижелері;
  • - бағалау жүйесі.

Жалпы, жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту дегеніміз — жоғары оқу орнында қазақ тілінен білім берудің мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үдерісіндегі оқытушылардың қызметі, студенттерге қазақ тілі курсы бойынша ақпараттар беру, студенттердің оны қабылдауын, саналылықпен түйсігіне жазып алуын, бекітуін жəне өз өмірінде, кəсібінде, тұрмысында, өмірдің барлық саласында сапалы жəне тиімді падалануын мүмкін ету. Ал студенттердің қазақ тілін оқуы дегеніміз — сонда, осы дидактикалық үдерістің екінші жағының, яғни қабылдаушы тараптың əрекеттерін орындауы болып табылады. Студенттердің қазақ тілін меңгеру /оқу-таным үдерісінде арнайы жаттығулар мен тапсырмалар орындап, қалыптасқан танымдық тəжірибесіне сүйеніп, өз бетімен қазақ тілінен жаңа білімдер алуға ұмтылуына, білімін жетілдіріп, толықтырып жəне, ең бастысы, алған білімін практикада шыңдап отыруы — оның қазақ тілінен білім алуы деп аталады.

Осылай, қазақ тілін қашықтан оқытудың дидактикалық негіздерін, соған сүйене отырып құралатын сенімді əдістемелік жүйенің дидактикалық механизмдерін анықтау — маңызды мəселе. Осы бағыттағы қазақ тілін қашықтан оқытудың жəне қазақ тілін ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен оқытудың, қазақ тілін жаңа педагогикалық технологиялармен оқытудың дидактикалық негіздері қарастырылған зерттеу еңбектері мен педагогикалық-əдістемелік əдебиеттер- ді талдау жүргізілді. Соның негізінде жоғары оқу орындарында пəндерді қашықтан оқытудың дидак- тикалық негіздерін бір арнаға тоғыстыруда Т.С. Сабыровтың, Е.Ы. Бидайбековтің, Т.О. Балықбаев- тың, Б.Б. Баймұхановтың, Ж.А. Қараевтың, Б.Ж. Нұрбековтың, Д.М. Джусубалиеваның, Г.Қ. Нұрға- лиеваның, Ю.К. Бабанский, А.А. Вербицкий, Б.П. Есипов, М.И. Махмутов, В.П. Беспалько, Е.С. По- лат, А.А. Андреев, В.Г. Леонов, А.Н. Тихонов, А.Д. Иванников, О.А. Нильсон, Д.С. Костылевтің,

С.Т. Мухамбетжанова, Э.А. Əбдіқарімова, Ұ.Т. Нұрманалиева еңбектерін жəне қазақ тілін жəне шет тілдерін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, компьютерді қолдануға байланысты зерттеулер жүргізілген Б.Ж. Курманова, Г. Бектұрова, К.Ж. Мухлис, Е.Н. Исабек, Д.Е. Сағымбаева, Ж.Ə. Түселбаеваның жəне тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде негізделген дидактикалық тұжырымдарға сүйенеміз.

Қашықтан оқытудың онлайн, оффлайн, вебинар түрлеріне ортақ дидактикалық жүйенің болмысын анықтау арқылы соңынан оларды өзіндік ерекшеліктеріне қарай саралай жүйелеуге болады. Қашықтан оқытудың дидактикалық жүйесін зерттеген А.А. Андреевтің айтуынша, қашықтан саласындағы дидактикалық құрылымына дəстүрлі дидактикалық жүйенің қатарына нормативтік-құқықтық, қаржылық-экономикалық, идентифиациялық-бақылау, маркетингтік компоненттерді де қосу керек [4]. Оны келесі кестеден көруге болады.

1-кесте Қашықтан оқытудың педагогикалық жүйесінің элементтері

Оқыту мақсаты

 

Оқу-материалдық

Білім мазмұны

Білім берушілер / оқытушылар

Идентификациялық-бақылау

Оқыту əдістері

Білім алушылар / оқушылар

Нормативтік-құқықтық

Оқыту құрал-жабдықтары

Қаржылық-экономикалық

Оқыту формалары

 

Маркетингтік

Бұл компоненттердің əрқайсысына жеке-жеке А.А. Андреев ресейлік қашықтан оқыту жүйесінің нормативтік-құқықтық жəне қаржылық-экономикалық жүйелерді ескере отырып талдау жасайды. Ал қазақстандық білім беру жүйесінде қаншалықты өзге компоненттер қосылуы мүмкін екенін мақала көлемінде тегіс талдау мүмкін болмағандықтан, алдағы мақалаларда көрсетеміз.

Қашықтан оқытудың дидактикалық ұстанымдары/принциптері де, дəстүрлі білім беру жүйесіндегідей, болашақ мамандардың қашықтан оқыту арқылы дайындық деңгейін анықтауға қызмет ететіні белгілі.

Келесі 2-кестеден дəстүрлі дидактикалық ұстанымдар мен қашықтан оқыту жүйесінің ұстанымдарын көруге болады.

2-кесте Дəстүрлі білім беру мен қашықтан оқытудың дидактикалық ұстанымдары

Дəстүрлі дидактикалық ұстанымдар

Қашықтан оқыту жүйесінің ұстанымдары

Ғылымилылық

Дидактикалық үдерістің білім беру заңдылықтарына сəйкес болуы. Теориялық білімнің жетекші рөлі

Қолжетімділік

Қолжетімділік

Мақсатты бағдарлылық

Оқуға ынталылық пен игі мотивтің болуы

Жүйелілік пен бірізділік

Жүйелілік пен бірізділік

Өмірмен байланыстылық

Дерексіздік пен көрнекіліктің үйлесімділігі

Саналылық пен белсенділік

Саналылық, белсенділік пен оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін өзіндік жұмыс

Сенімділік

Сенімділік

Тəрбиелеуші-дамытушылық

Білім берудің, тəрбие, дамытудың біртұтастығы

 

Ұжымдық пен жеке жұмыстың бірігуі

Гуманистік

Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану- дың маңыздылығы жəне орындылығы

Интерактивтілік

Қауіпсіздік. Идентификация / Бейнеконференция/

Бастапқы білім деңгейінің маңыздылығы

Білім мазмұнын таңдау / Қазақстан Республикасы білім беру стандарттарының нормативтік талаптарына сай болуы/

 

Оқытудың регламенттілігі

 

Оқытудың ашық жəне икемді / бейімделгіш болуы

Десек те, көрсетілген дидактикалық ұстанымдар қазақ тілін қашықтан оқыту жүйесін ұйымдастыруда толыққанды деп айтуға болмайды. Өйткені қазақ тілін қашықтан оқытуды жүйелік талаптар тұрғысынан қарастыратын болсақ, қашықтан оқыту технологиясы студенттің өз бетімен қолы бос кез келген уақытта қашықтан оқу материалдарына қолжетімділік болуын қамтамасыз етуі керек. Сонымен бірге жəне ең бастысы, қазақ тілін қашықтан оқыту студенттің оқытушыныңжетекшілік етуінен гөрі, өз бетімен көбірек білім ізденуін мүмкін ететін жəне соған қалыптастыратын оқу үдерісі ретінде құрылуы тиіс. Бірақ оқытудың регламенттілігі ұстанымы студенттің қазақ тілінен қашықтан білім алуындағы қауіпсіздік қамтамасыз етуге жəне оқытушымен ынтымақтаса жұмыс жасауға тірек болады.

Қазақ тілін қашықтан оқытудың маңызды бір қыры — пəндік кейс жəне оның құрылымы мен мазмұны келесі мақалаларда үзілмей жалғастырылады. Оның ішінде қазақ тілін оқытуда коммуникативтік жаттығуларды əзірлеу мен қолданудың əдістемесі кең түрде қарастырылуы керек. Қазақ тілін қашықтан оқытудың теориялық моделі жоғары оқу орны жағдайында жан-жақты зерттелген дидактикалық негіздерге сүйеніп құралады. Сондықтан да қазақ тілін қашықтан оқытудың дидактикалық негіздерін толыққандылыққа жеткізетін ғылым арналарын мол етіп тану, айқындау керек. Оның ішінде кибернетикалық негіздер, ақпарат теориясы, когнитивтік педагогика пен синергетикалық педагогика, аксиология, антропологиялық педагогика, андрагогика салалары да маңызды теориялық мəліметтер бере алады.

Қазақ тілін қашықтан оқыту технологиясының ұғымдық аппараттары алдыңғы жүргізілген зерттеулерде, арнайы еңбектерде біршама жүйеленді деуге болады. Десек те, қазақ тілі пəнін қашықтан оқытуға тікелей қатысты дидақтикалық аспектілер толыққанды шешілмегені анықталды.

Дидактикалық категориялардың ішінде жоғары оқу орындапры студенттеріне қазақ тілін қашықтан оқытуда қандай көлемде білім мазмұны беріледі, оның ішінде «студентке коммуникативтік жаттығуларды орындатуда айтылым мен сөйлесім дағдыларын қалай тексеруге болады» деген сияқты жəне т.б. деген мəселелер арнайы қарастырылуы керек.

Жоғары оқу орындарында қазақ тілін қашықтан оқыту — болашақ мамандарды даярлаудың тұтас жүйесінің ортақ мақсатынан туындайтын, соған қатысты жоғары білім беру міндеттерін шешуге бағытталған дидактикалық үдеріс. Оқытушының/ тьютордың басқаруымен, жетекшілігімен жəне өз бетімен қазақ тілін меңгере отырып студент білім аясына енеді. Ақпараттық- коммуникациялық технологияға сүйенген білім беру аясында студент пен оқытушының арасында қашықтан білім ақпараттарын алмасу процесі жүреді.

Қорыта айтқанда, мақаланың көлеміне сай алға қойылған мəселе жалпы түрде жəне мүмкіндігінше нақты сөз етілді. Мақалада қазақ тілін жоғары оқу орындарында қашықтан оқытуды ұйымдастырудың жалпы дидактикалық негіздері қарастырылды. Алдағы уақытта мамандықтарға қатысты жəне кредиттік жүйемен тығыз байланысты көптеген мəселелер лингводидактикалық тұрғыдан талдануы қажет.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасы Н.Ə. Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бəсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан. – 2017. — № 20 (29001). — 30 қаңт.
  2. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1700000827. Дата обращения — 23–02–2019.
  3. Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі тарапынан 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген «Қашықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары» [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500010768 — дата обращения 23–02–2019.
  4. Андреев А. А. Дидактические основы дистанционного обучения / А.А. Андреев. — М .: РАО, 1999. — 120 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.