Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жоғары оқу орнында физика курсы бойынша деңгейлік тапсырмалар жүйесін құрудың ерекшеліктері

Мақалада профессор Ж.А.Караев ұсынған үшөлшемді əдістемелік жүйенің педагогикалық технологиясы негізінде жоғары оқу орындарындағы студенттерге арналған физикадан деңгейлік тапсырмалар жүйесін құру мəселелері қарастырылған. Деңгейлік тапсырмалар жүйесінің мазмұны Б.С.Блумның мақсаттар таксономиясы негізінде құрылып, білімді игеру төменгі деңгейден жоғары қарай бағытталған траектория бойынша ұйымдастыру көзделген. Мұндай оқыту нəтижесінде дамыта оқыту жүзеге асырылып, іскерлік, түрткі, белсенділік, білім сапасы қамтамасыз етілді. Жоғары оқу орындарындағы оқыту үрдісін технологияландыруға сəйкес оқытуды ұйымдастырудың жаңа əдіс- тəсілдері мен формаларын тиімді пайдалануға, студенттерді танымдық іс-əрекетке ынталандыруға, олардың белсенділігін арттыруға, берілген оқу материалын толық меңгеруге, рефлексивті басқаруға, сонымен қатар оқу процесін педагогикалық технология негізінде жобалауға қолжеткізуге болатын мүмкіндік бағытына назар аударылған.

Бүгінгі күнде жоғары білімді дамытудың басты мақсаты мамандар даярлаудың сапасын көтеруді, жеделдетілген ғылыми-зерттеу жұмыстарымен ықпалдастырылған инновациялық білім сапасын арттыруды, жоо-ны зерттеулерінің əлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен өзара байланысын, білім беру жəне ақпараттық технологияларды жетілдіруді қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар қоғам мен мемлекетке пайдалы болу үшін жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, əрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын жəне мерзімдерін таңдауға мүмкіндіктер туғызу қажет.

Студенттердің еңбек етуге дайындығын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру үшін оқытушылардың жұмысына қойылатын талаптар өзгеріп, білім мен тəрбиенің дəстүрлі нысандарын жетілдіру қажет етіледі. Соған байланысты оқыту əдістемесі студенттерді жаңа білімді меңгеру мен оны практика жүзінде қолдануда өз бетімен шығармашылдықпен əрекет ететіндей құрылуы тиіс.

Физиканы оқыту процесін технологиялық негізде ұйымдастыру үшін келесідей ерекшеліктер ескерілуі қажет [1]:

  •  студенттер физикалық құбылыстарды, материяның түрлерін, өзара бір-біріне айналу процесін түсіну үшін олардан ойша елестете білуді, зерделеуді, модельдеуді қажет етіледі;
  •  физиканың басқа пəндерден өзгешелігі, онда физикалық заңдылықтардың модель түрінде берілуі жəне əртүрлі белгілеулері, формулалары, графиктері, диаграммалары, электр тізбектеріндегі белгілеулері, схемалары бар. Соған байланысты студенттер түрлі белгілеулердің өмірдегі нақты түрімен байланыстылығын, керісінше, нақты түрден суреттік, графиктік, схемалық, диаграммалық түрге бейнелеу білулері керек;
  •  «Физика» пəнін оқу барысында студенттердің əртүрлі физикалық эксперименттерді жүргізгенде, өз беттерімен бақылау, іздену кезінде жəне практикалық есептерді шешкенде олардың пəнге деген жоғарғы сезімдік қасиеттерінің, яғни белсенділігі, қызығушылығы, алдына қойған мақсатқа ұмтылғыштығы, өздігінен зерттеулер жүргізіп, тұжырымдай жəне өз пікірін айта білуі қалыптасуымен ерекшеленеді. Сондықтан оқытушы студенттермен əртүрлі өзіндік жұмыстарды ұйымдастырғанда аталған ерекшеліктерді назарда ұстағаны дұрыс.

Физиканы оқыту келесідей басты міндеттерді шешуді керек етеді:

  •  студенттердің жеке басын дамыту: зейінділігі, өздігінен ізденуі жəне алған білімдерін практикада пайдалана білуі, физикалық құбылыстарды түсініп, зерттей білуі, студенттердің жалпы ғылыми ойлауын дамыту;
  •  физикалық заңдылықтарды, теорияларды, түсініктерді, эксперименттік нəтижелерді, физика ғылымының өзіндік əдіс-тəсілдерін, дүниенің қазіргі ғылыми бейнесін қалыптастыру, зерттелетін процестерді талдау үшін ғылыми ақпараттарды қолдана білуі;
  •  студенттерде эксперименттік дағдылар қалыптастыру, қажетті құралдар мен аспаптарды қолдана білуі, өлшеу нəтижелерін алып, есептей білуі жəне одан қорытынды шығаруы, қауіпсіздік техникасы ережесін сақтай білуі;
  •  физика мен техникаға деген танымдық қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту;
  •  кəсіби маман иесі болу;
  •  студенттердің патриоттық жəне ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыруға, тəрбиелеу, адамгершілікке тəрбие беру.

Сондай-ақ студенттерде ғылыми ұғымдар жүйесін қалыптастыру қажет. Білім алудағы маңызды элементтердің бірі болып саналатын физикалық теориялар мен заңдарды сапалы игеру үшін олардың арасындағы тəуелділікті сипаттайтын ұғымдарды игерулері қажет. Ұғымдарды қалыптастыру арқылы студенттердің ойлау қабілеттері дамытылады. Сондықтан студенттердің зейіні мен ойлауын күшейтуде, пəнге деген ынтасын арттыруда белсенді таным қызметі болып табылатын өзіндік жұмыстар жүйесіне басымдылық беру қажет.

Өзіндік жұмыс — студенттердің оқу-танымдық іс-əрекеттерінің формаларының бірі, яғни студенттердің ойлау қабілетін, ақыл-ой жəне іс-тəжірибесінен туындайтын оқу, тану əрекеті. Қазіргі кезде оқыту процесінде қойылып отырған негізгі талап та студенттердің белсенді іс-əрекеттік сезімін қозғай отырып, оларды басқара білу. Өйткені оқу процесінде студенттердің белсенділігін арттырудың бір түрі өз бетінше ізденуі арқылы білімін көтеруі, біліктілікке талпынуы, ептілікке дағдылануы болып табылады.

Оқу процесінде өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың келесі түрлерін жүргізуге болады:

  1. Дидактикалық мақсаттары бойынша: оқу, түсіну, үйрену, тексере алу, алынған білімді түсіндіру жəне т.б.
  2. Даярлау дəрежесі бойынша мазмұны түрліше, бірақ бірдей тəсілмен орындау.
  3. Оқу материалдары бойынша: оқулықпен, оқу əдебиеттерімен жұмыс, практикалық жəне лабораториялық жұмыстар, салыстыру.
  4. Студенттердің ізденімпаздық дəрежесіне қатысты жұмыстар жəне т.с.с.

Осы белгілерге сəйкес оқу процесінде технологиялық негізде өзіндік жұмыстың төрт деңгейі құрастырылған: үлгі бойынша орындалатын (үйренушілік), алгоритімдік, жаңалық ашатын (эвристикалық), шығармашылық.

Деңгейлік саралау негізінде жəне оқытудың педагогикалық технологиясының талаптарына сəйкес құрылған тапсырмалар физика курсын оқытудағы жоғарыда келтірілген дидактикалық ерекшеліктерді жəне физикадан білім берудегі міндеттерді ескереді. Студенттерге берілетін тапсырмалар күрделілігіне қарай жоғарыда келтірілген үш деңгей бойынша құрылған. Бұл тапсырмаларды құрастыруда оларға төмендегідей талаптар қойылады [2].

Бірінші деңгей «үйренушілік»: студенттердің теориялық білімдерін бекітуге арналған, еске сақтап, меңгеруі үшін жəне алған білімін практикада қолдана білуге жаттықтырады. Бұл деңгейде студент физикалық заңдылықтарды, ережелерді, анықтамаларды, формулаларды игеруі қажет. Берілген есептер мен тапсырмалар өмірмен, қоршаған ортамен байланыстырылуы керек. Мұнда студенттердің қызығушылығына, танымдық ынтасына назар аударылады, негізгі тірек ұғымдарды «тани білу» деңгейінде көңіл бөлінеді.

Екінші деңгей түсіну деңгейіне сəйкес «алгоритмдік»: мұнда алған білімді қалыпты жаңадан өзгеше, ұқсас жағдаяттарда пайдалана білу көзделеді. Игерілген материалдарды жүйелеуге, реттеуге арналған бірінші деңгейдің тапсырмаларының мазмұны өзгертіліп беріледі. Сонымен қатар ұлттық негізде құралған, көбінесе танымдық жəне үйретушілік мəні бар тапсырмалар, ойлауға арналған тапсырмалар беріледі.

Қолдану деңгейіне сəйкес үшінші деңгей «эвристикалық»: студенттерге берілген тапсырмалар танымдық-ізденіс түрінде, игерген білімді тереңдету үшін əртүрлі логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, синтез, негізгіні айқындау, қорытындылау) керек етеді. Проблемалық жағдайларды шешуге, өздігінен графиктерді, диаграммаларды құруға, формулаларды қорытып шығаруға, зертханалық жұмыстарды өз бетімен жасауға, физикалық құбылыстарды үлгілеуге тəрбиеленеді. Есептерді əртүрлі тəсілдері мен жолдары арқылы шешуге дағдыланады.

Төртінші деңгей «шығармашылық»: берілген тапсырманы өздігінен түсініп, талдай білуі, ғылыми-шығармашылық тұрғыдан шағын зерттеу жұмысын орындап, қорытынды жасап, ара- қатынастарды анықтап, салыстыра біліп, өздігінен «кішкентай» жаңалық ашқанмен бірдей. Қиындығы жоғары тапсырмаларды орындау барысында ой өрісі кеңіп, негізгі физикалық заңдылықтарды тереңірек ұғынуына мүмкіндіктер туады.

Студенттерден шеберлікті, жоғарғы əдістемелік дайындықты талап етеді. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда оқытушылар мынадай шарттарды қолданғаны жөн: 1. Студент өз бетімен жұмысты орындағанда, тапсырмалардың мазмұнын түсінуі керек. 2. Тапсырмалардың орындалуы жөнінде студенттерге нұсқау берілуі керек. 3. Оның орындалуын бақылау қажет. 4. Студенттердің жұмысын тексеріп, қателерін айқындау қажет.

Студенттердің білімді өз бетінше талдап жəне бір жүйеге келтіре алатын тапсырмаларды орындауы олардың оқу-танымдық іс-əрекетінің нəтижесі болып табылады.

Профессор Ж.А. Караев, Ж.У. Қобдикованың «Технологиялық ыңғай негізінде педагогикалық жүйені жаңғыртудың өзекті мəселелері» атты еңбегінде жоғарыда келтірілген талаптарды қанағаттандыратын деңгейлік тапсырмалар жүйесін зерттейді жəне білім беруді ізгілендірудің мынадай міндеттеріне тоқталады [3]:

  •  оқыту процесі жеке тұлғаның дамуы бағытында жүреді;
  •  оқыту процесі ішкі мотивацияға, білім алушының басқалармен толық қатынасуына негізделген;
  •  тұлғаның қалыптасуы ойдың бірлігіне, сенім, рух пен дененің бірлігіне байланысты өтеді;
  •  оқыту білім алушылардың өзіндік тəжірибесіне негізделіп жүргізіледі;
  •  оқыту жалпыадамдық құндылықтар мен білім алушының психологиялық-физикалық белгілерін ескеруге негізделген.

Олар жеке тұлғаның қалыптасуы «оқытушы – білім алушы» қатысында көрінетінін айтады. Біздің зерттеу жұмысымызда «Физика» пəнінің ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар мазмұны өзгертілді. Физикалық ұғымдар, физикалық шамалар жəне олардың өлшем бірлігі түсініктерін қалыптастыру, көрнекілік тəжірибе жəне зертханалық жұмыстар, физиканы оқытуда политехникалық білім беру, кəсіптік бағдар беру, экологиялық білім беру, экономикалық тəрбие беру пəнаралық байланыстар мұның бəрі деңгейлік тапсырмалар мазмұнында қамтылады.

Осындай талаптар негізіндегі жалпы физика курсының «Электр жəне магнетизм» бөлімінің «Тұрақты ток заңдары» тарауы бойынша құрылған деңгейлік тапсырмалар мысалын келтіреміз. Мұндай тапсырмаларды орындамас бұрын, студенттер, алдымен, өз бетімен осы тақырып материалдарын меңгереді. (Тапсырмаларды дайындауда [4–6] əдебиеттер алынды.)

І-деңгей. Бұл деңгейдің тапсырмалары студенттің есіне алуына, ойына түсіруіне іскерлік пен дағдыны қалыптастыруға арналған жəне оларға төмендегідей талаптар қойылады:

І. Өткен тақырыптан алған білімдерін бекіту үшін берілген тапсырмалар. Мұнда негізгі заңдылықтарды, ұғымдарды, анықтамалар мен ережелерді білу қажет. Мысалы:

  1. Электр тогының қандай əсерлері бар? Мысалдар келтіріңіз.
  2. Берілген өткізгіштің вольт-амперлік сипаттамасы дегеніміз не?
  3. Асқын өткізгіштік құбылысын түсіндіріңіз.
  4. Электр өрісінің анизотропты ортада j жəне E арасындағы сызықтық байланыс сақталады. Соған байланысты дифференциалды Ом заңының жалпы түрде жазылуы.

ІІ. Жаттығу тапсырмалары — теориямен практиканың байланысы, яғни меңгерілген негізгі заңдылықтарды, ережелер мен формулаларды практикада қолдана білуге үйрету. Мысалы:

а) Егер өткізгіштің ұзындығын 4 есе, ал диаметрін 2 есе ұлғайтатын болсақ, онда оның кедергісі қалай өзгереді?

ə) Бес R кедергіні пайдаланып, əртүрлі сұлба құрастырып, оның Rэкв кедергісін есептеңіз.

ІІІ. Физиканың барлық теориялары, заңдылықтары, қағидалары бұл физикалық шамалар арасындағы байланыстар, қағидалар жəне қатынастар болып табылады. Ал өлшем бірліктерінсіз физикалық шамалардың толық мəн-мағынасы ешқашан ашылмайтыны белгілі. Сондықтан физикалық шамалар жəне олардың өлшем бірлігі түсінігін қалыптастыруға арналған келесі есептерді құрастырғанда студенттердің өз бетімен ізденуіне жəне қызығушылығын арттыруға көңіл бөлінеді. Мысалы:

а) төмендегі өлшем бірліктерге байланысты есептің шартын құрып, есептеп көріңіз: В, А, Ом;

ə) А, о, к, с, р, е, н, м, и, г, д, і, у, ф, э, қ, ж, л, ц, я, ь, ұ, ы, т.

Жоғарыда келтірілген əріптерге байланысты физикалық сөздер құрастырып, əрбір сөзге анықтама бер (10 сөз).

Мысалы: Кирхгоф, қуат.

ІV. Жаңа тақырыпқа байланысты өмірмен байланысты сапалық есептерді шеше білу. Шынында

да, сұрақ есептерді шығару кезінде сандық есептеулердің болмауы студенттердің зейін-зердесін

құбылыстың тек физикалық мəніне аударуға мүмкіндік береді. Мұндай есептерді шығару студенттердің зейінін, бақылағыштығын жəне схеманы, графикті салу сауаттылығын дамытады:

а) 40 электр қалта шамынан жасалған шырша шамшырағы өзара тізбектей жалғанып, қалалық желімен қоректендіріледі. Бір шам жанып кеткен соң, қалған 39 шамды қайтадан тізбектей жалғап, қалалық ток желісіне қосады. Қандай жағдайда бөлме жарық болады: 40 əлде 39 шам болғанда ма?

ə) Ішкі кедергісі вольтметрдің кедергісіне тең қосымша кедергіні вольтметрге тізбектеп жалғаса, оның көрсеткіші қалай өзгереді? Жауабын түсіндіріңдер.

б) Амперметр мен вольтметрдің көрсетуіне температураның өзгерісі əсер ете ме?

Мұндай физикалық сапалық есептер ІІ, ІІІ-ші деңгейлерде де беріледі.

Халық педагогикасымен байланысқан жəне физикалық мəні бар мақал-мəтелдерден құралған тапсырмалар. Мұндағы көзделіп отырған мақсат — халықтың бай тарихи тəжірибесіне сүйене отырып, болашақ маманды еңбекке, өнер-білім машықтарын меңгеруге, тағы басқа ізгі адамгершілік қасиеттерге баулу, халық педагогикасының тағылымдарын физика сабағында қолдану оның білімдік жəне тəрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар, халқымыздың салт-дəстүрін қастерлеп, студенттерді ұлттық мақтаныш рухында тəрбиелеуде зор мəні бар. Мысалы:

Бойындағы зарядты,

Ұзақ уақыт сақтайды.

Реленің күшімен

Бүлдірместен баптайды.

(Аккумулятор)

Мақал-мəтелдер, жұмбақтар тəрбиелік қызметімен қатар дидактикалық қызмет атқарады.

ІІ-деңгей.

І. Жаңа тақырыптан алған білімді жүйеге келтіруге, реттеуге арналған, кері байланысқан функцияларды орындау үшін тексеру жағдайындағы студенттердің политтехникалық білімдері мен біліктерін қалыптастыру жəне дамыту бағытындағы тапсырмалар. Мысалы:

а) Кедергілері бірдей R0=2 Ом алты өткізгіш жұбымен параллель жалғанып, ал барлық үш пар өзара тізбектей ішкі кедергісі r=1 Ом ток көзіне жалғанған. Əрбір өткізгіштен I0=2.5 А ток жүреді. Егер бір өткізгішті алып тастаса, əрбір өткізгіш арқылы қандай ток ағады?

ə) Ішкі кедергісі 2.2 Ом, ЭҚК 1400В ток көзінің бір полюсі орталықталынған алюминий кабель талшығына (талшық диаметрі 8 мм), ал екіншісі қорғасын қабығына (сыртқы диаметрі 18 мм, ішкі диаметрі — 16 мм) қосылған. Егер бастапқы қысқа тұйықталу тогы 120А болса, онда талшықтың қабықпен тұйықталуы кезінде үзілген кабель ток көзінен қандай қашықтықта жатады?

болады. Анықталған шаманың өлшем бірлігін қорытып шығарыңыз.

ІІ. а) Сөзжұмбақ, ребус, сұлба, сурет есептері бар тапсырмалар. Физика сабақтарында студенттердің пəнге деген қызығушылығын арттыруда сөзжұмбақтың алатын орны бөлек. Əсіресе сөзжұмбақты қайталау, пысықтау сабақтарында қолдану тиімді. Қайталау сабақтарында оқытушылардың алдына көптеген міндеттер қойылады. Олар:

  1. Студенттерге физикалық құралдардың қайда жəне не үшін пайдаланатынын білдіру.
  2. Физикалық шамалар мен бірліктердің, заңдылықтардың мағынасын білдіру.
  3. Физикалық жаңалықтар мен заңдылықтарды кім, қашан жəне қандай заңдылықтарға байланысты ашқандарын айтып беру.

Осы ретте студенттердің логикалық ой-жүйесін, сана-сезімін дамытуда, олардың əртүрлі физикалық шамалармен бірліктердің, атаулар мен заңдылықтардың, құбылыстар мен өзгерістердің атын есте сақтауда сөзжұмбақты пайдаланудың тиімділігі мол. Сондай-ақ сөзжұмбақты құрастыру мен шешу барысында студенттер əртүрлі ғылыми-техникалық басылымдарды, газет-журналдарды, көмекші құралдар мен анықтама құралдарды пайдаланады, яғни, бір сөзбен айтқанда, сөзжұмбақ студенттердің өз бетінше шығармашылық ізденіспен жұмыс жасау қабілеттілігін арттырады. Қайталау-пысықтау сабақтарында немесе аудиториядан тыс жұмыстар ретінде «Ұлттық физикалықшамалар», «Физикалық бірліктер», «Физикалық құралдар», «Физикалық заңдылықтар», «Тарауды қорытындылау» т.б. тақырыптарда сөзжұмбақты ұсынуға болады.

ІІІ-деңгей. Студенттердің игерген білімді тереңдету үшін əртүрлі логикалық операцияларды орындауын керек ететін танымдық-ізденіс түріндегі тапсырмалар. Мысалы:

І. Элементтері п бірдей параллель жəне тізбектей жалғанған жағдайдағы қысқа тұйықталу тогын салыстырыңыздар.

ІІ. Өз бетімен есеп, график, диаграммалар құрып, шеше білуге арналған тапсырмалар. Мысалы:

а) ЭҚК-і жəне ішкі кедергісі ток көзі реостатпен тұйықталған. Реостаттың R кедергісінен келесі шамалар қандай тəуелділікте болады: I — ток күші; U — кернеу, сыртқы тізбектің Р — қуаты, Р0 — толық қуат жəне тізбектің -ПƏК-і? Сəйкес графиктерін тұрғызыңыздар. Қандай кедергіде сыртқы тізбектің қуаты максимал мəнге жетеді? Осы кездегі тізбектің ПƏК-і неге тең?

ə) Сыртқы тізбекте бөлінетін N1 қуаттың, ток көзінің ішінде бөлінетін N2 қуаттың, cонымен бірге N=N1+N2 толық қуаттың ішкі тізбектің R кедергісінен тəуелділігін табыңыздар. Тəуелділік графигін тұрғызыңыздар. Ток көзінің ЭҚК-і 15 В, ішкі кедергісі r=2.5 Ом.

б) ЭҚК-і 1.1 В-қа, ал ішкі кедергісі 1 Ом-ға тең элемент 9 ондық сыртқы кедергімен тұйықталған. Мыналарды 1) тізбектегі ток күшін; 2) сыртқы тізбектегі потенциалдың кемуін; 3) элементтің ішіндегі потенциалдың кемуін; 4) элементтің қандай ПƏК-пен жұмыс істейтіндігін табу керек. Тізбек үшін сыртқы тізбектегі потенциал кемуінің сыртқы кедергіге байланыстылығының графигін тұрғызыңыздар. Сыртқы кедергіні əрбір 2 Омнан кейін 0R10 Ом шектікте алу қажет.

в) Политехникалық шеберлігі мен біліктілігін қалыптастыру. Политехникалық шеберлікке — физикалық шамаларды өлшеу, сызбалар, эскиздер мен есептеулерді орындау, яғни графиктік, кесте- лер мен анықтағыш əдебиетті пайдалану — іздену, бақылау, тəжірибеге арналған қондырғыларды жинастыру, яғни ұйымдастыру, тағы да басқа шеберліктер жатады. Физикадан зертханалық жұмыстарды орындау кезінде студенттер кейбір құралдарды пайдалану, физикалық шамаларды өлшеу шеберліктеріне үйренсе, техникалық мазмұндағы есептерді шығарған кезде есептеу жəне графиктік шеберліктері қалыптасады. Соған байланысты зертханалық жұмыстарды өз бетімен жасауға, физикалық құбылыстарды үлгілеуге тəрбиелеу, эксперимент жасай отырып өздігінен нəтижесін тұжырымдай алатындай мақсаттағы тапсырмалар. Физикаға деген қабілетті дамытудың бір шарты ретінде біз студенттерде зерттеу қабілеттерін қалыптастыру деп білеміз. Бұл тапсырмаларды орындау барысында студенттерде эксперимент негізінде зерттеу қабілеті дамиды.

ІІІ. Есепті əртүрлі тəсілдермен шығару, физиканың басқа пəндермен, мысалы, көркем əдебиетпен байланысы бар тапсырмаларды орындай білу. Көркем əдебиет студенттердің эмоциялық қабылдауына жақсы əсер етеді. Студенттердің эмоциясына əсер ете отыра оның шығармашылық белсенділігін ынталандыруға болады. Ал физикалық тапсырмаларды көркем əдебиетпен байланыстыру студенттердің ой-өрісін кеңейтеді, образды ойлауын байытады. Əсемдік сезімін қалыптастырады. Мысал келтірсек: Ұшақ кабинасынан кеңістікті жақсы көру үшін қысқы мезгілде терезелерін электрөткізгіш шыныдан жасайды. Егер шыныға кернеу беретін болсақ, онда ток əсерінен бөлінген жылу шыныға түскен қарды ерітеді. Ауданы S шаршы шыны бетіне уақыт бірлігі ішінде түскен қар еріп кетуі үшін қандай кернеу беру керектігін анықтаңыздар. Қардың температурасы t уақыт бірлігі ішінде бірлік шыны бетіне түсетін қардың массасы m. Қыздырғыштың ПƏК-і - ƞ, шыны кедергісі — R.

Студенттердің оқу материалын шығармашылықпен игеру деңгейін біз қалай анықтаймыз? Есеп шығару жəне физикалық тəжірибелер жасай білуге баға беру үшін жоғарыда көрсетілген үш деңгеймен бірге шығармашылық деңгейін қолданамыз. Яғни «Таным», «Түсіну», «Қолдану» деңгейіндегі тапсырмаларды, сабақта оқытушымен бірге шығарылған есепке ұқсас шығармашылық есепті өздігінен шығаруы, дайын əдістемелік нұсқаулармен жұмыс істей отырып, барлық операцияларды тиімді ретпен, іс-əрекетін ұғынып жүзеге асыруы немесе ұсынылған зертханалық жұмысты аз ғана көмекті пайдаланып орындауы арқылы «Үйренушілік», «Алгоритімдік», «Эвристикалық» меңгеру деңгейлері дамытылады. Оқу төменгі деңгейден жоғарғы деңгейге қарай бірізділікпен ұйымдастырылып, студенттердің жоғарғы өрлеу мүмкіндігі «иерархия» арқылы ойлаудың теориялық деңгейіне жетеді. Бұл шығармашылық деңгей.

Шығармашылық деңгейдің тапсырмалары физикалық құбылысты, нысанды өз бетінше көре білуі, көріп бақылаған құбылыс пен объект туралы өз ойларын, фактілерді іздеу тəсілдерін тұжырымдай білу; бір физикалық нысанды нақты бақылай білуі, оның белгілері мен сапаларын танып, ажырата жəне ортақ белгілерді топтай, сонымен бірге олардың белгілері арасындағыбайланысты таба білуі жəне ғылыми-шығармашылық тұрғыдан өзінше зерттеу жұмыстарын жүргізе білуіне арналған. Шығармашылық деңгейдің тапсырмаларының түрлері:

а) ғылыми-шығармашылық, яғни оқытушы нұсқауымен студенттердің орындауы (олимпиадаға дайындық, үйірмелерде, тағы басқа істелетін эксперименттік жəне тəжірибелік жұмыстар, қиындығы жоғары есептерді шешу тəсілдерін іздестіру);

ə) құрастырушы-техникалық тапсырмалар.

Зертханалық жұмыстарды екі жолмен орындауға болады. Яғни, алдымен, əдістемелік кітапшадағы жұмыстың дайын нұсқасы арқылы жұмысты орындап, кейін оқытушы дайындаған нақты тапсырмалармен жұмыс істеу. Екінші жолы — эвристикалық сұрақтар көмегімен студенттер зертханалық жұмысты орындаудың жалпылама жоспарын құрастырып, төрт деңгей бойынша өз бетімен орындауы.

І-деңгей:

  1. Тəжірибенің мақсатын анықтау.
  2. Болжамды анықтап алу жəне тұжырымдау.
  3. Тəжірибенің жүргізу жоспарын жасау. Мұнда тəжірибенің мазмұнын, жүргізу реті, өлшеуге тиісті шамаларды анықтау, кесте сызу қамтамасыз етілуі тиіс.
  4. Эксперименталдық қондырғымен танысу.

ІІ-деңгей:

  1. Құралдар мен материалдарды түгендеп, ретке келтіру.
  2. Өлшеулерді жоспарланған ретпен жүргізу.
  3. Тəжірибелік деректерді өңдеу.

ІІІ-деңгей:

  1. Алынған мəліметті талдау. Бұған өлшеу нəтижесі кестелік мəнге есептелген қателік шегіне сəйкес келуін немесе сəйкессіздік себептерін өлшеу қателігінің жүйелі жəне кездейсоқ бөліктерін анықтау жатады.
  2. Қорытындыларды шығару, жұмысты қорғауға дайындау.

ІV-деңгей:

1. Зерттелетін физикалық процесті басқа тəжірибелік қондырғының көмегімен басқа əдістермен оқып үйренуге бола ма?

Осылайша ақиқатты тану процесі қарапайымнан қүрделіге қарай жүреді, яғни фактілерден (тəжірибелік жəне теориялық) ұғымдарға, заңдар мен теорияларға, олардан əлемнің ғылыми бейнесінің қалыптасуына көшеді. Міне, физика да осы жолмен оқытылуы тиіс.

Əрине, мұндай өз бетімен жұмыстар дарынды студенттерге арналады. Тапсырмаларды ойдағыдай орындау жеке даралық, жалпы даму деңгейінен, студенттердің игерген білімі, дағдысы мен іскерлік қорынан байланысты болады, сондықтан шығармашылық деңгейдің тапсырмаларын құрастыру оқытушының өзіндік құқына беріледі. Шығармашылық деңгейдің тапсырмаларының мақсаты студенттің белсенді, өз бетімен, шығармашылықпен ойлауын дамыту болып табылады.

Қорыта айтқанда, əр деңгейлік оқыту жүйесінің «Физика» пəнінің сапасын арттырумен қатар, бірқатар тиімді жақтары бар: біріншіден, аудиториядағы барлық студенттерді жұмыспен қамтамасыз етеді, əрбір студенттің белсенді түрде қатысуын қадағалайды, белсенділігін оятуға түрткі болады. Екіншіден, əр студент өзіне тəн қарқынымен, өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізеді, қойылған мақсатқа жету үшін қажетті төзімділікті қалыптастырады. Үшіншіден, студенттер өз еңбектерінің нəтижесін көріп, өзін-өзін бағалайды. Өз бетімен жұмыс істеу студенттердің біліміне ғана əсер етпей, сонымен қатар тəртібімен мінез-құлқына да тигізер ықпалы зор. Студенттерді тиянақтылыққа, бастаған ісін жемісті аяқтауға, төзімділікке, ұстамдылыққа тəрбиелейді. Сонымен бірге өздік жұмыс студент бойындағы жауапкершілікті оятады. Жауапкершілікті сезіне отырып, студенттің ізденімпаздығы, шығармашылығы дамиды. Сондықтан да студентке жаңа бағытта «Физика» пəнін оқытудың маңызы зор.

Сонымен, біз жоғарыда «Тұрақты ток заңдары» тарауы бойынша нақты тақырыптарына деңгейлік тапсырмаларды қалай құрастыру керектігін көрсеттік.

Бұл келтірілген деңгейлік тапсырмалар берілген білімді өз бетімен жұмыс істеу арқылы бекітуге арналған, енді қорытынды тақырыптың жəне ағымдық бақылаудың деңгейлік бақылау тапсырмалар жүйесі болуы керек, сонда ғана студент дамуын үздіксіз қадағалауға (мониторинг құруға) болады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қалығұлов А. Ж. Физиканы оқыту əдістемесі / А. Ж. Қалығұлов. — Алматы: Рауан, 1992. — 208 б.
  2. Қуанбаева Б. У. Физикадан технологиялық негізде деңгейлік тапсырмалар құру тəсілдері / Б. У. Қуанбаева // Поиск. — 2003. — № 4. — 136–140-б.
  3. Караев Ж.А. Актуальные проблемы модернизации педагогической системы на основе технологического подхода: монография / Ж.А. Караев, Ж.У. Кобдикова. — Алматы: Жазушы, 2014. — 254 б.
  4. Имашев Ғ.И. Физикалық эксперименттер: оқу құралы / Ғ.И. Имашев, Б.У. Қуанбаева. —Атырау: Х.Досмұхамедов атындағы АтМУ; ЖАТО, 2006. — 172 б.
  5. Савельев И.В. Жалпы физика курсы / И.В. Савельев. — ІІ- т. Электр жəне магнетизм. — Алматы: Мектеп, 2002. — 432 б.
  6. Стрелков С.П. Сборник задач по общему курсу физики, электричество и магнетизм / С.П. Стрелков, Д.В. Сивухин, С.Э. Хайкин, И.А. Эльцин, И.А. Яковлев. — М.: Наука; Физматлит, 1977. — 272 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.