Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақтардың құқық институттары мен дəстүрлерінің көптүрлілігі (XVIII–ХІХ ғғ.)

Мақалада қазақтардың құқықтық институттары мен дəстүрлерінің түрлі формалары, билер сотымен қатар, іс атқарған, тəуелсіз жəне баламалы құқықтық əдіске айналған ақсақалдар соты, аралық соттар зерттелдi. Құқықтық мəртебесінде кездейсоқ саналған бұл соттар қарапайым рəсімдерді əлеуметтiк мiндеттемелер құралына айналдырып, əрбір қатысушы үшін іс-шара саласын жəне дұрыс мiнез-құлық нормаларын анықтайтын тəуелсіз құқықтық институт ретінде сақталды. Халқымыздың көпқырлы тарихын қабылдай отырып, адат пен шариғаттың дəстүрлі құқықтық қатынастарын билер соты құрылымында терең зерттеу біз үшін аса маңызды болып табылады. Еңбектің негізгі қағидалары құқықтық көптүрлілік теориясына, қазақтың кəдуілгі құқық мəселелеріне арналған қазақстандық, ресейлік авторлар мен кейбір ағылшын зерттеулеріне сүйенеді. Аталған мəселеге қызығушылық танытудың себебі социум ішіндегі қарым-қатынас этикасын, оның қағидаттарын қалыптастыру мен атқару барысында қазақтардың құқықтық мəдениеті мен этикалық норма формаларын қайта қалпына келтіруді қамтамасыз етудің тиімді құралы бола алатын жəне барынша толық ақпарат беретін құжаттарды кеңірек жариялау сұранысының өзектілігіне байланысты. Зерттеу қорытындылары тарихи, антропологиялық жəне мəдени үйлесушіліктерге негізделе отырып, аталған мəселеге өзіндік көзқарас тұрғысынан дəйекті пікір білдіруге мүмкіндік береді. Соңғы жылдары елімізде орын алған тарихи маңызды оқиғаларға байланысты қоғамда дау-жанжалдарды шешу, сонымен бірге тараптарды бітістіру барысында пайдалану мүмкіндігін беретін қазақ халқының адами құндылықтарын қайта жаңғырту міндеттері қазақтардың құқықтық институттарын, кəдуілгі құқық нормаларын зерттеуді қажет етеді.

Кіріспе

Соңғы екі ғасыр аралығында қазақ қоғамындағы сот төрелігі формалары мен салт-дəстүрлері туралы түрлі жарияланымдарда пікірталастар жүргізілуде. Авторлардың қазақ қоғамындағы сот төрелігі формалары мен салт-дəстүрлері туралы тарихи көздеректері біртарапты-бағалау ақпараты ретінде беріледі. Дегенмен, іс жүргізу (куəландыру, тергеу) жəне шариат соттарының шешімдері тіркелген құжаттарға қызығушылық артуда. Басқа сот формалары (мысалы, ақсақалдар соты) ғасырлар бойы қолданған куəландыру, тергеу, үкімді ауызша (жария) жариялау əдістеріне байланысты жазбаша сирек немесе мүлде тіркелмеген, себебі сот үкімін көпшілік куəгерлер алдында жариялау сот шешімін сақтаудың жеткілікті шарты саналып, ру мүшелерінің міндеттемелері (жанұялық, рулық) мүліктік немесе басқа да сатисфакция формаларын орындаудың күрделі кепілі болған. Бірақ соңғы онжылдықта белсенді жарияланғанына қарамастан, жазбаша құжаттардың басым көпшілігі тиісті түрде пайдаланылмай, оларға толыққанды саралау жүргізілмей отыр [1; 3]. Жалпы, танымал библиографиямен қатар, əсіресе патша шенеуніктері мен отарлық сарапшылардың, қазіргіғалымдардың қазақ халқы кең қолданған соттарға тарихи немесе құқықтық баға беретін ақпараттармен танысу ұсынылып отырған тақырыпқа əртүрлі аспект тұрғысынан келуге үлкен мүмкіндіктер береді.

Кітапханалар мен мұрағаттарда Ресей империясының заңнамаларымен біріздендіріп, шариат (қазылар) соттарын «шеттетуді» діттеген, «Дала құқығын кодификациялау» туралы ұсыныс берген көптеген құжаттар, жарияланымдар, сараптамалық жазбалар, шолулар сақталған [2; 63]. Орыс тіліндегі көздеректердің көптігі зерттеушілердің көзқарастарын қалыптастыруға өзіндік ықпалын тигізді, мысалы, кейбірі деректерді зерттеу мақсатына байланысты өзінше пайымдау жасаса, басқалары деректерді құрастырушылардың конфессиялық, идеологиялық əділетсіздікті білдіретінін ұмытып, зерттеуге «мұрағаттық тұрғыдан» келуден аса алмады. Отарлық тарих бойынша қазақ халқының сот практикасы түпмəтінін əртүрлі тұрғыдан уəждемелеуге байланысты бірнеше дискурс түрлері қалыптасты [3; 20]. Ұла Дала аумағында болған алғашқы саяхатшылар мен барлаушылар қазақ халық сотының дəстүрлері туралы мəлімет қалдырмаған. XVII–XVIII ғасырларда Ресей империясы Ұлы Далаға белсенді ене бастады. Бұл уақыт саяхатшылар, шенеуніктер мен зерттеушілердің қазақ халқының сот практикасы туралы міндетті түрде жаппай жазбаларын жариялауды жалғастырған дəуірге ұласты [4; 350].

Қазақтардың құқықтық мəдениетіне əдебиет авторларының қөзқарасы, бағалауы əртүрлі болды. Мысалы, авторлардың бірі билер сотына мейірбанды жəне əділ сипаттама берсе, басқа авторлар қазақтардың дəстүрлі құқық институттарын заңды кодификациялау немесе жалпы отарлық заңдарға ауыстыру тұрғысынан қарастырды.

Заңгер Л.А. Словохотов өз əріптестері мен замандастарының қызықты, əрі ақпаратты еңбектерін ескере отырып, сарапшылар мен тарихшыларды өткір сынға алды: «Бұл еңбектерге авантюристік сипатты субъективтік бағалау тəн. Оларға ең ұнамды сала — қырғыздардың (қазақтар) неке институты. Олардың бағдарламасы қалыпты, жазу əлпеті ресми» [5; 22]. Л.А. Словохотов қазақтардың құқықтық мəдениетін зерттеудегі кемшіліктің бірі «қырғыздардың (қазақтардың) халық соты туралы шынайы құқықтық зерттеулердің болмауы» дейді. Қазақтардың халық соты туралы жарияланымдар арасынан жергілікті ұлт немесе басқа мұсылман өкілдерінен тұратын патша офицерлері мен шенеуніктерінің жазба жұмыстарын атап айтуға болады. Айта кететін жайт, империялық оқу орындарында білім алып, ориенталистік ойлау қалыптасқан қызметшілердің билер сотына көзқарасы дұрыс болды.

Кеңес дəуірінің алғашқы жылдарында қазақтардың халық сотының дəстүрлері туралы кеңестік зерттеулер «ұлт құрылысы» идеясына, идеологиялық конъюнктураға (капитализмнен өтіп, феодализмнен социализмге жасалған «ұлы секіріс») немесе «Ресейге қосылудың прогрессивтік маңызы» тұжырымдамасына тəуелді болды. Алғашқыда большевиктер билігін құруда адат «қазақтардың социалистік ұлты» құрылысына «көмекші» ретінде қабылданса, 1920 жылдардан құқық пен оның барлық институттары «регрессивті, өзіндік» деп мойындалды [6; 4]. Дəл осылай қазақ даласындағы құқықты кеңес ғылымы революцияға дейін «позитивті кезеңге» жəне кеңестік дəуірде «прогресті тежеуші» құбылысқа бөліп келді.

Осыған қарамастан, кеңес кезеңі мұрағат туралы білімді жинақтау, жарияланымдарды жүйелеу, этнографиялық материалдарды, дастандарды белсенді жинау дəуіріне айналғанымен, оларды қазақтардың халық жəне шариат соттарының мəдени-құқықтық аспектілерімен байланыстырмады. Ең бастысы, бұл еңбектер тəуелсіз Қазақстанда қазақ халқының құқықтық мəдениеті мен тарихына саяси жəне идеологиялық баға беруден бастап, күрделі пайымдауға арналған жаңа еңбектерге ауадай қажет алуан түрлі интерпретация үшін негіз болды [7; 254].

Тəуелсіздік алған жылдардан бастап басқа елдердің ғалымдары үшін мұрағаттардың, жаңа материалдар мен этнографиялық зерттеулердің қолжетімділігі қазақ құқық институттарына қатысты шетел тарихнамасының жандануына жол ашты. Бұл еңбектердің бірқатары Еуропа жəне АҚШ-тың ең танымал шығыстану баспалары мен университеттерінде жарық көрді. Қазақстандық, ресейлік зерттеушілерден өзгеше шетелдік антропология мамандары қазақтардың құқықтық практикаларының шариат (немесе қазылар сотына) кешенді түріне назар аударып, Ұлы Даланың құқықтық практикасының көптүрлілігін айқындады [8].

Жергілікті ханафизм құқық мектебі түрлі құқықтық оқиғалардың міндетті конфессиялық дəстүрге сəйкессіз үйлесуіне еркін жол беріп, адатты заңдастырады. Қазақтардың «ислам дініне енуінің əлсіздігі» туралы тезис, шын мəнінде, оларды христиан дініне тарту идеясын белсенді таратушы отаршыл ориентализмнің өнімі немесе империя құқығымен үйлесімді ету үшін Қазақдаласының құқығын кодификациялау идеясын негіздеу болып табылады. Бірақ көп ұзамай отарлық əкімшіліктің басқа идеясы дүниеге келді: егер қазақтар мүфтияттарға берілсе, онда бұл оларды «тəртіпке келтіреді жəне олардан бағынысты бодандарды қалыптастыруды жеңілдетеді» [9; 98].

Əдістер мен материалдар

Қазақтың кəдуілгі құқығына жəне отаршылдық мəселелеріне арналған қазақстандық жəне ресейлік авторлардың еңбектерімен қатар, ағылшын тіліндегі құқықтық көптүрлілік зерттеулер теориясына (legal pluralism) сүйене отырып, көне жəне заманауи зерттеулер, құқық, антропология, мəдениеттану үйлесімдіктеріне негізделіп, өзіндік тұрғыдан қарауды қарастырады. Əсіресе Орталық Азия құқық тарихына арналған, кіріспе мен бірінші тарауда құқықтық тарих бойынша жаңа тұрғылардың сыни саралауы берілген Паоло Сартори «Vision of Justice. Shariʿa and Cultural Change in Russian Central Asia» атты кітабы, қазақтардың сот практикаларыңың кешенділігін зерттеуге арналған Аллен Франк «Shariʿa Debates and Fatwas among Nomads in Northern Kazakhstan, 1850–1931» атты мақаласы, қазақ қоғамының əлеуметтік стратификациясын, ақсақалдардың функциялары мен мəртебелерін сипаттаған Курбангали Халиди «Таварихи хамса-ий шарк» (1910) еңбегі, қазақ қоғамының əлеуметтік стратификациясын, көшпенділердің дүниетанымы жапондық зерттеуші Джин Нода «The Kazakh Khanates between the Russian and Qing Empires» монографиясы. Сонымен қатар төмендегі авторлар М.Тынышпаев «Қазақ халқының тарихы», А.Ф. Рязанов «На стыке борьбы за степь» (отарлау тарихы бойынша очерк), М. Венюков «Путешествия по окраинам Русской Азии и записки о них», А. Левшин «Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степей», Г.Тоғжанов «Қазақ ауылы туралы», С.Д. Асфендияров «Қазақстан тарихы», Е. Бекмаханов «XX ғасырдың басындағы Қазақстан», Т.М.Күлтелеев «ХVІІІ ғасырдағы жəне ХІХ ғасырдың басындағы қазақ əдет-ғұрып заңдарындағы қылмыстық құқық мəселелері», Э.А. Масанов «Очерк истории этнографического изучения казахского народа в СССР», С.В. Юшков «Материалы по казахскому обычному праву» атты еңбектері қызығушылық тудырды.

Біздің ойымызша, қазақтардың құқықтық мəдениетін зерттеуде жасырын мəселе орын алады. Ол негізінен тек орыс тіліндегі көздеректерді (шолу, мұрағат, зерттеулерді) қолдануға байланысты. Бұл, біріншіден, қазақ халқының этникалық немесе конфессиялық шеңберлермен шектелмей, əртүрлі сот қарауларын еркін қолданатынын ескермей, соңғы екі жүз жылдан бері зерттеушілердің «ислам дінінің əлсіздігі» тезисін қорғау бойынша «кезекті» түпмəтінге айналып, қазақ құқық дəстүрлерін зерттеуде қазақтардың тек «билер сотына» жүгінетіндігі туралы үйлесімсіздікке əкелді. Екіншіден, аталған мəселеге бұл тұрғыдан қарау қазақтардың құқығында сот формаларының бір түрі ғана бар тезисті тудырып, басқа түрлерін «өз бетінше пайда болған» түрлерге жатқызып, оларды институционалдық емес немесе тек билер сотының бөлігі ретінде қабылдауды қалыптастырды. Жазбаша тіркелмеген бұл сот формалары мұрағаттарда сақталмағаны мəлім. Осы себептерге байланысты қазақ қоғамындағы құқықтық қатынастардың басқа аспектілері жөніндегі деректер өте шектеулі. Жиі жағдайда айтыс-тартысқа түскендердің ісін шешуде» апелляция ретінде барлық билік инстанцияларының (генерал-губернатордан бастап уездік урядниктерге дейін) тікелей қатысуын елемей, біз отарлық идеологияның «құқық үстемдігі» идеясының тұтқынында қалып қоямыз. Бұл Ресей империясында құқық пен биліктің басқыншылық символына айналды [10; 8].

Жоғарыда айтылғандай, мақаланың негізгі мақсаты — перманенттік (немесе оқиғалық) жəне тұрақты құқық пен дəстүр институттарын (ең алдымен, «құқық қолданушы», яғни, қазақтардың көзқарасы тұрғысынан) аутенттік қабылдауды ұсыну. Мəселе қазақ қоғамында ғасырлар бойы кəдуілгі нақтылыққа айналған əртүрлі құқық институттары мен перманенттік «жиналыстардың» когеренттігі жөнінде. Қазіргі заң шығармашылығы тəжірибесінде когеренттік локальдік немесе ғаламдық деңгейден тəуелсіз біртұтас заңдық дискурсты құратын, арнайы мəтіндердің жиынтығы болып табылатын құқықтық түпмəтінде беріледі. Сонымен бірге құқық тарихында «мағыналық байланыс арқылы, оның ішінде əртүрлі құқықтық нормалардың тең мəртебелігін куəландыратын қосарлас байланыспен жүзеге асырылатын» тақырыптық когеренттік анықталған [11].

Біздің тақырыпқа қосымша қазақтар арасындағы шартты түрде оқиғалық немесе казуалды (яғни, бірінші қажеттілік бойынша құрылымдандырылатын) сот формалары тəжірибесінің көптүрлілігі мен бірін-бірі толықтырушылығы жайлы əңгіме болады. Бұл мəселе əсіресе отарлық ережелер бойынша (1860 жж. бастап толық жойылған кезеңге дейін) билер сотын кодификациялау мен төрешілдендіру процесіне тарту сот процестерін күрделендіріп, жемқорлыққа жол беріп, билер сотыныңдемократиялық бастауларын жоғалтуы нəтижесінде қазақтардың осындай (нағыз халықтық) сот инстанцияларына жүгінуді қалаулары өте өзекті мəселе болып табылады.

Талқылау

Ақсақалдар соты билер сотының баламасы ма? Соңғы жылдарғы əдебиеттерден байқағанымыздай, қазақтардың құқықтық тəжірибесі бойынша заманауи зерттеулерде тек қана билер немесе қазылар сотымен байланысты əртүрлі контент басымдығы айқын. Ру жəне тайпа сегментіндегі істі қарау немесе аралық сот дау-шарлар формалары өзінше дербес практика ретінде қарастырылмайды, өйткені олар іс жүргізу бойынша билер сотымен ұқсас, сондықтан көп жағдайда біртұтас құқықтық процесс, кейде институт ретінде де қабылданады. Билер сотына балама соттар билер соты сияқты, «мұрағаттық із қалдырмаған», билер соты ресми мойындалған кезеңнен бастап сыртқы бақылаушылар немесе ресми шенеуніктер оның шешімдерін тіркеп отыратын болған.

Қазақстандық заңгер А.К. Əлімжан отарлық жəне отарлық заманға дейінгі қазақтардың құқықтық практикасының тарихи тəжірибесін əрі қарай түсінуге мүмкіндік беретін бірқатар қызықты да пайдалы еңбектер жариялады [12; 78]. Əрине, қазақтардың құқықтық мəдениетіне кəсіпқой заңгердің көңіл аударуы міндетті түрде позитивті нəтиже береді.

Ресей империясының кейбір сарапшылары өздерінің еңбектерінде біз перманенттік немесе казуалдық деп атаған, талапкер (немесе бір топ талапкердің), отбасы мүшелерінің сұранысы бойынша нақты жəне жеке оқиғаларға байланысты жиналатын «халық соты» шегіндегі соттық қарауды ұйымдастырудың үш баламалы формалары туралы айтады. Олардың билер сотынан айырмашылығы неде? Біріншіден, оларды ұйымдастыруға қолжетімділік пен серпінділік тəн. Екіншіден, бұл соттардың құрамы тұрақсыз, оған билер тегіне жатпайтын тұлғалар да кіретін болған. Үшіншіден, бұл соттар тайпалық бірлестіктердің шектеулі сегментінде, яғни нақты оқиғаларға байланысты шақырылатын болған, бірақ олардың шешімдері қазақтардың рулары мен жеті аталарына дейін қолдау табатын. Төртіншіден, олардың тиімділігі (нəтижелік сатисфакция маңызында) мен жылдамдығы билер сотынан əлдеқайда жоғары болды. Мақала шеңберінің шектеулігіне байланысты сыртқы бақылаушылардың шынайы жəне турашыл берген сипаттарына (əрине, олардың мүдделерін ескере отырып), бірақ кейбір сенімді жəне айғақ бола алатын мысалдарға тоқталу қажет.

Қазақстандық зерттеуші Ж.М. Жампейісованың құқық механизмінің тиімділік деңгейі (бірінші кезекте жайлау, қоныс аудару шекараларын бөлу қағидаттары) көп жағдайда дау шар тараптарының сегмент көлеміне байланысты (яғни, көшпелі топтардың барлық деңгейі — ауыл–қауым–ру–тайпа) деген пікірі өте орынды [13; 17]. Басқаша айтқанда, қазақтардың əлеуметтік құрылым сегменті кішірейген сайын құқықтық реттеушілердің тиімділігі жоғарылайды. Демек, билер сотына баламалы себептілік істі қарау (бірінші кезекте ақсақалдар соты) негізінен қазақтардың орта корпоративті топтарында құқықтық өмірді реттеп отырған.

Бұл бақылауларды билер сотынан тыс пайда болып, шешілген құқықтық шырғалаңға жатқызуға болады. Белгілі отарлық əкімшілік сараптамашы С. Сабатаев ақсақалдар сотының функцияларын, шектік міндеттерін, тергеу жəне іс жүргізу ерекшеліктерін, сонымен бірге ақсақалдар сотының дəстүрлерді құрастыруын сипаттайды. Автор «туыстар даулы істерде, соттық дау шарлар мен талаптарда ресми билер сотынан гөрі ақсақалдар сотына айрықша құрмет білдіреді», өйткені оның билер сотынан айырмашылығы тегін (дəстүрлі тағам ұсынудан басқасы), құрамы жағынан демократияшыл, жылдам (əсіресе отарлық құқық жүйесіне кірген кезеңнен) жəне дау-жанжалды шешудегі тиімділігі өте жоғары. Сондықтан бұл сот (əрқашан билер сотынан өзінің тəуелісіздігін білдіретін) жиі отбасылық/туыстық даулармен қатар екі жақтың келісімі бойынша жайылымды бөлуге байланысты ру аралық дауларды, егер ру мүшесінің бірі адам өлтіріп, ауыр қылмыс жасаса, «адам құны» туралы істі қарайтын [14; 66].

Автор қосарлас алдын ала талап беру, ақсақалдар сотының құрамын таңдау, билер сотынан айрықшаланатын (заманауи терминологияда — алдын ала сотқа дейінгі тергеу), мысалы, тараптардың екі жағынан да куəлерді ант беруге келтіріп, жиі жағдайда сот «куəгерлердің» қоғамдық жоғары мəртебелеріне көзжеткізсе, ант қабылдамай тергеу жолымен жүргізілетін, істің мəн-жайын жан-жақты анықтайтын дау шара процесіне сипаттама береді. С. Сабатаевтың пікірінше, соңғылар, яғни куəгерлер, «қоғамдық жауаптылықты сезіне отырып» жазбаша тіркелмеген, бірақ ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан қоғамдық этика нормаларынан аттап өтпейтін. Куəгерлердің немесе кепілдік берушінің айғақтарын қарау процесі — бұл Қазақ даласында ғасырлар бойы қалыптасқантергеу мен куəлендіру құралдарынан отарлық бюрократияндыру барысында айырылған билер сотынан ақсақалдар соты немесе аралық соттың негізгі айырмашылығы болып табылады.

Автордың айтуынша, билер сотында істі қарау оңайлатылған, ант бергеннің өзінде куəлік ешқашан мойындалмайды, өйткені тайталасқа түскен туыс əулет əділетсіз айғақтар береді, мысалы, отарлық құқық жүйесінен сияқты, сотқа ықпал жасаудың жаңа құралдарын пайдалануды үйренген ру тараптары растығын тексеру мүмкін емес жалған куəгерлік беру жолымен істі қарауды создырып жібереді немесе өз пайдасына шешеді.

Əрі қарай С. Сабатаев халық дəстүріне сай («салт-дəстүр») дəстүрге айналған (жария ант берумен бітімге келу, «туыстық қатынасқа өту» т.б) тараптардың сот шешіміне қанағаттанғандықтарын білдіруге міндетті жəне мүмкін жария залалды өтеуден бастарту əрекетінің алдын алуға байланысты ақсақалдар сотындағы сатисфакция формаларына (материалды өтемдер түрлеріне — жылқы, мал жəне т.б.) тоқталады. Кейбір уақытта іс өзара кешірім беру, тараптардың ауызша міндеттемелері немесе талапкерлердің өзара келісімдері бойынша талаптарды қанағаттандырудың басқа сөз жүзіндегі қарапайым рəсім формаларымен, жауапкер үшін сот шешімін мойындап, залалды өтеуді міндетіне алуды білдіретін формалармен шектеледі.

Тараптарды сатисфакциялауды қарастыру процесі жəне дау-жанжалды реттеу билер сотында да, жоғарыда айтылған құқық институттарында да дəстүрлендірілген. Бірақ бұл тараптардың «сот инстанцияларының» шешімін үстірт қабылдауды білдірмейді. Социум үшін салт-жораның терең мағыналы маңызы болды, себебі ол ерекше «салт жоралық тренинг» арқылы ру мүшесінің міндеттері мен «дұрыс мінез-құлық» нормаларының шеңберін анықтап отырды.

Нəтижелер

Аралық сот пен сотқа дейінгі қараудың формаларын жəне тараптарды бітістіруді қарастыру қажет. Өйткені соттық қараудың тағы бір формасы — құрамы басым түрде билерден тұратын аралық сот болып табылады. Көптеген заманауи зерттеулерде ол билер сотына заңсыз теңестіріліп келді, себебі құрамды «жинақтау» қағидаттары, тергеу жүргізудің кейбір аспектілері т.б бір-бірімен түйіспейді, бұл, өз кезегінде, оларды «көне заң», «жаңа заңға» жасанды бөлуден бастартып, дербес құқық институты ретінде болмаса да, əртүрлі салт-дəстүр түрінде жіктеуге негіз береді.

Билер сотынан бұл соттық қарау формасының өзгешілігі, біріншіден, өз құрамына мүліктік ценз бойынша емес, қоғамдық байыптылығына қарай тартуды (шартты түрде айтқанда, кəсіби билерді емес) қарастыру. С. Сабатаев мұндай соттық қарау формалары «ақсақалдар соты сияқты қырғыздарда кең қолданылатынын» айта отырып, барлық қатысушылардың қарсылық білдіріп, сот құрамынан біреуді шығаруға, ант беруге дайын өз куəгерлерін сотқа шақыруға, қарсыласының айғақтарын теріске шығаруға құқығы бар екеніне тоқталады.

Отарлық əкімшілік мұндай соттарды («бір реттік аралық сот» ретінде) мойындай отырып, олардың ерекше тиімділігімен келісетін, өйткені мұндай перманентік процестер талапкердің талабын қанағаттандырып қана қоймай, сонымен бірге заңсыз малды айдап əкетіп, егістік жерлерін таптау, əсіресе жаппай тұрмыстық қылмыстардың алдын алатын. Сайланбалы билерден тұратын Аралық сотқа қатысты автор оқиғалық сипатты құқық институттарының бір бөлігі ретінде бағалауға болатын дауларды шешудің бірнеше дəстүрлерін сипаттайды. Мысалы, мəселе талапкерлдердің болжамды жауапкер (барымтаға жатқызылған мал ұрлығы немесе қылмыстың басқа түрлері) шыққан ауыл ақсақалына жүгінуі. Бұл əділеттілікті іздеу əдісі «шақыру» («шақырылыс» немесе «үндеу» немесе «кеңес» (кеңесу, мəжіліс) деп аталды [15; 3]. Жиі жағдайда ру старшиналары циклдік салт-жоралық жиылыс түрінде өтетін той, ас беру табиғи жиналыстарды пайдаланатын. Сол жерде ақсақалдар кеңесін (бітістіруші) қоғамдық сайлау (шартты айтқанда, «ашық дауыс беру») процедурасы жария əдіспен жүзеге асырылатын. Билер немесе аралық сотқа шақырылған «алқа билер», туыстар, дос- жарандар бітістіруші бола алатын. Позитивті (сотқа дейінгі) даулардың оң шешілу жайттарының көптігі, тараптарды ниеттерін соттық қараусыз бейбіт шешуге жəне бітістіруге мəжбүрлейтін институцияландырудың барлық сипаттарына ие болған мұндай салт-жораларды билер немесе аралық сотқа тиімді балама ретінде қарастыруға құқық береді.

Осыған ұқсас практиканы «болашақтың құқығы, дамытушы құқық ретіндегі еуропа құқығына» бейілді отарлық заманның заңгері Л.А. Словохотов (империяның) шеттеріндегі құқықтың əртүрлерін мойындай отырып, оны «заңның ерекше жұмсақтығымен» түсіндіреді. Автор «Азияға ағартушылық мүдделі» көзқарастың жақтасы бола тұрып, өзінің «ғасырлармен сыналған халық құқығы» адатты ұнататынын жасырмайды. Шындығында, Л.А. Словохотов функциялары бойынша əртүрлі болыпкелетін (ақсақалдар, отбасылық-рулық) сот практикаларын билер сотынының баламасы немесе қосымшасы ретінде сипаттағанмен бөліп, ажыратпайды. Оның процестер туралы жазбалары немесе алқа билердің ант беру оқиғалары реформалардан соң билер сотын өзгерту жəне төрешілдендіруге байланысты ақиқатты ғана суреттейді.

Л.А. Словохотовтың кітабы қазақ сот практикасын бағалауға арналған, ең бастысы, заңгердің тікелей бақылау нəтижесінде жазылған алғашқы тəжірибенің бірі. Оның байқауынша, сотқа дейінгі немесе соттан тыс қарау формалары (Pacta sunt servanda) қазақ қоғамындағы («жаппай кездесетін») кəдуілгі тəжірибе болатын жəне билер сотын шақыруда атқарылатын салт-жоралық рəсімдер акциясына ұқсас рəсімдермен ұштасатын. Бұл бір уақытта өзекті оқиға бойынша шақырылған перманенттік соттар (Словохотов бойынша, «Конвенционалдық сот» — Forum conventionis) қырғыздардың сот ісін жүргізудегі ең ұнамды формасы. Бұл соттардың бір ерекшелігі, билер функциясы берілген ақсақалды екі тарап — талапкер жəне жауапкер сайлайтын. Л.А. Словохотов «жеке-суырып салма плебисцитті келгендер бастап, тапқыр ақсақалдар өң беріп, ал айтысушы тараптармен олардың зерек кепілгерлері бағыт сілтеп отырады. Ұлы Далада «Жүгініс» пен «Кеңес» қалмады; олар азғындап, халық судьяларының болыстық жəне уездік съезінің ресми формасына айналды» дейді [15; 78].

Белгілі отарлық сараптамашы Л.Ф. Баллюзек сотқа дейінгі даулар мен өзара кінə қоюды шешудің əдісі туралы айта отырып, жария айтыс-тартысқа түсетіндер жайлы былай жазады: «Сот міндетті түрде сырттан келген құрметті тұлғалар арқылы айтысушылардың мүмкіндігінше райдан қайтып, бір-біріне жол беріп, айтыс-тартысқа түспеуге шақырады, өйткені адамдардың өзара бітімгершілікке келмей өмір сүруі мүмкін емес, сондықтан «төреге барып, төбеге шықпайық», істі сұлтанға немесе судьяға жеткізбей достық көңілмен, өзара шешімге жету т.б. Егер бұл əдіспен тараптарды бітістіру іске аспаса, онда сот істі қарауға кіріседі» [16]. Жоғарыда айтылған жəне оларға ұқсас құқықтық оқиғаларды күрделі сот қарауынсыз шешу əдістерін қарастыру позитивті түрде сұранушының (талапкердің) сатисфакциясына шешілетін. Сонымен қатар бұл ру мүшелерінің айыпталатын теріс қоғамдық іс-əрекеттерімен ұқсастырылуға жатпайтын, старшиндардың өз руы реномесі (қауым) жөнінде қамқорлық жасайтын, ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық этика нормаларымен байланысты болды. Сондықтан талапкерлердің өз ниеттерін қанағаттандыруда мұндай «этикалық құралдарды» іздеу əдістері «жұмыс» істейтін жəне қазақтардың құқықтық дəстүрлерімен табиғи түйіскен əлеуметтік міндеттемелерінің бір бөлігі болып табылатын.

К. Əлімжан пікірінше, «адатқа негізделген сот жүйелерінде сот дауларына соқтыратын дау- жанжалдарға жеке сипаттылық тəн болмайды. Мұндай əрбір дау-жанжал қоғамдық маңызды, себебі автономиялық қоғамдастықтар əртүрлі микротоптардан (отбасы, ру, т.б.) тұрады, бір тұлғаға залал келтіру, жаппай басқа адамдарды дау-жанжалға тартуға келтіреді, əсіресе егер мəселе туысқандық қатынаста тұрмайтын адамдар арасындағы дау-жанжал туралы болса» [17; 60]. Осыған байланысты талаптарды орындауды қамтамасыз етуде қолданылатын əлеуметтік құралдарға назар аудару маңызды. Ең алдымен, ақсақалдардан бастап, «алқа қазылар», бақылаушылар арасынан куəгерлерге дейін сот қорытындысын орындау кепілінің шеңберінің кеңдігін байқау қажет. Ежелгі кезден олардың ортасында экономикалық жəне басқа да түйіспеуіне қарамастан, құқықтық жəне əлеуметтік міндеттемелерді, мүдделерді сақтау теңгерімінің кепілі ретінде қоғамдық жатақхана нормаларын ұстану қолдау тауып отырды.

Сондықтан біз оқиғалық сот мүшелерінің ру-тайпалық иерархиясына жəне байыптылығына, сонымен бірге айтыс-тартысқа түсушілердің көне ру-тайпалық этикаға негізделген ғасырлық əлеуметтік коммуникация нормаларынан тұратын маңызды қоғамдық міндеттеріне назар аударамыз. Мұндай əлеуметтік міндеттерді бұзып, артынан жаман даңқ ерген тұлға немесе адамдар тобы жеккөрінішті «Жаман-ат» тегіне жатқызылатын. Мінез-құлық нормаларын айшықтайтын, оның ішінде сот ісін жүргізуде, берген сөзге берік болу, айтқанында тұру (əсіресе жария берілген) сияқты жүздеген, мыңдаған қазақтың мақал-мəтелдері ерекше түсіндіруді жəне кешендік саралауды күтуде.

Мұндай саралауды іс жүргізу акциялары, əлеуметтік міндеттемелер, жария этиканың нормаларымен белгіленетін тарихи жəне нормативтік терминдер түпмəтінін түсіндірумен үйлестіру өте маңызды. Мысалы, «Жан минен» (заманауи жанымен) ант беру рəсімі (заманауи терминологияға сай) — өзінің куəгерлігі немесе кепілгерлігінің растығына ант беру. Отарлық сараптамашы И. Ибрагимов осы термин түсінігінің грамматикалық «адал, хақ» маңыздарын ұсына отырып, оны қазақ сотындағы тергеу процесі тұрғысынан түсіндіруге талпынды [15; 5]. Қазіргі зерттеушілердің көпшілігі бұл түсіндіруді негізінде қабылдап отыр. Бірақ жасөспірімдердің куə беруіне қатыстыереже ретінде қолданатын қазақтың мақал-мəтелі бұл термин түпмəтініне жəне ант беру рəсіміне басқаша маңыз береді. Жасы кəмелетке жетпегендер ант беру мен куəгерлікке жіберілмейтін, өйткені олар туралы: «Жан қадірін білмейді» — «олар [жасөспірімдер] өмірдің бағасын білмейді» делінетін. Яғни, жасөспірім «куəгер болу» немесе «айғақ беру» растығының кепілі өзінің өмірі болатынын түсіне алатын жағдайда емес.

Сондықтан ант беру ежелден келе жатқан — серт кепілі ретінде өмірін ұсынатын көшпенділердің көне дəстүрімен байланысты. Əрине, уақыт өте ант берудің өз атауын сақтай отырып, бұрынғы дəстүрлік-этикалық маңызынан айырылып, формалды іс-əрекетке айналғанын ескеретін заманауи зерттеушілер түзетулер енгізуге тырысады.

Бірақ мəселе зерттеушілерге маңызды перспектива беретін тарихи түпмəтінді қалпына қайта келтіру жөнінде болып отыр. Отарлық заман сарапшылары қазақтардың ант беруді күрделі əлеуметтік міндет ретінде қабылдап, ру ақсақалдарымен міндетті түрде кеңесу қажеттілігін алға тарта отырып, соттың, оның ішінде «орыс сотынның» алдында ант беруден бастартқан көп оқиғаларды тіркеген. Отарлық сарапшылардың жарияланымдарында біз əдетте айтыс-тартысқа түсушілер мен кепілгердерді ант беруге келтіруге байланысты (заманауи терминология бойынша) дəстүрлік манипуляцияның сыртқы сипатттамаларын көреміз (ақсақалдың аяғына қамшыны тастау, қылыштың жүзін немесе бас бармақтың тырнағын жалау т.б.). Бұл көптеген бақылаушыларға, сонан соң зерттеушілерге шын мəнінде дербес этика нормаларымен жəне көне дəстүрлермен байланысты мұндай дəстүрлердің «тағылығы» немесе ең жақсы жағдайда «көнелігі» туралы айтуға жол берді.

Бірқатар кəугерлер жазбаларындағы сипаттамалар зерттеушіні соған ұқсас дəстүрлік рəсімдерді қарастыруда акциялар мен қарапайым рəсімдерді хақ пен əлеуметтік жауапкершілік кепілі ретінде қабылдайтын қазақтардың түпмəтінге аутенттік баға беру мүмкіндігін пайдаланудан босатпайды. Мəселе, мұндай ант беру түрлерінің тек үстірт əрекет ретінде бағалануында емес. Жоғарыда айтылғандай, «ғұрып тағылығы» туралы жеткізуге асыққан іс байыбына қанық емес сыртқы бақылаушылардан гөрі, «рəсімге» қатысушыларды («іс-əрекет» акторлары) берілген ант көп нəрсеге міндетендіріп, олардың өздерімен басқаша қабылданатын.

Дегенмен, басқа мəдени жəне этикалық дəстүрлермен байланысты моральдік жəне этикалық нормаларды қалпына қайта келтіруге талпынған, өзі зерттеумен айналысатын қоғамды түсінуге дайын заманауи зерттеуші, бізден уақыт пен мəдени немесе ағартушылық кодтар алыстатқан көріністер мен рəсімдерге сенімсіздік білдіруге жол бермеуі керек. Бұл мағынада, жария берген антты бұзу (қазақта барлық сот формалары жариялы!) сенімділікті жоғалтып, жоғарыда айтылғандай, қағаз бетінде жазылмағанымен, ғасырлар бойы қолданылып келген дербес жəне қоғамдық этика нормаларына сəйкес құқықбұзушыға елден қуылған, соттан тыс адам мəртебесі (жаманат) бекітіліп, əлеуметтік желілерден алыстату, яғни руы жоқ адамның еш құқығы болмай, руға бөтен саналып, заңнан тыс қалдыруды білдіреді.

Басқа маңызды шара — біз трансұлттық жəне трансконтиненттік сипатты Қасиетті кітапта белгіленгендей, дəстүрдің бөлігі болып табылатын рəсімнің жəне сот төрелігі нормаларының тұтастығын байқаймыз. Сондықтан бізге осыған ұқсас рəсімдерді қолданған, əлеуметтік жауапкершілік жəне этика нормалары туралы өзіндік түсініктері қалыптасқан айтыс-тартысқа түсушілерге мұндай құралдардың жəне формалардың тигізген ықпалын ескеру маңызды. Олардың көнелік деңгейін, пайда болуын анықтау аса маңызды емес. Бұл құқық институттардың тиімділігін қазіргі модернистік мəдени кодты таратушылардан гөрі, əлеуметтік міндеттерін өзгеше қабылдайтын сол кездегі «қолданушылар» көзқарасы тұрғысынан бағалау аса маңызды.

Қорытындылар

Сонымен, өткен тарихында əмбебап өлшеулер мен құндылықтары мол қазақтың құқық институттарын зерттеудегі қиындықтардың бірі тақырыптың көптүрлілігіне, тарихи, этнологиялық, заң, саяси жəне жалпы мəдени аспектілеріне байланысты. Зерттеушілер олардың функцияларын бөлмей, біртұтас, бірақ сонымен бірге алуан түрлі қазақ ойкуменінің мəдени өнімі екенін сезіне отырып, күрделі, өзара байланысты түпмəтінді əрқашан есте сақтаулары қажет. Адатты қолданатын ру-тайпалық желілердің моральдік-этикалық жəне антропологиялық аспектілерін ескеру маңызды. Қазақтың ру-тайпалық құрылымы локалды немесе шеңбері кең болып келетін саяси құрылымдардан ажыратылмайды [15].

Сондықтан болар, ғалымдар қазақтың соттық жəне соттан тыс қарау мəдениетін зерттеуде, басқа құқықтық жүйелермен салыстыруда қиындыққа тап болып отыр. Бірақ мұндай салыстырулармен тымшұғылдана бермей [18], Қазақ даласының құқықтық практикасы мен мəдениетінің «заманауи демократия үшін сабақ», «көрнекті əділеттілік» жəне басқа да сапаларын табанды іздестіруді жүргізуден бастартқан дұрыс, себебі мұндай тұрғыдан баға беру бұл тарихи-мəдени феноменді тым жаңғыртып, түпнұсқадан айырылу қаупін төндіреді.

Зерттеушілер үшін тағы бір күрделі кедергі — сыртқы бақылаушылардың хаттамалауды жазбаша сирек жүргізуіне байланысты сот қараулары процестерін түрлерін тіркеудегі күрделі айырмашылықтардың орын алуы. Жазбаша белгілердің əсіресе кодификациялаудың болмауы іс жүзінде демократиялық сот формаларына айналып, ежелден мақал-мəтелдерде қалыптасқан этикалық нормаларға еркін сүйеніп, көптеген куəліктер бойынша экономикалық, аумақтық жəне басқа мүдделері табиғи үйлесетін социум ішіндегі ара қатынас қағидаттары мен этикасын сақтаудың тиімді құралына айналды. Демек, қатар өмір сүру мен шектесу формаларын іздестіру қажет.

Казақтардың көшпенділік өміріне байланысты бұл заңдар жайылым шекарасы мен тайпалық мал шаруашылығын реттеді, əрбір отбасылық, тұлғаралық жəне басқа да жатақхана ережелері құқық бұзушылығы үшін нормалар мен жаза түрлерін бекітті, дау-жанжалды шешуде уақытша (оқиғалық) жəне тұрақты институттар формасын қабылдайтын процедураларды ұйғарды. Сондықтан қазақтардың өмір салты үшін күнделікті тұрмыста пайда болуы ықтимал құқықтық дау-жанжалды шешу үшін бұл ұйғарымдар мен тұлғалық немесе топтық сот сатисфакциялары жеткілікті болатын.

Авторлардың көзқарасы жəне бағалауынан тəуелсіз қазақтар арасындағы құқықтық практикаларды зерттеулердің көпшілігі Қазақ даласында құқықтық жəне діни-этикалық теңгерімге жасырын, жиі жағдайда ашық қол сұғушылық болғанын дəлелдейді. Мысалы, Ресей империясы қазақ сотына конфессиялық бөлуді күштеп енгізіп қана қоймай, сонымен қатар шариат пен адат арасындағы ғасырлық теңгерімді жоюға тырысты. Оларға қарауы (мұсылмандарды басқару құралы) тұрақсыз сипатты болды. Сарапшылар мен шенеуніктердің бір бөлігі адатты жəне «адат соттарын» қолдау арқылы («азаматтық құқық» нышаны түсінігінде) империя қазақтардың құқықтық мəдениетін «өркениеттендіру» немесе жетілдіру бойынша қызмет көрсетіп отырғанын жақтаса, отарлық сарапшылардың басқа бөлігі кодификацияға дайын ыңғайлы форма ретінде шариаттың артықшылығын қолдады [19; 637].

Əрине, қазақтардың тұрақты жəне перманенттік сот инстанцияларында заң «жұмысы» механизмін түпнұсқасын қайта қалпына келтіру үшін сол замандағы қазақтардың көзқарасын қайта қалпына келтіруге талпыныс жасау маңызды. Мұндай қайта қалпына келтіру үшін еуропа немесе ресей саяхатшылары мен сарапшыларының естеліктерін — жүз не одан көп құжаттарды табу жеткіліксіз. Кең көлемді түрде фольклор (мысал, мақал-мəтелдер, дастандарды т.б.) немесе басқа да этнографиялық материалдарды терең зерттеу қажет. Бұл жағдайда зерттеушілердің қазақтардың бұрынғы қоғамдық жəне саяси өмірінің нақты реттеушісі заң шығару практикасының мəдени құрамын қайта қалпына келтіру мүмкіндіктері жоғарылайды. Сонымен бірге тайпалық ежелгі қатынастар мен желілерді бұзған ойкуменистік феномен сияқты ұлтты қалыптастырумен бір уақытта болып өткен тайпалық ұқсастықтың бөлінуі, рулық желілердің құлдырауы (əсіресе қалаларда) сотта істі қарау салт-дəстүріне (əсіресе олардың оқиғалық түрлеріне) қандай əсер еткенін түсіну өте маңызды.

Осыған қарамастан, қазақ қоғамында қалалық жəне ауылдық анклавтардан тыс жерде ежелгі ұқсастық пен дəстүрлердің формалары əлі де сақталған. Тайпалық құқықты зерттеу, оның отбасылық (рулық қауым) немесе рулық этика қалдықтарын бұрынғы өмір салтын ұстанған, ертегі, аңыз əңгімелер мен мақал-мəтелдерді есінде сақтаған, осы уақытқа дейін «аралық сотта істі қарау» локалды формаларына жүгінетін заманауи қазақтардың ішінде зерттеуді жалғастыру пайдалы болар еді. Қазақстандық жəне шетел зерттеушілерінің мұндай тəжірибесінің мол екені белгілі, бірақ көбінесе іс мəтіндердің мифологиялық негіздерін филологиялық, сирек жағдайда тарихи интерпретациялауды механикалық белгілеумен шектеледі. Сондықтан біздің міндетіміз — жиналған материалдың құқықтық, қоғамдық-этикалық жəне басқа түпмəтінін сақтай отырып, интерпретация сараптамаларының аясын кеңейту.

Осы мəселе аясында бүгінгі күні жүздеген құқықтық жəне басқа құжаттар жарияланғанына қарамастан, қазақтардың құқықтық мəдениет формаларын толыққанды жəне нақты қалпына келтіруді қамтамасыз етуге қабілетті тарихи құжаттарды жариялаудың қажеттілігі байқалады. Зерттеушілерді объективті, аутенттік қайта қалпына келтіру мүмкіндігінен алыстатын газеттік штамптан немесе тек идеологиялық тұрғыдан беруден бастартып, жариялануға тиісті материалдарды жинақтау,интерпретациялау мен ғылыми саралауда заманауи əдістерді пайдалану жариялаушыларға күрделі жауаптылық жүктейді.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Бекмаханова Н. Присоединение Казахстана к России. XVIII–XIX века. Документы / Н. Бекмаханова. — М .: РАН, 2008. — 425 б.
  2. Сартори П. Судьба имперских кодификационных проектов: адат и шариат в Казахской степи / П. Сартори, П. Шаблей // Ab Imperio. — 2015. — № 2. — C. 63–105.
  3. Martin Virginia. Engagement with empire as norm and in practice in Kazakh nomadic political culture (1820–1830) // Central Asian Survey. — 2016. — No. 1 — P. 1–20.
  4. Зиманов C.З . Қазақтың ата заңдары: Құжаттар, деректер жəне зерттеулер / C.З . Зиманов. — Алматы: Жеті жарғы, 2004. — 2-т. — 361 б.
  5. Словохотов Л. А. Народный суд обычного права киргиз Малой орды / Л .А. Словохотов // Тр. Оренбургской ученой архивной комиссии. — Оренбург, 1905. — Вып. XV. — С. 22–24.
  6. Кенжалиев З .Ж. Казахское обычное право в условиях Советской власти (1917–1937) / З .Ж. Кенжалиев, С.О. Даулетова. — Алматы: Ғылым, 1993. — 1421 с.
  7. Мажитова Ж.С. Современная российская и казахстанская историография о функциях биев в казахском обществе / Ж.С. Мажитова // Ученые записки Казанского университета. — Т. 1. — Кн. 3. Гуманитарные науки. — Казань: КФУ, 2015. — 261 с.
  8. Allen Frank. Islamic Transformation on the Kazakh Steppe, 1742–1917: Toward an Islamic History of Kazakhstan under Russian Rule // Tadayuki Hayashi (Ed.). The Construction and Deconstruction of National Histories in Slavic Eurasia. — Sapporo, 2003. — 281 с.
  9. Муминов А.К. Ханафитский мазхаб в истории Центральной Азии / А.К. Муминов; под ред. С.М . Прозорова. — 2 изд. — Алматы: Қазақ энцикл., 2018. — 99 с.
  10. Ибрагимов И. Заметки о киргизском суде. СПб. Отд. оттиск из: «Записки Императорского Русского Географического Общества по Oтделению этнографии. 1878 / И. Ибрагимов. — Т. VIII. — Казань: Типография В.Киршбаума, 1878. — 21 с.
  11. Коновалова М.В. Когерентности в юридическом дискурсе [Электронный ресурс] / М.В. Коновалова. — Режим доступа: https://studwood.ru/1384805/pravo/tipy_kogerentnosti.
  12. Алимжан К.А. Суд биев как институт обычного права / К.А. Алимжан. Мысль. — 1999. — № 6. — С. 78–84.
  13. Джампеисова Ж.М. Функционирование традиционных властных институтов казахов в колониальной системе Российской империи: автореф. дис. ... канд. ист. наук / Ж.М. Джампеисова. — Алматы, 2004. — 18 с.
  14. Сабатаев С. Суд аксакалов и суд третейский у киргизов Кустанайского уезда Тургайской области / С. Сабатаев // Этнографическое обозрение. — 1900. — № 3. — С. 66–70.
  15. Ибрагимова И. Заметки о Киргизском суде / И. Ибрагимова. — Т. VIII. Из записок Императорского Русского Географического общества по Отделению Этнографии. — СПб.: Типография В. Киршбаума, 1878. — 27 с.
  16. Баллюзек Л. Материалы по обычному праву. Серия «Библиотека казахской этнографии» / Л. Баллюзек, И.А. Козлов. — Алма- Ата, 1948. — Т. 30. — 78 с.
  17. Алимжан К.А. Суд биев как обычно-правовое учреждение // Право и государство. — Алматы, 1998. — № 3(11). — С. 60–69.
  18. Безвиконная Е.В. Административно-правовая политика Российской империи в степных областях Западной Сибири в 20–60-х гг. XIX в. / Е.В. Безвиконная. — Омск: ОГИ, 2005. — 27 с.
  19. Ахмеджанова Г.Б. Судебный процесс в обычном праве казахов по источникам XIX — начала XX в. [Электронный ресурс] / Г.Б. Ахмеджанова. — Режим доступа: http://www.rusnauka.com/28_PRNT_2009/Pravo/53395.doc.htm.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.