Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасының көпжақты дипломатиясына қатысты құжаттардың дерек ретіндегі рөлі

Қазіргі кезеңдегі жаһандану жағдайында халықаралық жəне аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселелерí өзекті болып саналады. Осындай жағдайда Қазақстан Республикасының аймақтық жəне халықаралық үйымдар шеңберіндегі көпжақты дипломатиясын қамтит^ін дипломатиялық күжаідардың деректік маңыздылығын анықтау қызығушылық танытады. Авторлар мақалада халықаралық жəне аймақтық үйымдардың қауіпсіздік саласы бойынша ынтымақтастығының маңызды дипломатиялық қүжаттарына талдау жасады. Дипломатиялық кужаттардьщ мазмүнын талдау арқылы дииломаіиялық қүжаттардың деректік рөлі дəлелдендí. Мақаланың ерекшелігі ретінде 2018 ж. Шанхай Ынтымақтастық Үйымының қауіпсіздік саласына қатысты қабылданған декларациясына талдау жасалғандығын атап көрсетуге болады. Авторлар дипломатиялық құжаттардың мазмүнын талдау барысында контент-талдау, салыстырмалы-талдау əдíстерíн қолданды. Қауіпсіздік саласы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында дипломатиялық қүжаттарға сүйену қажетлілігі үсынылды.

Халықаралық қатынастар саласын зерттеу барысында дипломатиялық қүжаттардың деректік маңыздылығының жоғары екендігі сөзсіз. Кез келген мемлекелτің халықаралық аренадағы ұстанымдарын, саяси бағыттарын, бір мемлекелτің екінші мемлекетпен қарым-қатынастарын зерттеу барысында дипломатиялық құжаттарға сүйену маңызды. Сондықтан аталған мақаланың көлемінде дипломатияқ құжаттардың рөлін анықтау қажелτілігі туындап отыр.

Қазіргі кезеңдегі жаһандану үрдісінің негізіндегі мемлекеттер арасындағы өзара қарым- қатынастардың жəне өзара тəуелдíлíктщ күшейгендігін ескерсек, мұндай қүбылыстың ортүрлі деңгейдегі дипломатиялық қүжаттардың пайда болуына алуып келуі — заңды қүбылыс. Сондықтан біз үшін Қазақстанның халықаралық жəне аймақтық ұйымдар шеңберіндегі қауіпсіздік саласы бойынша ынтымақтастығына қатысты құжаттардың рөлін анықтау қызығушылық тудырады.

Өзімізге белгілі, Қазақстан Республикасының көпжақты дипломатиясы Еуропадағы Қауіпсіздік жəне Ынтымақтастық ұйымы (одан əрí ЕҚЫҮ) шеңберінде жүзеге асырып жатыр. ЕҚЫҮ қауіпсіздік саласындағы жəне шиеленстердің алдын алу мен оларды реттеу мен айналысатын Ванкуверден Владивостокқа дейінгі кеңістікті алып жатқан жалғыз аймақтық ұйым болып саналады.

1970 ж. басында Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық кеңесі (ЕҚЫК) Шығыс пен Батыс арасындағы көпжақты диалогты қүру мақсатында ұйымдастырылған көпжақты форум шақырылған болатын. 1990 ж. дейін ЕҚЫК кездесулер мен конференциялар өткізу түрінде қызмет атқарды. Бұл форумның қызметіндегі түбегейлі өзгеріс 1990 ж. жоғары деңгейдегі Париж кездесуі болды. Еуропа үшін Париж хартиясында «қырғи қабақ» соғысынан кейінгі пайда болған жаңа қауіп-қатерлерге тойтарыс беру міндеті тұрды.

1994 ж. Будапешттегі жоғары деңгейдегі кездесу барысында ЕҚЫК-ін ЕҚЬГҮ-на ауыстыру жөнінде шешім қабылдаған болатын. Мұндай жағдай ЕҚЫҮ-на жаңа саяси қуат берді. Осындай күрделі кезеңде Қазақстан Республикасына əлемдíк державалар мен аймақтық ұйымдардың қолдауы қажет болды. Сонымен бірге əлемдíк қауымдастықта жас тəуелсíз жəне сол кезеңде ядролық арсеналға ие Қазақстанның конструктивті сыртқы саяси қызығушылықпен қарады. Осындай жағдайда 1992 ж. 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы ЕҚЫҮ-ға мүше болып кіріп, 1992 ж. 8 маусымда ЕҚЫК-нің Хельсинки Қорытынды актісіне, ал 1992 ж. 23 қыркүйекте жаңа Еуропа үшін Париж хартиясына қол қойды. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасы мен ЕҚЫҮ арасындағы ынтымақтастықтың дипломатиялық қүжаттары да біз үшін маңызды болып саналады.

Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Т. Сүлейменовтың ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаевқа 1992 жылдағы ҚР СІМ қызметі жөнінде берген ресми есебінде: «МИД в своей работе исходил из посылки о важности работы многосторонних институтов европейской интеграции. Позитивный резонанс вызвало присоединение Республики к деятельности Совещания побезопасности и сотрудничеству в Европе, установление деловых контактов с Комиссией европейских сообществ и советом Европы. Показательно, что эти акции были квалифицированы в западноевропейских кругах как заявка Aлматы на роль стабилизирующего звена между европейской и азиатской частями геостратегического пространства от Ванкувера до Владивостока. Ключевым мероприятием в этом плане было участие делегации во главе с H.A. Назарбаевым в работе Хельсинкской встречи глав государств и правительств стран-участниц СБСЕ, в ходе которой были выдвинуты важные иницативы Казахстана по распростронению в Aзии принципов Хельсинкского Заключительного акта, а также подписание главой нашего государства Парижской хартии для новой Европы», — делінген.

Внешнеполитическое ведомство предпринимало усилия по обеспечению реализации зафиксированных в Венском документе 1992 г. договоренностей по мерам доверия в военной сфере, подключением к Договору СБСЕ, а также разработкой «конкретных предложений по усилению эффективности миротворческого потенциала СБСЕ, особенно по урегулированию конфликтных ситуаций в зоне ответственности, включающей практически всю территорию бывшего СССР» [1].

1998 ж. 2 желтоқсанда Ослода Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымының демократиялық институты жəне Aдам құқықтары жөніндегі бюросы арасында «Өзара түсіністік» жөніндегі меморандумға қол қойылды [2]. Бұл Меморандум көпжылдық бағдарлама ретінде қарастырылды. Оған сəйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ЕҚЫҰ демократиялық институты жəне ^ам құқықтары жөніндегі бюросы адамзат өлшемі мәселелері бойынша кеңестер өткізу жəне демократия, адам құқықтары салалары бойынша жобаларды өңдеу жəне іске асыру бойынша бірлесіп қызмет атқаруға келіскендігін көруге болады.

ж. ЕҚЫҰ мүше-мемлекеттері Сыртқы істер министрлерінің Мадридтегі кездесуінде 2010 ж. Қазақстан Республикасының беделді ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі жөнінде шешім қабылданып, жауапты міндет жүктелген болатын. Осыдан кейінгі ірі оқиға Қазақстан Республикасының тарихындағы маңызды белестің бірі ҚР-ның 2010 ж. Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымына - Еуропада, Орталық Aзияда жəне Солтүстік Aмерикада орналасқан 56 елдің басын біріктіретін ірі аймақтық ұйымға төрағалық етуімен белгілі болды. Қазақстан Республикасы бұрынғы КСРО мемлекеттері арасында бұл ұйымға ең алғаш төрағалық еткен мемлекетке айналды. Мұндай тарихи шешім республикамыздың халықаралық саясаттағы барған сайын артып келе жатқан рөлінің мойындалуының дəлелíн көрсетті.

Осының нəтижесíнде 2010 ж. 3 желтоқсанда ЕҚЫҰ-ның астаналық «ХХІ ғасырдың қауіпсіз қоғамдастығына бетбұрыс» декларациясы [3] қабылданды. Декларацияда əскери-саяси, экономикалық, экологиялық жəне адамзат өлшемдері салалары бойынша көпжақты ынтымақтастықтың толық көлемде жүзеге асырылуы жөнінде мəлíмет бар. Ұйымға мүше- мемлекеттер арасындағы өзара байланыстардың деңгейін жоғарлату жəне аймақтық, халықаралық қауіпсіздікті сақтау мен жаңа қауіп-қатерлерге бірлесіп тойтарыс беру мəселелерí қарастырылған.

Қауіпсіздікті сақтаудағы ЕҚЫҰ-ның тəсíлí үш өлшемді: адамзат, əскери-саяси жəне экономикалық-экологиялық қауіпсіздікті қамтиды. Сондықтан ЕҚЫҰ айналысатын жəне ұйым шеңберіндегі ынтымақтастықтың салалары кең - қаруға бақылау орнату, превентивті дипломатия, өзара сенім шараларын нығайту, сонымен қоса экономикалық жəне экологиялық мəселелер т.б. Осы тұрғыдан алғанда ЕҚЫҰ шеңберіндегі Қазақстан Республикасының көпжақты сыртқы саясаты дипломатиялық құжаттар санының өсуіне ықпал етуде.

Қазіргі кезеңдегі əлемдíк тəртíпте Орталық Aзия аймағы жаңа геосаяси жағдай қалыптасқан геосаяси жəне геостратегиялық алаңға айналды. Осындай жағдайды Орталық Aзия аймағы маңызды рөлдердің бірін атқарады. Сондықтан Орталық Aзия аймағындағы жағдайдың дамуы жаһандық деңгейдегі жағдайдың дамуына əсер етеді.

Осындай жағдайда дұрыс анықталған ұлттық мүдделер мемлекеттің дамуының стратегиялық болашағын таңдауға мүмкіндік береді. Сол себепті қауіпсіздіктің əртÝрлİ халықаралық жəне аймақтық ұйымдарымен қарым-қатынас орнату Қазақстан Республикасының көпвекторлы сыртқы саясатының қағидаларына жəне ұлттық қауіпсіздікті нығайту мүддесіне сəйкес келеді.

Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасының əскери қауіпсіздігін нығайтудың маңызды тұрғысы Солтүстік альянспен (Н^ТО) ынтымақтастық болып табылады жəне бұл ынтымақтастық Қазақстан Республикасының тəуелсíздíгíнщ жариялануынан бастап белсенді бола бастады.

Сондықтан Қазақстан Республикасы мен НАТО арасындағы ынтымақтастықтың дипломатиялық құжаттары маңызды болып саналады. Соның ішінде 1994 ж. мамырда Қазақстан Республикасы «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасының шекті келісімшартына [4] қол қояды.

«Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасы 1994 ж. құрылып, көпжақты саяси диалог пен ынтымақтастыққа бағытталған жəне барлық мемлекеттер үшін əзíрлендí. Бұл құжатқа сəйкес ұлттық қорғанысты жоспарлау жəне қаржыландыру, қарулы күштерді демократиялық бақылаумен қамтамасыз ету, жеке бөлімшелердің бейбітшілікті қолдау жəне гуманитарлық операциялар сияқты миссияларды орындау үшін жəне оларды дайындау мақсатымен біріккен жоспарлау мен əскери дайындық жүргізу, қарулы күштерге мамандар дайындау қарастырылған.

Келісімшарттан Қазақстан Республикасы мен НАТО арасындағы ынтымақтастықтың аймақ бойынша көрші республикалардың өзара мүдделерін ескеру негізінде (екі тарап арасындағы ынтымақтастық басқа Азия немесе ТМД елдері тарабынан теріс қабылданбауы үшін) жүзеге асып жатқанын көруге болады.

Сонымен бірге, 1996 ж. 31 маусымда Қазақстан Республикасы мен НАТО арасында «Қауіпсіздік жөніндегі» келісімшартқа [5] қол қойылды. Осы аталған келісімшарттардың шеңберінде 20012003 жж. аралығында НАТО мен Қазақстан Республикасының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде 26 жоспарланған шара жүзеге асырылған. Солардың қатарында «Cooperative Osprey- 2001», «Combined Endeavor-2001», екіжақты «Қалқан-2001», «Аймақтық ынтымақтастық-2001» əскери жаттығуларын атауға болады.

Қазақстан Республикасы НАТО-мен ынтымақтастық барысында «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасы бойынша, ең алдымен, маман-кадрларды даярлау мен əскери құрылымдарды жетілдіру жəне дамыту мəселелерíн алдыңғы орынға қойды. Осы мақсатта 2003 ж. 31 мамырында Қазақстан Республикасы «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасы негізінде НАТО-ның шеңберіндегі операцияларға қатысуға мүмкіндіктер беретін «Қарулы күштер мен бақылау процесі» (ПАРП) атты бағдарламаға қосылды.

Аталған дипломатиялық құжаттардың негізінде қарастырылған Қазақстан Республикасы мен НАТО арасындағы ынтымақтастықты жəне бұл ұйымның ауқымды əскери жəне экономикалық қуатын пайдалану Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің нығаюына айтарлықтай ықпал етеді. Сондықтан Қазақстан Республикасы ТМД территориясында, соның ішінде Орталық Азияда қауіпсіздіктің қосымша кепілінің қалыптасуын қолдап келеді.

Екінші жағынан, өзімізге белгілі, Азиядағы ынтымақтастықтың жаңа құрылымы — АӨСШК (Азиядағы өзара сенім шаралары жөніндегі кеңес) құру бастамасын ұсынған болатын. Бұл аталған бағыт бойынша маңызды қадам Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə. Назарбаевтың 1992 ж. 5 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында сөйлеген сөзінде мəлíмделдí. Яғни, ҚР Президенті БҰҰ БА сессиясында Азиядағы өзара сенім шаралары жөніндегі Кеңесті шақыру туралы бастама көтерді. Ол сөзінде: «Менің тоқтағым келген екінші аспект - бұл біздің континентіміз — Азиядағы немесе Еуразиядағы бейбітшілік жəне қауіпсіздік мəселесí. Сөз Қазақстан Республикасының Азиядағы өзара сенім шаралары жөніндегі Кеңесті (АӨСШК) шақыру туралы инициативасы жайлы болып отыр. Біздің континентімізде Еуропадағы ЕҚЫК типтес Азиядағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық құрылымын құру (АЫҚҰ) идеясы ұсынылады» [6], — деп айтқан болатын. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə.Назарбаевтьщ аталған идеясын жүзеге асыру қауіпсіздіктің аймақтық жəне жалпы еуразиялық архитектурасын құру жолында негізге алынды.

Азиядағы өзара сенім шаралары жөніндегі кеңес Азиядағы қауіпсіздікті жəне тұрақтылықты, бейбітшілікті қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастықты нығайту бойынша форум болып саналады. АӨСШК мүше-мемлекеттері Азиядағы, сонымен бірге барлық əлемдегí бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету тек қана диалог пен ынтымақтастықтың арқасында ғана қолжетімді деп мойындайды. Мұны мойындаудың өзі Қазақстан Республикасының осы АӨСШК шеңберіндегі көпжақты дипломатиясы мен ынтымақтастығына қатысты дипломатиялық құжаттардың пайда болуы мен жетілдіруіне, дамуына алып келіп, дипломатиялық құжаттар корпусын біршама кеңейтті.

1999 ж. 14 қыркүйекте Алматыда министрлердің алғашқы кездесуіне АӨСШК мүше-мемлекеттердің қарым-қатынасын реттейтін декларацияға [7] қол қойылды. Дипломатиялық құжаттың бұл түрі АӨСШК-нің болашақтағы прогресс эволюциясының негізін қалады. Бұл құжатқа сəйкес, АӨСШК мүше-мемлекеттердің бір-бірінің ішкі істеріне араласпау қағидасының негізінде жəне өзара экономикалық, əлеуметтíк жəне мəдени байланыста бола отырып, өз саясатын жүргізетіндігін анықтауға болады. Құжатқа сəйкес АӨСШК-нің негізгі мақсаты - Азиядағытүрақтылықты, бейбітшілікті жəне қауіпсіздікті қамтатасыз етуге бағытталған көпжақты ынтымақтастықты кеңейту болып табылады. Қазіргі уақытта АӨСШК-не Азияның 16 мемлекеті мүше болып табылады. Қазақстан Республикасы осы 16 мемлекетпен өзінің көпжақты дипломатиясын іске асыру арқылы тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеудегі тарихи жазба дерек көзі ретінде дипломатиялық қүжаттардың санын үлғайтып отыр.

2002 ж. 4 маусымда АӨСШК мүше-мемлекеттері «Терроризмді жою жəне өркениеттер арасындағы диалогқа ықпал ету жөніндегі» декларацияға [8] қол қояды. Декларацияда мүше- мемлекеттер АӨСШК-ін өзіне әртүрлі мәдениеті мен дәстүрі бар мемлекеттерді біріктіретін азиялық форум ретінде қарастырып, өркениеттер мен мəдениеттер арасындағы диалогты дамытудың механизмдерін қамтыған. Сонымен бірге мүше-мемлекеттер терроризммен күресудің негізгі бағыттарын осы Декларацияның шеңберінде анықтағандығын көруге болады.

2004 ж. 22 қазанда АӨСШК мүше-мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің декларациясына [9] қол қойылды. Декларацияға сəйкес бейбітшілік, даму жəне ынтымақтастық негізгі тенденциялар болып саналады, сонымен қатар қүжатта терроризм, сепаратизм, экстремизм, аймақтық шиеленістер мен тартыстар, экономикалық жəне әлеуметтік т.б. мәселелердің орын алғандығы қарастырылған. Сонымен қатар қүжатта Ауғанстандағы саяси жəне экономикалық жағдай қарастырылған, Ауғанстан үкіметіне түрақтылықты, экономикалық қайта қүру барысында көмек көрсететіндігі мәлімденіп, Ауғанстаннан шығатын қауіп қатерге бірлесіп қарсы түрудың стратегиясын өңдеу жөніндегі мəселелер қарастырылған.

ж. 25 тамызда АӨСШК мүше-мемлекеттері Сыртқы істер министрінің үшінші кездесулері өтіп, нәтижесінде «Сенім шараларын жүзеге асырудағы АӨСШК-нің прогресі» атты декларацияға [10] қол қойылды. Декларацияда қауіпсіздіктің бөлінбейтіндігі мәлімденіп, Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жолдары мен бағыттары анықталған. Сонымен қоса Декларацияда АӨСШК басқа да мемлекеттер үшін ашық екендігі мәлім етілгендігін көруге болады.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының көпжақты дипломатиясы Ұжымдық Қауіпсіздік Келісім Ұйымы (ҰҚКҰ) шеңберінде жүзеге асырылып жатыр жəне бүл үйымының шеңберінде ынтымақтастықты дамыту мен нығайту ҚР сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі болып саналады. Осы түрғыдан алғанда ҰҚКҰ мен Қазақстан Республикасының ынтымақтастыққа қатысты дипломатиялық қүжаттардың тарихи дерек ретінде маңызы бар.

Бүл Ұйым 1992 ж. 15 мамырдағы «Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі» келісімшарттың [11] негізінде 2002 ж. қүрылған болатын. Бүл Келісімшартта келісімге қатысушы-мемлекеттер өзара мемлекетаралық қатынастарда күш қолданбайтындығы жəне қауіп-қатерлерді, пайда болған шиеленістерді бірлесіп шешуге келіскен. Сонымен қатар мүше-мемлекеттердің бір-біріне қарсы бағытталған мемлекеттердің топтарына жəне əскери одақтарға кірмейтіндігі жөнінде мәлімет келтірілген.

Сонымен бірге 1992 ж. 15 мамырда тағы бір келісімшарт – «Ұжымдық қауіпсіздік келісіміне мүше-мемлекеттер арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидалары жөніндегі келісімшарт [12]. Келісімшарт мүше-мемлекеттерге жеңілдік арқылы əскери саладағы өнімдерді беру, бір-біріне техникалық көмектер жасау салаларын қамтыған.

Осы аталған екі Келісімшарттың негізінде 2002 ж. қүрылған ҰҚКҰ мақсаты халықаралық жəне аймақтық қауіпсіздікті нығайту, үжымдық негізде тәуелсіздікті, территориялық түтастықты жəне егемендікті қорғау болып саналады. Бүл Ұйымның қүрамына 6 мемлекет: Армения, Ресей, Белоруссия, Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан Республикалары мүше. Ұйымның шеңберіндегі ынтымақтастықтың негізгі бағыты əскери жəне əскери-техникалыĸ сала болып есептеледі. Бүл үйымның шеңберіндегі Қазақстан Республикасының көпжақты дипломатиясының дипломатиялық қүжаттары — келісімшарт, меморандум, коммюнике, декларация түрлерінде — дамыған.

Мысалы, 2010 ж. 1 мамырда «Ұжымдық қауіпсіздік келісімінің тиімділігін арттыру жөніндегі» меморандумға [13], 2013 ж. 23 қыркүйегінде ҰҚКҰ-ның қауіпсіздік кеңесі сессиясының коммюникесіне [14], 2017 ж. 30 қарашада үйымға мүше-мемлекеттерінің Президенттері Ұжымдық қауіпсіздік келісімшартының 25 жылдық, Ұжымдық қауіпсіздік келісім үйымының қүрылуына 15 жылдық мерейтойлық декларацияға [15] қол қойды.

ж. 16 маусымда Екатеринбургте Халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі келісімшартқа [16] қол қойылды. Келісімшарттың мазмүнында ақпараттық кеңістіктегі қауіп-қатерлерге бірлесіп тойтарыс беру бойынша ынтымақтастықты тəжíрибе жүзінде іске асыруға келіскендігін анықтауға мүмкіндік туды.

2011 ж. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мүше-мемлекеттерінің Астананада қабылданған декларацияның [17] деректік маңызы зор. Декларацияның 3-бөлімі қауіпсіздік мәселелері бойынша ынтымақтастық мәселесін қамтыған. Декларацияның мазмұнын талдаудың негізінде Ұйымға мүше- мемлекеттердің жаһандық жəне аймақтық мəселелер бойынша ұстанымдарының бір екендігін жəне әлемдік аренада қауіпсіздік мәселесі бойынша тығыз байланыс орнатуға дайын екендігін анықтауға болады. Декларацияның мазмұнында қауіпсіздіктің жаһандық қауіп-қатерлеріне тойтарыс беру жəне тұрақты дамуды қамтамасыз ету мәселесі шығарылғандығын айқындауға болады.

ж. ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің Астанада өткен кезекті Саммит нәтижесінде қабылданған декларацияның [18] мазмұнында 2017 ж. 9 маусымда қол қойылған экстремизмге қарсы күресу жөніндегі ШЫҰ конвенциясы жаңа қауіп-қатерлерге тойтарыс беру жөніндегі халықаралық- құқықтық негіздің нығаюына ықпал ететіні жəне БҰҰ жаһандық контртеррористік стратегиясына, БҰҰ ҚК резолюцияларының қатарын толықтыратыны мәлімделген.

Декларацияда ШЫҰ экстремизмге қарсы тұру конвенциясы ШЫҰ барлық мүше- мемлекеттерінің қауіпсіздігін нығайтуға, мүше-мемлекеттердің құзырлы органдарының тиімді ынтымақтастығын жоғарлатуға жəне қауіпсіздік саласы бойынша заңнамаларды жетілдіруге бағытталғандығы атап көрсетілген.

ж. 10 маусымдағы Циндаода қабылданған ШЫҰ Декларациясының үлкен бөлімі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне арналған. Декларацияның мазмұнын талдаудың негізінде ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің 2019–2021 жж. терроризм, экстремизм жəне сепаратизмге тойтарыс беру жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыруға басты назар аударылғандығын анықтауға болады. Сонымен бірге Декларацияда 2017 ж. 9 маусымда Астанада қабылданған экстремизмге тойтарыс беру жөніндегі ШЫҰ конвенциясының күшіне енуін тездету қарастырылған [19].

Декларацияда 2017 ж. 11 қазанда Мəскеуде жəне 2018 ж. 28 мамырда Пекинде өткен «ШЫҰ- Ауғанстан» байланыс тобының отырыстарының қорытындыларын атап жəне Ауғанстан реттеуі жөніндегі диалог пен ынтымақтастық механизмі жұмыстарын одан әрі белсендетуге ынта білдірген.

Сонымен бірге Декларацияда 2018 ж. 27 наурызда Ташкентте өткен Ауғанстан бойынша жоғары деңгейдегі «Бейбітшілік үрдісі, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жəне аймақтық байланыс» атты Халықаралық конференцияның қорытындыларын Ауғанстандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қайта қалпына келтіру үрдісіне қосқан маңызды оң үлесі ретінде қабылдағандығын айқындауға болады.

Декларацияның ерекшелігі ретінде құжаттың мазмұнында ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің Интернет желісі арқылы таралатын террористік идеологияның таралуына жəне насихатталуына қарсы күресу жөніндегі ынтымақтастықты нығайтуға деген қадамдарын атап көрсетуге болады. Сонымен қатар Декларацияда 2017 ж. Қытайда өткізілген «Сямэнь–2017» аталатын террористік, сепаратистік жəне экстремистік мақсаттарында Интернет желісін қолдануға тойтарыс беру бойынша террорға қарсы жаттығуларға жоғары баға берілген. Сондықтан ШЫҰ дипломатиялық құжаттары арқылы біз ШЫҰ қызметінің жетістіктері жөнінде, атқарған әрекеттері туралы құнды ақпарат ала аламыз.

Аталған мақала көлемінде қарастырылған құжаттардың деректік маңыздылығы жоғары жəне мұндай құжаттарды зерттеу барысында тиімді қолдану ғылыми жұмыстардың құндылығын арттырары сөзсіз. Аталған дипломатиялық құжаттардың кешенін талдау барысында Қазақстан Республикасы өзінің көпжақты дипломатиясының арқасында Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін, сонымен қатар аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесінің айтарлықтай зор екенін анықтауға да болады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Отчет Министра иностранных дел Республики Казахстан Т. Сулейменова о работе в 1992 году Н.А. Назарбаеву от 12 апреля 1993 года. — Архив Президента Республики Казахстан. — Ф.75-Н. — О.1. — Д.83. — Л.1-17.
  2. Меморандум о взаимопонимании между Правительством Республики Казахстан и Бюро ОБСЕ по Демократическим институтам и Правам человека Организации по безопасности и сотрудничеству в Европе (г. Осло, 2 декабря 1998 г.) [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=1022724#pos=1;-95.
  3. Астанинская декларация на пути к сообществу безопасности [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://www.osce.org/ru/cio/74990?download=true.
  4. Соглашение между государствами-участниками Североатлантического договора и другими государствами, участвующими в программе «Партнерство во имя мира», относительно статуса их Вооруженных Сил и Дополнительного протокола к нему [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000145_/compare.
  5. Соглашение о безопасности между Республикой Казахстан и Организацией Североатлантического договора от 31 июля 1996 года [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://tengrinews.kz/zakon/parlament_respubliki_kazahstan /mejdunapodnyie_otnosheniya_respubliki_kazahstan/id-Z050000086_/.
  6. Выступление Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева на 47 сессии Генеральной Ассамблеи ООН [Электронный ресурс]. — Режим доступа: akorda. kz/.
  7. Декларация принципов, регулирующих отношения между государствами-членами СВМДА. — Алматы, 1992. — 14 сентября [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://www.s-cica.org/page.php?page_id=65&lang=2.
  8. Декларация СВМДА об устранении терроризма и содействии диалогу между цивилизациями [Электронный ресурс]. Режим доступа: http://www.s-cica.org/page.php?page_id=183&lang=2.
  9. Декларация министерской встречи СМВДА [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://www.s-cica.org/page.php?page_id=183&lang=2.
  10. Декларация о третьей встрече министров иностранных дел СВМДА «Прогресс СВМДА в реализации мер доверия» [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://www.s-cica.org/page.php?page_id=183&lang=2.
  11. Договор о коллективной безопасности от 15 мая 1992 года [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://www.odkb-csto.org/documents/detail.php?ELEMENT_ID=126.
  12. Соглашение об основных принципах военно-технического сотрудничества между государствами-участниками Договора коллективной безопасности от 15 мая 1992 года [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://www.odkb- csto.org/documents/detail.php?ELEMENT_ID=1685.
  13. Меморандум о повышении эффективности Договора о коллективной безопасности от 15 мая 2010 года и его адаптации к современной геополитической ситуации [ Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://www.odkb-csto.org/documents/detail.php?ELEMENT_ID=131.
  14. Коммюнике сессии Совета коллективной безопасности Организации Договора о коллективной безопасности. Сочи, 23 сентября 2013 г. [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://www.odkb-csto.org/documents/?PAGEN_1=3.
  15. Декларация глав государств – членов Организации Договора о коллективной безопасности в связи с 25-летием Договора о коллективной безопасности и 15-летием Организации Договора о коллективной безопасности [Электронный ресурс]. Режим доступа: http://www.odkb-csto.org/documents/detail.php?ELEMENT_ID=12030.
  16. Соглашение между правительствами государств-членов Шанхайской Организации Сотрудничества о сотрудничестве в области обеспечения международной информационной безопасности [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://rus.sectsco.org/documents/.
  17. Астанинская декларация десятилетия Шанхайской Организации Сотрудничества 2011 года [Электронный ресурс]. Режим доступа: http://rus.sectsco.org/documents/.
  18. Астанинская декларация глав государств-членов Шанхайской Организации Сотрудничества 2018 года [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://rus.sectsco.org/documents/.
  19. Циндаоская декларация Совета глав государств-членов Шанхайской Организации Сотрудничества от 2018 года IЭлектронный ресурс]. — Режим доступа: http://rus.sectsco.org/documents/.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.