Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ауыл шаруашылығын субсидиялау мәселелері

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы саласындағы бюджеттік субсидиялау үрдістері зерттелді, агроөнеркəсіптік кешенді республикалық бюджеттен субсидиялау жүйесінің 2012–2018 жж. аралығында елеулі өзгерістерге ұшырау жағдайы талданды. Келесі бағыттар бойынша субсидиялауды жүзеге асыру бағыттары зерттелді: инвестициялық салымдар кезінде АӨК субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу; АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бағыты шеңберінде кредиттік жəне лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау; ауылшаруашылығы малдарын, техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау; АӨК саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын субсидиялау. Субсидиялар белгілі бір ресурстар түрлерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында берілгендіктен, субсидиялардың экономикалық мəнí субсидиялар арналған кəсíпорындардыц (саланың) бəсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылатыны қорытындыланды. Субсидиялау үрдісіндегі келесідей кемшіліктер анықталды: инвестициялық субсидиялау қағидаларында өңірлердің даму əлеуетíне қарай өлшемдер ескерілмейді; субсидиялау ережелерінде бағыттарды қаржыландырудың шекті көлемі регламенттелмеген, сол арқылы басымдықтың төменгі қатарындағы бағыттар үшін қаражаттың болмауы тəуекелí туындайды; ауыл шаруашылығы малдарын, техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға несие беру сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау көп жағдайда өңірлерде сұранысқа ие емес. Қаражатты жоспарлау жыл сайын бөлінетін көлемдерді резервтеу жəне оларды одан əрí қайта бөлу мақсатында жүзеге асырылады. Лизинг алу кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау инвестициялық субсидиямен (ынталандыру жоспарында) қиылысатынын, ал мемлекеттік қолдау шараларын (кредиттер жəне технологиялық жабдықтар лизингі бойынша, ауылшаруашылық жануарларын сатып алуға, сондай-ақ инвестициялық субсидиялар бере отырып, ауылшаруашылық техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау) қоса атқару заңмен қарастырылғанын ескере отырып, субсидиялардың тиімділігін бағалау үрдісі жəне олардың салаға əсерí күрделене түсуде. Айналым қаражатын толықтыру қысқамерзімді несиелендіруді ынталандыруды білдіреді жəне өндіріс көлемін ұлғайтуға жəне кеңейтуге ықпал етпейді.

Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау мəселелерí, соның ішінде аталған салаға бюджеттен субсидиялар бөлудің соңғы жылдары өзектілігі артып отыр, себебі бөлінген қаражаттардың толық игерілмеуі, тиімсіз пайдаланылуы көптеген мəселелер туындатуда. Бюджет кодексінің 35-бабына сəйкес, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік функцияларды орындаудың жəне республика немесе өңірді дамытудың əлеуметтíк-экономикальщ міндеттерін іске асырудың басқа тәсілі болмаған кезде ғана жеке жəне заңды тұлғаларға, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтарына берілетін бюджеттен қайтарылмайтын төлемдер бюджеттік субсидиялар болып табылады [1].

АӨК-ні республикалық бюджеттен субсидиялау жүйесі 2012–2018 жж. аралығында елеулі өзгерістерге ұшырады (1-кесте).

1-кесте

Агроөнеркәсіптік кешеннің 2012-2020 жылдары субсидиялау жүйесі

Субсидиялар

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018– 2020 жж. (жоспар)

1

2

3

4

5

6

7

8

Ауыл шаруашылығын қолдауға беріле- тін кредиттер бойынша сыйақы мөл- шерлемесін өтеу

+

+

+

+

+

+

+

Сақтандыру төлемдерін субсидиялау

+

+

+

+

+

+

 

1

2

3

4

5

6

7

8

Тұкым шаруашылығын колдауды суб- сидиялау

+

+

         

Асыл тұкымды мал шаруашылығын колдауға арналған субсидиялау

+

+

 

I

I

   

Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімді- лігін жəне сапасын арттыруды субси- диялау

+

+

 

I

I

   

Астыкты экспорттау кезінде көлік шы- ғыстарына арналған шығындардың кұ- нын арзандату

+

           

Ауыл шаруашылығы тауарын өндіру- шілерге биоагенттердің (энтомофагтар- дың) жəне биопрепараттардың кұнын арзандату

-

| ;;;;;;;

         

Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін баскару жүйелерін субсидиялау

+

           

Бау-бакша жұмыстарының экономика- лык колжетімділігін арттыруды субси- диялау

-

+

         

Гербицидтердің экономикалык колже- тімділігін арттыруды субсидиялау

-

ISIII

         

АӨК субъектілерін қаржылық сауық- тыру бағыты шеңберінде кредиттік жəне лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау

 

IIISIi

+

I

I

I

I

Дайындау ұйымдарына ҚҚС субсидия- лау

       

Iiiiiiiiiiiiiii

I

I

Инвестициялық салымдар кезінде АӨК субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу

   

ìĩĩĩĩĩĩì∣ ĨÌÌĨĨĨĨ

I

I

I

I

Қайта өңдеуші кəсторындардыщ ауыл- шаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп, өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау

   

SSiiiSS

I

I

   

АӨК субъектілерінің қарыздарын сақ- тандыру жəне кепілдендіру шеңберінде субсидиялау

   

İİİİ∣İ≡

I

I

I

 

Барлық субсидиялар саны

7

9

6

8

9

6

4

Ескерту. https://www.esep.kz/ ресми сайтындағы Республикалык бюджеттің аткарылуы туралы Үкіметтің есептері негізінде авторлармен кұрастырылды.

жергілікті бюджеттер деңгейіне берілді;

субсидиялау тоқтатылды;

мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары.

Көрсетілген кезеңде:

  1. астык экспорты жəне ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін баскару жүйелерін дамыту кезінде көлік шығыстарына арналған шығындардың кұнын субсидиялау токтатылды;
  2. 7 субсидия жергілікті бюджет деңгейіне берілді: тұкым шаруашылығын колдау; асыл тұкымды мал шаруашылығын колдау; мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін жəне сапасын арттыру; ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге биоагенттердің (энтомофагтардың) жəне биопрепараттардың кұнын арзандату; бакша жұмыстарының экономикалык колжетімділігін арттыру; гербицидтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру; қайта өңдеуші кəсíпорындардьщауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп, өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау.

2012–2016 жж. аралығындағы кезеңде республикалық бюджеттен АӨК субсидиялауға шамамен 280,7 млрд тг бөлінді, оның 280,2 млрд тг игерілді, 0,5 млрд тг игерілмеді, оның негізгі бөлігі (0,4 млрд тг) 2014 ж. тиесілі. Субсидиялардың жалпы көлемі 36,7 млрд тг, немесе 2012 ж. 55,8 млрд тг 2016 ж. 92,5 млрд тг дейін 65,8 %, артты (2-кесте).

2-кесте 2012–2020 жж. аралығындағы субсидияларды бөлу жəне игеру серпіні, млрд тг

Субсидиялар

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

Жоспар

2019ж.

2020 ж.

Бөлінген қаражат көлемі

55,8

52,8

30,1

49,5

92,5

106,7

69,6

67,5

66,7

Игерілген қаражат көлемі

55,8

52,8

29,7

49,4

92,5

106,7

69,6

-

-

Ескерту. https://www.esep.kz/ ресми сайтындағы Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есептері негізінде авторлармен құрастырылды.

Алдағы үш жылдық кезеңге Үкімет белгілеген келесі бағыттар бойынша субсидиялауды жүзеге асыру ұсынылды:

  • инвестициялық салымдар кезінде АӨК субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу;
  • АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бағыты шеңберінде кредиттік жəне лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау;
  • ауыл шаруашылығы малдарын, техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау;
  • АӨК саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын субсидиялау.

Субсидиялар белгілі бір ресурстар түрлерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында берілгендіктен, субсидиялардың экономикалық мәні субсидиялар арналған кəсíпорындардьщ (саланың) бəсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

Инвестициялық субсидиялаудың мақсаты капитал сыйымдылығын төмендету жəне салынған инвестициялардың өтелімділігін арттыру жолымен АӨК басым бағыттарында (секторларында) инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің қолжетімділігін арттыру [2].

Инвестициялық субсидиялар 2014 ж. бастап беріледі жəне 2017 ж. жағдай бойынша 44 976 332 мың тг құрады. Ауыл шаруашылығында инвестициялық субсидиялауды іске асыру басталғаннан негізгі капиталға инвестициялар көлемі 113,3 млрд тг немесе 2013 ж. 139,6 млрд тг 2016 ж. 252,9 млрд тг дейін 81,2 %-ға, 116,3 млрд тг (46 %), оның ішінде инвестициялық салымдарды субсидиялау арқылы тартылған, 2018 ж. аталған көрсеткіш 208 698 млрд тг құрады.

Инвестицияларды тарту жөніндегі оң нəтижелерге қарамастан, Есеп комитетінің аудиторлық жəне сараптамалық-талдамалық қызметінің қорытындылары қаралатын субсидиялау тетігін жетілдіру үшін кемшіліктер мен резервтердің бар екендігін куəландырады. Жекелеген жағдайларда өңірлердің жобаны іске асыруға байланысты тəуекелдердщ ескерілмеуі жəне экономикалық орындылығы бөлігінде субсидиялауға арналған өтінімдерді сапасыз қарауы байқалады.

АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бағытындағы субсидиялаудың мақсаты: айналым қаражатын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға жəне құрылысқа, технологиялық жабдықтарды, ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алуға пайдаланылған қарыз алушылардың кредиттік/кредиторлық жəне лизингтік міндеттемелерін қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру, сондай-ақ сыйақы мөлшерін субсидиялау түрінде мемлекет тарапынан қолдау арқылы жоғарыда көрсетілген мақсаттарға кредит/лизинг алуға байланысты туындаған берешекті қайта қаржыландыру [3].

Бағдарлама 2013 ж. бастап іске асырылуда жəне 2016 ж. 31 желтоқсандағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен бағдарламаны іске асыруға 50 653 704 мың тг бөлінді (игерілгені — 50 538 279,2 мың тг). АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бағдарламасының негізгі көрсеткішіжалпы берешек сомасы кемінде 500 млрд тг кредиттік жəне лизингтік міндеттемелерді сауықтыру болып табылады, 2018 ж. АӨК субъектілерінен 167 өтініш түсіп, барлығы орындалды.

Ұлттық банктің моліметтеріне сəйкес, 2017 ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығындағы кредиттер 713 млрд тг құрайды, оның 348,7 млрд тг (48,9 %) кýмəндí жəне үмітсіз болып табылады, бұл 2012 ж. деңгейге тең.

2013-2016 жж. арналған қаржылық сауықтыру бағдарламасы ауыл шаруашылығындағы күмәнді жəне үмітсіз кредиттер санының төмендеуіне айтарлықтай əсер еткен жоқ, бұрынғыдай, ауыл шаруашылығын кредиттеу кезіндегі жүйелі проблемалар болып қала береді. Аталған жағдайда бағдарлама АӨК субъектілерінің несиелік жүктемесін төмендету бойынша мəселенí шешкен жоқ, сонымен қатар кейбір қарыздар бойынша негізгі қарыз жəне ол бойынша сыйақы бойынша төлемдер мөлшері ұлғайды.

2019 жəне 2020 жж. арналған қажеттілік қарыз алушылардың бағдарламадан күтілетін шығу факторын ескермейді. Көрсетілген субсидияларды одан əрí ұсыну ауыл шаруашылығындағы несиелік қоржынды жақсарту жөніндегі жүйелі мəселенí шешпейді.

Ауыл шаруашылығы малдарын, техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға несие беру сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау мақсаты: АӨК субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру жəне сақтандыру кезінде кепілдік жəне сақтандыру сыйлықақысы бойынша комиссия бөлігін субсидиялау [4].

АӨК субъектісіне мемлекеттік қолдау ретінде кепілмен қамтамасыз ету болмаған кезде агроөнеркəсіптік кешенді дамытудың жəне ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің мынадай басым бағыттарында сақтандыру сыйлықақысы немесе кепілдік жөніндегі комиссия құнының 50 %-ы өтеледі: Қарыздарды кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау 2014 ж. бастап жүзеге асырылады. 2014-2016 жж. аралығындағы кезеңде республикалық бюджет туралы Заңды іске асыру туралы Үкіметтің қаулыларымен өңірлерге ағымдағы нысаналы трансферттер 2014 ж. — 185 763 мың тг, 2015 ж. — 649 715 мың тг жəне 2016 ж. — 418 782 мың тг бөлінді, 2018 ж. 16 134 млрд тг бөлініп, толығымен игерілді.

Мемлекеттік қолдауды іске асыру кезеңінде субсидия алушылар тек 3 облыстың (Ақмола, Қостанай жəне Солтүстік Қазақстан облыстары) АӨК субъектілері болды. Бұл ретте көрсетілген салаларда қысқамерзімді несиелендірудің оң динамикасы байқалмайды. Мəселен, 2012-2016 жж. аралығында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша берілген кредиттер көлемі ұлғайған жоқ жəне орта есеппен 3,9 млрд тг құрады. Осыған ұқсас динамика Ақмола (10,4 млрд тг) жəне Қостанай облыстарында (8,5 млрд тг) қалыптасты.

Лизинг алу кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау мақсаты: кредиттік лизингтік шарттар бойынша пайыздық мөлшерлемені арзандату 2017 ж. АӨК мемлекеттік бағдарламасы айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды сақтай отырып, АӨК субъектілерінің инвестициялық шығындарын субсидиялауға кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудан өту жоспарлануда [5].

АӨК субъектілерінің кредиттері, ауыл шаруашылығы техникасы мен жануарларының, технологиялық жабдықтардың лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға 20142016 жж. кезеңінде комиссия мақұлдаған қарыз шарттары жатады.

Айналым капиталын толықтыруға жəне ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуға кредит беруді қолдау 2003 ж. бастап жүзеге асырылады.

Бюджет қаражатының едəуíр көлемін бөлу (5,0 млрд тг астам) 2014 жылдан басталғанына байланысты, 2014-2016 жж. аралығында қолжеткізілген нəтижелер қаралды. 2018 жылдан бастап субсидия тек айналым қаражатын толықтыруға беріледі. Субсидия инвестициялық субсидиямен (ынталандыру жоспарында) қиылысатынын, ал мемлекеттік қолдау шараларын (кредиттер жəне технологиялық жабдықтар лизингі бойынша, ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, сондай- ақ инвестициялық субсидиялар бере отырып, ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерін субсидиялау) қоса атқару заңмен қарастырылғанын ескере отырып, субсидиялардың тиімділігін бағалау процесі жəне олардың салаға əсерí күрделене түсуде. Айналым қаражатын толықтыру қысқамерзімді несиелендіруді ынталандыруды білдіреді жəне өндіріс көлемін ұлғайтуға жəне кеңейтуге ықпал етпейді.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» 2008 жылғы 4 желтоқсан № 95-IV (15.01. 2019 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртİбİ: http://adilet.zan.kz
  2. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 48 бұйрығымен бекітілген агроөнеркəсiптiк кешен субъектісі инвестициялық салымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртİбİ: http://adilet.zan.kz
  3. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 205 бұйрығымен бекітілген Агроөнеркəсiптiк кешен субъектілерін қаржыдық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік жəне лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидалары ∣ Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртİбİ: http://adilet.zan.kz
  4. Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығымен бекітілген Агроөнеркəсiптiк кешен субъектілерінің қарыздарын кепíлдендįру жəне сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидалары [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртİбİ: http://adilet.zan.kz
  5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 50 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, сондай- ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртİбİ: http://adilet.zan.kz

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.