Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының ағымдағы жағдайы жəне оны реттеуде туындайтын мәселелерді талдау

Макалада еліміздегі енбек нарығынын ағымдык жағдайын бағалау көзделген, осыған байланысты макроэкономикалык көрсеткіштерге талдау жасау Қазакстан Республикасынын экономикасынын тәуелсіздік жылдарда, яғни 1991 жылдан бастап біркалыпсыз дамыіандығыіі. ал 2000 жылдан бастап экономикалык өсудің оң динамикасы өскендігін көрсетті. Жалпы еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін енбек нарығы көптеген өзгерістерге үшырады. Халыктын экономикалык белсенділік денгейі көтерілді, жалпы экономикада жүмысбастылар саны өсті, жүмыссыздык деңгейі (әсіресе жастар арасында) төмендеді, жүмысбастылык күрылымында өз бетінше жүмыспен камтылғандардын үлесі төмендеді, елде накты енбекакы өсімі байкалады, экономика салалары бойынша, секторлары (мемлекеттік жəне жеке сектор, ресми жəне бейресми сектор) бойынша жүмысбастылык күрылымында өзгерістер болды. Жүмысбастылыкты камтамасыз етуде біртіндеп кіші жəне орта кәсіпкерліктің, кызмет секторьшың рөлі нығаюда. Сонымен катар авторлар Қазакстан Республикасында енбек нарығынын жалпы жағдайын сипаттау максатында енбек нарығынын жəне онын салыстырмалы көрсеткіштеріне талдау жасап, экономикалык белсенділік денгейі аныктаған. Осы талдаулар еңбек нарығында туындайтын мәселелерді аныктап. еңбек нарығының казіргі жағдайын сипаттайтын факторларды келтіруге мүмкіндік берді. Зерттеу барысында Қазакстаннын әртүрлі аймактарында еңбек ресурстарьшың үдайы өсуінің демографиялык ерекшеліктеріне байланысты ерекше түрлері бар екендігі аныкталды.

Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылында еңбектің ұлттык нарығы көптеген өзгерістерге үшырағанын байкаймыз, яғни халыктын экономикалык белсенділік денгейі көтерілді, жалпы экономикада жұмысбастылар саны өсті, жұмыссыздык деңгейі (әсіресе жастар арасында) төмендеді, жүмысбастылык күрылымында өз бетінше жүмыспен камтылғандардын үлесі төмендеді, елде накты енбекакы өсімі байкалады, экономика салалары бойынша, секторлары (мемлекеттік жəне жеке ресми жəне бейресми секторлар) бойынша жүмысбастылык күрылымында өзгерістер байкалды. Жүмысбастылыкты камтамасыз етуде біртіндеп кіші жəне орта кәсіпкерліктің, кызмет секторының рөлі нығая түсті.

Елімізде 90-жж. басында жүмыс орындары күрт төмендеп, жүмыссыздык денгейі жоғары болды. Халыктын сырткы эмиграциясы өсіп, жүмыс күшінін сапалык сипаттамасы төмендеді: экономикалык белсенді емес халыктын үлесі, өз бетінше жүмыспен камтылғандардын үлесі өсті.

2000 жж. басында шикізаттарға әлемдік бағаның көтерілуі нәтижесінде Қазакстанда халыктың экономикалык белсенділігі мен жұмысбастылығы артты. Өнеркәсіп пен күрылыста жұмысбастылар саны өсті. Ауыл түрғындарынын табыстары денгейінін төмендігінен жəне ауылды жерлерде өмір сапасынын нашарлауынан калаға көшіп-кону есебінен ауылшаруашылығында жүмысбастылар саны кыскарды. Қызметтер өндірісі жана жүмыс орындары күрылатын жəне жүмысбастылык өсетін негізгі сала болатын жəне болып калады.

Қазіргі уакытта Қазакстанда жүмыссыздык денгейі төмен жəне бүл көрсеткіш экономикалык өсу каркындарынын циклдік күбылуына нашар əсер етеді. Бүл бір бөлігі экономиканын бейресми секторында жүмыс істейтін өз бетінше жүмыспен камтылғандардын тобы түрінде «амортизатордын» болуымен байланысты. Олардын бір бөлігі өнімсіз жүмысбастылыкпен камтылған: жанүянын негізгі кажеттіліктерін камтамасыз етуге əрен жететін төмен табыстар, маусымдык жүмыстар, түраксыз енбек акы. Алайда өз бетінше жүмыспен камтылған халыктын үлесі біртіндеп төмендеуде, бірак аймактык шекте олардын үлесі жоғары аймактар (Солтүстік жəне Онтүстік Қазакстан аймактары) бар. Сондыктан Қазакстанда жүмысбастылыкты колдау саясатында өнімсіз жүмысбастылардын үлесін төмендетуге көніл аудару керек.

Соңғы жылдарда жастар жұмыссыздығы мен əйелдер арасында жұмыссыздық деңгейі төмендеді, алайда еңбек нарығында жастық жəне гендерлік кемсітушілік мәселелері әлі күнге сақталып келеді. Жастар жұмысбастылығын ынталандыру үшін, мемлекеттік қолдау шаралары (еңбек ақыны субсидиялаумен жастар тәжірибесі, ақысыз негізгі кәсіби білім алуға қолдау жасау, тағылымдамадан өтуге көмектесу) қарастырылған.

Мүгедектерді жұмысбастылықпен қамтамасыз ету мәселелері де қазіргі таңда күрделі болып тұр. Қазақстанда жұмысбастылықты қолдау саясатында мүгедектерге жұмыс орындарын құруда жұмыс берушілерді ынталандыру бойынша шаралар (еңбек ақыны субсидиялау, салықтық жеңілдіктер) қарастырылуда.

Соңғы жылдарда экономикалық даму жəне оның жұмысбастылыққа әсерін талдайтын болсақ, тәуелсіздік жылдарда 1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасының экономикасы бірқалыпсыз дамыды. 1991–1999 жж. атаулы ЖІӨ үштен бір бөлігіне (1/3), яғни 24,9-дан 16,9 млрд АҚШ долл. дейін төмендеді. 2000 жылдан бастап экономикалық өсудің оң динамикасы байқалады – атаулы ЖІӨ 1999–2013 жж. 14 есе, яғни 243,млрд АҚШ долл. дейін өсті (2009 жылды қоспағанда, бұл жылы атаулы ЖІӨ 13 %-ға төмендеген). 2014 жəне 2015 жж. атаулы шамада ағымдағы ЖІӨ сәйкесінше 227,4 жəне 184,4 млрд АҚШ долл. дейін төмендеді (1-сур.).

1991-1995 жж. Қазақстанның нақты ЖІӨ мәнді қарқындармен төмендеді (жылына 5-13 %), 1996 жылдан бастап экономикалық өсу оң қарқында болды, бірақ 1998 ж. нақты ЖІӨ 2 %-ға дейін төмендегені байқалады. 1999 жылдан бастап Қазақстан экономикасы 13 %-ға дейін жылдам өсіп, 2001 ж. бұл қарқын 9,8 %-ға дейін төмендеген жəне 2006 жылға дейін жылына шамамен 10 % деңгейінде қалды. 2007 жылдан бастап өсудің нақты қарқыны 1,2 %-ға дейін төмендеп, 2008 жылдың екінші жартысынан бастап әлемдік қаржылық дағдарыс салдарының әсерінен 2009 ж. төмендеген. 2010-2011 жж. 7,2 % қарқынмен ЖІӨ-нің жандануы мен өсуі байқалады. Өсудің бәсеңдеуі 2012 ж. басталды, 2013 ж. шамалы жандануынан кейін, 2014 жəне 2015 жж. нақты ЖІӨ сәйкесінше 4,1 % жəне 1,2 %-ға төмендеді. 2015 жнақты ЖІӨ-нің өсу қарқынының төмендеуіне ЖІӨ құрылымында үлесі ¼ бөлігін құрайтын өнеркəсіп секторы негізгі үлесін қосып отырНақты ЖІӨ өсуінің динамикасы сыртқы шикізат нарықтарының жағдаятына (мұнай, металдарға əлемдíк бағаларына) қатты байланысты.

Қазақстанның ЖІӨ құрылымында1991-2015 жж. келесідей өзгерістер орын алды: тауарлар өндірісінің үлесі 66 %-дан 36 %-ға дейін біртіндеп төмендеген, ал қызметтер секторының үлесі 37 %- дан 59 %-ға дейін өскен [2].

ЖІӨ құрылымында өнім мен импортқа таза салықтар құбылмалы: олардың үлесі 1991 ж. 4,5 %- дан 2002 ж. 7 %-ға дейін өсіп, содан кейін 2004 жылға қарай төмендеген, 2007 ж.

дейін қайта өскен. Таза салықтар үлесі əрí қарай 2009 жəне 2010 жж. күрт төмендеп, 2011 ж. 9 %-ға қайта өскен. Салықтар үлесінің бұл өсімі есеп здістемесінің өзгерістерімен байланысты

 

болды: 2011 жылдан бастап салықтар есебімен байланысты айқындаулар енгізілді. 2015 жылға қарай таза салықтар үлесі 5 %-ға дейін төмендеді.

1991-2015 жж. өндіріс әдісі бойынша ЖІӨ құрылымында келесідей құрылымдық өзгерістер болды: ауыл шаруашылығының саласының ЖІӨ-дегі үлесі 30 %-дан 5 %-ға дейін төмендеді. 1995 жылы құрылыстың ЖІӨ-дегі үлесі 10 %-ға дейін өскен, әрі қарай 1996-2000 жылдары 4-5 %-ға дейін төмендеу байқалады, 2006–2007 жж. құрылыстың қарқынды өсуі оның ЖІӨ-дегі үлесін 9–10 %- ға өсуіне әкелді, 2008-2010 жж. оның үлесі — 8 %-ға, 2011-2015 жж. 6 %-ға төмендеді. Қазақстан өнеркәсібінің ЖІӨ-де үлесі 2000-2001 жж. жəне 2010-2011 жж. 30-31 %-ға дейін өскен, ал 2015 жылға қарай бұл үлес тұрақты түрде 25 %-ға дейін төмендеген. Қызметтер саласының үлесі, жоғары атап өткендей, қарастырылып отырған 1991-2015 жж. 37 %-дан 59 %-ға дейін мәнді өскен.

Шығындар бойынша ЖІӨ құрылымы 1991-2015 жж. келесідей өзгерістер орын алды: үй шаруашылықтарының соңғы тұтыну үлесі 65,5 %-дан 50,8 %-ға дейін, ал соңғы тұтынуға мемлекеттік шығындар 14,5 %-дан 11,8 %-ға дейін төмендеді [3].

1991-1996 жж. жалпы жинақ 27 %-дан 17 %-ға дейін төмендеп, 2000 жылға дейін төменгі деңгейде сақталған, 2001 ж. 24 %-ға дейін өсіп, 2007 жылға қарай оның үлесі қарастырылып отырған кезеңдегі ең үлкен шама — 30 %-ға дейін өскен, содан кейін 2011 ж. 21,5 %-ға дейін төмендеп, 2015 жылға қарай 23 %-ға дейін болмашы ғана өсті. Шығындар бойынша ЖІӨ құрылымында тауарлар мен қызметтер экспортының көрсеткіші аса маңызды: 1991-1998 жж. тұрақты теріс сыртқы саудалық қалдық болды, 1999-2000 жж. ЖІӨ-нен 7,5 % оң қалдыққа қолжеткізілді. 2011 ж. сыртқы саудалық қалдық қайта теріс болды, бірақ кейін таза экспорт оң мəнге ие болып, 2006 жылға дейін ЖІӨ-нен 10 %-ға дейін өсе бастады. 2007 ж. таза экспорт үлесі ЖІӨ-нен 6,5 %-ға дейін төмендеген, 2008 ж. 20 %-ға дейін күрт өскен, 2009 ж. ЖІӨ-нен 8 %-ға дейін қайтадан төмендеп, 2011 жылға қарай бұл көрсеткіштің өсімі ЖІӨ-нен қайтадан 20 %-ға дейін жеткен, 2015 жылға қарай таза экспорт үлесі 4 %-ға дейін түсіп кетті.

Тәуелсіздіктің екінші ондығы ағымында экономикалық өсудің себепшілері (драйверлері) болып үй шаруашылықтарының шығындары, сонымен қатар тауарлар мен қызметтердің өсіп отырған таза экспорты болды. Үй шаруашылықтарының шығындары тұтыну несиелерінің өсуіне, жоғарыда атап өткендей, сонымен қатар халықтың жалпы әл-ауқатының жəне нақты ақшалай табыстарының өсуіне байланысты көбейді [4].

2015 жылға алдын ала ақпараттар бойынша экономиканың өсу себептері (драйверлері) мемлекеттік басқару органдарының шығындары мен жалпы жинақ болғанын атап кеткен жөн. Бұған кең көлемдегі мемлекеттік инвестицияны қарастыратын инфрақұрылымдық жобалар мен дағдарысқа қарсы жоспарлардың жүргізілуі септігін тигізді.

1991-1995 жж. бағалар деңгейінің өзгерісі үш жəне төрт мәнді сандармен берілді, яғни республиканың тәуелсіздікке қолжеткізгеннен кейінгі өтпелі кезеңде жəне 1993 ж. қараша айында ұлттық валюта - теңгенің енгізілуінен кейін Қазақстандағы гиперинфляция туралы айтуға болады. Сонымен, 1991 ж. ЖІӨ дефляторы жылына 96,4 % құрады, 1992-1995 жж. ЖІӨ құндық құраушы жылына 12-15 есе өскен. 1994 ж. тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) 1877 %- құрады, яғни баға жылына 19 есе өскен. 1995 ж. гиперинфляцияның қарқынын — 176,2 %-ға дейін, ал 1996 ж. 39 %-ға түсіре алды. Содан кейін Қазақстанда инфляция сондай үлкен шамаға жеткен жоқ. 1996-1998 жж. тұтыну бағаларының деңгейі мен ЖІӨ дефляторы сəйкесíнше 7 жəне 5,7 %-ға төмендеді. Соңғы жылдары инфляцияның көтерілуі 2008 жəне 2011 жж. байқалды.

1991-2015 жж. ұлттық валюта — теңгенің АҚШ долларына айырбас бағамы 1$-ға 35,5 теңгеден 221,7 теңгеге дейін өсті, девальвацияның үш толқыны болды — 1999, 2009, 2014 жж., 2015 жылдың тамыз айында Қазақстан тұрақты бағамнан құбылмалы бағамға көшті, теңге бағамы күрт төмендеді. Теңге девальвациясының негізгі себептері негізгі экспортталатын тауарларға - шикі мұнай, газ, металдарға əлемдíк бағалардың түсуі болды (2-сур.).

Қазақстанда девальвация инфляция (ішкі валютада импорт тауарларының қымбаттауы) есебінен халықтың нақты табыстарының өсу қарқынын төмендетті жəне тұтыну сұранымына жағымсыз əсер етті.

Қазақстан Республикасында еңбек нарығын жалпы алғанда келесідей сипаттауға болады: қазіргі уақытта жұмыс берушілер мен жалданбалы жұмыскерлер арасында алеуметтік-экономикалық қатынастарды құқықтық қамтамасыз ету тұрақты əрекет етуде жəне еңбектік қатынастар саласын реттейтін мемлекеттік жəне мемлекеттік емес институттар құрылған жəне жұмыс істейді, халықтың жұмысбастылығының дастүрлі нысандары жəне де бейстандартты жұмысбастылық та дамуда [5].

Өтпелі кезеңдегі Қазақстанның экономикасы үшін өндірістің үздіксіз құлдырауы тəн болды. Өндіріс көлемі 90-жж. бірінші жартысында республиканың барлық аймақтарында төмендетілді, бұл бірнеше себептерге байланысты болды: кеңес уақытында тұрып қалған шаруашылық байланыстарды өзгерту, ақша айналымындағы дағдарыстар жəне жоғары инфляция, негізгі капиталдың моральды жəне физикалық тұрғыдан тозуы. Осы жағдайда 1990 жж. жұмысбастылар саны əрдайым 1999 жылға дейін азайып отырды (3-сур.). Қиын бюджеттік тапшылық жағдайында жұмыссыздықты қысқартуға арналған Үкіметтің əрекеттерí шектеулі болды.

2000-жж. бастап экономиканың жандануына қарай жұмысбастылықтың қысқару беталысы тоқтап, жұмысбастылар саны біртіндеп өсе бастады.

2000–2014 жж. кезеңінде ҚР экономикалық белсенді халық саны 26,4 %-ға 7107,4-тен 8981,9 мың адамға өсті. Осы кезеңге жұмысбасты халық 37,2 %-ға 6201-ден 8510 мың адамға өскен. Жұмыссыз халық 2000 ж. 906,4-тен 2014 ж. 451,9 мың адамға дейін 2 есе азайған (4-сур.).

Экономикалық белсенділік деңгейі, жұмысбастылық деңгейі 2000–2014 жж. кезеңінде оң динамиканы көрсетті. Халықтың экономикалық белсенділік деңгейі 2000 ж. 66 %-дан 2013 ж. 71,7 %- ға дейін өскен жəне 2014 ж. 70,7 %-ға дейін шамалы төмендеді. Жұмысбастылық деңгейі 2014 ж. 87,2 %-дан 95 %-ға дейін өсті (5-сур.).

Қазақстанның еңбек нарығында талданып отырған кезеңде жұмыссыздар саны ғана емес, сонымен бірге жалпы жұмыссыздық деңгейі де (12,8 %-дан 5 %-ға дейін) жəне жастар жұмыссыздығының деңгейі (16,6 %-дан 4,2 %-ға дейін), ұзақмерзімді жұмыссыздық деңгейі де (7,6 %-дан 2,4 %-ға дейін) төмендеді.

2000–2014 жж. қалалық жерлерде экономикалық белсенділік деңгейі (66–70 %) ауылға (72–75 %) қарағанда, төмен болды.

Қазақстан еңбек нарығында жағымды өзгерістермен бірге ерекше мəселелер де болып отыр, атап айтсақ:

  • бейресми жұмысбастылықтың мәнді үлесі;
  • өнімсіз жұмысбастылықтың болуы, әсіресе ауылды жерлерде;
  • табыстардың теңсіздігін тудыратын саланың ішінде жəне салалар арасындағы еңбекақының дифференциациясы;
  • жұмысбастылықты қолдау бойынша жүргізілетін шаралар тиімділігінің төмендігі;

  • еңбек нарығында гендерлік теңсіздік белгілерінің болуы;
  • жастар үшін жұмыс орындары сапасының төмендігі;
  • кәсіби білім беру жүйесінде алынатын білімдер мен қабілеттерінің жұмыс берушінің талаптарына сәйкессіздігі.

Қазақстан еңбек нарығының басты мәселесі — халықтың өз бетінше жұмыспен қамтамасыз ету деңгейінің жоғары болуы (2014 ж. 28,2 %), жұмыскерлер еңбектік шарттармен де, әлеуметтік кепілдермен де қорғалмайтын бейресми жұмыссыздықтың болуы [6].

Зерттеу барысында жалпы Қазақстанда еңбек нарығындағы қазіргі жағдай келесідей факторлармен сипатталатындығын көрсетті:

  • Қазақстанның еңбек нарығы теңдестірілмеген: жұмыссыздық кезінде орны толмаған вакансиялар сақталады. Жұмыс күшінің, бірінші кезекте, білікті жұмыскерлер тапшылығы еңбек ресурстар сапасының төмендігінен жəне өндіріс пен оқытудың (жұмыссыз халықтың үштен бір бөлігінің кәсіби білім жоқ, тек жалпы орта) нақты байланысының жоқтығынан болып отыр.
  • Екіншіден, тиімсіз жұмысбастылық сақталып отыр. Жалданбалы жұмыскерлердің шамамен үштен бір бөлігі экономиканың еңбек сиымды салаларында жұмыс істейді, өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың шамамен үштен бір бөлігі өнімсіз жұмысбасты болып отыр, олардың көп бөлігі жеке қоныстарында жұмыс істейді жəне табыстар көздері — төмен, тұрақсыз, сонымен бірге мемлекетпен жəне әртүрлі институттармен берілетін қызметтермен, кепілдемелермен жеткілікті мөлшерде қамтылмаған.
  • Қазақстан нарығында бейресми жұмысбастылық бар, онда жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау жоқтың қасы, сонымен қатар халықтың өз бетінше қамтылғандардың шегінде де.
  • Деңгейінің біраз төмендеуіне қарамастан, жұмыссыздық сақталуда жəне əйелдер жұмыссыздығының салыстырмалы жоғары деңгейі мен жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламаларымен қамсыздандырудың төмендігі, сонымен қатар жұмысбастылықты қолдаудың мемлекеттік органдарына жұмыс іздеп баратын жұмыссыздар үлесінің аздығын атап кеткен жөн.
  • Еңбек ақының салыстырмалы төмен деңгейіне байланысты қосымша жұмысбастылық бар: негізгі жұмыс орны бойынша (ішкі қосымша жұмыс істеу), қосымша жұмыс орны бойынша (сыртта қосымша жұмыс істеу, желілік маркетинг, бірреттік жұмыстар).
  • Салалар, аймақтар бойынша, салалар, мемлекеттік жəне жеке сектор шегінде мамандықтар бойынша еңбек ақының жоғары дифференциациясы байқалады, бұған қоса кейбір салаларда біліксіз жəне төменгі білікті жұмысшылар, басқа салалардағы жоғары білікті мамандарға қарағанда, жоғары еңбек ақы алуы мүмкін.

Талдау барысында Қазақстанның әртүрлі аймақтарында еңбек ресурстарының ұдайы өсуінінің демографиялық ерекшеліктеріне байланысты ерекше түрлері бар екендігі анықталды. Олар:

  1. Қазақстанның солтүстігінде – туудың төменгі көрсеткіштеріне жəне өлімнің салыстырмалы жоғары көрсеткіштеріне байланысты халықтың табиғи өсімі теріс шама жəне ұрпақтың орнын басу көрсеткіштері – төмен, ішкі жəне сыртқы миграция бойынша теріс миграциялық қалдық жұмыс күшін ұсынудың төмендеуіне жəне еңбек нарығында мүмкін тапшылығына əкеледí.
  2. Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында – туудың жоғары көрсеткішіне жəне өлімнің салыстырмалы төмен көрсеткіштеріне байланысты халықтың табиғи өсімі оң сипатта, бұл жұмыс күшін, əсíресе жастарды ұсынудың өсуіне əкеледí, жұмысбастылықтың өсуінің төменгі қарқындарында еңбек нарығында жұмыс күшінің тым артықшылығына жəне салдарынан бұл аймақтардан жұмыс іздеуге кетуіне əкеледí.
  3. Астана қаласында – жұмыс күшінің негізгі өсімшесін миграциялық ағымның есебінен қамтамасыз етіліп отыр, бірақ болашақта халықтың, балалар мен жастар үлесі өте жоғары, жастық құрылымы еңбек нарығында жұмыс күшін еңбектік иммигранттардың есебінен емес, халықтың табиғи өсімшесінің есебінен орнын толтыру қарқынын анықтайды.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасы Үлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мəлíметтерǐ [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртíбǐ: http://www.stat.gov.kz.
  2. Рынок труда Казахстана–2013: итоговый обзор [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://blog.sadu- kz.com/rubriki/and-its-interesting-and-useful/rynok-truda-kazaxstana-2013-itogovyj-obzor/.
  3. Погода на рынке труда [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://blog.sadu-kz.com/rubriki/and-its-interesting- and-useful/pogoda-na-rynke-truda/.
  4. Дүйсенова Т. Халықтың әл-ауқатын арттыру — мемлекеттің негізгі міндеті / Т. Дүйсенова // Егемен Қазақстан. — 2013. — 23 тамыз. — № 196. — 5, 6-б.
  5. Сманқұлова Ж.Е Еңбек нарығы жағдайында кәсіби оқу орындары - экономикалық жүйенің құрамдас бөлімі / Ж.Е. Сманқұлова // Ізденіс. — 2013. — № 1(2). — 145–147-б.
  6. Бердекова Р.М. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының дамуы мен қалыптасу мәселелері / Р.М. Бердекова // ҚазҰУ хабаршысы. — 2011. — № 1. — 68–74-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.