Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оңтүстік Шығыс Қазақстан аймағындағы Agrimonia asiatica Juz. дәрілік өсімдігінің биологиялық ерекшеліктері

Мақалада Оңтүстік Шығыс Қазақстанда өсетін раушангүлділер тұқымдасы, Agrimonia L. туысына жататын Agrimonia asiatica Juz. өсімдігінің вегетативтік мүшелерінің морфологиялық жəне анатомиялық қүрылысының зерттеу нәтижелері келтірілген. Азия ошағаны көпжылдық, тамырсабақты, биіктігі 30–117 см болып келеді. Жапырақтары сопақша-жүмыртқа пішінді, шеттері ірі тісті, үзындығы 3–30 см, ені 2,5–12 см. Жапырақ тақтасында бір өткізгіш шоқ жəне төменгі эпидермисте жай трихомалар орналасқан. Тік сабағы мен жапырақ сағақтары қалың қабықты, үзын, қатты, түсіп қалатын түктермен жабылған. Гүлдері күңгірт сары түсті, эллипс тəрíздí, жеміс берген кезде гүлшоғырының үзындығы 40 см-ге жетеді. Жемістерінің үзындығы 9 мм шамасында. Өсімдік сабағы мен тамыры жақсы дамыған ксилема элементтерімен ерекшеленеді. Бүл өсімдіктің химиялық қүрамындағы илік заттар, флавоноидтар, тритерпеноидтар, жоғарғы майлы қышқылдар, фенол қышқылдары мен полисахаридтердің халықплқ жəне дәстүрлі медицинада əр түрлі ауруларды емдеуде қолданылуы жайлы жүргізілген көптеген ғылыми зерттеулерге шолу жасалған. Компьютерге қосылған арнайы Microvisible бағдарламасы бар MCX100 Micros микроскопы көмегімен өсімдіктің вегетативтік мүшелерінің көлденең кесінділері микросуреттерге түсірілді. Сонымен қатар өсімдік жапырағы, сабағы жəне тамырының анатомиялық қүрылысына морфометрикалық өлшеулер жүргізіліп, олардың орташа көрсеткіштері келтірілген.

Қазақстанның дəрíлíк өсімдіктері фитохимиялық құрамына байланысты фармакологияда маңызы өте зор. Дəрíлíк өсімдіктердің жабайы өсетін түрлері ғылыми зерттеулерді қажет ететін, əлемдíк нарықта жоғары сұранысқа ие бəсекеге қабілетті өнім болып табылады [1]. Қазіргі уақытта Қазақстан территориясында қолданылатын дəрíлíк өсімдіктер əлí де толық зерттелмегендіктен, дəрíлíк өсімдіктер шикізатын іздеу — өзекті мəселелердщ бірі [2].

Дəрíлíк өсімдіктерден жасалынған препараттардың химиялық құрамы адамға улы əсерíнщ аздығымен жəне көп мөлшерде пайдалануға болатын қасиетімен ерекшеленеді. Медицина саласының жетістіктері көбінесе дəрíлíк өсімдіктерге байланысты. Өнеркəсіптің дəрíлíк шикізаттарға сүранысының артуына байланысты олардың республика көлемінде өсетін жерлерін зерттеу жəне қорларын анықтау аса маңызды міндет болып табылады [3].

Денсаулық сақтауда медицинадағы көп ғасырлық қолдану тəжíрибесí фитопрепараттарға деген қызығушылығымен сипатталады. Соңғы жылдары өсімдіктерден жасалған емдік препараттарға сұраныс артуда. Дəрíлíк өсімдіктер тағамдық қоспалар, шөптен жасалған дəрí-дəрмектер жəне фармацевтикалық препараттардың негізгі көзі болып саналады.

Дəрíлíк өсімдіктерді зерттеп, емдік қасиетін анықтап, таныстыру ісінде республикада бірқатар жүмыстар атқарылуда. Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін тереңірек білу үшін олардың жеке даму циклдарындағы морфологиялық жəне анатомиялық қүрылысының ерекшеліктерін білу ол өсімдіктерден алынатын шипа затты фармакологияда пайдалануға сапасын арттыруға, экологиялық сипатын, систематикалық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді [4].

Дəрíлíк өсімдіктер қолдану кезінде фармакологиялық сараптаудан өткізілуі керек. Қазіргі кезде медицина саласындағы ғалымдар дəрíлíк өсімдіктерге барынша ден қойып, əрбíрíнщ ағзаға қаншалықты пайдалы екенін кеңінен дəлелдеуде. Бүл жөнінде айтарлықтай табысқа жетуде. Сондықтан қазіргі таңда фитотерапияға деген сүраныс артуда.

Қазіргі кезде Қазақстанда ресми түрде 230 дəрíлíк өсімдіктер танылып отыр, оның жабайы өсетін 124 түрі жəне 50 қолдан өсірілетін фармакопеялық түрлері бар. 54 жабайы өсетін дəрíлíк өсімдіктердің шикізат қорлары жайлы деректер бар. Дəрíлíк өсімдіктердің 20-ға жуық түрі сирек кездесетін жəне жоғалып бара жатқан емдік түрлеріне жатады.

A.asiatica Juz. Қазақстанда шөл жəне биік таулы аймақтан басқа жерлерде кездеседі жəне индустриялық даму үшін жеткілікті қоры бар, демек, бүл химиялық зерттеулер жəне медицинадапрактикалық пайдалану үшін қажетті шикізат болып табылады. Медицинада барлық мүшелері пайдаланылады. Жер асты мүшелеріне тритерпеноидтар, хош иісті карбон қышқылдары, илік заттар, катехиндер жатады. Жер үсті мүшелерінде илік заттар, флавоноидтар, тритерпеноидтар, жоғарғы майлы қышқылдар бар. Бұл өсімдік халықтық жəне дәстүрлі медицинада түрлі ауруларды емдеуде қолданылады.

Орта Азияда асқазан ауруларына, бауыр, соз, буын ауруларына, көтеуге ем ретінде пайдаланады. Қайнатпасы, тұндырмасы қызыл иектің, көмейдің қабынуына, қанжел ауруын емдеуге, ауыз уылуын, бактерияға қарсы жəне қанның ағуын тоқтату үшін пайдаланады. Жер үсті мүшелерін де тері илеп, маталарды көк, сары түске бояйды, бал беретін өсімдік. Бұл өсімдікті әрі қарай зерттеп, мəдени түрде өсіруге, медицинада кеңінен пайдалануға болады [5].

A.asiatica Juz. құрамынан микробқа жəне қабынуға қарсы әсері бар илік заттар, сондай-ақ белгілі мөлшерде тағамдық антиоксиданттар болып табылатын флавоноидтар анықталды. Тұтқыр қасиеті бар ойық жаралардың тез жазылуына ықпал ететін, өт, зəр айдайтын жəне капиллярлардың жұмысын нығайтатын қасиеті бар фенол қышқылдары бар екендігі расталды. Өсімдіктегі полисахаридтер иммунитетті көтеруге әсерін тигізеді. Өсімдік қайнатпасы мен тұнбасы пародонтит жəне гингивит, ларингит жəне стоматитте тиімді [6].

Қазақстан флорасының биологиялық әртүрлілігін толықтыруда, қалпына келтіруде, қорғауда жəне тиімді пайдалануда дәрілік өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері тереңірек зерттеулерді қажет етеді.

Зерттеу материалы мен әДістері

Зерттеу объектілері ретінде раушангүлділер тұқымдасы ошаған (Agrimonia L.) туысына жататын: Азия ошағаны — A.asiatica Juz. теңіз деңгейінен 1200 м биіктікте орналасқан Талғар тауларының етегінен алынды.

Страсбургер-Флемминг бойынша, өсімдік үлгілеріне фиксация жасалынды. Анатомиялық құрылысын зерттеуге жалпы қабылданған құрылымдық талдаулар әдістері бойынша уақытша препараттар даярланып, М.Н. Прозина әдістемесі арқылы жүргізілді [7].

Өсімдіктің жер беті жəне жер асты мүшелерінің анатомиялық кесінділері МЗП-01 «Техном» (Екатеринбург) электрондық микротом арқылы жасалды.

Зерттеулерде бинокулярлы биологиялық MCX100 Micros микроскопы (Австрия) пайдаланды. Компьютерге қосылған арнайы Microvisible бағдарламасы арқылы A.asiatica Juz. дәрілік өсімдігінің жапырағы, сабағы жəне тамырының көлденең кесінділері микросуреттерге түсіріліп, морфометри- калық өлшеулер жүргізілді [8].

Морфометрикалық көрсеткіштердің статистикалық өңдеуі Г.Ф. Лакин әдістемесі бойынша жүргізілді [9].

Зерттеу нəтижелерí мен талқылау

A.asiatica Zus. — азия ошағаны, көпжылдық, тамырсабақты, биік болып өсетін өсімдік (30– 117 см). Жапырақтары жай, ұзындығы 3–30 см, ені 2,5–12 см. Тостағанша жапырақшалары жұмыртқа тәрізді, үшкір. Тік болып өскен сабағы мен жапырақ сағақтары қалың қабықты, ұзын, қатты, түсіп қалатын түктермен жабылған. Күңгірт сары гүл желектері эллипс тәрізді, гүлшоғыры ұзын, жеміс берген кезде оның ұзындығы 40 см-ге жетеді. Маусым-шілдеде гүлдеп, тамыз айында жеміс береді. Жемістері иілген, ұзындығы 9 мм. Қазақстанда тау шатқалдарында, өзендердің аңғарлары мен арық жағалауларында, бақтарда, жол бойларында өседі.

A.asiatica Juz. өсімдігінің морфометрикалық көрсеткіштері 1-кестеде берілгендей: жапырағының өткізгіш шоқтары ұзындығы 421,41±1,41 мкм, ені 485,39±1,09 мкм, бағаналы мезофил қалыңдығы 61,03±1,07 мкм, борпылдақ мезофил қалыңдығы 52,25±1,15 мкм, жоғарғы эпидермис 44,51±0,95 мкм, төменгі эпидермис 41,81±1,11 мкм, жапырақ тақтасының қалыңдығы 838,67±1,37 мкм болды.

1-кесте

A.asiatica Juz. өсімдігінің жапырағының анатомиялық көрсеткіштері

Өсімдік түрі

Өткізгіш шоқтары,

мкм

Мезофил қалыңдығы,

мкм

Эпидермис қалыңдығы,

мкм

Жапырақ тақ- тасының қа- лыңдығы, мкм

⅜зындыгы

ені

бағаналы

борпылдақ

жоғарғы

төменгі

A. asiatica Juz.

421,41±1,41'

485,39±1,09

61,03±1,07

52,25±1,15

44,51±0,95 ¯

41,81±1,11 ¯

838,67±1,37~

A.asiatica Juz. өсімдігінің жапырақ эпидермисінің анатомиялық құрылымы дорзовентралды типті, жоғарғы жəне төменгі эпидермистің клеткалары дөңгелек пішінді. Жапырақтың төменгі жəне жоғарғы эпидермистері анық көрінеді, төменгі эпидермисте жиі орналасқан түктер жəне безді құрылымдар кездеседі. Өткізгіш шоқ жақсы жетілген, флоэма қалыңдығы, ксилемаға қарағанда, кіші болып келген. Паренхима клеткалары көпқырлы, түссіз, біркелкі клеткалардан дамыған (1-сур.).

A.asiatica Juz. өсімдігі сабағының морфометрикалық көрсеткіштері 2-кестеде берілген. Сабағының өткізгіш шоғының ұзындығы 968,03±1,77 мкм, ені 667,85±1,21 мкм, флоэма көлемі 136,09±0,93 мкм, ксилема көлемі 371,91±1,45 мкм, эпидермис қалыңдығы 55,71±0,13 мкм, склеренхима 449,85±1,53 мкм жəне қабық қалыңдығы 345,79±0,73 мкм шамасын көрсетті.

A.asiatica Juz. өсімдігі сабағының анатомиялық көрсеткіштері

2-кесте

Өсімдік түрі

Өткізгіш шоқ, мкм

Ксилема,

мкм

Флоэма, мкм

Эпидермис қалыңдығы, мкм

Склеренхима,

мкм

Қабық,

мкм

ұзындығы

ені

A. asiatica Juz.

968,03±1,77

667,85±1,21^

371,91±1,45~

136,09±0,93~

55,71±0,13

449,85±1,53~

345,79±0,73~

Өсімдік сабағының анатомиялық құрылысында біркелкі тығыз орналасқан клеткалардан тұратын эпидермис қабатының астында алғашқы қабық орналасқан. Склеренхима жəне паренхима клеткалары анық көрінеді. Сабақтың өткізгіш шоқтары жақсы жетілген, ксилема, флоэма элементтері мен камбий орналасқан. Эпидермис бетінде трихомалар байқалады (2-сур.).

А. asiatica Juz. өсімдігі тамырының анатомиялық қүрылысының морфометрикалық көрсет- кіштері 3-кестеде көрсетілгендей: тамыры қабығының қалыңдығы 270,21±1,77 мкм, ксилема сәулелерінің диаметрі 1262,73±0,89 мкм, ал флоэма қалыңдығы 117,45±1,05 мкм болды.

Қорытынды

Оңтүстік Шығыс Қазақстанда өсетін A. asiatica Juz. өсімдігіне тəн жапырағы, сабағы жəне тамырының морфометрикалық көрсеткіштері анықталды. Жапырағы сопақша-жүмыртқа пішінді, шеттері ірі тісті болып келген. Жапырақ тақтасында бір өткізгіш шоқ жəне төменгі эпидермисте жиі орналасқан түктер мен безді қүрылымдар кездеседі. Өсімдіктің сабағы мен тамырында ксилема элементтері жақсы дамыған. Дәрілік өсімдіктердің вегетативтік мүшелерінің анатомиялық белгілерін анықтау шикізатты фармакологияда пайдалануға іріктеп алу сапасын жоғарылатады. Өсімдіктерді зерттеуде экологиялық-географиялық таралуын, тиімді салыстырмалы-морфологиялық, анатомиялық әдістерді диагностикасы жəне нақтырақ сипаттамасы үшін қажет.

пайдаланылуын, сонымен қатар пайдалану, дәрілік шикізаттың

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Грудзинская Л.М. Список лекарственных растений Казахстана / Л.М. Грудзинская, Н.Г. Гемеджиева. — Алматы: Кредос, 2012. — 139 с.
  2. Мүхитдинов Н.М. Дәрілік өсімдіктер: оқулық / Н.М. Мүхитдинов, А.Т. Мамурова. — Алматы, 2013. — 400 б.
  3. Іскендіров Ə. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері / Ə. Іскендіров. — Алматы: Қазақстан, 1982.
  4. Мухитдинов Н.М. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы практикумы: оқу қүралы / Н.М. Мухитдинов, А.Б. Бегенов, С.С. Айдосова. — Алматы: Қазақ ун-ті, 1994. — 118 б.
  5. Көкенов М.К. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері жəне оның қолданылуы / М.К. Көкенов, С.М. Əдекенов, Қ.Д. Рақымов, Ə.И. Исамбаев, Б.Н. Сауранбаев. — Алматы: Ғылым, 1998.
  6. Гадецкая А.В. Фармакологические свойства репешка азиатского (Agrimonia asiatica Juss) / А.В. Гадецкая // Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане. Естественно-технические науки: сб. ст. III Междунар. науч. конф. — Алматы, 2009. — С. 234, 235.
  7. Прозина М.Н. Ботаническая микротехника / М.Н. Прозина. — М.: Высш. шк., 1960. — 208 с.
  8. Калиева А.Н. Биолог-мамандарын дайындауда Agrimonia L. туысы дәрілік түрлерінің биологиялық ерекшеліктерін білім беру жүйесінде пайдалану: биол. ғыл. д-ры … дис. / А.Н. Калиева. — Алматы, 2015. — 175 б.
  9. Лакин Г.Ф. Биометрия / Г.Ф. Лакин. — М.: Высш. шк., 1990. — 352 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.