Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Денсаулық кепілі шаңғы дайындығы

Ад амз ат қоғамы пайда болып, алғашқы өмір сүру кезеңінен-ақ дене тәрбиесіне көңіл бөлініп, сол еңбек пен тұрмыстық өмірдің шарты ретінде дамыды. Дене тәрбиесінің арнайы ұйымдастырылған ойындар мен ойындық-қимыл қозғалыстар түрінде көрініс берді. Денені шынықтыру жаттығулары қарапайым түрде болғанымен, олардың тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелік маңызы зор. Спорттық шаңғы тебу түрі қысқы спорт түрінде белгілі. Оның табиғатпен байланысы және адам денсаулығын қалыптастыруға деген пайдасы орасан зор. Адам тұлғасының мәдениеті – бұл оның маңызды, материалдық және рухани құндылықтарды құру мен тұтынудағы шығармашылық қызметінде қолданатын әдісінің жоғарғы даму деңгейі.

Адамның негізгі күш-қуаты тек оның қызметінде, ең алдымен еңбек нәтижесінде көрінеді. Еңбек іс-әрекеті арқылы адам қоғамға өзгеріс енгізе алады және өзінің күші мен қабілетін іс жүзінде көрсете біледі. Дене тәрбиесі қоғамдық кұбылыс ретінде пайда болып, калыптасты және дамыды. Құрылу ерекшеліктері мен қызмет ету жүйесі жайлы өзінің заңдылыктары бар ғылымның саласы болып табылады. Дене мәдениетінің мәнін түсіну үшін алдымен олардың мағыналы мазмұнын анықтап алу қажет. Дене тәрбиесі - адамның денсаулығын нығайтып, күш - жігерін арттыруға, козғалыс белсенділігін жетілдіру мақсатында қоғамның жасайтын және пайдаланатын рухани, материалдық құндылықтарының жиынтығы. [1]

Шаңғы дайындығы – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастарды жан - жақты дамыту қажеттілік. Денесі жақсы дамыған деп күн тәртібіне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз. Елімізде жасөспірімдерге арналған дене шынықтыру спорттық қоғамдар құрылған. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жасөспірімдердің арасында дене шынықтыру - сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады. Себебі, дене тәрбиесінің негізі балалық жаста қаланады. Осы кезеңде дене жаттығуларымен айналысу кажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық пайда болады.

Шаңғы спорты дене тәрбиесінің ең маңызды құралдарының бірі болып табылады.

Шаңғы дайындығы өсіп келе жатқан ағза үшін маңызды және сауықтыру мәнге ие болады. Біріншіден, шаңғы жаттығуларының арқасында қоршаған ортаның жағымсыз факторлары мен жұқпалы ауруларға ағзаның қарсылығы артатындығымен түсіндіріледі. Денесі мықты жетілген және шыныққан бала сирек ауырады.

Екіншіден, өсу мен даму жүйесі ынталандырылады, жылуды реттеу реакциясы жетілдіріледі, яғни салқыннан болатын сырқаттануға қарсылық артады.

Үшіншіден, ақыл-ой және дене қабілеттерінің артуына себепкер болатын шыдамдылық, күш, жылдамдық пен икемділік секілді қасиеттер дамиды. Соңында, дене жаттығуларымен айналысу жағымды эмоционалды жағдайды туғызады, сергектік пен сенімділік қолдайды. Шаңғы спортымен шұғылдану кезінде жас, жыныс, ағзаның жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерінің есепке алынуы керектігі есте болғаны жөн.

Шаңғы дайындығының басты талаптардың бірі - дене тәрбиесімен спортпен айналысу тәртібін сақтау, яғни олардың жүйелілігін, жүктемелердің біртіндеп арттырылуын, сабақ өтілетіндей жағымды жағдайларды әр түрлі құралдар мен формаларды кешенді түрде пайдалану. Қозғалыс дегеніміз - өмір деген қанатты сөз бар. Шындығында қозғалыс - ағзаның биологиялық қажеттілігі.

Күнделікті өмірде адам ең әр түрлі қозғалыстарды жасайды, олардың жиынтық көлемі қозғалыс белсенділігі деп аталады. Қалыптасқан өмір салты, еңбек ету мен дене тәрбиесінің жүйесі балалар мен жасөспірімдердің күнделікті қозғалыс белсенділігін өзгертуі, не төмендетуі, не оны арттыруы мүмкін. Кіші жастағы балаларда тәуліктік қозғалыс белсенділігі көп жағдайда тұқым қуалаушылық негізде қалыптасатын, биологиялық себептермен реттеледі.

Үлкен жастағы балаларда әсіресе жеткіншектерде, ол әлеуметтік жағдайлардың әсерімен қоғамдық тәрбие беру барысында жекелей қалыптасады. Қозғалыс белсенділігінің де өлшемі бар.[2]

Дене тәрбиесінің шаңғы дайындығы мен спорттың барлық құралдары дұрыс пайдалану арқылы ғана оңтайлы қозғалыс белсенділігіне жетуге болады. Мектепке дейінгі мекемелердегі, мектептердегі, жоғарғы оқу мен тәрбиелеу бағдарламаларымен қарастырылған дене дайындығының міндетті түрлері және үйде дербес шұғылдану әрбір оқушыға қолайлы.

Алайда, шама жетпейтіндей спорттық жүктемелер бала ағзасында жағымсыз өзгерістерді туындатуы мүмкін. Дәрігерлік Дене шынықтыру Диспансерлерінің көптеген мамандары жас спортшылар денсаулығын қорғайтындықтан мұндай құбылыстар сирек болса да кездесетіндігін білген жөн.Балалық жаста спорттың кез келген түрімен айналыса беруге болмайды.

Шаңғының дамуының адамзат тарихында өзіндік орны бар. Кейін келе, жылдамдықпен жүру үшін шаңғының жаңартылған дамыған түрлері дайындала бастады.[3]

Табиғи жүріс - шаңғы тебудің негізгі қозғалысы. Табиғи жүріспен жүргенде, айталық оң аяқ алдыға шықса сол қолмен таяну, сол аяқ алдыға шықса оң қолмен таяну арқылы шаңғымен жүру жалғасады. Жүгіру де осылай орындалады. Шаңғы тебу барысында трассаның бойында жота, еңіс, қия бет, т.б. кедергілі жерлермен өтуге тура келеді. Сондықтан жылдамдықты арттыру үшін өрлеу жерлерде таяқты алма-кезек пайдаланып, итеріліп отыру керек. Жазық жерде әдеттегідей табиғи жүріспен жүруге болады. Оқу орнының арнаулы белгіленген шаңғы тебетін, яғни, сабақ өткізетін алаңы болады. Шаңғыны бұрын салынған шаңғы ізімен жүргізіп сабақ өткізеді.

Шаңғы пайдалану мазмұнына қарай төрт түрге бөлінеді:

  • -оқу-үйрену шаңғысы;
  • -жарыс жолына шығатын жүгіру шаңғысы;
  • -тау шаңғысы;
  • -туристік шаңғы.

Болашақ дене тәрбиесі мұғаліміне шаңғы ісіне және шаңғыда қозғалу техникасын жетілдіру жолдарын оқушыларға үйрету әдісінің негізігі сұрақтары туралы білу қажет. Шаңғыда қозғалу тәсілдерінің техникасы өте күрделі және көпқырлы. Спортшының міндеті жоғары спорттық нәтижелерге жету үшін арнайы қозғалғыш әрекеттерінің барлық арсеналымен ие болуы керек.

Қозғалыстың негізін игеруден бастап жетілдірудің жоғары деңгейіне дейін жол ұзақ, жаттықтырушы спортшыға да шаңғыда қазіргі қозғалу техникасын игеруге бағыталған мақсаты жұмысына бағытталу керек.

Әрқайсысына, кім нақты спорттық-техникалық нәтижелерге жетемін дегендерге мыналар қажет:

  1. Қозғалудың негіздеріне ие болу, «қозғалу мектебін» құру. Осыдан техникаға үйретудің бастапқы кезең басталады. Шаңғы дайындығы үйретуіне кірісе отырып қозғалудың үйрететін тәсілі туралы оқушыларға нақты көзқарасты қалыптастыру қажет. Ол үш бағыт бойынша жүзеге асады: айту, көрсету және іске асыру. Қазіргі техника туралы бейнелі әңгіме көрнекілік және айқын көрсету, осыны қозғалыста көрсету қабілеттілігін үйретудің бастапқы кезенінің қажетті шарты болып табылады. Шаңғы жүрісінің негізін сырғанау қадамын құрайды. Сырғанау қадамдығы қозғалыс екі әрекетте бірігеді де итеру және сырғанау үйрету процесі осы негізгі әрекеттермен игеруіне бағытталу керек.
  2. Қолайлы жаттығулар көмегімен сырғанау қадамында шаңғышының бөлек қалыптарына үйрету бірінші орында, ал одан кейін қозғалыста. Аяқ пен қолдың итеруіне ие болу үшін дайындық қозғалыстарды орындау бір-тіректік сырғанауды үйретуіне мүмкіндік жасау керек.
  3. Аяқталған сырғанау қадамына бөлек элементтерді б ір іктір іп қозғалысқа толығымен ие болу керек. Бөлек қозғалыстарды игеру көлеміне байланысты оларды бүтін қозғалғыш әрекеттерге біртіндеп қосу керек.
  4. Үйрету процесінде мақсат қою керек, қозғалыстың қойылған моделімен игеру мүмкіндік көмегімен жаттығуларды және бақылау әрекеттерді анықтау керек.
  5. Техниканы бекіту тек қана оқу шеңберінде жүрмейді, сонымен қатар шаршағыш бейнеде машықтану жұмысын орындау процесінде, шаңғыда қозғалудың әртүрлі жағдайларымен орындалады. Жүрісте шаңғышының қозғалысы әртүрлі жағдайлармен кездеседі. Олар қағып алушы факторлар болып табылады және спортшының организміне және қозғалу техникасына жоғарланған талаптарды қояды. Осы жағдайларда қозғалысты бекіту иілгіш-қозғалғыш дағдыларды өңдеу және қозғалудың өзгермелі жағдайларда өзінің қозғалысын бейімделуіне үйрету қажет.

Шаңғыда жүру тек қана қарда үйренуге болады. Бірақ техникамен тез игеру үшін дағдыларды құруы жылдың қар жоқ уақытында қажет. Осы үшін тек қана шаңғышының арнайы жаттығулар туралы көзқарасты қалыптастыруға көмектесетін, сонымен қатар сырғанау қадамының негізгі элементтерімен игеру жеңіл жағдайында көмектесетін имитациялық құралдары бар.

Арнайы дайындық жаттығуларды орындаумен қатар қозғалу техниканың игеруіне, жарыстарға қатысуына, дайындыққа көмектесуі, спортшы организмнің дене қасиеттерінің және функционалдық мүмкіндіктерінің дамуы жүреді.

Балалардың шаңғы тебуді қалыптастыру үшін мынадай іс-әрекеттер атқарылады:

  • -денсаулықты нығайту, қалыпты денені шынықтыруды дамыту;
  • -өмірлік мәнді қозғалыс қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру;
  • -қозғалыс қабілеттерін дамыту және үйлестіру;
  • -дене мәдениеті және спорт саласында қажетті білімдерді игеру;
  • -денені шынықтыру жаттығуларымен өз бетінше шұғылдануға қажетті қабілеттерді үйрету, тәрбиелеу, денсаулықты нығайту, жұмыс қабілеттерін арттыру;
  • -адамгершілік және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу, психикалық үдерістер мен жеке тұлғаның қасиеттерін дамыту.[4]

Шаңғы тебу бойынша бағдарламалық материалдарды оқушылар ойдағыдай меңгеруі үшін мынадай талаптарды орындайды:

  • -дене тәрбиесі сабақтарына міндетті түрде қатысу;
  • -өзінің денесінің даярлығын арттыру және спорттық шеберлігін жетілдіру;
  • -жыл ішінде бағдарламалық материалдың негізгі бөлімдері жөніндегі бақылау көрсеткіштерін орындау;
  • -мектепте спорттық-бұқаралық бағытта өткізілетін іс-шараларға және денені шынықтыру-сауықтыру жұмыстарына белсене қатысу;
  • -дене тәрбиесі пәнінің мұғалімінің нұсқау-кеңестерін пайдалана отырып, дене жаттығуларын өз бетінше жасау;
  • -дене тәрбиесі пәніне қосымша бағдарламаның теориялық бөлімінің талаптарын білу және тәжірибе жүзінде қолдану;
  • -әрбір оқу жылында бітіретін сыныптарда дене мәдениеті бойынша білімін анықтау үшін сынақ тапсыру;
  • - әрбір оқушының жеке спорт киімінің болуы.[4]

Елімізде балалардың дене мәдениеті бойынша білімі мен тәрбиесіне, олардың дене мәдениетін қалыптастыруға біршама жағдайлар жасалған. Шаңғы спортының дайындық жұмыстары жалпы орта білім беру мектептері оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыру, олардың тұлғалық дамуын ескерумен байланысты ерекшеліктер жеткілікті ашылған. Сонымен қатар, мемлекеттің одан әрі дамуы, жақын болашақта дене тәрбиесі және спорт саласында кәсіби іс-әрекетпен айналыса бастайтын оқушылар тұлғасының дене мәдениетінің қалыптасу деңгейіне тікелей байланысты болып отыр. Сондықтан, жалпы білім беру жүйесінде еліміздің жалпы орта мектептерінде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру міндеті қойылады және білім беруде дене тәрбиесіне, оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру жүйесі мен дене мәдениеті және спортты дамытуға орай білім беру саласының маңызды бағыттарының біріне айналады. Осыған байланысты, жалпы орта мектептерде оқушыларға дене тәрбиесін оқытудың мақсаты, оларда дене мәдениетін қалыптастыру, з ам анауи технологиялар негізінде оқытып, үйрету мен білім беруді басқаруда пайдалану туралы білімді меңгеру, қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру және оны жетілдіру мен еңбек етуге, отанды қорғауға дайындау болып табылады.[5]

 

Әдебиет

  1. Акимов В.И., Сакаев Б.А., Киламбаев С.Н. Шаңғы спорты. Оқу құралы. Алматы, 1991.
  2. Киламбаев С.Н. Шаңғы спортын оқыту және жаттықтыру тәсілдері. Оқу құралы Алматы, 1996.
  3. Лыжный спорт. Учебник для институтов физической культуры, под общей редакцией Аграновского М.А., ФиС, 1980
  4. Лыжный спорт. Учебник для студентов факультетов физвоспитания педагогических институтов, под редакцией Березина Г.В., М., "Просвещение",1973.
  5. Единая спортивная классификация Республики Казахстан на 1997-2000 гг. Из д. "Аль Фараби", Алматы, 1997.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.