Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бейнелеу өнерінің әмбебап тақырыбы, идеясы, мазмұны мен қыр-сыры

90-шы жылдардағы қазақ өнерінің жалпы ауқымын көру үшін, сонымен қатар, сол өнердің көркемсуреттік процестерге әсерін А. Қастеев пен А. Исмаиловтардың шығармашылығындағы алғашқы қадамдармен бірге келіп, ары қарай Х. Наурызбаев, М. Кенбаев, С. Мәмбеев, К. Телжанов, Г. Исмайлова, С. Айтбаев, Т. Тоғысбаев және басқа да көптегенсуретшілердің өнерінде жалғаса отырып, қазақ сурет өнеріне енген рухани басымдықтар стилдік көріністердің аса бай қырларының ішінде бола отырып – ақ сирек кездесетін тұрақтылыққа ие болды.

Адам мен оны қоршаған орта арасындағы нәзік және рухани үйлесімділікті, қазақ ұлтының табиғат – анамен, соның нәтижесінде әлеммен біртұтастығын, туыстығын көрсетуге бағытталған, ұмтылысын, адамның рухани және ішкі дүниесін білуге деген қызығушылығын, мәңгіліктің бір буыны – қас қағым сәттің әдемілігіне, құндылығына сүйсіну, жалпыға белгілі жүйеге ерекше жолмен ену және дүниетанымның басқа да қырларын суреттеу – міне осылар, қазақ суретшілерінің еңбектерінен байқалатын рухани әдет-ғұрыптық көріністер. Республикадағы бейнелеу өнерінің әмбебап тақырыбы, идеясы, мазмұны мен ішкі қыр-сыры, ұлттың мәдени әдет-ғұрпымен үйлескен, тұрмыстың жанданған, дүние тірегі болатын табиғат пен үйлесімділігін қалыптастыру және адамның шығармашылық жігерін нығайту болды.

Түрлі жағынан көріне отырып, осы дүниетанымдық принциптер дамудың бүгінгі күнгі сатысында да бейнелеу өнерінің негізгі тірегі болып отыр және сол арқылы қазақтың бейнелеу өнерін жалпы дүниежүзілік мәдени кеңістікке үйлесімді түрде енгізуде. Осыған орай, бүгінгі күні бейнелеу және мүсін өнері қандай нысандар мен ерекшеліктерге ие болады деген сұрақ туады?.Оның сарқылмас потенциалық қандай суретшілердің шығармашылығынан қандай ағымдарды пайда болуынан көре аламыз? Ата-бабаларымыздан қалған, ғасырлар бойы шындалған мұралармен байланысады, бүгінгі күні ұлттық суретшілер мектебі кәсіби толысудың қай дәрежесіне жете алады?

Келесі жайды айта кетуіміз керек, бейнелеу және мүсін өнері өз техникасы, техноголиясы, әлеуметтік қызметі тұрғысынан алғанда Батыстан әкелінген бейнелеу өнерінің жаңаболса да, оның бүкіл жолы, ежелгі қайнар бұлағы бар қазақ өнерінің қуатты діңгегінің жаңа көгерген бұлағы тәрізді үйлесе дамуға толы болды. Сюжеттер ғана емес, суретшілердің ұлттық мінез-құлқы, менталитеті, қоршаған ортаны түсіну және бейнелеу тәсілдері, тікелей немесе жанама түрде бейнелеу және мүсін өнерінің сырттан келген тәсілдерінің арасынан көп ғасырлық көшпелілік өмірге негізделген, өзіндік ерекшелігі бар ұлттық сезімнің қайталанбас лебінің соғып тұруына ықпал етті. Соңғы онжылдықтардағы өнердің ерекшеліктері ұлттық сана сезімнің парасаттылық, философиялық дәрежесінің сапалық тұрғыдан алғанда өрлеуіне ықпал ететін, өнердің рухани толысуы мен жоғарғы кәсіби деңгейінің ұштасуы болды.

Өнердің шартты «ұлттық арнаға түсуі» 80-ші жылдардың екінші жартысында-ақ анықталды. Қайта құру кезеңі берген еркіндік, сырттан бақыланбайтын ерікті өнер саласының пайда болуы, суретшілер мен мүсіншілердің өз тамырлары мен пайда болу көздеріне қызығушылығын тудырды. Өнердің осы түрлерінің халықтың рухани әдет-ғұрыптарымен мирасқорлығы осы жылдары, өз мәдениеті мен әдет-ғұрыпына деген қызығушылықпен қатар өнер туындыларының бейнелеу және пластикалықтүрлерінің қазақтың ежелгі рухани байлығы жүйесі арқылы түрленушілік арқылы да көрініс берді.

Осы жылдары үшін таңғаларлық оқиға қазақтың, түркілердің, жалпы шығыс архаикасын зерттеуге бағытталған ұмтылыс болды. Өзіндік сипаты бар, әдеттегі дүниетаным мен образдық тұрғыдан көру саласына терең деп ену негізінде қалыптастырылған бейнелеу мифтері, дүниені көркемсуреттік тұрғыдан өзгерту өнері, жас суретшілердің еңбектері арқылы қазақ өнерінде де пайда болды. Б. Бапишев, Г. Маданов, А. Есдәулетовтың шығармаларында ата-бабаларымыздың рухтарына деген үндеулер, сананың ежелгі нысандарына деген тартымшылық, ұлттық бастамалар мен рухани көздерге, сонымен қатар ұлттық тарих және санамен ғана шектелмей, Жер шарындағы жалпы адамзаттық өрлеу жолымен танысуға ұмтылыстар таңғаларлық тәсілмен келтірілген.

Ғасырымыздың соңғы он жылдығында, әсіресе оның бірінші жартысында, көркемсуреттік нысандардың түрлену процесі қарқынды және біртұтас нысанда жүре бастады. Бейнелеу мен жалпыламалау құралдары мен әдістері рәміздендіру, белгілеу, шарттылық және метафорландыру бағытына қарай күрт өзгеруде. Суретшілердің өздерінің дербес және топтық шығармашылық концепцияларын қазақтардың әдеттегі түсініктерімен тығыз байланыстыра отырып өмірге әкелуі сол онжылдықтығы бейнелеу өнерінің ерекшелік белгілерінң бірі болды.

Онжылдықты дүние байлығының барлық рәміздерін шоғырландыратын таңбалық бейнелеу шебері А. Сыдыханов ашады. Таңғаларлық бағыт – жарық шашатын бейнелеу нысаны мен рухтың жүрек соғысы тәрізді энергиясынан ие тәсілді байланыстыратын шығармаларын Е. Түлебаев та өмірге әкелді. Түрлі – түсті фактуралық жапсыру өнері мен түстілік байлықты қанықтыру шығармаларын А. Аканаевтан көреміз. Заттардың сарқылмас ішкі энергиясы мен күшін күшті қолдана тежеп отыратын экспрессивтік нысандар К. Дүйсенбаев еңбектерінен орын алады. Ырғақтың талдамалық ықшамдылығы мен әр түстердің таңғалақтарының шамасы және оптикалық тұрғындар дәл келтірген қатынастар арқылы дүние К. Ахметжановтың шығармаларында өзінің үйлесімдік сәйкестігіне ие болды.

Дүниенің жан – жақтылығын шифрленген көп таңбалар арқылы түсіндіруге ұмтылыс, дүние құрылымына, оның байлықтарын шексіз мөлшерде өзгеріске ұшырап отыратын талдамалық қатаң нысандар арқылы көрсетуге деген ұмтылысқа әкелді. Осы бағыттарға арналған еңбектерден М. Нарымбетовтың жер тартылысы сияқты салмақты бейнелер мен С.

Атабековтың адам демі сияқты нәзік бейнелерін атап өтуге болады. Немесе, ұшқыр, алабажақ кеңістікті жылжытатын, кенепке бейнелеген С. Баялиевтің композитциялары шексіз қозғалыс және өмірдің жаңа нысандарының пайда болуы идеяларын таңдайды.

Жаңа бағыттарды іздестіру барысында түрлі дәуір мен мәдениет архаикасына бет бұру, бақылаудың өткірлігі мен маштабтығы өмірге күшті және айрықша шығармаларды әкелді. Өнерде дүниеге қатысты көзқарастың түрлі қырын және әмбебаптығын дамытты. Бүгінгі күннің өнер саласындағы танымал тенденцияларының бірі жеке бейнелеу объектісі немесе тұрақты объктілердің жиынтығында дүниеқалыптасу потенциялы мен мүмкіндіктерінің кең ауқымды спектірін сыйғызу болып табылады. Осындай шығармашылық, ұлттық және тартымдылыққа байланысты таңдалып алынатын, көп жағдайда нақты контекстерден жұлып алынған объектілер немесе сюжеттер түрлі суретшілердің еңбектерінде өзіндік рәміздер немесе мифтерге айналады. Сол миф арқылыдүниені генезисті және ондағы тәртіптің ұлылығы, қолданымдағы ережелер, алдағы болашағы сияқты құбылмалылығы мен толықтығын адам көкейіне жеткізуге тырысады.

Осындай жалпылама мифтік шығаршашылық арнасы арқылы Қазақстанның алдыңғы қатарлы суретшілерінің де шығармашылығы дами береді. А. Сыдыханов өзінің мифтік бейнелеу өнеріне қажетті ерекше код ретінде қазақтың рулық рәмізін, таңбалардың әр түрін ала отырып, оны бірте-бірте қошаған ортаны толықтыратын дүниеқұрылымдық ережелерге қарай түрлендіре алады. Дәуірдің астан–кеткенǐнен, стихияларынан, тарих дағдырынан өз тәртібін бейнелеп шығады. Оның бейнелеу шығармаларының қою материалдық туындысынан, ағымдағы өмірге тән таңба шоғырланады, сол арқылы түсінік, ой-сезім және сананың шағылысы пайда болады. Шарттылық, түстілік-фактуралық ізденіс А. Сыдыхановтың бейнелерінде өзіне ғана көзге көрінер дүниені бағындырады және оны өз заңдарына орай түрлендіреді.

Е. Түлебаев өзінің кеңістіктік түрлі шешімдерінің күрделілігіне қарамастан, осы жылдары тұрақты таңбалық қатарға, пропорциясы «алтын адам» деп аталатын сақ жауынгер – көсеміне сәйкес, адам пішінін еске түсіретін, ұзартылған тұлға бейнелеуге келді. Сыртқы көріністермен шырмалған, адамның ішкі өмірімен ұштасып жатқан нәзік метаморфозалар Е. Түлепбайдың жарық шашыратқыш, өмірлік күшке мол шығармаларынан орын алады. Осы суретшінің күшті жақтарының бірі бояудың алуан түрлері мен бейнелеу өнерінің сипаттарын мүмкіндігіне, негізгі мазмұнын жоғалтпай, әсерлендіргіш, сезімдік тұрғысына келтіруі еді.

А. Ақанаевтің пластикалық және рухани кеңістікті бейнелейтін шығармалары мифте және дала аңыздарын еске түсіруге толы бола отырып, күн энергиясы мен даланың хош иістерін сездіріп отырады. Осы бір тұтас дүниетанымның әр қырларын Б. Мырзагалиев та көрсетуге тырысады. Осы заман суретшілердің көбі ежелгінің анималистік төтемдік ағымына ұқсас өзіндік бейнелеу мифтерін асқан зор жігерлікпен қалыптастыруда. А. Иса сияқты суретшілер жолбарыстан әлемдік абсалют рәмізі кейіпкерін көрсе, А. Есдаулетовтың мүйіз тұмсықтары мен бұқалары мифологоиялық кезеңнің, жер бетіндегі бастапқы өмірдің сан қырлы тірлігін қалпына келтіреді, ал А. Ахаттың ежелгі Тұранды бейнелейтін шығармаларында, өткен кезеңді армандау мен өткен дәуірді аңсауды байқаймыз. Небір түрлі заттар, атап айтқанда: шәйнектер, сазгерлікаспаптар, ежелгі мүсіндік релефтер, ай тәрізді періштелер (Р. Қожахметов, М. Нарымбетов, Э. Казарян, А. Есенбаев) фетиштелінеді.

Әр түрлі объективті жағдайларға байланысты (бұрынғы орталықтың қысымдық әсерінің болмауы, дербес мемлекеттің ішкі сұранысы, сонымен бірге сыртқы нарықтың кең ауқымды сұранысы) өнердің әр алуан деңгейдегі ұлттық идеяға деген қызығушылығын арттырды. Тәуелсіз мемлекетке қажетті көрнекі көркем суреттік құрылымдар (ұлттық волюта, Елтаңба, монументалды мүсіндік кешендер, тарихи бейнелеу шығармалары) қалыптастыратын сәттен бастап, еркін шығармашылық ізденістерді әр суретшінің шығармаларынан көреміз. Алайда, ең қызығы, ұлттық идея үнемі нон – конформистік өнер өкілдерінің концепциясына енуде, олар қазақтардың әдеттегі дүниетанымдық түсініктерін, түркілердің өз әрекеттерін, перформанстары мен объектілерін тұрақты ауыстыра пайдаланады.

Алайда 90-шы жылдардың екінші жартысындағы өнер саласында ұлттық суретшілер мектебінің кемеліне келуінің куәсі болатын бір ерекшелігі де бар.Оны стильдердің қолтаңбаларының тенденциялары бағыттары мен дербес ерекшеліктерінің кең ауқымды болуынан көреміз. Өзіндік ерекшеліктері, өзіндік құндылығы, танымал, сөйте тұрса да, стилистикалық және идеялық параметрлеріне келетін болса, мүлде қарама- қарсы тұлғалар да кездеседі. Авангардта, реализм де өте қызық арналарын тауып, жаңа кезеңге сыйсып отырады, жаңа тұрғыдағы обстрактілі кейіпкерлік қалыптасты, сонымен бірге сезімдік жағына нәзік импрессионистік бейнелеу өнері де өз көрермендерінің жүрегінен орын табуда.

Егер де көптеген суретшілердің шығармашылығында өмірдің нақты реалдылығына деген қызығушылық материалдылық тұрмысқа дейінгі небір реалдылыққа деген тартымдылықпен ауыстырып отырса, біртұтас мәдени кеңістікте мүдделері мүлде қарама-қарсы екендігі айдан – анық бейнелеушілер мен мүшіншілер еңбек етуде. Таңғажайыптылыққа деген нәзік сезімталдыққа ие, елестік кейіпкерлерге жаны тартып тұратын суретшілер (А. Дузельханова, Д. Қасымов, т. б.) классикалық нақты нысандарда бізді қоршаған дүниеге танымды түрде адам мен кеңістік арасындағы үйлесімшілік идеясын абстракті тәсілмен шешуші жақтаушылар тәрізді жеткізе алды.

Г. Исмаилова сияқты қазақ бейнелеу өнерінің классиктері де өз жұмыстарын жалғастыруда. Әйелдердің көзге түсерлік әдемілігі, хош иісті гүлдер, өмірдің жылы тынысы оның еңбектері арқылы бізді нақты адам өмірінің қымбаты, қайталанбас және табылмас әлеміне әкеледі.

Қазақстанның бүгінгі күнгі өнер туралы сөз қозғасақ, әдетке айналып кеткен қазақ бейнелеу өнеріндегі тұрмыстың мазмұндық мәселелері мен экзистенциалдылыққа тартымдылық тәрізді көріністерінің де жалғасып жатқанын атап өтпеуге болмайды. Кәсіби өнердің дамуының осы сәті суретшілердің осы заманғы тұтынушыға жеткізуге ұмтылатын идеялар кешенінің нақты байқалатын шоғырланушылығымен де сипатталады.Бүгінгі күннің бейнелеу және мүсін өнері контекстік жағынан аса толықтырылған, кей жағдайда сол себепті қарапайым көрермен оны түсіне де бермейді. Суретшілер мектебінің қалыптастырылуы сатысының алдыңғы кезеңдеріндегі тәжірибелері, бүгінгі күні толық түсінуіміз болашақтың ісі екенін біле отырып, ұлттық өнердің тұтас, сыйымды, өзіндік сипатқа ие феномен бола отырып, біртұтас түрде жиналатын сияқты болады. Түрлі түстер, композициялар, фактура немесе пластика көмегімен, шығу көздері, жылдар бойы шыңдалған, әдеттегі құндылықтар мен түсінушіліктермен тығыз байланысқан, дүниенің құрылуы туралы ұлттық түсініктерді өнерде қалыптастыра, бейнелік шығармалар мен мүсіндік копозицияларда қалпына келтіре отырып, суретшілер небір жиынтыққа, біртұтас жүйеге, шашырап қалған элементтер мен фрагменттерді жинайды деуге болады. Осы процесс барысында шығармалардың нысандарымен атқарылатын жұмыстар да жедел қойылғанын атап өтуіміз керек. Әр алуан түрлі стильдер, тәсілдер, қолтаңбалар бойынша қызмет атқаратын, сол бағыттарда тамаша туындыларды дүниеге әкелетін бейнелеушілер мен мүсіншілердің шығармаларында нысан ролін әсемдік ерекшелік факторының күшеюі немесе күнделікті эстетикалық критерийді жоққа шығару арқылы қарқындандыру жүзеге асырылуда. Осы процесс ұлттық менталитетке тығыз байланысты жаңа суретшілер тілін қалыптастырумен тығыз байланысты болып отыр. Ол өзінің сыртқы стильдік көріністерінде айтарлықтай шартты, орташалау, рәміздік, метофорлік немесе тіпті ашықтан – ашық метафизикалық сипатқа ие болды.

Бүгінгі күнгі өнерде оның алдыңғы қатарлы түрлері бейнелеу мен мүсін өнерінің арақатынасын анықтау оңай жұмыс болмауы әбден мүмкін. Алайда, 90-шы жылдары республикамыздағы кәсіби бейнелеу өнерінің алғашқы қадамдарына сай бейнелеу өнерінің көп қырлылығы мен даму деңгейінің қарқыны мен ырғағының станоктік мүсін өнерінің қала бастауы қайталануда. Ол бұл күндері, ең алдымен, мүсін жұмысының технологиялық процестеріндегі күрделі жұмыстарға байланысты болуы мүмкін.

Сөйтсе де, Қазақстанда түрлі буын мен өзіндік қолданбас бар мүсіншілер еңбектерінде кездесетін тенденцияларға ұқсас сәттер де көптеп орын алуда. Ұлттық тарихқа, түркілік, еуразиялық архаикаға деген қызығушылық та үлкен қарқынмен дамуда. Оған нысандардың шартылық таңбалары және шешімдердің әсемділік көріністері де сәйкес келуде. Ол осы онжылдықтың басында өнерге келген буынды толығымен қамтып отыр. Пластикада шығыстың көркемсуреттік әдет – ғұрыптарын трансформациялауға ұмтылыс, оны тура түсіну мәні бойынша өршіп келеді. Бейнелеу өнеріндегідей, мұнда да өз мәдениетінің ежелгі пластарына деген назар аударушылық көрініс беруде. Қалай айтсақ та, осы саты арқылы, пластика саласында бүгінгі күні жұмыс атқарып жатқан барлық шеберлер өтуде. Қазақстан өнерін Шығыс өнерінің шектелуі арнасына қайтарып алу талабы осы «шығыстық» қырынан-ақ көрініп тұр.

Бір-біріне ұқсамайтын стильдер бойынша қызмет атқаратын А. Есенбаев, Э. Казарян, У. Шанов, Ш. Түлешов, Д. Түлеков, С. Нарымбетов, К. Батырбаев, К. Ишанов сияқты әр алуан суретшілердің шығармашылығы ежелгі Мысырдың немесе орта ғасырлық Жапонияның, армян немесе түркілік ежелгі өнер көздерінің пластикалық импульстарының шоғылысуы арқылы бірігіп отыр. Олардың әрқайсысы пластика арқылы берілетін өзіндік менталитеті, дүниені қабылдаудың ерекшелігі, Шығыс философиясы, жетілдірілген, қайталанбас суреттік нысан ретінде құйылған рухани құндылықтар жүйесі арқылы тартымды және таңғажайып сабақтары, мүсіншілерді, олар беретін идеялық сигналдан да артық толғандырады.

Өз уақытында тарихи кезеңнің біртұтас тізбегін түсінуді, ал ой сананы, сезімдер мен замандастардың тілектерін, сол сияқты адамзаттық эмоция және тәжірибелермен салыстыруды, ежелгі дүние өнері ескерткіштері көрсетіп отырған тәрізді суретшілер жүзеге асыруға тырысуда. Осы құнды рухани тәжірибеге назар аудара отырып, өнердің мәңгілік кеңістігіне тең дәрежеде шыға тұрып, олар өмірдің мәні мен сұлулығы, оның құндылығы мен адамзат баласының ойынан кетпейтін, оларды толғандыратын критерийлері туралы, өздерінің алдында өмір сүрген өнер қайраткерлерімен уақыттан тыс сұхбат жүргізуде. Бұл жағдайда Шығыс мәдениетінің шексіз мөлшердегі байлығы, пластикалық нысандардың жұмбақтары мен нәзік тұстарының құпияларын ашуға тырыса отырып, олар өз шығармашылығында адамдарды мәңгілік толғандыратын махаббат пен бақыт, өмір мен өлім және өткен мен бүгіннің тақырыптарын қозғап отырады.

 

Әдебиет

  1. Р.Қарғабекова, Г.Жубаниязова. «Бейнелеу өнерінің тарихы». Алматы-2004ж; 125-бет.
  2. Б.Р.Виппер. «Введение в историческое изучение искусства». Москва, «Изобразительное искусство», 1985, Портреттегі ұқсастық проблемалары, 206-214-бет.
  3. О.Жаңбыршиев. «Кескіндеменің техникасы мен технологиясы». Алматы-2004, 31-бет.
  4. Д.В.Сарабьянов. «Русская живопись конца 1900-х – начала 1910-х годов». Москва, «Искусство», 1971,105-бет.
  5. А.Қастеев. «Мастера изобразительных искусств Казахстана». Алматы. «Өнер». 1986, 115-бет.
  6. Ергалиева. «Этнокультура традиции в современной искусстве Казахстана». Алматы, 1969, 62-бет.
  7. «Қазақ портретіне 100-жыл». Алматы, 2002, 38-бет.
  8. Jan Kriz.Pavel Nikolayevich Filonov.Praha. 1966, 114-бет.
  9. «История искусств Казахстана». Очерки – 2 том. Алматы. 2004, 92-бет.
  10. А.С.Шипанов. «Әуесқой жас суретшілер мен мүсіншілер». Алматы. «Мектеп». 1989, 170-бет.
  11. «Современное искусство Казахстана: проблема и поиски». Алматы. «Мектеп». 1989, 75-бет.
  12. Мүсәлімов, Теміржан, Самылтыров, Мұхаметқали. «Бейнелеу өнерінің негіздері». Алматы. «Рауан». 1995, 46-бет.
  13. Өмірбекова Маргарита Шаяхыновна. «Традиционная культура казахов». Алматы. «Алматы кітап». 2004, 87-бет.
  14. Есмаханов А. Ли К. «Қазақстанның қазіргі бейнелеу өнері: кескіндеме, мүсіндеме, графика». Алматы. «Дидар». 1998, 80-бет.
  15. Г.Шалабаева. «Ғасырлар тоғытындағы Қазақстанның көркем өнері». «ОЮ» көркем галереясы. Каталог. Алматы. 2000, 18-бет.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.