Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мемлекеттік тілдің қалыптасуы мен Рудный қаласы бойынша қолдану аясы

Қазақ тіл білімі дербес ғылым ретінде Ұлы Қазан революциясынан бергі дәуірде қалыптасты. Қазақ тіл білімі қазақ тілінің жүйесін, құрылымын, ерекшелігін, барлық байлығын зерттейді, қазақ тілінің қарым-қатынас, пікір алысу, өзара түсінісу, ойды жеткізу құралы ретіндегі қызметін (функциясын), басқа тілдермен қатынасын, баю, толығу, даму жолдарын т.б. тексереді. Жеке тіл біліміне жеке тілдермен қатар туыстас тілдердің (қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар, түрік, алтай, чуваш т.б. туыстас тілдерді зерттейтін - түркология/түркітану, орыс, украин, белорус, чех, поляк, болгар т.б. тілдерді салыстыра, салғастыра зерттейтін - славистика/славянтану, ағылшын, неміс, дат, швед, голланд т.б. тілдерді зерттейтін - германистика, испан, португал, итальян, румын, молдаван т.б. тілдерді - романистика/романтану және т.б.) заңдылықтарын, ортақ жайттарын, шығу, даму ерекшеліктерін жатқызамыз. Ал жалпы тіл білімі деген терминнің ұғымы тіпті кең. Бұл ғылым жеке, нақты тілдерді, туыстас тілдер тобы мен семьяларын егжей-тегжейлі зерттеу, солардың ортақ заңдылықтарын ашу, айқындау негізінде жасалынған. Жалпы тіл білімі жеке тіл білімдерінің жетістіктері мен қол жеткен табыстарын басшылыққа алады, айқындалып-анықталған ортақ жайттардан теориялық қорытынды шығарады.

Қазақ тіл ғылымының бастауы тіл табиғатын жан-жақты зерделеген ғылыми еңбектермен қатарласа қалыптасқандықтан, оның теориялық бірліктері мен ұстанымдары да, бағыт-бағдары да белгілі бір ережеге бағына, жүйелі реттілікте сақтай отырып жүзеге асты деп айта алмаймыз. Тіл болмысын, оның қызметін адамзат атаулының тұрмыс- тіршілігімен, таным-қабылдауымен, пайым-түсінігімен байланыстыра зерделеу арқылы өзектелген бұл сала алғашқыда пәлсапа мәселелерінің тілдік тұжырымдарға етене арласуымен өзгешеленсе, одан кейінгі кезекте мұнда ғылымдардың ара-жігін ашуға ұмтылу, тілдің құрылымдық жүйесін сұрыптау, ал экстра факторларды екінші кезекке қалдыру әрекеттері көбірек байқалды, сол себепті аталмыш зерттеулерде танымдық ұстанымдардың деңгей-дәрежесі де бір қалыпты дамыған жоқ.

Олай болса, қазақ тіл біліміндегі тілтанымның әлеуметтік негіздерін қоғам, қоғамдық сана мен ой-өріс, қоғамдық таным, әлеуметтік тыйым, әлеуметтік картина, заман, тұрмыс мәселелері, тәжірибе сынды ұғымдар құрайды, себебі ғалым Ә.Хасенов атап өткендей, «Қоғамсыз тіл болмайды, тілі жоқ қоғам - адамзаттың ешбір қауымы болмайды. Демек, қоғам үшін тіл керек; тілдің өмір сүруі үшін оның қоғамы болу керек. Бұл - ақиқат та тарихи шындық», яғни қоғамдық құрылыстың құрамды бөліктері тілтанымның универсалды әлеуметтік негіздерін анықтау үшін, ал тіл мен танымның ұғымдық бірліктері қоғамның даму сипатын айғақтау үшін аса қажет [1].

Лингвистика теориясы ретінде жалпы тіл білімі тіл туралы ғылымның ең негізгі, өзекті деген мәселелеріне көңіл бөліп, солар туралы мағлұмат береді, тілге қатысты ірі-ірі мәселелерді қарастырады. Ол мәселелердің басты-бастылары мыналар:

  • тілдің мәні, табиғаты, қызметі;
  • белгілі бір әдіснамалық негізі;
  • тілдің құрылымы мен жүйесі;
  • тіл мен ойлаудың шығуы, дамуы, әр түрлі дәуірлердегі тілдердің қарым- қатынасы;
  • тілдердің туыстық қарым-қатынасы, құрылымы;
  • жазу-сызу тарихы, жазу атаулының шығуы, олардың түрі;
  • тіл мен сана және тіл мен ойлаудың байланысы;
  • тіл - тарихи құбылыс.

Осыған орай, жеке тілдер мен топтар, семьялар тілдері неғұрлым жете, жан-жақты зерттелініп, қыр-сыры толығырақ ашылса, жалпы тіл білімі де соғұрлым тілдік бай материалдар мен фактыларға ие бола алады; тіл атаулыға тән ортақ белгілер жөнінде дұрыс қорытындылар - тұжырымдар шығара алады. Яғни, лингвистика дербес ғылым ретінде осы екі бөлімнің негізінде құралады екен.

Ғалым С.Аманжолов зерттеулерінің желісі тілдің қоғамдық ерекшелігіне шоғырланған. Автор тілдің барлық белгілерін оның қоғамдағы орнымен, әлеуметтік өзгешелігімен байланыстырды. Автор тұжырымдарының басым көпшілігі лингвистиканы қоғамдық ғылым ретінде қарастыруға саяды. «Адам қоғамына» мән бере келе, оның мүмкіндігін жоғары бағалай отырып, ғалым тек қоғам бар жерде ғана тіл өмір сүреді, оны зерттеп, өркендетер тіл ғылымы дами алады деп түйіндейді. Осыған сәйкес, кез келген тіл білімінің саласын С.Аманжолов “адам қоғамының зор табысы, ғылыми жетістігі” деп дәйектеді: ”Мыңдаған жыл өмір сүрген адам баласының дүние тануына үнемі қызмет еткен тіл, тек қарым-қатынастың құралы ғана емес, ол дамудың да және. күрестің де құралы болуымен қатар, грамматика сияқты адам баласына зор қызмет істейтін өте маңызды ғылымды тудырды. Бұл ғылым адам баласының ұзақ өміріндегі тұрмыс үшін күрес жолында жасаған тәжірибелерін, ойлауының ұзақ уақыт абстракциялануы арқасында топшыланған жетістіктерін қорытқан да білім болып отыр”. Ғалымның жоғарыда келтірілген үзіндісінде “адам баласы” деген тіркес қатарынан үш рет кездеседі. Тілші көпшілік назарын тілдің қоғамдық маңыздылығын, оның табиғи әрі танымдық ерекшелігін, функционалды сипатын тіл арқылы айқындауға бағыттаған. Осы орайда, қоғамдық факторлармен бірге зерттеуші тілтанымдық құралдарға зер салды, ол тілдік амалдарды тек қарым-қатынас функциясында ғана емес, дүниені тану, тәжірибе жинау, ойлау, білім алу негізі деп сұрыптау қажеттігін ескертті. [1].

Ғалым М.Балақаев „Тіл — әлеуметтік құбылыс. Бала ана тілін қоғам мүшесі ретінде пайдалануды табиғи айналадан үйренеді” дей отырып, тілтанымның әлеуметтік заңдылықтарын сұрыптауда „адамның тіл жұмсау” әрекетін басшылыққа алды, оны адамның „қоғам мүддесіне лайық көптеген іс-әрекеттердің бір бөлігі” деп есептеді. Осыған орай, тілші „қоғамдық сананың” қалыптасу алғышарттарын тілдік дамудың, оның „жаңа сапалы тіл қажеттіліктерін атқаруының” салдары деп түсіндірді. Оған дәлел ретінде зерттеуші „Ешбір қоғамдық құбылыс дербес, дара, оқшау қалпында, басқа құбылыстармен байланыссыз өмір сүре алмайтынын” атап өтті. Сондай құбылыстар қатарында М.Балақаев тіл мен әлеуметтің бір-біріне әсер ету нормаларына ерекше зейін қойды, сондықтан „...қоғам ол [тілді] құралды шыңдай түсу қамын ойлайды. Өйткені қоғам өмірінің биік шыңға көтерілуі, адамдардың ой-өрісінің, сана-сезімінің, экономика, өнер- білім, ғылым, мәдениетінің біріне-бірі ілесе ілгері дамуы, сөз жоқ, оның тіліне де ықпалын тигізеді” деген қорытынды жасады.Оның айқын айғағы ретінде тілші әдеби тілдің, оның стильдік тармақтарының даму үлгілерін сөз етті. Сөйтіп, „қоғам мүшелерінің қатысымен” дамитын және қоғамның „әр қилы орайындағы тілік тәсілдердің белгілі бір мақсатқа жинақталуымен” жүзеге асатын бұл лингвистикалық ұғымдарды „қоғамдық категориялар” деп таныған ғалым тілтанымның әлеуметтік негіздерін қалыптастыруға ат салысып қана қойған жоқ, сонымен қатар оның ғылыми-теориялық дамуының да алғышарттарын ұсынды[2].

Ана тіліміз әуелі анадан, бесіктен, шаңырақтан сәбидің бойына сіңеді.Тіл - адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан,ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады. Тіл- халықтың басты да қасиетібайлығы. Тіл жоғалса, ұлт жоғалады.Өйткені, тіл- адамдар арасындағы қарым-қатынастың аса маңызды құралы ғана емес,ойлаудың, рухани мәдениетті жасаудың ұлттық тәрбиесін жинақтаудың, сақтаудың құралы. Демек, тіл – пікір алысу, ойды жеткізу құралы. Тіл- халық қазынасы, ұлттың жаны болып саналады. Тіл – халықтың тарихы, яғни талай заманның жемісі. Жас ұрпақты тәрбиелеу, жан-жақты хабары бар тұлға, оларға ғылым мен білімді үйрету тіл арқылы жүзеге асады.

Қазақстан Республикасында қазақ тілі – мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі – әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. Оған қоса,Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп санайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі.Қазақ тілі феодалдық қоғамға да, социалистік қоғамға да қызмет етті. Енді міне, казіргі таңда нарықтық қатынас қоғамына қызмет етіп отыр.Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, құдіретті. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Сондықтан, мемлекеттік мәртебесі бар қазақ тілі- біздің қазынамыз. Оны қастер тұту – ең басты борыш.

Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Тілге деген көзқарас, елге деген көзқарас екені сөзсіз».Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз» деген болатын [3].

Қазіргі таңда,мемлекеттік тілді қоғам өмірінің барлық саласына тереңдете енгізу мәселесі үлкен маңыз алып отыр. Соңғы кезде мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге, оның өркен дамуына ықпал ететін біраз қадамдар жасалып жатыр.

«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын ең бастысы тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың сөзі еске түседі.Айналадағы адамдарға, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады. Өкінішке орай, ана тілдің асығы алшысынын түспей тұр. Көбіміздің төл тілді шұбарлап сөйлеуді әдетке айналдырғанымызға қаншама уақыт. Соңғы кезде көптеген қазақ жастары өз ана тілін бұрмалап сөйлеуді әдетке айналдырған. Сөйлеу мәнері де өзгерді. Екі сөзінің бірі орысша және де өздері айтқан сөздерінің мағынасын, аудармасын білмейді де, түсінбейді. Шынында қазақ пен қазақтың,әріптестердің жұмыста қазақ тілінде сөйлеспеуі анық.Қанша өзгерістер, жаңалықтар енгізілсе де, оқушыларымыз мектептен тыс жерде қазақшасын қолданбайды. Менің ойымша, мұның басты себебі, қазақша сөйлеудің қажеттілігі жоқтығы. Бұл күндері қазақ тілінің қасиетін арттырып, мәртебесін одан әрі қарай көтеріп, шын мәнінде мемлекеттік тіл деңгейіне жеткізу үшін еліміздің әр бір азаматтың қолында[4].

Қостанай – Қазақстандағы ең ірі облыстардың бірі. Біздің ойымызша Қостанай облысын бірден мемлекеттік тілге көшіру аса қиын болады. Өйткені Қостанайда әлі күнге шейін орыс халқының үлес салмағы басымдау. Әсіресе, Қостанай облысының солтүстік аудандарындағы іс – қағаздарын қазақ тіліне бірден көшіру мүмкін емес.Мемлекеттік тілде жұмыс жүргізіп жатқан мекемелер аз, өкініштісі. Тіпті алаңда ойнап жүрген қазақ балалар бір-бірімен орыс тілінде сөйлеседі. Неге? Әрине, бәрі тілдік ортасына байланысты.

Қостанайдағы тағы бір мәселе – мектеп мәселесі. Мысалы, қазір Рудный қаласында 3 қазақ мектебі бар. Сонау 90-91 жылдары Рудныйда 3 % қазақтар бар еді. Сол 3 % қазақтарының өзі орыс тілді болатын. Ойткені қазақ мектебі болған жоқ. Осы Қазақстан үшін қиын жылдарында Рудный қаласында жалғыз қазақ мектебі ашылды.Мақтаныш тұтарымыз сол.Бұл мектептің іргетасын ұлтына жан ашыр азамат- Төртбаев Омар Оспанұлы қалаған. Сол мектептістудентіміз Омар Ботагөз де бітіріп шыққан.

Қостанай облысындағы мектептердегі қазақ тілінің қазіргі жағдайы әлі күнге шейін өз дәрежесінде емес. Қай кезде барсаң да таза қазақ мектебінде оқитын балалардың өзі орыс тілде сөйлеп жүреді. Дүкенге,емханаға т.б. жерлерге барсақ та,орыс тілінде сөйлесіп, ғана бізді түсінеді, қабылдайды. Неге олай? Көшедегі тек қазақша жазбалардыңкөбі қате жазылады. Мысалы,«дүкен» деген сөздің «дукен» деп жазылып тұрғанына көзіміз үйреніп кеткен. Ең жаманы сол. Осылардың бәрі айтылады, жазылады. Бірақ ешқандай өзгеріс жоқ.

Олай болса, мектеп қабырғасынан бастау алған ана тілімізді шұбырламай, дұрыс қолданып, фукционалды сауатты болып, өз ойын ана тілімізде жеткізе біліп,дұрыс жаза білу – әрбір мәдениетті, білімді адамның алдына қойылатын басты шарттардың бірі.

Біздің ойымша, әр мұғалім сабақ беретін сыныптарында ең бастысы ана тілін щұбарламауды, дұрыс сөйлеп, өз ойды айқын, дұрыс жеткізуді басты назарда болуы тиіс. Сабақты ұйымдастыру кезінде өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді түсіндіріп, әдет- ғұрпымызды сыйлап, алған білімдерін іс- жүзінде іске асыра білуге тәрбиелеу.

Әр ұстаз жас ұрпақтың тілге деген ынтасын, көзқарасын, біліктілігін арттыру мақсатын алға қойса, қазақ тілін оқытудағы түрлі қиындықтарды жоя отырып, ана тіліміздің беделін бірігіп, көтере аламыз.

Тоқ етерінде, елбасымыз айтқандай, «Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде. Қазақстан- әлемдегі ең мықты, елу елдің қатарына ену үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы керек».

 

Әдебиет

  1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы ,1993. Б.205-210.
  2. Қайдар Ә. Тіл білімінің өзекті мәселелері/ Алматы. – 2001. Б. 212-214.
  3. Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» стратегиясы.
  4. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тіл мәдениеті/ Алматы. Мектеп. –1995. Б. 55– 57.
  5. Әлкебаева Д. Сөз мәдениеті/ оқу құралы. Қазақ университеті. – 2011. Б. 183186.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.