Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасының инновациялық дамуы мен экономикалық бәсекелестік

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауларынан:

"Біздің экономикалық жетістіктеріміз Қазақстанның Орталық Азия экономикасында көш басына шығуына жол ашты. Ендігі жерде біздің қолымызда Қазақстанды экономикалық дамудың "өңірлік локомотивіне" әрі оны әлемдік экономиканың оңтайлы "ойыншысына" айналдыра алатындай күш бар."

"Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр."

"Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық "орнын" иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз."

"... өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл - жеке меншік институты мен келісім шарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға, қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика."

"Экономиканың өсуін басқаруды біз халықаралық нарықтың осы заманғы талаптарына сай келетін Қазақстанды одан әрі индустрияландыру саясатының негізінде қамтамасыз етуге тиіспіз".

Қазіргі таңда бүкіл әлем елдері экономиканың және оның ішінде ұлттық экономиканың артуын, дамуын басты мақсаты етіп, нысанаға алып отыр. Бұл Қазақстан үшін күрделі, бірақ әбден реа-лизмге негізделген мақсат болып табылады.

Инновациялық кластерлер — Назарбаев Университеті және Инновациялық технологиялар паркін дамыту жалғасын табуда Бәсекелестік қабілеттің жоғары деңгейі экономикалық бизнестің дамуымен, әлемдік сұраныстың дамуына экономиканың және оның құрылымының бейімделуімен; ұлттық мамандандыруды анық таңдауымен; қатаң және мәні жоқ бәсекелестік күрестен бас тарта білумен; жаңа тауарлар шығаруға тез өтумен; жаңа рыноктарды игерумен; әлемдік сұраныстың ғаламдық құрылымын білумен және қажетті бағытта белсенді қалыптасуымен сипатталады. Әлемде қазіргі таңда бірінші орынға мақсаттық емес факторлар қойылады, ал олардың ішінен басты мағынаға тауар мен оның жаңалылығы алынады. Ресурсты үнемдеу технологияларын енгізу, есептеулер көрсетіп отырғандай, техника санын 2 есеге дейін қысқартуға мүмкіндік береді, оны жаңартуға инвестицияны көп талап етпейді, ЖЖМ-ын тұтыну 1,5 есе төмендейді, ал қаражаттарды үнемдеу 1 гектарға 15 долл. құрайды. Өсімдік және мал шаруашылықтары өнімдерін өндіруге шығындар қысқарады. Өнімдерді сатудан алынатын пайда 2010 жылға 2004 жылмен салыстырғанда 2,4 есе артады, өсімдік шаруашылығы өнімдері – 2,3 есе, мал шаруашылығы – 2,5 есе; өсімдік шаруашылығы өнімдерінің рентабельділік деңгейі 24,1%- дан 41,8%-ға дейін, мал шаруашылығы – 7,2%-дан 16,0%-ға дейін жоғарылайды. Тамақ өнеркәсібі өнімдерін өндіру көлемі кластерлік құрылымдар қалыптастыру негізінде 1,4 есеге дейін артады.

Қазақстанның бәсекеге қабілетті ғылымының өркендеуі үшін екі мәселенің шешілуін атап кеткен орынды. Біріншіден, ғылымның жаңа жетістігін өндіріске енгі-зудің тетігін қалыптастыру керек. Біз осы уақытқа дейін ондай тетіктің жоқ екендігін дәлелдеумен келдік. Енді оны дәлелдеудің керегі жоқ, ондай жүйені құру керек. Ол үшін:

  • монополияға қарсы саясатты жетілдіру; бәсекелестікті қамтамасыз ету;
  • амортизациялық саясатты жетілдіру; өндірістің өндіруге қабілетті жақтарындағы тепетеңдікті сақтай отырып, ғылыми прогресті енгізу;
  • нанотехнологиялық саясатты жетіл-діру; фирмалар мен ғылыми құрылымдарды ынталандыра отырып инновациялық өнімдерді енгізу;
  • зияткерлік меншік саласына қатысты саясатты жетілдіру; ғылыми жаңалықтарды материалдық қолдау арқылы ғалымдардың ынтасын ояту мен қорғауды жолға қою.

Бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын факторлар – экономикалық әлеует және экономиканың өсу қарқыны; өндіріс тиімділігі; халықаралық еңбектің бөлінуінде қатынасуы; ішкі рыноктың серпінділігі мен сыйымдылығы; ғылым мен техниканың даму деңгейі, техникалық жетістіктерді игеру қарқыны; қаржылық жүйенің айқындылығы мен икемділігі; экономиканы мемлекеттік реттеудің ықпалы; еңбек ресурстарының біліктілік деңгейі мен олармен қамтамасыз етілуі; әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси ахуал.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа он жылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындаэкономиканы диверсификациялау және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы Қазақстан экономикасының тұрақты және біркелкі дамуына ерекше көңіл бөлген болатын. Тауар өндірушілердің (өнеркәсіптер, ұйымдар, азаматтар) басым бөлігі өз шаруашылық қызметтерінде және кәсіпкерлікте еркін болған жағдайда ғана бәсекелестік - нарықтық механизмнің жұмыс істеуінің маңызды бөлшектерінің бірі ретінде қызмет ете алады. Бұл дегеніміз, тауар өндірушілердің еркін түрде жабдықтаушылар мен тұтынушыларды таңдауына, салық төлегеннен кейін қалатын пайданы жұмсауына, шаруашылық қызметтерімен және өнеркәсіптің дамуымен байланысты басқа да мәселелерді өз беттерінше шешуіне мүмкін-дік береді. Ал 2011 жылдың 28 қаңтарындағы «БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ!» атты Жолдауында ЖІӨ өсімі 2010 жылы 7 пайыз, өнеркәсіп өн-дірісі - 10 пайыз, өңдеу өнеркәсібі 19 пайыз мөлшерді құрады. 2010 жылғы қаңтардағы Жолдауында Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын жария етті. Қазірдің өзінде оны іске асырудағы бірінші жылда нақты нәтижелер бар. Мемлекет 152 кәсіпорынын іске қосты. Елімізде барлығы 800 әртүрлі өндіріс орындары құрылды. 2014 жылға дейін құны 8,1 триллион теңгені құрайтын 294 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Жаңа өндіріс орындарының пайда болуы Қазақстан нарығындағы жаңа бәсекелестердің пайда болуына ықпал жасайды. Бүгінде ұлттық дәулетіміздің үштен бір бөлігі шағын және орта бизнестен құралады. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі - ұлт пен жастар білімінің бәсекеге қабілеттілігіне байланысты.

Бәсекелестік - шаруашылық міндеттердің шешімдерін тиімді табуға түрткі болып табылады, әсіресе, ол, неғұрлым сапалы өнім шығару, қызметтер ұсыну және оларды неғұрлым тез өткізуге ықпал етеді. Сонымен қатар, бәсекелестікті дамыту - қоғам үшін де пайдалы болып табылады.

Біріншіден, материалдық, еңбек, қаржы және басқа да қорларды орынды пайдалануды ынталандырады, өндірушілерді тұрақты түрде ассортиментті жаңартып тұруға, ғылыми - техникалық жаңашылдықтарды үнемі қадағалап отыруға және сол жаңашылдықтарды өндіріске енгізулеріне мәжбүр етеді.

Ал, мұндай бәсекелестік нәтижесінің аражігін қарапайым сатып алушы, тұтынушы ғана тап басып айырып бере алады. Қазіргі заман жағдайында неғұрлым дамыған тәсілдерге негізделген, яғни олардың бірі болып, терең диверсификация болып табылатын, бәсекелестікке қол жеткізу қажет.

Экономиканы диверсификациялау және бәсекелестікті арттыру үшін жаңа өнімдер өндірісін ретке келтіру қажет, бұл экономикалық қызметтің кеңейіп, қызмет көрсетудің басқа да салаларына енуіне себеп болады.

Шикізат экспортынан тез пайда алуға бағдарланған ірі қазақстандық бизнес өсуінің қарқынды сипаты әлемдік конъюнктураның өзгеруі кезінде барынша жоғары қайта бөлулерге және ішкі нарыққа ауысуға мүмкіндік бермеді.

Мемлекет бастамалары бизнес-қоғамдастықтан қажетті қолдау таппады, өйткені жас ұлттық бизнес әртараптандырудың белсенді ойыншысы болып көрінетіндей және Қазақстан үшін жаңа инновациялық бизнесті құру, әлемдік нарыққа шығу және бәсекеге түсу үшін стратегиялық әріптес ретінде әлемнің жетекші компанияларын тарта алмады.

Жеделдете индустриялық инновациялық дамыту - ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың өрісті жолы. Экономиканың шикізаттық бағытынан ойысудың, оны әртараптандырудың алғашқы қадамдары бұдан бірнеше жыл бұрын басталған болатын. 2003 жылы үкімет 2015 жылға дейінгі елді индустриялық- инновациялық дамыту стратегиясын жүзеге асыруды бастады. Стратегияның үшінші кезеңі - 2011-2015 жылдар. Бұл үшінші кезең бойынша мұнай өңдеуді және мұнай-газ секторының инфрақұрылымын дамыту алға мақсат ретінде қойылып отыр. 2014 жылға қарай отандық мұнай өңдеу зауыттары жоғары сапалы мұнай өнімдері - бензин мен авиакеросинге ішкі қажеттілікті толық қанағаттандыруы тиіс. Отын-энергетика кешеніндегі жалпы қосылған құн кемінде 30 пайызға артпақ. Әлемдік тәжірибеиндустрияландыруға қатысты әртүрлі әдістердің бар екенін көрсетіп отыр: «қуып жетуші даму», «дәстүрлі мамандандыру», «индустрияландырудан кейінгі даму» стратегиялары. Ұлттық экономика құрылымына сүйенетін болсақ, Қазақстан экономикасының ең қолайлы индустрияландыру стратегиясына шикізаттық өндірістерді жоғары бөліністерге ауыстырумен шикізат секторына сүйене отырып «дәстүрлі мамандандыру» стратегиясы болып табылады. Бұл стратегияның ақырында, басымдық бағыттар бойынша барлық ресурстарды теңдестіре жұмылдыру экономикаға қосымша 7 триллион теңгеден астам жылдық қосымша құн жасауы тиіс.

Атқарушы биліктің ағымдағы жылғы экономикалық саясатының негізгі бағыттары қандай, соған тоқталсақ. 2011 жылы Үкімет, Ұлттық Банк және Қаржы нарығын қадағалау агенттігінің жүргізетін экономикалық саясат ең алдымен Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталатын болады. «Бәсекеге қабілеттілікті арттыруға макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, инвестициялық және бизнес ахуалды, институционалдық дамуды, технологиялық және инновациялық даму деңгейін, елдің адами ресурстарының даму сапасын жақсарту, сондайақ Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберінде сауда кедергілерін азайту және экономикалық ықпалдасуды кеңейту есебінен қол жеткізілетін болады. екіншіден – индустриялық инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде экономиканы әртараптандыруға бағытталған бағдарламаларды іске асыруға күш салынады. Бұл орайда 2011 жылы Индустрияландыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде экономиканың қайта өңдеу секторларына және елдің инфрақұрылымын дамытуға ішкі және сыртқы инвестициялық ресурстары барынша жандандырылатын болады, Индустрияландыру картасы шеңберінде жаңа индустриялық және инновациялық жобалар қосымша іске қосылатын болады. Үшіншіден – экономикалық саясат жұмыспен қамтудың тұрақтылығын және халық табысының өсуін қамтамасыз етуге бағытталады. «Үкімет халықтың әл-ауқатын арттыру және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі шараларды қабылдауды жалғастырады. 2011 жылы бюджет саласында жалақыны және әлеуметтік шығыстарды өсіру көзделген. 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақының 30 пайызға артуын ескере отырып, оның ең төменгі мөлшері 24047 теңгені (базалық зейнетақыны ескере отырып), орташа мөлшері – 36205 теңгені (базалық зейнетақыны ескере отырып) құрайды. төртіншіден атқарушы биліктің экономикалық саясаты – білім беруді, денсаулық сақтауды және тілдерді дамытуды қоса алғанда, адами капиталды дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға бағытталатын болады. Бүгінде, қарапайым халықты азық-түлік өнімдері бағасының негізсіз өсіп жатқаны қатты алаңдатып отыр. Үкімет 2011 жылы ЖІӨ-нің 4-5 пайыз нақты өсуін, инфляцияны 6-8 пайыз деңгейде ұстап тұруды қамтамасыз етуді көздеп отыр.

Елімізде технопарктердің екі деңгейлі жүйесі – ұлттық ғылыми-технологиялық парктер және өңірлік технологиялық парктер қалыптасуда. Келешекте Қазақстандағы технопарктер ғылымның өндіріспен байланысын нығайту міндеттерін шешуді, қазіргі заманғы технологиялар, жоғары технологиялы және бәсекеге қабілетті өнім өндірісін енгізуді көздейді. Осы орайда биылғы Жолдауда «Біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі қуат шығындарын азайтуды қамтамасыз ететін тиімді технологияларға негізделуі керек», делінгенін айта кету керек. «Техникалық реттеу туралы» заң қызметке, өнімдердің циклдік үдерістеріне міндетті және ерікті талаптарды айқындау, техникалық реттеу саласында сәйкестікті растау, аккредиттеу және мемлекеттік бақылау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған. Заң ережелерінің іс жүзінде толық қолданылуы адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде, өсімдік және жануарлар дүниесі үшін өнім қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Сондай-ақ өнім мен қызметтер қауіпсіздігі мен сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс- әрекеттерді ескертуді, саудада техникалық кедергілерді жоюды, отандық өнімнің бәсекеге қабілетін арттыруды, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеуді мақсат еткен.

Қазақстанның темір жол көлігі қазіргі заманғы талаптарға толығымен бейімделуі, тең құқықты бәсе-кеге қабілетті қатысушы ретінде тасымалдаудың ғаламдық нарығына үйлесімді кіруі тиіс.

Халықаралық бәсекелестіктің күшеюін ескере отырып, Қазақстан Республикасының темір жол саласы үшін мемлекеттік қолдау шараларын қабылдау қажет. Сол уа-қытта мемлекеттік қолдаудың мұндай шаралары осы салаларды монополияландыруға бағытталмауы тиіс. Аталған мәселелер, оның ішінде нарықтың осы саралан ымында бәсекелестікті дамытуды әзірленіп жатқан көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламасы шеңберінде шешу ұсынылады.

  1. жылы әзірленген облыстарды, республикалық маңызы бар қалаларды, астананы дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламасы өзіне өңірдегі бәсекелестік ортаны жақсартуға бағытталған жалпы шараларды, жекелеген нарықтардың ерекшеліктері мен проблемаларын ескеретін бәсекелестікті дамытудың салалық шараларын (салалық индикаторларын), сондай-ақ сауда саласын дамытуға бағытталған шараларды, оның ішінде өңірде сау-да қызметін жүзеге асыратын әр түрлі форматтарды енгізген.
  2. жылы Үкімет, Ұлттық Банк және ҚНРА жүргізетін экономикалық саясат:
  3. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға;
  4. Индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде экономиканы әртараптандыруға бағытталған бағдарламаларды іске асыруға;
  5. жұмыспен қамтудың тұрақтылығын және халық табысының өсуін қамтамасыз етуге;
  6. білім беруді, денсаулық сақтауды және тілдерді дамытуды қоса алғанда, адами капиталды дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға бағытталатын болады.

Бәсекеге қабілеттілікті арттыруға макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, инвестициялық және бизнес ахуалды, институционалдық дамуды, технологиялық және инновациялық даму деңгейін, елдің адами ресурстарының даму сапасын жақсарту, сондай-ақ КО мен БЭК шеңберінде сауда кедергілерін азайту және экономикалық ықпалдасуды кеңейту есебінен қол жеткізілетін болады.

Бизнес ахуалды жақсарту мақсатында орталық деңгейде, сондай-ақ өңірлік деңгейде әкімшілік кедергілерді азайту және рұқсат беру жүйесін оңтайландыру жұмысы жалғасатын болады.

2011 жылы Қазақстанның экономикалық мүдделерін әзірлеу және жылжыту әрі КО мен БЭК шеңберінде ашылатын жаңа мүмкіндіктерді пайдалану мақсатында бизнес қоғамдастықпен белсенді бірлескен жұмыс жалғасатын болады. Жаһандық сауда экономикалық жүйеге одан әрі ықпалдасу мақсатында сыртқы экономикалық саясатта басым мақсаттардың бірі КО бойынша әріптес елдермен тығыз үйлестіре отырып, ДСҰ-ға Қазақстанның кіруі үдерісін жылдамдату болып табылады.

Бизнес үшін қосылған құны жоғары өндірістерді қолдаудың тұтастай жүйелі шаралар жиынтығы, жаңа технологиялар трансферті, отандық инновациялық шешімдерді әзірлеу, өнім экспортын ілгерілету, өнім шығаруға ұзақ мерзімді тапсырыс қамтамасыз етілетін болады.

Инвесторлар үшін экономиканың шикізаттық емес салаларында қосымша ынталандыру шаралары, соның ішінде арнайы экономикалық аймақтар есебінен де жасалатын болады.

Кәсіпкерлікті, соның ішінде шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау үшін Бизнестің жол картасы 2020-ны жүзеге асыру төрт: бизнес-бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету және кәсіпкерлік әлеуетті күшейту бағыттарында жалғасатын болады.

Мұнайлық емес тапшылықты қысқарту, Ұлттық қор активтерін арттыру және бюджет қаражатын тиімді пайдалану арқылы теңгерімді бюджетті қамтамасыз ету фискалдық саясатты іске асыру барысында басым міндеттер болып табылады.

Ішкі нарықта бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеуді реттеу және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету 2011 жылғы экономикалық саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болады.

Бұл үшін Үкімет және жергілікті атқарушы органдар тарапынан көтерме (коммуналдық) азық-түлік базарларын және сауда инфрақұрылымын дамыту, ішкі нарықты отандық өніммен молықтыру, табиғи монополия субъектілерінің қызметіне баға белгілеуді реттеу жұмыстары жалғас-тырылады.

2011 жылы Ұлттық Банк ең төменгі резервтік талаптар тетігін жетілдіру және оны қолдану тиімділігін арттыру жұмысын бастайды.

Қазақстан экспортының негізгі тауарларына қолайлы әлемдік баға конъюнктурасы және ұлттық валютаның тұрақтылығы жағдайында Ұлттық Банк валюта бағамының басқарылатын құбылмалы режиміне көшуді жоспарлап отыр.

Қазақстанның қаржы жүйесінің дамуы саласындағы саясат қаржы секторының тұрақтылығын, ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталады.

 

Әдебиет

  1. Воронов А. Конкуренция в XXΙ веке // Маркетинг – 2005- № 5-б. 16-25.
  2. Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы.
  3. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылдың 28 қаңтарындағы Жарлығы.
  4. Аубакиров Я. А. Национальная экономика: теоретико-методологические и практические проблемы развития: Сб. науч.тр.-Алматы: Триумф «Т», 2009.-409с. 2. ҚР ҰМ. 136-қор, 1-тізім, 300-іс, 197-198пп. 3. Назарбаев Н.Ә.
  5. «Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары». //Елбасы жолдады- Елі қолдады. 1 том. Құрастырушылар: Г. Тәңірбергенова, Қ. Қалилаханова, Б. Имансерікова, Р. Әлімбеков-Астана: Күлтегін, 2008 жыл.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.