Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Отбасы ішіндегі зорлық-зомбылықтың алдын-алу негіздері

Қазақстан Республикасындағы жалпы әлеуметтік және экономикалық ахуалдың қазіргі кездегі жағдайында отбасы ішіндегі зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекет проблемасы өте өзекті. Ел үшін күрделі кезеңде келеңсіз үдерістердің дамуы тұрақсыздандыру құбылыстарына әкеледі, сол сияқты отбасына да келеңсіз әсерін тигізеді.

Қазіргі заманғы отбасы көптеген қолайсыз, кейде тіпті криминогендік факторлардың аясында дағдарысты басынан кешіп отыр. Ер адам мен әйел арасындағы қарым-қатынастар заңды түрде бекітуді мұқтаж етеді. Ерлі-зайыптылар арасындағы өзара қарым-қатынастардың үйреншікті қалпы бұзылды: отбасы өз тұрақтылығынан айырылды, айырылысу ерекше фактіден қалыптыға айналды, ата-ананың ықпалы әлсіреді. Туыстар арасындағы даулар жиі қылмысты сипатта: ұрып-соғудан кісі өлтіруге дейін орын алуда.

Әке мен анаға, ата мен әжеге деген құрметтің бастапқы түп қазығы жоғалуда, мүмкін моральдық және этикалық құндылықтардың дағдарысы өскелең ұрпақтың тәрбиелілігінің деңгейіне әсерін тигізгендіктен шығар. Сондықтан қазіргі балалардың жағдайын «қаңбақ» синдромы ретінде белгілеуге болады. Өсіп келе жатқан ұрпақ қаңбақ өсімдігі секілді бір құндылықтардан алшақтады (кеңес кезеңіндегі тәрбие салдары), бірақ басқаларға, былайша айтқанда жаңа нысандағы «әке мен бала» қарым-қатынастарына әлі жеткен жоқ, себебі тіпті олардың ата-аналарының өздері қоғам өмірінің қазіргі болмысы аясындағы адамгершілік-этикалық көзқарасын анықтай алмай отыр. Біз шамалы адасу үстіндеміз, сондықтан бізге ұлы Абайдың «Қара сөздерінде» (бірінші сөз) айтып өткен жағдайды еске алуымыз жөн болар: «Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен көрерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам...?».

Отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық жағдайында, жалдамалы кісі өлтірушілер оғынан гөрі, туыстардың қолынан мерт болуы анағұрлым жиі кездесетіндіктен қоғамға үлкен қауіп төндіреді. Кез келген тұлға, оның ішінде кісі өлтіруші (киллер) мен қарақшы тұлғасы да жанұяда қалыптасады, яғни сол жерде жасалатын, әсіресе құқыққа қайшы зорлық-зомбылық іс-әрекеттерінің маңыздылығы ерекше. Осындай жағдайларда отбасы адамның психологиялық қорғаныс орталығы рөлін атқара алмайды, тәрбиелеу функцияларын орындай алмайды. Отбасы ішінде зорлық-зомбылықтың орын алуы және осы себептен жеке тұлғаның бала кезінде қолайсыз жағдайда қалыптасуы көбінесе қатыгездікті тудырады, келешекте балалардың құқық бұзушылық әрекеттерін жасауына итермелейді, қоғамға адамгершілік жағынан орны толмас зиян келтіреді.

Сол сияқты отбасы ішіндегі агрессияның зияндылығы сол, жыл сайын жанжалды отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастардағы барлық кісі өлімінің үштен аса бөлігін өздерін қорғай алмайтын балалар, қарттар, мүгедектер мен әйелдер құрайды. Зорлық- зомбылық әрекеттері ерекше қоғамдық пікірді қалыптастырады. Құқық қорғау органдарының, соттардың, денсаулық сақтау органдарының, әлеуметтік қамтамасыз ету органдарының қызметтеріне, отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарына баспана ұстауына және әлеуметтік сақтандыру жүйесіне едәуір ақша қаражаты жұмсалады .

Қазақстанда отбасылық криминология жалпы криминологиялық ғылым арнасында қалыптасты. Ол қалыптасқан ұғымдар аппараты, ғылыми базасы мен белгілі зерттеу саласы бар әлеуметтік-құқықтық тәртіпті білдіреді, оның негізіне қылмыстылық пен отбасы институтының өзара тәуелділігі жатады.

Отбасылық криминология (отбасылық қарым-қатынастардың криминологиясы, криминофамилистика), жалпы криминологияның саласы бола тұрып, отбасылық саланыңкриминогендік факторларын және оларды айқындайтын қылмыстық мінез-құлығын, сондай-ақ қылмысқа қарсы іс-әрекет көрсету мақсатында оларға деген әлеуметтік ықпалын зерттейді. Криминофамилистика ең ірі криминологиялық проблемаларды отбасылық қарым-қатынастардың төңірегінде қарастырады. Бұл проблемаларға:

  • отбасы ішіндегі ер адамдардың және әйелдердің қылмыстық мінезқұлқын қоса алғанда, отбасы ішіндегі қылмыстар;
  • отбасының кәмелетке толмағандардың қылмыстылығына әсері;
  • отбасының пайдакүнемдік пен зорлық-зомбылықты қылмыскердің жеке басының қалыптасуына әсері;
  • отбасының қылмыстардың қайталануына әсері;
  • қылмыстардың жаппай молаюының отбасылық себептер тетігі;
  • отбасына ықпал ету арқылы қылмыстардың алдын алу жатады.

Ғылыми әдебиетте отбасы - тұрмыс пен өзара жауапкершіліктің ортақтастығына байланысты адамдардың некеге немесе қандас туыстыққа негізделген бірлестігі ретінде қаралады.

Отбасы ішіндегі қарым-қатынастардың деформациясын зерттеуде отбасылардың типологиясы маңызды рөл атқарады. Өзінің криминологиялық маңыздылығы бойынша отбасыларын сау, бейімделген және девиантты деп бөлуге болады:

Сау отбасы – бұл бұзылған экономикалық және әлеуметтік-психологиялық үдерістердің ықпалына түспеген отбасы, оның мүшелері толық дене, рухани және әлеуметтік әл-ауқатының жағдайында өмір сүруде. Осындай отбасылар арасында бақытты отбасылар қалыптасады.

Бейімделген отбасы – бұл отбасы ішіндегі қарым-қатынастары келісушілікпен, өзара түсіністікпен, тұрақтылықпен сипатталатын отбасы. Сау отбасына қарағанда, ол жайсыздау, бірақ оның заңға бағынатын мүшелері отбасының басқа мүшелерінің мүдделеріне, мінездеріне, дәстүрлеріне, қылықтарына сәйкес негізгі мұқтаждықтарын қанағаттандырады, шеттету жоқ, оларда тұлғааралық қарым-қатынастардағы даулылықтың, шиеленушіліктің төмен деңгейі ерекшеленеді, тұрмысы өте жоғары деңгейде.

Девиантты отбасы – бұл жоғары әлеуметтік бақылауды қажет ететін отбасы. Осы отбасы трансцендентті және сәтсіз болып екі түрге бөлінеді.

Әлеуметтанушылар ішкі істер органдары үшін профилактиканың маңызды объектісі болып табылатын, тұрмысы қолайсыз отбасыларды проблемалы (немесе әлеуметтен тыс отбасылар) және ұйымдастырылмаған деп шартты түрде бөледі.

Проблемалы отбасы (немесе әлеуметтен тыс отбасы) – бұл мүшесі (мүшелері) мүгедектікке, науқасқа, отбасы ішіндегі жанжалдар мен қатыгез қарым-қатынасқа, жұмыссыздыққа, сондай-ақ олардың өмір тіршілігін бұзатын өзге де мән-жайларға байланысты қиын өмірлік жағдайға тап болған және проблеманы дербес шеше алмайтын отбасы. Отбасы ішіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі, өзара түсінушіліктің болмауы, бірге тұру жайлылығының жоқтығы отбасы ішіндегі және одан тыс саладағы жанжалдардан, заңсыз мінез-құлықтан байқалады.

Проблемалы отбасының өзі дағдарысты және криминогендік отбасы болып бөлінеді.

Дағдарысты отбасы – бұл күтпеген жағдайлардың пайда болуы салдарынан (өз күшімен еңсерілмейтін) мемлекет тарапынан жедел әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы. Оларға өртке ұшыраған отбасыларды, оқыс оқиға нәтижесінде ата-анасыз қалған отбасыларды жатқызуға болады.

Криминогендік отбасы - отбасылардың үш түрінен құрылған: жанжалды, әлеуметсізденген және қылмысты.

Жанжалды отбасы – бұл отбасы ішінде жанжалдардың болуы отбасының ішінде, сондай-ақ одан тыс жерлерде қылмыстардың белгілі бір түрінің жасалуына мүмкіндік туғыза алады.

Әлеуметсізденген отбасы – мүшесінің қылмыс жасауына мүмкіндік туғызатын не оған қарсы әрекет етпейтін отбасы.

Қылмысты отбасы – бұл заңға қайшы бірлескен әрекетке туысқандарды тартумен қылмысты топ болып жасалатын және олардың қылмыстық мінез-құлқын мақсатты түрде тудыратын отбасы.

Отбасылық зорлық-зомбылық отбасы ішіндегі тұлғалардың өзара әрекеттесуінің ең шұғыл жанжалды нысаны ретінде күш көрсету зорлық-зомбылығын, экономикалық, психологиялық және жыныстық зорлық-зомбылықты қамтиды.

Күш көрсету зорлық-зомбылығы – отбасы мүшелерінің және олармен келісіп өзге де адамдардың жәбірленушіге дене жарақатын келтіруі, сондай-ақ бас бостандығынан, үйінен, тамағынан және қалыпты өмірдің басқа да жағдайларынан айыруы, бұл жеке тұлғаның дене және психикалық денсаулығының бұзылуына, өліміне, ар-намысы мен абыройына зиян келтіруі мүмкін.

Психологиялық зорлық-зомбылық – жәбірленушінің ар-намысы мен абыройын қасақана кемсіту, оның өміріне қауіп төндіретін, денсаулығына зиян келтіретін немесе психикалық даму мен денсаулығының бұзылуына әкелетін қоғамдық қаупі бар әрекеттерді қорқыту, бопсалау, қорлау, алдау жолымен жасауға мәжбүрлеу.

Жыныстық зорлық-зомбылық – жеке тұлғаның жыныстық тиіспеушілігіне қол сұғу, сондай-ақ отбасы мүшесінің тарапынан педофилия фактілерін қоса алғанда, оның психикалық-жыныстық дамуын бұзатын өзге де іс-әрекеттер.

Экономикалық зорлық-зомбылық – адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру, бұл дене саулығының және (немесе) психикалық денсаулығының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін .

Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл ұғымды профессор Д. А. Шестаков жақсы тұжырымдайды. Ол отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық қылмысы деп - отбасының бір мүшесінің басқа мүшесіне қарсы жасайтын, оның өміріне, денсаулығына, бостандығына, ар-намысына, абыройы мен жыныстық еркіндігі мен тәуелсіздігіне қол сұғатын қылмыс деп түсіндіреді.

Криминологиялық жағынан отбасы ішіндегі қылмыстардың қатарына ананың жаңа туған сәбиді өлтіруін қоса алғанда, заңды түрде тіркелген, сондай-ақ тіркелмеген отбасы ішінде жасалған қылмыстарды жатқызған жөн.

Қазіргі кезде отбасы ішіндегі қылмыстық зорлық-зомбылық маңызды әлеуметтік проблемалар қатарына шығуда. Отбасы-тұрмыстық саласындағы қылмысты мінез-құлық өзінің едәуір таралуына орай қоғамға елеулі зиян келтіреді.

Осы саладағы криминологиялық және қылмыстық-құқықтық зерттеулердің маңыздылығы адам құндылықтарының жүйесіндегі, адам тарихының өзінде отбасылық- тұрмыстық қарым-қатынастардың ерекше орнымен айқындалады. Бұл отбасы қоғам мен мемлекет тарапынан тұрақты әрі сенімді қорғауды мұқтаж ететін, қоғамның табиғи және басты ұясы ретінде әлем шеңберінен тануынан байқалады.

Отбасы ішіндегі қылмыстық зорлық-зомбылық мән-жайларын анықтау – маңызды әрі өте күрделі міндет. Криминологияда қылмыс себептерінің проблемасы әрқашан да ғалымдар мен практиктердің аса қызығушылықтарын туғызады, өйткені бұл проблеманы шешу криминологиялық теорияның ғылыми мазмұнын, оның қолданбалы бағыттылығын және құқық қорғау қызметінің негізгі жолдарын айқындайды.

Қазіргі кезде отбасы ішіндегі қылмыстық зорлық-зомбылықтың детерминациялау проблемасын зерттеу қажеттілігі туды.

Жаһанды экономикалық дағдарыстың өзі де, өндірістің тоқтауы, жұмыссыздықтың өсуі және осының аясында отбасы мен ұжымда қалыптасып келе жатқан психоэмоциялық ахуал белгілі бір дәрежеде отбасы ішіндегі қылмыстық зорлық-зомбылықтың детерминанты ретінде көрінеді, тіпті отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық қылмыстардың генезисі де өзгеруде, отбасы ішіндегі зорлық-зомбылықтың криминогендік факторлар жүйесі құқық нормаларын айтпағанда, этикалық және моральдық нормалардың барлыққырларын өшіреді, зорлық-зомбылық бағыттағы криминогендік факторлардың отбасына ықпал ету диалектикасыОтбасы қолайсыздығының алуан түрлілігі және тіпті объективтік сипаттағы қолайсыз факторлар психоэмоциялық және денесіне тиіспеушілік құқығына қол сұғу түріндегі ауыр салдарларға әкеледі, бірақ біз үшін маңызды нәрсе - қазіргі кезде рухани қауіпсіздік бұзылуда және қазақ халқының бүкіл генетикалық қоры үшін қауіп төнуде. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының рөлі аса орынды.

Біз үшін «отбасылық қарым-қатынастар» - бұл үй, баспана, балалар, жайлылық пен сенімділік, қорғаныш, онда біз балалық шақтың елесін, ата-ананың балаға деген махаббатын, сондай-ақ, әже мен ата, аға мен әпке арасындағы өзара қарым-қатынастарын есімізге түсіреміз. Осылайша, отбасы бұл біз үшін әлем жайындағы алғашқы бейнелер, қарым-қатынастың алғашқы әрі өте маңызды сабақтары.

Бірақ, кейде «үй» сөзі ассоциациялағанда қарама-қарсы «зорлық-зомбылық» сөзімен үйлеседі. «Үйдегі зорлық-зомбылық» сөз тіркесі – біреулер үшін ақылға сыймайтын, ал біреулер үшін шындық болып табылады. Өзіне төнген қауіпті сезіп, күндіз де, түнде де, жауын-шашында да үйден далаға қашып кететіндер үшін ол - шындық, себебі үйде зорлық-зомбылық жасалады.

Үйдегі зорлық-зомбылық, бүгінгі күнде отбасы ішіндегі келеңсіз жағдай ғана емес, сондай-ақ тұтас қоғам өмірінің тіршілігі. Өйткені отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық оның тіршілік әрекетін бүлдіріп қана қоймай, жалпы қоғамның қауіпсіздігін де бұзады.

Махназ Афкали зорлық-зомбылыққа анықтама бере отырып, «күші көп адамдардың күші аз адамдарға қатысты жасайтын зорлық-зомбылық актілері» деп жазған пікірімен келісу керек, кейін өз ойын жалғастыра келе, ол «адам күші үш қырынан байқалады: бірінші қыры – сыйақылар, бұл бір кісі жасаған іс-әрекет үшін екінші кісі сый бергенде болады, екінші қырының мәні - ықпал етуде, яғни қоғамның беделді мүшелері және сол беделді жеткізуге көмектесетін бұқаралық ақпарат құралдары адамдарға мінез- құлықтың қандай түрін мақұлдауға болатынын білдіреді. Ал билікті ұстауға көмектесетін үшінші қырының мәні - жазалауда немесе жаза қаупінде» деп қорытындылаған.

Отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық – бұл бақылау орнату мен өз билігін бекіту мақсатында күш көрсету, сөзбен, рухани және экономикалық қорлаудың қайталанатын, жиіленетін кезеңі, яғни бұл бір адам басқа адамның мінез-құлқы мен сезімін бақылайтын не бақылауға әрекет жасайтын жағдайы. Зорлық-зомбылық әдістері ретінде түрлі мінез- құлық болуы мүмкін, мысалы, жеке абырой сезімін кемсіту, өзін-өзі төмен бағалауына итермелеу, қорқыту, кінә сезімін, қорқуды, әлсіздігі мен толық тәуелді екендігіне сендіру.

Отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық дүние жүзінің барлық елдеріндегі алуан түрлі отбасыларында (қоғамның түрлі топтарында) орын алады және отбасының барлық мүшелеріне қатысты жасалады. Алайда, жалпыланған санат болып есептелетін үйдегі зорлық-зомбылық ішінде жәбірленушілер мен құрбандар арасындағы қарым- қатынастардың табиғатын айқындайтын өзгеше санаттар бар екенін айта кету керек. Оларға, мысалы, балаларға, зайыбына немесе серіктесіне қатысты, сонымен қатар қарт адамдарға қатысты жасалған зорлық-зомбылықты жатқызуға болады.

Зорлық-зомбылықтың отбасы өміріне кеңінен енуі отбасының құлдырауына және отбасылық тәрбиелеу деңгейінің төмендеуіне әкелетін қолайсыздыққа ұшырататын келеңсіздіктер бар, бұл балалардың қараусыз қалуына әкеледі және кәмелетке толмағандар жасайтын құқық бұзушылық санының өсуіне (жеткіншектер маскүнемдікке, жезөкшелікке, сондай-ақ қылмыстық қызметке тартылады) мүмкіндік жасайды.

Жалпыланған санат ретіндегі үйдегі зорлық-зомбылық ішінде жәбірленуші және құрбан арасындағы қарым-қатынастардың табиғатымен, сонымен қатар өмірлерінің жағдайларымен айқындалатын өзгеше санаттар бар екенін айттық. Мысалы:

  • балаларға қатыгездiкnен қарау;
  • зайыбына немесе серіктес адамына қарсы бағытталған зорлық зомбылық [12, 33-б.];
  • қарттарға қатысты зорлық-зомбылық.

Басқа елдердегі жағдай да мәз емес. Ғылыми зерттеулердің деректері бойынша, белгілі бір түрдегі зорлық-зомбылық әр төртінші отбасы ішінде байқалады. Кісі өлтірудің жалпы санының шамамен 30 пайызы отбасы ішінде жасалады. Тұрмыстық себептерге (қызғаншақтық, алкоголизм, бұзақылық) байланысты болып келеді, осыған дейін барлық қылмыстардың жартысы дерлік ұзақ уақыт отбасылық ұрыс-керістер болып келеді.

Отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шегетін тағы бір санат – балалар, олар өздеріне қатысты зорлық-зомбылық іс-әрекеттерін жасайтын адамдарға құқықтық жағынан тәуелді болады. Оларды қинаушылар, әдетте, заң бойынша олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға міндетті ата-аналары болып табылады. 14 жасқа дейінгі баланы ата-анасы ұрады. Бұл кейде балалардың өліміне әкеледі, кейбіреулері ата-аналарынан құтылу үшін үйінен кетеді, ал кейбір кәмелетке толмаған балалар жоғалып, оларға іздеу жарияланған.

Қазақстан Республикасындағы «Баланың құқықтары туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, «әр6ір баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қаgiр-қасиетiне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы бар, мемлекет баланың жеке басына ешкǐмнщ тиǐспеуǐн қамтамасыз етедǐ, оны тәнін және (немесе) жанын жәбiрлеуден, адамдық қадiр- қасиетш қатыгездiкпен, дөрекiлiкпен қорлаудан, кемсǐтуден, жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерден, баланы қылмыстық іс-әрекетке және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан, және оны адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекǐтǐлген құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлершен қорғауды жүзеге асырады» , - делінген.

Отбасы ішіндегі қатыгез қарым-қатынасты көбінесе 6-7 жастағы балалар бастан кешіреді; өз ата-аналары, өгей әкелері (шешелері), анасымен (әкесімен) бірге тұратын адамдары үнемі ұрып-соғатын мұндай балалардың дамуы тоқтайды, көптеген дене және психоэмоциялық науқастарға шалдығады. Көптеген балалар «мастық педагогиканың» құрбандары болып жатады, бұл жағдай балалар үшін қайғылы оқиғаға әкеп соғады. Көбінесе ата-аналардың өздері маскүнемдікке салынып қана қоймай, оған өз балаларын да тартады, олармен бірге спирт ішімдіктерін немесе есеңгірететін заттарды қолданады.

Теледидарда хабарлағандай, үстіміздегі жылдың басында (қаңтар-мамыр) тек Астана мен Алматы қалаларында 180 жасөспірім отбасы ішінде ата-аналардың қолынан құрбан болған. Оның 17-сі өз-өзіне қол жұмсаған.

Дүние жүзінің ең дамыған елі АҚШ-та мынадай деректер жарияланды:

  • отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық құрбандарының шамамен 97 % - әйелдер (АҚШ, Әділет департаменті);
  • әр 9 секунд сайын әйелдерді ұрады; жылына 4 миллионнан астам әйел ұрып соғу жағдайына ұшырайды (Отбасы ішіндегі зорлық-зомбылықтың жолын кесу жөніндегі қор);
  • отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық салдарынан орташа есеппен алғанда күніне 4 әйел өлтіріледі;
  • әр екінші әйел өз өмірінде зорлық-зомбылықпен байланысты оқиғаға кез болады (Гарвард университеті заң факультетінің «Әйелдерді - зорлық-зомбылық құрбандарын қорғау жөніндегі жобасы»);
  • әйел адамның туған адамдарының жасаған қылмыстарынан құрбан болуы 6 есе жиі кездеседі (Сенаттың Заң есебі, 1992 ж.)
  • өздерін қинаған адамдардан кетіп қалған әйелдерге, кетпей қалғандарға қарағанда, қинаушыларының өлтіруі мүмкін деген қауіптің төнуі 75 %-ға жиірек;
  • барлық панасыз әйелдер мен балалардың 50% отбасы ішіндегі зорлық- зомбылықтан құтқарылады;
  • 1992 жылы өлтірілген әйелдердің 30% күйеулері немесе бірге тұратын адамдары өлтірген (ФТБ).

Сонымен қатар, Федералдық Тергеу бюросының (Federal Bureau of Investigations) 2000 жылы АҚШ-тағы қылмыстылық туралы есебі бойынша туған-туыстар мен таныс адамдар арасындағы ұрыс-керіс кезінде жасалатын, былайша айтқанда, «тұрмыстық» себеппен кісі өлтіру біршама пайызды құрайды: 44% жағдайда кісі өлтіруші адам өзінің құрбанымен ұзақ уақыт бойы таныс болған, ал 13,4 % жағдайда олар туыстық қатынаста болды. Әр үшінші әйелді (33%) күйеуі не ашынасы өлтірді, әйелдерінің және ашына әйелдерінің өздері 3% ер адамдардың өлуіне кінәлі болды, сондықтан АҚШ-тағы әйелдердің құқықтарын қорғайтын ұйымдар бұл факт әйелдердің отбасы жанжалдарындағы осалдығын тағы да дәлелдейді деп санайды.

Дүние жүзінің қалған елдерінде де істің мән-жайы қуантарлықтай емес. Статистикалық деректерге сәйкес бүкіл дүние жүзіндегі әйелдердің 20%-нан 50%-на дейін өз отбасыларында зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Австрияда барлық кісі өлтіру фактілерінің 54% отбасы ішінде жасалады, құрбандардың 90% әйелдер мен балалар. Ұлыбританияда күш көрсету зорлық-зомбылығына әйелдердің әр төртіншісінен бастап әр оныншысы кез болады. Канадада қыздардың төрттен бір бөлігі 17 жасқа толмай-ақ жыныстық зорлық-зомбылық құрбаны. Коста-Рикада, жас аналармен жұмыс істейтін ұйымдардың статистикасы бойынша, оларға келушілердің ішіндегі 16 жасқа толмағандардың 95%-ы жүктілікті бастан кешірген («Әйелдерге қатысты жыныстық зорлық-зомбылық» баптарының жинағынан, Амстердам).

Ұлыбританияда өткізілген зерттеулерге сәйкес әр минут сайын тұрмыстық зорлық- зомбылық туралы хабарлайтын 999 қоңырау тіркеледі, олардың құрбандарының 80%-нан астамы әйелдер. Тұрмыстық зорлық-зомбылықты зерттеу жөніндегі жобаның директоры профессор Станко деректерге талдау жүргізіп, жыл сайын бүкіл мемлекет ауқымында жарты миллионнан аса тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары тіркелетінін көрсетті. Сонымен қатар, ол нақты жағдай одан да көп екеніне назар аударды, себебі көптеген оқиғалар тіркелмейді екен. Британиялық қылмыстық статистиканың көмегімен, ол Біріккен Корольдықта тұрмыстық зорлық-зомбылық әр 6 секунд сайын жасалатынын санап шығарды. Барлық зорлық-зомбылық жағдайларының төртінші бөлігі тұрмыстық жағдайда жасалады, өлтірілген әйелдердің жартысын олардың күйеулері өлтірді – осылайша, әр үш күн сайын бір әйел өз серіктесінің қолынан қаза табады. Әйел полицияға өтініш жасамас бұрын, орташа есеппен алғанда 35 рет шабуылға тап болады.

Қазақстанның мемлекеттік органдарының 1999 жылы өткізген сауалнамасына сәйкес, сұралған әйелдердің 28 пайызы өздерінің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғаны туралы айтқан. Сауалнамаға қатысушылардың көбісі тұрмыстық зорлық-зомбылық ретінде экономикалық құқықтарды кемсіту не психологиялық зорлық- зомбылықты емес, күш көрсету және жыныстық зорлық-зомбылық іс-әрекеттерін көрсеткен. Өкінішке орай, зорлық-зомбылықтың көп бөлігі балалар болған кезде жасалады, ұру мен зорлауды қоса алғанда, зорлық-зомбылық актілерінің шамамен 50%-ы балалардың көзінше жасалады.

Елімізде 24 дағдарыс орталығы бар. Дағдарыс орталығының (зорлық-зомбылықты бастан кешірген әйелдер тобы құрған коммерциялық емес қоғамдық ұйым) сенім телефонына түскен қоңыраулар мен өтініштердің талдауы және мониторингі жасалады, жұмыс кезінде орталық қызметтері бетпе-бет кеңес берулерді жүзеге асырады. Осыдан зорлық-зомбылық көбінесе туыстары тарапынан болатыны көрінеді, жиірек психикалық зорлық-зомбылықты пайдаланады.

1995 жылдың 4-15 қыркүйек аралығында Пекинде өткен әйелдердің жағдайы жөніндегі «Теңдік, даму және бейбітшілік мүддесіндегі іс-әрекеттер» атты IV Дүние жүзілік конференция гендерлік проблеманы көтере отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының елуінші сессиясында Пекин декларациясы мен Конференция бекіткен Іс-әрекеттер платформасын қолдауды ұсынып, Пекин декларациясы мен Іс- әрекеттер платформасын бекітті.

Бірге тұруға және жезөкшелікке, педофилияға мәжбүрлеу, зорлау, алкоголизм және нашақорлық аясында тұрмыстық зорлық-зомбылық пен кісі өлтіру, садизм, жүйелі түрде ұру және психологиялық зорлық-зомбылық секілді әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық түрлерінің анық байқалатын нысандарын айтып өтіп, Қазақстандағы Отбасы жағдайын жақсарту тұжырымдамасы өз алдына мынадай мақсаттар мен міндеттерді белгіледі:

  • отбасының кез келген мүшесіне қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оны жою;
  • олардың құқықтарын қорғау.

Алайда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізудің барлық құралдары орындалды деп айтуға болмайды. Мысалы, отбасы ішіндегі зорлық-зомбылыққа қатысты адам құқықтары жөніндегі халықаралық-құқықтық нормалар мен құжаттар, атап айтқанда «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою (түбірімен құрту) туралы» декларация бекітілмеді, заңнаманың гендерлік сараптамасы жүргізілмеді.

Зорлық-зомбылықтың себептері өте көп. Олар социомәдени, психологиялық, экономикалық және өзге де факторлардың үйлесуімен айқындалады, олардың ешқайсысына осы құбылыс үшін жауапкершілік артылмайды.

Қоғамның мәдени дамуының жалпы деңгейі зорлық-зомбылықтың ең күрделі әрі маңызды себептерінің бірі болып табылады.

Егер жыныстық зорлық-зомбылық проблемасы туралы айтатын болсақ, онда көптеген психолог-зерттеушілердің пікірінше, зорлау – бұл тек қана секс проблемасы емес, сонымен қатар биліктің де проблемасы. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық отбасы мен қоғамдағы ер адамдар мен әйел адамдар арасындағы тарихи қалыптасқан тең емес биліктік қарым-қатынас көріністерінің бірі болып табылады, ол ер адамдардың басым болуына және олардың тарапынан әйелдерге қатысты кемсітушілік көрсетуге алып келді. Алайда бұл жағдайда тек әйел ғана азап шекпейді, ер кісі де азап шегеді және ең алдымен, оған батылдық таптаурындары, соңғы уақыттары нағыз ер кісінің бейнесі кісі өлтірушімен, зорлаушымен, басқыншымен теңдестірілген фильмдер мен кітаптардың қиратушы толқыны ықпал етеді. Егер ер кісі мейірімді болса, онда ол бұқаралық ақпарат құралдары иландыратын бейнелерге сәйкессіздігін сезінеді. Өкінішке орай, жақыннан бастап Беларусь, әйел тек қана сексуалды объект ретінде көрінетін бұқаралық мәдениеттің үздік туындыларына жата қоймайтын бейнелермен ерекшелене бастады. Отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық, атап айтқанда, зорлауды немесе жыныстық езгіні бейнелейтін көріністер, порнографияны қоса алғанда, әйелдер мен қыздарды жыныстық құмарлықтың заты ретінде пайдалану зорлық-зомбылықтың таралуына жәрдемдесетін факторлар болып табылады және қоғамның рухани өміріне, жыныстар арасындағы қарым-қатынастарға жағымсыз ықпал етеді. Ер кісі өзінің табиғатынан белсенді, басқыншы, ал әйел – енжар, қайырымды деген аңыз санамызға енгізілуде. Бірақ, расында да ер кісі әйелді кемсіте ме? Зерттеушілер жиі-жиі оның олай емес екені туралы қорытындыға келетін болды. Патриархаттық мәдениетке негізделен қоғам екі жынысты да кемсітеді және айла жасайды, ол қоғамның ізгіленуіне кедергі келтіреді.

 

Әдебиет

  1. Джекебаев У.С. О социально-психологических аспектах.- Алма-Ата, 1971.
  2. Абай. Қара сөздер // www.nabrk.kz.
  3. Сарсенбаев Т.Е. Теория и практика охраны прав и законных интересов беспомощных жертв преступления в досудебном производстве (по материалам Казахстана и России): автореф…д.ю.н.- М., 2005. – 52 с.
  4. Шестаков Д.А. Криминология: Новые подходы к преступлению и преступности: Противодействие преступности в изменяющемся мире: учебник. 2-е изд., перераб. и доп. / предисл. В.П. Сальникова. – СПб.: Издательство Р.Асланова «Юридический центр Пресс», 2006. – 561 с.
  5. Побегайло А.Э. Семейное неблагополучие в системе детерминации преступного поведения несовершеннолетних: дисс. ... канд. юрид. наук. – М., 2007. – 30 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.