Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қарағанды аймақтағы туристік-рекреациялық ресурстарды әлеуметтік-экономикалық бағалау

Теория және практикалық мәні нарықтық экономика жағдайында туризмді дамыту жолдарының бір бағыты болып табылатын туристік-рекреациялық ресурстарды әлеуметтік-экономикалық бағалауды теориялық негіздеу қарастырылды. Практикалық жағдайлары Қарағанды аймағының туристік-рекреациялық потенциалының ерекшелігі, бағалау мен оның дамуына негіз болып табылады. Мақаланың теориялық және қолданбалы жағдайлары Қарағанды аймағының туристік саласының, туристік-рекреациялық ресурстарын бағалай отырып, туризмді дамыту механизмдерін, басым бағыттарын жетілдіруде қолданылуы мүмкін, ал практикалық қолданысы аймақтағы туристік- рекреациялық ресурстарды тиімді пайдалану арқылы жалпы туристік саланы дамытуға, туристік ағымды ұлғайтуға, көрсетілетін қызметтер көлемін жоғарылатып, соның нәтижесінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруді қарастыру болып табылады.

Қазақстан қазіргі уақытта әлеуметтік- потенциалы маңызды құрылушы бағыт болып экономикалық мүмкіндігі бар және табиғи табылады. Әлемдік туристік нарыққа Қазақстан интеграциясының басты мақсаты халықаралық және ішкі нарықта ұсынуға болатын тартымды туристік өнімді шығаруды талап етеді. Осы орайда, Қарағанды облысының туристік әлеуеті жоғары және сапалы туристік өнім қалыптастыруға алғышарттар бар екенін атап өтуге болады. Қарағанды облысының туристік-рекреациялық шаруашылығы жергілікті рекреациялық ресурстар және қажеттіліктер әсерімен құрылған, олар қысқа және ұзақ мерзімде демалуда тұрғындардың қажеттілігін қанағаттандыруға бейімделген. Бірақ туристік инфрақұрылымдарды жаңарту және сапасын жоғарылату мәселесі қазіргі таңда өзекті болып отыр. Оның басты артықшылығы одан да көп жұмыс орындарын құру мүмкіндігі болып отыр. Бұл салада бір жұмыс орнын құру өнеркәсіпке қарағанда 10 есе арзан. Жалпы атап өтілгендей, туризм индустриясының негізі - инфрақұрылым. Оның құрамына туристік ұйымдар, орналастыру орындары және мейрамханалар, көлік және коммуникация түрлері, туристік-рекреациялық объектілер және т.б. кіреді. Қарағанды облысының қазіргі туристік инфрақұрылымы орналасу және тамақтану объектілерімен, транспорттық және коммуникациялық жүйемен, тағы басқаларымен көрсетілген. Сондықтан, аймақтағы туристік инфрақұрылым жағдайын талдап өту қажет. 1 кестеде орналастыру орындарының 2012-2014 жылдар аралығындағы көрсеткіштері ұсынылған.

Кесте 1. - Қарағанды облысының орналастыру орындарының негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштері

Жылдар

2012

2013

2014

Орналастыру орындарының саны, бірлік

148

165

182

Қызмет көрсетілген адам саны, адам

212656

214983

260918

Көрсетілген қызмет көлемі, мың теңге

2706496,8

2884647,3

3399112,3

Е с к е р т у - зерттеу мәліметтері негізінде авторлар өзі құрастырған

Көрсеткіштері

Жылдар

2012

2013

2014

Барлығы Соның ішінде,

212656

214983

260918

Еңбек демалысы және демалыс

72220

70325

124032

Туыстар мен достарға бару

6769

14436

-

Іскерлік және кәсіби мақсаттар

132660

118450

136249

Емдік және сауықтыру емшаралары

223

543

-

Дін және қажылық

-

12

-

Дүкендерді аралау

784

75

-

Өзге де мақсаттар

-

11142

637

Е с к е р т у - зерттеу мәліметтері негізінде авторлар өзі құрастырған

Кесте 2. - Орналастыру орындарымен сапар мақсаттары бойынша қызмет көрсетілген келушілер, адам

Жоғарыда ұсынылған кестені талдай келе, 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда орналастыру орындарының саны 12 %-ға, қызмет көрсетілген адам саны көрсеткіші 2 %-ға, ал көрсетілген қызмет көлемі 7 %-ға жоғарыласа, 2014 жылы 2013 жылға қарағанда орналастыру орындары 10 %-ға, қызмет көрсетілген адам саны 21 %-ға, көрсетілген қызмет көлемі 18 %- ға өскенін байқауға болады. Осы келушілерді сапар мақсаттарына байланысты топтастырып, келесі 2 кестеде талданды.

Орналастыру орындарымен сапар мақсаттары бойынша қызмет көрсетілген келушілердің (кесте 2) ішінде басым бөлігі іскерлік және кәсіби мақсат (2014 жылы жалпы көрсеткіштің 51 % құраған) пен еңбек демалысы және демалыс (2014 жылы жалпы көрсеткіштің 47 % құраған) мақстында және өзге де мақсаттармен (2 %) келген адамдар. Ал басқа мақсаттарда келген демалушылар тіркелмеген[3].

Жалпы қонақ үй және мейрамхана бизнес аясы туризм экономикасында негізгі фактор болып саналады. Іскер адамдар қонақ үй мен мейрамхана қызметі арқылы мемлекеттің жағдайын бағалайды, ал қонақтар үшін бұл мемлекет келбеті. Ал демалыстың және туризмнің дамуы елдегі саяси- экономикалық жағдаймен тығыз байланысты. Кейінгі жылдары саясатта, экономикада және әлеуметтік аяда болған түпкілікті өзгерістер Қазақстандағы және оның аймақтарындағы қонақ үй шаруашылығының жағдайына тікелей әсер етті. Егер бұрын сала мәселесін шешуді Коммуналдық шаруашылық министрлігі және Сауда министрлігі айналысса, қазір ол тек жеке құзыретке бағынады. Туризм жағдайы орналастыру құралдарымен сипатталады. Бұл сектордың даму деңгейі туристік ағымға байланысты.

Туристік бизнестегі ең негізгі шектеулі факторлары болып туризм аясындағы материалдық базалардың төмен мүмкіншілігі табылады. Жаңа ашылып жатқан мейрамханалар, кафелерге қарамастан қоғамдық тамақтану жеткілікті дамымаған. Тамақтану объектілері туристерге арзан, сапалы және кепілді қызмет көрсету керек. Уақыт туристер үшін жаңа орналастыру, тамақтану және ойын-сауық объектілерінің ашылуын талап етеді, яғни жаңа жұмыс орындарының ашылуы саяси және экономикалық көзқарас бойынша өте маңызды. Сала мәселелерін шешу арқылы бұл жұмыс орны нарығының тұрақтануы, мемлекеттің экономикалық жоғарылауының бірден-бір негізі.

Қарағанды облысы туризмді дамытудың перспективті аймағы болып табылады. Қазақстанның орталық бөлігінде орналасуы туризм бойынша ел шекарасынан және теңіз жағалауынан алыс болғанымен, ол физикалық, сонымен қатар, экономикалық-географиялық жағынан қолайлы. Еуропалық масштаб бойынша үлкен өлке аумағы Австрия және Италия сияқты туризм жағынан дамыған елдің жиынтық ауданынан артық. Сондықтан аймақта туристерге көптеген экскурсиялар және әртүрлі саяхаттар бойынша тартымды маршруттарды ұсынуға және де рекреациялық мүмкіндіктерді дамытуға болады. Облыстың сыртқы экономикалық байланысының географиясына 43 әлем елдері кіреді, оның ішінде, ірі сауда серіктестері болып мыналар саналады: Украина, Беларусь, Ресей, Қытай, АҚШ, Швейцария, Болгария, Венгрия, Индия, Германия, Оңтүстік Корея, Тайланд, Иран, Румыния және т.б.

Қарағанды облысы елдің оңтүстік облыстары арқылы Өзбекстан және Қырғыстан елдеріне өтуге болады, ол өзара халықаралық туристік маршруттарды ұйымдастыруда қолайлы жағдай туғызады. Облыстың транспорттық-экономикалық жағдайының жақсаруы-мемлекет астанасын Астанаға (Ақмола облысы) ауысуына байланысты. Өйткені трансқазақстан магистралі бойынша теміржол қатынасындағы жолаушылар саны өсуде, Астана-Алматы автожолында күрделі жұмыс жүргізілді. Сондықтан да Қарағанды облысы аумағы арқылы транзиттік туристік ағынын көбейту келешегі қарастырылған.

Аумақтың дамуының тұрақты принциптері туралы айтқанда этно-мәдени құндылықтарды сақтау бойынша туризмді жоспарлау өте маңызды рөлді атқаратынын ескеру керек. Археологиялық және тарихи ескерткіштер, қайталанбас архитектура, ұлттық мейрамдар және дәстүрлер, фольклор және музыка, сәндік-қолданбалы өнер, қолөнер мен үй кәсібі, тағам, рухани жүйе және этикалық құндылық - бұның бәрі берілген аймақтың мәдениетін құрайды. Бұл мәдени мұра туристерді қызықтырады. Әрбір аймақ туристі тартуда тартымды элементтерін иемденеді.

Қоғамның өндірістік идентификациясы ең алдымен адамның психо-физикалық жүктемесінің күшейуіменен анықталынады. Ғылыми-техникалық даму, урбандалу үрдісі, экологиялық дисбаланс прессингті нығайтады. Адамның жұмыс қабілеттілігін (рекреацияны) жақсарту үшін арнайы жағдай жасау керек. Емдік сауықтыру туризмі туристік классификация ішінде өзіндік орны бар. Соған орай елімізде емдік сауықтыру рекреациялық ресурстарын зерттеу талдау мәселелері қолға алынуда [1].

Қарағанды рекреациялық ресурстарына, әлеуметтік экономикалық факторларына және туризм аясының қазіргі жағдайына кешенді талдау тұтас туристік - ресурстық потенциалды бағалауға мүмкіндік береді. Қандай да бір аумақта тұтас туристік - ресурстың потенциалды бағалау туризмдегі аумақтың және аймақтың жоспарлау үшін, барлық туристік индустрияның және оның жеке түрлерінің одан арғы даму жолын анықтаудағы бірінші реттегі меңгеру аудандарын табу үшін маңызды. Тұтас рекреациялық ресурстарды және туристік инфрақұрылым аумағын тұтас туристік ресурстың потенциал ретінде қарастыруға болады. Тұтас туристік ресурстың потенциалды бағалау мен анықтау тәжірибе жүзінде енді ғана талқыланып жатыр. Балл түрінде көрсетілген тұтас туристік ресурстың потенциал табиғи, әлеуметтік- экономикалық рекреациялық ресурстар және инфрақұрылым тұтас потенциал сомасы болып табылады. Тұтас туристік-рекреациялық ресурстың потенциалды бағалаудағы балл жүйесінде бірыңғай шкалада қолданылады, яғни әрбір рекреациялық ресурстар балл түрінде бағаланады. Есептеуде қолайлы болу үшін 1-ден 4-ке дейінгі шкала алынған. Әрбір ауданның тұтас рекреациялық ресурс потенциалы (кесте 3) табиғи, әлеуметтік- экономикалық рекреациялық ресурстың қанған деңгейі мен туристік инфрақұрылыммен қамтамасыздандырылғанын білдіретін балл сомасы ретінде анықталады.

Кесте 3. - Қарағанды облысының туристік-ресурстық потенциалын есептеу

Аудан

Балдар

Жалпы саны

Табиғи ландшафтың тартымдылық деңгейі бойынша

Антропогендік рекреациялық ресурстар бойынша

Инфрақұрылыммен қамтамасыздану деңгейі бойынша

Қарқаралы

4

3

3

10

Ақтоғай

3

3

3

9

Ұлытау

3

4

2

9

Осакаров

2

2

2

6

Шет

2

3

2

7

Бұқар- Жырау

2

1

2

5

Абай

2

1

2

5

Жаңаарқа

1

1

1

3

Нұра

1

2

1

4

Е с к е р т у - зерттеу мәліметтері негізінде құрастырылған

Жағымды экономикалық-географиялық жағдайлармен және рекреациялық потенциалы жоғары деңгеймен сипатталатын ауданның бірінші тобына Қарқаралы ауданы және Қарағанды, Теміртау жатады. Олардың туризмді дамытуда келешегі мол. Біршама жағымды жағдаймен және туристік потенциалы орташа деңгейлі ауданның екінші тобына Ақтоғай және Ұлытау аудандары жатады. Ақтоғай ауданы және Балқаш каласы Балқаш көлінің маңында орналасуы арқасында белгіленеді. Ұлытау ауданы мен Жезқазған қаласы маңызды мәдени-тарихи алғышарттар, табиғи ландшафттың тартымдылығы және инфрақұрылымның даму деңгейінің жеткіліктілілгі арқасында белгіленеді [2].

Туризм үшін аумақтың жарамдылығын сипаттайтын талаптар тобына мыналар жатады:

а) туристік кәсіп үшін "технологиялық" жарамдылық, яғни тек ұлттық парктерде рұқсат етілетін кәсіп түрлерін қарастыру;

б) "физиологиялық" жарамдылық - әдеттегі курортологиялық және рекреациялық бағалауға қарағанда, климаттың жағдайының ыңғайлығы;

в) танымдық құндылық - ұлттық парктің маңызды бағалау элементтері болып саналатын табиғи жағдайдың әртүрлілігі, ерекшілігі және экзотикалығы [1].

Қарағанды облысының тұтас рекреациялық потенциалын және туризм қазіргі даму деңгейін зерттеу арқылы мынадай жұмыстар іске асуы мүмкін:

  1. Облыстың үш тілде өз туристік сайтын құру: қазақша, орысша, ағылшынша. Сайт бөлімдері әртүрлі болуы мүмкін.

Облыстың тарихи орындары бойынша. Тартымды көрнекті орындарын көрсету: тарихтан, археологиядан, архитектурадан және монументті өнерден; мұражайлардан және көрмелерден; істеп тұрған мешіттер, шіркеулер, қасиетті қажылық орындары. Көрсету объектілердің, табиғаттың әдемі орындардың сапалы суреттерін іріктеп алу.

Қандай жерде уақытты жақсы өткізуге, тамақтануға болатынын мәлімдейтін жаңа туризм объектілері. Мейрамханалар, барлар, сауналар, боулинг-орталықтар, теннис корттарының адрестері мен ерекшеліктерін көрсету.

Туризмнің экзотикалық түрі. Мұнда шытырман туризм түрлерін ұсынуға болады: ат, аңшылық және балық аулау, осындай қызмет түрлерін ұсынушы фирмалардың аңшылық-балық аулау шаруашылығының мекен-жайларын көрсету. Табиғаттың және олжалардың суреттері міндетті түрде болу керек.

  1. Үш тілдегі жарнама басылым өнімін құру.

Қысқаша ақпараты бар облыстың және қаланың көрнекті орындары және қызықты орындары туралы түрлі түсті сапалы буклеттер.

Атауы, нақты мекен-жайы көрсетілген, көрсетілетін қызметі жазылған "Облыстың туристік фирмалары" кітапшалары.

Облыс бойынша көрнекті орындар көрсетілген қала туристік карталары.

  1. Облыстың жарнама стендісін құру.

Бұл шараларды іске асырса, облыстың және қаланың туристік тартымдылығын арттырады.

Ал туризм бойынша мамандарды даярлау аясына тоқталсақ, Қазақстанда отыздан астам жоғары оқу орындары туризм, қонақ үй бизнесі және спорт бойынша мамандарды даярлаумен айналысуда. Осы аяда жұмыс істеп жүргендерге квалификациясын жоғарлатуға және кәсіби қайта даярлау үшін оқу орындарын ашу керек. Облыстың оқу орындарында туризм кадрларын оқыту барысында халықаралық байланысты дамыту керек. Яғни ғылыми және оқу материалдымен алмасу, туристік оқу орындарының жұмыс тәжірибесімен өзара танысу.

Тұрғындардың рекреациялық қажеттіліктерін жүзеге асыратын жағдай болып транспорттық коммуникацияның жабдықталғаны саналады. Облыстың аумағының кеңдігі, өндірістік орталықтардың бытыраңқылығы, сонымен қатар аудандар арасындағы байланыстың дамуы жақсы салынған магистральдерді талап етеді.

Қазіргі уақытта облыс аумағында транспорттың барлық түрі айтарлықтай дамыған. Теміржол жүйесі үш негізгі өндірістік ауданды байланыстырады - Қарағанды, Жезқазған және Балқаш. Облыстағы жалпы қолданыстағы темір жолдың эксплуатациялық ұзындығы - 1650 км. Жалпы қолданыстағы автомобиль жолының ұзындығы - 8,3 мың км құрайды. Өндірістік және ауылшаруашылық өнімдерін, жолаушыларды автомобильді тасымалдаудың өсуіне байланысты қатты қапталған жол жүйелерінің кеңеюі керек. Ақтоғай, Шет, Абай және Осакаров аудандар аумағы арқылы өтетін Алматы - Қарағанды - Астана - Қостанай - Челябиск халықаралық маңызы бар жол аса шиеленушілік болып табылады. Алматы-Астана магистралі күрделі жөндеуден өтті. Ұзындығы 380 км Қарағанды-Балқаш трассасы осы магистральдің негізгі бөлігі болып табылады. Мемлекеттік маңызы бар Қарағанды - Матақ - Қарқаралы - Егіндібұлақ автожолы Қарқаралы орман оазисін Қарағанды - Теміртау өндірістік торабымен байланыстырады. Қарағандыдан Қарқаралыға дейін шоссе арқылы 225 км. Облыс орталығы Қарағанды - Қарағайлы темір жолымен байланысқан. Ол Қарқаралы қаласынан 20 км оңтүстікте жүреді. Қарқаралы ауданы арқылы Солтүстік Қазақстандағы ірі демалыс және туризм зонасы Баянауылға (248 км) автомобиль арқылы баруға болады. Сонымен қатар Егіндібұлақ савхозына Шығыс Қазақстандағы Семей қаласына баруға болады. Қызылорда - Жезқазған (420км) мемлекеттік авто жолы оңтүстік аймаққа жол ашады. Жезқазған- Жезді-Ұлытау-Арқалық автожолы. Оңтүстік Қазақстаннан Ұлытау ауданы арқылы Солтүстік Қазақстанға, одан әрі Ресейдегі Оңтүстік Оралға және Сібірге транспорттық - туристік ағымды қамтамасыз ететін жетекші жол болып табылады.

Су транспорты Балқаш көлінде дамыған: катерде және катамарандағы демалыс, сонымен қатар байдаркадағы және каноэдегі спорттық жарыстар. Тағы көл арқылы Лепсі, Қаратау, Іле сағаларында орналасқан Алматы облысының балық аулау шаруашылығымен байланыс орнаған. Облыс Орталық Азия мемлекеттерін Ресеймен, және де елдің оңтүстігі мен солтүстігін қосатын өте пайдалы теміржол және автомобиль жол торабында орналасқан.

Ірі халықаралық континетаралық "Сары-Арқа" аэропоты тек отандық әуе транспорттарын ғана емес, сонымен қатар, шетел әуекомпания транспорттарын қабылдайды. 2014 жылғы шығу туризмі бойынша келермендердің қатынас құралдары статистикасына жүгінсек: жалпы Қарғанды облысы бойынша әуе көлігімен - 281 мың адам, теміржол көлігімен - 216 мың адам, қалааралық автобуспен - 71 мың адам, өзге құрлық құралдарымен - 30 мың адам қолданған (кесте 4) [3].

Кесте 4. - 2014 жылғы шығу туризмі бойынша келермендердің қатынас құралы бойынша көрсеткіштері

Регион саны

Қызмет көрсетілген резидент туристер саны (шығатын)

Барлығы

Әуе

көлігімен

Теміржол көлігімен

Қалалық автобуспен

Өзге құрлық құралдармен

Су

көлігімен

Қарағанды облысы, мың адам

598

281

216

71

30

-

Е с к е р т у - ҚР Статистикалық агенттігінің мәліметтері негізінде құрастырылған

4 кестеде ұсынылған мәліметтер негізінде аймақта шығу туризмі бойынша қызмет көрсетілген келермендердің қатынас құралдары бойынша қолдануы әуе және теміржол көлігін пайдалану басымдығын көрсетеді.

Қазақстан Республикасындағы туризмді дамыту Концепциясында туризм инфрақұрылымын дамыту мақсаты бірінші орынға қойылған. Республикада кәсіпкерлік қызметке және туристік бизнестегі инвестициялық белсенділікке мемлекеттік деңгейде қолдау керек. Ішкі және халықаралық нарықта белсенді жылжуына отандық туристік индустрия қонақ үй кәсіпорындарының және мейрамханалар, қызметтердің дамуына жәрдемдесу керек. Осы мақсаттарды бірінші кезекте орындау жалпы туризм инфрақұрылымының және индустриясының дамуына үлкен үлес қосады.

Келесі кестеде келу туризмі бойынша келушілер санының көрсеткіштері ұсынылған.

Кесте 5. - 2015 жылғы келу туризмі бойынша ішкі келушілердің саны, мың адам

Регион

Қызмет көрсетілген резидент емес туристер саны ( келген)

Барлығы

Әуе көлігімен

Теміржол көлігімен

Қалалық автобуспен

Өзге құрлық құралдармен

су көлігімен

Қарағанды облысы

2901

10

820

972

1075

-

Е с к е р т у - ҚР Статистикалық агенттігінің мәліметтері негізінде құрастырылған

Сонымен қатар, 2015 жылдың бірінші жартыжылдық көрсеткіштері бойынша Қарағанды облысында ішкі туризм 8,9 %-ға өскен.

2015 жылдың бірінші жартыжылдығында облыста туризм инфрақұрылымына 199 қонақ үй, мотель, жазғы аймақтар мен лагерьлер, демалыс үйлері мен басқа да нысандар кірген. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда олардың саны 12,4 %-ға өсті.

Келушілердің саны 115,5 мың адамды құраған, бұл 2014 жылдың жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6,8 %-ға өскен. Жалпы санның 94 % - республика тұрғындары, қалған 6 % - шетел азаматтары. Бұл ретте ішкі туризм бойынша 8,9 % өсім атап өтіледі.

Ал орналастыру саласындағы қызмет көлемі 1,5 млрд. астам теңгені құраған, бұл 2014 жылдың бірінші жартыжылдығының көрсеткішіне қарағанда 12,4 %-ға асып отыр. Бұл өсімге орналастыру нысандарын салуға арналған жеке меншік инвестицияларды тарту, жобаларды "Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдау, сондай-ақ өткізіліп отырған жарнамалық- имидждік шаралар септігін тигізіп отыр.

2015 жылы орналастыру нысандарының құрылысы бойынша 11 жоба іске асырылған, соның ішінде жалпы сомасы 440 млн. астам теңгені құрайтын 5 жоба "Бизнестің жол картасы-2020" бойынша қолдау алды. "Приозерск қаласынан 5 шақырым жерде 150 адамға арналған "Балқаш" шипажайының ашылуы жылдың маңызды оқиғаларының бірі болды. Жобаның жалпы құны 5 млрд. теңгеден асты, бұл республикалық бюджеттің қаражаты болды. Аталған жобаны іске асыру туристер ағынын өсіруге септігін тигізіп, аймақ кәсіпкерлігін белсендетуге ынталандыру болмақ [4].

Қарағанды облысы туристік-рекреациялық ресурстарға бай, туристік саланы дамытуда потенциалы жоғары аймақтардың бірі. Бірақ қазіргі уақытта аталған саланы дамытуды тежеп отырған мәселелер қатарын қолға алсақ, болашақта еліміздің экономикасына туристік сала арқылы пайда әкелетін аймақтардың біріне айналары сөзсіз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Байгалиева.А.О. Аймақтың туристік-ресурстық даму әлеуеті басымдықтары (Электронды ресурс)/А.О. Байгалиева. - Электрон.мәтіндік ақпарат.// Саясат. - 2010. - №5.
  2. Кәрімов.Д.Ж. Қазақстан Республикасындағы туристік-рекреациялық іс-әрекеттердің қазіргі жағдайы (Электронды ресурс)/Д.Ж.Кәрімов.-Электрон.мәтіндік аĸııарат//V Рысқұлов оқулары "Жаһанданушы әлемдегі экономикалық жүйенің трансформациясы" Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары/ Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ -2013.
  3. ҚР Ұлттық Экономика Министрлігі Статистикалық комитетінің ресми сайты http:// www.stat.gov.kz.
  4. Қарағанды облыстық кәсіпкерлік басқармасының ресми сайты: // http://upkrg.kz/kk/.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.