Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Педагогикалық үрдіс кезінде көптілді тұлғаны қалыптастыру

Берілген мақалада педагогикалық үрдіс кезінде көптілді тұлғаны қалыптастыру зерттелген. Сонымен қатар педагогикалық үрдіс кезінде көптілді тұлғаны қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздерін, педагогикалық үрдіс кезінде көптілді тұлғаны қалыптастыру пішімін жүзеге асыру бойынша тәжірибелік- эксперименттік іс-әрекеттері мен педагогикалық үрдіс кезінде көптілді тұлғаны қалыптастыру бойынша тәжірибелік-педагогикалық жұмыстар нәтижесі көрсетілген.

Қазіргі замандағы қазақстандық қоғам бүгінгі күнде қоғамдық модернизация және әлемдік интеграциялық үрдістерге талпынумен сипатталады, бұл жерде модернизация үрдісі ретінде жетекші ұстаным білім беру болып табылады. Өз азаматтары үшін сапалы және заманауи білім алудың беделді жағдайын жасай білетін қоғам ғана жетекші елдер қатарына үйлесімді түрде кіре алады және ойдағыдай дамиды.

Қазақстан әлемдік кеңістікте бәсекеге сай мемлекет болуға талпынуда, жаңа білім беру модернизациясын жүзеге асыра отырып, біріктірілген әлемде беделді орынды иеленуге тырысып жатыр. Сонымен бірге, ұлттық білім беру дамуының негізгі басымдылығы көптілді білім беруден көрінеді. Қазақстан Республикасында көптілді білім беру бүгінгі таңда орта және жоғарғы білім беру жүйесінде негізгі бағыт болып табылады.

Қазақстан Республикасының тіл саясаты аумағында іс жүзінде көптеген құжаттарында ортақ пікір болып, бірнеше тілді меңгеру қажеттілік екенін айта кеткен жөн.

Көптілді білім беру мәселелерін үйрену, оны жүзеге асыру - көп қырлы және көп аспектілі. Көптілді білім - бұл бірнеше тіл құралдарымен әлемдік мәдениетке қатынасудың мақсатты үрдісі, бұл жерде меңгеріліп отырған тілдер арнайы тілдер ортасын ұғыну әдісі, әр мемлекет пен халықтардың мәдени- тарихи және әлеуметтік тәжірибесін меңгеру ретінде пайдаланылады. Қазіргі заманғы кезеңде білім берудің мақсаты тек қана білім емес, сонымен қатар жастарды қоғамдағы келесі өмірлеріне қаруландыру үшін кілттік құзыретті қалыптастыру болып табылады.

Көптілді білімнің өзектілігі экономикалық, мәдени және саяси ортадағы жалпы әлемдік үрдіспен анықталады.

Қазақстан Республикасының білім жүйесі қостілді білім жүйесі ретінде сипатталады, ол тез арада көптілді білімге ауысады. Республикадағы қазіргі заманғы білімнің тілдік маĸсаттары көптілділік пен көп мәдениеттілікке түйістіріледі; әр алуан тілдер мен мәдени топтар арасындағы түсіністік және үйлесім; басĸа тілдерді жетік меңгеру; халыĸаралыĸ деңгейде білім алып жатқандардың кәсіби мүмкіндіктерін жоғарылату.

Қазіргі кезде Қазақстанда білім жүйесінің жаңа түрі пайда болуда, ол дегеніміз әлемдік білім кеңістігіне кіруге бағытталған. Бұл үрдіс педагогикалыĸ теорияда және оқу-тәрбиелік тәжірибеде пайда болған өзгерістермен сүйемелденеді. Білім парадигмасының ауысуы болады: басқа амалдар, басқа құқықтар, басĸа ĸарым-ĸатынастар, басĸа тәртіптер, басĸа педагогикалыĸ менталитет жоспарланады.

Қоғамға болашаĸта өмірлік іс-әрекетке дайын болатын түлектер, олардың алдында кезігетін өмірлік және кәсіби мәселелерді тәжірибе жүзінде шеше алатын түлектер ĸажет және ол алған білімдері, дағдылары, икемдеріне байланысты емес, басĸа да ĸосымша ĸасиеттерге де байланысты болады, оны анықтау үшін "құзырет" және "құзыреттілік" ұғымдары қолданылады, олар білім берудің қазіргі замаң маĸсаттарына ең сәйкес келетіндері болып табылады. Мұндай білімнің маĸсаты - барлыĸ өмірлік жағдайларда коммуникативті-әрекеттік операцияларды еркін түрде жүзеге асыра алатын көптілді тұлғаны ĸалыптастыру.

Полиэтникалыĸ ортада көптілді білім жүйесін кұру немесе сол жүйені өзгерту - нақты жоспарлау арĸылы жүзеге асырылатын күрделі іс-әрекет болып табылады.

Оĸу орындарындағы көптілділікті жүзеге асыру маĸсаты - білім сапасын жоғарылату маĸсатында педагогикалыĸ ұжым жігерін психологиялыĸ- педагогикалыĸ ғылым және жаңа білім үлгілерінің оĸу үрдісіне көптілділікті енгізу үшін шетел ұстаздарының озат педагогикалыĸ тәжірибелерін ĸолдану арĸылы біріктіру.

Қоғамда мынандай қажеттілік туындаған - байланысты өз тілінің және мәдениетінің аясынан асып түсіп, толыĸ түрде жүзеге асыра алатын көптілді тұлғаны ĸалыптастыру. Ең бірінші кезекте мәселелер тілді ресми және ресми емес ĸарым-ĸатынаста заңды түрде мектеперде, жоғарғы оĸу орындарында, барлыĸ халыĸ арасында ĸолдануды ĸамтамасыз етеді.

Осылайша, бүгінгі таңда көптілді білімнің өзектілігіне күмән жоĸ, оның өсіп келе жатĸан жас ұрпақ арасындағы теория және тәжірибеде ĸалыптасуы лайыĸты екенін атап кеткен жөн, отандыĸ білім арасында мақсат-міндеттердің, тапсырмалардың, қызметтерінің, мазмұнының белсенді өзгерістері тәрізді маңызды компоненттердің қажеттілігі. Жаңартылып отырған бір-бірімен білім жүйесінің ізгілендіруі және гуманитарлануы байланысқан әлем және қоғам білім парадигмасының өзгерістеріне, оның иделына әкеліп соĸтырады: "білімді адамнан" "мәдениетті адамға". Сондыĸтан барлыĸ білім деңгейлерінде көптілді тұлғаны ĸалыптастыру мәселелерін педагогикалыĸ түрде зерттеу қажеттілігі туындайды.

Осылайша, Қазақстандағы көптілді білім жүйесінің тиімді үлгісі құрылатын берік тұғырнама кұру үшін жаңа типті мектеп тәжірибелерін оқып үйрену қажеттілігі пайда болады.

Ғылыми әдебиеттерді талдау және көптілді тұлғаны ĸалыптастыру мәселелерін меңгеру оĸу үрдісінде көптілді тұлғаны ĸ алыптастырудың ғылыми дәлелденген педагогикалыĸ әдістеме болмысының арасындағы ĸарама-ĸайшылыĸтарды орнатуға мүмкіндік бере отыр және педагогикалыĸ ғылым мен тәжірибеде отандыĸ өңделуі жеткіліксіз болуда.

Әлеуметтік-тарихи дамудың қазіргі замандағы кезең сипаты олардың диалектикалыĸ бірлестігін тануда, этноәлеуметтік және жалпы қоғамдағы құндылықтарды қайта ойлау үрдісін анықтау, жағымды тұлғалық және қоғамдық қарым- қатынастың қажетті әдісіне айналады. Олардың жағымдылығы сұхбат және серіктестік қағидасы арасындағы кроссмәдени байланыста басым жағдайлар тудыруға байланысты болады. Мәдени плюрализмді ĸалыптастыруда маңызды рөлі білімге тиесілі.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыĸĸа жолдауында: "Бәсекеге қабілетті Қазақстанда, бәсекеге қабілетті экономикаға, бәсекеге қабілетті халыққа!" мемлекет дамуының басым бағыттары ретінде "әлемдік білім кеңістігіне толыĸтай бірігу" болып саналады, ол дегеніміз "білім жүйесін халыĸаралыĸ деңгейге жоғарылатуды" талап етеді, себебі халықтың бәсекеге қабілетті болуы білім деңгейіне байланысты. Сонымен ĸатар, Президент Жолдауында ĸазаĸ тілі мен басĸа тілдерді игеру "біздің әлемге кіруіміз бен біздің балаларымыз ағылшын тілі мен Интернет тілін жаĸсыраĸ игеруі үшін, және де ең бастысы - бұл қазақ тілін жаңғыртуға қозғау салады. Қазіргі кезде біздің балаларымыз ĸазаĸ тілімен ĸатар орыс және ағылшын тілдерін белсенді түрде оқығаны ушін жағдайлар жасау бойынша біз белсенді шараларды ĸолданамыз" және де көптілді тұлғаны ĸалыптастыру мәселесі салдары ретінде полилингвистикалыĸ білімі бар педагогикалыĸ кадрларды даярлауды өзектендіреді [1].

Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Оның аумағында 130-дан астам ұлт мекендейді. Бұл жерде әр түрлі ұлт тілдері мен мәдениеті дамуының тепе-тең жағдайлары жасалған. Этника аралыĸ ĸарым-ĸатынас мәдениеті даму үстінде. 2011-2020 жылғы тілдердің дамуы және ĸызмет көрсетуінің мемлекеттік бағдарламасында былай делінген: "... Қазақстанда мекендейтін халық тілдерін мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесі құрылған (7516 жалпы білім беретін мектептердің 1524 орыс мектебі, 58 өзбек, 14 ұйғыр, 2 тәжік, 2097 аралас) [2].

Э.Д. Сүлейменова айтĸандай, көптілділік Қазастандағы тілдер жағдайының болмысты және даусыз сипатына ие болады. Ол ĸазаĸ тілі, орыс тілі, шетел және басқа да тілдердің белсенді қатысуының көмегімен құрылады. Қазақ, орыс және шетел тілдерінің құзыреттілігі қоғамда ең мәртебелі әлеуметтік және кәсіби жағдайды иелену мүмкіндігіне ĸол жеткізу үшін бірнеше тілдерді тәжірибелі және кәсіби меңгеру табиғи көрініс болып табылады [3, 117 б.]. Қазақстандағы тілдік жағдайға ішкі факторлардан басĸа, жаһандану процессі де әсерін тигізеді. Қазіргі заманғы қазақстандақ қоғам әлемдік интеграциялық процесстерге қоғамдық жаңғырту және ұмтылысымен сипатталады, бұл жерде жаңғыру процессінде жетекші рөлді білім атĸарады.

Көптілділік мәселесінің өзектілігі білім парадигмасының іштей ауысуымен байланысты, бірақ маңызды әлеуметтік-саясаттық және этномәдени мәселелер деңгейіндегі тілдік оĸыту кызығушылықтар шеңберінен шығып кетеді. Әлемдік тәжірибеде мультилингвизм термині/ұғымы (көптілділік, политілділік) бір тілге қарағанда үнемі негізде жүзеге асырылатын қоғамның, институттардың, топтың және индивидуум қабілеттілігі ретінде түсіндіріледі. Басқа жағынан мультилингвизм - бұл индивидтің психикалыĸ жағдайы, ол тілдерді меңгеру әдісіне және сөйлеудің лингвистикалыĸ жетілуіне ĸарамастан оның қарамағындағы лингвистикалық кодтары болатын қарым-қатынас үрдісін баламалы түрде қолдануға мүмкіндік береді.

Тұлғаның мультилингвалыĸ жағдайының негізгі сипаттамасы металингвистикалыĸ санасының болуы [4, 245 б.]. Көптілділік - бұл бірнеше тілдер ĸатарында адамның қарым-катынасқа деген негізгі қажеттілік өнімі. Көптілділік құбылысын меңгеру оның ортасына тек мемлекеттің ресми (ұлттық) тілдері ғана емес, сонымен ĸатар аймаĸтыĸ тілдер, халыĸтыĸ азшылыĸ, көшіп келушілер тілдері және кең мағынада диалект тәрізді тілдер вариациясы. Әлеуметтік, институттыĸ, дискурсивтік және жеке көптіліділк болады [5, 68 б.]. Осылайша, "мультилингвизм" ұғымы қоғамдық дискурста жалпы термин ретінде кең түрде ĸолданылады. Ол келесі шетел тілдеріне оĸытатын билингвизм және трилингвизм зерттеулерінде лингвистикалыĸ термин ретінде ĸолданылады. Сәйкесінше, көптеген ĸатынастарда "мультилингвизм" зерттеудің тым жаңа саласы болып табылмайды, эмпирикалық сұрақтарды шешу және құру үшін әрекеттің кең ауқымды өрісін көрсетеді. Лингвистика облысында мультилингвизм ұғымын енгізу, сонымен басĸа пәндерде тәрізді - ең маңыздысы, әлеуметтік лингвистикада, лингвоәдістемеде, психиколингвистикада және аудару теориясында - тілді оĸыту тәжірибесі және теорияда келешектік ауысуын түсіндіреді. Тілдер облысында, лингвистика мен педагогикада жаңа болашақпен жұмыс істейтін маңызды қозғалыс күші мыналар: әлеуметтік-мәдени ерекшелігі жоғарылайтынын ұғыну (және де зерттеуге сүйенсек, қоғамның бірегейлігін көрсетудің дәстүрлі қалдығы); миграциялыĸ процесстер негізінде әлеуметтік лингвистикалыĸ мәселелер алуандығының кеңдігі.

Қазіргі заманғы қазақстандык қоғам бүгінгі таңда қоғамдық модернизация және әлемдік интеграциялыĸ үрдістерге деген ұмтылысымен сипатталады, бұл жерде модернизация үрдісінде жетекші рөлді білім жүйесі атĸарады. Өз азаматтарына сапалы және жаңа түрдегі лайыĸты білім жағдайын жасап бере алатын қоғам ғана ойдағыдай дамып және әлемнің жетекші елдер ĸатарына кіре алатыны бәрімізге белгілі.

Мемлекет приезиденті Н.Ә. Назарбаев ұлттық білім жүйесі алдында жеткілікті жоғары ĸаĸпаша ĸойды. Білім бәсекеге сай, жоғары сапалы болуы керек, ĸазаĸстандыĸ мектеп түлектері шетел мемлекеттеріндегі жоғарғы оĸу орындарында білім алуларын жалғастыра алулары керек. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбиелік процесске үш тілде оқытуды енгізу керек - бұл Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім жүйесін дамыту мақсатында құрылған Мемлекеттік бағдарлмасын жүзеге асырудың маңызды бағыты болары сөзсіз, бұл бағдарлама үш тілділікті, еуразиялыĸ мәдениетті және коммуникативтілікті жүзеге асыруға бағытталған. Мемлекеттік бағдарламаның негізгі ĸосымшаларында жаңа заман мектептерінің түлектері шетел тілін сапалы меңгеру қажеттілігі жайлы айтылған, - бұл мерзімі жеткен өмірлік қажеттілік, сондықтан әлемдегі ғылым мен техниканың карқындылығы мен даму деңгейі жоғарылаған сайын қажетті білім, дағдыларды және тәжірибелік білімдерді сапалы және толыĸ түрде алу үшін шетел тілдерін еркін түрде меңгеретіндей болу керек. Бұл ĸосымшалар оĸыту ĸазаĸ, орыс және шетел тілдерінде жүргізілетін мектептерде ойдағыдай жүзеге асырылуы керек. Бұл оқушылардың коммуникативтік дағдылануына жағдай жасайды. Бұдан басĸа үш тілде оĸыту және оларды тәжірибе жүзінде аса жетік меңгеру оĸушыларды мәдениетке және әр түрлі халықтардың дәстүрлеріне араласуына септігін тигізеді [2].

Үштілділік - бұл мемлекет басшысы өз жолдауында айтып кеткендей қажеттілік. Іс жүргізуді толыĸ түрде мемлекеттік тілге аудару терең білімді қажет етеді, Қазақстанды әлемдік кеңістікке интеграциялау - шетел тілін білу, ал орыс тілі ұлттар арасындағы ĸарым-ĸатынас тілі ретінде керек. Ол дегеніміз көп тілді тұлғаны ĸалыптастыруды білдіреді [2].

Көптілді тұлға - бұл бірнеше тілдерді белсенді тасымалдағыш, ол дегеніміз: сөйлеу тұлғасы - психофизиологиялыĸ ĸасиеттер кешені, ол индивидке сөйлеу әрекетін бір уаĸытта бірнеше тілде жүргізуге мүмкіндік туғызады; коммуникативті тұлға - вербальді тәртіпке деген мүмкіндіктер жиынтығы және бірнеше тілдерді әр түрлі әлеуметтік орта өкілдерімен қарым-қатынас кезінде қолдану құралы ретінде; сөздік тұлға - дүниеге деген көзқарас орнатулардың, маĸсаттыĸ бағыттардың, тәртіптік тәжірибелер жиынтығы, олар бірнеше тілдердің лексикалыĸ жүйесінде көрсетіледі [6, 71 б.].

Өз кезегінде, көптілді білім - бұл маĸсатты түрде бағытталған, ұйымдастырылған, "үзінді" ретінде бірнеше тілдерді меңгеру негізінде поли тілдік тұлға ретінде индивидті оқытудың, тәрбие мен дамытудың шамаланған үш текті процессі, адамзаттың әлеуметтік мағыналы тәжірибесі, ол тіл білімі мен дағдысында, сөйлеу және тіл әрекеттерінде, сонымен ĸатар тіл мен мәдениетке деген эмоционалды-маĸсатты ĸарым- ĸатынаста іске асырылады [6, 73 б.].

Баланың көп тілді білімін дамыту, рухани- адамгершілік міндеттерін шешу барлыĸ оқытушылардың жұмысы болып табылады. Біз өз жұмысымызда келесілерге басшылыĸ етеміз: "Сен ĸандай ұлт өкілі болсаң да, кәсібің, дәрежең ĸандай болса да, сен Қазақстанда өмір сүресің және өз мемлекетіңнің ойларын және істерін жоғарылату үшін ата-баба тілінде сөйлеуге міндеттісің, оны түсінуің керек, ежелгі халықтың ең жақсы деген дәстүрлері мен салттары аясында біліп және ойлауың керек". Көптілділіктің қиыстырулары ана тілі болуы керек, өз этносына деген қатыстылықты бекітеді, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде, оны меңгеру ойдағыдай азаматтық интеграцияның дамуына септігін тигізеді, орыс тілі ғылыми-техникалық ақпарат көзі ретінде, ал шетел тілі және басқа да халықаралық тілдер әлемдік қауымдастықта адамзаттың өздігінен даму мүмкіндіктерін дамытады [7, 84 б.].

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында тәрбиені дамыту барлық типтегі және түрдегі білім беру мекемелері, субъектінің білімін басқарудың басым бағыттарының бірі болып отыр. Білімді, өнегелі, әрекетшіл, таңдаужағдайында шешім қабылдайалатын, мәдениет аралық өзара қарым-қатынаспен байланыса алатын, елдің тағдыры үшін жауапкершілігі бар тұлғаны тәрбиелеуге мемлекеттен әлеуметтік сұраныс Президенттің Қазақстан Халқына жыл сайынғы Жолдауында, Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеу мемлекеттік бағдарламасында және т.б. құжаттарда көрсетіледі. ҚР Конституциясында тәрбиеге тікелей байланысты негізгі құқықтар бекітілген.

Тәрбие берудегі негізгі жетекші қағида болып үзіліссіздік ережесі болып табылады, оны сақтау білім беру нысандары арасында үзідіксіздікті қамтамасыз етеді. Бұл көзқарас негізінде мақала Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие Тұжырымдамасы талданылды.

Бұл тұжырымды құрастыру қажеттілігі зайырлы Қазақстанның бүгінгі таңдадамындағы жастардың рөлі мен орынының мағыздылығымен айқындалады.

Тұжырымдама мазмұнында мақсат, қағида, негізгі басым бағыттар анықталды. Оның ішінде екібағытқа айрықша басымдық бердік:

" Азаматтық-патриоттық құқықтық және көп мәдени тәрбиелеу, гуманизмге, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүріне, тарихына, тіліне деген махаббат пен сыйластыққа негізділген азаматтық ұстаным мен париоттық сана-сезім, құқықтық және саяси мәдениетті, ұлттық сана-сезім, ұлт аралық қарым-қатынас мәдениеті, әлеуметтік және діни тұрақтылық және Қазақстандағы өзге де ұлттардың мәдениетін меңгеріп, қабылдайтын,ұлттық сал-дәстүрді сақтаудан тұру керек;

" Рухани-өнегелік тәрбие қоғам өмірінің дәстүрі мен нормаларымен келісілген тұлғаның моральдік қасиеттері мен әдеп қағидаларын қалыптастыру, сана- сезімді дамыту үшін қолайлы жағдай жасау;

" Эстетикалық тәрбие, жақсылармен араласу арқылы, көркемөнер арқылы, ұлттар мен әр түрлі кезеңдердегі әлемдік өнер туындыларымен танысу арқылы, ұлттық және жалпы адамгершілік құндылықтар арқылы, өнегелік-рухани құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған, өнер арқылы адам бойында сана-сезімді, концептуалды ойлау қабілетін, әлемді тұтастай қабылдауды, өзінің шығармашылық әрекетінің құнды түсініктерін қамту, ұжымда өмір сүре білуді қалыптастыру және адамдар және мәдениет әлемімен қарым-қатынас жасау дамудың жаңа кезеңінде басты міндет болып табылады [8, 179 б.].

Тұжырымдама авторлары берілген бағыттардың басымдығын былай негіздейді: "Тек білімді адам ғана тарихи мәдени дәстүрлерге қатысты бола алады. ...Уақыттың басқа білім талабы - өзге мәдениетті түсіну және қабылдау. Мәдениеттің өзара әрекеті және байланысында ғана әрбір жеке мәдениеттің ерекшеліктері мен қағидалары көрінеді". Біздің идеямен көптілді тұлға қалыптастыруда анықталған түйісуді байқаймыз [9, 184 б.].

Педагогикалық үрдіс кезінде көптілді тұлға қалыптастыру мәселесі отандық педагогикалық теория және практикада өзекті мәселелердің бірі, себебі өзге мәдениет және әлемді толықтай оң көзқараспен қабылдай алу негізінде тұлға әлемдік мәдени өркениетке кіріге алады.

Көптілді тұлға қалыптастыру мәселесін теориялық зерттеу барысында және осы салады тәжірибелік- педагогикалық жұмыс нәтижесі бойынша мынадай қорытындыға келдік:

  1. Тұлғаны, мәдениеттануды, аксиологияны, психологияны және педагогика теориясының ережелерін меңгеру компонентінде көптілді мәдениет категориясын көптілді тұлғада негізгі компоненті ретінде бөліп алуға мүмкіндік берді және соның негізінде оның құрылымдық компоненттерін анықтадық: когнитивті, аффективті, немесе бағалаушылық, мінез-құлық, немесе әрекеттік.
  2. Көптілді тұлға құрылымдық мазмұны толықтай оның моделін құру үшін үлгі болды, мәдениет аралық коммуникация, тілдік мәдениет тасымалдаушысы, жалпы адамгершілік құндылықтардың субъектісі ретінде көптілді тұлға кейпін анықтауға әсер етті.
  3. Тілдік мәдениет пен жалпы адамгершілік құндылықтардың ара қатынасы көптілді тұлға қалыптастыру үшін негізгі өзек болды, мұнда соңғысы тілдік мәдениеттің өзара араласуы және интеграциясы негізінде әмбебап кешенді білдіреді. Оның ішінде маңыздылары адамдар қоғамында бар және шекарасына енетін тарих, мәдениет, тіл болып табылады.
  4. Педагогикалық үрдіс кезіндегі педагогикалық жағдайдың жиынтығын сипаттай келе көптілді тұлға қалыптастыру мақсатын, міндеттерін, әдістерін, мазмұнын, формасын, қағидаларын және тәсілдерін анықтауға септігін тигізді. Аталмыш үрдісті ғылыми- әдістемелік және оқу-әдістемелік қамтамасыз етті.
  5. Көптілді тұлға қалыптастыру моделін іске асыру теориялық-қолданбалы білімді тереңдетуге, мәдениет диалогы және интеграциясы үрдісі барысында оқушылардың тәрбиелік көзөарастарын және ұстанымдарын нығайтуға ықпал етті.

Мақала көптілді тұлғаны қалыптастыруда келесідей ұсыныстарды алға тартады:

  • сыныптан тыс шараларда (үйірмелер, клубтар, дөңгелек столдар, кураторлық сағат циклдары) тілдік мәдениет пен жалпы адамгершілік құндылықтарды нақты және мақсатты түрде қолдану;
  • педагогикалық үрдіске "Қазақстан және ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттерде тілдік елтану" элективті курсы бағдарламасын ензізу және сынау.

Зерттеу аясында тәжірибелік-педагогикалық жұмыс жүргізу құрастырылған модель білім алушының педагогикалық үрдіс жағдайында көптілді тұлға ретінде қалыптасуына тиімді ықпал етеді деген болжамымызды дәлелдеді, себебі оны іске асыру нәтижесі көптілді тұлғаның когнитивті, аффективті және мінез-құлық компоненттерінің қалыптасу деңгейінің жоғарылағанын көрсетті. Алайда, алынған нәтижелер мен біздің қорытындыларымыз педагогикалық үрдіс кезінде көптілді тұлға қалыптастыру мәселесінің барлық аспектісінде шешім бола алмайтындығын ескеру керек.

Бұл мәселенің әрі қарайғы теориялық және практикалық құрастырылуы келесідей бағыттарда жалғасын табуы мүмкін:

  • көптілді тұлға қалыптастыруда білім беру жүйесінің барлық бағыттарына басымдық беру;
  • білім беру жүйесін жетілдіру, оның ішінде жалпы білім беретін оқу орындарында білім алушылардың ұлттық мәдениет пен жалпы адамгершілік құндылықтармен танысуына мүмкіндік беретін жағдай жасау;
  • тұлғаны тәрбиелеу мәселесінде аксиологиялық тәсіл мағынасын және мазмұнын құрастыру;
  • мегаполис жағдайында болашаұ ұрпақ тәрбиесінде табиғи өркениет және мәдени өркениет идеясын іске асыру;
  • қазақстандық ұлттық элита қалыптастыру мәселесінің шешімін табу.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Послание Президента РК - Лидера нации Н.А. Назарбаева народу Казахстана. Стратегия "Казахстан- 2050". Новый политический курс состоявшегося государства. 14 желтоқсан 2012 ж.
  2. Государственная программа развития образования Республики Казахстана 2011 - 2020 жж.
  3. Сулейменова Э.Д. Языковые процессы и политика. - Алматы, 2011. - 117 б.
  4. Щепилова А.В. Теория и методика обучения французскому языку как второму иностранному. - Москва: Владос, 2005. - 245 б.
  5. Халяпина Л.П. Ключевые категории когнитивной лингвистики как основа формирования поликультурной языковой личности в процессе обучения иностранным языкам. -Вестник Новосибирского гос. университета. - 2006. Т. 7, вып. 1. - 68-73 б.
  6. Жетписбаева Б.А. Теоретические истоки научной разработки проблематики полиязычного образования//Совет ректоров. - М., 2008. - № 11. - 71-74 б.
  7. Курманаева Д.К. Формирование поликультурной личности//Менеджмент в образовании. - 2007. - 84-88 б.
  8. Тлеужанова Г.К. Полиязычие как условие успешной интеграции в Германии. Полиязычное образование в системе высшей школы: проблемы и перспективы: Материалы Международной научнопрактической конференции. - Караганда: Изд-во КарГУ, 2008. - 179-181 б.
  9. Шаханова Н. Мир традиционной культуры казахов (этнографические очерки). - Алматы: Казахстан, 1998. - 184с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.