Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Учаскелік мейірбикелердің кәсіби мамандығының әлеуметтік-экономикалық дағдарыс кезеңіне сәйкес маңызы

Учаскелік мейірбике мамандығының бүгінгі қоғамдағы статусының ұстанымдық сипаттарын анықтап, оны жоғарылату әрі персоналды әлеуметтік-экономикалық қолдау ғылыми негізделген шараларды талап ететін өзекті мәселе. Кездейсоқ іріктеу әдісімен ұйымдастырылған біркездік зерттеу учаскелік мейірбике ісі мамандығының бүгінгі қоғамдағы беделі мен мәртебесін бағалау мәліметтерін алуға мүмкіндік берді.Бүгінгі саяси-экономикалық өзгерістер салдарларымен бетпе-бет кәсіби күрестегі учаскелік мейірбике мамандығының әлеуметтік статусын ынталандыру бойынша кешенді әрекет жүйесін ұйымдастыру қажеттігі, біріншіден, тұлғаның мамандықтағы үлгісін қалпына келтіру, екіншіден, қоғам көзіндегі мамандық беделін арттырудың кепілі.

Мейірбике ісінің мамандары әркез көмекке мұқтаж жандардың әрқайсысы үшін мейірім мен жанашырлықтың идеалы. Сондықтан учаскелік мейірбике мамандығының бүгінгі қоғамдағы статусының ұстанымдық сипаттарын анықтап, оны жоғарылату әрі персоналды әлеуметтік-экономикалық қолдау ғылыми негізделген шараларды талап ететін өзекті мәселе.

Осы ретте 2012 жылы біркездік зерттеу ұйымдастырылып, кездейсоқ іріктеу әдісімен статистикалық жиынтық құрылды. Бақылау бірлігі ретінде Алматы қалалық емдеу- профилактикалық мекемелерінде (№8 қалалық балалар емханасы, Орталық қалалық клиникалық ауруханасының емханасы (ОҚКА), ҚКА, №13, 18 қалалық емханалар, темір жол ауруханасының (ТЖА) емханасы) жұмыс жасайтын учаскелік мейірбике таңдалған. Респонденттер саны - 68.

Медико-әлеуметтік зерттеуге қатысқандардың жартысынан астамы (55,4%) медицинаға мейірбике мамандығын ұнатып, оны өмірлік таңдауы деп тапқандықтан барған.

Сонда-дағы, мамандықты дұрыс таңдағанына күмәнданатындар да кездеседі - 23,8%. Мейірбикелердің 11,8%-ы бұл мамандықты таңдағандарына өкінсе де, жұмыстарын тастамайтындықтарын жарияласа, 4,0% - өкінеді де, жұмысты тастағысы да келетіндіктерін жасырмайды, қалған 5,0% - жауап беруге қиналған.

Мейірбикелер өміріндегі басым құндылықтарға маңызына қарай реттік орын беру 5-балдық шкаламен өлшеу арқылы іске асырылды. Денсаулық сақтығында күзетте тұрған ақ халатты абзал жандар үшін өмірдегі бағалы құндылықтар арасынан 1- орынға - денсаулық және жанұя ие болды (4,8 балл), 2-орынды 4,5 балдық баға есебінен қызықты ден қойып жасайтын жұмыстың болуы, ал бүгінгі күнкөріс мәселесінің арқауы болып отырған материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру 4,4 балмен бағаланып, тек 3-орын тепті.

Әрі қарай орта буын мамандар үшін құндылықтар реті келесі тәртіппен орналасты: кәсіби шыңдалу және қызмет барысында өсу мүмкіндігі - 4,3 балл (4-орын), рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру - 4,2 балл (5-орын), демалыс пен бос уақытты өткізу үшін арнайы жағдайдың болуы - 4,1 балл (6-орын).

Медицина мамандығының ішкі құрамында халыққа деген сүйіспеншілік, сонымен қатар кәсіби міндетін орындау арқылы көпшілік алғысына бөлену сияқты көрінбейтін, бірақ сезілетін ажырамас элементтің барын қанағат тұтқан орта буын - мейірбике ісінің мамандары қоғамдағы мәртебе, жоғары беделге ұмтылуды бірінші кезектегі құндылықтар қатарына қоспайды.

Аталған тұғыр 3,8 балл жинау есебінен, тек 7-орынға ие болған. Түнгі немесе сөткелік кезекшіліктер, асқынған аурулар, уақыт тапшылығы жағдайында қызметін атқаратын мамандар үшін бір бос уақытта аз ғана жер учаскесін игеріп, көкөніс егіп, үй жануарларын асырауды бақылау да демалыс түрі екендігін мойындау - құндылықтар қатарынан 2,6 балл арқылы 8-орынға қойылғаны белгілі болды.

Мейірбикелер қазіргі экономикалық дағдарыс кезеңіне сәйкес өміріндегі болған өзгерістерді дәрежесінің ауырлығына қарай бағалау нәтижесінде, жалпы сұралған респонденттердің 35,0% күнкөріс жағдайының айқын қиындағанын айтады. Дәл сондай үлес салмақта келесі топ респонденттер өмір суру аздап қиындады деумен шектелген. Ал дағдарыс салдарынан күн кешу барысында айтарлық өзгерістің болмағанын 15,0% мейірбикелер растайды. Соңғы жылдары өмірлік проблемалардың қайта аздап жеңілдегені туралы сұралғандардың 10,0%-ы айтса, қалған, небары, 5,0%-ы - өмір сүру үшін күнкөрістің айтарлық жеңілдегенін атап көрсеткен.

Сонымен, бұл сұрақ бойынша ауыр-жеңіл дәрежелерді теңгерсек, мейірбикелердің 2/3-нен астамы (70,0%) күнкөрістің оңай емес екеніне шағымданған. Егер осы зерттеу экономикалық дағдарыс кезеңіне сәйкес келгенін ескерсек, мұндай нәтиже шындаққа жанасады.

Мейірбике мамандығының міндеті ауыр, төлем ақысы еңбек шығынын өтемейтін, яғни материалдық қалыс екені көпке мәлім. Дегенмен, 2/3 жуық (65,4%) респонденттердің өз мамандығына деген өзгермейтін сезімін «Егер Сізге медицинамен байланыссыз, бірақ төлем ақысы жоғары жұмыс ұсынылса келісесіз бе?» деген сұраққа - «жоқ» жауабы дәлелдейді. Іркіліс танытқан 15,4% -ды материалдық қажеттілікті мойындаған топ ретінде жіктесек қателеспейміз, себебі ол - уақыт сұранысы. Сұралушылардың қалған 19,2% мұндай ұсыныспен келісетіндіктерін жасырмайды.

Учаскелік мейірбике статусына эсер ететін кейбір сұрақтар бойынша салыстыру нысаны ретінде ОҚКА жэне ТЖА мейірбикелері алынған.

Жұмыс ауыстыру мэселесін медициналық мекемелер типтері кесіндісінде салыстырсақ, амбулаторлық-емханалық мекеме қызметкерлері (27,1%) аурухалалық мекемелер мамандарына (25,8%) қарағанда жоғары айлықты жұмысқа кету ұсынысына келісетіндіктеріне көбірек дауыс берген. Сол сарынмен жұмысымды ешқандай жұмыс түріне ауыстырмаймын дейтіндер де учаскелік мейірбикелер арасында жоғары (54,2%). Бірақ осы тұста іркіліс танытқан стационарлық мекемелердің 29,1%-ы нені меңзейтіндіктері бэймэлім жағдайда қалды.

Мейірбике мамандығы төңірегіндегі барлық олқылықтарға себеп болған мамандардың айлық ақысының деңгейі жалпы біздің зерттеу тақырыбымыздың да негізгі көрінісі деуге болады. Бүгінгі күнгі өз айлық табыстарын, оның көлемі мен деңгейі жағынан бағалауға атсалысқан мамандардың пікіріне көңіл аударайық. Респонденттердің басым көпшілігі (70,2%) өз айлық ақысының мөлшерін - өмір сүрудің орта деңгейін қамтамасыз етуге де жетпейді деп сынайды. Жалақы көлемі орташа өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге қабілетті деген мейірбикелер саны - 29,4%.

ҚР статистика агенттігінің арнайы мэліметтері бойынша, жалпы медициналық персоналдардың айлық ақысы 2010 ж. - 45 мың тг. 2012 ж. - 81 000 тг. деңгейіне өскені айтарлық жетістік. Алайда, мемлекет қолдауына мұқтаж санаттағы мамандық иелерінің, орташа айлық көлемі жағынан, халық шаруашылығының барлық салаларының тізімін тұйықтаудың алдында тұрғаны айқын көрініп тұр.

Агенттіктің арнайы ресми мэліметтері бойынша медициналық қызметкерлердің айлық жалақысын төлеуге кеткен қаржы көлемін, қарапайым түрде, медицинамен қатар аталатын білім беру саласымен салыстырғанда, 2012 жылы білім беру саласында жалақы төлеуге - 692 963,9 млн. теңге жұмсалса, денсаулық сақтау жэне элеуметтік қызмет көрсету сферасында бұл қаражат, небары, 354 911,6 млн. теңгені құраған.

Мейірбике ісі мамандығының бүгінгі қоғамдағы беделі мен мэртебесін бағалай отырып, 29,0% респонденттер бұл мамандықты беделді эрі сыйлы деп санайтындықтарын анықтадық. 31,0% -ы бұл мамандық сыйлы, бірақ беделді емес деп бағалайды. Мейірбике мамандығының қоғам тарапынан сыйлы емес деп 14,0% мамандар көрсеткен. Мамандықтың мэртебесі төмен, яғни сыйы да беделі де жоқ дегенді 10,0% мейірбикелер ұстанады. Қалған 16,0% сұралғандар жауап беруге қиналған.

Медициналық мекемелердің түрлі типтері арасында мамандық статусы мынадай көрсеткіштерге ие болды. Амбулаторлық- емханалық мекемелер жұмысшылары да (14,2%), стационарлық мекемелер мамандары да (12,9%) аталмыш статусты аз көлемде беделді эрі сыйлы деп санайды, эрі көрсеткіштерінде айтарлық айырмашылық жоқ. Учаскелік мейірбикелердің көпшілігі (21,5%) өз мамандықтарын тек сыйлы, аса беделді емес деумен шектеледі. Бұл тұғыр бойынша стационарлық мамандардың көрсеткіштері болмашы - 3,2%. Бұл бағалау көрсеткіштері бойынша амбулаторлық-емханалық жэне стационарлық мекемелердің берген бағасының айырмашылығы айқын (t=3,67), эрі салыстырмалы.

Мейірбике мамандығының ел арасындағы сыйы төмен деп, керісінше, 2/3 жуық (64,5%) стационарлық жэне 1/3 (33,3%) учаскелік мейірбикелер көрсеткен. Бұл көрсеткіштер де мэні жағынан салыстыруға тұрарлық. Мамандықтың мэртебесін беделді де, сыйлы да емес деп 8,5% учаскелік мейірбикелер белгілеген. Осы тұғырды ұстанғандардың стационарлық мекеме мамандарының арасында жоқ болғанына қарағанда учаскелік мейірбике ісі мамандығының маңызы мен мемлекет тарапынан элеуметтік қорғалуында олқылықтар бар екендігі айқындала түседі. Мекеме типтері кесіндісінде мамандық статусын бағалауды жауапсыз қалдырған учаскелік 22,8% жэне стационарлық 19,4% мейірбикелер, бэлкім, бағалау параметрлерінің арасынан сэйкес бағам таппаған.

Бүгінгі таңдағы саяси-экономикалық өзгерістер, дағдарыс салдарлары, жұмыс орындарындағы кэсіби талаптардың күшеяі құбылыстарымен бетпе-бет келген учаскелік мейірбике мамандығының әлеуметтік статусын ынталандыру бойынша тұлғаның мамандықтағы үлгісін қалпына келтіру, екіншіден, кешенді әрекет жүйесін ұйымдастыру қажеттігі, біріншіден, қоғам көзіндегі мамандық беделін арттырудың кепілі.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.