Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Денсаулық сақтау саласын дамытуды қаржыландырудағы кәсіпорынның орны

Қазіргі таңдағы экономикалық қатынастар жүйесі азаматтардың барлық стандарттарға сай сапалы әрі толық медициналық жәрдем алуына мүмкіндік бермей отыр. Сондықтанда денсаулық сақтау саласын басқарудың жолдарын, оны дамытудағы

кәсіпорындардың тиімділігін, пайдаланылатын құрал жабдықтардың сапасын, оларды қаржыландыруды қайта қарастыру қажеттігі туындап отыр. Осы тұрғыда Ел басының жолдауында да медицинаны басқару жүйесін жетілдіру, медициналық жәрдем көрсетуді

ұйымдастыру, осы жүйенің құқықтық-нормативтік базасын және қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мен осыған қатысты мемлекеттік сатып алу секілді мәселелерде елеулі өзгерістерді енгізу туралы баса айтқан болатын.

Кәсіпорын басқармасын мемлекеттік басқарма ұйымы атқарады. Оларға:

  • кәсіпорын қызметінің басымдық бағытын анықтау;
  • кәсіпорын шаруашылық қызметінің перспективті жоспарларын бекіту және қарастыру,
  • басшыны тағайындау, заңдар жиынтығына байланысты аттестациядан өткізу;
  • кәсіпорын мүліктерін сақтау және ретімен қолдануға бақылау жүргізу;
  • ҚР-ның заңдар жиынтығы құзыры бойынша әртүрлі сұрақтардың шешімін мемлекеттік басқару ұйымына есеп беруші ретінде, кәсіпорын ұйымының басшысы жеке дара еңбек келісімінде мерзімі көрсетілгеннен басқа жұмыс жағдайында жауап береді.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесі мемлекеттік және мемлекеттік емес. Денсаулық сақтау жүйесінің әрекетіне мемлекеттік реттеу және мемлекеттік бақылауды қамтыса, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау денсаулық сақтау саласындағы азаматтардың, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік ұйымдарды қаражатпен қамсыздандыру былайша жүргізіледі:

  • мемлекеттік бюджет қаражаты;
  • медициналық сақтандыру қаражаты;
  • ақылы негізде көрсетілген медициналық қызмет көрсету үшін алынған
  • Қазақстан Республикасының заңына қайшы келмейтін басқа да пайдалар жатқызылады.

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік емес ұйымдарды қаражатпен қамсыздандыру былайша жүргізіледі:

  • тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі үшін мемлекеттік бюджет;
  • медициналық сақтандыру қаражатынан;
  • ақылы негізде көрсетілген медициналық қызмет көрсету үшін алынған;
  • Қазақстан Республикасының заңына қайшы келмейтін басқа да пайда және т.б.

Кез келген тауарларды өндіру, қызметтер көрсету, игіліктер шығындармен байланысты болғандықтан, қызметтің аталған түрлері олардын ұдайы өндіріс үдерісін қамтамасыз ету үшін қаржыландырылуы тиіс. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қызметін қаржыландырудың көзі де әр түрлі болып келеді *1+.

Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамалық нормативті- актілерімен анықталынып бекітілінген: оған, денсаулық сақтау жүйесш қаржымен қамтамасыз етудің: 16-бап.

Денсаулық сақтау жүйесш қаржымен қамтамасыз ету көздер^ 17-бап. Медициналық ұйымдарды қаржыландыру нысандары, 18-бап. Денсаулық сақтау ұйымдарының қаржы қаражаттарын пайдалану және т.б. қарастырылған.

Коммерциялық емес қызмет бағыттарының әрқайсысы өзінің өзіндік ерекшелігімен сипатталады, материалдық сфера мен коммерциялық қызметке тән функцияларды айқындайтын құрылымдарды кіріктіреді. Мысалы, олардың көбісінің меншікті кәсіпорындары болады, олардың жұмысы кәсіпорындар қаржысының жұмыс істеуінің жалпы қағидаттарына негізделіп

ұйымдастырылады. Алайда мұндай кәсіпорындардың өнімін өткізу сұраным мен ұсынымның рыноктық критерийлерімен емес, бірақ ұйымның өзінің ішкі қажеттіліктерімен реттеледі. Мұндай өнім өндіріс шығындарын жабатын және нормаланатын деңгейде пайданы (таза табыс) қалыптастыратын бағалар бойынша: қолайлы өзін-өзі қаржыландыруды қамтамасыз ету және ұйымның - кәсіпорын иесінің жарғылық қызметін қамтамасыз ету үшін сатылады. Сөйтіп, өнім, әдеттегідей, бәсекелік рынокқа шықпайды, коммерциялық ұйымның ішінде қолдануға арналады (әскери-өнеркәсіптік кешен өнімі, медициналық техника мен саймандар өндіру жөн Амбулаториялық дері-дәрмектік қамтамасыз етуді жетілдірудің арқасында сырқаттардың жекелеген санаттары осы жылдан бастап толығымен мемлекет есебінен қамтамасыз етіледі. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 2,4 млрд теңге бөлінді. Сырқаттарды амбулаторлық қамтамасыз ету үшін АДЖКК шеңберінде 2012 жылы жергілікті бюджеттен 23 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, 2011 жылы бұл цифр 19 млрд теңгені құраған болатын.

Қазір Министрлік Дүниежүзілік Банкпен бірлесіп денсаулық сақтау саласындағы технологияны беру және институционалдық реформаны жүргізуді іске асыруда. Жоба денсаулық саласын қаржыландыруды және жанғыртуды, аурухана секторын қайта өндеуді, медициналық білім беру мен ғылымды реформалауды, денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйесін дамытуды, дәрі-дәрмектік қамтамасыз етуді жетілдіруді, ДС¥ кіру бағдарламасы бойынша азық-түлік қауіпсіздігін сақтауды қарастырады *1+.

Өздеріңіз білесіздер, бағдарламаны жүзеге асыру сапасы барлық деңгейдегі менеджментке тікелей байланысты. Осы менеджмент арқылы әкімшіліктің қазіргі заманғы әдістері, оның ішінде еңбекке ақы төлеудің жаңа ұстанымдары енгізіледі. Бұл ұстаным дәрігерді жұмысының түпкі нәтижесіне, яғни емдеу сапасы мен пациенттің қанағаттанушылығына бағыттайды.

Әртараптандырылған үстеме ақыларды қоса есептегенде дәрігердің орташа жалақысы – 116 мың теңге, орта медицина қызметкерлері мен фармацевтикалық қызметкерлердің жалақысы - 75,4 мың теңгені құрайтын болады.

2011 жылдан бастап жан басына шаққандағы ынталандыру компоненті енгізіле бастады, бұл да түпкі нәтижеге тікелей байланысты. Бұл дәрігерлердің жалақысына тоқсан сайын қосымша 85 мың теңге, медбикелерге - 48 мың теңге, әлеуметтік қызметкерлер мен психологтарға – 32 мың теңге төлеуге мүмкіндік берді.

Қаржыландырудың жаңа ұстанымдары жеке жеткізушілердің үлесін 16% дейін арттыруға мүмкіндік берді. Жекелеген емдеу-диагностикалық қызмет түрлерін бәсекелес ортаға беру тәжірибесі жүргізілуде. Практика аталған әдістің жоғары тиімділігін көрсетіп отыр *2+.

Сондай – ақ, кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекеттің бекіткен «Өнімділік 2020» бағдарламасы экономиканың жалпы өнімділігі оның айтарлықтай деңгейде бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын фактор болып табылады. Ғылымды көп қажетсінетін өнімді шығаратын өңдеуші салалар кәсіпорындары үлесінің ұлғаюы экономикадағы еңбек өнімділігінің деңгейін едәуір арттырады. Сондықтан да мемлекетке оның өнімділігін арттыруды ынталандыру, инновациялық әзірлемелерді ендіру, қазіргі заманғы басқару технологияларын ендіру және жалпы кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңғырту өмірлік маңызды. Бүгінгі күні бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында жұмыс істеп тұрған өндірістерді жанғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және сөзсіз, қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу бірінші дәрежелі міндет болып табылады*2+.

Жалпы, облыстарға бөліп қарайтын болсақ, Алматы облысы бойынша бүгінгі күні облыс тұрғындарына 973 медициналық мекеме медициналық көмек көрсетеді, оның 848-і мемлекеттік, 125-і жекеменшік болып табылады.

Денсаулық сақтау мекемелерінің 89,7 пайызы ауылдық жерде орналасқан.

2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының екінші жылын жүзеге асыру шеңберінде облыстың денсаулық сақтау саласын дамытуға бөлінген ресурстар тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуді біршама жақсартуға ықпал етті.

Қазіргі кезде дүние жүзіндегі денсаулық сақтау жүйесінде екі негізгі бағытты дамыту байқалуда: кәсіби медицинаны дамыту және алғашқы медициналық- санитариялық көмек жүйесі. Кәсіби медицина әр түрлі ауруларды емдеуде нақты кәсіптік міндеттерді шешуге бағытталған. Медициналық санитариялық көмек жүйесі аурудың алдын алу шараларын жүзеге асыруға, халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыруға әсер етуге бағытталған.

Сөйтіп, денсаулық сақтау жүйесін реформалауды дамытудың бірнеше бағыттарын бөліп көрсетуге болады, бұлардың бәрі медициналық қызмет көрсету рыногын құруды мақсат етеді. Үкіметтің бұл саладағы іс-әрекеті денсаулық сақтаудың халыққа қызмет етуін арттыру, алғашқы медициналық-санитариялық жәрдем көрсету жүйесін нығайтуға, денсаулық сақтауда аурудың алдын алу бағытына баса көңіл бөлуге бағытталған.

Бүгінгі таңда саланы дамытып отырған негізгі бағдарламалық құжаттар, оларды әзірлеу сәтіндегі талаптарына барабар болған, алайда қазіргі уақытта олар экономикадағы, сол сияқты басқа да секторлардағы өзгерістер қарқынынан кейін қалып отыр. Осы құжаттарда белгіленген жекелеген іс-шаралар түпкілікті нәтижеге бағдарланбаған, ал құрылымдық қайта құрулар, соның ішінде қаржыландыру жүйесін өзгерту үнемі дәйекті сипатқа ие бола бермейді. Бүгінгі күні денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйі қоғамды, мемлекетті және саланың өзін толық қанағаттандырады деп түжырымдауға болмайды.

Жинақталған проблемалар денсаулық сақтау саласын басқару қағидаттарын түбегейлі қайта қарауды талап етеді. Мемлекет басшысының 2011-2015 жылға арналған Жолдауында саланың басқару жүйесін, денсаулық сақтау ісін қаржыландыруды, ұсынылатын медициналық көмек беруді ұйымдастыруды, денсаулық сақтау жүйесінің нормативтік базасын, саланың статистикасы мен оны ақпараттандыруды, есептілікті оңтайландыруды жетілдіруге, сондай-ақ қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мен сатып алуды міндетті түрде орталықсыздандыру бөлігінде байыпты өзгерістер жүргізу қажеттігі көрсетілген*1,2+.

Қорытындылай келе, медициналық қызметті дамытудағы мемлекетік және мемлекеттік емес кәсіпорындардың өндірген өнімдері Қазақстан Республикасында қолжетімді, сапалы, экономикалық тиімді, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға бағытталған қажетті экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа да іс-шараларда қолдануға тиімді болуы тиіс.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы.
  2. «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған «Өнімділік 2020»мемлекеттік бағдарламасы.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.