Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Клиникалық фармакологияны оқытуда инновациялық тәсілдерді қолданудың маңыздылығы

Клиникалық фармакологияны оқытудағы инновациялық тәсілдерді қолданудың маңыздылығы

Бүгінгі таңда еліміздің білім және ғылым жүйесінің алдында ¥лт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Біз университеттік білім беру мен ғылымды дамытудың жаңа деңгейін қамтамасыз етуге міндеттіміз», деп атап көрсеткен ауқымды міндеттер тұр. Сонымен бірге, Елбасы «Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс» деді.

Халықаралық дәрежеде жоғары білім беру жүйесін нормативтік құжаттар негізінде ортақ талаптарға сәйкестендіру әрекеті ЮНЕСКО мен Еуропа Кеңесі арасында 90-жылдарда қолға алынған болатын. 1997 жылы сәуір айында Лиссабонда ЮНЕСКО «Еуропа аймағында жоғары білім беруге қатысты біліктілікті тану туралы» Конвенцияны жариялаған еді. Қазақстан бұл аталмыш құжатқа алғашқы 42 мемлекеттер қатарында сол жылдың желтоқсан айында қол қойып, заңдастырды. Италияның Болон қаласында 1999 жылы 19 маусымда 29 Еуропа елдерінің өкілдері қатысуымен Болон Декларациясы қабылданған еді. Бұл Декларацияда Еуропада жоғары білім беру жүйесі бойынша реформалық нақты жүйесі айқындалды.. Осылайша Болон үрдісі басталды. Қазақстан

Республикасы Болон үрдісіне 2010 жылдың наурыз айында қосылды.Болон Декларациясына бұған дейін біртұтас Еуропада жоғары білім беру мәселесін шешу бойынша қабылданған бірқатар құжаттарға негіз болды. Негізі, ең алғаш рет кредиттік-сағаттық жүйе немесе оны кейде «кредиттік сағаттар»деп аталатын жүйе АҚШ-та туындаған болатын. Атап айтқанда, 1869 жылы Гарвард университетінің Президенті, атақты америкалық білім беру қызметкері Чарльз Элиот «кредиттік-сағаттық» түсінігін енгізді. *1+.

Қазіргі уақытта Қазақстанда әлемдік білім беру кеңістігіне кіру бойынша мақсатталған іс-шаралар жүргізілуде. Болон үрдісінің негізі болып табылатын- Университтердің ¥лы Хартиясына еліміздің 60 жоғары оқу орны қол қойған. [2].

“Инновация” үғымын қарастырсақ әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”.Ал Майлс болса: “Инновация - арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», - дейді.

Инновациялық білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында тарала бастады. ” Масырова Р.Линчевская Т - “Жаңару” дегенімізді былай деп түсіндіреді: “Жаңару - белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.

Қазақстанда ең алғаш «Инновация» үғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз - білім беру ( Жоғарғы оқу орны) ЖОО жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты ерекше қызметі” деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов “Инновация” жіктемесінде:Қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке - дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке - дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі ( оқытуды толық қамтитын).

Ал жалпы инновацияны: Модификациялық,комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады.

Модификациялық инновация - бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу.

Радикалдық инновация - білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады.

Комбинаторлық модификация - бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бүған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел. Инновациялық үрдістерді ендіру үш инновация әдісінің өзара байланысы мен анықталады: енгізілген технологияның ерекшеліктерімен; жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен; жаңалықты енгізу жолдарымен жүзеге асады.

Инновациялық оқыту, оқу үрдісінің барысында өзара сәйкестікке мүмкіндік беретін оқыту түрі. ойын,пікірталас,нақтылы жағдайларды ұжымдық түрде шешу және де әңгімелесу,эвристикалық және проблемалық білім беруді,топтық және жұптық жұмыстарды және т.б. шешуді қолдануда негіз болады. Интерактивті әдістер инновациялық оқыту түріне кіретін тәсіл. Жоғарыда келтірілген инновациялық оқыту түрлері негізгі пәндерді жоғары деңгейде оқытылуына оңтайлы нәтижесін береді *3+.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Білім беру парадигмасының өзгеруімен жоғары кәсібі білім жүйесіне талап та өзгерді. Біздің республикамыздың «Болон» жүйесіне қосылуына байланысты еліміздің барлық жоғары оқу орындарында кредиттік оқыту жүйесі енгізілуде. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша болашақ түлектердің құзыреттіліктер кешенін қалыптастыру мақсатында оқытудың өзіндік әдістері орын алған. «Кредит» терминінің өзі - «сенім» деген мағынаны білдіреді, яғни білім мекемесі оқытушы мен оқушының кәсіби білім аясында бірлесе атқаратын жұмысына сенім артады. Мұндағы басты шарт - студентке дайын күйінде ұсынылатын ақпараттардың үлесін азайтып, оның өздігінен іздену талпынысын арттыруға септігін тигізу. Дәрісханадағы сабақтарды қысқарту арқылы оқытушылар, бір жағынан, оқу- әдістемелік құралдарды даярлауға көбірек уақыт бөле алатын болады. Бұрынғы дәстүрлі жүйе бойынша студент, пәнді меңгеру үшін өзіндік жұмысқа оқу сағатының 33 пайызын жұмсап келсе, кредиттік технологияда барлық уақыттың 66 пайызын бөлуге тура келеді.Мұндай әдістердің бірі студенттің танымдық дербестігін қалыптастыруға ықпал ететін кейс-технология әдісі болып табылады.

Қаз¥МУ-ң клиникалық фармакология, ЕДШ және физиотерапия кафедрасында оқытудың интерактивті әдістері, атап айтсақ, , аз топтармен жұмыс жасау, кейс- стади, миға шабуыл, дәріс фильмдер мен презентациялар көрсету және т.б. белсенді түрде қолданылуда. Оқытудың бастапқы сатыларында тәжірбиелік дағдылар мен интерн дәрігерлердің клиникалық фармакология тұрғысынан ойлауды қалыптастырудың қазіргі кездегі әдістерінің бірі дәрігер тәжірбиесінен алынған клиникалық емдеу жағдайларды талдауға негізделген оқытудың кейс-әдісі болып табылады. Медициналық білім беруде болашақ дәрігерлерге тәжірибе жүзінде кездесетін жағдайларды иммитациялау арқылы білімдерін іс жүзінде пайдалануға үйретуде кейс-әдісі өте тиімді интерактивті оқыту әдісі екені дәлелденді . Интерн -дәрігерлер кафедрада ғылыми жұмыстарға белсенді түрде атсалысып, клиникалық фармакология пәні бойынша олимпиадаларға қатысады. Құзіреттілікті-бағдарлық оқытудың жаңа тәсілдері интерн -дәрігерлерге дәріс- кеңес, іс-ойын,мыйға шауыл жасау сияқты барлық құзіреттілік қамтылған түрінде кіші топтарға қолданылады . Кәсіби - құзіреттілік, бәсекелестікке қабілетті дәрігер -бітірушілерін қалыптастыруға жол ашатын оқытудың жаңа үлгісінің артықшылығы көрсетілген белсенді оқыту түрі интерн -дәрігерлердің ғылыми жұмыстары және олимпиадалар блиц- сұрақнама, бақылау жұмыстары, ғылыми жұмыс істеу, пән бойынша фильмдер көрсету түрінде өткізіледі. Кафедра қызметкерлері силлабус, модуль оқыту әдісі бойынша жаңа форматта тест тапсырмаларын қайтадан жасап шықты. Қазіргі кездегі білім берудің басым бағыты оның парадигмдерінін өзгерту: Медициналық білім беруде болашақ дәрігерлерге тәжірибие жүзінде кездесетін жағдайларды иммитациялау (ұксату ) өте маңызды екендігін ескере отырып, жаңа белсенді оқыту әдістерінің ішінде белгілі бір жағдайды (ситуация) талдау әдісі немесе кейс- әдісін клиникалық фармакология пәнін оқытудағы тәжірбиені ұсынғалы отырмыз.

Кейс-әдісі (case-study) - бұл әдіс шын өмірдегі кездесетін жағдайды талдауды қажет ететін, тек белгілі бір мәселені ғана шешіп қоймай, сипаттау барысында сонымен бірге мәселені шешуге қажетті білім деңгейін қайта еске түсіруге,өмірде пайдалануға мүмкіндік береді *1+. Тағы бір ерекшелігі бұл әдісте алынған жағдай бір шешімді емес бірнеше шешімі болуы тиіс. Бұл әсіресе интерн- дәрігерлерге дәріні ұтымды қолдануды үйретуде ұтымды әдіс болып табылады.

Кейс-әдістін интерактивті оқыту әдісі ретінде пайдалану интерн-дәрігерлер тарапынан оң нәтижесімен ерекшеленеді, оның себебі оқыту барысында теория жүзінде алынған білімді іс жүзіне пайдалануға мүмкіндік беретін іскерлік ойын ретінде қабылдауына байланысты. Сонымен бірге жағдайды талдау интерн-дәрігерлерге кәсіби қызығушылықты арттыруға, білімін шыңдауға , оқуға деген оң көзқарастың қалыптасуына көмектеседі. Іс жүзіндегі іс-әрекеттің үлгісі интерн-дәрігерлердің кәсіби біліктілігін қалыптастыруда тиімді әдіс болып табылады*3+.

Бұл әдісті оқу үрдісінде пайдалану интерн-дәрігерлерге дәріні ұтымды (рационалды фармакотерапия ) қолдануды талдауға (қажетті және қажетсіз дәріні ажыратуға, дәрілерді жіктеуге,мүмкіндік береді. Кейс- әдіс оқытушыға ойлануға, өзінің творчестволық потенциалын жаңартуға мүмкіндік беретін жаңа оқыту моделі ретінде қабылданады. Мұндағы негізгі мәселе оқу үрдісін демократизациялау және модеринизациялау оқытушының педагогикалық іс-әрекетінде ойлау стилінің, этика және мотивациясының прогрессивті дамуына, ашылуына мүмкіндік береді. *8+.

Кейс құрастыруда төмендегі алгоритмді сақтау қажет етеді:

  1. Сабаққа оқытушының және студенттердің дайындалуы. Бұл кезеңде оқытушы оқу және интерн дәрігерлер материалын жинап, белгілі бір мәселені (жағдайды) қалыптастырады.
  2. ¥йымдастыру бөлімі. Күнтізбелік жоспар және өткізу әдістемесіне сейкес жүргізіледі.
  3. Студенттердің жеке өз бетімен кейспен жұмыс істеуі. Бұл кезеңде интерн дәрігерлер оқу-әдістемелік нұсқаумен, қосымша әдебиеттермен жұмыс істейді. ¥сынылған жағдаймен танысады.
  4. Зерттелген материалды меңгеруді тексеру. интерн дәрігерлер кейс бойынша өз бетімен жаңа материалдармен танысатын болғандықтан жиі оны тексеру қажет болады. Тексеру әдеттегідей (ауызша сұрау, тест арқылы тексеру не жазбаша жеке сұрақтар, емдеу жобалар бойынша) жүргізуге не дәстүрлі емес тексеру әдістерімен тексеруге болады.
  5. Кіші топтарда жұмыс істеу. Топтағы студенттерді кіші топтарға бөледі. Кейс-әдістің ең маңызды бөлігі, өйткені бұл интерн дәрігерлерге тәжірбие алмасуда және тәжрибе жинауда өз үлесін қосады.
  6. Пікірталас. Әр жағдайды шешу барысында интерн дәрігерлер арасында ой бөлісу, сұрақтар және жауаптар,қарсы ой ппікірлер пайда болады.
  7. Студенттердің жұмысты қортындылауы. Бұл кезеңді пікірталас кезеңімен қосуға да болады.Пікірталас соңында әр кішітоп өз шешімдерін баяндайды. Шешімін оқытушы немесе алдын ала тағайындалған сараптамашы интерн дэрігерлер өздерінің ескертулерін жэне түзетулерін айтады.
  8. Оқытушының қортынды жасауы. Бұл кезеңді де пікірталас кезеңімен бірге жүргізуге болады. Мэселені шешуде бұл кезеңде ұжымдық шешім қабылданады, интерн дэрігерлер шешімді қалай, қандай түрде жасау керектігін білу керек *4,5+.

Қазақ тілінде сабақ өтетін интерн дэрігерлерге мамандықтарына байланысты дайындалған бағдарлама бойынша қазақ тілінде оқытудың негізгі мақсаты – медицина мамандығын меңгеруге қажетті лексикалық қорды тілдік қатынаста қатысымдық тұрғыдан жаңа технология арқылы іске асырудың амал-тэсілдерін іздестіру, оның нэтижесін көрсету. Жаңа технологиялық амал-тэсілдердің бір түрі – модуль жүйесі. Модуль арқылы тілді меңгерудегі мақсат интерн дэрігерлердің болашақ жұмыс жасауына тиімді тілдік материалды жинақтап, жүйелі түрде өзара сабақтастықта игеруге мүмкіндік жасау жэне қажетті лексикалық, тілдік материалдарды сұрыптап, топтастыру. Модульдік оқыту бағдарламасын түзуде мынадай талаптар ескеріледі:

  • болашақ маман иелерін ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, кэсіби білікті маман ретінде, адамдармен сауатты қатынас жасай алатын тұлға ретінде қалыптастыруға жол ашу;
  • дэрігердің қазақша тілдік қатынасты жүйелі, тиімді меңгерудің амал-тэсілдерін жинақтау.Модульге алынған мэтіндердің эрқайсысы белгілі бір мағына түрін көрсетеді. Мэтіндердің сұрыпталу ұстанымы халық арасында тараған аурулардың жиілігіне жэне эр мамандықтың ерекшелігіне байланысты анықталады. Бағдарламада игерілетін қатысым эдісінің негізі болып саналатын сөйлесім эрекетінің түрлерін (айтылым, оқылым, жазылым, тыңдалым, тілдесім) жан-жақты іске асыру тиімділігі деңгейлік жаттығулар жиынтығы арқылы анықталды.

Интерн дэрігерлерге медицина лексикасының модульдік құрылымын төмендегідей түрде береміз: Әр тақырып бойынша интерн дэрігерлердің таным-түсінігін қалыптастыруға байланысты құрылады. Олар мамандықтарына сай тақырыптарды өрбіту арқылы іске асыру аса тиімді.

Интерн дэрігерлердің өзіндік жұмысты ұйымдастырудың формалары эр түрлі болуы мүмкін,алайда, кез-келген формасы оқытудың компетентті-бағытталған шешіміне толық көлемде сэйкес келуі тиіс.Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру кезінде инновациялық оқытудың эдістерінің бірі ретінде жобалар эдісі болып табылады, ол интерн дэрігерлерге алынған білімді болашақ кэсібінде практикалық қолдану мақсатында талдай білу қабілетін дамытуда, жұмыс істеудің пэн аралық науқаспен қатынас дағдыларын дамытуда, топта жұмыс істеу арқылы коммуникативті дағдыларды игеруде көмек болады.Сонымен қатар интерн дэрігерлер ғылыми жұмысқа белсенді араласып , ғылыми зерттеулерінің алғашқы нэтижесі бойынша , ғылыми мақалалары жарық көрді.

Клиникалық фармакология пэнді оқыту барысында эр түрлі инновациялық эдістерді комплексті қолдану тэсілдеріне арналған: тест тапсырмалары, «милық дауыл», «case study», ситуациялық есеп. Тэжірибелік сабақтарға күнделікті дайындықты бақылау кезінде студенттердің компетенциясын бағалау критерилері ұсынылады.

ҚазҰМУ медициналық ЖОО арасында алғашқылардың бірі болып барлық факультеттерінде оқытудың кредиттік жүйесіне көшті. Білім беру үрдсін басқарудың кластерлік эдісі жүзеге асырылуда. Оқытудың эрбір кезеңінде белгілі бір біліктілікті алуға, мамандықтардың білім беру бағдарламаларына, білім беру жүйесінде бағдарланған қолданыстағы МЖБС( ГОСО) аясында эзірленіп, бейімделген. Университет бес құзырет принципіне авторлық құқық туралы куэлік алған. Студенттердің кэсіби құзыреттілігіне баға беру жүйесі эзірленген; үш тілде білім беру бағдарламасы енгізілуде. Білім беру үрдісін ұйымдастыру эдісі өзгертілді: білім беруден бастап кэсіби біліктіліктердің қалыптасуына қарай, бұл оқытудың қолданылып отырған эдістеріне кең ауқымды талап етеді, оқытудың интерактивті құралдары енгізілді. Университетте студенттердің академиялық оңтайлы принциптері енгізілуде, жэне визитинг-профессорлардың бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ректордың сөзі бойынша білім берудің, ғылымның жэне тэжірибенің біріктірілу мақсаты толық айқындалды[ 7 ].

Болон үдерісіне Қазақстанның қатысуы жоғары білімдер аумағында салыстырмалы жүйені қабылдау арқылы Еуропалық білімге қол жетерлік жағдай туғызуға, білім сапасын арттыруға жэне студенттер мен профессор- оқутышылар құрамының оңтайлы деңгейін көтеруге мүмкіншілік туғызады. Болон үдерісі – жоғарғы білімнің біртұтас еуропалық кеңістік құру мақсатымен Болон келісім-шарты шеңберінде білім жүйелерін үндестіру жэне жақындастыру үдерісі. [9]. Сонымен бірге білім жэне ғылымның ұлтаралық қатынасы элемде қазақстандық білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын, еуропалық өңірде отандық дипломдардың еркін конверсиялануын, бітірушілердің кез-келген елде жұмысқа орналасу құқығын мойындауға мүмкіндік береді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Болонский процесс середина пути. - М.: 2005. - 378 с.
  2. О.А. Бухарин, В.А. Кириллов, Т.Л.Бухарина., Инновационные подходы к обучению студентов медицинской микробиологии. // Микробиологии эпидемиологии иммунологии. - №5. - 2002.
  3. Пахомова Н.Ю. Метод учебного проекта в образовательном учреждении . - М.: Аркти, 2005
  4. Аканов А.А., Хамзина Н.К., Ахметов В.И. и др. Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова: на пути инновационных преобразований. - Алматы: КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова, 2010. - С. 9-56.
  5. А.Әлімов. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану. Алматы: 2009. - 327б.
  6. Т.А.Муминов., М.И.Даулетбакова. Инновационные технологии в образовательном процессе медицинских ВУЗов. - Алматы: 2003 г. -144 с.
  7. Аканов А.А., Хамзина Н.К., Ахметов В.И., Капанова Г.Ж., Данилович Н.А., Сейдуманов С.Т. Медицинское образование, основанное на компетенциях: проблемы и перспективы. Монография. - Алматы: 2010. -177 с.
  8. И.В. Гладких. Методические рекомендации по разработке учебных кейсов. - СПб: 2004.
  9. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. - А.: Білім, 2008.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.