Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Гендерлік психологияның ұлттық психологиямен ұштасуы

Қазіргі заманда елімізде гендерлік саясат өзекті мəселелердің бірі болып отыр. Қазақстан тəуелсіздігі жылдары Қазақстанның əлемдік қоғамдастыққа интеграция- лануы (ықпалдасуы, бірігуі) жөнінде үлкен жұмыстар атқарылды.

1998 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Əйелдерге қатысты кемсіту- шіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенциясына (келісіміне) қосылды. Осы конвенцияға факультативтік хаттама бекітілді, ал 2001 жылы Қазақстан Республикасы конвенциясының орындалуы туралы БҰҰ-ға есеп берді, бұл есепке оң баға берілді. БҰҰ-ның «Əйелдердің саяси құқығы туралы», «Тұрмыстағы əйелдің азаматтығы туралы» конвенциясы, Халықаралық еңбекті ұйымдастырудың алты конвенциясы, оның ішінде «Бірдей еңбек еткені үшін ерлер мен əйелдерді тең марапаттау туралы» конвенциялар бекітілді [1].

Гендерлік психология – адамдардың жыныстық тəнділігіне  байланысты əлеуметтік мінез-құлқын детерминациялаушы, тұлғаның гендерлік бірдейлік сипатын зерттеуші психологияның бөлімі. Бұл саладағы психологиялық зерттеулер адамдардың əйелдер мен ерлердің жынысының тұлғалық сипаттарын салыстырмалы зерттеуге бағытталған.

Адамдарды еркек пен əйелге бөлу адамның психикасы мен мінез-құлқына тəн түйсігінің өзгешелігімен анықталады. Көбісі, бұл өзгешеліктерді ерлер мен əйелдер организмінің генетикалық, анатомиялық жəне физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты деп есептейді. Ерлер мен əйелдердің қарама-қарсылық идеясы барлық белгілі қоғамдардың дəстүрлері мен мифтарынан басталған. Ол əртүрлі əлеуметтік институттарда (отбасы, əскер, тəрбие мекемелері, əділеттілік органдары) бекітілген. Бірақ  та,  ерлер  мен  əйелдердің  дене  айырмашылық  фактілері,  нақ  осы жыныстық ерекшеліктерінің бақылануынан басталады деп айту ағаттық. Конституционалдық аспектілерінен басқа, бұл айырмашылықтар əлеуметік-мəдениетті контекстке ие: белгілі бір қоғамдағы белгілі бір уақытта ерлерге не жəне əйелдерге не қатысты екендігі есептелетіндігі қамтылады. Бұдан басқа да, жыныстар арасындағы биологиялық айырмашылықтарды қабылдауымызға сай көзқарастар да кездеседі,  олар да мəдени факторлармен анықталады.

Гендер – бұл ерлер мен əйелдердің əлеуметтік міне-құлқын, олардың өзара қарым-қатынасын анықтайтын мəдени сипаттамалардың өзіндік жинағы. Сонымен, гендер, тек əйелдер немесе ерлерге ғана емес, олардың арасындағы қарым-қатынасқа, бұл қатынастардың əлеуметтік құрылу əдісіне де, яғни, жыныстардың қоғамдағы өзара қарым-қатынасына жəне бұл қатынастардың қоғамдағы «қатарға енуіне де» жатады. Класстар, нəсіл жəне этникалық концепциялар секілді, «гендер» түсінігі де əлеуметтік процесстерді түсіну үшін аналитикалық инструмент болып келеді.

«Гендер» терминінің енуі, ерлер мен əйелдердің көрініп тұрған əртүрлі тұлғалық сипаттамаларының айырмашылықтары, биологиялық детерминанттарымен тікелей байланысты емес, бірақ, өздерінің сексуалдық белгілері туралы субъективті білімді болуымен енгізілген ерлер мен əйелдердің əлеуметтік өзара қатынасының өзгешелігімен анықталады. Шынында, «еркектік» жəне «əйелдік» мінез-құлықтың психологиялық айыру белгілері əруақытта əлеуметтік қасиеттері болып табылады: топтық статус жəне осыған байлынысты билік қатынасы (басқыншылық/ бағыну- шылық), орындаушы əлеуметтік рөлдер (аналық/əкелік), əлеуметтік белсенділіктің деңгейі (кəсібіи қызмет/үй жұмысы) жəне т.б. Яғни, кəдісгі санадағы биологиялық жыныспен тығыз байланысты жеке бас сипаты («жыныс» деген сөзді күнделікті қолдануға қандай да бір деңгейде əсер етеді) əлеуметтік қарым-қатынас белгілі бір жүйесінде ғана пайда болады. Міне, сондықтан Р. Столлер, гендер категориясын, жынысқа байланысты белгілеу үшін, бірақ жеке бас жəне мінез-құлық сипаттарының əлеуметтік жəне тұлғааралық қатынастырының контекстінде пайда болғанда қолдануды ұсынды. Өйткені, граматикалық термин «гендер» («рөлдік белгі») ерке пен əйел сипатының онтологикалық емес контекстуалдық маңыздылығын дəл білдіреді.

Жыныс психологиясы – жыныс жəне жыныстар арасындағы қатынастар проб- лемаларын зерттеуге арналған, көріністік жəне жеке-дара зерттеулерді біріктірген ғылыми білімдер саласы, сондықтан да жыныс психологиясын арнайы пəн ретінде, гендерлік психологияның дамуының алдындағы ғылым деп атауға болады. Негізінде, жыныс психологиясы пəндік саласының дəл шекарасы жоқ, оған төмендегідей проблемалардың зерттелуін жатқызуға болады: əр түрлі жынысты адамдардың арасындағы психологиялық айырмашылық, əлеуметтік жынысты рөлдік дифферен- циация жəне стратификация, маскулинділік пен фемининділіктің мəдени стерео- типтері, ұлдар мен қыздардың, еркектер мен əйелдердің əлеуметтенуінің ерек- шеліктері, белгілі бір жыныстың өкілі ретіндегі жеке бастың психологиялық идентификациясы (теңесуі). Жыныс психологиясы, жыныстық айырмашылықтардың психологиясы жəне отбасы мен неке психологиясы білімдер салаларының тоғысуы негізінде дамыды.

Жыныстық айырмашылықтың психологиясы – бұл адамдардың айтулы немесе жанамалы, жыныстыққа тəн немесе онымен ассоциаланатын айырмашылығын зерттеуші дифференциалды (жіктеу) психологияның бөлімі. Бұл бағыттағы жұмыста акцент, əртүрлі жынысты адамдардың мінез-құлықтарының ерекшеліктері мен психологиялық сипаттарының айқындалуында жасалынған.

Отбасы мен неке психологиясы – төмендегі факторларға байланысты туындаған əртүрлі сұрақтар көлемінде зерттелетін психологиядағы пəн аралық бағыт: неке сапасына əсер етуші, отбасының даму кезеңі, отбасының рөлдік құрылымы, отбасы мүшелерінің арасындағы билікті бөлу, ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас, неке мен отбасы жөнінде нұсқау, некелік серіктесін таңдаудағы детерминанттар, ата- анамен балалардың арасындағы психологиялық ерекшеліктері жəне т.б. Бұны, гендерлік психологияның алдындағы ғылымдардың бірі ретінде санауға болады. Мұның дамуын келесі кезеңдерге бөлуге болады (И.С. Клецина, 2004):

  1. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы жыныстар арасындағы қарым-қатынас психологиялық проблемалар туралы дискуссия;
  2. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы (60-80 жж.) жыныс психологиясының дамуы;
  3. ХХ ғасырдың 90 жылдарындағы жыныс психологиясы.

80-ші жылдары жыныс психологиясы мəселелеріне арналған ғылыми еңбектер саны көбейе бастады. Бұл жұмыстарды екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа, əртүрлі жынысты адамдардың мінез-құлық пен психологиялық сипаттарынның ерекшеліктері туралы мəліметтер орталықтандырылмаған, басқа ғылыми зерттеулерге тек қосымша мағлұматтар ретінде қаралған. Ғылыми ортада, В.А. Геодакянның (1989) жыныстық диморфизмнінің биологиялық теориясы кең орын алды. Жалпы айтқанда, бұл концепцияның мазмұны, кез келген биологиялық жүйенің өту процесі екі қарама- қарсы бағытты алады: тектілік (тұқымдағы барлық ата-аналық белгілердің өзгермеушілігін жақтаушы консервативті фактор) жəне өзгергіштік (соның арқасында жаңа белгілер пайда болады). Əйелдік бастау тұқым өндіру, ұрпақтан ұрпаққа сипаттамалары мен қасиеттерін табыстау, ал еркек жыныстылар, популяцияның алдыңғы шебіндегі отрядтай, тіршіліктің жаңа шарттарымен беттесу қызметін өз мойындарына   алады.   Əйелдер   тұрақты   «есті»,  ал  еркектер –  естің оперативті,«уақытша» түрін бейнелейді.

Сыртқы жағдайлардың өзгерісіне байланысты, қоршаған ортадан түскен ақпараттар ең бірінші, сыртқы əлеммен көбірек байланыста болатын еркектер қабылдайды. Генетикалық ақпараттар, уақытша жəне кенеттен болатын ығыстырулар електен өткеннен барып қана ұрғашы беретін, еркектердің қорғауымен ішкі популяцияның тұрақты «инерциалды ядросына» түседі.

Сондықтан да еркек жыныстылар осалдау келеді, ал əйел жыныстылар қоршаған ортаның қажетсіз əсеріне үлкен мықтылық, өміршеңдік танытады. Жыныстық эволюцияның теориясына сəйкес, əйел заты реакциясының қалыбы, яғни, олардың икемділігі, онтогенезде барлық белгілерін алғанда еркектерге қарағанда кеңірек. Қоршаған ортаның барлығына бірдей зиянды факторы, ұрғашының генетипіне тиіспей ғана оның фенотипін модификациялайды, ал еркектердің генетипін де, фенотипін де бұзады. Рекцияның əртүрлі қалыптарының салдары əйелдерде үйренушілік, тəрбиеленушілік, конформдылық жоғары, ал еркектерде – тапқырлық, зеректік, өнертапқыштық (ізденіштік) басым. Сондықтан да, əйтеуір бір шешілетін (жаңалыққа деген жоғары деңгейдегі талап жəне ең төменгі деңгейдегі жетілдір) жəне алғаш рет орындалатын жаңа мəселелерді еркектер жақсы шешеді, ал таныс мəселелерді (ең төменгі деңгейдегі жаңашылдық, жетірудің ең жоғарғы дəрежесі) керісінше - əйелдер жақсы шеше алады [2].

Қазіргі заманда тұрмысқа шыққан əйел, өзінің некесі сəтсіз болған жəне балаларына алаңдаушылық туған жағдайларда, жалғыздықтың зардабын шегеді. Экономикалық тəуелсіздік қазіргі заман əйеліне еркіндік əкелді. Алғашында ол өзінің жалғыз қалғандығына қайғырса, кейін қуана-қуана қабылдайтын дəрежеге жетті. Ол өзін жалғыздықтың «тəтті дəмін» жақсы сезіне бастады. «Əйел адам тұрмыс құрып, отбасында қандай қиындық болса да көнбістікпен өмір суруі керек» - деген қоғам қабылдаған өмір салтымен емес өзі таңдаған өмір сүру салтымен жүруді қалап, салыстыру мүмкіншілігіне ие болды. Сол өзіне ыңғайлы жағдайда өмір сүре отырып, өзі үшін ауыр болып есептелетін қарым-қатынастардан арыла бастады.

Таңдау мүмкіншілігі əйел адам үшін тереңінен жағымсыз əсер етті. Барлық адамдарға табиғи нəрсе болып көрінетін əйелдердің еркектерді таңдау еркіндігі – тек соңғы бір жарым жүз жылдықтың нəтижесі болып табылады. Өткен дəуірлерде  таңдау еркіндігі мен отбасын құру ер адамдар мен ата-ана қолында ғана болатын. Əйелдік таңдау еркіндігі сондықтан əрқашан да қайғылы аяқталады, дəл осы тұста Қозы-Көрпеш Баян-Сұлу, Қыз Жібек пен Төлеген, Лəйлі мен Мəжүнүн жəне т.б. тарихи образдарды еске алуға  болады [3].

Енді жоғарыда көрсетілген жайттар көлемінде ой салуға көмектесетін бірнеше тапсырмалар мен жаттығуларды ұсынғанды жөн көрдім.

 «Идеалды əйел, идеалды еркек» тапсырмасы

Тапсырманың мақсаты – «идеалды» еркек пен əйел образдары туралы өзінің көріністерін айқындау, қандай деңгейде олар өзінің сенімді ой-пікірі болып есептелетіндігін, ал қандай деңгейде – қоршаған ортаның күткеніндей жəне қоғам ұсынған гендерлік таптаурын əсерін зерттеу.

Қатысушылар өздерінің пікірлері бойынша 5-6 минуттың ішінде «идеалды əйел» мен «идеалды еркек» образын құрастырушы сипаттамаларды қағазға жазады. Содан соң əр топша жинақталған образдарын құрастыра, өздерінің тізімдерін оқиды. Топшалардың жұмысының қорытындысы бойынша топтың жалпы бірлескен көрінісі моделденеді. Барлық топпен құрастырылған қорытынды образ тақтаға жазылады.

Əрі қарай қатысушыларға, алынған сипаттамаларды, əрқайсысын алдын ала қорыта оқу ұсынылады: «Мен əйелдің ... болатындығын сенімді түрде айта аламын»,«Мен еркектің ... болатындығына қатты сенемін», «Мен əйелдің ... болатындығын  тура білемін». Бұл жұмыс жеке-жеке орындалады. Қатысушылар өздерінің ішкі қарсылықтарын шақыратын бекітуді белгілей отырып, күбірлеп оқиды. Топта талдау барысында қандай қасиеттері өзінің «мықты» сенушілігін анықтауға қиындау тиді, ал олардың қандайы қоршаған ортаның мақсатын немесе таптаурынын қамтиды.

 «Еркектер мен əйелдердің қасиетті мен рөлдері» тапсырмасы

Тапсырманың мақсаты – əйелдік жəне еркектік дəстүрлі қасиеттері мен рөлдеріне тəн гендерлік таптаурынын айқындау.

Алдыңғы жаттығудағы құрастырылған «идеалды əйел» мен «идеалды еркектің» образдарын дəстүрлі гендерлік қасиеттері мен рөлдері қырынан талданады. Қатысушылар өздерінің зерттеу жұмыстарының қорытындыларын келтіреді: ата- аналардың, айналасындағылардың айтқандарын, БАҚ таратқан образдарын. Қрытындыларын талдау жəне тіркеу, жазу кезінде, ұрпақтан  ұрпаққа  өтіп, хабарланып отыратын таптаурындардың тұрақтылығына, шапшаңдығына, дəстүрлі гендерлік рөлдердің бөлек қырларына деген көзқарастардың өзгерісіне назар аударуды айту қажет. Гендерлік таптаурындардың қайсысы үлкен деңгейде өзгеріске ұшырайтындығын анықтауға болады. Топшаларда қатысушылардың елестетулеріне үлкен деңгейде əсер еткен таптаурындар талданады, əйелдер мен еркектер «солай  бола алады» немесе «осыны жасайды» деген нақтылық бар ма ой-пікірі дəйектеледі.

«Жаңа біз» тапсырмасы

Қатысушылар өздерін жан-жақты қырынан көре ала отырып жəне талап- тілектеріне қарай өздерінің идеалды образдарын нақтылайды, содан соң жұп-жұпқа бөлініп өздерінің қандай əйел/еркек болғылары келетіндіктері туралы айтады. Талдау барысында осы образды өмірде нақты іске асыруда күдіктерін де (əрине егер ондай болса) айтады.

 Рефлексия кезеңі. «Презентация» жаттығуы

Əр түрлі жынысты немесе біртекті жынысты топ болсын, бұл жаттығудың тиімділігі өте жоғары. Топтармен жұмыс жасау барысында жинақталған тəжірибелерге қарап айтатын болсақ, бұл вариантта гендерлі таптаурындардың айырмашылықтарын анықтау тиімдірек болды. Топ мүшелері 12-14 адамнан көп болмағандығы жөн, себебі топ қатысушылары одан көп болған жағдайда уақыт көп кетеді.

Жүргізушіге нұсқау: «Қазір сіздер өздеріңізге онша таныс емес қатысушымен, немесе аз араласатын адаммен жұп құрасыздар (кез келген топта мұндай жұпты құруға болады). Əрқайсыңызға өзіңіз туралы айтуыңызға 3 минут уақыт беріледі. Сіздің серіктесіңіз сізге сұрақтар қойғысы келсе қояды. Содан соң сіздер рөлдермен алмасасыздар. Есіңізде болсын, партнерыңыз туралы əңгіме айтқанда, сіз оның атынан сөйлейсіз».

Диалогтан соң, жұптағы қатысушының бірі партнерының артына  тұрып,  оның иығына қолын қойып, бір минуттің ішінде сол адам болып сөйлейді: «Мен Арман... Менің ұнататыным... Менің жақтырмайтыным... Менің таныстарым мені...» жəне т.б. Бұл жерде ешқандай схема немесе қатаң ереже жоқ, тек қана партнердың атынан сөйлеуге бір минут қана уақыт беріледі. Уақыт жетпеді ме - əңгіме үзіледі, ал уақыт қалса – топ сол бір минут біткенше күтеді, əңгімені айтқан адам тағы да қосымша бір нəрсені айтуына болады. Осыдан соң топ қатысушылары 3-4 сұрақтар қоюына болады. Əңгіме айтушының міндеті – партнерын «сезінуі», жауап бергенде де соның атынан сөйлеуі. Ал партнер «шындық ашылғанша» ешқандай қарсылық білдірмейді – кері байланыс жаттығудың соңында.

Қосымша ескерту: қатысушылардың көбісіне, өзі туралы ақпараттарда бұрмалаушылықтар болған жағдайда үндемей отырып қалу өте қиынға түседі, бірақ  та мимикалық жағынан басқа комментарийлардың барлығы жаттығудың соңында болуы шарт. Партнер өзін презентациялап жатқанда, ол қатысушы өзінің сезімдерін бақылап отыруы керек, қай жерде қандай бұрмалаулар кетті, түсінбеушілік не себептен болды. Егер мұндай шектеулер қойылмаса, сөз салғыластырушылық пайда болып, негізгі мақсатқа жету қиынға соғып кетуі мүмкін.

Бұл жаттығудан, тіпті екі адам сөйлесіп жатқан күннің өзінде де, ақпараттардың бұрмалаушылығы қандай қатты əсер ететіндігін көруге болады. Қай жұпта бұрмалаушылық көбірек болғандығын білу өте маңызды [2].

 

Әдебиеттер

  1. Шакирова С., Хаматдинова А., Яхияев Қ. Көпшілікке арналған гендерлік білім Алматы: CopyLand, 2002. – 25 б.
  2. Малкина-Пых. Гендерная терапия Москва: Эксмо, 2006. - 240 с.
  3. «Алтын босаға» газеті, 2009, - 4 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.