Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жоғары оқу орны білімгерлерін психологиялық қолдау мəселесі

Психология ғылымында психологиялық  қолдау  феномені  тек  кейінгі  кездер-  де ғана игеріле бастады (А.Г.  Асмолов,  О.С.  Газман, И.Б. Котова,  К. Роджерс, Е.Н. Шиянов, т.б.). Психологиялық жəне əлеуметтік əдебиеттерді талдаудың нəтижесінде қолдаудың бірнеше түрлерін бөліп қарастыруға  болады:  педагогика-  лық қолдау, əлеуметтік қолдау, отбасылық, ерлі-зайыптылық. Білім берудің гуманистік парадигмасына сəйкес, ресей зерттеушілерінде қолдау мəселесі – педагогикалық қолдаудың теориясы мен практикасында қарастырылған (Е.В. Абаева, В.П. Бедерханова, О.С. Газман, И.Д. Фрумин, т.б.). Бұл жағдайда педагогикалық қолдау, превентивті жəне оперативті көмек көрсетуге бағытталған білім беру процесінің іс-əрекеті, деп түсініледі. Оның психологиялық аспектісі, өмірлік өзіндік айқындалуға қатыстырылу, дағдарыстық ситуацияларда таңдау жасауға дайындау, дамуға жəне өзін “ашуға” кедергі жасайтын субьективті барьерлерді алып тастау, психологиялық денсаулықты нығайту, жəне де нақты психологиялық зақымдаушы ситуацияларда көмек көрсету (О.С. Газман, И.Б. Котова, Е.Н. Шиянов).

“Қолдау” түсінігі аса кең, жалпы ұғым болып табылады, ол – қолдауды қажет ететін адамдарға көмек көрсетіп, ол үшін бір жағдайларды шешіп немесе түзетуді көрсетеді. Семантикалық түсінікте “қолдау” клиенттің қалауынан туындайды. Оның керегінен шығады. Қандай да бір басталып қойған жұмыс жəне өмірде бар зат қолдауға ие болады. Əдеби зерттеулер нəтижесінде қолдаудың келесі түрлері көр- сетілген:

Қамқорлық түріндегі педагогикалық қолдау (педагогтардың оқушылардың тұлғалық жəне əлеуметтік дамуына əсері);

Əлеуметтік қолдау (көптеген туыс емес адамдардың қолдауы); Отбасылық қолдау (отбасы мүшелерінен алынатын қолдау);

Көбінесе ғылыми зерттеулерде психологиялық қолдау əлеуметтік, отбасылық, жұбайлар арасындағы қолдау жəне педагогикалық қолдаудың қажетті құраушысы ретінде көрінеді. Сонымен психологиялық қолдауға деген қызығушылық арта түсуде. Көптеген дағдарыстар, соның ішінде материалдық жəне рухани дағдарыстармен қатар, адамның жеке басының дағдарысы да артып келеді. Адамның толыққанды өмірінің проблемасы ерекше орында тұрады. Осылардың бəрі біздің алдымызға тұлғаны  психологиялық  қолдаудың  əдістерін  зерттеу  жайлы мəселені  қояды. Бұл тұрғыдан алғанда психологиялық қолдау көрсетудің негізгі бағыттары төмендегідей болуы мүмкін:

Психологиялық профилактика – адамның жеке басының толыққанды психо- логиялық жетілуіне мүмкіндік туғызу, кіші топ жəне ұжымдардың, тұлғалық жəне тұлғааралық проблемалар жəне əлеуметтік-психологиялық қақтығыстардың алдын- алу мен əлеуметтік-психологиялық жағдайларды жақсартуға арналған ұсыныстарды жасау;

Психологиялық кеңес - тұлғаның өзін-өзі тануына, адекватты бағалауына жəне нақты өмір жағдайына бейімделуіне, құндылықты мотивациялық сферасының қа- лыптасуына, дағдарыстық жағдайларды жеңу мен үздіксіз тұлғалық өсуге көмек- тесетін эмоциялық тұрақтылыққа жетуге, соның ішінде басшыларға отбасылық кеңес беру.

Психологиялық коррекция (түзету) тұлғамен тұлғааралық қатынастардың үйлесімділігі мен психикалық жəне жеке дамуындағы ауытқуларды жоюға бағыт- талған белсенді психологиялық-педагогикалық əсер.

Психологиялық қолдау – қазіргі қоғамда тұлғаның еркін жəне үйлесімді дамуы  мен мүмкіндіктерін іске асыруды психологиялық қамтамасыз ету, адамдар психо- логиясындағы теріс (негативті) бетбұрыстар дамуының алдын алуға, тұлғалық дамудағы қиындықтарды жеңу, ауытқуы бар мінез-құлықты түзету, өзара қаты- настардағы дау-дамайлық ситуацияларды дұрыс шешу мақсаттарында іске асы- рылады.

Сонымен, психологиялық қолдаудың негізгі əдістері:

  • психологиялық білім беру (ағарту);
  • психологиялық диагностика;
  • психологиялық тренинг;
  • психологиялық жұмыстың жеке жəне топтық əдістері.

Психологиялық қолдаудың үлгісін құрастыру Л.С. Выготскийдің, О.С. Газман, А.В. Петровский, В.А. Петровский, Рубинштейн еңбектеріне негізделеді.

Психологиялық қолдау тұжырымдамасын дамыту үшін тұлғаның субьектілігі идеясы аса маңызды. Оның туындауы Л.С.Выготскийдің адамды түсінудегі іс- əрекеттік тұрғысы мен Рубинштейннің сана мен іс-əрекеттің біртұтастығы жəне де тұлға, бұл – ең бастысы субьект, өз белсенділігін алып жүруші деген еңбектерімен байланысты.

Н.Н. Загрядская зерттеуі жоғарғы сынып оқушыларын психологиялық қолдау проблемаларын шешуге арналған. Автордың айтуынша психологиялық қолдау мектеп психологы жұмысының маңызды бөлігі жəне ол топтық  сипатта  болуы  мүмкін.  П.Н. Загрядская, жоғарғы сынып оқушыларының өзін-өзі тануын жəне өзін-өзі түсінуін өмірге қажетті етіп қалыптастыруда психологиялық қолдау қажет – дейді. Автордың ойынша психологиялық қолдау жеке адамның дамуына бағытталуы қажет. Оның тұжырымдауынша, психологиялық қолдау экзистенциалды мəселелерді  шешуге қажетті жəне ең бастысы жағымды өзіндік қатынасты, белсенділікті, жауаптылықты, дербестікті қалыптастыруға бағытталуы қажет [1].

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде бірнеше жылдан бері бірінші курс білімгерлерімен “Өзін-өзі тану” сабақтары өткізіліп отырғанын айта кетейік жəне де осы сабақтар, шын мəніндегі, психологиялық қолдау көрсету сабақтары да деген пікірдеміз.

И.Е. Лилиентальдың зерттеуі техникалық университеттер білімгерлерінің бейімделуіне психологиялық қолдау көрсетуге арналған[2].

И.Е. Лилиенталь білімгерлерге психологиялық қолдау көрсетудің тиімділігі келесідей шарттарды орындауға байланысты болады деп көрсетеді: психологиялық қолдаудың жүйелілігі мен мақсаттылығы; полисубьектілік жəне психологиялық қолдаудың тұлғаға бағдарлылығы; бейімделу кезінде маңызды болып табылатын психологиялық қолдаудың тұлға дамуындағы жағдайларын қалыптастыруға жəне сол кезде маңызды болатын тұлға параметрлеріне бағыттылығы: интерналдық, жағымды өзіндік қатынас, рефлексия, дəмеленудің жоғары деңгейі, əлеуметтік-психологиялық құзіреттілік.

И.Е. Лилиенталь психологиялық қолдау көрсетудің мақсаты, жеке өмірінде кездесетін қиындықтар мен мəселелерін өз бетінше шешуге қабілетті білімгер тұлғасын дамытатын жағдайларды қалыптастыру – деп санайды.

Білімгерлерге психологиялық қолдау көрсету, олардың интериндивидті, метаиндивидті деңгейлерде өздерін көрсетулеріне көмектесу; олардың тұлғалық жəне кəсіби өсуіне мүмкіндік туғызатын өзара əрекеттерді ұйымдастыру, технологиялық жоспарда, автордың пайымдауынша, тұлғаға психологиялық қолдау көрсету, көмек берудің түрлі формасын қамтитын жүйе түрінде көрінеді.

А.А. Терсакованың алға қойған мəселесі педагогикалық жоғары оқу орындарындағы білімгердің тұлғалық дамуын психологиялық қолдау. Автордың айтуынша, жеке бас дамуының мəселесі, тұлғалық өзіндік айқындалу, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі реттестіру, субьективтілігін ұғыну. Өзін-өзі  бағалауды қалыптастыру проблемалары тұлғалық дамудың құраушысы болып табылады, өз өмірінің маңыздылығын түсіну, білімгердің тұлғалық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді[3] .

Психологиялық қолдау білімгерлердің өздерінің қажетсінуімен байланысты. Психологиялық қолдау, негізінен оқытушы (психолог) жəне білімгерлердің өзара əрекеттесуінде іске асырылса, кейде жеке – көмек көрсетушілік сипатта болуы да мүмкін.

Н.Г. Щербанева зерттеуінің пəні, педагогикалық жоғары оқу орны білімгер- лерінің кəсіптік дамуын психологиялық қызмет құралдарымен психологиялық қолдау болып табылады[4].

Зерттеудің талдауы, студент жаңа жоғарғы оқу орнының білім беру үрдісіне енгенде психологиялық қолдауды қажет ететінін көрсетеді. Оқудағы жақсы көрсеткіш көбінесе қоршаған ортаға бейімделуге байланысты екені белгілі. Бұл жағдай болашақ мамандарды дайындағанда көптеген əсерін тигізеді жəне білімгерлердің психологиялық жəне физикалық денсаулықтарына да үлкен қолдау көрсетеді. Білімгерлердің дамуы мен олардың алдында туындаған мəселелер, оларға психологиялық қолдау көрсету қажеттілігін көрсетеді. Жоғарғы оқу орындарының практикалық психология қызметінің мамандарының іс жүзінде курстағыларға көптеген қолдау көрсетуге, бейімделуін жеңілдетуге мүмкіндіктері бар. Олардың бағдарламаларында мынандай іс шараларды ұйымдастыруға болады:

  • ЖОО-дағы негізгі оқу əдістеріне үйрету, конспектілеу, мəлімдемелер жасау, реферат жазулармен таныстыру, конференцияларға қатысу жəне тағы басқа;
  • өз-өзін реттестіру əдістері, ауыртпалықпен күйзелістен арылу əдісімен, жұмыс істеу қабілетін орнына келтіру тəсілдеріне үйрету;
  • жетістікке қол жеткізу мотивациясы тренингтері;
  • коммуникативті құбылыстар тренингтері;
  • шығармашылық ойлауды дамытуға арналған жаттығуларды қолдану практикум- дары;
  • білімгерлердің тұлғалық сферасында қорқыныш пен үрейді алып тастау тəсілдеріне үйрету.

Н.Г. Щербаневаның есептеуінше, жоғарғы оқу орындарында психологиялық қолдаудың негізгі міндеттері:

  • білімгерлердің психикалық күйін түзету – кəсіптік дамудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін эмоциялық күйзелістен арылту;
  • білімгерлердің оқу-кəсіби іс-əрекетіне əлеуметтік-психологиялық бейімделуі жəне оларда оң өмірлік перспективаны қалыптастыру;
  • түрлі тұрмыстық жəне кəсіби сипаттағы ситуацияларда тиімді мінез-құлық іскерліктері мен дағдыларына үйрету;
  • білімгерлерде табысты кəсіби-педагогикалық тұрғыдан қалыптасуына мүмкіндік туғызатын қасиеттерді дамыту жəне қалыптастыру: педагогикалық бағыттылық, педагогикалық білгірлік, эмоциялық жəне мінез - құлықтық икемділік.

Осы бағыттардың бəрінде психологиялық қолдау жүйесінің іске асырылуы мүмкін. Бұндай жүйе ретінде жоғары оқу орындарындағы практикалық психология қызметі болуы мүмкін.

И.Б. Котова, Е.Н. Шиянов жəне А.Г. Анохиналардың пікірінше, психологиялық қолдау – бағыттылығы мен іске асырылуының тəсілі – тұлғаның өзін-өзі дамытуы.

Л.А. Петровская психологиялық қолдауды былай деп есептейді: бұл – күрделі құрылым, адам оны субьективті қабылдайды.

Психологиялық қолдау П. Загрядская бойынша, тек қиын жағдайда ғана емес, сонымен қатар басқа да жауапкершілікті жағдайларда қажет болады.

А.Е. Айви жəне М.Б. Айви бойынша психологиялық көмек бұл адамға қолдау көрсету, көмек қолын созу. М. Аргайл түсінігі бойынша жақсы психологиялық қолдау адамның түрлі жағдайлардағы шешімінің тиіміділігін жоғарылатады.

“Психологиялық қолдау” ұғымына байланысты түйінді мəселелердің жүргізгілген талдауы, кеңес беру мен психотерапиядағы психологиялық қолдауды зерттеуге қызығушылықтың арта түскенін көрсетеді.

Психологиялық кеңес беру, бұл – жеке-даралықтар, бірегей тұлғалар арасындағы диалог. Диалог үшін əдеттегі қарым-қатынас тілі, əдеттегі сөздер жеткіліксіз. Əлемге деген түрлі көзқарастардың бірігуі, өзара түсіністік, ішкі əлемдерінің түйісуі қажет. Кеңес берушіні клиент таңдайды, ал диалог іске асады ма, əлде іске аспайды ма, оған негізінен кеңес беруші жауапты. Осындай күрделі процесте психологиялық қолдау көмекке келеді.

Психологиялық қолдау көбінесе клиентке деген гуманистік тұрғыға жақынырақ болады, өйткені оның белсенділігі жəне əртүрлі оң өзгерістерге деген құлшынысына байланысты. Осы психологиялық бағыттағы кеңес беруші мен психотерапевтер дəл осы мағынада бірігеді – деуге болады.

Психологиялық əдебиетте кеңес беру мен психотерапияның аражігін анық айқындау мүмкін емес.

Глэддигтің көрсетуінше, теоретиктер де, практиктер де кеңес беруде, оның əртүрлі кезеңдерінде, міндетті түрдегі маңызды элементі ретінде психологиялық қолдауды пайдалануы қажет.

Психологиялық қолдаудың маңызды компоненттері Р. Кочюнас бойынша мақұлдау жəне тыныштандыру болып табылады. Консультациялық байланысты құру мен күшейтуде осы техникалар өте маңызды. Клиент рухын келісім немесе түсінуді көрсететін қысқаша сөйлеммен, мəселен: “Жалғастырыңыз”, “Иə, түсінемін”, “Жарайды”, “ Сонымен”, т.б. демеп отыру қажет. Клиентті психологиялық қолдаудың тағы бір маңызды компоненті клиентті тыныштандыру болып табылады. Бұл да консультанттың келісімін көрсететін қысқа сөйлемдері: “Өте жақсы”, “Дұрыс айттыңыз”, “Бұл жеңіл емес”, “Білемін, ауыр болатынын, дегенмен сіз осыны жасауыңыз керек” жəне т.б.

К. Роджерстің клиентке – ортақталынған (бағдарланылған) тұрғысы кеңес берудің тиімділігі туралы ой-пікірлерге үлкен ықпал етті.

К. Роджерс терапиялық ахуалды орнатудың ең маңызды элементтерінің бірі – шынайылық, адалдық деп санайды. Шынайылыққа үйренуге болмайды, дегенмен кеңесшінің клиенттің ішкі əлеміне кірулерін қауіп-қатер емес, қолдау деп қабылдауы керек.

К. Роджерс, сонымен қатар көмектік қатынастардың орнауы мен психологиялық қолдауға сенімінің мəніне де көңіл бөледі[5].

Демек, кеңес беру мен психотерапияның бүкіл процестері психологиялық қолдау актілері болып табылады.

Психологиялық қолдаудың мақсаты - өзін-өзі оқытуы мен өзін-өзі тəрбиелеуінің механизмдерін қалыптасыра отырып тұлғаның өзін-өзі нəтижелі дамытуына қажетті жағдайларды жасау. Осындай жағдайда əрбір адам өзіне -өзі психолог, өз тағды- рының қожасы болады. Психологиялық қолдаудың маңызды құраушылары: мақұлдау жəне тыныштандыру, жылылық, қамқорлық, жоғары бағалау, қабылдау, сыйлау жəне түсіну, осылардың бəрі психотерапиялық ахуалды құрудың басты элементтері болып табылады.

Блохер  психологиялық қолдау төмендегі жағдайларға əсер етеді деп санайды:

  • мінез-құлықты өзгертуді жеңілдетуге;
  • клиенттің қарым-қатынасты орнатып жəне қолдап отыру қабілетін жетілдіруге;
  • клиенттің өнімділігін жəне қиындықтарды жеңу қабілетін өсіруге;
  • шешім қабылдау процесіне көмектесуге.

Р. Кочюнас – кеңес беруде проблема туындағанда немесе клиентті қолдау, көмектесу қажет болғанда сезімдерге көңіл аудару қажет деп ойлайды, олардың арасында қорқыныш, мазасыздану, ашу-ыза, өшпенділік ерекше көрінеді.

Сонымен, ЖОО білімгерлеріне психологиялық қызмет аясында психологиялық қолдау көрсетілуі қажет деп ойлаймыз.

 

Әдебиеттер

  1. Загрядская Н.Н. Психологическая поддержка старшеклассников при решении ими экзистенциальных проблем: Дис. … канд. психол. наук: Ростов на Дону, 1999. – 138 с.
  2. Лилиенталь И.В. Психологическая поддержка студентов в период адаптации к образовательному процессу вуза./ дис. к.пс.н., Ставрополь, 2000. – 140 с.
  3. Терсакова А.А. Психологическая поддержка личностного развития студента в педагогическом вузе: Дис. … канд. психол. наук: Ставрополь, 2002. – 155 с.
  4. Щербанева Н.Г. Психологическая поддержка проф. развития студентов педагогического вуза средствами психологической службы: Дис. … канд. психол. наук: Армавир, 2003. – 144 с.
  5. Роджерс К. Эмпатия – психология эмоций М.: Прогресс, 1984. - 230 с..

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.