Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстандағы инновациялық процестердің түрлері

Қазақстанның əлемдік қауымдастыққа интеграциялануында тұлға мен социумның инновациялық даму мəселесін өзекті мəселе етуде. Қазақстан экономикасында инновациялардың бірінші дəрежеде басымдылық алуы үшін оған тек ғалымдар мен мемлекеттік басқару органдарының ғана мүдделі болуы жеткіліксіз. Əр елдің инновациялық технологияларды дамытуға мүмкіншілігінің деңгейі қазіргі қоғамымыздың негізгі сипаттарының бірі деп саналады. Мұндай мүмкіншілік тек жаңа өнім тудыратын ғылыми ізденістер жəне зерттеулермен шектеліп қалмауы тиіс. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында (əлеуметтік, экономикалық, саяси, ғылыми жəне техника-технологиялық) жеке жəне қоғамдық сананың өзгерістерге дайындығы, оған қатысу жаңа құндылықтарды қабылдау прогрестің талабы болып саналады.

Сондықтанда, инновациялардың тұрақты дамудың негізгі ресурстарының біріне жататындығын əлемдік тəжірибе көрсетіп отыр. Осыған орай Мемлекет басшысының болашақта Қазақстан үшін неғұрлым перспективалы деген онын іріктеп алып, жүзеге асыру үшін «жүз абсолютті инновацияларды» іздеу туралы берген тапсырмасы ерекше маңызға ие бола түседі.

Елдің инновациялық əлеуетін жетілдірудің мұндай моделі өнімдері ішкі жəне сыртқы нарықта сұранысқа ие болатын серпінді инновациялық жобаларды инвестициялау арқылы ғылымды қажет ететін, техникалық тұрғыда күрделі бұйымдарды «нүктелік» жасау шеңберінен шығуға мүмкіндік береді [1].

Инновациялық даму бойынша белгіленген бағытпен алға жылжу үшін базалық жағдайлар бар. 2015 жылғы кезеңге дейінгі индустриалдыинновациялық даму стратегиясы шеңберінде инновацияларды ендіру үшін қажетті жағдайлар жасалған. Ұлттық инновациялық қор, Инжиниринг жəне технологиялар трансферті орталығы, ғылым қоры, ғылым жөніндегі комитет, қаржылық даму институттары сияқты институционалды жүйелер қалыптастырылды. «Инновациялық қызметті қолдау туралы», «Ғылым туралы» Заңдар қабылданды.

Халықаралық тəжірибеге сəйкес 6 отандық венчурлық  қорлар  мен  Еуропа,  Орталық Азия,АҚШ-тың шығыс жағалаулары, АСЕАН елдері, Израиль, Германия сияқты 6 халықаралық жағрапиялық инвестициялау жобалары ашылды. Осыған қоса, инновацияларды ендіруді жылдамдату мақсатында технопарктер, индустриалды аймақтар, бизнес-инкубаторлар, еркін экономикалық аймақтар құрылуда [2].

«Ғылым туралы» Заңның қабылдануы арқасында ғылыми əлеуетті тиісті жұмысқа ырғақты түрде тарту үшін ұйымдық, институттық, қаржылық тетіктердің кешені жасалды. Атап айтқанда, ұлттық ғылыми инновациялық жүйені, ғылыми, ғылыми-техникалық жəне инновациялық қызметті дамытуды экономикалық ынталандыруға мемлекеттің кепілдік беруі, экономиканың басым секторларындағы технологияларды коммерцияландыруды қаржыландыру заңдық деңгейде бекітілді [1].

Ғылыми жəне ғылыми-техникалық қызметті басқарудың нақты құрылған жүйесі инновациялық тұрғыда қызығушылық туғызатын бір де бір талдаудың назардан тыс қалмайтынына кепілдік болып табылады. Сол сияқты 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік үдемелі индустриялықинновациялық даму бағдарламасын, елдің 2020 жылға дейінгі ғылыми технологиялық дамуының салааралық жоспарын, Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдары инновацияларды дамыту жəне технологиялық жаңғыруға ықпал жасау жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыруға қосымша ғылыми ресурстардың тартылуы мүмкін екендігі де өте маңызды.

Өнеркəсіп өндірісі саласының тұрақты дамуына негізінен өткен жылы басталған 2015 жылға дейінгі үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы ерекше игі ықпалын тигізді. Жалпы, бұл бағдарлама шеңберінде құны 801,8 миллиард теңгеден астам болатын 152 индустриялық жоба іске асырылды. Нақты есептеулер көрсетіп отырғанындай, осы ғасырлық жобалардың іске қосылуы ішкі жалпы өнімнің өсуіне 2,2 пайыз көлемінде үлес қосқан.

Елбасы алға қойған экономикамыздың бəсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатындағы бастама негізінде жүзеге асырыла бастаған 20102014 жылдарға арналған үдемелі индустриялықинновациялық даму бағдарламасы тарих  толқынындағы ерекше құбылыс болғандығы даусыз. Осы бағдарлама шеңберіндегі жобаларды іс жүзіне асыруға өткен жылы ғана республикалық бюджеттен 921,5 миллиард теңге қаржы бөлінді. Өткен жылы осы бағдарлама шеңберінде еліміз үшін инфрақұрылымдық жəне стратегиялық зор  маңызы  бар  Балқаш  ЖЭС,  «Шар-Өскемен»,«Қорғас-Жетіген», «Өзен-Түркіменстан мемлекеттік шекарасы» темір жол тораптары, «БейнеуШымкент» газ тарату құбыры жəне басқа ірі жобалар жүзеге асырыла бастады. Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде еліміздің шикізат қорын толықтыру мақсатында бірқатар геологиялық зерттеу жұмыстары жүзеге асырылды. Осының нəтижесінде, еліміздің алтын, қорғасын, цинк, көмір, уран, мұнай жəне газ кеніштерінің жаңа орындары анықталды.

Индустрияландыру картасы шеңберінде 2010 жылы елімізде 23 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Осы бағдарламалар шеңберінде озық технологияларды өндіріске енгізу мақсатында кешенді шаралар жүзеге асырылды. Тəжірибелік-конструкторлық шешімдерді, шет елдерде отандық ғылыми жобаларды патенттеу бойынша 1,697 миллиард теңге сомасындағы 38 жоба қолдау тапты. Машина жасау, тау-кен металургия, мұнай-газ жабдықтарының жобаларын жасау жөніндегі конструкторлық бюролар құрылды. Жүк вагондарының хопперлерін, перфораторларын шығаратын алғашқы өндірістер іске қосылды. Салааралық ғылыми-техникалық жобалар қабылданып, онда жаңа өндірістерді, технологияларды игеру, отандық ғылымға нақты бағытбағдар беретін зерттеу орталықтарын құру жөніндегі технологиялық бағдарламалар айқындалды [2].

Қазақстанда нақты жағдайда жүзеге асырылып жатқан инновациялық процестер Үкімет шешіміне сəйкес инновациялық қызметке қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысатын бірқатар инновациялық даму институттары жұмыс істеуде. Солардың бірі 2006 жылы құрылған «Ғылым қоры» акционерлік қоғамы болып табылады. Оның құзырына төмендегі міндеттер жатады:

  • дербес немесе өзге де инвесторлармен бірлесіп, соның ішінде ұсынылған гранттар арқылы да жобаларды қаржыландыру;
  • НИОКР-ді өмірге   енгізуге байланысты жобаларды жүзеге асыруға қатысу;    
  • ғылыми өнімдермен  қызметтердің тиімді, транспарентті нарығын құруға ықпал ету.

 Бұл жағдайда мыналар Ғылым қорының инвестициялық қызметінің басым бағыттары болып табылады:

  • нанотехнологиялар мен жаңа материалдар;
  •  биотехнологиялар;
  • көмірсутегі жəне кен-металлургия секторлары мен солармен байланысты сервистік салалар үшін технологиялар;
  • ядролық технологиялар мен қайта қалпына келетін энергетика технологиялары;
  • ақпараттық жəне   ғарыштық технологиялар.

2008-ден 2010 жылға дейінгі кезеңде Ғылым қорына барлығы қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулер, тəжірибелік-конструкторлық жұмыстар қолданбалы жəне инновациялық сипаттағы бастамашыл жəне тəуекелді зерттеулерге 35,3 миллиард теңгеден астам 575 тапсырыс келіп түскен. Келіп түскен тапсырыстардың жалпы саны Ғылым қоры қазіргі уақытта  инвестициялар көлемі 2,8 миллиард теңгеден асатын 33 жобаны жүзеге  асыруда.  Гранттар  беру  арқылы  22 жоба

250 миллион теңгеге қаржыландырылды. Соммасы 2,59 миллиард теңге болатын жоба бойынша Ғылым қоры салған қаржыны сатылап кері қайтару қарастырылған, ол оларды ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға қайтадан бағыттауға жағдай жасайды.

Сонымен бірге Ғылым қоры 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде инновациялық гранттар беру үдерісіне де қатысады. Конкурстық процедуралар қорытындысы бойынша Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Ғылым қорын төмендегі екі бағыт бойынша сенімді ұйым ретінде белгіледі:

  • тəжірибелік-конструкторлық жұмыстарды немесе қолданбалы сипаттағы тəуекелді зерттеулерді орындауға инновациялық грант ұсыну;
  • инновациялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындауға инновациялық грант ұсыну [3].

Қорыта келе, мақалада келтірілген деректердің елдің инновациялық даму жолына көшуі үшін əлеуетінің бар екенін айғақтайтынын атап көрсету қажет. Сонымен қатар қоғам деңгейінде инновациялық процеске қатынасу бүгінгі өмір қажеттілігі. Белсенді инновацияларды қалыптастыру мен қолдап отырудың ұлттық мүмкіншіліктерін қажетті деңгейге көтеріп отыру үшін қоғам осы құндылықтар мен озық идеялардың ұлттық басымдылығын түйсіне білгендігі өте керек дүние. Инновацияның табиғаты өте күрделі нəрсе жəне ол көптеген факторлар жəне қоғамдық институттармен байланысты.

 

 

Әдебиеттер

  1. Инновацияларға бағыт // Егемен Қазақстан. – 16сəуір, 2011. – 3 б.
  1. Дағдарыстан кейінгі дамудың тұғырына айналған жыл // Егемен Қазақстан. – 23 ақпан, 2011. – 2 б.
  2. Муханов М.   Инновации   –    путь   в    будущее. //Казахстанская правда 7 апреля, 2010. – 4 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.