Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Өмірлік қиын жағдайларды шешудегі арнайы әлеуметтік қызметтер

Ә

Өмірлік қиын жағдай адам өмірінің өту барысындағы тәртіптердің бұзылуынан және оларды қалыптасқан әрекеттермен шеше алмауынан пайда болады. Сонымен бірге өмірлік қиындықтар индивидтің жеке іс-әрекеттері мен қоршаған ортаның әсерінен шығып отырады.

Өмірлік қиын жағдайлардың белгілеріне мыналар жатады: әдетті әлеуметтік іс-әрекеттер алгоритмдерінің сәйкессіздігі; ағымдағы әлеуметтік қызметтің бұзылуы;  оқиғалардың  да-  му перспективасының анықталмағандығы; субъектіге қатысты жаңа жүйелік талаптардың пайда болуы, адамның стрестік күйінің пайда болуы. Әрине, бұндай жағдайда адам толық функционалдықты таныта алмай, өзінің ісәрекетін өзгертуге міндетті болады. Бұл жеке адамның қалаған нәтижеге қол жеткізуіндегі тәсіл, әдіс, амалдарды таңдаудағы әлеуметтік белсенділігінің жоғары болуын талап етеді.

Өмірлік қиын жағдай – әлеуметтік тұрақсыздық жағдайымен сәйкес келеді. Бұндай жағдайға стрестік, экстремалды және сыни мінездеме беріледі. Өмірлік қиын жағдайда тұлғада білімнің, қарапайым өмірлік қызметке бейімделу мен оған керек әдістердің жоқтығы; осы жағдайдағы құрылған модельдердің іс-әрекеттері; өзін және қоршаған ортасын қайта бағалау процестері байқалады [1, 14].

Әлеуметтік қызметтер – ізгілік пен теңдік қағидаларына, адам өмірінің түрлі салаларындағы білімге, әлеуметтік мәселелерді бағалау және қиындықтарды басынан кешкен адамдарды қолдау икемділігіне негізделген, адамдар  мен қызметтердің түрлі топтары арасындағы жаңа қарым-қатынас моделінде қалыптасқан маңызды кәсіби қызмет.

Әлеуметтік қызметкерлер Халықаралық Федерациясының анықтамасы бойынша әлеуметтік жұмыс қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге, адамдардың өзара қарым-қатынастарындағы мәселелерді шешуге және адамның бостандық пен лайықты өмірге құқығына себепші болады. Адамның мінез-құлқы мен әлеуметтік жүйелер тағылымына негізделе келіп, әлеуметтік жұмыс адам қоршаған ортамен өзара әрекеттестікте болғанда үдеріске қосылады. Адам құқықтары мен әлеуметтік әділеттік – әлеуметтік жұмыстың іргелі қағидалары [4].

Әлеуметтік жұмыс теориясында жалпы қабылданған деп өмірлік қиын жағдайға тар анықтаманың берілуін айтамыз. Яғни бұл анықтамада, субъект пен объектінің әлеуметтік жұмыста ортақ іс-әрекеттері арқылы берілген өмірлік қиын жағдайға баға берумен қатар, оларды жеңу мен нәтижелерін саралау қарастырылады. Өмірлік қиын жағдай құрылымына сол оқиғаға байланысты қатысушылар; ондағы орындалатын қызмет; жағдайлардың кеңістік және уақытша аспектілері; ондағы объектінің өмірлік қиындықтағы қобалжуы мен талдау жасауы кіреді. Осыған орай, өмірлік қиын жағдайлардың объективті факторларына, әлеуметтік орта мен адамның жақын ортасының оған берер әсерінің қиындықты қабылдаудағы, тұлғаның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерімен байланысты субъективті факторларына етене назар аудару керек. Өмірлік қиын жағдайдың нәтижесінде, жеке адамның өмірлік қызметінде әлеуметтік, психологиялық және физикалық жарақаттардың тұрғысында деформациялар пайда болады. Бұл тұрғыда, өмірлік қиын жағдайдағы адамдар әлеуметтік жұмыстың объектісі болады: мүгедектер, зейнеткерлер, девиантты мінез-құлықтылар, толық емес отбасылар және т.б. Маман клиентпен жұмыс істей отырып, өмірлік қиын жағдайға клиентпен бірге сараптамалық талдау жүргізіп, клиентке жемісті нәтиже алу үшін мәселені шешудегі ауқымды әрекеттерді көрсетуге, бірігіп, өмірлік іс-әрекеттер сценарийін өзгертуге тырысады [2, 24].

Әлеуметтік сферадағы ұйымның негізгі ісәрекеті заңнамалық актілер болып табылады. Олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен өзіндік басқару органдары арқылы құрылады. Негізгі құжаттарды атап өтейік. Қазақстан Республикасының заңдары: «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің негізі туралы»,

«Жетім балаларды әлеуметтік қорғау», «Қаңғыбастар мен еріксіз көшірілгендер» және т.б. Әлеуметтік сфералар ұйымы басқа да ұйымдар сияқты сәйкес заңдар аясында сақтандыру салығын бюджеттен тыс қорларға аударулары керек. Мемлекеттік органдар келесі тапсырмаларды орындайды: экономика құрылымының құқықтық негізін реттейді және құрады; бекітушілік және қаржылай саясатты өткізеді, пайдаларды орналастыру сферасындағы іс-әрекет сферасында қорларды орналастыруға әсер етеді [3, 12].

Әлеуметтік жұмыстағы өмірлік қиын жағдайларды төменгі критерийлер бойынша сатыларға жіктеуге болады:

Субъектінің мінездемесі бойынша жеке, топтық, отбасылық және басқа да жағдайлар.

Жасы бойынша бала, жасөспірім, жеткіншек және т.б. жастағы жағдайлар.

Жағдайға байланысты психологиялық реакциясы бойынша адекватты, мобильденген  реакциямен және адекватсыз, демобильденген реакциялармен байланысты жағдайлар.

Жағдайға бейімделу деңгейі бойынша белсенді және енжар бейімделумен байланысты жағдайлар. 2008 жылы ҚР Ата Заңы «Арнайы әлеуметтік қызметтер» туралы заң қабылдады. Бұл заң арнайы көмекке мұқтаж және өмірлік қиын жағдайларға тап болғандарға бағытталған болатын. Заңның ерекшелігі – арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығында мемлекеттік қолдаудағы ұйымдармен қатар, жеке ұйымдар да айналыса алады. Заңға сәйкес, арнайы әлеуметтік қызметке субъектілік сұраныс танытатын өмірлік қиын жағдайдағы отбасылар; қарт жасқа байланысты әлеуметтік маңызы бар ауру түрлері мен өмірлік қызметке  деген  шектеудің  пайда  болуына байланысты әлеуметтік көмекті қажет етеді [5].

Арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін субъектілер:

  • тұтынушылардың стационар жағдайындағы уақытша немесе ұдайы өмір сүруіне бағытталған әлеуметтік-медициналық мекемелер;
  • күндізгі келуге арналған әлеуметтік-медициналық мекемелер;
  • стационар жағдайындағы, жүріп-тұруға қабілеті жоқтарға арналған әлеуметтік үйішілік көмек бөлімшелері.

Арнайы әлеуметтік қызметтер мынадай бөлімшелерге бөлінеді:

  • тұтынушылардың өмірлік қызметін қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер;
  • тұтынушылардың стационар жағдайындағы денсаулығын қолдау әрі жақсы қылуға арналған әлеуметтік-медициналық қызметтер;
  • тұтынушылардың жеке тарапынан сұранысқа ие болатын, пихологиялық көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік-психологиялық қызметтер;
  • балаларға білім беру сұраныстарындағы олардың физикалық және ойлау қабілетін ескеретін әлеуметтік-педагогикалық қызметтер;
  • ҚР Заңына сәйкес тұрғындардың өмірлік деңгейін қолдау мен жақсарту мақсатында құрылған әлеуметтік-экономикалық қызметтер;
  • тұтынушылардың заңды құқықтарын қорғайтын әрі оларға қолдау көрсетуге арналған әлеуметтік-құқықтық қызметтер.

Соңғы жылдары республикада әлеуметтік көмек көрсету жағынан жаңа қатарлы бағдарламалар іске қосылды: мүгедектерді емдеу; үйге келіп, көмек көрсетуді ұйымдастыратын  бөлімдер, мүмкіндігі шектеулі жандарға ымдау тілін ұсынып, үйрететін арнайы мамандарды жіберу.

Заманауи экономикада мүгедектер мен қарт адамдарға әлеуметтік қызмет ететін мемлекеттік секторлар субъектісі, дербес секторлар, коммерциялық емес секторлар, сонымен қатар үй шаруашылық секторының өкілі болып танылатын физикалық жандар. Мемлекеттік және жергілікті басқару органдары жалпы мемлекеттік әлеуметтік саясаттың және оның ел көлемінде, жергілікті және аудандық көлемінде таралуына жауапты.

АӘҚ бағасы бойынша өткізілетін мониторинг, ұсынылатын қызмет сапасының қанағаттылығын көрсетеді. Бірақ, сонымен қатар әлеуметтік қорғау мен еңбек министрлігінің саясатына келіп түсетін ескертулер, саясат әсерін жақсартуға бағытталады. Шетелдегі әлеуметтік жұмыстың үлгісі бойынша, әлеуметтік-еңбектік қызметті бөлек тармақ сапасында қарастыру керек. Қарастырылған қызметтердің көп бөлігін әлеуметтік-медициналық мекемелер атқарады, сол себепті мүгедектер нарық еңбегіне толық ықпалдаса алмайды, керісінше, еңбек терапиясы еңбектік қалпына келу ұғымымен пара-пар келеді. ӘММ-да тек әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-педагогикалық қызметтер іске асырылады. Өзекті мәселелердің бірі мүгедек жандарға тұрмыстық үй алуға қажетті жабдықтардың тапшылығы болып табылады: пәтерді жабдықтау, арнайы құрылғыларды сатып алу (көлік, арнайы жабдықталған мотороллер, көлікке қажет құрал-жабдықтар, теледидарға арналған ақпараттық-мәтіндік аппарат, дисплейі іске қосылған телефон, дене шынықтырумен, спортпен айналысуға арналған жабдықтар). Қатты байқалатыны – кадрлардың жетіспеуі: жаңа мамандардың қажеттілігі (қозғалысты іске асыратын маман, әлеуметтік жұмысшы), штаттық бірліктердің санын көбейту қажеттілігі (мұғалім-дефектолог, тәрбиеші, психолог, логопед). Әлеуметтік жұмысшыларды тағайындаудағы тұрақсыздық байқалады: әлеуметтік қызметті ұсынатын маниторинг сапасы мен қажеттілік бағасындағы білім мен тәжірибенің жетіспеуі.

Жүргізіліп жатқан саясаттың бір міндеті – АӘҚ ұсыну секторына ҮЕҰ қосу. Бірақ әлеуметтік қызмет көрсету  секторының  мүмкіндіктері әлі де шектеулі, себебі қызметтердің көбі мемлекеттік ұйымдар арқылы ұсынылады, сол үшін қызмет алушылар қызмет  ұсынатындарды таңдау құқығынан айырылған. ҮЕҰ-ның әлсіз қатынасуының бір себебі – қажетті қаржылық ресурстардың болмауы.

Қазақстандағы арнайы әлеуметтік қызметтердің нормативті-құқықтық қамтамасыз етілуі белсенді трансформациялануда. Жалпы, ҚР АтаЗаңының «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету» туралы заңындағы қол жеткізген нәтижелерді төмендегідей көрсетсек болады:

  • мемлекеттің қолдауымен қаржының өсімі (асыраушының асырап жатқанға жұмсайтын ақша мөлшерінің өсімі), шығын тармақтарының кеңейтілуі, штаттардың кеңейтілуі, жаңа мамандарды тарту;
  • арнайы әлеуметтік қызметтердің түр-түрін ұсыну арқылы жаңа физикалық жандарды тарту (жеке көмекші, ымдау тілінің қызметтері);
  • арнайы әлеуметтік қызметті ұсыну мақсатында, қаржылық демеушілікке құқықты бола алатын коммерциялы және коммерциялы емес секторлардың теңқұқықты бәсекесін ұйымдастыру;
  • әлеуметтік қызмет көрсетудің стандарттары анықталған: әлеуметтік қызметке баға беру қажеттілігі, ұсынылып отырған арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің мониторингі мен бағалау сапасы және т.б. жаңа маңызы бар ережелер;
  • әлеуметтік жұмыстың теориялық модельдерінің көпшілігі бізде де, батыс елдерінде де негізінен алғанда, технологиялық бағытталған. Олар клиенттерге көмек көрсету түрлі технологияларын қолданудың негіздерін көрсетеді. Әлеуметтік жұмыстың феномологиялық аспектісінің жеткіліксіздігіне назар аудару қажет. Яғни әлеуметтік қызметкердің маман ретінде және адам ретіндегі (шындықты өздігінше қабылдайтын өзіндік іс-әрекеті мен ниеті, өзіндік өмір сүру стилі бар адам ретіндегі) іс-әрекеті есепке алынбай жатады. Әлеуметтік жұмыстың өзі қоғамдық өмірдің құбылысы ретінде, қазіргі адамның тұрмысының негізгі бөлігі ретінде сирек қарастырылады. Әлеуметтік жұмыстың түрлі теориялық модельдерінде технологиялық акценттің негізгі орын алуы белгілі бір дәрежеде дұрыс та болып табылады. Бұл – мәселелер бар халықтың түрлі топтарына әлеуметтік көмек көрсетудің тиімділігін көтеруге, әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби дайындықтарын көтеруге мүмкіндік береді. Алайда әлеуметтік жұмыстың мәндік  жағын  есепке  алмау,   оның стратегиясын жасауда түрлі қиыншылықтарға, сонымен бірге адамның субъективті рөлін түсінуді елемеуге де алып келуі мүмкін. Яғни – адам өз өмірін өзі жасаушы ретінде тек қана технологиялық әсерлердің нәтижесі емес, саналы, ғылыми негізделген іс-әрекеттердің нәтижесі. Адамның өмір сүру әлемінде тәжірибе мен ғылыми, рационалдық пен эмоционалдық, психологиялық пен биологиялық, әлеуметтік, шаруашылық-экономикалық, саяси және рухани-мәдени жақтарына назар аудару оның өмір сүруіне феноменологиялық тұрғыдан қатысын білдіреді. Бұл адамға көп жағдайда, оның өзіндік қайталанбайтын тәжірибесінің маңызы екендігін сезінуге мүмкіндік береді. Мұндай тұрғыда философиялық, философиялық-социологиялық негіздерге тоқталар болсақ, әлеуметтік жұмыс теориясы мен практикасында адамның мәніне бұлай назар аудару ежелгі дүниеден (антикалық кезең) басталып, философия мен социологияның бүкіл тарихын, адамды тану мен қоғамды тануда тұтасымен орын алып келгендігін көруге болады.

Әлеуметтік жұмыс маманы білім алудың нәтижесінде   оларға   қолданатын, «соционом»,«әлеуметтік инженер» ұғымдарының қолданылуы нормативтік құжаттардан белгіленбегендіктен, жалпыға танымал емес. Әдетте бұл оқулықта «әлеуметтік жұмыс маманы», «әлеуметтік қызметкер» терминдері қолданылады.

Көптеген технологияның ішінен, біреуін бөліп алу зерттеудің және клиентке көмек көрсетудің нақты мақсатына байланысты болады.

Студенттер жоғарыда аталған оқулықты қолдану барысында технологияның бір ғана түрінің түрлі категориядағы клиенттерге қолданылуын, түрлі әдістердің араласуын, өзара байланысуын, ұқсас емес ситуацияда түрліше қолданылуын көре алады. Зерттеу көрсеткендей, әрбір әлеуметтік іс-әрекеттен, жалпылығы тұрғысынан әлеуметтік метатехнология деп, атауға сәйкес келетін, бір-бірімен байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын адаптация (бейімделу) және трансформация (түбірімен өзгерту) процестерін бөліп көрсетуге болады. Олар барлық процестерге тән. Екі әлеуметтік субъектінің бір-бірімен өзара әрекеттесуі барысында бір субъектінің екіншісіне бейімделуін немесе олардың өзара бейімделуін көруге болады. Индивидтің әлеуметтік ортаға бейімделуі осындай ситуацияның жеке көрінісі болып табылады. Өйткені, әдетте, әлеуметтік ерте бейімделудің агентін (адам, ұйым немесе мекеме бейімделуге мәжбүр ететін), қалыптастырады және индивид бейімделудің қажет екендігін өзі сезінеді немесе оны мәжбүр етеді. Бұл үшін бейімделіп отырған субъектіні өзгерту, тұлғаның әлеуметтенуін қайтадан қалыптастыру, өзіне, басқаларға деген көзқарасын қайтадан қарауға мүмкіндік жасау қажет. Клиенттің бейімделуі өмір сүру жағдайларын немесе оның мінез-құлығын қамдайды, тұлғаның құрылымын өзгертуді талап етеді. Бірақ қоғамда кейбір жағдайларда индивидтердің қажеттіліктеріне қарай өзгеріп отыруына байланысты бұл мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты халықаралық құжаттарда атап көрсетіледі. Мысалы: мұндай категориядағы клиенттерге қоғамға бейімделе алмай отырған балалар мен жеткіншектерді де жатқызуға болады. Олардың ассоциалды мінез-құлықтары, заңға қарсы қылықтары қатар қоғамға бейімделудің бірден-бір түрі болып табылады.

Әлеуметтік жұмыс теориясы және практикасы үшін адам мәселесін түсінудің  маңызы  өте зор. Таным объект ретінде адам мәселесін тұтас түсінудің әлеуметтік жұмыстың теориялық жағын құрумен шектелмей, әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдарға түрлі модельдегі практикалық қызметке,  проблемасы бар адамдарға әлеуметтік көмектің техникасына үлкен мән береді. Бірақ бұл әлеуметтік жұмыс теориясына адамды тұтастай сипаттау, оны жан-жақты түсіну қаралмайды деген сөз емес. Адам өмірін феноменологиялық жағынан көру тәжірибе, ғылым, рационалды, эмоционалды психологиялық, биологиялық, әлеуметтік, шаруашылық, экономикалық, саясаттық, рухани мәдениеттен тұратын адамның өмір сүру әлеміне назар аудару аспектілерінен тұрады.

Әлеуметтік жұмыс деп өмірлік қиын жағдайларға тап болған қоғамның түрлі дәрежедегі адамдарға қол ұшын беріп көмектесуді өз алдына мақсат етіп қоятын іс-әрекетті айтамыз. Бірақ бұл тек бір ғана көзқарас.

Әлеуметтік жұмыстың басты мақсаты – адамның әлеуметтік ауқаты туралы қамқорлық және дұрыс әлеуметтік қызмет етуге тұлғаның, жанұяның, қоғамның қабілеттілігін ашу.

Мұндай іс-әрекет бірнеше деңгейде іске асады:

  • Макро, мезо және микродеңгейлерде. Микродеңгей әлеуметтік  жұмыс  адамдарының қоршаған ортасын жақсартуға бағытталған белгілі бір шаралар болып көрінеді.

Бұл әрекет әлеуметтік билік жүргізумен тығыз байланысты, яғни оған заңды іс-шаралар, әлеуметтік қызмет көрсету инфраструктурасын ұйымдастыру, қоғамдық және мемлекеттік әлеуметтік мәселелерді бағалап қадағалау туралы сұрақтар кіреді:

  • адамның қоғамда жақсы өмір сүруі үшін қажетті талаптарды қою және құру;
  • әлеуметтік сипаттағы және ұлттық-этникалық конфликтілерге жол бермеу;
  • көмекті қажет ететін азаматтарды тауып, түрлі қаржыландыру көздерін меңгеру.

Біз көріп отырғанымыздай, әлеуметтік көмек көрсетудің басты формалары болып келесі іс-әрекеттер табылады: әлеуметтік саясаттық акциялар, қоғамдық білім беру жүйесіндегі жұмыс, әлеуметтік қауіптілігі бар орындардағы әлеуметтік қызмет көрсету орындарының жұмысын ұйымдастыру.

Мезодеңгейдегі әлеуметтік жұмыс тұлғаға, жанұяға және түрлі көмекті қажет ететін топтарға қамқорлық көрсету іс-әрекет болып табылады.

Бір жағынан, қажет ететін топтар мемлекетпен белгіленуі мүмкін. Бұл мемлекеттің әлеуметтік саясатымен және де ең аз қорғалған азаматтарға көмек көрсетудің жоспарымен болады. Бұл жағдайда барлық шарттарды үкімет қабылдайды. Екінші жағынан, көмек берудің шарттары қайырымдылықпен айналысатын ұйымдармен қойылу мүмкін. Бұл жағдайдағы іс-әрекет түрлері әр алуан болады, әртүрлі қаржылай көмектен бастап, адамдардың ең маңызды өмір сүру іс-әрекеттерін  ұйымдастыруға дейін.

Микродеңгейдегі әлеуметтік жұмыс тұлғаның (клиенттің) өз сұрауларына байланысты құралады. Бұл деңгейдегі әлеуметтік жұмыс мамандықтың бір түрі ретінде индивидтің қоғаммен, топпен немесе жеке индивидпен әлеуметтік және психологиялық байланыстарын қалыптастыру немесе сақтап қалуға бағытталған. Бұл жағдайдағы көмек көрсетудің  радиусы  жеке консультациялардан топтағы патронаждық жұмыстарға дейін өте кең болып келеді.

 

Әдебиеттер

 

  1. Заяц О.В. Опыт организационно-административной работы в системе социальных служб, учреждений и организаций: учебное пособие. – Владивосток: ТИДОТ ДВГУ, – 105 с.
  2. Костина Е.Ю. История социальной работы: учебное пособие. – Владивосток: ТИДОТ ДВГУ, – 110 с.
  3. Қылышбаева Б.Н., Дүйсенова С.М. Әлеуметтік жұмыстағы ұйымдастыру, әкімшілік және басқару: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2011. – 154 б.
  4. www.demeu-om.kz/kaz/service/services/social
  5. http://adilet.minjust.kz/kaz/docs/V090005560

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.