Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ірі қаладағы құндылықты бағдарлардың ерекшеліктері

Қазіргі кездегі әлемдегі глобализация, модернизация урбанизациялық үрдістерді күшейте түсті, әсері өсуде. Бұл жағдайлар, әсіресе, жастарға әсерін тигізді. Қалаға жастар көптеп ағылады, ал урбанизациялық үрдістер құндылықты бағдарларына өзгеріс енгізбей қоймайды

Осы тұста, қала жағдайындағы үрдістердің қала тұрғындарына, әсіресе, жастарға әсер етуіне әлеуметтік талдау жасап, кемшілігі мен артықшылығын анықтап ұсыныстар жасаудың маңызы зор.

Бұл үлкен әлемде тек  экономикалық,  саяси өмір өзгеріп қана қоймайды, осыған орай адамдардың құндылықтарға деген  көзқарасы  да өзгере бастайды. Бір нәрсенің өзгеруі бүкіл сфералардың өзгеруіне әкеліп соғады. Прогресс барысында адам өзіне жаңа құндылықтар жүйесін құра отырып, ескі құндылықтар жүйесін жоя бастайды. Айқын мысалды қала өмірінен көруге болады. Қала өмірі жаңаша нәрселердің барлығын өзіне тез сіңіріп отырады.

Қалалық өмір тек қала тұрғындарына әсер етіп қоймай, онда тұруға ұмтылған адамдарға  да әсерін тигізеді. Неге адамдар қалада тұруға құштар? Қала – бұл социалды өзгерістер мекені. Бұл мекенде жанұя деген құндылықты жоғалтпасақ та, оған деген көзқарасымыз өзгеріп отырады. Қалалық өмірде адам өз күнін өзі көруі қажет. Сондықтан жанұя құрып топтасып өмір сүреді. Тіпті ықылым заманда адамдар өмір сүру үшін кішкене топтарға шоғырланып азығын тауып отырған. Қалалар пайда болған шақтарда мысалы Рим қаласында 10 пайыз адам ғана өмір сүрген қалған 90 пайызы сол қаладағы адамдар үшін азық-түлік дайындап жеткізіп отырған. Қазіргі заманда керісінше 90 пайыз адам қалаларда тұрады тек 2-3 пайызы ғана ауылшаруашылығында. «ХХ ғасырдағы урбанизация – жаһандық процесс, бұл процеске 3-ші әлем елдері де қосылуда әлемдегі халық санының өсуіне қарағанда Қала халқының жалпы саны күрт өсуде». Бұл процесс әлі де жалғасуда [1].

Үлкен қалалардың өсуі тұрғындар санының өсуіне байланысты, сондай-ақ кіші қалалардан, ауылдардан адамдардың көшіп келуі де айқын біліне бастады. Кіші қалалардан келе бастаған адамдар қалада жұмыс, байлық, таңдау мүмкіндігі мол деп сеніп келіп жатыр. Одан әрі қарай үлкен қалалар экономикалық және өндірістік державаның мекеніне айнала бастады. Үлкен қалалар адамның тек тәртібіне ғана емес, сондай-ақ оның ойлау қабілетімен сөйлеу мәдениетіне де әсерін тигізді. Үлкен қалада өмір сүретін  адамдар  үшін,   қазіргі   заманда,   руха-   ни құндылықтарға қарағанда, материалды құндылықтар бірінші орын алады. Осы да үлкен қаланың адам өміріне әсері екенін айтуға болады. ХvІІІ ғасырда қалалар туралы, олардың өмірге әсері туралы екі түрлі ой пайда болған. Сол пікірлер әлі күнге дейін сақталып келеді. Бірі қалаларда адамның, мәдениеттің, экономиканың дамуына мүмкіншіліктер көп деп айтады, ал енді бірі үлкен қала сенімсіздік, қылмыс, сатқындық көп орын алған жер деп айтады.

Әлеуметтанушы Саския Сассеннің ойы бойынша, мемлекеттің дамуынан бұрын, қаланың дамуына көп көңіл бөлінеді. Сондықтан, қалаларды өсіріп ел экономикасын өсіруге ұмтылады. Бірақ тек бір қаланы дамыту бүкіл ел ішінде ереуілдер туғызу әбден мүмкін, өйткені олар назардан тыс қалып қояды [2].

Ғалымдар урбанизацияның бірнеше белгілерін айқындап отыр: қала тұрғындарының санының көбеюі, ауылдық адамдар үшін қала көшіп келу мүмкіншілігі және шаруашылықтың алуан түрі.

Урбанизация процесі барысында жақсы және теріс қасиеттер де айқындалып жатады. Жақсы жақтарына: өмірге деген көзқарасты өзгерту, таңдау мүмкіндігінің көптігі және  еркіндігі,  кез келген іспен айналысу бостандығы. Теріс жақтарына: экологияның ластануы, аурулардың көптігі, ең бастысы адамдардың ұлттық мәдениеттен алыстауы.

Үлкен қала кішкене жерге орналасып өз институттарын құрып миллиондаған адамдар өмірін бақылап, оларға өмір сүру әдептерін көрсетуде. Қалалық жерде өмір сүру қаншалықты қиын болса да адамдар осында келе соған бейімделе бастады. Қаланың жақсы факторларының бірі мұнда мәдениет, өндіріс, техника, ғылымның дамуына мүмкіншілік өте көп.

Қала өміріне үйренген адам үшін ақша, жұмыс, мансап деген ұғымдар пайда бола бастайды. Мансап қуып жүріп адамдар бір-бірінен алыстай бастағандарын да байқамайды.  Әр адам өз жетістігі туралы ғана ойлап кетеді. Мұндай қылықтар бізге Батыстан келген десек қателеспейміз.

Үлкен қалалардағы адамдар бір-біріне өте жақын тұрса да көп жылдар бойы бір-бірін танымай өтеді. Бір-бірін білген күнде де  адамдар тығыз байланыспайды. Мақсатқа жету  үшін  де  пайдалануы  мүмкін.  Үлкен  қала  ол

«бөтендер әлемі» бірақ мұнда бір-бірін пайдаланып жатқандар да жеткілікті. Бірақ үлкен қала ішінде туған-туыс, жанұя деген сияқты ұғымдар көрші, әріптес деген сияқты ұғымдармен шатаспауы қажет.

Зиммель бұндай бөлінуді социологиялық немесе психологиялық деп бөлген жоқ. Зиммель өзінің әйгілі  диагнозын  қойды:  «Ештеңемен ісі жоқ адам – ол қалалық адам. Ол жүйкесі зақымданған ішкі және сыртқы факторлардың әсерімен өмір сүретін адам». Әлеуметтенудің жаңа формалары қалыптаса бастайды [3].

«Ештеңемен ісі жоқ» дегеніміз қаладағы адамдар үшін мәдени құрал, бір-бірін күнделікті көріп жүрсе де бірін-бірі танымайтын көптеген адамдар ағыны. Қала адамдарының эмоционалды жағдайлары мүлдем мүшкіл болар еді, егер олар күнделікті проблемаларды там жақын қабылдаса. Сондықтан олар  проблемаларды назардан тыс қалдырып, бір-біріне еліктемей, біреуге бағынышты болмай өмір сүріп жатыр [4]. Қалада өскен адамдардың қоршаған ортаның проблемаларына бей жай қарау деген қалыптаса бастайды. Үлкен қалада өзін-өзі қорғау үшін адамдар социалды өзгерістерге бей-жай қарай отырып өздеріне қызығушылық ортасын тауып зиммельдік диагнозға сәйкестене бастайды. Қала өміріне енген адам сол өмірдің заңдарын қабылдай отырып,өз бетінше өмір сүре бастайды.

Адамды аңға теңеуге болады, әсіресе жыртқыш аңға. Өйткені, жарысып,  күресіп өмір сүру оларға бастапқыда табиғатта жеңуге мүмкіндік берсе, енді олар үлкен қалаларда өмір сүру үшін күресіп жатқан жайы бар.

Сондықтан Печчеи өз кітабын «Адами қасиеттер» деп атады. Ол «адам табиғатының» өзгеруі болмаса, қоғамда да еш өзгерістер болмайтынын көрсетті. Бірақ адам үшін, барлық уақыттарда жанұя ең маңызды құндылық болып қалған. Заманға қарай бұл құндылықтар өзгеріп отырған, десек те дамымай, көбеймей алға жылжу мүмкін емес. Егер біз осы құндылықтан айырылсақ қоғамның дамуы туралы сөз қозғау мүмкін емес. Қазіргі заманда біз көп балалы отбасы мен үлкен қаладағы өмір бір-бірімен тіпті байланыспайтын ұғым деп білеміз. Бала са-  нын шектеу немесе мүлдем бала таппау қазіргі қалалардың бастапқы тенденциясы. Осы тенденциялар өзім үшін өмір сүру, мансап, жұмыс, ақша деген ұғымдар әсер етеді [5].

Бестужев-Лада  өз   кітабында   жазғандай:

«ХХ ғасырда (әсіресе екінші жартысында) адамдардың дәстүрлі ауылдық өмір салтынан заманауи   қалалық   өмірге   қарқынды  ауысуы үлкен қатер. Ал популяцияның өмір сүру мәні - ұрпақ өндіруінде ғана. Ұрпақ жалғасуы болмаса, адамзат ғұмыры шектеулі болмақ». Бірақ бұл процесс қалай болса да, әлемнің әрбір елінде байқалады – дамыған және дамымаған мемлекеттер есебінде. Адам ұрпағын жалғастыру мәселесіне әлеуметтік мәселелер де қосылады. Ауылдық жерде бала, ол көмекші, ал жеткіншек тек көмекші емес, ол жұмыскер, жаңадан үйленген адам – өмір тірегі, болашақтың кепілі, қарт кезінде – зейнетің болады. Сондықтан ауылдық жерде бала тек экономикалықәлеуметтік жетістік қана емес, болашақтың кепілі деп қарастырылады.

Қалалық жерде бала көмекші емес, кедергі, ата-ана өмірін қиындататын адам. Жеткіншек жұмысшыемеспәтержалдаушы, олкөпқиындық туғызады, туған-туысқан көмек көрсетпей сенен алып отырады. Сондықтан қалада тұратын егде жастағы адамдар көбінесе қартайғанда жалғыздықты бастан кешеді. Қалада тұратын жастар жанұя  құру  туралы  тіпті  ойланбайды, олар үшін жалғыз тұру әлде қайда жеңіл. Сондықтан қаладағы жастар жанұя құрмай, 20 – 30 жас аралығындағылар тек біреумен тұрып немесе тіпті көп адамдармен қарым-қатынас құра бастайды [6].

Мұндай іс-әрекетке бару жастарды көбінесе еліктеу, ақпаратты технологиялар, біреудің өмірлік тәжірибесі итермелейді. Сонымен қатар жастардың рухани дамуында тежейді. Баспа құралдары арқылы жарияланып жатқан заңсыз некелер,  ерсі  қылықтар  жастардың   дамуына кедергі жасайды. Жастардың дамымауы ол қоғамның дамымай бір орнында тұрғандығы. Социалды модельдеу жағынан алып қарасақ бұндай жарнама және батыс фильмдері жастардың қоғамдағы тәртібіне тікелей әсер етеді. Қазақстандық жастар дінге жақын деп айтсақ та, олардың арасында бұндай жарнама жүрмейді деуге болмайды.

Қала өмірі адамды үнемі бір жаққа асығуға, шаруаларды тез тындыруға итермелейді, сондықтан қала адамдары үнемі қозғалыста тынымсыз өмір кешуге мәжбүр. Қалада адамдар әлемде болып жатқан глобальді мәселелер толғандырмайды, ол өзінше өмір сүріп жатыр. Адам ондай мәселелерді ойға алғысы  келсе-  де, оны ойлауға уақыт жоқ. Адамдар өзін және жанұясын қамтамасыз етумен өмір сүреді. Өмірге келген күнінен бастап адам өмір сүру үшін күресіп келеді. Техника мен ғылымның дамуы  қаншалықты  алға  ілгері  жылжып  жатса да, әлемнің 90 пайыз тұрғындары жартылай аштықта немесе айлықтан айлыққа дейін өмір сүреді. Сондықтан адамдарды неге асығып жүрмін деген сұрақтар мазаламайды, ол өмір сүру үшін күресіп келеді. Адамдарға бір іспен шұғылдану заңды құбылыс, қолы бос адам кейде өзін керексіз деп те санайды. Барлығы жетіп тұрса да адамдар ақша табуға, жұмыс істеуге асығып тұрады. Бірақ рухани жағынан адамға бір мезет тоқтап ойлану да қажет, әйтпесе бар өмірі асығыстықпен өтіп мәнсіз өмір сүру кейпін кешеді [7].

Қазақстанның 60 пайыз қалалары урбанизацияланған. Орталық Азиядағы ең дамыған мемлекеттердің біріміз. Алматы қаласының өзінде 1,5 млн халық тұрады. Сондай-ақ ірі қалалардың қатарына Астана (500000),  Қарағанды  (436000),  Шымкент  (360000),  Тараз   (330000),

Өскемен (311000), Павлодар (300000)  жатады. Алматы қаласына урбанизациялануының барлық белгілері бар: бір жарым миллиондай тұрғындары бар Қазақстанның ірі мегаполисі, елдегі іскерлік және кәсіпкерлік қызметтің ірі орталығы, ЖІӨ бесінші бөлігіндей құрайтын, елдің жетекші қаржылық орталығы, тауарлық қызметтердің республикалық көлемінің 44,5% көрсетеді, елдің туристік саласының дамуында жетекші позицияға ие, республикадағы ғылыми және зерттеудің ең күшті потенциалы бар, ірі білім орталығы [8].

Үлкен қалаларда еліміздің тілінің, мәдениетінің жойылу ықтималдылығы басым болып келеді. Өйткені қала тұрғындары екіге бөлініп бірі орыстанып кеткен қазақтар болса, екіншісі өз салт-дәстүрлерін ұстанатын қазақтар. Орыстанып кеткен қазақтардың құндылықтар туралы түсініктері тіпті басқа болып келеді. Қалалық орыстанып кеткен қазақтар көбінесе өзін ғана ойлайтын эгоистер болып келеді. Олар өмір бойына тек өздері үшін жұмыс істеп, білім алып, мансап қуып жүреді, сөйте тұра маңызды құндылықтарды  естерінен  шығара   бастай-  ды. Ол өз халқымен, ата-бабаларымен, салтдәстүрімен байланыс. Осы жайттардың барлығы да адамның рухани азуына әкеліп соқтырады, бірақ қала өмірі осыны талап етеді. Өз тілінде сөйлеу, ол мәдениетті, салт-дәстүрді толығымен білу болып есептелмейді. Сондықтан қазір социомәдени құз, ойпат пайда болған.

Қалалық қазақтардың санасына сіңген қасиеттер: өзі үшін өмір сүру, жоғары талаптарға сай болу, білім алып мансап қуу, әлемдік өмірге өз  бетінше  көзқарас.  Қаладағы  қазақтар қайта өздері салт-дәстүрді, мәдениетті жаңғыртуды  өз қолдарына алу қажет, өйткені бұрындары айтып өткеніміздей, қаланың өзгеріп, дамуы тікелей ауылдық жерлерге әсер етеді. Ұлттық құндылықтарды жаңғырта отырып біз қазақ халқының ыдырауына мүмкіндік бермейміз. Қалалық қазақтар өздерінің білімділігін, дамығандығын ауылдық тұрғындарға көрсетіп, тілді, мәдениетті, салт-дәстүрді үйренуге бірінші болып қадам жасау керек. Тек мемлекетке ғана сеніп отыруға болмайды. Әр қалалық қазақ бірінші болып өз білім дәрежесін алға тартып оны бүкіл халыққа көрсету керек.

Тек осы жағдайлар іске асқанда ғана қазақша орысша сөйлейтін қазақ болып бөлінбей бір келкі ел, мемлекет бола аламыз. Және тек осы факторлар біздің мемлекетіміздің дамуына, әлемде ерекше орын алуына әсерін тигізеді.

Біз жаһандануға ұшырап жатқан әлемде тұрамыз және даму процестері бізді айналып өтіп жатқан жоқ. Біз жанұя, мемлекет деген сияқты құндылықтарымызды сақтап отырғанымызбен сырттан келген кері әсері бар факторлар бізге әсер етпей қоймайды. Олар әсіресе біздің жастардың санасын жаулап алады.

Бүгінгі алдымызда тұрған бүкіл жаһанды жаһандану бізді айналып өтпесі анық. Ерте ме, кеш пе олар бізге де келер. ХХІ ғасырда адам өзін-өзі жойып жіберу қаупі бар екендігін айтамыз. Бұл өзін-өзі жою ХХІ ғасырдың басында қалыптасқан тенденцияларға байланысты болуы әбден ықтимал.

Екi он жылдықтар ішінде елдiң ең iрi мегаполисы – Алматыға iшкi мигранттарының көп мөлшердегі  ағыны  азаймай  отыр.   Мегаполис - елдің барлық аймақтардан келген iшкi мигранттар үшiн магнит болып табылады, соның ішінде ауылдық ағындар басым. Қалаларға ішкі мигранттар не алып  келеді?  Мегаполи-  ста қандай мәдениет, құндылықтар басым? Қазақстанды ішкі да, сыртқы мигранттар елі  деп  атауға болады.

Сонымен бiрге, iшкi көшi-қон, әсіресе, посткеңестік елдермен салыстырғанда қарқынды жүруде. Жақсы өмір іздеп 1991-2008  жылдары 4,7 млн қазақстандықтар ел ішінде қоныс аударушыға айналды. Сол жылдары сыртқы миграцияға (эмиграция + иммиграция) 4,5 қазақстандықтар қатысты. Яғни, посткеңестік кезеңде ішкі миграция сыртқы миграция мөлшерінен жоғары.

Урбанизация – қазiргi әлемдегi заңды, бастаушы тренд. Бүгінде әлем тұрғынының жартысынан көбі қалаларда өмір сүреді, ал 2050 жылға қарай қала тұрғындарының саны әлем халқының 70%-на жетедi. 2008 жылы қала тұрғындарының саны тарихта тұңғыш рет ауылшаруашылық тұрғындардың санынан асып түсті [9].

Санақтың қорытындылары бойынша, қала халқының еншiсi Қазақстанда – 2009 жылы 54,1% құрады, ауыл тұрғыны – 45,9%. 2006 жылдың басына қала халқының еншiсi Ресейде 72,9% құрады, Украинада және Армения 70%дан кем емес.

Жақын болашақта қазақстандық ауылдардан қалаға масштабты миграциясы әрі қарай жалғаса береді. Қазақстандағы қазіргі қала мен ауыл тұрғындарының арақатынасы 65/35 пайызға өзгеруі мүмкін. Бұл негізгі 3 фактор әрекетімен байланысты: климаттық, экономикалық және әлеуметтік.

Қазақстан аумағы бойынша әлемде 9-шы орында, бiрақ сонымен бірге климаты күрт континеталды, 70% аумағы – шөл, жартылай шөл, шөлденуге душар болған аймақтар. Тек қана тау етектерiндегi климат жұмсағырағы – Алматы, Қазақстанның шығыс шегараларына тұстасқан Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облыстары облыстары және елдiң оңтүстiгі – Орта Азия оазистерінен тұтасқан Оңтүстiк Қазақстан және Жамбыл облыстары. Қазақстанда елдi мекеннен алыстайтын болды – қыстыгүнi боранды суықтан және жаздыкүнi құрғақ аптап ыстықтан оңай қаза табу мүмкіндігі жоғары. Басқа мәселе қалаларда адам үшін қолайлы өмір ортасы жасалуда, тіпті ағаш отырғызу мен парктерді, биік ғимараттарды салу есебінен өз микроклиматы құрылуды. Мәскеуде, Алматы секілді басқа ірі қалаларда өз микроклимат бар.

Ауыл тұрғынының саны тарихи мерзiмде ұдайы қысқарып отырады. Технологиялардың дамуымен аграрлық секторлардағы адамдар саны заңды түрде азаюда, ал керісінше, қызмет көрсету, жоғары технологиялар саласында өседі. Белгілі  бір  даму  деңгейіне  жеткен   елдерде ауылшаруашылық өнiмдерiнің жеткiлiктi көлемінің өндірісі үшiн бұл экономика саласында жұмыс істейтін адамдарға қажеттілік азаюда. Мысалы, АҚШ-та 2010 жылы тек ауылшаруашылығында тұрғындардың 2%-дайы ғана жұмыс істеді. Қала халқының саны 2010 жылда Аргентинада – 92%, Ұлыбритания – 90%, Австралия – 89%, Бразилия – 86% тұрғындарды құрады [10].

Қазақстандағы өспелi урбанизацияның экономикалық факторы қаладағы еңбек нарығының көлемдігі және алуантүрлілігімен және қала  мен ауыл тұрғындарының табыстарындағы алшақ айырмашылықтармен шартталған. Жұмыс орындарының жеткілікті санының және алуантүрлі болмауына байланысты, ауылдың қаламен салыстырғанда   еңбекақысының   төмен  болуы «қала – ауыл» миграция ағындарының өсуіне себепші болады.

Ауылдағы халықтың азаюының, ауылдық тұрғындардың қалаға тартылуының негізгі мотивтері – білім алу мен жұмыс. Ішкі мигранттар үшін білім алу мен азды-көпті төленетін жұмысқа тұрудың маңызды. Бірақ одан да маңызды мотив болып ірі қалаға тұрақты тұруға көшуге тырысып, қалалық тұрғынға айналу болады.

Алматы қаласында жоғары білім алған жас мамандар ауылға баруды ойламайды. Алматы қаласында жоғары оқу орнына түсудің бірден бір себебі ауылға дипломын алып,  жұмыс істеп, сол ауылда соңына  дейін  өмір  сүру емес. Бітірген түлектер жұмыста тәжiрибелері болмағандықтан, олар жылдар бойы жұмысқа тұра алмайды. 10-15 жылдардан кейiн, көбi мүлдем үмiттерін үзіп, дипломдарының бiлiктiлiгін жоғалтып, басқа мамандық бойынша жұмыс iстейді. Жастарға да, iшкi мигранттардың орта буыны үшін де қаланың жайлылық жағдайы өте маңызды.

Алматы қаласы жастар саясаты жөніндегі басқармасы қызметінің Тұжырымдамасында айтылғандай, еліміздің қазіргі жастары жаңа жағдайда – тәуелсіздік алып, өсіп өркендеген, демократиялық реформалар мен нарықтық түрленуден соң тәрбиеленіп, есейді.

Сонымен қатар, отбасы, оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес сектор – Қазақстанымызды гүлдендірудің кепілі болып табылатын жас ұрпақта отаншылдық, кәсібилік, ұқыптылық, жауапкершілік сынды қасиеттердің болуы жолында ұштасуы қажет.

Алматы – әлеуметтік-демографиялық жағынан көбінесе дәстүрлі түрде жастар қаласы болып табылады. 14-29 жас аралығындағы жастар мегаполис тұрғындарының 30% немесе үштен бір бөлігін құрайды. Қалада орта, арнайы орта және жоғары оқу орындары жүйесі, аймақтағы ірі көтерме және жеке сауда нысандары, өндірістік және көлік мекемелері, салалы қызмет көрсету құрылымдары, алып-сату орталықтары, ірі медициналық орталықтар мен мемлекеттік мекемелер еліміздің түрлі аймақтарынан келушілерді  қызықтыратыны  сөзсіз.  Көптеген жастардың осы ірі қаладан кеткілері келмейді, осында біржола тұрақтап қалуға тырысады.

Осыған байланысты, Алматы қаласындағы жастардың үлес салмағы үнемі артып отырады. Қаланың қоғамдық-саяси жағдайы кейбір әлеуметтік жағдайларға қарамастан, бір қалыпты болып табылады. Бұл мәселе жастар ортасында оң бағыттағы бағалау орын алады.

Алматы қаласы тұрғындарының көңілінен шыққан әлеуметтік тұрғын-үйлердің қарқынды салынуы, жол магистральдарының жақсаруы, қалалық және аула аумақтарының көгалдандырылуы, мектептерді жөндеу, дағдарысқа қарсы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру және тағы басқа сынды қала тұрмыс-тіршілігінде жүріп жатқан оң бағыттағы өзгерістермен қатар, жас алматылықтардың әлеуметтік әлауқатына әсер ететін кейбір кемшіліктер орын алады. Факторлық талдау жас азаматтардың материалдық тұрмысы төмендеуінің себептерін анықтауға мүмкіндік берді. Олардың қатарында: жалақы мен ең қажетті тауарлар бағасының арасындағы сәйкессіздік, жастардың ойы бойынша жоғары және орта арнайы оқу орындарындағы оқу  төлемақысының  жоғары  бо-  луы; бюджеттік мекемелер жұмыскерлерінің жалақысы мен мемлекеттік төлемдердің төмен болуы; мектептер мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінің толып кетуі; экология мәселесі, жемқорлық, жастардың жұмыссыздығы, қылмыстық оқиғаларының өсуі.

Тұрғын үй мәселесі. Урбанизация мен мегаполистің қарқынды дамуы,  сонымен  қатар  әр аймақтан қоныстанушылардың көбеюі салдарынан бұл жағдай аса қиындық туғызады. Қазақстан Республикасының заңнамасында жастардың тұрғын үй мәселесі жеке қарастырылмаған.

Бүгінгі таңда жас отбасылырының 40% астамы тұрғын үй жағдайларының жақсаруын қажет етеді, сонымен қатар, олардың 35% мемлекеттің көмегінсіз өз күштерімен оған қол жеткізе алмайтындығын мойындады. Сарапшылардың бағаларына сүйенетін болсақ, 21-29 жас аралығындағы жастардың, олардың ішінде жас отбасылардың да 85%-ы тұрғылықты жер қажет ететіні анықталды.

Мемлекеттік және бюджеттік мекемелердің көпшілігі тұрғын үй қажет ететін азаматтардың санағын жүргізбейді. Бұл жұмыс аясында жастардың, солардың ішінде неке қиған жастардың тұрғын үй қажеттілігін анықтау қажет.

Жастар төмен пайыздық мөлшерлемелі ипотекалық несие мен жеңілдетілген бағамен тұрғын үй сатып алуды тұрғын үй мәселенің шешуші жолы ретінде қарастырады. Екінші дәрежелі банктер беретін ипотекалық несиелердің жоғары пайыздық мөлшерлемесі салдарынан жас отбасылардыңкөбінқанағаттандырмайды.«Студенттерді несиелеу» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру механизмдерінің дұрыс қарастырылмағандығы және жастардың ойы бойынша, 9%-дық мөлшерлемесінің жоғары болуы салдарынан Алматы қаласы бойынша тек 80-ге тарта білім беру несиесі берілді.

Жастардың әлеуметтік әл-ауқатына әсер ететін тағы бір мәселелердің бірі – жұмыссыздық. Алматы қаласы бойынша 2009 жылдың 4 тоқсанында жастардың жұмыссыздық деңгейі 7,9% құрады. Жұмыссыз жастар құрылымындағы басым бөлікті әйелдер жұмыссыздығы алады. Қазіргі таңда бала-бақшамен қамтамасыз етілу 35,6% ғана алады, бұл жағдай ерлі-зайыптылардың екеуінің бірдей жұмысқа тұруына бөгет жасайды.

Жастар арасында жұмысшы мамандықтарды әлсіз насихаттау мен еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар туралы ақпарат берілмеуі байқалады. Онымен қоса, осы жағдайда кәсіптік бағдардың да қажеттілігі туралы айтылады. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс туралы жалпы ақпараттық база жоқ.

Жастардың дамуының маңызды бөлігі олардың инновациялық талпынысын жүзеге асыру және анықтау болып табылады. Ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын жас адамдардың саны 21,4 құрайды. Жастардың тек 20% ғана өздерінің кәсіби біліктілігін одан әрі дамытып бүкіл ғұмыры бойында оқуға ниеттеніп отыр.

ЖОО түлектерін жұмысқа тұрғызу да көңіл аударатын басты мәселелердің бірі. Жастар арасындағы жұмыссыздық мысалдарының бірі, сарапшылардың талдаулары бойынша ЖОО өз түлектерін жұмысқа тұрғызуға қызығушылық танытпайтындары туралы таңғаларлықтай жағдайды айтады.

Осы мәселелерді шешу мақсатында «Жастар практикасы» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге  асыру  басталды.  Жастар  практика-   сы мемлекеттік бағдарламасын ұйымдастыру мәселелері бойынша жүргізілген кең ауқымды ақпараттық жұмыстардан кейін, 2009 жылы 3044 жас мамандар жұмыспен қамтылды.

Жастар практикасы бағдарламасын жүзеге асыруға кері әсер ететін  факторлар  қатарына оның белгілі бір механизмдерінің дұрыс қарастырылмағандығы, қазіргі заман талаптарына сәйкес  емес  түлектердің  төлемақысы,  БАҚ-та ақпараттық-насихаттық жұмыстар өткізуге қаржылық жағынан шектелуін жатқызуға болады.

Білім алу жастар үшін негізгі бәсекелік артықшылық болып табылады. Осыған байланысты, жыл сайынғы оқу төлемақысының көтерілу мәселесі де студенттер тарапынан теріс қабылданады. Жастар ортасындағы процесстердің ерекшеліктеріне қайта оралатын болсақ, қазіргі жастардың даму деңгейінің көзге көрінерлік өзгерістерімен қатар, олардың жалпы мәдени сұраныстары мен білім беру деңгейлерінің төмендеуін анықтауға болады. ЖОО бітірген мамандардың дайындық деңгейі төмен болып табылады. Мұраттар дағдарысы мен рухани бағыттардың жоғалуын байқауға болады. Отбасындағы, білім беру мекемелеріндегі, сонымен қатар, жоғары білім беру жүйесіндегі өскелең ұрпақпен тәрбиелік жұмыстардың әлсіреуі жастардың құндылық бағыттары мен жалпы қабылданған нормалардың өзгеруіне әкелуі мүмкін.

ЖОО ортасында білім беру мен тәрбиелеудің қиын мәселелеріне немқұрайлы қарау басым болып келеді. Басқару принциптерінде ЖОО бюрократиялық тәсілдер қолданады. Бұрынғы кездердегі жоғары білім берудің оң бағыттағы элементтері қолданылмайды. Әлеуметтікгуманитарлық пәндерді оқыту сағаттары қатты қысқартылды. Оқытушылар дайындықтарының күрт төмендеуі байқалады (сауалнамаға орай, білім беру қызметтерімен қанағаттанарлық деңгейі 51% құрайды). Нәтижесінде түлектерде шығармашылық, креативтік ойлау бағыттарының жоқ болуы мен рухани құндылықтардың төмендеуі пайда болады.

Студент жастардың мінез-құлық императивтеріне әсер ететін басқа да себептерге ақпараттық-насихат жұмыстарының төмендеуі және жоғары оқу орындары әкімшіліктері тарапынан сауықтыру, мәдени-бұқаралық және ойын-сауық демалысын дұрыс ұйымдастырмау мәселелерін жатқызуға болады.

Бұл жұмыста түрлі әлеуметтік топтар мен этникалық қауымдастықтардың қызықтарын, бағыттарын және ұстанымдарын ескеретін кешенді жүйе жоқ. Гуманитарлық пәндерді оқыту танымдық бағыттар мен студенттерде қажетті білім көлемін құрастыруға ғана емес, сонымен қатар патриоттық сана-сезімнің құрылуы мен белсенді азаматтық ұстанымдарды жасауға да бағытталу керектігі анық.

Патриотизм мен азаматтық ұстанымдар. Қоғам өміріндегі бірқатар мәселелердің шешімін табу жоғары патриоттық сананы, өз елі үшін мақтаныш сезімін орнықтыру, өз Отанының мүдделерін қорғаудағы азаматтық борышын ақтауға дайындықты тәрбиелеуге бағытталған жүйенің жүзеге асуы деңгейіне де байланысты болып табылады.

Қазіргі кездегі патриоттық және азаматтық тәрбие беру жүйесі одан әрі дамыту мен жаңғыртуды талап етеді. Қосымша білім беру мекемелерінде, жастар ұйымдарында, патриоттық және аула клубтарында балалар мен  жастар-  ды патриоттылыққа тәрбиелеуге ұйымдастыра алатын мамандар жетіспеушілігі байқалады, азаматтық жауапкершілік пен патриотизмнің, әскери-патриоттық тәрбие мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік құралдар жетпейді.

Білім беру, қорғаныс, ішкі істер, туризм және спорт жүйелеріндегі тәрбиелі жұмыстарды сапасыз ұйымдастыру өскелең ұрпақтың құндылықтарының өзгеруіне, қоғамда мақұлданбаған мінез-құлық формаларының дамуына әкеледі. Соның салдарынан, әлеуметтік сауалнама бойынша, халықаралық стандарттармен салыстырғанда, жастардың құқықтық және мінез-құлықтық мәдениетінің дамуы, функционалдық сауаттылықты және алынатын біліктілік пен дағдыларды қолдана алмау мәселелері айқындалады.

Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, олардың саяси қоғам мен мемлекетпен бірдей болуына әлі де кетпеген империялық ойлау мен этноцентризм теріс әсер етеді. Соңғы мәселе, басқа қалалардан келген жастар арасында байқалып, өз алдына, рушылдық айқындылық пен жерлестікпен байланысады. Бұл жағдайларды деструктивтік саяси ұйымдар мен тоталитарлық секталар өкілдері және көп жағдайда, криминалдық элементтер де пайдаланады.

Жастар ортасында кейбір кездері қылмыстық және ұлтаралық болып кететін бірқатар тұрмыстық қайшылықтарды ескере отырып, жоғары оқу орындарының тәрбиелік жұмысы патриоттық тәрбиеден (аталмыш бағытқа зақым келтірмей) жастарды адамдық, құлықты, рухани құндылықтарға, сонымен қатар мемлекетіміздің орнықты дамуы үшін негізгі болып табыла-  тын гуманизм мен ұлтаралық бірлікті өскелең ұрпаққа тәрбиелеуге ауыстыру қажет.

Студент жастардың әлеуметтік әл-ауқатына сонымен қатар кейбір ЖОО кәсіподақтардың болмауы да әсер етеді. Сондай-ақ, көптеген білім беру мекемелерінде олардың қызметін әкімшілік дұрыс бағалай білмейді.

Жеке және топтық құндылықтардың парасатты тепе-теңдігі үшін  шығып, адамды тәрбиелеуде коллективтің орнын мойындай келе, тәрбиелік жұмыс үдерісін азаматтық қоғамның және оның құрылымдары мен институттарының құзіреті мен жауапкершілігі және мемлекеттің ішкі саясатының басты бағыты болып табылатын құлықтылықты, патриотизмді және басқа да азаматтық ұстанымдарды құруға бағыттау қажет. Денсаулық сақтау және салауатты өмір салты. Жарақаттанудың жоғары пайызы, дұрыс тамақтанбау, дене шынықтыру жаттығуларын аз орындау, психобелсенді заттарды қолдану, репродуктивтік және психикалық денсаулықтың сақталуы жастардың денсаулығын сақтаудың негізгі проблемалары болып табылады. 14 пен 29 жас аралығындағы жастар мен жасөспірімдердің жас  құрылымындағы  денсаулықтың  негізгі көрсеткіштерінің мониторингі жүргізілмейді.

Жарақаттар мен кездейсоқ жағдайлардан болған өлімдер Қазақстан Республикасы халқының өлім себептерінің ішінен екінші орын алады. Қазақстандағы балалар және жасөспірімдер жарақаттануы 100 мың адамға 2003 жылдағы 1990,8-дан 2007 жылдағы 2246,9-ға дейін соңғы 5 жылда 5% өсті. Жарақаттар құрылымындағы 49% тұрмыстық, 27% даладағы жарақаттар,  4% жол апаттары салдарынан алынған жарақаттар, 6,2% – мектеп жарақаттануы, 5,2% – спорт жарақаттары, 9% – басқалары.

Қазіргі таңда халқымыздың 15% ғана дене шынықтырумен айналысады. Республикалық әлеуметтік зерттеу нәтижелеріне орай, жастардың 24,4% спортпен айналысқысы келеді. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің желісі қазіргі таңда жастардың бұл қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Тұрғындардың мекен-жайлары бойынша жұмыстар әлсіз жүруде, жасөспірімдер клубтарының желісі дамытылмаған, жалпылама демалыс орындарында спорт аймақтары мен құралдары жетіспейді. Орта білім жүйесіндегі спорт залдарымен қамтамасыз етілуі – 71%, техникалық және кәсіби білім жүйесінде – 95 %, жоғары білім жүйесінде – 75% құрайды. Бірқатар мектептерде спорт құралдары 30 жылдан астам уақыт бойы жаңартылмаған. Мектептердің спорт залдарының 12,4% ғана сабақ өту үшін жарамды. Жеке меншік спорт мекемелеріне бағасының жоғары болуына байланысты жастарға қол жетпейтіндей болып табылады.

Студент жастардың тұрмыстық жағдайы. Алматы қаласында орта-арнайы және жоғары білім   беру   жүйесінің   негізігі   жүйелері  бар.

Мұнда 52 жоғары оқу орны, 69 колледж және 11 техникалық және кәсіби білім беретін лицейлер орналасқан. Аталған жағдай мегаполиске республикамыздың жан-жағынан жастарды тартып, әрі қарай олардың тұрақты мекен етіп қалуына өз септігін тигізеді.

Қазіргі күнде қаламызда орналасқан ЖОО, арнайы лицейлер мен колледждерде 260 мыңға жуық студенттер білім алуда. ЖОО-ның күндізгі оқу бөлімдерінде 117 мыңға жуық, колледждерде 61 мыңға тарта студенттер оқиды. Осылайша, Алматы қаласындағы жастардың саны күнненкүнге өсуде.

Тәжірибе көрсеткендей, студент жастардың басты проблемалары олардың тұрмыстық жағдайымен байланысты. Нақтырақ айтсақ, тұрғын үй және жатақханада бөлме беру мәселелері.

Сырттан келген студенттер көлеміне сай келмейтін ЖОО-ның жатақханаларына қоныстану мүмкіншілігі әлі де болса өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Қазіргі таңда, ЖОО-ның 83 жатақханасында 28 000 астам адам тұрады. Кәсіби және техникалық оқу орындарының жатақханаларында 1400-ден астам студент тұрақтанған, бұл жалпы  қалада  білім алып жүрген студенттердің 17%-ын құрайды. Мамандардың болжамдары бойынша, сырттан келген мемлекеттік ЖОО-да оқитын жастардың 36%-ы, жекеменшік оқу орындарында оқитындардың 8%-ы, техникалық және кәсіби оқу орындарында оқитын жастардың 2,5 %-ы жатақхана бөлмелерімен қамтамасыз етілген. Осы 10 мың орынның жетіспеушілігін есепке ала отырып, қала аумағында 25 студенттер жатақханасын салу өзекті мәселеге айналды.

Жастар ортасындағы қазіргі заманғы тенденциялар мен жағдаяттардың дамуын уақытылы анықтаумақсатындажәнежастардыңәлеуметтікэкономикалық стратификациясын іске асыру үшін кең ауқымды ақпаратты-талдау базасы қажет. Бірқатар жылдар бойы мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды ғылыми-ақпаратпен қамтамасыз ету түрліше болды. Жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша соңғы жылдары ешқандай танымал да қолданбалы ғылыми зерттеулер өткізілмеді.

Ғылыми талпынысы  мен материалдық-техникалық базаның болуына қарамастан, қалалық жоғары оқу орындарында қазіргі заманғы жастар мен патриоттық тәрбие мәселелері бойынша ешқандай кешенді ғылыми зерттеулер жүргізілмеді, сәйкес ғылымизерттеушілік мекемелер жоқ, қазіргі заманғы талаптарға сай әлеуметтік зерттеулер жүргізе алатын мамандар тапшылығы байқалады [11].

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Абдирайымова Г. С. Социология молодежи: учеб. пособие – Алматы: Жібек жолы, 2008. – С.
  2. Саския Сассен. Глобальные города www.demoscope.ru
  3. Гидденс Э. «Социология». – М.: Эдиториал УРСС, 1999. – С.
  4. Зиммель Г. «Большие города и духовная жизнь» // Логос» 2002. – №3-4.
  5. Болгов В.И. Социологический анализ новых форм социокультурной жизни // Социс. – №2. – С. 34-37.
  6. Кебина Н.А. Молодое поколение Казахстана сегодня и завтра // Социологические исследования. – 2004. – №3. – С.109.
  7. «Современные городские казахи: сознание, ценности, установки». zakon.kz
  8. ҚР Статистика агенттігі www.stat.kz
  9. Драганчук. М. Сельское хозяйство США. // www.farmer-business.info
  10. «Социологические проблемы формирования духовной культуры молодежи» / Журнал «Социология». – №2 (3). – 2013. – 49-50 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.