Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Гендерлік контексттің лаңкестікке қатынастылығын зерттеу

Бүкіл әлемнің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани жағдайына ықпал етіп отырған діни экстремизм мен ХХІ ғ. ең бір өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Террорлық актілерге итермелейтін антогонизмдер және қайшылықтар өсе түсуде.

Қазіргі кезде діни фундементализм мен лаңкестік бір ғана аймаққа, бір ғана мемлекетке тән нәрсе болмай отыр. Әлемдік дәрежеде лаңкестікке апаратын діни экстремизм жалғаса түсуде. Түрлі топтар осыны пайдалану арқылы саяси-экономикалық мәселелерді шешуге тырысуда. Бұл ретте Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев былай деп атап көрсетті: «Қазақстанда терроризм,сепаратизм және экстремизм проблемалары бар. Әсіресе халықаралық терроризмнің кең қанат жайғанын және халықаралық қауымдастық пен аймақтардың саяси-әлеуметтік және экономикалық мәселелермен ұштасып, саясиланғанын ескерсек, олардың тарапынан туындаған қауіп ойдан шығарылған емес, нақты және шынайы өмірлік қауіп». Ал Орталық Азиядағы орын алып отырған дін атын жамылған экстремизм мен терроршылдықтың саяси-әлеуметтік негіздерін зерттеу өте өзекті мәселе.

Лаңкестік ұғымы қазір – жан-жақты құбылыс. Заманауи лаңкестік халықаралық одақ тарапынан ерекше көңіл бөлуді қажет ететін, ғаламдық мәселе болып табылады. Лаңкестік түсінігін зерттеу барысында осы құбылысты зерттеудің әдістері мен жолдары туралы пікірталастар пайда болды.

Лаңкестіктің сондай жолдарының бірі, ол үрей туғызу. Лаңкестік адам өміріне қысым жасау, кепілге адам алу, басқару жүйесіне, мемлекеттік билікке қарсы қасақана жасалатын қылмыстық іс-әрекет. Бірақ лаңкестік іс-әрекет түсінігі белгілі бір адамдарды қорқыту немесе өлтіру, материалдық құндылықтарға қарағанда сирек деп саналмайды.

Көптеген зерттеушілер, лаңкестік акттерді өткізу үшін келесі шарттар қажет деп санайды:

  1. Ақша, қару және жарылыс заттары.
  2. Әскери білім және лаңкестік топ мүшелерінің қалыптасуы үшін білім беру мүмкіндігі.
  3. Террористтерді өз аумақтарында ғана емес сонымен қатар сыртқа аумақта да, өздерінің саяси және әскери мақсаттарында пайдалану үшін қолдау көрсететін сенімді мекендер [1].

Қазіргі  кезде  «террор»,  «терроризм»   және «террорист» ұғымы бізге «ұлылық пен қатыгездікті» білдіреді. «Террор» сөзінің мағынасын түсіну үшін латын тіліне жүгіну керек. Террор латын тілінен terror «зұлымдық», яғни террористік акттерді орындау кезіндегі террористердің эмоционалды күйі. Лаңкестік акт олар үшін жай ғана адамдар бойына үрей туғызу үшін қолданылатын әдіс. Жалпылай, «террорист – террористік акт – террор» терроризмнің жалпы құбылысын құрайды [1].

Террор – дүйім жұртты үрейлендіру, қоғам мен тұлғалардың психологиясына соққы беру және жасалған амал арқылы адамдардың зәресін ұшыру. Бұл күнделікті өмірімізге енген және өте жиі қолданылатын сөзге айналды. Әйтсе де, қанша жиі қолданылғанымен бұл сөздің мағынасы бойынша әлі де ұйғарым жоқ. Бүгінге дейін сала мамандары мен филологтар қанша ұмтылса да террорға ортақ түсінік бере алмай келеді. Халықаралық конференциялар мен жиналыстардан да нәтиже шықпай жатыр. Өйткені, біреудің «терроршы»  дегенін,  екіншісі  «қаһарман»  яки«еркіндік күрескері» деп атауда. Террор дегеніміз – адамдарды қаймықтыру, билеп төстеу арқылы оларға белгілі бір идеология мен ұстанымды мойындату үшін зорлық-зомбылық жасау, күш жұмсау және лаң салу. Террордың ең басты ерекшеліктерінің бірі нысанасын кездейсоқ таңдап алатыны. Нысанның яғни террор құрбандарының кездейсоқ таңдалуы үрейдің тез таралуына мүмкіндік береді. Егер де адамдар ешқандай себепсіз-ақ террордың құрбаны болатын болса, онда біріншіден, террордың мақсатының орындалғаны, екіншіден ешкімнің де бас амандығы жоқ деген сөз. Өйткені, біз қай жерде, қашан және кімдерге террор шабуылы жасалатынын көп жағдайларда біле алмаймыз. Террордың қылмыстың басқа түрлеріне енді бір парқы – оның мейірімсіздігі, қатыгездігі және қиратушы күшінің шексіздігінде.

«Лаңкестік»  –  бұл  тек  тұлғаларға  немесе ұйымдарға қарсы жасалатын  зорлық  немесе қауіп, сонымен қатар заттарға және басқа да материалды объекттерді жою (зақым келтіру) немесе жоюға қауіп (зақым келтіру) келтіру, адамдардың өліміне қауіп төндіру, белгілі бір мүліктік шығынға немесе өзге қоғамдық қауіптердің төнуіне, қоғамның қауіпсіздігін бұзу мақсатында, халықты үркітіп немесе құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінуіне, лаңкестердің пайдасын  немесе  олардың  заңсыз  мүліктеріне және қызығушылықтарына деген қанағаттанушылықтары; мемлекет өміріне және қоғамдық қайраткерлердің өміріне қол сұғу, саяси қызметкерден кек алу немесе мемлекет жұмысын тоқтату мақсатында жүреді; шетелдік мемлекет өкіліне немесе халықаралық қауіпсіздікті қолдаушы, халықаралық ұйым қызметкерлеріне шабуылдайды, қызметтік бөлмелерге қарамастан тұлғалардың халықаралық қолданыспен қолданатын жол қатынас құралдары.

Терроризм әрдайым қоғамға үрей сезімін тудырып, кері бағалаулар мен пікірлер білдіреді. Он жыл бұрын «террорист» ұғымы адамдар санасында жарылыс жасап, өмірге зұлым көзбен қарайтын қарасақалды бөтен – анархист бейнесі көзге елестейді. Бұл бір уақытта аморалды және фанатикалық, зұлым және оғаш субъект болды. Достоевский және Джозеф шығармаларындағы террористердің суреттелуінде дәл осы алғашқы стереотип қолданған. Қазіргі кезде террорист түсінігіне өзгеріс енгізілсе де, алғашқы ұғымды жоғалтпаған.

Қай кезеңде болмасын террористердің өз қолдаушылары мен сенімді адамдары болған және қазірдің өзінде олар туралы оң пікірлерді еститінімізді де айта кету керек.

Лаңкестік топтарға түсетін адамдардың доминантты тұлға бірі болып экстернализация, яғни бірдейлік және эгоцентризм сезімі болып табылады. Террористердің ортақтығы осындай адамдардың қатарына кіретіндігі, яғни бірдейлік мәселесі [2].

Э. Шоу жүргізілген зерттеу нәтижесінде адамды лаңкестікке итермелейтін 4 факторды көрсетеді. Оның көзқарасы бойынша бұл факторлар:

  1. Ерте кездегі социализация.
  2. Нарциятикалық бұзылыстар.
  3. Қақтығыстық мәселелер, әсіресе күш көрсету конфронтациясы (мысалы, полицияға).
  4. Лаңкестік ұйымдардың мүшелерімен тығыз байланыстар.

Кейбір зерттеушілердің пікірінше, біріншіден террористерге тәуекелшіл, екіншіден, өзөзін бағалауы төмен қасиеті тән адамдар кіреді. Сол себептен, оларға белгілі бір әлеуметтік рөлді беретін топқа қажетті болу факторы маңызды болады. Бұндай топтан шығу көптеген мүшелер үшін мүмкін емес, себебі бұл тек физикалық түрде жоюға ғана емес, сонымен қатар психологиялық өлімге немесе өз-өзіне қол жұмсауға немесе өзін жоғалтуға тең келеді. Лаңкестікпен күресті ұйымдастыру барысында барлық осы факторларды ескеру қажет [3].

Халықаралық лаңкестік мәселесі 20-жылдары өте өзекті мәселе болды. Айтылған мәселені зерттеу барысында көптеген дискуссиялар жүргізілсе де, қазірге дейін «терроризм» ұғымына жалпыға бірдей қабылданған анық түсінік берілген жоқ. Себебін жиі саяси көзқараспен, діни сеніммен және этникалық мүлікпен түсіндіреді. Қазіргі күнге дейін лаңкестік әрекетті зерттеуге ортақ жолды іздестіру жалғасып жатыр.

Қазіргі таңда лаңкестік барлық ел мен мемлекеттерде ауқымды мәселе болуда,  себебі уақыт өте шешілудің орнына керісінше өршуде. Осы бағытта зерттеу қаншалықты ауқымды және мәселенің үлкен маңызы болса да, терроризм мәселесін  толық шешу шешімі табылмай, әлі де көптеген сұрақтарға  жауаптар  табылмаған.  Маңыз-  ды аспектілерінің бірі  халықтың  терроризмге деген қатынасы болып табылады. Мамандардың көпшілігі лаңкестікті  психологиялық аспекті жағынан қарастыруға ұмтылады, бірақ ғалымдар бұл мәселені құрайтын маңызды тұстарын жіберіп ала береді. Қоғамда лаңкестікке деген қатынасы детерминантты қалыптасқан, сондықтан қоғамда бұл мәселеге қатысты сұрақтар ашылмай жауапсыз қалуда.

Біз білетіндей, терроризм мәселесімен соқтығысқан кез келген қоғамның белгілі бір уақыттарда айтулы оқиғаға деген қарым-қатынасы өзгереді. Әуелі терроризм халықтың ойын жарады. Қоғамның бір бөлігі лаңкестікті жоққа шығарса, бір бөлігі кей кезде қолдайды. Үшіншісі мүлдем лаңкестікті барлық жағынан ақтап қолдайды [4]. Теориялық талдаудың көрсеткіші бойынша, террористік мәселесіне қатысты әрекеттер негізінен жастық аспектіде қарастырылады, жастардың лаңкестікке деген қатынасын оқытады. Біз лаңкестікке  деген  қатынасты  гендерлік аспекті жүзінде оқытпақпыз.

Зерттеу жүргізу үшін сауалнама әдісі қолданылды. Бұл әдіс зерттелушілердің әлеуметтік орындарын анықтауға мүмкіндік берді. Сауалнамаға жауап берушілерге «Терроризмге келудің түрлі қатынастарын оқыту» деген авторлық сауалнама ұсынылды, яғни бұл сауалнама ашық және жабық сұрақтардан құралды. Аталмыш сауалнаманы Чернигов мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушысы А. Дроздов құрастырып шығарған болатын, яғни жас студенттердің терроризмге қатынасын зерттеген [5].

Біздің зерттеу жұмысымызға 17 жастан 55 жас аралығындағы ер және әйел адамдар, жалпы саны 100 адам қатысты. Біздің зерттеуімізде тек жастардың ғана емес сонымен қатар орта, егде жастағы адамдардың лаңкестікке қатынасын білу маңызды болды: 1-топ – ерте жас (17-25 жас), 2-топ – орта жас (25-40 жас), 3-топ – егде жас (40-55 жас). Барлық таңдамалылар екі топқа бөлінді: 50 ер адам және 50 әйел адам.

 1-cурет – Зерттеуге қатысушылардың гендерлік және жас ерекшелік көрсеткіштері: сол жақтағы диаграмма ер адамдардың,оң жақтағы диаграмма – әйел адамдардың жалпы көрсеткіші

Зерттеу арнайы ұйымдастырылған жағдайда әр сыналушымен индивидуалды түрде жүргізілді. Сауалнаманы қолдану барысында сыналушыларға олар жұмыс жасайтын арнайы нұсқаулар  мен  жауап  парақтары  ұсынылды. Берілген жауаптар барысында анықталған мәліметтер нәтижесі математикалық статистика әдістерінің көмегімен есептелді.

«Терроризмге келудің түрлі қатынастарын оқыту»  сауалнамасы  респонденттердің лаңкестікке қатынасын, оның пайда болуын, әдістерін, интеллектуалды компоненттерін (лаңкестік жайлы респондеттер не біледі), эмоционалдылығын (оған деген қатынасы қандай) және тәртіптілігін (лаңкестік актті орындау немесе ұйымдастыру барысындағы потенциалды дайындықтың бағалануы) анықтауға мүмкіндік береді.

Авторлық сауалнама, таңдамалыларды келесі топтарға бөледі: ер адамдардың 24% лаңкестікке оң көзқарас танытса, 24% нейтралды және 52% кері көрсеткіштерді көрсетеді. Әйелдер арасында тек 24% лаңкестікке нейтралды қатынаста және 76% негативті қатынаста. Сол себепті, әйел адамдар арасында лаңкестікке оң көзқарас танытқандар болмады, ер адамдар арасында 24% лаңкестікке оң көрсеткіштерді көрсетеді.

Лаңкестікке негативті қатынас көрсеткішін көрсеткен ер мен әйел адамдар, көбінесе, нақты – қатаң және радикалды көзқараста және олар лаңкестік мәселені шешу үшін күш қолдану әдісін қолдану керек деп есептейді. Олар терроризмді барлық мемлекеттерге қауіп көрсететін заманауи ғаламдық мәселе деп санайды. Олардың пікірінше, лаңкестік актті орындау барысында, адамның сенімін ақтайтын ешқандай мотив жоқ. Лаңкестік актқа нейтралды қатынас көрсеткішін көрсеткен сыналушылар, лаңкестік актке байланысты сұрақтарға жауап беруге жиі қиналады. Олар нейтралды жауапты ұстануға тырысады, яғни олардың ойынша терроризм – жаман да емес, жақсы да  емес,  барлығы теракт кімге қарсы жасалып жатқандығына байланысты. Олар ұл мәселені шешуде мемлекет немесе басқа біреуге сүйенеді, сол себептен олар бұл мәселені шешудің әрекеттерін ұсынбайды.

Сыналушылардың лаңкестікке қатынасын анықтау үшін бізге ашық сауалнама сұрақтарының жауабы да маңызды болды. Сонымен, сауалнаманың нәтижесін қарастыратын болсақ, бұл келесі тенденцияларды айқындауға әкелді: әйел адамдардың лаңкестік әрекеттерге нақты және қарсы сұрақтарына жауабы. Олар терроризмді қауіпті, зұлым, өлім, қатыгез әрекеттер, қылмыс, соғыс және ғаламдық мәселе деп анықтайды. Әйел адамдарға қарағанда ер сыналушылар лаңкестікті қызық қылмыс, нақұрыстық пен былықшылық деген көзқараспен лаңкестікке қатысты сұрақтардың жауабында нақты емес баға береді. Ал лаңкестікке оң баға берген сыналушылар оны үрей туғызудың мағыналы, ойынды әдісі деп анықтайды.

Көптеген зерттеудің қатысушылары гендерлік ерекшеліктерге қарамастан, лаңкестікке кері қатынаста болып келеді. Тек лаңкестік әрекеттерге оң көзқарас танытқан респонденттер ғана, өзінің қатынасын бұл өзінің мақсаттары мен идеяларын жүзеге асыру үшін біреуге қажет деген жағымды жауаптары және болжамдарымен түсіндіреді.

Лаңкестік акт не себепті болып жатыр деген сұрақтарға жауап әйелдер мен ер адамдар арасында үлкен айырмашылықты көрсетпеді. Барлық сыналушылар лаңкестік акт мемлекет дұрыс емес саясатты жүргізгендіктен, заңды орындамағандықтан және адамдармен пікірлерімен санаспағандықтан жүзеге асырылады деп жауап берді. Бір жағынан, ер адамдар да әйел адамдар да лаңкестік әрекеттерге психикалық сау емес адамдар немесе өзіне көңіл аударғысы келетін адамдар барады деген ұстанымда.

Лаңкестікпен күрес мәселесінде әйел адамдар мен ер адамдардың пікірлері ажыратылады. Ер адамдар мәселені шешу үшін мемлекет саясатына және заңға өзгеріс енгізу, сонымен қатар ел арасында дін, ұлт және адамдар арасындағы ауызбіршілікке, бейбітшілікке әкелетін гуманды шаралар қолданылуы керек деген ұсыныс білдіреді. Әйелдер болса бұл құбылысқа радикалды және қатаң шараларды ұсынады. Ең танымал жауаптар олар өлім жазасына кесу, өлтіру, кінәлілерді жою, қатаң тәртіп орнату, барлық мүмкін және мүмкін емес әдістерді қолдану, бұл сұрақты шешу үшін арнайы бөлім құру.

Нәтижесінде, әйел адамдар ер адамдарға қарағанда лаңкестікті бағалауда нақтылық танытқанын айта кету керек. Әйел адамдар тобында, лаңкестікке оң көзқарас танытқан сыналушылар болған емес, ал ер адамдар арасында оң баға берген респонденттер болды. Әйел адамдар лаңкестікке радикалды және нақты қатаң көзқараста. Олар лаңкестік әрекетке қатынасын айқын және нақты позиция арқылы көрсетеді. Ер адамдар лаңкестікке және лаңкестік акттерге, әйел адамдарға қарағанда жұмсақтық танытқанды жөн көреді.

Қоғамның лаңкестікке қатынасы әртүрлі факторларға байланысты екені белгілі: лаңкестік ұйымдардың мақсаттарының деңгейінің консолидациясынан бастап, қоғамның адам өмірінің құндылығын бағалауы, адамдардың санасының деңгейіне және т.б. деңгейіне байланысты.

Террористердің мақсаттарының шынайы мәселелері – мәдени, әлеуметтік, саяси, қоғамдағы оларды жақтайтындар террористердің әдістерін қолдамаса да, олардың идеялары мен мақсаттарын қолдауы мүмкін. Міне осы себептен лаңкестік өз күшін нығайтуда. Террористік әрекеттерді тіпті қоғамның кіші бөлігі қолдамайтын болғанда бірден өшер еді. Яғни, әлеуметтік мәселенің болмауы, лаңкестікті әлеуметтік қолдаудан айырады [6].

Отандық және шетелдік зерттеулерде психологтар қоғамның лаңкестікке қатынасына психологиялық және әлеуметтік мінездеме береді. Негізінен, көптеген зерттеушілерді жастардың лаңкестікке қатынасы қызықтырады. Сонымен қатар, әйел адамдар мен ер адамдардың лаңкестікке қатысуының себептерін зерттеу маңызды себебі, соңғы кездері лаңкестік акттерге әйел адамдар қызығушылық танытуда [7]. Нәтижесінде, біздің көзқарасымыз бойынша, әйел мен ер адамдардың лаңкестік құбылыстар мен әрекеттерге қатынасын зерттеу аса маңызды. Бұндай зерттеу лаңкестіктің адамға деген ықпалының факторларын, лаңкестік акттерге кім душар болатынын зерттеу үшін қажет.

Жүргізілген зерттеу нәтижесі адамдардың лаңкестікке   адекватты   қатынасының мәселелі жақтарын айқындап, жүйелендіруге көмектеседі және келесі психологиялық жұмыс түрлерін ұйымдастыруды белгілейді:

  • Әйел мен ер адамдардың лаңкестікке қатынасын әрі қарай диагностикалау;
  • Қоғамның лаңкестікке қатынасының эффективтілігін және лаңкестік акттердің адекваттылығын күшейту үшін ағартушылық және алдын алу жұмыстарын жүргізу;
  • Лаңкестіктің психологиялық ерекшеліктері мен оған деген қатынасымен байланысты мәселелерді зерттеу, студенттердің кәсіби дайындық процесіне байланысты бағдарламалар құру;
  • Лаңкестік әрекеттердің адамдарға теріс ықпал көрсететіні жайлы ұйымдастырушылық жұмыстың тиімді бағдарламасын құру және зерттеу;
  • Террористермен жұмыс жасау үшін, практикалық психологтарға ұсыныстар жасау.

 

  

Әдебиеттер

 

  1. Bodansky, Y. Target America: Terrorism in the U.S. Shapelsky Publishers Inc., 1993.
  2. Ольшанский Д.В. Психология терроризма. – СПб.: Питер,
  3. Miller, R. The literature of terrorism.Terrorism: An International Journal, 1988.
  4. Olson, P. A. The terrorist and the terrorized: Some Psychoanalytic considerations. Summer, 1988.
  5. Задорожнюк И.Е., В. И. Черненилов В.И. Психологи о терроризме // Психологический журнал – 1995. – № 4
  6. Блог В. Отношение к терроризму в обществе // Наука и образование против террора. –
  7. Дроздов А. Отношение студенческой молодежи к терроризму // Политическая психология. – 2002. – 117 – 127с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.