Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстанның Еуропалық Одақпен экология саласындағы ынтымақтастығының кейбір аспектілері жайында

Қазақстандағы тәуелсiздiк жылдары экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мүлде жаңа мемлекеттiк жүйесiнiң құрылуының және қалыптасуының, қоршаған ортаны қорғау  мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және дәйектi iске асыруды қамтамасыз еттi. Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендiк салмақ түсiретiн, табиғат пайдаланудың көбiнесе шикiзат жүйесi қалыптасты. Сондықтан әзiрге экологиялық жағдайдың түбегейлi жақсаруы бола қойған жоқ әрi ол бұрынғысынша биосфераның тұрақсыздануына, оның қоғамның тiршiлiк әрекетi үшiн қажеттi қоршаған ортаның сапасын оның қолдау қабiлетiн жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердiң тозуымен сипатталады [1].

Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін БҰҰ-ның қоршаған орта және тұрақты даму бойынша конференциясының қорытынды құжаттарына қол қою арқылы, «Еуропаға арналған қоршаған орта» үдерісінің белсенді қатысушысы болуы арқылы, климаттың  өзгеруі, шөлейттенумен күресу және биоәртүрлілікті сақтау сияқты маңызды халықаралық конвенцияларға қосыла отырып, сонымен қатар екіжақты негізде және аймақтық деңгейде келісімдерді белсенді ұсына отырып өзінің экологиялық қауіпсіздік және тұрақты даму идеяларын ұстанатындығын бірнеше рет дәлелдеген. Сондықтан болар қазіргі таңда экологиялық қауіпсіз және тұрақты дамуға көшу Қазақстанның даму стратегиясының басым бағыттарының бірі болып отыр.

Саяси және экономикалық реформаларды қатар жүргізе отырып, біздің мемлекетіміз Еуропалық Одақпен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуда. Осы ынтымақтастықтың құрамдас бөлігі ретінде экология саласын айтуға болады. Бұл саладағы Қазақстанның Еуропа елдерімен қарым-қатынасындағы мүдделерінің бірі экологиялық мәселелерді шешу үшін еуропалық капиталды тарту болып отыр. Қазақстан жаhандық серiктестiктiң негiзiнде мемлекеттiк экологиялық саясатты тиiмдi жүргiзудiң кiлтi ретiнде осы ынтымақтастықты пайдалануда.

Ал Еуропаға келетін болсақ, Еуропа ғаламдық экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі, сондықтан оны әрдайым қолдап, сол үшін жағдайлар жасап отырады, соның ішінде біздің аймақта да жағдайлар жасап отыр. Ол қоршаған ортаны қорғау саласында стандарттарды құра отырып және де экологияны өзінің аймақтық қауіпсіздігінің басты бір құрамдас бөлігі ретінде қарастыра отырып, басқа елдердің экологоцентристік бағыт пайдалануына түрткі болуға тырысуда. Еуропалықтардың ойынша Орталық Азия қаншалықты алыс орналасқанымен де, оның қоршаған ортасының сапасы нашарласа, уақыт өткен сайын ол Еуропаға өзінің кері әсерін тигізеді. Осыған орай Еуропалық Одақтың Орталық Азияға, соның ішінде Қазақстанға қатысты мүддесі әрдайым ұлғаюда. 2009 жылдың наурызында Астанада өткен экологиялық интеграция және тұрақты даму конференциясында қоршаған  орта  бойынша  Еуропалық  Одақ  комиссары  Ставрос Димас «Қазіргі кездегі әлем жылдан-жылға өзара тәуелді болып келеді. Бұл әсіресе қоршаған  ортаны қорғау саласына қатысты болып отыр, себебі әлемнің бір түпкірінде қоршаған ортаның жағдайындағы өзгерістер біздің барлығымызға әсер етеді. Сол үшін осы үдерістерді түсіну үшін және экологиялық мәселелерді шешу үшін, тиімді әдісті құру үшін әлемнің әр бөлігінің арасында ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу маңызды болып отыр. Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдері арасында интеграциялық әдісті пайдалануда тәжірибе алмасу пайдалы әрі жігерлендіреді», - деп атап кеткен болатын [2].

Орталық Азияға қатысты айтар болсақ, онда Еуропа институционалды деңгейде аймақ елдері арасында өзара әрекеттесу үшін негіз қалаған болатын. Бұл Орталық Азиядағы аймақтық экологиялық орталықтың (CAREC) қызметінде көрініс табуда.

Орталық Азиядағы аймақтық экологиялық орталық Орталық және Шығыс Еуропадағы және Жаңа Тәуелсіз Мемлекеттерде қоршаған ортаны қорғау бойынша талпыныстарын қолдау үшін құрылған Аймақтық Экологиялық Орталықтар жүйесінің бірі болып табылады. Бұл орталық Орталық Азия елдерінің бастамасымен Еуропалық Қауымдастықтар Комиссиясының және АҚШ-тың қолдауымен құрылған болатын.

Орталықтың негізгі доноры Еуропалық Комиссия болып отыр. Еуропа елдерінің көмегімен бұл құрылым көптеген бағдарламаларды жүзеге асырып отыр. Атап айтсақ, экосаясат және қоршаған ортаны басқару; азаматтық қоғам бастамаларын қолдау; тұрақты даму үшін білім; су бастамаларын қолдау; климаттың өзгеруі және тұрақты даму бағдарламаларын жүзеге асыруда. Орталық Қазақтанда, яғни Алматыда орналасқан. Орталықтың азаматтық қоғамның экологиялық мәселелерді шешуге белсенді қатысуына әрекеттесуге қосар үлесі көп.

Сонымен қатар Қазақстан мен Еуропа елдері арасында Еуропалық Одақтың ТАСИС бағдарламасы шеңберінде көптеген жобалар іске асырылды. ТАСИС аймақтық бағдарламасы 2000-2006 жылдардағы Аймақтық стратегиясына сәйкес және онымен байланысты Индикативті бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылды. Соның ішінде Арал теңізі  бассейнінде су ресурстарын басқару сияқты бағдарламалар болған. 2000-2006 жылдарға арналған аймақтық стратегия және индикативті бағдарлама қоршаған ортаны қорғауға нақты қаржы бөлуді қарастырмаған еді. 2007 жылдан бастап, ЕО-тың ынтымақтастық құралдарын қайта қарастырғаннан кейін Орталық Азия елдері жаңа бекітілген индикативтік бағдарлама негізінде қоршаған ортаны қорғау саласында 16,2 млн еуро көлемінде қаржылай көмек алатын болды. Ал осы бағдарламаға сай екіжақты ынтымақтастық шеңберінде Қазақстанға  44 млн еуро көлемінде индикативтік ресурс бөлінген [3]. Қазақстанның осы ресурстарды тиімді пайдалануына сеніммен қараймыз.

Еуропалық Одақтың Орталық Азияға қатысты Жаңа Стратегиясы да Еуропалық Одаққа Орталық Азиядағы экологиялық мәселелерді шешуге өзінің үлесін қосуға мүмкіндік беріп отыр. Стратегияда қоршаған орта саласында тұрақтылық және су ресурстары деген бөлімшесінде Еуропалық Одақ:

  • қауіпсіз сумен қамтамасыз ету, санитария және су ресурстарын интеграциялық пайдалану үшін «Еуропалық Одақтың су инициативасына» (EUWI-EECCA) EECCA (Шығыс Еуропа, Кавказ, Орталық Азия) компонентін енгізуді қолдайды;
  • өзен бассейнін трансшекаралық пайдалануға, сонымен қатар «Каспий теңізі бойынша экологиялық конвенция» шеңберінде аймақтық ынтымақтастыққа әрекет етеді;
  • жер бетінде және жер астында трансшекаралық су ресурстарын интеграциялық пайдалануға, суды тиімді пайдалану бойынша технологияларды енгізуге ерекше қолдау көрсетеді;
  • су ресурстарымен байланысты инфраструктуралық жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік жасау үшін қажетті шеңберінде, сонымен қатар халықаралық қаржы мекемелерін және мемлекеттік, жеке сектор ынтымақтасу қорларын тарта отырып ынтымақтасты кеңейтеді;
  • су ресурстарын интеграциялық пайдалану және гидроэнергияны өндірудегі аймақтық потенциалды нығайтуға қолдау көрсетеді;
  • Орталық Азия елдерімен климат жағдайларының өзгеруі саласында, аймақтық деңгейде Киот хаттамасының механизмдерін енгізуді және пайдалануды қолдауды қоса ынтымақтасады;
  • Орталық Азия елдерімен шөлейттенумен күресу және биологиялық әртүрлілікті қорғауда ынтымақтасу, сонымен қатар «Биологиялық әртүрлілік және шөлейттенумен күресу бойынша БҰҰ-ның конвенциясын» жүзеге асыруды қолдайды;
  • «Құқықты қолдану және орманды басқару (FLEG)» үрдісі шеңберінде аймақтық шараларға әрекеттесе отырып, Орталық Азияның орман және басқа да табиғи ресурстарын пайдалануды жақсартады;
  • қоршаған ортаны қорғау және экологиялық азаматтық қоғамды дамыту қажеттілігін түсінуде қолдайды, соның ішінде Орталық Азиядағы аймақтық экологиялық орталық (CAREC) арқылы жүзеге асырады [4].

Еуропалық Одақ және Орталық Азия елдері арасында 2007-2013 жылдардағы осы жаңа серіктестік Стратегиясының жүзеге асу аспектілері Орталық Азия елдерінің және Еуропалық Одақ «үштігінің» сыртқы саяси ведомстволары басшыларының кездесуі барысында талқыланған болатын. Бұл кездесу «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» аймақтық саяси диалогының кестесіне сәйкес 2009 жылдың басында Душанбеде өткен. Форум жұмысына біздің республика сыртқы істер министрі Марат Тәжин қатысқан болатын [5].

Марат Тәжин еуропалық серіктестерді Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ форматындағы серіктестіктің мақсаттарын жүзеге асыруда қосымша құрал болып табылатын «Еуропаға Жол» атты мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылу барысымен таныстырған.

«Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастық мәселелері» бөлімінде экономикаға, саудаға және көші-қонға, энергетика мәселелеріне, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне  экономикалық дағдарыстың кері салдарларын еңсеруге үлкен көңіл бөлінді.

Қазақстан-еуропалық ынтымақтастықтың локомотиві болуға танылған және де Қазақстанның Еуропа елдерімен қатынастарында сапалы «алға басушылықты» қамтамасыз ететін 2008 жылы бекітілген 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» атты Мемлекеттік бағдарламада өмір сүру сапасы саласында ынтымақтасу бөлімшесінде де Қазақстанның Еуропа елдірмен қоршаған ортаны жақсарту мәселесінде ынтымақтасуды тереңдету қарастырылады, соның ішінде ұлттық экологиялық заңнаманың еуропалық стандарттарға жақындастыру, трансшекаралық мәселелерді шешу саласында, биоәртүрлілікті сақтау, қоршаған ортаны тарихи ластанудан тазарту мәселелері бойынша бірлескен бағдарламалар құру қарастырылады [6].

Ұлттық экологиялық заңнаманы еуропалық стандарттарға жақындастыру мәселесінде  де Қазақстан алғашқы қадамдарын бастаған болатын. Атап айтсақ, 2007 жылы қабылданған Экологиялық  кодекс  ұлттық табиғат  қорғау заңнамасын   унификациялау   және оны халықаралық нормалар және стандарттармен үйлестіру, нақтырақ айтсақ, Еуропалық Одақтың заңнамасына үйлестіру әрекеті болатын.

Өз кезегінде қазақстандық тарап еуропалық қауымдастықпен өзара қарым-қатынастарда «ынтымақтастық үдерісінің екіжақты сипатта» болуына талпынады. Парламент мәжілісінің спикері  Орал Мұхамеджанов 2009 жылы  мамырда өткен   «Қазіргі  таңдағы Қазақстан және «Еуропаға жол»» атты халықаралық ғылыми конференция барысында: «Қазақстанда құрылған «Еуропаға жол» бағдарламасы біздің елге үлкен жауапкершілік жүктейді. Қазақстан өз тарпынан біріккен Еуропамен ынтымақтасу үдерісінде екіжақты сипатқа үміттенеді және де біз еуропалық Одақ және еуропалық қауымдастық Қазақстанға деген  және барлық Орталық Азияға деген өзінің ашықтығын көрсететініне сеніммен қараймыз. Екі жақтың келісімімен болған Қазақстан-Еуропалық жақындасу өркениет тұрғысынан алғанда көбінен еуропалық континенттің болашағын айқындайды», - деп атап кеткен болатын [7].

Бұл ынтымақтастық үлкен мүмкіндіктер береді. Себебі осы саладағы еуропалық тәжірибені үлгі ету біріншіден, Қазақстанда, Орталық Азия аймағында экологиялық қауіпсіздікті қаматасыз ету саласында механизмдерді құруға уақытты қысқартады,  екіншіден, осы үдеріске тән қателіктерді болдырмауға мүмкіндік береді, ал үшіншіден, Орталық Азияның осы салада қауіпсіздікті қамтамасыз етуі тез интеграциялануына мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы «Еуропаға арналған қоршаған орта» үдерісіне де белсенді қатысып, жоғары деңгейдегі министрлер конференцияларына қатысатынын атап өткен жөн. Қазақстан 2007 жылы Белградта «Еуропа үшін қоршаған орта» үдерісі қатысушыларының Министрлерінің алтыншы конференциясына дайындық шеңберінде өткен Орталық Азия елдерінің қоршаған орта Министрлерінің мәжілісіне қатысып, Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдері арасында экологиялық ынтымақтастықты кеңейтудегі конференцияның рөлінің жоғарылығын мойындады. БҰҰ-ның Еуропалық Экономикалық Комиссия аймағының экология министрлері Қазақстан Республикасының Еуропа үшін қоршаған ортаның келесі конференциясын 2011 жылы Астанада өткізу ұсынысын қолдаған болатын. Қазіргі таңда осы конференцияға белсенді дайындық жүруде.

Осылайша, Еуропа елдерінің Орталық Азияда, соның ішінде Қазақстанда экологиялық мәселелерді шешуде техникалық және қаржылық көмекке әрекеттесуі ғаламдық экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі бір қадам болып табылады. Еуропалық Одақтың көмегі шешімі тек қоршаған ортаны сауықтыру ғана емес, сонымен қатар күшті ұлт және күшті ұрпақтың дамуына алып келетін негізгі мәселелерді шешуге мүмкіндік беріп отыр.

 

Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасы // http://www.eco.gov.kz/kaz/strategiya/docs/keb_kz.pdf
  2. http://www.carecnet.org/assets/files/presentations%20conference/welcome%20speech%20EU.pdf
  3. Қазақстанға ЕО жәрдемдесуі 2007-2013. – Қараша, 2007. – 12 б.
  4. Еуропалық Одақ стратегиясы – Орталық Азия 2007-2013 //http: //ec.europa.eu/external_relations/ceeca/c_ asia/07_13_en.pdf
  5. http://kazpravda.kz
  6. Государственная Программа «Путь в Европу» на 2009 – 2011 годы // http://portal.mfa.kz/portal/page/ portal/mfa/ru/content/reference_info/07-way%20europe
  7. Казахстан заинтересован в интеграции с Европой и рассчитывает на такой же настрой европейских партнеров // www.inform.kz

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.