Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан сыртқы саясатының жетістігі: Қытайдың Қазақстан туралы саяси концепциясының тарихи өзгерістері (ХХ - ХХІ ғ. Басы)

Қытай мен Қазақстан іргелес көрші мемлекеттер. Көршілердің бір-біріне болған көзқарастарының, саяси концепцияларының өзгеріп отыруы – тарихи әлеуметтік тәжірибеге байланысты процеcс. Өйткені әлеуметтік тәжірибе (практика) әрқандай теориялар мен концепциялардың дұрыс-бұрыстығын экспертизациядан өткізуші фактор болып табылады. Олай болса, біз Қытайдың Қазақстан туралы концепциясының тарихи эволюциясына сараптама жасап көрейік.

Көрші мемлекеттерде орын алған ірі саяси қоғамдық оқиғалар бір-біріне әсер етпей қоймайды. Мұндай әсерлері көрші екі елдің бір-біріне деген саяси көзқарастарына немесе экономикалық өміріне белгілі дәрежеде өзгеріс жасап отырады. Ендеше, оның нақтылы мысалдарына тоқталайық.

1916 жылы Қазақстанда орын алған ұлт-азаттық көтерілісі патшалық Ресейдің жаныштауына ұшыраған кезде, Қытай шекарасын асып Шынжаң жеріне 300 мыңдай қазақ босқындары барды. Оларға қытай үкіметі: «Ресей қазақтарының Қытай жеріне қашып келуі – орыстардың оларды қырғындауынан бой тасалау екен. Егер оларға әскер жұмсап шабуыл жасайтын болсақ, онда олар барар жер таппай тәуекелшілдікке басып, жеріміздің тас- талқанын шығаруы сөзсіз... Оның үсіне Ресейден келген қазақтар көп, біздің Тарбағатайдағы әскерлеріміз аз, оларға шабуыл жасағанның өзінде, олардан басым түсіп жеңіске жете қоюымыз неғайбыл. Онда мемлекетіміздің абыройына нұқсан келтіреміз, сондай-ақ ол соғысты тоқтату қиынға соғады. Қысқасы, Ресей қазақтарын қыруға да, бағуға да болмайды. Оларды тек кері қайтарудан басқа шара жоқ» (Ян Цэзньсинь. Bu guo zhai wen du - Өткен жазбалар толықтамасы. 1917 ж. 7 қазан, телеграмма. – Н.Мқұаметханұлы. ХХ ғасырдағы қытайдың тарихи үрдісіндегі қазақтардың әлеуметтік дамуы. –Алматы: Қазақ университеті, 2006. -   126-127 бб.) деген көзқарас ұстанды.

Шынжаң үкіметі Ресейде (1918-1920 жж.) орын алған Азаматтық соғысқа бейтарап  тұру саясатын ұстанып, Пекин өкіметінің ақтарға болысып қызылдарға қарсы тұру бұйрығын атқармады. Бірақ ақ патшаның соғыста жеңілген атамандары Дутов пен Анненков 30 мыңдай әскерін бастап Қытай шекарасын бұзып өтіп Тарбағатай мен Ілеге барып,  Шынжаң  қоғамына қауіп төндірген кезде, Шынжаң үкіметі белсенді түрде Кеңестік Түркістан өкіметімен байланысқа шығып, Кеңестік Қызыл армияның Шынжаңға барып ақтарды жоюына жағдай жасады.

Шынжаңның генерал-губернаторы Яң Зыңшин (Ян Цэзньсинь) Пекинге өзінің ұстанған сыртқы саясатын түсіндіргенде: «Аспан мен жердегі, ғаламдағы сансыз заттарды байқап отырсаң, әрінің де күн өткен сайын жаңарып бара жатқанын байқайсың. Ескілері тозып өшкіндеп, жаңалары жеңіп көркейіп келеді. Ертеде де, қазірде де, Қытайда да және шетелдерде де осылай. Ресейдегі ескі партияның бұрынғы қалпына енді қайтып бара алмайтындығын губернатор (өзін меңзеп отыр – Н.М.) осы қашқын әскердің келуінен әлдеқайда бұрын мөлшерлеген болатын. Сондықтан үкімет Ұлыбритания, Жапония және Франция Одақтастары ескі партияға көмектесіп, жаңа партияға шабуыл жасауды дәріптегенде Шынжаң ғана бейтарап тұру саясатын қолданды. Шынжаңның қоғамдық тәртібінің орнықты болуының механикалық сыры осында жатыр емес пе?!» (Ян Цэзньсинь. Bu guo zhai wen du - Өткен жазбалар толықтамасы.1-ші жинақ, 39 б. – Н.Мұқаметханұлы. Қытайдағы қазақтардың қоғамдық тарихы /1860-1920/. – Алматы, ҚАЗақпарат, 2000. - 238-239 бб.), – деп жазған. Айтса айтқандай, Шынжаң үкіметінің 1916-1921 жылдардағы Қазақстанда орын алған оқиғалардың Шынжаңға қатысты болған күрделі мәселелерге дұрыс көзқарас, тура саяси шаралар қолданғандығын қоғамдық тарихи тәжірибе айғақтады.

Жин Шурін (Цзэнь Шужэн) Шынжаңды басқарған бес жыл (1928-1933 жж.) Шынжаңның әлеуметтік-экономикалық жағдайы өте нашар күйде тұрған еді. Сондықтан Шынжаң үкіметі Қазақстанды Кеңес Одағымен сауда жасауды жүзеге асыратын, әртүрлі техникалық машиналар алып тұратын көрші көлке, өздеріне техник-инжинерлер жібере алатын және кәсіби мамандар дайындап беретін, ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығын жаңартуға көмек көрсететін дамыған аймақ деп санады. Осы негізде олар 1931 жылы «Шынжаң-Кеңес Одағы уақытша сауда шартына» қол қойып, Қазақстанмен кең көлемде экономикалық сауда жасады.

Ал Шың Шысай (Шэн Шицай) басқаруындағы Шынжаң үкіметінің (1933-1944 жж.) Қазақстанға, Кеңес Одағына көзқарасы құбылмалы болды. Шың Шысайдың саяси төңкеріс арқылы билікке келген кезі - Шынжаңның саяси жағдайы өте күрделі жағдайда тұрған мезгіл болатын. Сондықтан ол алыстағы Пекинге арқа сүйеуден гөрі, жақындағы Кеңес Одағымен ынтымақтасып өз билігін нығайтуды жөн санады. Сөйтіп, ол Кеңес Одағының Қазақстаннан барған Қызыл армиясының көмегімен өзінің саяи қарсыласы дүнген генералы Ма Чжунинның   екі   реткі   шабуылын   талқандады. Сондай-ақ ол Кеңес Одағының әскери кеңесшісі Малинковтың жетекшілігімен Шынжаң армиясын қайта құрып, оны Кеңес Одағының қару-жарақтарымен жасақтады. Кеңес Одағынан барған генерал-майор Претхоткиннің (Бао Гониң) жетекшілігімен Шынжаң қоғам қауіпсіздік органын құрып, өз билігін нығайтты.

Әрине, Кеңес Одағының Шынжаң үкіметіне жан-жақтылы көмек көрсетуде көздеген өз мақсаты болды. Оны Кеңес Одағының дипломаты Стомониянковтың 1936 жылы 9 желтоқсандағы сөзімен айтқанда: «Кеңес Одағы Шынжаңдағы Қытай билігіне назар аударады, өйткені Жапония және басқа империялистік мемлекеттердің ықпалын ол өлкеге өткізбеуді көздейді. Кеңес Одағының Шынжаңдағы мүддесі тек осы ғана болған еді».

Бірақ халықаралық жағдайдың өзгеруіне байланысты Шынжаң үкіметінің Кеңес Одағына көзқарасы да өзгерді. 1942 жылы Шынжаңның генерал-губернаторы Шың Шысай Кеңес Одағын фашистік Германиямен соғыста жеңіледі деп межелеп, Кеңес Одағына қарсы саясат жүргізді. Шынжаңға Кеңес Одағынан барған әскери саяси және экономика мен техника саласындағы мамандарды күштеп кері қайтарып, Гоминьданның, АҚШ пен Ұлыбританияның саяси күштерін Шынжаңға енгізді. Бұған жауап ретінде Кеңес Одағы Шынжаңда «Үш аймақ революциясын» қозғап, 1949 жылға дейін Шынжаңның жартысын, яғни Тянь-Шаньның батыс-солтүстік бөлігін өзінің бақылауында ұстады. Бұл кезде Қытайдың Гоминьдан үкіметі Қазақстанды немесе Кеңес Одағын өзінің Шынжаңдағы саяси билігіне қауіп төндіруші сыртқы күш деп қараса, Қытай Компартия өкіметі керісінше,  оларды өздерін қолдаушы ел деп санады.

1949 жылы Қытай Компартиясы Азаматтық соғыста жеңіске жетіп, Қытай Халық Республикасын құрды. Оны бірінші болып Кеңес Одағы таныды және дипломатиялық қатынас орнатты. ҚХР социалистік лагерьге қосылып, КСРО-ның үлгісінде социалистік құрылыс жүргізді. «Кеңес Одағының бүгіні – біздің ертеңіміз» деп, оларды «аға» атады. Қазақстанды Шынжаңның социалистік құрылысына жақыннан жәрдем беретін Кеңестік Республика деп санады. Іс жүзінде солай да болды.

Бірақ 1956 жылдан бастап ҚХР мен КСРО-ның оттай ыстық сүйіспеншіліктері салқындай бастады. Екі елдің идеологиялық пікір алауыздығынан басталған айтыс-тартыстар 1961 жылы КСРО-ның ҚХР-ға көрсетіп жатқан экономикалық  көмектерін  кенеттен тоқтатты, оған Қытайдағы ашаршылық қосылып, оның ақыры 1962 жылы «29 мамыр шекара оқиғасының» (Іле-Тарбағатай шекарасынан жүз мыңдаған тұрғындардың Қазақстанға қашып өту оқиғасы) орын алуына апарып соқты. Содан бастап ҚХР-КСРО қатынастарының сипаты достықтан жауласуға ауысты. Сонымен, Қазақстан Кеңес Одағының құрамындағы республика ретінде Қытайға, әсіресе Шынжаңға өте қауіпті аймақ болып саналды.  Қытайдағы қазақ тұрғындары күмәнді, сенімсіз адамдар қатарында қаралды. Қытай Компартиясының төрағасы Мао Цзэдун: «Шынжаңға басты қауіп – Кеңес Одағы ревизионизмшілдерінен келеді», - деп, елді «үңгірді терең қазып, астықты мол жинап, соғысқа дайындалуға» үндеді. Ал Шынжаң үкіметі болса, «Шынжаңға Хуан шияң туандар (huan xiang tuan – Қытайдан Қазақстанға қашып өтіп кеткендер) шабуыл жасап келеді» деп, ешқандай негізсіз елді дүрліктіріп, Қазақстанды қауіпті ошақ етіп көрсетті. Шекараны құс ұшпастай қатаң бақылауда ұстады.

ҚХР-КСРО қатынастары 1985 жылдан кейін біртіндеп жақсара бастады. Екі елдің шекара бойы сауда байланыстары ақырындап қалпына келе бастады. Бірақ Кеңес Одағы ыдырай бастаған жылдары Қытай үкіметі Қазақстаннан қауіптенді. Өйткені кейбір ғалымдар Шынжаң үкіметін «Егер Кеңес Одағы бірден тарап кететін болса, ұлтаралық қақтығыс алдымен Қазақстанда орын алады да, жүз мыңдаған босқындар Қытай шекарасынан өтіп келеді» деп сендірді. Бірақ олардың бұл болжамы болмай қалды. Кеңес Одағы ыдырады, Қазақстан тәуелсіздігін алды. Бірақ ұлтаралық қақтығыс Қазақстанда болмады. Болмауының басты себебі, қазақ халқының кеңпейілділігі мен жоғары деңгейдегі мәдени  сапасы және  оған жетекшілік еткен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты еді.

Кеңес Одағының ыдырауын Қытай үкіметі қайшылықты көңіл күйде қабылдады.  Себебі өздеріне дес бермейтін супер держава Кеңес Одағының ыдырауы – орыстың әлсірегенін өздеріне тиімді деп санаса, Орталық Азияда түркі тілдес республикалардың тәуелсіздік алуы – ел ішіндегі ұйғыр, тибет сепаратизмдеріне дем береді немесе оларға қолдау көрсетеді деп күдіктенді. Әсіресе, Қазақстанда ядролық қарудың қалуы Қытайды қатты алаңдатты. Алайда ҚХР үіметі жағдайды дұрыс тани білді. Кеңес Одағының келмеске кеткенін, тәуелсіздік алған республикалардың перспективті екендігін дұрыс болжай алды. Сондықтан Қытай үкіметі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін он күннен кейін ресми түрде таныды және 1992 жылы 3 қаңтарда дипломатиялық қатынас орнатты.

Содан бері Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел ретінде Қытай Халық Республикасымен дипломатиялық қатынасты үрдіс дамытып келеді. Екі елдің ұлттық мүддесінің тоғысу деңгейінің жоғарылай түсуіне байланысты, екіжақты қатынастың сапалық деңгейі де биіктеп келеді. Атап айтқанда, екі ел басшыларының 2002 жылы «Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасында тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы Шартқа» қол қоюы және 2005 жылы «Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасында стратегиялық әріптестікті қалыптастыру жөніндегі Бірлескен Декларацияға» қол қоюы – екі ел қатынастарының жоғары деңгейге  көтерілгендігін көрсетеді.

Аталған құжаттар арқылы Қытай Халық Республикасы Қазақстан Республикасын өзінің стратегиялық әріптесі деген саяси концепция қалыптастырғандығы айқындалды. Міне, бұны Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы сыртқы саясатының тарихи жетістігі деп бағалаймыз. Сондай-ақ оны Қытайдың Қазақстанға  ұстанған саяси концепциясының тарихи өзгерісі деп санаймыз.

Демек, Қытайдың Қазақстанға деген саяси көзқарасының тарихи өзгерістерінен, тәуелсіз мемлекет құру және салиқалы сыртқы саясат жүргізу – біздің ұлтымызға, мемлекетімізге Қытай үкіметінің (Қытай ғана емес, әлем елдерінің де) дұрыс көзқарас, тура мәміле жасауының негізі екендігін атап айтқымыз келеді.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.