Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мүлікті иеленіп алу мен ысырап ету қылмысына қылмыстық заңнаманы қолдану және оны жетілдіру мәселелері

Қылмысты саралау бұл қылмыстық жауапкершіліктің пайда болуы мен жүзеге асуына құқықтық негіз болады.

Қылмысты саралаудың астарында нақты әрекеттің қылмыс құрамымен сәйкес болуы қылмыстық заңнамамен қарастырылуы керек деп А.А. Герцензон түсінген [1]. В.Н. Кудрявцева қылмысты саралаудың екі маңызды жағы бар дейді:

1) тұлғаның қылмыс жасау процесінің қалыптасу процесі;

2) осы әрекетті сот және прокуратура органындағы заңды бір құқықтық актіге (тергеушінің қаулысында немесе тергеу органдарында, айыптау парағында, сот үкімінде немесе ұйғарымында) тігу арқылы қылмыстық заңнамадағы қылмыс құрамына сәйкестендіру керек [2].

Анықтаушылар, тергеушілер, прокурорлар және судьялар бөтеннің мүлкін талан- таражға салуды саралаудың, сонымен бірге иелену мен ысырап етуде қылмыстық заңнаманы қолданарда тергеу, сот қателіктерін жібермес үшін оның ерекшеліктерін білген жөн. Сот, тергеу тәжірибесінде қылмыстық жазалау әрекетіндегі саралаудың  қателігі  негізінен  иеленіп алу мен ысырап етудің, сонымен қоса басқа талан-тараж нысандарынан дұрыс айырмауында. Кейде лауазымды тұлғалар қылмыстық заңды қолданғанда қылмыстың аяқталу сатысын дұрыс анықтамайды және де бір немесе бірнеше адамның бір қылмыс бойынша жасаған әрекеттерін дұрыс сараламайды.

Алдын ала тергеу және сот органдары талан-тараж нысандарын қарауда мүлік айыпталушының қарамағында болатынына аса көп мән бере бермейді. ХХ ғасырдың 60- жылдары КСРО-ның Жоғарғы Сот пленумы анықтағандай, судьялар сеніп тапсырылған мүлікті иелену немесе ысырап ету уақытында ол айыпталушының уақытша қарамағында болатынына назар аудармайды. Сондықтан қылмыс жасалу кезінде ол мүлікті қылмыскер ұрламайды, бірақ пайдалану, иелену, билік ету шегіне зиян келтіреді. Кейде тапсырылған немесе уақытша берілген мүлікті айыпталушының оны ұрлады деп те қателесіп жататын кездері болған.

Тергеу, сот органдары кейде негізсіз, уақытша сеніп тапсырылған мүлікті алып, бірақ болашақта оны қайтарамын деген ниетте алған тұлғаны ұрлық жасады деп те айыптап жатады. Бұл жағдайда қылмыскердің әрекеті ҚР ҚК-нің 228, 307 немесе 327-баптарына сүйеніп, нақты оқиға бойынша саралау керек немесе қылмыс құрамы жоқ деп қарау керек.

Көбінесе тұлғаның әрекетінде сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салу мен оның арасында себепті байланыс болмайды. Онда тәртіптік теріс қылық болуы мүмкін,  бірақ құқық қорғау органдары оны иеленіп алу немесе ысырап ету деп қателесіп саралайды. Осылайша бірінші инстанция сотында азаматша М. өзіне сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алды және ысырап етті және де қызмет бабын, өкілеттілігін теріс пайдаланды деп  айыпталған болатын (ҚР ҚК 176, 180-баптары). 2006 жылы аудандық халыққа білім беру әкімшілігінің бөлімінде меңгеруші болып жұмыс істеп жүріп бөлімнің қаржысына билік ету лауазымында болған, бухгалтермен алдын ала сөз байласып қасақана 2006 жылы марапаттау сыйақысы мен АҚББ-ның сметаға сай емес ережелерін бұзған, үнемдеуді қолданбай ақы төлеу қорынан ұйым мүшелеріне 17000 т. (соның ішінде өзіне – 5140 т.) көлемінде марапаттау туралы бұйрыққа қол қойған және мектеп директорына 6900 т. құнды сыйлық және өзге бөлімге керекті материалды-техникалық қажеттіліктерді 10500 теңгеге сатып  алған. Жоғары тұрған облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырған, ал ҚР Жоғарғы сотының төрағасы қарсылық білдіріп М-нің әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деп сот үкімін жойды.

Облыстық сот президиумы осы іс бойынша қабылданған шағымды қанағаттандырып, іс материалдарында пайдакүнемдік мақсатта өз жеке басының қажеттіліктеріне, мемлекетке, қоғамдық мүддеге немесе заңмен қорғалатын азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне зиян келмеген, қаржы ұрланған жоқ, М. әрекетінде тек қаржылық тәртіп ережелерінің бұзылғаны ғана бар деп ұйғарды. Осыларға байланысты ҚР ҚК-нің 176, 180-баптарында көзделген қылмыс құрамы бұл әрекетте орын алмаған.

Көбінесе кінәлілердің қылмыстық әрекетін саралау мәселесі туындайды, бұл олардың еркінен тыс мән-жайларға байланысты қылмыстың аяқталмай қалуы. «Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінде – жауаптылық тек қана аяқталған қылмыстарға қолданылады және де қылмыс құрамы дұрыс саралануы керек» дейді Н.Д. Дурманов [3]. Бұған қоса заң шығарушы қылмыс оны орындаушы орындағанда ғана ол қылмыс болып саналады дейді. Аяқталған қылмысқа заңнамалық түсініктеме ҚР ҚК-нің 25-бабында көзделген. Осыған орай, егер қылмыс жасаған тұлғаның әрекетінде қоғамға қауіпті әрекет көрініс тапса, онда қылмыстық кодексте көрсетілгендей, қылмыс құрамы анықталады. Қылмыстық  жауапкершілікті  тек қана аяқталған қылмыстарға ғана емес, сонымен бірге қылмысқа дайындалу және оқталу сатысындағы қылмыстарға және де қылмысқа қатысушыларға да қолданылады. Осы жобада ҚР ҚК-нің 24, 25-баптары жалпы бөлімді толықтырады және де кінәлінің іс-әрекетін саралауда үнемі көрсетіліп отырады. Осыған орай, қылмыстық кодекстің жалпы бөлімінің баптарын ғана емес, сонымен бірге тармақшаларын да дәл анықтау қажет.

«Аяқталған қылмыста – дейді Л.Д. Гаухман, – қылмыс объектісіне зиян келтіру қаупі тоқталады, яғни қоғамдық қатынастардың қылмыстық заңмен қорғалатын нормалары бұзылады; қылмыстың объективті жағының барлық көрінісі орын алады; көрсетілген  қылмыс бойынша барлық ниет, мақсат жүзеге асады» [4]. Осыған қоса қарастырылып отырған қылмыс дайындалу, оқталу сатысында кінәлінің еркінен тыс мән-жайларға байланысты аяқталуы мүмкін.

Н.Д. Дурманның айтуы бойынша аяқталған қылмыстардың кез келгенінің ерекшелігі объективті жағының белгісі толық болмауында, яғни объектіге әлі зиян келмеген немесе зиян келу қаупі басталмаған болады. Кез келген аяқталмаған қылмыста, соның ішінде иеленіп алу мен ысырап ету барысында қылмыстың қорғау объектісіне нақты зияны көрініп тұрады. Осыған сай кінәлінің әрекеті қылмыс және де қылмыстық жауаптылық та болмауы мүмкін.

Қылмысқа дайындалу сатысында әлі әрекет немесе әрекетсіздік жасалмаса, иеленіп алу немесе ысырап ету қылмысқа бағытталған, осыған сай меншік иесіне не басқа  мүліктің иесіне қылмыстың зардап қаупі тумайды. Бірақ та бұл жағдайда қылмыстық құқықпен қорғалатын объектіге елеулі зиян келу қаупі бар.

Қылмысқа дайындалудың заңнамалық анықтамасы ҚР ҚК-нің 30-бап 1-б. көрсетілген, ал бұл қылмыстың қылмыстық құқықтық нормада көрсетілгендей, Л.Д. Гаухман бұлардың кемшіліктерін ерекше бөлімнің нормалары толықтырады дейді.

Н.Ф. Кузнецова қылмысқа дайындалуды анықтағанда «мұндай қылмыстық жаза тағайындалған әрекет қылмыстық қызмет басталғанда, қылмыс жасау сатысына жағдай жасауға жеткенде, содан соң қылмыскердің еркінен тыс мән-жайларға байланысты тоқтап қалуы».

Қазіргі қолданыстағы қылмыстық кодексте (ҚР ҚК-нің 24-бап) қылмысқа дайындалу анықтамасы берілген, іздестіру, әзірлеу немесе бейімдеп жасау, қылмыс жасау құралын немесе қаруын тұлғаның жасауы, дайындауы, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға алдын ала сөз байласып немесе басқа да қасақана қылмыс жасауға жағдай жасау, егер осы әрекеттер қылмыскердің еркінен тыс мән-жайларға байланысты соңына дейін жетпей қалса, онда қылмысқа дайындалу болып табылады.

Иемденіп алу мен ысырап етуде дайындалу көрінісі ретінде қылмысқа қатысушылар іздестіру, алдын ала сөзбайласу және де басқа да қылмыстық жағдай жасау әрекеттері болуы мүмкін. Қылмысқа қатысушылар іздестіру иеленіп алу мен ысырап етуде бір тұлғаның  екінші тұлғаға нақты қылмыс жасауға орындаушы ретінде, немесе қоса атқарушы немесе көмектесуші ретінде ұсыныс жасауы, нәтижесінде осы тұлғаның қылмыс жасауға келісуі қылмыстың аяқталмағанын көрсетеді. Л.Д. Гаухманның айтуы бойынша мұны негізінен қылмысты ұйымдастырудың іске аспай қалуы немесе қылмысқа арандатушылық деп бейнелейді.

Сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу мен ысырап етуге сөз байласуда мынаны түсіну керек, бұл екі немесе одан да көп адамның көрсетілген талан-тараждың біреуін жасауға келісуі. Бұл қылмыстың аяқталу сатысы болып қылмыс жасауға бірге келіскен немесе оны жасауға екеуінің де ықыласы болғанда қылмыс аяқталған болып саналады.

Қылмысқа жағдай жасауға иеленіп алу немесе ысырап етуге белсенді немесе енжар түрде әрекеттер жасау жатады, бұның нәтижесіне қылмыс құрамының объективті жағының белгілерінің жүзеге асуы жатады. Мұндай қылмысқа жағдай жасаудың көрсеткіш категориясы нақты оқиғаға тәуелді. Бұған кедергілерді жою, мысалы бақылау бейне камераларын немесе дабыл құрылғыларын өшіру, не керісінше осындай техникалық құрылғыларды іске қоспау, заттарды алып шығуды жеңілдету үшін алдын ала құлыптарды аралап қою және сол сияқты т.б. әрекеттер. Қылмыс жағдайын жасауда қоғамға қауіпті әрекет сияқты белгілер болуы шарт. Мысалы сұрақты жалпы қарастыру, яғни мүлікті иеленіп алу мен ысырап етуді жасау мүмкіндігі немесе алдын ала қылмысты жоспарлау тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тартуға негіз болмайды, өйткені оқиғада нақты қоғамға қауіпті зардап орын алмайды.

Қылмысқа дайындалудың аяқталған кезі болып, егер ол қылмыскердің еркінен тыс мән-жайға байланысты дәл осы сатыда тоқталса және ол әлі басталмаса, аяқталған қылмыс ретінде сараланады. Қылмысқа дайындалу сатысынан оқталу сатысына ауысса, кінәлінің әрекетін иеленіп алу мен ысырап ету қылмысы бойынша саралау мүмкін емес, өйткені ол оқталу сатысында аяқталып отыр.

Қылмысқа дайындалуда, бір жағынан қылмыс жасаудың пайда болуынан, екінші жағынан қылмыстың басталуынан дәл ажырату керек, өйткені біріншісі қылмыстық жауаптылық тудырмайды.

ҚР ҚК-нің 176-бабы бойынша қылмысқа дайындалуда тек сараланған және ерекше сараланған қылмысқа ғана жауаптылық көзделген, өйткені олар ауыр қылмысқа жатады. Бірақ та нақты оқиға бойынша иеленіп алу мен ысырап етудің бағасынан келешекте азаматқа елеулі зиян келтірілуі мүмкін ( ҚР ҚК-нің 176-бап 2-б). Кінәліні қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе тартпау судьяның қарауы бойынша шешіледі.

Криминалогияда бұрыннан назарды қазіргі қылмыстық заңнаманың криминалогиялық негіздемесіне аударады. Қазіргі кездегі елде орын алған қылмыстардың 60% меншікке қарсы қылмыстарды құрайды. Олардың басым бөлігі талан-тараж нысанындағы қылмыстар категориясына жатады. Талан-тараждың басым көпшілігі ауыр қылмыстарға жатады. Осы негіздерге байланысты елеулі зиянның орын алуы азаматқа «автоматты» түрде ауыр қылмыс жасады деп санайды, себебі оның жауапкершілігінің жоғары шегі он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру болып табылады.

Осыған байланысты мамандардың пікірін қолдаған дұрыс, яғни талан-таражға салу қылмысының құрамын саралауды жүйеге салу керек, соның ішінде иеленіп алу мен ысырап ету де бар, оның нақты соммасын есептеп  нақты зиянды анықтау керек.

Көрсетілген себептерге негіз Қазақстан Республикасының ҚК 176-б. 3-б. г)-не сай елеулі зиянға емес, ұрланған заттың елеулі мөлшеріне көңіл аудару керек. Ұрланған заттың елеулі мөлшері ҚР ҚК 175-б. ескертуінде көрсетілген осы ескертудің 2-бөлігін толықтыру керек еді.

ҚР ҚК-нің 175-бабының 2-бөлігіндегі ескертуді былай өзгерткенде дұрысырақ болар еді:

«Ірі мөлшер болып осы тараудағы баптарда мүліктің құны ең төменгі еңбек ақының 500 есе асып түсетін қылмыс жасаған уақытта ҚР-дың заң шығарушы органы бекіткен мөлшерде; қылмыс жасалған кезде елеулі мөлшер болып 200 еседегі ең төменгі еңбек төлемақысын құрайды».

Егер кінәлінің әрекеті сеніп тапсырылған мүлікті белгілі бір мөлшерде немесе көлемде, бірақ 500 ең төменгі еңбекақы мөлшерінен асса, құқық қорғау органдарының әрекетімен тоқталғанда мұндай қылмыстар аяқталған қылмыс болып саналады. Кей жағдайларда бұл иеленіп алу мен ысырап етуге ірі мөлшерде оқталу болып саналады (ҚР ҚК 176-б. 3-б. б).

Осы жағдайға байланысты 1972 жылы 11 шілде КСРО Жоғарғы сот пленумының қауласында «мемлекеттік және қоғамдық мүлікті талан-таражға салу туралы сот практикасы».

Заң шығарушымен ҚР ҚК 175-бабы 2-б ескертуге өзгеріс енгізілсе, кінәлінің белгілі бір мөлшерде мүлікті талан-таражға салуға бағытталса, онда осы ҚР ҚК 176-б. 3-б. г). – 24-б. 3-б саралауға болатын еді – қаралып отырған тақырыпта қылмысқа оқталуда өзінше бір  актуалды  мәселе  болып  қалып  отыр.  Қылмысқа  оқталуды  Л.Д.  Гаухман  былай  түсінеді:

«Тікелей қасақаналық арқылы жасалатын қылмысқа әрекет немесе әрекетсіздік, аяқталған қылмыстың объективті жағының белгілері бар, ҚР ҚК ерекше бөлімінің осыған сәйкес диспозицияларында көрініс тапқан, яғни қылмыстың нәтижесіне әсер етпеген қылмыстың басталуы, материалдық қылмыс құрамының көрінісі бар немесе әрекеттің бастапқы бапта көрсетілгендей бір көрінісі бар, егер қылмыс кінәлінің еркінен тыс мән-жайларға  байланысты аяқталмаған болса». Н.Ф. Кузнецова қылмысқа оқталу деп «қылмысты қасақана орындау кінәлінің ойлаған нәтижесі оның еркінен тыс мән-жайға байланысты  бітпей қалуын» айтады.

Мамандар қылмысқа оқталудың екі түрін: біткен және бітпеген деп қарастырады. Оқталудың тағы бір түрі ретінде жарамсыз оқталу қылмысы көрініс табады. Оқталудың біткен және бітпеген деп бөлінуі тек теориялық емес, сонымен қатар практикалық та маңызы бар, себебі ол кінәнің қоғамға қауіпті әрекет ретінде қарастырылады, осыған орай қылмысты ол қылмысты жекешелендіруде ескеріледі.

Иеленіп алу мен ысырап етудегі оқталу бұл тек қылмыстың  осы сатыда аяқталғаны ғана саналады. Иеленіп алуды саралағанда кінәлінің оны өзінің иелігіне алып, билік  еткенінде аяқталады. Егер кінәліде мұндай мүмкіндік болмаған болса немесе алдын ала тергеуде анықталмаған болса не сот тергеуінде дәлелденбесе кінәлінің әрекеті қылмысқа оқталу болып сараланады, яғни ҚР ҚК 25-б. 3-б. қарастырылады.

С.Ф. Милюковтың ойынша, дайындалу әрекетінің немесе әрекетсіздігінің декреминали- зациясы ашық түрде көптеген қылмыстарға дайындалуға мүмкіндік туғызады. Осы себепке байланысты ол қылмысқа дайындалуды кішігірім немесе орташа ауырлықтағы  болғанда, оған криминалдық мінездеме беру арқылы жалпы қауіпсіздігін ашады және орташа ауырлықтағы қылмысқа дайындалуында криминалдық талдауды ұсынады. Тәжірибеде кінәлілердің әрекеті иеленіп алу мен ысырап етуге дайындалуды латентті болуына байланысты оның саралануын кездестіре алмаймыз және оны дәлелдеу қиынға соғып отыр.

Бөтеннің мүлкін иеленіп алу мен ысырап етуге оқталу көбіне құқық қорғау органдарының араласуымен ұштасып отырады. Заң шығарушы осы әрекеттердің бұрынғы көлемін криминализациялау керек дейді; сәйкесінше ҚР ҚК-нің 176-б. 3-б. жауаптылықтың максималды шегінен төрттен бірін аяқталған қылмысқа белгілеу керек.

С.Ф. Милюковтың пікірінше ҚР ҚК-нің 176-б. 3-б. нормалар тәжірибеде аяқталмаған талан-таражға ауызша көрініс көрсетеді. Ол бөтеннің мүлкін аз мөлшерде алуға септігін тигізеді. Осы себепті ірі мөлшердегі ұрлыққа оқталса, бірақ көрсетілген мөлшерден бір теңгеге аз алса да, онда ол екі есе жеңілірек жауапкершілікке бір жарым жылға бас бостандығынан айыруға жатқызылады.

 

Әдебиеттер

  1. Герцензон А.А. Квалификация преступления. – М., 1947. – С.
  2. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступлений. – М., 2001. – С.
  3. Гаухман Л.Д. Квалификация преступлений: закон, теория, практика. – М., 2001. – С.
  4. Сонда 3-ті қараңыз.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.