Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

ТМД шегіндегі экономикалық интеграцияның дамуы (қысқаша шолу)

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы Шартқа қол қою кезінде нарықтық негізде ортақ әлеуметтік-экономикалық, көлік және әскери-стратегиялық кеңістікті сақтау және дамыту мақсаты көзделген еді [1].

Егер ТМД-ның басқа мемлекеттері үшін бұл бірлестікке қатысудың экономикалық себептері басым болса, Ресей үшін мұның стратегиялық маңыздылығы да болды. Ресейдің ТМД елдерімен ынтымақтастығының Стратегиялық бағыт-бағдарында бұл елдермен қатынастардың Ресей үшін басымдығы белгіленді. Бұл құжатта ТМД аумағында Ресейдің экономика, қорғаныс, қауіпсіздік, ресейліктердің құқықтарын қорғау бойынша маңызды мүдделері бар және ТМД елдерімен тиімді ынтымақтастық Ресейдің ішіндегі ыдыратушы күштерге қарсы тұратын фактор ретінде қарастыралады делінген.

ТМД-ға қатысты Ресей саясатының басты мақсаты ретінде әлемдік қауымдастықта лайықты орын ала алатын мемлекеттердің экономикалық және саяси бірлестігін құру белгіленді. Сол сияқты ТМД елдерін біріктіру Ресейге ұлы держава мәртебесін қайтарудың маңызды шарты болып табылды. Осы себептерді ескере отырып, Ресей ТМД елдеріне маңызды көмек көрсетіп отырды, оның ішінде қаржы беру, мұнай, газ және электр энергиясын жеңілдетілген бағамен жеткізу.

Сонымен қатар ТМД елдерінің үшінші мемлекетпен қатынастарын дамыту объективті және жағымды процесс деп есептей отырып, Ресей Достастықта орын алған сыртқа бағытталған процестерге де кедергі қойған жоқ. Мұның тағы бір себебі. Ресейдің бұрынғы кеңестік республикаларға субсидия бөлу бойынша жүгі жеңілдетілді және бұл өзінің де шектеулі ресурстарын ішкі мәселелерге жұмсауға мүмкіндік берді.

1992 жылдың 15 мамыр күні Ташкентте тоғыз елдің өкілдері Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шартқа қол қойды, олар – Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан [2].

1993 жылы ТМД қатысушы тоғыз мемлекет – Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан Мәскеуде Экономикалық Одақты құру туралы Шартқа қол қойды (бұл Шартқа кейін Түрікменстан мен Украина да қосылды) [3]. Бұл Шартта келісімге келтірілген экономикалық саясат жүргізу, саудадағы тарифтік және тарифтік емес шектеулерді біртіндеп төмендету, тауарлардың, қызметтердің, жұмыс күші  мен капиталдардың еркін қозғалуына жағымды жағдай туғызу, өндірістік кооперацияны дамыту, біріккен кәсіпорындардың, трансұлтты өндірістік бірлестіктердің, коммерциялық және қаржылық-несиелік мекемелер торабының құрылуына көмектесу, инвестициялық саясатты үйлесімге келтіру және т.с.с. мәселелер көтерілді. Нарықтық қағидаларға негізделген бірыңғай экономикалы кеңістіктің құрылуы көзделді.

Қол жеткізілген келісімдерді іске асыру мақсатында 1994 жылдың 15 сәуір күні ТМД қатысушы барлық елдер Еркін сауда аймағын құру туралы Келісімге қол қойды [4]. Осының негізінде мұндай аймақтың іске қосылуына және кейін толыққанды кеден одағын құруға қатысты жағдайды қалыптастыру бойынша жұмыс басталды. Еркін сауда аймағын құрудың басты мақсаты мемлекеттердің өзара саудасын лицензиялар, квоталар, кедендік баждар сияқты әртүрлі кедергілерден босату еді. Қызықтысы, Мәскеуде жасалған осы Келісімді Ресейдің өзі ратификацияламай қойды және ол ТМД елдерінің импортын  екіжақты келісімдер негізінде босату саясатын ұстанды.

Осы жылдың қазан айында ТМД мемлекеттерінің басшылары Кеңесінің Мәскеудегі мәжілісінде «ТМД интеграциялық дамуының негізгі бағыттары» Меморандумы мен ТМД интеграциялық дамуының болашаққа арналған Жоспары қабылданды. Бұл құжаттарда интеграцияның басты бағыты ретінде – дағдарыстан шығудың және экономиканы көтерудің негізгі   алғышарттары   ретінде   ТМД   елдерінің   тиімді   экономикалық ынтымақтастығын орнықтыру белгіленді. Еркін сауда аймағының құрылуы Кеден одағын қалыптастырудың бірінші сатысы ретінде көзделіп, кейін осының негізінде төлем одағы мен ортақ нарықтың құрылуы белгіленді.

Осы келісімдер негізінде басқа да көптеген құжаттар пайда болды. Мәселен, 1995 жылдың 8-10 ақпан күні Алматыда өткен ТМД мемлекеттері басшыларының Кеңесінде ТМД қатысушы мемлекеттердің кеден заңнамасы Негіздері қабылданып, ал 1995 жылдың мамыр айында Минскіде өткен саммитте Достастықтың сыртқы шекараларын қорғаудағы ынтымақтастық туралы Шартқа қол қойылды. Сол сияқты 1995 жылдың қараша  айында ТМД елдерінің үкіметтері «ТМД сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасы туралы» Келісімге қол жеткізді, ал 1996 жылдың сәуір айында бірден екі құжат қабылданды – Заңсыз кіргізілетін және шығарылатын мәдени құндылықтарды ұстау және қайтарып беру мәселелері бойынша кеден органдарының ынтымақтастығы туралы Келісім және Жалпы преференциялар жүйесі шеңберінде тарифтік преференциялар беру кезінде дамушы елдер тауарларының шығу жерін анықтау ережелері туралы Келісім. 1999 жылдың қазан айында Еркін сауда аймағын құру туралы Келісімге қатысушы мемлекеттер арасында қоныс аударылатын тауарлардың кедендік рәсімделуі мен кедендік бақылану тәртібі туралы Келісімге және т.б. қол қойылды.

Дегенмен де, еркін сауда аймағын құру процесі басында көзделген жоспардан  әлдеқайда күрделі болып шықты. ТМД құрылғаннан кейін өткен алғашқы он жыл ішінде қабылданған 900 құжаттың тәжірибеде нақты қолданысқа ие болғаны бар-жоғы 130-ы ғана еді, бұл болса «еркін сауда аймағының тиімді қызмет етуіне кері әсерін беріп, бұрынғы бірыңғай экономикалық және саяси кеңістіктің фрагментарлық дамуына түрткі болды» [5, 421-б.].

Экономикалық дамудың әртүрлі деңгейінде және нарықтық реформалардың түрлі сатысында бола тұра, осы нарықтық реформалардың өзін бірдей жүргізбестен, ТМД елдері көбінесе екіжақты қатынастарға және олардың ішінде де ТМД сыртына қарай бағышталған байланыстарға басымдық беріп отырды.

Іс жүзінде ТМД шеңберінде «әртүрлі жылдамдықтағы» және «әртүрлі деңгейдегі» интеграция орын алып, оның нәтижесінде бірнеше субаймақтық топтар пайда болды.

1995 жылдың 21 ақпан күні  Ресей  мен  Беларусь  президенттері  Б.Н.  Ельцин  мен  А.Г. Лукашенко Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасында Достық, мейірімді көршілік және ынтымақтастық  туралы Шартқа қол қойды. Осының негізінде 1996 жылдың   2 сәуір күні Мәскеуде Егеменді Республикалардың Қауымдастығын құру туралы Шартқа қол қойылды және ол басқа қатысушыларға да ашық деп жарияланды. Осы процестің жалғасы ретінде 1997 жылы Ресей мен Беларусь Одағының Шарты мен Жарғысы қабылданып, 1998 жылдың 25 желтоқсан күні бұл елдердің экономикасы, қаржысы және мемлекеттік құрылымдары ортақ Одақтас мемлекетке бірігуі туралы Декларацияға қол қойылды.

Екі елдің экономикалық жақындасуына негіз болған 1995 жылдың 6 қаңтар күні Минскіде қабылданған Ресей мен Беларусь арасындағы Кеден одағы туралы Келісім еді. Бұл Келісімге екі апта өте Қазақстан [6], ал 1996 жылы Қырғызстан қосылды. Аталған Келісім негізінде Кеден одағын бірден құру мүмкін болмаса да, оның негізінде бажсыз және шектеусіз толыққанды еркін сауда аймағын құру мүмкін болды. Бұл болса, өз кезегінде, осы елдер арасындағы сауданың дамуына ықпал етті.

1996 жылдың 29 наурызында Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей президенттері «Экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы» Шартқа қол қойды [7]. Оның мақсаттарына жету үшін интеграцияның жоғарғы басқару органы – Мемлекетаралық кеңес, оның тұрақты атқарушы органы – Интеграциялық комитет және Парламентаралық комитет құрылды.

1998 жылдың қаңтар айында Мемлекетаралық кеңестің кезекті мәжілісінде оның төрағасы Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Кеден одағының аумағында Бірыңғай экономикалық кеңістікті  құруды  және  халықтардың  ең  қажетті  салаларындағы жақындасуында нақты шараларды жүзеге асыру үшін «Қарапайым адамдарға қарай он қарапайым қадам» деп аталатын құжатты қабылдауды ұсынды.

1999 жылы жоспарланып отырған Кеден одағының бесінші қатысушысы болып Тәжікстан қосылды.

1999 жылдың 26 ақпан айында Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан басшыларымен қол қойылған Кеден Одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы Шарт қабылданды [8].

Кеден одағына қатысу ниеті туралы Өзбекстан жария етті. Сол сияқты басқа да ТМД елдері Кеден одағына өз қызығушылығын білдірді.

2000 жылдың 10 қазан күні Астанада кедендік «бестіктің» кезекті кездесуінде Еуразиялық экономикалық қауымдастықты құру туралы Шартқа қол қойылды [9]. Осы Шартпен бірге ел басшылардың біріккен мәлімдемесі қабылданды және онда Кеден одағына қатысушы бес елдің сауда мен экономика саласындағы өзара әріптестігінің басты нәтижелері баяндалды, соның ішінде: өзара сауда-саттықтағы тарифтік және сандық шектеулердің жойылуы; тауарлар номенклатурасының көпшілігі бойынша кеден баждарының бірыңғай ставкаларының белгіленуі; үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің келісілген шараларын жүзеге асыру; ортақ сауда режимдерінің қалыптасуы.

2002 жылдың наурызында ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының Петербургтегі мәжілісінде бес елдің өкілдері Ассамблеяның 2005 жылға дейінгі заң шығару қызметінің бағдарламасын бекітті. Бұл бағдарлама бойынша 2005 жылға дейін қатысушы елдердің ортақ бірыңғай кедендік және экономикалық кеңістігі құрылып, ЕурАзЭҚ аймақтық құрылым ретінде Дүниежүзілік Сауда Ұйымының ұжымдық мүшесі болып қабылдануы жоспарланған еді.

Сонымен қатар бірнеше ТМД мемлекеті тағы бір интеграциялық жобаны – Бірыңғай экономикалық кеңістікті жүзеге асыруға талпынды. 2003 жылдың ақпан айының аяғында қол қойылған Ресей, Украина, Беларусь және Қазақстан басшыларының біріккен мәлімдемесінде еркін сауда аймағын құру арқылы Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастырудың жаңа сатысы туралы жария етілді. Осымен бірге сыртқы сауданы реттеу бойынша мемлекеттерден үстемдігі бар бірыңғай реттеуші органның – Сауда мен тарифтер бойынша Мемлекетаралық тәуелсіз комиссияның құрылуы жоспарланған еді [10].

2003 жылдың 19 қыркүйек күні Ялтада төрт елдің президенттері Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру туралы Келісімге қол қойды [11]. Келісім оның мақсаты мен қағидаларын қабылдауға дайын басқа елдер үшін де ашық деп жарияланды. Бұл құжатта да мемлекеттердің кеден аумақтарының біріктірілуі мен тауарлардың, қызметтердің,  капиталдар мен жұмыс күшінің еркін қозғалуын қамтамасыз ете алатын бірыңғай шаруашылық мезанизмінің құрылуы көзделді. Бірақ 2005 жылдың қаңтар айындағы Украинадағы «демократиялық революция» мен батысшыл президент Виктор Ющенконың жеңісі «төрттік» нысанындағы Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құрылу мүмкіндігін  жоққа шығарды.

2005 жылдың орта тұсында Бірыңғай экономикалық кеңістіктің нормативтік базасына қатысты барлық 93 келісім де үйлесімге келтірілді, бірақ Украина соның ішінен тек 40 келісімді ғана үйлестіруге келісті. 2005 жылдың аяғында Украинаның премьер-министрі Ю. Ехануров Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде тек 16 келісімге қол қоюға дайын екенін жария етті. Сонымен бірге ол Бірыңғай экономикалық кеңістік шегінде мемлекеттерден үстемдігі бар органдарының құрылуына және оларға сыртқы экономикалық саясатқа қатысты өкілеттіктер беруге Украинаның теріс көзқарасын білдірді.

Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы қатынастар болса одан әрі нығая түсті. Ресей үшін, әсіресе, Белорусь кәсіпорындарының станоктар, тракторлар, астық жинайтын комбайндар және басқа да тауарлары ерекше қызығушылығын туғызды, өйткені Ресейдегі тракторлар паркінің 80%-ын Минскідегі трактор зауытынан шығарылатын өнім құрайтын. Сол сияқты Ресей мен Беларусьтің отын-энергетикалық кешені 95%, машина құрастыру кешені – 85% интеграцияланған болатын [12, 72-б.].

2002 жылы белоруссиялық нарықта Ресейдің 60 субъектісі қатысып отырды, өнімнің өзара жеткізілуіне 79 ресейлік аймақтардың кәсіпорны қатысатын. 2004 жылы Ресей мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 17 млрд доллардан асып түсті. 8000-ның үстінде ресейлік және белорусстық кәсіпорынның өзара байланыстары болды.

Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастар 1992 жылғы Достық, ынтымақтастық  және өзара көмек туралы Шартқа негізделген болатын [13].

Екі елдің саяси, экономикалық, әскери-техникалық, гуманитарлық, мәдени және басқа да салалардағы әріптестігінің одан әрі дамуы 1998 жылдың шілде айында ел басшыларына жаңа тарихи құжатқа – XXI ғасырға бағытталған Мәңгілік достық пен ынтымақтастық  туралы Декларацияға – қол қоюға мүмкіндік берді. XXI ғасырдың басында Ресей аумағы арқылы қазақстандық мұнай транзитінің көлемі едәуір ұлғайтылды, Қазақстанның ұлттық энергетикалық жүйесі мен Ресейдің Бірыңғай энергетикалық жүйесінің қатар жұмыс жасауы қалыпқа келтірілді.

2001 жылдың қазан айында Ресей президенті В.В. Путиннің Астанаға сапары кезінде Гуманитарлық саладағы ынтымақтастық туралы Меморандум қабылданып, орыс тілінің ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде рөлі ерекше аталды.

ЕурАзЭҚ шеңберінде мүше-мемлекеттердің аумақтарында өндірілген тауарларға қатысты өзара саудада барлық кедендік баждар жойылды. Екіжақты келісімдер негізіндегі шектеулері жоқ еркін сауда режимі енгізілді, жанама салықтарды «баратын елі» қағидасы негізінде жинауға көшірілді. ЕурАзЭҚ азаматтары үшін миграциялық процедураларды тәртіпке келтіру бойынша біріктірілген жұмыс белсене жүргізілді.

Интеграциялық процестерді одан әрі дамытуда тағы бір маңызды қадам 2006 жылдың басында 1,5 млрд доллар жарғылық капиталы бар қазақстандық-ресейлік Еуразиялық даму банкінің құрылуымен жасалды.

2006 жылдың жазында ЕурАзЭҚ Сочиде өткен биресми саммитінде бірлестіктің басты мақсаты Кеден одағының қалыптастырылуын аяқтау және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құрылуына көшу екендігі тағы да айтылды.

Бірақ 2006 жылдың маусым айында Ресей мен Беларусь арасындағы қатынастар қиындай түсті және мұның себебі ресейлік «Газпромның» Беларуське берілетін газ бағасын төрт есе (яғни, 1 мың текше метр үшін 50 доллардан 200 долларға дейін) көтеру ниеті болды. Осының нәтижесінде 2006 жылдың қыркүйек айында Беларусь Президенті А.Г. Лукашенко Ресеймен екіжақты экономикалық қатынастардың іс жүзінде айыратыны жөнінде мәлімдеме жасады. Оның айтуы бойынша газдың бағасын осыншама көтеру қарым-қатынастардың өсуімен бірдей, әсіресе экономикаға қатысты. Егер Минскінің трактор зауыты газды 250 немесе 200 доллардан тұтынатын болса, ал Волгоградтың трактор зауыты оны 30 доллардан тұтынса не ойтуға болады деді Беларусь Президенті. Беларусь көзқарасы бойынша газ  бағасы нарықтық жағдайға қарай көтерілуі керек, бірақ оның пропорциялары Ресейдің өзіндегідей болуы тиіс.

Сол сияқты Беларусьтің Ресей Федерациясының субъектілерімен де қарым-қатынастары күрделене түсті, өйткені 8000  кәсіпорынның  өзара  өндірістік  бағдарламалары  бойынша  2,5 млн теледидар, 35 мың трактор, 85 мың МАЗ бен БелАЗ шығарылатын. Энергия қуаты көздерінің 95%-ы және машинақұруға арналған жабдықтардың 85%-ы Беларусьқа Ресейден әкелінетін. Ресей мен Беларусьтің Одақтас мемлекетінің хатшысы П.П. Бородин айтпақшы, беларусьтік өнімдердің 85%-ы Ресейге жөнелтіледі, сондықтан да газ мен мұнайдың бағасы көтерілетін болса, беларусьтік машиналар Ресей үшін 5 есе қымбат болады деген сөз.

Түбінде екі тарап ақылға сүйеніп, транзит жөнінде де, энергия қуаты көздерінің  бағасын өзгерту туралы да (болашақта толығымен нарықтық баға болатынын) келісімдерге қол қойып, ымыраға келді. Қол жеткізілген келісімдерді бағалай отырып, Ресей басшысы белорусьтік экономиканың Ресей тарапынан тікелей не жасырын қолдауы әлі ұзақ уақытқа созылатынын мәлімдеді. 2007 жылдың өзінде мұндай қолдау газ бойынша 3,3 млрд долларды, мұнай мен мұнай өнімдері бойынша 2,5 млрд долларды құрамақ, бірақ  бірте-бірте мұндай қолдау қысқартылып, белорусьтіқ әріптестердің нарықтық қатынастарға жұмсақ өтуіне жағдай жасалмақ. Сөйтіп, нарықтық қатынастарға өту кезеңі төрт жылға созылуы тиіс.

2007 жылдың наурыз айында Ресей Президенті В.В.  Путин  қазақстандық  әріптесі  Н.Ә. Назарбаевпен кездесу кезінде Бірыңғай экономикалық кеңістіктің негізін қалыптастыратын ЕурАзЭҚ қызметіне жоғары баға берді. Егер бұрын ЕурАзЭҚ ТМД құрамындағы көптеген субаймақтық құрылымдардың бірі ретінде қарастырылса, ал оның экономикалық жетістіктері ТМД-ға байланыстырылса, ендігі жерде ЕурАзЭҚ ТМД-ның сыртқы шегіне дейін кеңею мүмкіндігі бар дербес бірлестік ретінде қабылданып отыр.

Қазақстан Президенті, өз кезегінде, Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы туралы ұсынысы өз күшінде екендігін еске салды.

2009 жылы Қазақстанның бастамасымен Ресей, Қазақстан және Беларусь арасында Кеден одағы құрылатын болды және оның нақты уақыты да белгіленді. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш мемлекеттің Кеден Одағы өз қызметін бастамақ, ал 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш мемлекеттің Бірыңғай экономикалық кеңістігі құрылмақ.

 

Әдебиеттер

  1. Соглашение о создании Содружества Независимых Государств (Минск, 8 декабря 1991 года) // Айдарбаев С.Ж. Интеграционные процессы на постсоветском пространстве: сборник международно-правовых документов. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – С.8-10.
  2. Договор о коллективной безопасности (Ташкент, 15 мая 1992 года).
  3. Договор о создании Экономического союза (Москва, 24 сентября 1993 года) // Айдарбаев С.Ж. Интеграционные процессы на постсоветском пространстве: сборник международно-правовых документов. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – С. 20-27.
  4. Соглашение о создании зоны свободной торговли (Москва, 15 апреля 1994 года) // Там же. – С. 27-37.
  5. Глобализация экономики и внешнеэкономические связи России / Под ред. И.П. Фаминского. [9] М.,2004.
  6. Соглашение о Таможенном Союзе (Москва, 20 января 1995 года) // Айдарбаев С.Ж. Интеграционные процессы на постсоветском пространстве: сборник международно-правовых документов. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – С. 37-38.
  7. Договор об углублении интеграции в экономической и гуманитарной областях (Москва, 29 марта 1996 года) // Там же. – С. 97-101.
  8. Договор о Таможенном союзе и Едином экономическом пространстве (Москва, 26 февраля 1999 года) // Там же. – С. 101-114.
  9. Договор об учреждении Евразийского экономического сообщества (Астана, 10 октября 2000 года) // Там же. – С. 118-124.
  10. Заявление Президентов Республики Беларусь, Республики Казахстан, Росийской Федерации и Украины (Москва, 23 февраля 2003 года) // Там же. – С.
  11. Соглашение о формировании Единого экономического пространства (Ялта, 19 сентября 2003 года) // Там же. – С. 196-199.
  12. Федосов В.А. Интеграция России и Белоруссии //Мировая экономика и международные отношения. 2006. № 6. С.
  13. Договор о дружбе, сотрудничестве и взаимной помощи между Республикой Казахстан и Российской Федерацией // Казахстан – международные договоры с государствами-участниками СНГ / Авт.-сост.: Э.Б. Мухамеджанов, И.В. Межибовская. – Алматы: Баспа, 1997. – С. 17-24.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.