Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

АҚШ-тың зымыранға қарсы қорғаныстық ұлттық жүйесін (зққ ұж) Құру мəселесіне қатысты пікірталастар

Қазіргі əлемдік саясат жəне көптеген елдердің ішкі саяси өміріндегі өзекті тақырыптар қатарына Шығыс еуропалық елдерге АҚШ-тың ұлттық зымыранға қарсы қорғаныс элементтерінің орналастыру мəселесі кіреді. Бұл өзекті мəселенің басты геосаяси мəні –  АҚШ-тың  Зымыранға Қарсы Қорғаныстың Ұлттық Жүйесінің (əрі қарай – ЗҚҚ ҰЖ) шеңберін кеңейтіп, яғни тек өз территориясында ғана емес, сонымен қатар Шығыс жəне Орталық Еуропа елдері ауқымында да орналастыруды кеңейту арқылы оны жаһандық жүйеге айналдыру болып табылады. Өйткені ЗҚҚ ҰЖ құрлықаралық баллистикалық зымыранды алдын ала анықтап, жоюға арналған АҚШ-тың стратегиялық қорғаныс күшінің бөлігі. Сонымен бірге АҚШ-тың зымыранды ядролық соққы жөнінде ескеретін жəне ғарыштық кеңістікте бақылау туралы бағдарламасы да стратегиялық қорғаныс күшінің құрамына кіреді. Қазіргі кезде жоғарыда аталған бағдарламалардан басқа, Зымыранға қарсы жүйенің жəне жер серігіне қарсы қолданылатын қарулардың бөлек элементтерін жасау мен сынаққа алу іске асып жатыр.

Бүгінгі  күні  өзекті   болып   табылатын  АҚШ-тың   ЗҚҚ  саясатына  қатысты  саясаттанушы   В. Есиннің «Проблема ПРО В Глобальной Политике» деген мақаласында «стратегиялық тұрақ- тылыққа зымыранға қарсы қорғанысты жасау бағдарламаларының əсер етуі 1960 жылдардың соңында байқала бастады. ЗҚҚ рөлінің тұрақсыздандыруды негіздеген алғашқы тұлға ядролық тежеудің «атасы» деп танылған сол кездегі АҚШ-тың қорғаныс министрі Роберт Макнамара (1961–1967) болып саналады. Сан-Францискода (1967 ж.) сөйлеген сөзінде ол шабуыл жəне қорғаныс стратегиялық қарулану- лардың өзара байланысы бар екенін көрсетеді» деп жазылған [1, С.1]. Міне, осыған байланысты, қазіргі кезде де АҚШ-тың ЗҚҚ ҰЖ.   мемлекеттің аумағын, ең алдымен кездейсоқ немесе төтенше жағдайдағы баллистикалық зымырандардан қорғауға арналған деп түсіндіру арқылы сол елдің ядролық қаруды өрістетумен айналысатын республикалық саясаткерлер өз қарсыластарын көндіріп жатыр. Себебі демократтардың ұстанатын қағидаларының бірі – халықтың əлеуметтік əл–ауқатын жақсарту. Осыған орай, 1993 жылы билікке келген Б. Клинтон əкімшілігі Рональд Рейганның басшы- лығымен іске қосылған «жұлдызды соғыс» Стратегиялық қорғаныс инициативасы (əрі қарай – СҚИ) бағдарламасын əрі қарай іске асырудан бас тартумен бірге, ЗҚҚ ҰЖ жөніндегі ұстанымдарында «ЗҚҚ Ұлттық Жүйесін құру 1972 жылғы ЗҚҚ туралы келісімшартын тікелей бұзғаны» деген пікірлерін білдірумен қатар, сыртқы саяси мəселелерді дипломатиялық жолмен шешуді ұйғарады [2, С.1].

Ал 1995-1996 ж. АҚШ-тың қорғаныс министрі ЗҚҚ жасау бағдарламасын қайта қарап шықты да, жаңа алғышарттарды бекітеді:

  • Əскери қақтығыс аймағындағы стратегиялық емес Зымыранға қарсы қорғаныс (əрі қарай –ƏҚА ЗҚҚ);
  • Зымыранға Қарсы Қорғаныстың Ұлттық Жүйесі (əрі қарай – ЗҚҚ ҰЖ);
  • Жоғарыда аталған екі зымыранға қарсы қорғаныстың екі түрінде тиімділігін күшейтуге мүмкіндік беретін жаңа технологиялар [2, С.3].

ƏҚА ЗҚҚ – шетелдегі америкалық базаларды, даулы аймақтағы жəне ұлттық аймақта орналас- қан бөлек нысаналардағы америкалық əскерді орта қашықтықтағы баллистикалық зымырандардан қорғауға арналған жүйе. Бұл бағыт ҒЗТҚЖ (НИОКР) АҚШ-тың қорғаныс министрінің жанындағы зымыранға қарсы қорғаныс басшылығының ЗҚҚ Ұлттық бағдарламасының шеңберінде жүргізіледі.

1996 жылға дейін ЗҚҚ ҰЖ құру бағдарламасы технологиялық жасау сатысында болумен қатар, оны өрістеуге дайындау жоспарланған еді. 1996 жылы ұзаққа созылған даудан кейін, Конгрестің көп орнын республикалықтардың иеленгеніне байланысты Конгресс зымыранға қарсы жаңа жүйені құруды қолдайтынын білдіреді.

Сөйтіп, 1996 жылға дейін «технологияны өндеу бағдарламасы» деп аталған бұл бағдарлама 1996 жылдан бастап «қарулы жүйені өрістеуге дайындау бағдарламасы» деген атауға өзгертіледі. Қабылданған уақытша шектелген жүйеге «3+3» деген ат қойылды (үш жыл оны жасауға жəне шешім қабылданғаннан кейін үш жыл ішінде оны өрістеу) [2,С.4]. Зымыранға қарсы кешен (ЗҚК) ЗҚҚ ҰЖ соқтығысқан кезде, өзінің кинетикалық энергиясының көмегімен жоятын атмосферадан тыс жоғары жылдамдығы бар баллистикалық нысандарды ұстау үшін арналған. Кешеннің маңызды элементі ретінде Радиолокациялық станциясы (РЛС) нысананы табу мен оны сүйемелдеу, сонымен қатар іске қосуды аңду мен атыстың нəтижесін бағалау функциялармен қамтылып, көп функцияналды болып келеді. 1996 жылғы бекітілген жоспар бойынша анықталған бағдарлама негізінде ҒЗТҚЖ үш жыл ішінде, яғни 2000 жылға қарай жасап бітіруі тиіс те, ал зымыранға қарсы кешендерді өрістеуге дайындық деңгейін бағалаған соң, келесі үш жылдан кейін, яғни 2003 жылы ЗҚҚ ҰЖ өрістеліп, қарулы күш ретінде дайын тұруы тиіс еді. Бірақ техникалық қауіптен жəне ƏҚА ЗҚҚ  жүйесін жасауға қарсы шығушылардың «сəтсіздік бағыты» деген айыптарынан қашу мақсатында Б. Клинтон əкімшілігі ЗҚҚ ҰЖ өрістеудің бірінші сатысын 2005 жылға ауыстыруды ұсынады.

Бірақ 2001 жылдың 1 мамырында Б. Клинтонның орнына келген АҚШ-тың 43-президенті кіші Дж. Буш билік басынан келген кезден бастап, АҚШ-тың сыртқы саяси доктринасы бірқатар өзгеріске ұшырайды. Мысалы, кіші Дж. Буш Ұлттық қорғаныс университетіндегі ЗҚҚ ҰЖ туралы айтылған сөзінде «бұл қадамның қажеттілігін қазіргі əлемдегі қауіп-қатердің болуымен»  байланыстырып,  АҚШ «1972 жылы қол қойған АҚШ-КСРО арасындағы ЗҚҚ туралы келісімшартынан бас тарту керектігін» жариялайды [3, С.1]. Сондай-ақ АҚШ-қа ЗҚҚ ҰЖ құруға мүмкіндік беретін «жаңа жол- дар кейінгі ядролық қаруларды қысқартуға бағытталуы тиіс. Оған қоса АҚШ өздерінің ядролық күштер өлшемі, құрылымы мен сипатын өзгерте алатын жəне өзгертетінін» де жариялаған болатын [3,С.2]. Президент ұсынған ЗҚҚ ҰЖ тек АҚШ-тың аумағын емес, сонымен қатар одақтастары мен дос елдерінің де аумағына қорғаныс жүйесінің элементтерін орналастыру арқылы олардың жерлерін қорғайтын болады. Тізімнің бірінші орнында Ұлыбритания АҚШ-тың ең жақын одақтасы ретінде тұрғанымен, тез арада Шығыс Еуропа елдері, əсіресе Чехия мен Польша өз аумағында ЗҚҚ жүйесінің элементтерін орналастыруға ұсынысын білдіреді.

АҚШ президентінің сөзінен кейін, ЗҚҚ ҰЖ құру барысында АҚШ ұшу кезіндегі зымырандарға тосқауыл беретін құрлық бетіндегі жəне теңіздегі базаларын қоса алғанда, қолда бар барлық технологияларды қолдануға кірісу шаралары іске қосылады. Соның негізінде бірінші қадам ретінде Пентагон Зымыранға қарсы қорғаныс басқармасына ЗҚҚ-ның құрлықтағы, теңіз бетіндегі, əуе жəне ғарышта базалаудың элементтерімен бірге барлық бағдарламаларды жүзеге асыру жоспарын ұсынады.  Оған  қоса  қарсыластың  зымырандарын  жоятын  лазерлік техниканы  мүмкіндігінше кең көлемде қолдану туралы шешім қабылданады. Сонымен бірге, ең бастысы, ЗҚҚ ҰЖ-ын құруға кірі- серде, кіші Дж. Буш əкімшілігі еш сəтсіздіктерге қарамастан, ЗҚҚ ҰЖ құруды жалғастыруға уəде береді [3,С.3].

Алдына қойған мақсатын жүзеге асырумен бірге Дж. Буш «достары жəне одақтастарымен» (Ресей мен Қытайды қосқанда) тығыз консультациялар жүргізуді міндетке алады. Осыған орай, 2001 жылы маусым-шілде айларында РФ мен АҚШ президенттері В. Путин мен Дж. Буштың Люблянада жəне Генуядағы кездесулерінде маңызды мəселелердің бірі – ЗҚҚ ҰЖ мəселесі талқыланады. Ресей АҚШ-тың ЗҚҚ ҰЖ өрістеткеніне өзінің алаңдаушылығын білдірумен бірге, аталған қорғаныс жүйесі 1972 ж. ЗҚҚ келісімшартындағы стратегиялық тұрақтылық деңгейін төмендетуге əкелетінін жəне əлемге өте қауіпті жүйенің пайда болуына əсер етуі мүмкін екенін ескерте отырып, 1972 ж. ЗҚҚ келі- сімшартынан бас тарту əлемдегі қауіпсіздікке байланысты 32 халықаралық келісімшарттың күшін жоюға ықпалын тигізетінін де қоса айтып кетті [4,С.21].

2001 ж. 11 қыркүйектегі Нью-Йорк пен Вашингтондағы лаңкестік оқиға  ЗҚҚ  ҰЖ-сын  жасауды күшейтіп, ЗҚҚ ҰЖ жоспарын жүзеге асыру «Америка қамалы» атты жаңа дəстүрлі тұжырымдаманың пайда болуына себебін тигізеді. ЗҚҚ ҰЖ АҚШ-тың басқа елдермен  ассиметриялық қатынасын орнатып, XXI ғасырда Вашингтонға қауіп төндіріп тұрған ядролық қаруы бар кез келген елге қарсы əскери күш қолдануға мүмкіндік беру қажеттігі туады да, ЗҚҚ айналасында Буш əкімшілігінің барлық əскери саяси стратегиялары іске қосылады. АҚШ президенті бұл шабуылды «XXI ғасырдың бірінші соғысы» деп жариялаумен бірге, 2001 ж. 20 қыркүйекте Конгрестің екі палатасының біріккен отырысында америкалық қоғам мен халықаралық қоғам арасынан лаңкестікке қарсы соғысты кең көлемде қолдау табуға АҚШ президенті бар күшін салады. Кіші Дж. Буш: «Біздің жау – бұл барлық радикалды лаңкестердің желісі мен оларды қолдаушы үкіметтер. Біз жаһандық лаңкестік желіні жою мақсатында қолда бар барлық ресурстарды, дипломатияның барлық тəсілдерін, барлаушылықтың барлық əдістерін, тексерістің барлық  құралдары мен барлық қаржылық тетіктерді қолданатын боламыз,» - деп сөйледі [4, С.2]. Оның басты мақсаты америкалық қоғамды АҚШ-тың жаңа əскери стратегиялық бағытын қолдаумен қамтамасыз ету болғандықтан, АҚШ президенті өз көздегеніне жетті деуге болады. Өйткені 11 қыркүйектегі оқиғаның ықпалынан демократ-сенаттар ЗҚҚ ҰЖ-ны қаржыландыруға қарсылықтарын білдірмейді.

Сөйтіп, 2002 ж. АҚШ ЗҚҚ туралы келісімшартынан шығып, кіші Дж. Буш ЗҚҚ ҰЖ-ның бірінші сатысын жасау жоспарын жариялаумен қоса, АҚШ-тың үкіметі 2002 ж. ЗҚҚ ҰЖ-ның шығынына қосымша қаражат бөлуді жоспарлайды. Сол жылдың 26 маусымында басылып шыққан АҚШ Қорғаныс министрінің құжатында президент кіші Дж. Буш Конгрестің алдына баратын  2002  ж. əскери бюджетіне ЗҚҚ Ұлттық Жүйесіне қатысты қаржыны 2,2 млдр АҚШ  долларына көтеруге  талап қойды да, нəтижесінде аталған жүйеге бөлінетін жылдық шығын сомасы 7,9 млрд АҚШ дол- ларын құрады. Ал 27 маусымда кіші Дж. Буш өзгертулер енгізілген бюджетпен Конгресті таныс- тырған құжатта америкалық президент 18,4 млрд АҚШ доллары мөлшерінде қосымша қаржы бөлуді сұрағаны көрсетілген, яғни ол бойынша 2003 ж. қорғаныс бюджеті 343,5 млрд АҚШ долларын құрайтын болады [4,С.22].

Бірақ қорғаныс жүйесін құруға АҚШ қаржы қорынан үлкен көлемді қаржы бөлгенмен, 2003 ж. «Lake Erie» крейсерінен Тынық мұхитқа жіберілген «Standard Missile-3» зымыраны көздеген əуе нысанасына соққы беруге бағытталған зымыран нысанаға жетпей мұхит түбіне түсіп, сынақ сəтсіздікпен аяқталады [4,С.23.].

Осындай сынақтарды қоса антитеррористік операцияға, Иракқа қарсы соғысқа кең көлемді шығындар болғандықтан, əскери сараптамашылар ЗҚҚ бағдарламасын қаржыландыру саласында үлкен қиындықтар пайда болуы мүмкін деген көзқарастарын білдіре бастайды. Осыған байланысты 2003 ж. басына қарай ЗҚҚ ҰЖ бағдарламасын іске асыру барысындағы қиындатуға жəне тоқтатуға ықпалын тигізетін, сараптаушылардың көзқарастары бойынша басты мəселелер:

  • АҚШ-тың жалпы əскери стратегиясының басты бөлігі ретінде зымыранға қарсы қорғаныстың ауқымды болуы мен заңды түрде бекіткен стратегиясының (доктринасының) жоқ болуы;
  • ЗҚҚ ҰЖ басты бөлшектерін жылдам қарқынмен өрістеудің сызба нұсқасын құру туралы толық бекітілген бағдарламасының болмауы;
  • Жақын, орта жəне ұзақ преспективасындағы əскери стратегиялық жағдайда ЗҚҚ ҰЖ-сын əскери мақсатында қолдану мен сатылай өрістеудің қағидалары мен тұжырымдамасын, ұсақ түйек модельдерін жасауға əсерін тигізетін ЗҚҚ құрамы мен құрылымына байланысты бағдарламаларға қатысушылардың арасында өзара келіспеушіліктің болуы [5, С.39].

2004  ж. қазан  айының  басында  Иран Ислам  Республикасында 2 мың  шаршы  шақырым  қашықтықтағы нысанаға соққы бере алатын орта радиустағы зымыран пайда болды деп үрейін білдірген АҚШ  өз аумағындағы ЗҚҚ жүйесін өрістеуді жылдамдату шешімін қабылдады да, еуропалық одақтастарымен Еуропаға зымыран тосқауылдарды қоныстандыру жəне олардың аймақтарына америкалық ЗҚҚ элементтерін енгізу туралы кеңестер жүргізуге кіріседі. Бұл өз кезегінде ЗҚҚ ҰЖ құру АҚШ пен Еуропа арасында түсінбеушіліктің пайда болуына əкеледі. АҚШ-қа қарағанда Еуропа елдерінің ЗҚҚ рөлін əскери-техникалық бағалауда саяси дəлелдемелердің алғышарты ерекшеленеді. ЗҚҚ жөніндегі келісімшарты Батыс Еуропаға үлкен қорғаныс қызметін атқарып келген болатын. Келісімшарт Еуропаны стратегиялық тұрақтылық жүйесіне қосып, Ресей мен АҚШ-тың ядролық қару деңгейінде болуын талап етпей, ядролық тежеу шеңберінде олармен бірге қауіпсіздікті теңеген еді. ЗҚҚ жүйесіне шектеу қоюды сақтау еуропалықтардың мүддесін қамтамасыз етеді, яғни қарулануды бақылауда ұстау шеңберінен Ресей Америка бəсекелестік болған жағдайда стратегиялық баланс тұрақсызданып, Еуропа АҚШ-қа тəуелді болғандықтан, өз мүдделерін қорғауға мүмкіндігі жоқ болады.

ЕО елдері көп жағдайда америкалық ЗҚҚ ҰЖ туралы жоспарына қарсы Ресейдің дəйектерін қолдайды. Олар америкалық ЗҚҚ ҰЖ туралы жоспар «оқшауланған мемлекеттердің» іс-əрекеттеріне тосқауыл емес, керісінше өздеріне соққы ретінде жауап беруге əкелетіні ескереді. Сондықтан америкалық ЗҚҚ ҰЖ туралы жоспарға қарсы шығу арқылы Еуропа елдері тек өздеріне қатысты мүдделерімен соқтығысатын мəселелерде АҚШ-пен ымыраға келмейтінін ескертеді.

Еуро Одақ өзінің ішкі талас-тартысының əсерінен ұзақ уақыт өз ұстанымдарын анықтай алмады: бір жағынан, олар америкалық ЗҚҚ ҰЖ туралы жоспарын қолдамай, өздерінің негізгі қауіпсіздік қағидаларына кірмейтін жауапкершіліктен бас тартқысы келді, ал екінші жағынан, тек ЗҚҚ Ұлттық Жүйесіне қатысты АҚШ-пен даулағысы келмеді. ЕО елдері ЗҚҚ жасауды қажет ететін нақты қауіп жоқ екеніне сеніп, еуропалықтар оның тиімділігіне сенімсіздік танытумен бірге, оған жіберетін шығын олардың қаржы мүмкіндігінен  асып түсетінін ескереді.

Осыған байланысты, Еуропа континентіндегі қызу-қанды түсінбеушілікті басу мақсатында мемлекеттер арасында бірқатар ұжымдық шаралар іске асырылды. Мысалы, 2001 ж. 12 маусымда қарулану күші бойынша сенат комитетінің алдында Зымыранға Қарсы Қорғаныс Ұйымының директоры генерал лейтенант Рональд Кадиш Ресейді қоса алғанда, америкалықтардың еуропалық- тармен бірлесіп, ЗҚҚ саласында ғылыми зерттеу бағдарламалары жүріп жатқанын; ГФР жəне Италиямен бірлесе отырып, жүзеге асырылып жатқан ЗҚҚ МИДС жүйесі, ғарыштық базалауда сенсорларды орнату бойынша америкалық-ресейлік РАМОС бағдарламасы іске қосылғанын мəлім- деді [6,С.5]. Оған қоса баспаларда Ұлыбритания мен Ресейдің радарларымен, лазерлерімен жұмыс істеу саласында америкалық əскердің Ұлыбританияның жəне Ресейдің əскерімен ынтымақтасуға қызығушылығын көрсеткені жөнінде жазылады [6,С.6].

Осындай шаралардан соң, Польша, Чехия жəне Венгрия өз аумақтарында іске қосылған зымыранға қарсы кешендерді қоныстандыруға дайын екенін жариялап, 2006 ж. маусым-тамыз айларында АҚШ-тың эксперттері аталған үш елге зымыранға қарсы нысаналарды орнату жерлерін анықтау мақсатында сапар жасайды. Сол уақыттағы «The Washington Post» газетінің жазбасы бойынша Орталық Еуропаның бір қаласына АҚШ-тың зымырандық базасын қоныстандыруға 1,2 млрд АҚШ долларынан 1,6 АҚШ долларына дейін қаржы кететіні белгілі болады [7,С.11]. Базаларды орнатудың бірқатар нұсқалары: құрлықтық пен жер астында; бір елде немесе бірқатар көрші елдерде орналас- тыру қарастырылады.

Орталық Еуропада ЗҚҚ ҰЖ-ын орналастыру мəселесі тек Ресей Федерациясы мен АҚШ арасында ғана емес, сонымен қатар, бір жағынан, Польша мен Чехия жəне екінші жағынан, Ресей арасындағы дипломатиялық қатынасты суытып, шиеленістіре бастайды. Мысалы, 2007 ж. 19 ақпанда Польшаның премьер-министрі Ярослав Кочинский жəне Чехияның премьер-министрі Мирек Тополанек Варшавадағы бірлескен конференцияда олардың елі АҚШ-тың ұсынысын қабылдауға дайын тұрғанын хабарлады [8, С.40]. Базаларды орнату барысында Польша мен Чехия алдын ала келісілген ұстанымын қолдануға келісті. Ал оған жауап ретінде Ресейдің СБРƏ басшысы генерал полковник Николай Соловцов пресс-конференцияда ресейлік зымырандар АҚШ-тың Польша мен Чехияда орналасқан ЗҚҚ нысаналарына бағытталатынын жариялады. Сонымен қатар ол «ОҚБР қару-жарақ тобы жойылғанмен, құжаттар мен технологиялар сақталған. Қажет жағдайда  қысқа мерзім ішінде бұл кешендерді қайта жасау өнеркəсібі қайта іске қосылады. Тек жаңа техноло- гиялармен, жаңа базада, басқарудың жаңа жүйесімен, жаңа мүмкіндіктерімен қайта жаңғыртылады» деген сөздермен орта қашықтықтағы баллистикалық зымырандарды жасау өнеркəсібін қалпына келтіруге дайын екенін ескертеді [8, С.41]. Ал Польша мен Чехия бұл мəлімдемеге өздерінің аймақтарына  ресейлік ықпал жасауды қалыптастыру мен қорқыту шарасы ретінде қабылдады.

2007 ж. маусымында Брюссельде өткен НАТО саммитінде басты нысаналары Польша  мен Чехия болып табылатын жалпы еуропалық ЗҚҚ жүйесін жасауға қатысушылар бір дауыспен  қолдады. Сөйтіп, шілденің басында Чехияның Қауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың ЗҚҚ радарын құруға əскери полигонында жер бөліп беруге шешім қабылдады да, сол жылдың 25 шілдесінде Пентагонның Зымыранға қарсы қорғаныс агенттігінің өкілі Рик Ленер «Боинг» аэроғарыштың корпорациясы АҚШ- тың қорғаныс министрімен Польша жəне Чехияда ЗҚҚ жүйесін құру үшін мердігер ретінде таңдал- ғанын хабаралды. «Боинг» аэроғарыштық корпорациясына Маршал аралынан РЛС қондырғыларын Чехияға, ал Польшада он зымыран тосқауылдарын жасауға тапсырма беріледі.

2008 жылдың қарашасында Ресей президенті Дмитрий Медведев Федералды Кеңес алдында Шығыс Еуропаға ЗҚҚ орналастыруға жауап ретінде Калининград ауданына «Искандер» зымырандық кешен қоныстандыратынын жəне радарға қарсы радиоэлектрондық қысым қолданатынын жариялады [9, С.5]. Бірақ Ресейдің ескертулеріне қарамастан, АҚШ-тың зымыранға қарсы қорғанысты жасауға үлкен қаражат бөлуі күннен-күнге өсе береді. Мысалы, Конгрестің бюджеттік басқармасының алдын ала есептеуі бойынша 2015 ж. ЗҚҚ ҰЖ құруға 60 млрд АҚШ доллары жұмсалатыны анықталды. Сондай-ақ қорғаныс жүйесіне бөлінетін қаражат жылдан-жылға өсіп жатқандықтан, бөлінетін қаржы аталған сомасынан көбірек болуы мүмкін екенін ескертеді. Мысалы, 2008 ж. Зымыранға қарсы қорғаныс агенттігінің 10,85 млрд АҚШ долларын, сұраған болатын. 2007 ж. Агенттік 9,3 млрд АҚШ долларына, 2006 ж. – 7,8 млрд АҚШ долларына, 2005 ж. – 7,6 млрд АҚШ долларына, 2004 ж. – 7,7 млрд АҚШ долларына қаржы бөлуге өтінішін білдіреді. Сонымен бірге əкімшілік Конгрестен Польша мен Чехияда қондырғыларды жасау негізінде 2008 ж. 310 млрд АҚШ долларын бөлуді сұрады. Ал Еуропаға келсек, онда бұл елдер америкалық ЗҚҚ жүйесіне 3,5-4 млрд АҚШ долларына дейін қаржы бөлмекші болады [9, С.8].

Бірақ 2007 ж. наурыз айындағы 27 еуропалық мемлекеттің қорғаныс министрлерінің бейресми кездесуінде Еуро Одақ ЗҚҚ жүйесіне қосылмайтынын хабарлап, Батыс Еуропа Варшава мен Прагадағы оқиғаларға өздерінің қатысы жоқ дегенімен, Батыс Еуропа елдері екі елдің қауіпсіздігіне жауапты екенін ескере кетеді. Сонымен қатар 2007 ж. ЗҚҚ ҰЖ айналасындағы дауға қатысты Ресей Федерациясы мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас қатты шиеленісіп кетті. Мысалы, Польша мен Чехияда ядролық қарудың элементтерін орналастыруға жауап ретінде РФ Калининград аумағында ұзақ қашықтықтағы зымырандарын орналастыратынын жариялады. Ал, кештетіп, Польша мен Чехия Республикалары АҚШ-тың ЗҚҚ ҰЖ-ның элементтерін өз аумағында орналастыруға өз келісімін берген құжатқа қол жеткізген кезде Ресей Федерациясының президенті В.В. Путин: «Егер АҚШ Польша мен Чехия Республикаларында ядролық қару элементтерін орналастыруын тоқтатпаса, жаңа «қырғи қабақ» соғыстың басталуына əсерін тигізеді», - деп хабарлады [9,С.9].

Сонымен, кіші Дж. Буш ЗҚҚ Ұлттық Жүйесіне байланысты саясатын түйіндей келсек, президент əкімшілігінің сыртқы саяси доктринасы басты үш мақсатқа жетуге бағытталған:

  • Одақтастары мен «достарын» өзінің нақты анықтаған бағытын қолдауға көндіру мен қауіп- сіздікті қамтамасыз ету туралы алған жауапкершілікті атқару.
  • Шабуыл қаруын тез арада соққы бере алатын қондырғыларды өрістеу арқылы агрессияны басу.
  • Егер тосқауыл сəтсіз болған кезде қарсыласына қатаң соққы беру.

Қорыта айтқанда, көздеген мақсатына жету үшін кіші Дж. Буш əкімшілігі ЗҚҚ ҰЖ-ға қатысты Клинтон əкімшілігі қабылданған бағытынан бас тартып, жаңа шараларды қолдануға кіріскенін айта кеткен жөн. ЗҚҚ ҰЖ-ны өрістеуді сынаққа алу кезінде көптеген сəтсіздіктерге ұшырағанымен, Дж. Буш əкімшілігінің үлкен жетістігі Еуро Одақ елдерінен ЗҚҚ ҰЖ-ны өрістеуде қолдау табумен қатар, Польша мен Чехияда ЗҚҚ ҰЖ кешендерін қоныстандыруға жол ашуы болып табылады.

Ресей саясаттанушысы Владимир Дворкин өз мақаласында «егер екі ел арасында өзара ядролық тежеу сақталып отырса, оған қоса, жоғарғы лауазымды тұлғалар мен əскери шенеуліктердің айтуынша, НАТО-ның ресейлік шекараға жақындауы қауіп ретінде қарастырылып жатқан  кезде, Ресей мен АҚШ-тың арасында қандай терең əріптестік болуы мүмкін» деп өз ойын білдіреді [10,С.3]. Демек, бір сөзбен айтқанда, «Ресей мен АҚШ арасындағы ядролық саясатқа байланысты бірлескен əріптестік уақытша да, ал екі елдің арасындағы өзара ядролық тежеу тұрақты болып табылады» [10,С.3].

Саясаттанушы В. Есин өз мақаласында көрсеткендей, «кеңестік-америкалық əскери- стратегиялық қатынастарында ЗҚҚ мəселесінің шеңберінде екі дағдарыс болған. Біріншісі, 1960 жылдардың соңында КСРО стратегиялық ЗҚҚ жасауға инициатор болған кезде, ал екіншісі 1980 жылы АҚШ-тың сол кездегі президенті Рональд Рейган (1981–1988) 1983 жылы «Стратегиялық қорғаныс инициативасын» жариялаған кезде» көрініс табады [1,С.1].

Жоғарыда аталған дəйектемеге сүйенетін болсақ, 2001-2008 жылдар аралығында болған ресейлік-америкалық шиеленіс ЗҚҚ шеңберінде болған үшінші дағдарыс деуге болады. Бұдан  шыққан қорытынды: ЗҚҚ айналасындағы даудың ушығуы тек əр мемлекет басшыларының сыртқы саясат бойынша ұстанған бағыттарына байланысты болып келуіне орай əрі қарай өз жалғасын табатын көрінеді.

 

Әдебиеттер

  1. Есин В. Проблема ПРО В Глобальной Полити // www. ru/ twenty/ 003/htm.
  2. Clinton B. Announces National Missile Defense Plan / the New York Times – 21.01.1999// iht.com.
  3. Система противоракетной обороны территории США// www. ru/ START/ rus/archive.
  4. Приходько О.В. Американская ПРО: Повторение истории или новая преспектива? // США-Канада. - – №2. – 15 с.
  5. Бочаров И.Ф. Ядерное сдерживание в региональных конфликтах //США-Канада. - – №9 – 19 с.
  6. Рогов С.М. 11сентября 2001глода: Реакция США //США-Канада. - 2001. – №11 – 17с.
  7. Барышев И.А., Семин Н.Л. Россия – США: возможен ли компромисс? // США-Канада. - – №2 – 14 с.
  8. Weeden B. The Political of Space Security: Strategic Restraint and the Pursuit of National Interests// armscontrol.ru/START/ rus/archive.
  9. Как России реагировать на угрозу развертывания НПРО? // www. Arms control. ru /START/ rus/archive;
  10. Дворкин В. О сотрудничестве Росии, США и Европы в создании ПРО// Ядерный Контроль. - 2004, ПИР-центр.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.