Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан жəне НАТО: ынтымақтастық даму үстінде

Бүгінгі таңда Қазақстан дүние жүзінде болып жатқан үдерістерге қатысып, əлемнің көптеген елдерімен тұрақты саяси жəне экономикалық байланыс орнату арқылы халықаралық қоғамдық институттардың беделді мүшесіне айналды жəне күрделі экономикалық жəне саяси мəселелерді табысты шешуде басқа елдерге үлгі болатындай деңгейге көтерілді.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы əртүрлі халықаралық құрылымдармен берік  əрі тығыз байланысты дамыту жəне тереңдету Қазақстанның көпвекторлық сыртқы саясатына сəйкес келеді. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Жолдауында халықаралық ұйымдармен өзара тиімді серіктестікті дамыту жолындағы мемлекет алдында тұрған едəуір перспективті жəне  ұзақ мерзімді міндеттер белгіленген болатын [1].

Қазақстанның əскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің қорғаныстық бағыттылығын айқындайтын жəне кез келген мемлекетаралық қайшылықтар мен қақтығысуларды шешудің əскери емес шараларына мемлекетіміздің принципті бейімділігін растайтын жаңа Əскери доктринасында халықаралық құқық нормалары негізінде əскери қақтығысуларды болдырмау, республиканың халықаралық қауіпсіздігі мен тұрақтылығын нығайту ісінде Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы, Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Азиядағы өзара ықпалдастық жəне  сенім  шаралары жөніндегі кеңес, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ), Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Солтүстік Атлантика шарты ұйымы (Іс-қимыл серіктестігінің жеке жоспары жəне “Бейбітшілік жолындағы серіктестік” бағдарламасы аясында), Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық жөніндегі ұйым форматтарында мемлекеттермен ынтымақтастық жасайды деп атап көрсетілген болатын [2].

Солтүстік Атлантикалық Одақпен (НАТО) сындарлы ықпалдастықты дамыту Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының стратегиялық бағыттарының біріне жатады. Қазақстан өзінің қорғаныс қабілеттілігін арттыру жəне аймақтық қауіпсіздікті нығайту мақсатында НАТО-мен тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүдделі болып отыр.

ҚР-дың бұрынғы Сыртқы істер министрі  М. Тəжин бұл орайда былай деп атап өткен болатын:

«Қазақстан жəне НАТО арасындағы ынтымақтастықтың дамуын аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды құраушы ретінде қарастырамыз, сонымен қатар еліміздің бұл ұйыммен орнатылған серіктестігінің даму деңгейі қауіпсіздіктің əскери жəне əскери  емес  аспектілерін  жетілдіру мəселесіне қатысты біздің талпынысымызды көрсетеді. НАТО-мен саяси диалогті дамыту өте маңызды болып табылады, өйткені бұл Орталық Азия талаптары мен оның ерекшеліктерін дұрыс түсінуге мүмкіндік береді» [3].

НАТО-мен Орталық Азия мемлекеттерінің əскери-қорғаныс, əскери емес (ғылыми) жəне идеологиялық секторлары арасындағы байланыс олардың ықпалдастығының басым бағыттары ретінде айқындалып отыр.

Қазақстан өзінің Ресей, ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға берген əскери-саяси міндеттемелеріне байланысты НАТО-мен тығыз ықпалдастығын прагматикалық жəне теңдестірілген тұрғыда дамытып,  өзара тиімді серіктестікті орнату мақсатын көздейді.

Қазақстан НАТО-ның ірі əскери, техникалық жəне экономикалық əлеуетін пайдалану арқылы өзінің ұлттық қауіпсіздігін нығайта отырып, ұйыммен орнатылған серіктестікті қауіпсіздіктің халықаралық жүйесіне интеграцияланудың мүмкіндігі ретінде қарастырады. Республиканың қазіргі таңдағы басымдықтарына сəйкес келетін əскери-қорғаныс, қарулы күштерді қайта жарақтандыру, лаңкестік қауіптеріне қарсы тұру, шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ғылым мен экология салаларындағы НАТО-мен өзара тиімді жəне тең құқықты серіктестікті орнату Қазақстан саясатының басты мақсаты болып табылады.

Қазақстан мен Солтүстік Атлантикалық Одақ НАТО-ның əскери-саяси жүйедегі кең ауқымды бірлескен əрекетін қамтитын «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарламасы аясындағы серіктестер болып табылады. НАТО-ның «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарламасы Еуропалық жəне Атлантикалық кеңістік ауқымында саяси жəне əскери ынтымақтастықтың кеңеюіне жəне нығаюына, қауіпсіздік саласында тұрақтылық пен қарым-қатынастардың күшеюіне ықпал етеді. Республиканың 1994 жылы «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасына қосылуы оның аймақтық жəне əлемдік қауіпсіздікке ықпал етіп келе жатқан бүгінгі таңдағы əлем үдерісінің бел ортасында   болуға қосымша мүмкіндік берді. Бағдарлама  алғашқы кезде айтарлықтай   екіұшты болғанымен, бірте келе қатаң түрде реттелген нұсқаулары бар серпінді түрде даму үстіндегі жоспарлы жүйеге айналды. Қазіргі кезде бағдарлама аясында ынтымақтастық ауқымын жетілдіру жəне басқару жүйесінде міндеттер мен пайдаланылатын əдіс-тəсілдерге қатысты ортақ көзқарасты қалыптастыру мақсатында түрлі мемлекеттердің қарулы күштері қатынасатын əскери жаттығуларға үлкен мəн берілуде. Қазақстанның Қарулы Күштері 1997 жылдан бері аталған бағдарлама аясындағы іс-шараларға белсенді түрде қатысып келеді. Мұндай іс-шаралардың НАТО жəне Альянсқа кірмейтін мемлекеттер арасындағы нағыз пəрменді диалог-алаңы бола алғандығын атап өткен жөн. Ең бастысы, бұл диалог қатысушыларына едəуір жақын саяси-дипломатиялық қарым-қатынасты орнатуға, қатысушылардың арасында əскери даму мəселелерінде ашықтықты қамтамасыз етуге, олардың əскери-саяси жəне техникалық ынтымақтастығының   дамуына   ықпал   етеді,   сонымен   бірге   бірлескен   əскери   бастамалар   арқылы   əртүрлі мемлекеттердің қарулы күштерінің оперативті тұтастық  деңгейін көтеруге болады.

Қазақстан НАТО-ның Орталық Азия стратегиясында басты рөл ойнайды жəне ұйым басшыларының мəлімдемелері бойынша Одақтың негізгі аймақтық серіктесі болып табылады. Атап айтқанда, НАТО-ның бұрынғы Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер былай деген болатын: «Қазақстан Альянстың Орталық Азиядағы ең белсенді серіктесі болып табылады, ал бұл серіктестің жетістікті дамуын НАТО мүшелері өңірдегі орнықтылықтың негізгі факторы ретінде қарастырып отыр» [4].

Қазақстан Республикасының НАТО-ның Орталық Азиядағы басты серіктесі болуы, бір жағынан, Қазақстанның АҚШ жəне Батыс Еуропаның жетекші мемлекеттерімен ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға ынталы болуымен, сонымен қатар НАТО мүше-мемлекеттерінің Орталық Азияның ең тұрақты жəне болжамды арнада даму үстіндегі жəне экономикасы қарқынды дамып, прагматикалық тұрғыдан негізделген көпвекторлы сыртқы саясатын жүргізіп жатқан, демократиялық серпінді үдерістерімен сипатталатын мемлекетпен қарым-қатынасты дамыту қажеттілігін түсінуімен айқындалады.

Қазақстан – НАТО екі жақты қарым-қатынасы институционалдық тетіктерінің дамуымен сипатталады жəне басқа аймақ мемлекеттерімен салыстырғанда Қазақстанның аталмыш  ұйыммен  кең құқықтық-шарттық негізі құрылған.

Бүгінгі  таңда  Солтүстік  Атлантикалық  Альянспен  екі  жақты  ынтымақтастық  Президент   Н. Назарбаев пен Бас Хатшы Я. де Хооп Схеффер арасындағы НАТО штаб-пəтерінде өткен желтоқсан  (2006  ж.)  келіссөздерінің  нəтижесі  бойынша  қол  жеткен  уағдаластықтарға  жəне  Мемлекет басшысының НАТО-мен тəжірибелік ынтымақтастықты тереңдету жəне жандандыру үшін берген нұсқаулықтарына сəйкес жүзеге асады.

Қазақстан мен НАТО ұйымы қарым-қатынасы Ic-қимыл серiктестiгiнiң жеке жоспарымен қатар Талдау мен жоспарлау үдерiсi (ПАРП) жəне Оперативтi əлеует тұжырымдамасы (КОП) бағдарламалары аясында жүзеге асырылады. Қазақстан «Талдау мен жоспарлау үдерiсi» бағдарламасына қосылғаннан кейін Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы мен НАТО ұйымы арасындағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы техникалық қамтамасыз ету мен қызмет көрсету жөніндегі (NAMSO) өзара түсіністік туралы меморандумға» бастамашы болды жəне оған 2003 жылы қол қойылған болатын.

Ic-қимыл серiктестiгiнiң жеке жоспары Қазақстан – НАТО желісі бойынша жүзеге асырылатын ықпалдастықтың барлық аспектілерін үйлестіреді. Аталған жоспардың басты басымдықтарына келесілерді жатқызуға болады:

  • аймақтық жəне халықаралық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық;
  • қорғаныс жəне əскери сала, халықаралық лаңкестікпен күрес мəселелері;
  • демократиялық реформаларды жүргізу мақсатында Қазақстан мен НАТО арасындағы саяси диалог пен консультацияларды нығайту;
  • төтенше жағдайлардың алдын алу, ғылым саласындағы ынтымақтастық.

НАТО-ның əскери күштері тұрақтылыққа жəне қауіпсіздікке қол жеткізу бойынша Ауғанстан халқына көмек көрсету мақсатында Альянстың дəстүрлі шекарасынан тыс əрекет етіп келеді. Қазақстан мен НАТО ынтымақтастығы Ауғанстандағы лаңкестікпен күрес жəне ондағы тұрақтандыру шараларын жүзеге асырумен де айқындала түседі. НАТО-ның Ауғанстандағы əскери күштерін жабдықтау үшін жүктердің транзитіне Қазақстанның жақында берген рұқсатын Альянс жоғары бағалады. Ауғанстанды тұрақтандыру стратегиясын жүзеге асыру аясында НАТО Ресей, Қазақстан, Өзбекстан жəне Түрікменстан территорияларынан өтетін «солтүстік маршрут» арқылы ISAF күштеріне тылдан көмек беру мүмкіндігіне ерекше назар аударуда. Сонымен қатар дайындығы жəне жабдықталуы жағынан НАТО-ның стандарттарына сəйкестендірілген Қазақстанның бітімгершілік батальоны (Қазбат) 2003 жылы Қазақстанның Иракқа жіберілген аталмыш батальоны жарылғыш заттарды залалсыздандыру бойынша жұмыстар жүргізу мен бейбіт халыққа əскери медициналық қызмет көрсету арқылы ол мемлекетті қайта қалпына келтіру үдерісіне өз үлесін қосты.

Əскери реформа мен қарулы күштердің дайындығын арттыру мəселесіне екі жақтың да ерекше көңіл бөлетіндігін атап өту қажет. Орталық Азия жəне Кавказ мемлекеттерімен ынтымақтастық мəселелері жөніндегі НАТО-ның Бас хатшысының арнайы өкілі Роберт Симмонстың айтуынша, Қазақстанның əскери қызметкерлерді дайындау, сондай-ақ оперативті тұтастықты жетілдіру саласындағы НАТО тəжірибесін пайдалану одақтың басқа серіктес мемлекеттері үшін көрнекті мысал бола алады.

НАТО-ның мүше-мемлекеттері мен серіктес-мемлекеттері арасында жүзеге асырылып жатқан əскери емес ықпалдастық кең ауқымды сипат ала бастады. Бұл НАТО-ның негіз құраушы құжаттарында белгіленген жəне елу жылдан астам тəжірибесі айқындаған басты міндеттерін жүзеге асыру барысындағы кедергілерді жоюға немесе азайтуға мүмкіндік береді.

НАТО-ның ішкі жағдайына əрі ұйым мүше-мемлекеттері мен үшінші мемлекеттер арасындағы ықпалдастықтың дамуына ғылым, экология салаларындағы жобалардың жүзеге асырылуы оң əсер беруде. НАТО-ның əскери емес мақсаттағы ынтымақтастық тетіктері арқылы ғаламдық проблемаларды шешуде мемлекеттердің бірлесіп қатысуы саяси қайшылықтарды жоюға мүмкіндік береді. Осылай, одақтың əскери емес қызметі əлемдік саясаттың негізгі акторлары арасындағы саяси ықпалдастықтың тежемелі қақтығысты немесе ешбір қақтығыссыз  үлгісінің орнауына ықпал етеді [5].

Қазақстан Республикасы мен НАТО арасындағы ықпалдастықты тереңдету аясында əскери емес ынтымақтастықты əртараптандыру мен кеңейту мəселесіне ерекше көңіл аударылып келеді. Ғылыми зерттеулер үдерісінің қарқындылығын арттыру арқылы білім беру мен ғылым саласына қолдау көрсету мақсатымен НАТО-ның «Виртуалды жібек жолы» бағдарламасы аясында Интернет жүйесіне қосылу проблемасын шешу үшін серіктес-мемлекеттердегі, оның ішінде Қазақстандағы бірнеше ғылыми-зерттеу жəне білім беру мекемелері қажетті жүйелік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді.

Қазақстан Еуро-Атлантикалық серіктестік кеңесі аясындағы Бейбітшілік жəне қауіпсіздік жолындағы ғылым жөніндегі комитеттің жұмысына белсенді қатысып келеді. Бұл институт халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту саласында тиімді жұмыс жасап келе жатқан Альянстың академиялық құраушысы болып табылады. Комитет – азаматтық ғылым жəне инновациялар сияқты салалардағы ынтымақтастықтың дамуына қолдау көрсететін құрылым жəне қоғам мен ғылымды интеграциялауға  бағытталған  бағдарламаларды жүзеге асырады.

Бейбітшілік жəне қауіпсіздік жолындағы ғылым жөніндегі комитет қоғамдық мəселелердің техникалық, ғылыми жəне саяси аспектілері бойынша білім беруге, тəжірибе алмасуға жəне біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік беретін бірегей зияткерлік форум деуге болады. Қоғамдық дипломатия жөніндегі НАТО-ның Бас хатшысының көмекшісі жəне Бейбітшілік жəне қауіпсіздік жолындағы  ғылым  жөніндегі  комитетінің  төрағасы  Жан-Франсуа  Бюро  былай  деп  атап  өтеді:

«Комитет кең ауқымдағы сұрақтар бойынша жұмыс жасайды. Мақсаты – Солтүстік Атлантикалық Одақ пен оның серіктестеріне алдыға қойған мақсаттарды шешуге көмек көрсету жəне қоғам қолдауын арттыру. Ғылым Солтүстік Атлантикалық Одақтың қоғамдық дипломатиясының ортақ мақсаты жəне басты басымдықтары  үшін қызмет етеді» [6].

Қазақстанның халықаралық қатынастар жүйесіне əрі қарай интеграциялану қарқыны мен сапасына жоғары деңгейдегі кездесулер мен келіссөздер өз ықпалын тигізуде. Мысал  үшін, Қазақстан НАТО-мен жəне оның мүше-мемлекеттерімен серіктестік қатынастардың  ортақ  саяси негізі болып табылатын Еуро-Атлантикалық серіктестік кеңесі аясында консультациялар жүргізеді. 26+1 форматындағы тікелей диалогтің нығаюына басымдық беріледі. Бұл бағыттың маңыздылығы 2010 жылы Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-да төрағалық етуіне байланысты аймақтық жəне жаһандық сипаттағы қауіпсіздік проблемаларын шешуде Орталық Азияда екі ұйым ынтымақтастығының нығая түсуі мүмкін.

Қазақстан Еуро-Атлантикалық серіктестік кеңесінің мүшесі жəне «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарламасының қатысушысы ретінде АҚШ-пен жəне Еуропалық одақтастарымен ынтымақтасып, тек ұлттық қауіпсіздікті ғана емес, сонымен қатар халықаралық қауіпсіздік саласындағы көпжақты ынтымақтастық ісіне де өз үлесін қоса алады.

Қорыта айтқанда, НАТО-мен ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сəйкес келеді. НАТО факторы Орталық Азияда геосаяси тежемелік пен тепе-теңдік жүйеге негізделген аймақтық қауіпсіздік құрылымының қалыптасуына ықпал етуде. Сонымен қатар Альянспен серіктестіктің тереңдеуі қазақстандық қарулы күштер біліктілігінің артуына, мемлекеттің əскери қауіпсіздігін қамтамасыз ететін əскери реформаның жүзеге асуына игі əсер ететін болады деп есептейміз.

 

Әдебиеттер

  1. ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Қазақстан халқының əл-ауқатын арттыру —мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» // www.akorda.kz
  1. Қазақстан Республикасының Əскери доктринасы // www.mod.gov.kz
  2. Текст выступления министра иностранных дел Республики Казахстан Марата Тажина на пленарном заседании Форума безопасности НАТО/СЕАП (Астана, 25 июня 2009) // http://www.kazakhemb.org.il/?CategoryID=209 & ArticleID=894&Page=1
  3. НАТО Бас хатшысы Қазақстан Президентіне құттықтау жолдады // http://www.kazinform.kz/kaz/article/1194503
  4. Белоногов А. Политическое значение невоенного сотрудничества НАТО в глобализирующемся мире. СПб.: СПГУ, 2006. С. 4
  5. 50 лет научной программе НАТО // http://www.nato.int/cps/ru/SID-86D23AA0-E09B4C1C/natolive/news_46491. htm?mode=news

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.