Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Пекиннің шыңжаңды дамыту жаңа саясаты жəне қазақтан-қытай қатынастарының болашағы

2009 жылдың 5 шілдесінде Үрімжі қаласында орын алған этника аралық қақтығыс Пекинді өзінің Шыңжаңда қолданып отырған саясатын қайта саралап қарауға мəжбүрледі. Ол жантүршігерлік қанды оқиғаның бұрық ете түсуіне тікелей мұрындық болған Гуанчжоу қаласында ұйғыр жұмысшылары мен жергілікті бір топ қытайлардың (ханьц) төбелесінде қаза болған екі ұйғыр жігітінің ісі еді. Бірақ сол таза қылмыстық іске бола, этникалық ұйғырлардың ҚХР тарихында болмаған зор көлемде антиханьцтік басбұзарлық əрекетке баруы қалай? АҚШ-та бойтасалап жүрген бір əйелдің - Рабия Қадырдың екі ауыз сөзі соншама көп ұйғыр жастарын өлімге басын тігуге апара қойды ма? Бұл сияқты сұрақтар кім-кімді болса да ойландыратыны сөзсіз. Əсіресе Пекинді қатты толғандырғаны елгілі. Сондықтан Қытай үкіметі оқиғаның көмескі себеп-салдарын қытайлық жабық демократия бойынша жоғары дəрежелі билік сатысында талдап, анықтағаны белгілі болды. Пекин «5 шілде Үрімжі оқиғасының» қоғамдық-саяси, экономикалық-мəдени себептерін ашық жариялама- ғанымен, іс жүзінде сол оқиғаның себебімен күресуге жаңа саясаттар белгіледі жəне оны атқарудың нақтылы шараларын қолға алды.

2010 жылдың басында Қытай Компартиясы Шыңжаң комитетінің бірінші секратары, ҚКП Орталық саяси бюросының мүшесі, Шаньдун провинциясының адамы Ван Лочуаньды қызметінен босатып, оның орнына Хэнань провинциясының адамы, Хунань провинциясы Партия комитетінің бірінші хатшысы Чжан Чунчиянды тағайындады. Мұның өзі Ван Лочуаньның көп жылдан бері Шыңжаңда жүргізіп келген күштік саясатының жалпы сəтсіздікке ұшырағанын аңғартады. Сондық- тан болар, ол қызметінен босап, Шыңжаңнан қайтқанда жергілікті ханьзу халқының тұрғындары отшашу шашып қуаныштарын білдірген-ді.

Шыңжаң – Қытайдың батысында орналасқан көп ұлт қоныстанған шекаралық провинция болғандықтан, Қытайдың Орталық үкіметі Шыңжаңның қоғамдық тыныштығын сақтауды басты орынға қоятын-ды. Сондықтан олардың Шыңжаңға жіберген басшыларының саяси қызметінің нəтижелі болған-болмағандығы, оның мейлі қандай тəсіл қолданғанына қарамастан, Шыңжаңды тұқыртып тыныш ұстап тұруымен өлшенетін-ді. Шыңжаңның экономикалық, əлеуметтік дамуының Қытайдың басқа провинцияларынан артта қалуының бір себебі, Қытайдың Орталық өкіметінің осындай жетекші идея ұстануынан болса керек деп ойлаймыз.

Бірақ ХХ ғасырдың cоңғы жылдары Пекин ол концепцияны өзгертті. Тек Шыңжаңды ғана  емес, сонымен қоса Қытайдың Батыс бөлігін игеру стратегиялық жоспарын жасауды қолға алды. Осы бір ұлы стратегияға байланысты 1999 жылдың маусым айында Қытайдың Батыс аймағындағы бес провинция мен автономиялы райондарының басшыларының қатысуымен Ши ань (Сиань) қаласында өткен конференцияға сол кездегі Қытай басшысы Цзян Цзыминнің өзі келіп қатысып, сөз сөйледі.  Ол: «... Батыс бөлікті қауырт игерудің экономикалық, мəдени, саяси, əскери жəне əлеуметтік маңызы айтып тауысқысыз ерекше. Батыс бөліктің орнықтылығы болмаса, бүкіл елде тұрақтылық болмайды.

... Батыс бөлікті игеруді тездету – ұлы жүйелі құрылыс, сондай-ақ ол бұрын-соңды болмаған машақатты тарихи міндет. ... Біз  белді бекем байлап, бірнеше он жылда, тіпті толық ХХІ ғасыр  бойы күрес жүргізу арқылы шаруашылығы шалқыған, қоғамы дамыған, тұрмысы орныққан, ұлттары ынтымақтасқан, тау-өзендері жайнаған Батыс аймақ құрамыз» [1], - деп атап көрсетті. Сонымен, ХХІ ғасырдан бастап Қытай үкіметі Батыс бөлікті иегеруді, əсіресе Шыңжаңды қауырт игеру науқанын бастап кеткен еді [2]. Содан бері он жыл өтті. Пекиннің Шыңжаңды игеру стратегиясының Шыңжаңда жүзеге асырылуы экономикалық сферада, əлеуметтік инфрақұрылымдар саласында айтарлықтай зор нəтиже берді. Мұны нақтылы сандық деректерден көруге болады.

2009 жылы Шыңжаң өндірісінің жалпы ішкі өнімінің құны 427,4 млрд юаньға жетіп, 1999 жылмен салыстырғанда 1,6 есеге артқан, жылдық орта есеппен өсуі 10,1% болған. Адам басына шаққандағы ішкі өнімнің жалпы құны 19926 юаньға жетіп, 1999 жылмен салыстырғанда 1,2 есеге артқан. Жергілікті қазынаның (Қытайда жергілікті қазына жəне мемлекеттік қазына болып екіге бөлінеді - Н.М.) қарапайым есептеуі бойынша кіріс көлемі 38,8 млрд юаньға жетіп, 1999 жылмен салыстырғанда 4,5 есеге артқан, жылдық ортақ есеппен өсуі 18,5 % болған. Жалпы қоғамдық қозғалмайтын мүлікке салынған инвестиция 282,7 млрд юаньға жетіп, 1999 жылмен салыстырғанда 4,3 есеге артып, жылдық орта есеппен өсуі 18% болған. Қоғамдық тұтынудағы бөлшек сауданың жалпы көлемі 117,1 млрд юаньға жетіп, 1999 жылмен салыстырғанда 2,4 есеге артқан, жылдық ортақ есеппен өсуі - 13%.

2009 жылғы астық өндірісі 11 млн 520 мың тоннаға жетіп, 1999 жылғыдан 37% өсіп, адам басына шаққандағы астық мөлшері бүкілқытайлық ортақ деңгейден жоғары болған. Мақта өндірісі    2 млн 530 мың тоннаға жетіп, 1999 жылдағыдан 79,6% өскен. Ет пен сүт өнімдері 11,5 млн жəне    12,1 млн тоннаға жетіп, 1999 жылдағыдан 41,7%-ға жəне 86,5% -ға өскен [3].

2000-2009 жылдары Шыңжаңда бірқатар ірі су құрылыстары, қатынас-транспорт, экология, энергетика жəне мұнай-химия сияқты салаларда аса ірі құрылыстар салынып, жұмысқа қосылған. Қазір Шыңжаңның темір жолының жүріп жатқан жолының ұзындағы – 31807 км, тас жолдың ұзындығы – 157000 км, Үрімжі қаласынан 8 мемлекеттік жол Шығыста Ганьсу, Цинхай, Батыста Орталық Азия, Батыс Азияға, Оңтүстікте Тибетке қатынайды. Сондай-ақ ол 75 провинциялық  жолмен ұласып, Шыңжаңның барлық аймақтары мен қалаларына, аудандары мен ауылдарына қатынайтын қатынас-тасымал торабын қалыптастырған. Қазір Шыңжаңда 15 азаматтық əуежайы жұмыс істейді, ол 154 əуе жолы бойынша ұшып, 52 ел ішіндегі қалаларға, 44 шетел қалаларына қатынайды, оның жалпы ұзындығы – 15,1800 км. Қытай бойынша əуежайы ең көп, ұшу қашықтығы ең ұзын провинция болып табылады.

Шыңжаңның ел ішіндегі басқа провинциялармен жəне шетелдермен экономикалық байланысы айтарлықтай дамыған. Үкіметтік деректерге қарағанда, 2010 жылға дейін 1100 шетелдік кəсіпорын, оның ішінде əлемге танымал 25 кəсіпорын Шыңжаңда орналасқан, ал Қытай бойынша 500 мықты кəсіпорынның 75-і Шыңжаңға келген. Олар заманауи өнеркəсіп саябақтарын ашып жұмыс істеуде. Шыңжаңда мемлекеттік бірінші дəрежелі халықаралық өткел – 17, екінші дəрежелі өткел – 12. Солар арқылы экспорт-импорт істері жақсы жолға қойылған.

Шыңжаңда 3 мемлекеттік ашу-игеру ауданы қалыптасқан. Олар Үрімжі экономикалық-тех- никалық ашу-игеру ауданы, Үрімжі жаңа технологияларды ашу-игеру ауданы, Шыхэзэ экономикалық технологияларды ашу-игеру ауданы. Сондай-ақ 3 шекаралық экономикалық ынтымақтастық аудан құрылған. Олар: Инин (Құлжа) шекара экономикалық ынтымақтастық ауданы, Тачэн (Тарбағатай) шекаралық экономикалық ынтымақтастық ауданы жəне Бұратала шекаралық экономикалық ауданы болып табылады. Сонымен қатар бір экспорт өнімдерін мəнерлеу ауданы мен Қытай-Қазақстан шекарасын ұластырған сауда-экономикалық жəне инвестиция салу ауданы (Қытай-Қазақстан Қорғас халықаралық шекаралық ынтымақтастық ауданы) құрылысы жүріп жатыр.

Шыңжаң 167 мемлекетпен жəне аймақпен сауда-экономикалық байланыс орнатқан. 2009 жылы Шыңжаңның сыртқы саудасының жалпы көлемі 13,8 млрд АҚШ долларына жетіп, 1999 жылдағыдан 6,8 есеге артқан, жылдық орта есеппен өсуі 22,8 % болған, оның ішінде шекара бойындағы сыртқы сауда, жалпы сыртқы сауданың 54,5%-ын  құраған [4].

Осы деректерден, соңғы он жылда Шыңжаңның əлеуметтік экономикасының айтарлықтай дамығандығын, əлеуметтік инфрақұрылымның модернизацияланғандығын жəне тұрғындар тұрмы- сының  біршама  жақсарғандығын  аңғаруға болады.  Бірақ өкінішке орай,  Цзян  Цзымин  айтқандай, «ұлттары ынтымақтасқан» жаңа жағдай қалыптаса қойған жоқ. Өйткені жергілікті тұрғындар, негізінен, Шыңжаңды игерудің нəтижесінен өз деңгейінде игіліктене алған жоқ. Олар Шыңжаңды қауырт игеру науқанынан, тіпті қоғамның дамуынан тыс қалып қойғандай күй кешті. Оның үстіне, ұлттық тілдің ассимиляциялануы, келешегі бұлыңғыр тартып, дəстүрлі мəдени болмыстың сұйыла бастауы оларға үмітсіздік тудырды. Міне, осындай көптеген қоғамдық себептерден жергілікті негізгі ұлт – ұйғыр халқының (əрине, бəрі деуге болмайды) билікке деген наразылығы пайда болды жəне ол асқына келе билік жүргізуші ханьзу ұлтына қарсылыққа апарып соқты. Демек, «5 шілде Үрімжі оқиғасы» - бір топ ұйғырларда булығып жүрген ашу-ызаның жарылысы, сондай-ақ ол бүркемеленген қоғамдық, ұлтаралық қайшылықтардың бұрқ етіп жарыққа шығуы.

Соған байланысты ҚКП Орталық комитеті Шыңжаңдағы ұлттар мəселесін түбегейлі шешудің жаңа саяси жолдарын қарастырды. Үстіміздегі жылдың басында Пекинде арнайы «Шыңжаң қызметі» жөнінде жиналысын өткізіп, «Шыңжаңды қарыштап дамытудың жəне оны ұзақ орнықты басқарудың маңызды стратегиялық саясатын» анықтады. Сол негізде 2010 жылдың маусым айында «ҚКП Орталық комитеті мен Мемлекеттік Кеңестің Шыңжаңды қарыштап дамыту жəне оны ұзақ орнықты басқару» қарарын жариялады. Онда Шыңжаңға жер, бюджет, салық, инвестиция, қазына, импорт- экспорт, индустрия, маман кадрлар сияқты салалар бойынша тиімді жағдай жасау шаралары нақтыланған. Сонымен қатар, Ішкі Қытайдағы 19 провинция мен мегаполис қалаларға Шыңжаңды дамыту міндеті жүктелді. Ал Шыңжаңды дамытудың басты нысаналық міндеттері: Табанды түрде қытайлық ерекшелікке ие, Шыңжаңның іс жүзіндегі жағдайына үйлесетін жолмен жүру;  жалпы беттік Шыңжаңның экономикалық, саяси, мəдени, қоғамдық құрылыстары мен экологиялық жəне партия құрылысын дамыту. 2015 жылға дейін Шыңжаңның ішкі өнімінің жалпы құнын бүкіл мемлекеттік деңгейге жеткізу, қала мен қыстақтағы тұрғындардың кірісі мен адам  басына шаққандағы негізгі əлеуметтік қызмет көрсету дəрежесін Батыс бөліктің орташа деңгейіне жеткізу, əлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту, өзін дамыту қабілетін жоғарылату, ұлттар ынтымағын анағұрлым жақсарту, қоғамның орнықтылығын бұрынғыдан бекемдеу. 2020 жылы Шыңжаңның рационалдық дамуы алға басқан, халқы байыған, экологиясы жақсарған, ұлттары ынтымақтасқан, қоғамы орныққан, шекарасы нығайған, өркениеті өрлеген түрде тұрғындарын жалпы беттік сиаокан (дөңгелек дəулет) деңгейге жеткізу.

Қытай үкіметі «Шыңжаң экономикасы мен əлеуметтік дамуын қолдаудың бірқатар  саясаты  мен жоспарлары» жəне «Салалар бойынша Шыңжаңға көмек көрсетуді жүзеге асырудың жобасын» жариялады. Сол негізде тек Орталық үкімет қазынасынан Шыңжаңды қолдауға жұмсайтын қаржы- сының жалпы саны 211, 69 млрд юань болмақшы [4]. Бұл деген 30 жылдан бері Орталықтың қазынадан Шыңжаңға берілген қаржысынан 3,45 есеге көп деген сөз.

2010 жылы наурыз айында Бүкіл мемлекет бойынша Шыңжаңға көмектесу конференциясын өткізді. Онда Шыңжаңға көмектесудің негізін халық тұрмысын қамтамасыз етуге қою, өзін-өзі дамыту қабілетін жоғарылатуға күш салу концепциясы белгіленді. Сонымен, экономикалық, кадрлық жəне кəсіби мамандар мен білім беру салалары бойынша Шыңжаңға жалпы беттік көмек көрсетуді бастап кетті.

Мұнда айта кетуге тиісті бір ерекшелік – бұл жаңа саясаттың халық тұрмысын жақсартуды  алдыңғы орынға қоюы. Соған орай тез қарқынмен дихандар мен малшылардың өндіріс жəне тұрмыс жағдайларын жақсарту, алдымен білім беруді дамытып, жұмысқа орналастырудың мүмкіндіктерін кеңейту, қоғамдық қамсыздандыру жүйесін құру арқылы халық тұрмысын жақсартуды алдыңғы орынға, Шыңжаңдағы əр ұлт халықтарының тұрмыстық деңгейін жоғарылатуды маңызды орынға  қойды. Сонымен бірге Шыңжаңда жоғары оқу орындарын бітіріп жұмыссыз жүрген жастарға (көбі аз санды ұлттар) жұмысқа орналасқанша 500 юаньнан тұрмыс пұл беру жəне ауылдағы бос еңбек күштерін жұмысқа тарту істерін қолға алды. Бюджеттік қызметкерлердің де еңбекақысын өсірді. Шыңжаңдағы оқиғадан кейін тоқтап қалған халықаралық байланыс пен ғаламтор жүйесін қалпына келтірді. Шыңжаңның жаңа басшысының бұл шаралары аз да болса халықтың көңілін жұбатқандай болды.

Шыңжаңды дамытудың жаңа саясаты білім беруге көп басымдылық берген. Əсіресе Шыңжаңдағы аз санды ұлттарға қос тілде білім беруді күшейту шаралары қарастырылған. Онда 2012 жылға дейін оқу жасына дейінгі балаларға екі жыл қос тілде білім беру, 2015 жылға дейін қос тілде білім беруді жалпыластыру, 2020 жылы аз санды ұлттар мемлекеттік тіл – жазуды, негізінен, еркін қолданатын дəрежеге жеткізу жоспары жасалған. Қытай билігі осы жоспарды іске асыру арқылы жақын болашақта Шыңжаңдағы аз санды ұлттар мен қытайлар арасындағы ұлттық айырмашылықтарды азайтып, ортақ сана-сезім мен танымды қалыптастыру негізінде ұлттар мəселесін түбегейлі шешуді көздеп отырғаны ап- анық. Бұл тəжірибе сəтті бола ма жоқ, оны уақыт көрсетеді.

Дейтұрғанмен алдағы он жылда Шыңжаңда жалпы дамудың болатыны анық байқалады. Шыңжаңның экономикасы өркендесе, Қазақстанмен сауда байланысының дамитыны сөзсіз. Соған орай Қытай үкіметі ерекше саясаттық шешімдер қабылдады. Қашқар мен Қорғастан экономикалық ерекше аудандар ашып, оған ерекше экономикалық саясат қолданып отыр. Əсіресе Қорғастағы екі ел территориясына  салынған  Халықарлық  ынтымақтастық  ауданы  Қазақстан  –  Қытай   арасындағы экономикалық сауда байланыстарының дамуына белсенді рөл атқаратыны сөзсіз. Бұрынғы «Үрімжі сауда жəрмеңкесінің» дəрежесін көтеріп, оны «Қытай – Азия жəне Еуропа ЭКСПО» етіп қайта құрды. Ішкі Қытайдағы кəсіпорындардың Шыңжаңға келуі, əрине, бұл ауданның өндіріс əлеуетін көтеретіні сөзсіз. Бұл реткі науқанда ішкі өлкелердегі экологияға аса зиянды кейбір кəсіпорындар мен зауыттарды Шыңжаңға көптеп көшіріп əкелуі, тек сол жердің экологиясына зиян тигізіп қалмастан, болашақта оның Қазақстанға да залалы тиюі əбден мүмкін.

Демек, Пекиннің Шыңжаңға қолданып отырған жаңа саясаты екі ел арасындағы өзара байланыстардың жан-жақты дамуына серпін берері сөзсіз. Сонымен бірге одан орын алатын экология мəселесіне Қазақстан үкіметі осы бастан баса назар аударуы керек деп санаймыз.

 

Әдебиеттер

  1. Зың Фейюань. Го жа ши бу кай фа бау гау – Мемлекеттік Батыс бөлікті игеру жөніндегі есеп-материалдары (国家西部开告). - Пекин. - 2003 . - 555 б.
  2. Мұқаметханұлы Н. Қытайдың батыс бөлікті игеру стратегиясы жəне оның Қазақстан – Қытай қатынастарына əсері // Отан тарихы. - Алматы. - 2005. - № 1. - 137-142 бб.
  3. Умар Абдолла.  Шыңжаңның  экономикалық  қоғамдық  дамуын  таныстыру//  Арнаулы  баяндамалар  жинағы (专题演讲材料). – Үрімжі, 2010. - 11-16 бб.
  4. Бұл да сонда.
  5. Бұл да сонда.
  6.  

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.