Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шанхай ынтымақтастық ұйымының шеңберіндегі экономикалық ынтымақтастық: жетістіктері мен проблемалары

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) аймақтық қауіпсіздікті нығайтуда жəне мүше мемлекеттердің тұрақты дамуы үшін қауіпқатерді жоюда маңызды рөл атқарып келеді. ШЫҰ-ның  шеңберінде  саяси  қарым-қатынас пен əскери саладағы ынтымақтастыққа қол  жетіп, терроризм, экстремизм, ұйымдасқан қылмыспен күресудің мəселелері шешіліп жатыр. ШЫҰ-ның Хартиясы мен құрылу жөніндегі Декларацияға сəйкес ұйымның негізгі мақсаты аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, демократиялық, халықаралық саяси-экономикалық тəртіпті құруға ықпал ету болып табылады. Осы мақсат-міндеттерге қол жеткізу ұйымға мүше мемлекеттердің экономика саласындағы ынтымақтастықты дамытусыз мүмкін емес.

Сондықтан да бастапқы кезеңде ШЫҰ қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастыққа бағытталғанымен, қазіргі кезде оның экономикалық құрамдас бөлігі күш алып, экономикалық жəне энергетикалық ынтымақтастыққа өту байқалады. ШЫҰ-ның шеңберіндегі экономикалық ынтымақтастықтың міндеттері көппрофильді сипатқа ие жəне ұйымның мүшелері мен бақылаушыларының арасындағы сауда,  инвестиция,  энергети-  ка, транспорт, ғылыми-техникалық салалардан тұрады. Яғни ШЫҰ шеңберіндегі экономикалық ынтымақтастық көп жақты қарым-қатынастың дамуының іргетасы болып табылады. Оның негізгі мақсаты – ұйымға мүше мемлекеттердің арасында  сауда-экономикалық   серіктестікті нығайтып, барлық мүше мемлекеттердің экономикалық дамуына ықпал ету, жалпы нарықтың бəсекеге қабілеттілігін арттыру, сыртқы экономикалық қатермен күресу болып саналады. Сонымен қатар ұйымға мүше мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастықты дамытудың жағдайы қалыптасқан. Олар: географиялық жақын орналасу, көптеген салалар бойынша өзара келісімдер, саяси, экономикалық жəне мəдени байланыстар. Осыны ескере отырып,  ШЫҰ-  ның мүше мемлекеттері ұйымның шеңберінде экономикалық ынтымақтастықты дамытуға,  сауда мен инвестиция салаларында  бірігіп қызмет етуге негіз бар екенін атап өтуге бола-  ды. Яғни экономикалық ынтымақтастық – ШЫҰ мемлекеттерінің көпжақты қарым-қатынасының маңызды іргетасы болып саналады.

Негізінен, 1998 жылдан бастап ШЫҰ-ның мүшелері ұйымның шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мен кеңейтуге қолдау білдірген болатын. Ал 1999 жылғы Бішкектегі кездесудің барысында экономикалық серіктестіктің шеңберінде жалпыға ортақ транспорттық-коммуникациялық инфроқұрылымды құрудың қажеттілігі талқыланған болатын.

2001 жылы 14 қыркүйектегі ШЫҰ мемлекеттерінің бірінші Саммитінде мемлекеттер «ШЫҰ шеңберіндегі экономикалық ынтымақтастықты дамытуды, аймақ мемлекеттерінің экономикалық қуатын арттыруды, əлемдік саяси жəне экономикалық құрылымындағы аймақ мəртебесін арттыруды»  арыздаған  болатын.  Сонымен бірге осы кезеңде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің премьер-министрлері аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен  сау-  да жəне инвестиция салаларындағы қолайлы жағдайды құру үрдісін іске қосу жөніндегі Меморандумға қол қойды. Бұл құжатта ұйымға мүше  мемлекеттердің  арасында  өзара  сауда-  ны дамытудың іс-шаралары анықталып, алты мемлекеттің экономикасының жақындауын, транспорттық коридорды дамыту, кедендік барьерлерді жеңілдетудің қажеттіліктері аталды.

2002 жылы  шілдеде  қабылданған  ШЫҰ-  ның Хартиясында да ұйымның негізгі мақсаттарының бірі ретінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту көрсетілді.

2003 жылы қыркүйекте Пекинде экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттары мен мақсаттары анықталған көпжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың  Бағдарламасына қол  қойылды.  Бұл  Бағдарламада экономиканың 11  саласы  қарастырылып,  127  жоба анықталды [1] жəне ең алдымен, энергетика, коммуникация, транспорт, ауылшаруашылығы салалары бойынша ынтымақтастықты дамытуға басты назар аударылды. Экономикалық ынтымақтастықтың бұл Бағдарламасы ұзақ мерзімді сипатқа ие жəне үш кезеңге бөлініп, 2020 жылға дейінгі аралықты қамтыды. ҚХР-ның Мемлекеттік кеңесінің премьері Вэнь Цзябао бұл құжатты «Пекиндегі кездесудің ең маңызды əрі үлкен нəтижесі» [2] деп бағалаған болатын.

Сонымен бірге Пекиндегі осы кездесуде еркін тауар қозғалысы үшін кеңстікті құрудың қажеттілігі атап өтілді. Ұйымға мүше мемлекеттер 2020 жылға дейін ШЫҰ-ның ішінде еркін тауар қозғалысын құру жөнінде келісті. Кездесудің барысында Қытайдың тарапынан (Мемлекеттік кеңестің премьері Вэнь Цзябао) аймақтық экономикалық ынтымақтастықты стимулдауға бағытталған бірқатар ұсыныстар жасалды. Олар, біріншіден, ШЫҰ шеңберінде еркін сауда зонасын құруды; екіншіден, ШЫҰ шеңберіндегі тұрақты тауар циркуляциясына кепілдік беретін сауда мен инвестиция үшін инфроқұрылым құру идясын; үшіншіден, кедендік жəне транспорттық қызметтің    нəтижесінде   қалыптасатын кедергілерді қысқартуды немесе жоюды; төртіншіден, транспорт, энегретика, телекоммуникация, ауылшаруашылығы, жеңіл жəне тоқыма өнеркəсібі сияқты экономиканың негізгі салалары бойынша экономикалық жəне  технологиялық кооперацияның шеңберінде ірі жобаларды іске асыруды ұсынды.

Ал 2004 жылы шілдедегі ШЫҰ-ның кезекті Саммитінде Қытай ұйымға мүше мемлекеттердің арасындағы сауданың дамуы үшін 900 млн. АҚШ долларын бөлу туралы маңызды арыз білдірді [3]. Бұл Ұйымға мүше мемлекеттердің экспорттық несие алу мүмкіндігін қалыптастырды. Яғни ШЫҰға мүше мемлекеттерінің ішінде Қытай айтарлықтай өзінің экономикалық қуатымен ерекшеленеді, осының арқасында ұйымның шеңберіндегі көп жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсенді түрде ұсынды.

2005 жылы 26 қазанда үкімет басшыларының Кеңесінде ШЫҰ-ның Банкаралық бірлестігін құру жөнінде жарияланып, келісімге қол қойылды. Оның мақсаты – қаржы мен ШЫҰ-ның инвестициялық жобаларына қызмет көрсету. Бұл бірлестіктің құрамына Қазақстанның даму Банкі, Қытайдың мемлекеттік даму Банкі, Ресейдің сыртқы экономикалық Банкі, Тəжікстанның ұлттық Банкі, Өзбекстанның сыртқы экономикалық қызмет Банкі кірді. 2006 жылы 14 шілдеде Шанхайдағы ШЫҰ Банкаралық бірлестігі Кеңесінің отырысында бірлестіктің құрамына Қырғызстанның есеп-жинақ компаниясы кірді. 2006 жылы 15 шілдеде банк жетекшілері аймақтық экономикалық ынтымақтастықты қолдауға əрекет етудің Бағдарламасына қол қойды.

2006  жылы  Шанхайдағы  Саммитте  жал-   пы көлемі 742 млн АҚШ долларын құрайтын ортақ жобаларға несие бөлу жөніндегі алғашқы келісімге қол қойылды [4] .

2006 жылы шілдеде Шанхайда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сауда-экономикалық, ғылымитехникалық, энергетика, транспорт, коммуникация, ауылшаруашылығы т.б. салалар бойынша ынтымақтастыққа ықпал ету мақсатында ШЫҰның Іскерлік кеңесі құрылды. Бұл кеңестің функциясы – ұйымға мүше мемлекеттердің іскерлік жəне қаржы топтарының арасындағы байланыстар мен диалогты құру үрдісіне қолдау білдіру. ШЫҰ Іскерлік кеңесінің басты  міндеттерінің  бірі ұйымға мүше мемлекеттердің, сонымен катар басқа да мемлекеттердің Сауда-өнеркəсіп палаталарының арасында ақпарат алмасу, мүше мемлекеттердің шетелдердегі шаруашылық қызметтерінің дамуына жағдай жасау болды.

2006 жылы қыркүйекте Душанбеде үкімет басшыларының кезекті отырысының нəтижесінде Бірлескен коммюникеге  қол қойылды, мұнда көп салалы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың мақсаттары анықталды. Сонымен бірге Кеңестің отырысы барысында аймақтық автожол желісі мен ақпараттық магистрал құру жоспарын өңдеу ұсынысы болды.

Сонымен бірге ШЫҰ шеңберіндегі өзара сауданың дамуына бірлескен кəсіпорындардың құрылуы жəне Ынтымақтастық мемлекеттеріндегі ірі     өнеркəсіп     компанияларының     ашылуы да ықпалын тигізді. Мысалы, 2005 жылы Қазақстан  мен  Ресей  аймақтарының   арасында мемлекетаралық қарым-қатынастың əртүрлі салалары бойынша 30-дан астам келісімге қол қойылды. Қазіргі уақытта шекаралық зонада 340 бірлескен кəсіпорын қызмет етеді, олардың 60 шақтысы 2005 жылы құрылған [5].

Қытайдың капиталы да ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің экономикасының дамуында айтарлықтай рөл атқарып жатыр. Қытай инвестициясы, əсіресе Қазақстанның мұнай газ секторына тартылып жатыр. «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбырын іске асыру Қазақстан-Қытай ынтымақтастығына айтарлықтай əсерін тигізді. Сонымен бірге Ресей, Қытай, Қазақстанның инвестициясы Орталық Азия мемлекеттерінің экономикасына тартылып жатыр. Соның ішінде Ресей инвестициясы Қырғызстан мен Тəжікстанның энергетикалық секторына салынған.

Қорыта айтқанда, осы уақытқа дейін ШЫҰ шеңберіндегі экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған  ұйымға  мүше  мемле-  кет басшыларының тоғыз саммиті өтті. Соның ішінде бірінші кездесуде көпжақты экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары мен міндеттері анықталды.

2009 жылы Қазанда Пекинде ұйымға мүше мемлекеттердің премьер-министрлерінің 8-ші кездесуі өтті, мұнда 17 сала бойынша ынтымақтастықтың негізгі міндеттері анықталып, бекітілді. Мүше мемлекеттер ұйымға бақылаушы мемлекеттермен жəне қызығушылық танытқан елдермен сауда-экономикалық байланысты нығайту жөнінде келісті.

Үкімет басшыларының кездесулерінен басқа экономикалық даму мен сауда министрлерінің, транспорт, ауылшаруашылығы министрлерінің кездесулерінің механизмі қалыптасты.  Мысалы, 2002 жылы мамырда Шанхайда ұйымға мүше   мемлекеттердің   экономикалық   даму мен  сауда  министрлерінің  бірінші  кездесуі жəне  осы жылдың қарашасында  транспорт министрлерінің кездесуі өтті. Бұл кездесуде транспопт саласындағы кедергілерді жоюдың, халықаралық  транспорттық  коридорды  құру мен жетілдірудің қажеттілігіне назар аударылды. Сонымен, 2010 жылдың аяғына қарай экономикалық даму мен сауда министрлерінің тоғыз, ал транспорт министрлерінің төрт кездесуі өтті. 2009 жылы желтоқсанда ШЫҰ шеңберінде қаржы министрлері мен орталық банк директорларының отырысы, ал 2010 ж. Қазанда Пекинде ауылшаруашылығы министрлерінің алғашқы отырысы өтті.

Сонымен, ШЫҰ шеңберіндегі экономикалық ынтымақтастық күннен-күнге ұлғайып келеді деген қорытындыға келуге болады. Ұйымға мүше мемлекеттердің əрекеттерінің арқасында аймақтық экономикалық ынтымақтастық өзінің əрбір  кезеңінде  айтарлықтай  жетістіктерге жетті. ШЫҰ мемлекеттерінің арасындағы сауда айналымының үлесі сыртқы сауда көлемі бойынша жылдан-жылға өсіп жатыр, мысалы, 2008 жылы Қытай мен ШЫҰ-ның басқа мемлекеттері арасындағы сауданың көлемі 86,8 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2001 жылмен салыстырғанда 8,2 есеге өскен [6]. Өзара тауар айналымының өсуіне нормативті құқықтық базаның, Іскерлік кеңестің, бірлескен кəсіпорындарының құрылуы ықпал етті.

Сонымен бірге өзінің құрылуынан бастап он жылдыңішінде ШЫҰшеңберіндегіэкономикалық ынтымақтастықтың   жоғарыда                  қарастырылған белгілі бір жетістіктерімен қатар, оның проблемалары да бар. ШЫҰ-ның барлық мемлекеттері экономикалық ынтымақтастыққа үлкен назар аударғанымен, тəжірибеде бұл ынтымақтастық көптеген қарама-қайшылықтармен кездесіп отыр. Біріншіден, ШЫҰ шеңберіндегі экономикалық ынтымақтастықтың негізі берік емес. Көпжақты экономикалық ынтымақтастық  ұйымға мүше мемлекеттердің тарапынан өзара қарым-қатынастың қағидалары мен жалпыға ортақ тиімділік жөніндегі  консенсусқа  қол  жеткізуді  талап етіп отыр. ШЫҰ-ның барлық алты мемлекеті трансформацияланудың  өтпелі  кезеңінде тұр жəне оның құрылымы мен экономикасының көлемі, сонымен бірге қалыптасқан заң бір-біріне ұқсас емес, одан басқа мемлекеттердің арасында халықаралық ынтымақтастыққа қатысу мен сауда ережелерін мойындау деңгейінде айтарлықтай айырмашылық бар. Мұндай жағдайда көпжақты экономикалық   ынтымақтастық   үрдісінде мүше мемлекеттер инфрақұрылым объектілерін құру салаларында саяси ережелерді реттеуге қатысы бар көптеген мəселелерді шешуі тиіс.

Екіншіден, көпжақты экономикалық ынтымақтастықтың қаржы саласында да қиындықтары бар. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің көбісінде ақша құралдарының тапшылығы байқалады, сондықтан ұлттық экономиканы дамыту инвестицияға жүгінеді. Мысалы, «Көпжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың іс-шараларын іске асыру жоспарының» шеңберінде қарастырылған объектілерді іске асыру үшін шамамен 10 млрд АҚШ доллары қажет [7] . Сонымен бірге Қытай тарапынан ұсынылған ШЫҰ-ның даму банкін құру идеясы басқа мемлекеттердің тарапынан қолдау таппады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, көпжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың объектілерін құру үшін қажетті құралдардың аккумуляциясы – бұл ШЫҰ-ның алдында тұрған маңызды мəселе.

Ақша-қаржы қиындықтарымен қатар, ұйымға мүше барлық мелекеттердің тарапынан бірдей қызығушылық танытатын ынтымақтастықтық объектілерінің аздығын ескеру қажет. Əртүрлі экономикалық себептер мен ұйымға мүше мемлекеттердің қажеттіліктерінің əртүрлі болуы-  ның себептерінен ұйымға мүше мемлекеттер келісімдердің барлық пакетіне қол қойып, ынтымақтастықты барлық бағыт бойынша жүргізу мүмкіндігіне ие емес, сондықтан да негізгі салалар бойынша ынтымақтастықты дамытуға міндетті болып отыр. Өкінішке орай, ШЫҰ барлық мемлекеттерінің тарапынан бірін-бірі толтыратын, кең перспективалы, бəріне ортақ тиімді сипатындағы ынтымақтастықтың объектілері өте сирек кездеседі. Ұйымға мүше барлық мемлекеттер үшін мінсіз ынтымақтастық жобаларының  өзі көптеген проблемалармен ұштасып отыр. Яғни ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің мүдде қызығушылықтарында айтарлықтай белгілі бір айырмашылықтар бар. Мысалы, экономиканың энергетика  саласындағы  ынтымақтастықты алып қарайтын болсақ, Қытай ШЫҰ-ның басқа мемлекеттерінен мұнай мен газды шығаруға жəне тиімді трансшекаралық энергетикалық жүйені құруға үлкен көніл бөледі. Ресей Орта Азиялық энергия Ресейдің территориясындағы мұнай құбыры арқылы тасымалдап, экспортталатынына көңіл бөлсе, Қазақстан мен Өзбекстан барлау мен игеру, экспортты ұлғайтуға, мұнай химия өнеркəсібін дамытуға үлкен мəн береді. Тəжікстан мен Қырғызстан гидроэлектростанция, электроэнергетикалық желі құруға айтарлықтай назар аударады.

Көріп тұрғанымыздай, ұйымға мүше мемлекеттердің арасында белгілі бір саладағы ынтымақтастық бойынша əртүрлі  көзқарастар бар жəне олардың əрқайсысы əртүрлі түсінеді. Сондықтан тəжірибе жүзінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттері, алдымен, өздерінің мүдделеріне сай жобаларды ұсынып отыр. Осының нəтижесінде ынтымақтастықтың көптеген жобалары бойынша айтарлықтай жетістікке қол жеткізілмей қалады. Ұйымға мүше мемлекеттердің əрқайсысының экономикалық даму деңгейі əртүрлі жəне əрбір сала өзінің ерекшеліктеріне тəн болғандықтан, кейбір салалар бойынша мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас өзара бірін-бірі толықтырады, басқа жағдайда қатаң бəсеке сипатына ие болады. Сондықтан ынтымақтастықтың əртүрлі əдістерін қолдану керек. Бұл үшін, біріншіден, кейбір басым салалар бойынша ынтымақтастық жобаларын іске асыру үрдісін тездету қажет; екіншіден, қаржы ынтымақтастығын тереңдету керек. Мүше мемлекеттер сауда-экономикалық байланысты белсендетіп, инвестициялаудың жаңа əдістерін қарастыру қажет. Үшіншіден, қарым-қатынас арналарын кеңейтіп, ынтымақтастықтың жаңа механизмін өңдеуі керек.

Дегенмен он жылдың ішінде ШЫҰ шеңберіндегі экономикалық ынтымақтастық  бел-  гілі бір жетістіктерге жетті. Атап айқанда, экономикалық  ынтымақтастықтың   құқықтық  негізі қалыптасты, мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының, министрлерінің кездесулерінің механизмі өңделді, маңызды құжаттарға қол қойылды. Сондықтан да ШЫҰ шеңберіндегі экономикалық ынтымақтастық одан əрі дамудың қуатына ие, ал аталған проблемалар болашақта өзінің шешімін табады деп сенеміз.

 

Əдебиет

 

  1. Рахматулина Г.Г. Потенциал экономического взаимодействия государств ШОС // ШОС в поисках нового поимания безопасности. Материалы международной научной конференции.– А., 2008. – С. 101.
  2. 2.  Об участии премьера Госсовета КНР Вэнь Цзябао   в   10-й   встрече   глав правительств стран-членов ШОС // http://russian.cri. cn/841/2011/10/31/Zt1s402553.htm
  3. Сол жерде;Рахматулина Г.Г. Потенциал экономического взаимодействия государств ШОС // ШОС в поисках нового поимания безопасности. Материалы международной научной конференции.– А., 2008. – С. 75.
  4. Потенциал и перспективы ШОС в процессах повышения глобальной экономической устойчивости // Председательство Казахстана в ШОС в 2010-2011 г. Материалы международной научно-практической конференции. – А., 2011. – С. 102.
  5. Сунь Чжуанчжи. Успехи экономического сотрудничества государств-членов ШОС // http:// www.kitaichina.com/se/txt/2011-06/09/contenthtmСол жерде.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.