Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Еуропаға жол» бағдарламасы аясындағы Қазақстанның Еуропа елдерімен ынтымақтастығының мəдени аспектісі

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында Еуропа елдерімен ынтымақтастықты жоғары деңгейде дамытып, оны стратегиялық серіктестік деңгейіне дейін көтеру мақсаты қойылғаны бəрімізге белгілі. Осы мақсатта Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың ұсынысымен арнайы «Еуропаға жол» бағдарламасы қабылданып,  оны жүзеге асыруда көптеген  шаралар  атқарылып,  өз нəтижесін бергені сөзсіз. Бұл бағдарлама, бір жағынан, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының сəтті өтуіне жол ашты десе болады.

2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан əрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасының Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының əл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауына сəйкес əзірленді.

Елбасы Н.Ə. Назарбаев Жолдауда: «Бүгін біздің еліміз халықаралық дəрежеде танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі туралы шешім оның сенімді дəлелі болады...

Осыған байланысты «Еуропаға жол» атты арнайы бағдарлама əзірлеу қажет. Ол экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, басқарудың тəжірибесі мен технологиясын таратуға, заңдарымызды жетілдіруге, ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіміздің стратегиялық пайымын жəне өзіміздің күн тəртібімізді белгілеуге ықпал етуге тиіс», – деп алдыға үлкен міндеттер қойған еді [1,19-б.].

Аталған  Бағдарлама  Қазақстан  мен   Еуропа елдерінің өзара ынтымақтастығын жаңа бір деңгейге көтерді десек те болады. Оны Қазақстан мен Еуропа елдері арасындағы мəдени ынтымақтастықтың да жаңа бір серпінмен дами бастағанынан көруге болады.

Қазақстан мен Еуропа елдері арасындағы мəдени ынтымақтастық – өнер күндерін атап өту, əртістердің гастрольдерін, өнер шеберлерінің көрмесін ұйымдастыру т.с.с. шаралар легі екі жақтың  да  мəдени  ынтымақтастықты   дамы-  та отырып, халықтар арасындағы өзара достық қатынастарды жоғары деңгейге жеткізуге деген ұмтылыстарын көрсетеді. Ал бұл өз кезегінде əлемдік өркениеттің дамуына қосылатын қомақты үлес десе болады. Сонымен қатар халықтар арасындағы мəдени байланыстардың нығаюы, тəжірибе алмасу,

Осының дəлелі бүгінгі күні Қазақстан мен Еуропаның белді мемлекеттері Франция, Германия арасындағы мəдени байланыстардың даму қарқыны мен жеткен жетістіктері екені анық.

Солардың ішінде Қазақстан мен Францияның арасындағы мəдени қатынастардың бүгінгі даму қарқыны, осы саладағы орнаған өзара тиімді байланыс қазіргі кезде екі елдің арасындағы қатынастарды стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеруге себебін тигізетін фактілердің бірі болып отыр.

Қазақстан мен Франция арасындағы мəдени байланыстар тым ертеден басталғаны тарихтан белгілі. Екі елдің де бір-бірінің мəдениет, өнер туындыларын тамашалап, тəжірибе алмасып, ынтымақтастықтары жарасып келе жатқандығына өткізіліп жатқан мəдени шаралар легі куə.

Франция басқа Батыс Еуропа елдері сияқты посткеңестік елдерге гуманитарлық жəне экономикалық, техникалық көмек ұйымдастырып, соның ішінде Қазақстанмен қатынасты барлық салада дамытуға ынталы ел болып табылады. Осы уақытқа дейін Франция өз елшіліктерінің қолдауымен көптеген елдерге, соның ішінде Қазақстанға да гуманитарлық-мəдени салалар-  да көмек көрсетіп келеді. Ол, əсіресе тіл үйрету, білімді жетілдіру, денсаулық сақтау жүйесінде кең бағыт алып отыр. Мұндай іс-əрекеттер Қазақстан үшін де аса қажетті.

Қазақстан мен Франция арасындағы мəдени ынтымақтастық 1993 жылы екі мемлекет үкіметтері арасында мəдениет жəне өнер саласындағы ынтымақтастықты жандандыру барысы туралы келісімге қол қоюдан басталды.

Бұл келісімшарт, негізінен, 11  баптан  тұрады.  Онда  екі  мемлекет   арасындағы   мəдени байланыстардың барлық салаларында қарым-қатынасты дамытуға, осы салаларда өз тəжірибелерімен бөлісуге, бір-біріне көмек көрсете отырып, қолдау жасау жағы қарастырылған. Осы келісім негізінде екі мемлекет арасында тікелей мəдени салада байланыстар орнатуға мүмкіндіктер туды. Қазақстан мен Франция арасында өнер қайраткерлері өзара тəжірибесімен алмасуға жəне көрмелер ұйымдастыруға, сонымен қатар бір мемлекет екінші мемлекеттің өнер қайраткерлерін өз еліне шақыруға мүмкіндік беріледі деп келісілді. Сонымен бірге осы  келісім негізінде екі мемлекет арасында өнер қайраткерлері өз көрмелерін өткізуге жəне ақылкеңес беруге де ынталы екендігі атап өтілді [2]

Осы келісімге сүйене отырып, Қазақстан мен Франция арасындағы мəдени байланыстардың заңдық  негізі қаланды деп айтуға болады.

2004 жылы желтоқсанда Алматыда «Альянс Франсез» мəдени – ағарту агенттігінің өкілдігінің ашылуы екі жақты мəдени қатынастарды жүйелі түрде дамытуға ұмтылысты көрсетеді. Бұл агенттіктің бүгінгі таңда 139 елде филиалдары жұмыс істейді. Олар, негізінен, Франция үкіметінің   франкофония   жəне мəдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудағы басты құралы болып табылады.

Қазіргі таңда агенттіктің өкілдіктері еліміздің төрт қаласында жұмыс істейді: Астана, Алматы, Шымкент жəне Ақтөбе[3].

Кейінгі кезде Қазақстан мен Франция арасындағы мəдени саладағы ынтымақтастықты одан əрі дамыту, нығайту елімізде қабылданған «Еуропаға жол» бағдарламасында белгіленгендей одан əрі қарқынды дами түскені осы салада атқарылған бірқатар жұмыстардан көрінеді.

Францияның Қазақстанға барлық көмектерін көрсетіп отырғаны М. Шоқай туралы фильмнің түсірілу барысынан да көрінді. 2009 жылы ақпан айында Францияға арнайы сапармен келген Қазақстан делегациясын француз жағы жылы қабылдап, өздерінің көмектерін көрсете білді. Делегация «Мұстафа Шоқайдың ізімен» атты көп сериалы деректі фильмнің жобасын жасауға байланысты Францияға М. Шоқай туралы деректер жинау мақсатында келген еді. Сапар барысында Қазақстан делегациясы, алдымен, Францияның Ұлттық ассамблеясының депутаты Тьерри Марианмен кездесті. Осы кездесуде депутат профессор Абдуахаб Карадың кітабын қазақ тіліне аударуға көмектесетінін білдірді.

Қазақстан делегациясы үшін Ножан – сур – Марн, Шелл жəне Фонтенбло қалаларына сапар ұйымдастырылды, сонымен қатар Францияның ғылыми жəне академиялық қоғамы өкілдерімен, қоғам қайраткерлерімен, саяси қайраткерлермен кездесу жəне интервью ұйымдастырылды.

Осы сапар барысында жиналған деректер мен материалдар барысында М. Шоқай туралы деректі фильмді жасап шығаруға мүмкіндік болды [4].

Франциямен мəдени ынтымақтастықтың көрінісінің бірі Қазақстан Президентінің 2010 жылғы қазандағы сапары барысында ұйымдастырылған мəдени шаралар болды.

2010 жылы 27 қазан күні Париж қаласындағы Гиме атындағы белгілі Азия өнер музейінде екі елдің мəдениет министрлері Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Фредерик Миттеранның қатысуымен қазақстандық көрменің ашылу салтанаты болды. Француздарға жəне Париж қонақтарына алғаш рет көшпелілердің ежелгі жəне ортағасырлық мəдениетін баяндайтын бай археологиялық жəне этнографиялық жəдігерлердің коллекциялары ұсынылды. Министр Ф. Миттеран өзінің сөйлеген сөзінде  ежелгі  көшпелілердің  өркениеттері деңгейлерінің жоғары екендігі жөнінде экспонаттар куəлендіретінін мəлімдей келе, аталған көрменің ерекшелігін атап көрсетті.

Осы көрмеге орай 29 қазанда француз астанасында көшпелілердің өркениеті дамуының мəдени -тарихи аспектілеріне арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Осы шараға Шығыстану институтының президенті Жак Легран, Гиме музейінің директоры Жак Жиес, профессор Катрин Пужол, зерттеуші этнограф Ванда Дресслер жəне басқалар қатысты. Атап кеткен жөн, Ванда Дресслер – жуырда Францияда жарық көрген «Қазақстан» атты фотоальбом авторларының бірі. Ғалым, этнограф Гзавье Аллез жасаған орасан зор еңбектің арқасында француз тілінде түсініктемелер берілген «Тəттімбеттің музыкалық мұралары» компакт дискісі шығарылды.

Сол күні кинематография саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге жəне Алматы қаласының Орталық мемлекеттік музейі мен Гиме атындағы Азия өнер музейінің арасында мəдениет саласындағы ынтымақтастық туралы ниет хаттамасына қол қойылды.

Тағы бір тарихи оқиға, халқымыздың көрнекті саяси қайраткері Мұстафа Шоқайдың саналы өмірінің елеулі бөлігі өткен Ножан-сурМарн қаласында оның мүсінін ашу салтанаты ұйымдастырылды [5].

Францияда Қазақстанға деген қызығушылықтың артып келе жатқанына сол елдегі біздің мəдениетімізді танытатын шараларға француздардың белсене əрі қызыға қатысуы дəлел. Соның бірі – 2011 жылдың 23 маусымында Парижде өтетін Қазақстанның Франциядағы Мəдениет күндері шеңберіндегі концерті. Қазақ сахнасының шеберлері Париждің керемет сахналарының  бірі «Гаво» залында өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсете білді. Қазақ жерінің өнерін сыншыл француз көрерменіне еліміздің ең дарынды, бетке ұстар жəне танымал шеберлері сыйлады [6].

Сонымен қатар Ренн қаласында өткен Алматы қаласы мəдени күндерін атап өтуге болады. Қазақстанның Ренн қаласындағы мəдени күндері қаланың «Morpa» паркінің аллеясында Алматыдан əкелінген апорт көшеттерін отырғызумен басталды. Осыдан соң Shambres Liberte комплексінде қазақстандық қолөнер шеберлерінің көрмесі ашылды. Көрмені тамашалауға келгендер үшін мастер-кластар да өткізілді, яғни келушілерге киіз басу қалай жүргізілетіні, кесте тоқу, керамикадан түрлі заттар жасау, алаша тоқу, ағаштан өрнектеп зат жасау, шиден заттар жасау, əшекей бұйымдары қалай жасалатындығы көрсетілді. Келушілер көріп қана қоймай, өздері де заттарды жасап көріп бірқатар сабақтар алысты.

Осындай үлкен шара гала-концертпен аяқталды. Концертке ҚР еңбек сіңірген əртісі  Айгул Қосанова, Абай атындағы опера жəне балет театрының əншілері Альфия Кармова жəне Медет Чотабаев, «Арнау», «Сазген сазы» фольклорлық – этнографиялық ансамбльдері қатысты[7].

Сонымен қатар Француз астанасының «Сите» Халықаралық өнер орталығында Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен Республика күніне арналған белгілі қазақстандық өнер иелерінің, яғни суретші Қажыбек Баймолдин мен мүсінші Өмірзақ Шанов шығармаларының көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің ашылуына «Сите» Халықаралық өнер  орталығының  Бас  директоры Сидней Перолл, француздық іскерлік жəне қоғамдық орталардың өкілдері, қазақ диаспора-  сы, бірқатар шетелдік суретшілер шақырылды. Құрметті профессор, Қазақстанның Бейбітшілік жəне мəдени келісім сыйлығының лауреаты Альберт Фишлер Қазақстан Республикасының Елшілігіне екі жақты мəдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мен тереңдетуге  ықпал ететін маңызды көрмені ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдірді. Қазақстандық  сурет-  шілер Қ. Баймолдин мен Ө. Шанов ТМД елдері суретшілері одағының Конфедерациясымен ұйымдастырылған Парижге шығармашылық сапарлары аясында екі ай ішінде 15 картина мен 3 мүсін жасады. Ө. Шановтың «Томирис» жəне «Бақа мен бала» шығармалары тиграхаудтар мен балалық шаққа жолбасшылық   еткен   тарихи   тұлғаға   арналған.

«Жасөспірім француз» мүсіні қазіргі заманғы француз жастарын бейнелесе, ал кескіндемелік серия Париж богемасы өмірінің тақырыбына көшпендінің ой-қиялын суреттейді [8].

Франциямен қатынастарымыз мəдени байланыстардың барлық салаларын қамтып отыр. Сондай шаралардың бірі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Париж музыка жəне би ұлттық консерваториясы арасындағы келісім аясында жыл сайын Қазақстанның барлық өңірлерінің орындаушылары жəне Франция музыканттары қатысатын «Восходящие звезды» атты бірлескен жобаның өткізілуін атап өтсе болады.

Қазақстан мен Франция арасындағы  кино  мен телевидение саласындағы ынтымақтастық та жақсы жағынан көрсете білді.

Осындай атқарылған жұмыстар легі екі елдің арасындағы мəдени қатынастардың үздіксіз дамып, еуразиялық мəдениет пен өнердің ұштаса, үйлесімді дамуына үлес қосатындай деңгейге жеткендігінің көрінісі болып отырғаны анық.

Қазақстанның Еуропа елдері ішіндегі тағы да бір ірі серіктестерінің бірі Германия болып табылады. «Германия Қазақстанның сенімді досы жəне маңызды сыртқы саяси, экономикалық серіктесі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстан Германияның Орталық Азиядағы жетекші экономикалық əріптесі болса, ал Германия Қазақстанның Еуропадағы негізгі əріптестерінің  бірі»,деп атап көрсеткен еді Елбасы Н. Назарбаев Германияның Президенті Хорст Келлермен кездесуінде [9].

Қазақстан мен Германия арасындағы мəдени ынтымақтастықтың жүйелі түрде дамуы екі мəселеге байланысты: біріншіден, əлі де болса Қазақстанда мектепте, жоғары оқу орнында неміс тілін оқыған азаматтардың көп болуы, екіншіден, неміс ұлты өкілдерінің Қазақстанда өмір сүруі. Осы мəселелердің Қазақстан мен Германияның өзара ынтымақтастығын одан əрі дамытуға түрткі болып отырғаны анық.

Екі елдің арасындағы мəдени байланыстар 1994 жылы желтоқсанда қол қойылған «Мəдени ынтымақтастық туралы» келісім негізінде қалыптасып, дамып келеді.

Содан бері Германия Қазақстанмен ынтымақтастығын бірнеше миссиялар шеңберінде дамытып келеді. Атап айтқанда, 1992 жылдан бастап шетелдегі мектептер мəселесі бойынша Орталық басқарма аясында, 1994 жылдан Гете институты, 1989 жылдан академиялық тəжірибе алмасудың неміс қызметі (DAAD), шетелдік байланыстар институты (ifa).

Екі елдің арасында ынтымақтастық қатынастар орнасымен, мəдени ынтымақтастық мəселесі бойынша Қазақстан – Германия аралас үкіметаралық комиссиясы құрылған.

Осы комиссияның аясында мəдениет саласындағы өзара қатынастардың өзекті мəселесі, білім беру саласындағы мəселелер қарастырылады, сонымен қатар гуманитарлық ынтымақтастыққа үлкен көңіл бөлінеді. Қазақстан мен Германия  арасындағы  мəдени  ынтымақтастық жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Германияда үнемі қазақстандық өнер қайраткерлерінің қатысуымен концерттер, көрмелер, өнер күндері өткізіліп келеді.

Екі елдің арасында 2006 жылдан бастап қазіргі күнге дейін «Қазақ кітапханасы» атты жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобаның мақсаты герман қоғамын көрнекті қазақстандық жазушылардың творчествосымен  таныстыру  болып   табылады. Қазіргі кездің өзінде Абайдың таңдамалы шығармалары, М. Əуезовтің «Келіндер көтерілісі»,  Ə.  Кекілбаевтың  «Аңыздың   ақыры»,  Ə. Нұрпейісовтің «Соңғы парыз», Т.  Ахтановтың «Дала сыры», О. Сүлейменовтің «Əлем шегіндегі бір минут үнсіздік» кітаптары неміс тіліне аударылды [10].

2009 жыл Германияда «Қазақстанның мəдени жылы» боп аталып үлкен мəдени шаралар өткізілді. Бұл Қазақстанның Еуропа елдерінде өткізген алғашқы ірі мəдени шараларының көрінісі еді. Мұның өзі Еуропа елдерімен мəдени ынтымақтастықтың одан əрі сапалы деңгейде өрістеп отырғанының дəлелі болды.

Қазақстанның Германиядағы жылы 2009 жылы 3 ақпанда Берлин қаласындағы «Концертхаус» үлкен залында Қазақстан өнер шеберлерінің концертімен салтанатты түрде ашылды.

Сонымен қатар «Қазақстан – Еуразия жүрегі» фотокөрмесі мен «Алтын адам» экспозициясының тұсаукесері ұсынылды.

Елбасы осы Қазақстанның Германиядағы Жылының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Федералдық президент Х. Келер мырзаның Қазақстанға келген сапары кезінде Германияда Қазақстанның жəне Қазақстанда Германия жылын    өткізуге    келіскендіктерін    айта  отырып:

«Осындай нақты шешімге келіп, мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынастардың жаңа сапасына  стратегиялық  деңгейге  көтеруді,  ең бастысы азаматтарымыздың тікелей қарым-қатынастары мен іскерлік байланыстарын нығайтуды көздедік», деп атап өткен еді [11,302 б.].

Қазақстанның Германиядағы жылының екінші маусымында (17-22 сəуір) Республикалық неміс драма театрының гастрольдік сапары болды. Мюнстер мен Берлин қалаларында Қазақстанның зергерлік жəне бейнелеу өнерінің көрмелері мен фотокөрмелері ұйымдастырылды.

2010 «Германиядағы Қазақстан күндері» атты шараның аясында көптеген мəдени ынтымақтастық мəселелері бой көрсетті. Сол  жылдың бірінші жартысының өзінде-ақ 60-тай мəдени гуманитарлық іс-шара өткізілді. Атап айтқанда, Берлин қаласында Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің концерті, Штутгарт қаласында Алматы қаласының мəдени күндері өтті, оған «Сазген сазы» ансамблі мен Республикалық неміс театрының өнер қайраткерлері де қатысты. Сонымен қатар Астана қаласы мен Берлин қаласы арасында бокстан достық матчы өткізілді; Астана қаласы туралы фотокөрме; Қазақстанның қолөнер көрмесі мен зергерлік бұйымдар көрмесі; қазақ герман жастар форумы; Оберкохен қаласының неміс мектебі мен Алматы қаласындағы № 18 лингвистикалық гимназиясы арасында оқушылар алмасу; О. Сүлейменовтің неміс тіліне аударылған «Минута молчания на краю света» атты кітабының тұсаукесері т.б. [10].

Осы жылдың екінші жартысында мынадай шаралар өткізілді: Лейпциг қаласында атақты пианистка Ж. Əубəкірованың концерті, «Қазақстандағы мəдениет аралық диалог» атты Форум, Германиядағы Қазақстан киносының апталығы, Қазақстан суретшілерінің көрмесі. Сонымен қатар Қазақстанның Германиядағы өнер күндерінің қорытындысы ретінде гала концерт өткізілді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Германия Президенті Хорст Келер 2009 жылы Қазақстанның Германиядағы жылын, ал 2010 жылы Германияның Қазақстандағы жылын өткізу туралы шешім қабылдағанда, мемлекетаралық қарым-қатынасты сапалы жаңа деңгейге шығаруды, бірінші кезекте екі ел халықтарын жақындастырып, адамдар арасындағы байланыстарды белсенді жолға қоюды көксегендері анық. Өйткені қос мемлекеттің арасын бес-ақ сағаттық ұшақ жолы бөліп жатса, Германияда Қазақстан туралы екінің бірі біле бермейтінін жасырудың жөні жоқ. Осы себепті тараптардың неміс қоғамын қазіргі Қазақстанмен, оның мəдениеті жəне дəстүрлерімен жақынырақ таныстыруды мақсат тұтқандары басы ашық мəселе.

Бұл ниет Н. Назарбаев пен Х. Келердің Қазақстанның Германиядағы жылының  жабы-  лу салтанатына қатысушыларға арнаған құттықтауларында да қуаттала  түсті.  Осы  жиын-  да Қазақстан басшысы өз құттықтауында  бы-  лай дейді: «Екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері алғаш рет неміс жерінде басталған Қазақстан жылы аяқталып келеді. Федералдық Президент Хорст Келер мырзамен 2008 жылғы қыркүйек айында Астанада халықтарымызды жақындастыруды, азаматтарымыздың тікелей қарым-қатынастары мен іскерлік байланыстарын нығайтуды көздеп, 2009 жылы Германияда Қазақстанның жəне 2010 жылы Қазақстанда Германияның жылын өткізу туралы уағдаласқан болатынбыз. Бұл – Қазақстанның Еуропа Одағы елдерінде өткізіп отырған, бүкіл бір жылды тұтас қамтитын алғашқы халықаралық маңызы зор іс-шарасы. Осыдан-ақ Қазақстанның Германиямен достық байланысқа ерекше мəн беретінін көруге болады. Келер жылы Қазақстан халқының Германияның Қазақстандағы жылын асыға күтетінін, өздеріңізді Сарыарқадай кең дария көңілімен, дəстүрлі қонақжайлығымен құрмет тұтып, қарсы алуға дайын екенін білдіргім келеді»[12].

Одан соң сөз алған Х. Келер де өткізіліп отырған мəдени шараның маңызды екенін атап өтті: «Президент  Нұрсұлтан  Назарбаев  пен 2009 жылдың 3 ақпанында ашқан Қазақстанның Германиядағы жылы аяқталып келеді. Қазақстан мол бағдарламасы арқылы өзін Германиядағы көптеген   адамдарға   таныстыра   білді. Жыл аясындағы шараларға неміс жұртшылығы көптеп қатысып, Еуропаның  маңызды  серіктесі  болып табылатын ел туралы танымын кеңейтті. Қазақстан  жылы көптеген     немістерге  қазақ мəдениетін, өнерін тамашалауға         мүмкіндік туғызып, қонақжайлық пен ұлттар арасындағы ұғыныстықтың, өзара сыйластықтың елді дамытудағы басты факторлардың бірі болып табылатынын түйсіндірді. …Біздер Қазақстанды Еуропаға ұмтылған ел ретінде таныдық. 2010 жылы Қазақстан жылымен басталған көпірді салып бітіретініміз күмəнсіз. Біздер біріге салған осы көпірдің жасампаз күшіне сенеміз. Келешекте осы көпірді кеңейтуге күш салатын боламыз»[12]. Қазақстан – Германия ынтымақтастығы жылын жабу құрметіне ұлы Абай театрының əртістері ие  болды.     Салтанатты концертке      Қазақстан Республикасының   халық  əртістері  Сұлтан Байсұлтанов, Нұржамал Үсенбаева, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген əртістері Майра Мұхамедқызы, Айгүл Үлкенбаева, Шахимардан Əбілов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Сара Ишанова, Нұрлан Жарасов, Гүлзат Дəуірбаева, Жəмила Баспақова, Болатбек Бүкенов, халықаралық конкурстардың лауреаттары Дина Хамзина, Андрей Трегубенко, Нұржан Бажекенов, Меруерт Тұяқбаева, Торғын Смайылова, Олег Татамиров жəне Эльмира Ахмедьярова сынды өнер шеберлері қатысты.

Концертте   А.   Жұбанов пен  Л. Хамидидің «Абай» операсынан «Тойбастар», «Абай ариясы», Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібегінен» «Шеге термесі» М. Төлебаевтың «Біржан мен Сара» операсынан «Айтыс», В.А. Моцарттың «Сиқырлы флейта» операсынан «Түн ханшайымының ариясы», Ж. Бизенің «Кармен» операсынан «Эскамильо шумақтары», Дж. Пуччинидің «Турандот» операсынан «Калафа ариясы», Ф.  Легардың «Джудитте»  опереттасынан  «Джудитта  əні»,   И. Брамстың «№1 венгр биі» секілді танымал шығармалар орындалды [12].

Əлемдік мəдениеттер сарайының концерттік залын толтыра жиналған неміс халқы қазақстандық өнерпаздардан қошеметтерін аяған жоқ. Əсіресе С. Байсұлтанов, Н. Үсенбаева, М. Мұхамедқызы, Ш.Əбілов өнерлеріне ризашылықпен  дуылдата  қол  соқты.  А.  Үлкенбаева,  Н.   Əшіров   жəне   Д. Байжұманов орындаған «Күй шашуға» да ықыластары ерекше болды. Сөйтіп, талғамы жоғары жиналған қауым қазақ өнерпаздарының концертінен үлкен рухани лəззат алғандарын аңғартса, бұл өз кезегінде классикалық өнеріміздің шоқтығы биік екенін тағы бір мəрте дəлелдеп берді  [12].

Осы атаулы шаралардан соң Қазақстан Республикасы Германия Федеративтік Республикасында бұрынғыдан да танымал бола түскенін атап өтуге болады. Немістердің Қазақстанға қызығушылығы артқандығының жарқын бір көрінісі ретінде Гумбольдт атындағы университетте «Қазақ тілі жəне Қазақстан» лекторатының ашылғанын айтуға болады. Онда 2010 жылдан бастап біздің елімізге қызығушылық танытқандар қазақ тілін оқып-үйреніп, Қазақстан туралы молынан білуге мүмкіндік алады.

Қолда бар мəліметтерге қарағанда, бүгінде Қазақстанда 220 мыңнан астам неміс тұрып жатыр. Қазақстандық немістердің мүддесін қорғауға бағытталған үкіметаралық комиссия жұмыс істейді. Комиссияның отырыстарында мəдениет пен білім беру салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мəселелері талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылады. Өз кезегінде ол нəтижесін беріп келеді. Мысалы, Алматыда Гете институты мен Қазақстан – Германия университетінің өкілдіктері ашылды. Сонымен бірге қазіргі  кезде «Болашақ» бағдарламасы бойынша Германияның жоғары оқу орындарында 150-ден астам қазақстандық студент оқып жатыр.

Қазақстанның мəдениетінің ерекшелігі сонда, қазақ мəдениеті ұлттық дəстүрді сақтай отырып, əлем мəдениетінің де тамаша туындыларын қабылдай алуында. Өз мəдениетін əлемге таныта отырып, Қазақстан əлем елдерінің мəдени дəстүрін тамашалап, үлгі алып, тəжірибе алмасуда сындарлы саясат жүргізіп отырғаны белгілі. Көптеген елдермен мəдени ынтымақтаса отырып, қазақ мəдениеті одан əрі толығып, жаңа қырынан дамып, өсіп өркендеу үстінде.

Мəдени жəне рухани дамудың тұрақтылығы еліміздің аймақтық, əлемдік ықпалдасу үдерістеріне кеңінен тартылуымен қамтамасыз етіп отырғанының көрінісі.

Осы себепті Қазақстан Республикасының Еуропа елдерімен жүргізген мəдени ынтымақтастығы екі жақты қатынастарды одан əрі дамытуға септігін тигізгені сөзсіз. Сонымен қатар Қазақстан мен Еуропа елдерінің арасындағы қатынастарды стратегиялық серіктестік дəрежесіне көтеріп, мемлекеттік «Еуропаға жол» бағдарламасында алға қойылған міндеттерді орындауға көмегі болғаны анық.

Еуропа жұртшылығы Қазақстанның өзара келісіп жүргізген мəдени шараларының арқасында қазақтың əн-жыры, музыкасы, биі мен əлем мəдениетінде теңдесі жоқ күйі, қол өнері жəне сурет өнері туралы мағлұмат алғаны анық. Қазақстанның осындай жүргізген орасан зор жұмыстары жөнінде Германия өкілдерінің бірі Штефан Юдиш ( RWE Supply&Tradіng GmbH компаниясының атқарушы директоры)  былай деп өз пікірін білдірген еді: «Қазақ елі Президент Н. Назарбаевтың 2008 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында жан-жақты жазылған “Еуропаға жол” бағдарламасымен тамаша сəйкеседі. Менің өзіме бүгінгі концерт тамаша əсер етті. Тума талант иелері өздерінің жоғары орындаушылық шеберліктерін көрсетті. Мен қазақтардың музыкалық мəдениетін жаңа қырынан таныдым. Қобыз бен домбыра үні ұнады» [12].

Осының өзі Еуропа жұртшылығының қазақ елін танып біліп, оның халқының бай мəдениетіне сүйсінгендіктерінің айғағы.

Қазақстан мен Еуропаның белді елдерінің арасындағы мəдени ынтымақтастықтың осындай жарқын көріністері, бір жағынан, екі жақтың өнерін, мəдениетін бір-біріне танытып, үндестіріп, үйлестіріп жатса, екінші жағынан, осындай шебер өнер туындылары арқылы, əлемдік мəдениетті дамытуға үлес қосары, осы арқылы жер бетінде бейбітшілікті қамтамасыз етуге жағдай  жаса-  уы, екі жақты қатынастардың жоғарғы деңгейге жетуіне ықпал етері сөзсіз.

 

Əдебиет

 

  1. Назарбаев Н.Ə. Қазақстан халқының əлауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты. Қазақстан халқына Жолдау. Алматы, 2008. – 40 б.
  2. Во Франции будут выращивать алматинский апорт // kz/culture/9603-vo-franciibudut-vyrashhivat-almatinskijj-aport. html
  3. Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы қатынастар// www.portal. mfa.kz.
  4. Оспанов Е. Презентация документального фильма «По следам Мустафы Шокая» и одноименной книги запланирована на осень в Париже//www.kazinform.kz
  5. Төлеуханқызы А. Француздар қазақтарды тани түсті// Егемен Қазақстан. – 2010. – 23 қараша.
  1. Маусым айының соңында Парижде Қазақстанның Франциядағы мəдениет күндері өтеді// www.ktk.kz/kz/news/line/2011/06/15/101302.
  2. Во Франции прошли дни культуры Алматы// www.nomad.su/?a=14-201110040008
  3. Екі жақты жəне көпжақты ынтымақтастық. Франция //  Дипломатия  жаршысы.  –№4 (18).
  1. Астана – Берлин: прагматизм, ведущии к успеху// www. Кz /neonomadika/politika/ index.php?ELEMENT_ID=3374
  2. Қазақстан Республикасы мен Германия Федералдық Республикасы арасындағы қатынастар//www.portal.mfa.kz.
  3. ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Германиядағы Қазақстан жылының салтанатты ашылуында сөйлеген сөзі, Берлин, 3 ақпан, 2009 ж.// Президент Н.А. Назарбаев и Соврменный Казахстан. Сб.док. и мат.в 3-х т.Отв.ред.Б.К. Султанов. Алматы, КИСИ при Президенте РК, 2010. –т.3.340 с.
  4. 12.       Самат М. Жыл аясындағы ауқымды шаралар // Егемен Қазақстан.  –  2009.  –  21 желтоқсан.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.