Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Дүниежүзілік сауда ұйымындағы Қырғызстан мүшелігі мүмкіндіктер мен қауіптер: Орталық Азиядағы геоэкономикалық қауіпсіздік алғышарттарына тəжірибе ретінде

Орталық Азия секілді əлемнің геосаяси  жəне геоэкономикалық мүдделері тоғысқан аймақтың табиғи мүмкіндіктері, оның былайғы əлемдік нарыққа қадамы, аймақтағы бес мемлекеттің өзіндік амал шарттарымен де астасып, аймақ қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мəселелердің күрделі мазмұнын толықтыруда. Соның ішінде Дүниежүзілік сауда ұйымындағы Қырғызстан мүшелігі мен оның бүгінгі болмысы төңірегіндегі көзқарастар. Қомақты энергетикалық жəне өзге табиғат ресурстарына ие, əлдеқайда сыйымды ішкі нарықтары, көлік артерияларына жақын болып келетін ТМД елдерінен ерекше, Қырғыз Республикасында тиісті шарттар мен ресурстары жоқ. Сол себептен, қырғыз экономикасының  дамуы  оның халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне тізбекті интеграциялауынсыз мүмкін емес. Осы міндеттерді шешу көбінесе, сыртқы экономикалық ортаны сəттілікті реформалауға, елдің  экспорттық  əлеуетін   жоғарылатуға жəне əлемдік нарықта ұлттық өнеркəсіп пен жеке кəсіпорындардың өздерінің бəсекелік ұстанымдарын қаншалықты жақсарту жəне шетелде жаңа нарық кескіндерін игеру қабілеттілігіне  тəуелді  болып  келеді. Қырғыз Республикасының сыртқы сауда қызметі ұлттық экономиканы дамытуда маңызды орын алады. Республиканың экспорттық мүмкіндіктерін жоғарылату мақсатында  үкімет  сыртқы сауданы либерализациялау жəне əлемдік экономикаға интеграциялау бағытын таңдаған болатын. Сыртқы сауданы либерализациялау саясаты, төмен импорттық тарифтерді сақтау жəне барлық экономикалық агенттер үшін тауарларды еркін экспорттау мен импорттау мүмкіндігі Қырғызстанның  Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіруімен нығайтылған еді. Алайда сыртқы экономикалық дамудың аталмыш стратегиясы күтілген нəтижелерді алып келмеді. Мемлекеттің əлемдік саудаға интеграциясы əлі де шектеулі болып қалуда, қырғыз экспорты жағрапиясының, ДСҰ-ға қосылғанынан кейін, ТМД елдерінен алыс шетел елдеріне қарай қайта бағытталуы өңдеуші өнеркəсіп өнімінің экспорты үлесінің ұлғаюымен түсіндіріледі, Қырғызстанда экспортқа   шығарылатын   өнім  баптары  тауар  өнімі  өндірісінен   ауылшаруашылық  пен  өндірістік  шикізат   өндірісі   жағына қарай, бұл кезде бірқатар азық-түлік  жəне жеңіл  өнеркəсіп  атаулары  бойынша  өзінің салыстырмалы артықшылығын жоғалтып, ауысты. Елде халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздықтың өсуі байқалады. Осыған  байланысты,  Қырғызстанның   ДСҰ-  ға кіргенінен кейінгі либерализациялау  саясаты мен елдің қол жеткізген нəтижелері арасындағы анық айырмашылықты түсіндіретін факторларды анықтау ерекше өзекті болып табылады.

Қырғызстанның  ДСҰ-ға  мүшелік   етуі 1998 жылдың 20  желтоқсанынан  басталды. Осы үдеріске шамамен 2,5 жылға созылған келіссөздер негіз  болды.  ДСҰ-ға  қосылғаннан кейін Қырғызстан экономиканы терең дағдарыстан шығару үшін негіз болған халықаралық стандарттарға сəйкес келетін экономикалық даму мен құқықтық базаның мүлдем жаңа үлгісін иеленді. Алайда бұл кезде Қырғызстан ДСҰ-ға ерте қосылудың барлық артықшылықтарын толық мөлшерде пайдалана алмады, экспорттық əлеуетті, инновациялық жəне инвестициялық тартымдылықты дамыту үшін  ДСҰ-ның  құралдарын іске қоса алмады.

Қырғызстанның ДСҰ-ға қатысты жылдам кіруі, ең бастапқы кезекте, Қырғызстанның ДСҰ-ға кіру кезінде, Қырғызстанда  жеткілікті либералды сауда режимі қызмет еткенімен шартталды. Импорттық кедендік салымдардың орташа деңгейі сол уақытта 10%-дан  төмен  болды, Қырғызстан   сауда-  да экспорттық шектеулерді пайдаланбады. Ауылшаруашылығында субсидиялар тəжірибелі маңызсыз болды. Қызметтер секторы Қырғызстан үшін тез арадағы либерализациялауды жəне сыртқы капиталдар мен технологияларды тартуды талап еткен секторлардың біріне айналды.

Қырғыз Республикасы, ДСҰ-ның өзге мүшеелдері сияқты, сыртқы сауданы реттейтін өзінің құқықтық жəне саяси режимін ДСҰ-ның келісімдеріне сəйкес келтіруі тиіс болатын. ҚР ДСҰ-ның талаптарына сəйкес келу үшін қажетті заңдар мен нормативтік актілердің үлкен бөлігін қолданысқа енгізіп, қабылдады [3].

ДСҰ-ға қосылу мақсатында қабылданған заңдар, ДСҰ-ға қосылудан тəуелсіз, Қырғыз Республикасының саудасы мен инвестицияларына əрекеттесетін режимдерді орнату үшін қажет болған еді жəне олар Қырғызстан үкіметін   реформалау бағдарламасының  мақсаттарына сəйкес келеді. Осы тұрғыдан, ДСҰ-ға кіру ұқсас заңнаманы екі рет өңдеуді болдырмау  үшін  жақсы мүмкіндікке айналды.

ДСҰ-ға қосылу шектеріндегі тағы бір аса маңызды жағымды жағдай саудада техникалық кедергілер бойынша Келісімді жəне осы жерден туындайтын Қырғыз Республикасы үшін оңтайлы нəтижелерімен бірге орындау болып табылады. Атап айтқанда, Қырғызстанның техникалық реттеу негіздері туралы заңы өңделініп, қолданысқа  енгізілген  болатын. Белгілі болғанындай, қазіргі уақытта Қырғызстанның осы саладағы заңнамасында көптеген  кедергілері бар.

Қырғызстан   ДСҰ-ға  алғашқы  болып қосылған  Орталық  Азиядағы  жалғыз ғана  мемлекет  болып   табылса  да, мемлекет тікелей шетел инвестицияларын тартуда жəне экспорттық мүмкіндіктерді ұлғайтуда үлкен  қиыншылықтарға   тап  болуда.  Бұл, негізінен, сыртқы кедергілердің, сонымен бірге инвестицияларға кедергі келтіретін шектен тыс реттеу жүйемен байланысты ішкі кедергілердің əсерінен болды. Оның үстіне, елде жеке сектор инвестицияларына  арналған  экономикада шағын немесе қолдауы жоқ мемлекеттік кəсіпорындардың үлесі əлі күнге дейін жоғары. Қырғызстан экспорттық бəсекеге қабілеттілікті қолдау үшін тек тарифтер мен преференциалды сауда концессияларын ғана жүгіне алмайды. Əлемдік нарықта бəсекеге қабілетті жабдықтаушы болу үшін Қырғызстан өзінің экспорттық өнімінің сапасын жақсартуы тиіс. Жаңа өнімдер шығарып, жаңа нарықтарды зерттеу керек. Оған қосымша, Қырғызстан өндірістік  жəне саудалық  дамуды қолдау үшін  құрал-жабдықтар   тарапынан,   сондайақ   бағдарламалық  қамсыздандыру тарапынан да инфрақұрылымды дамытуы тиіс. Бағдарламалық қамсыздандыру тарапынан экономиканы  басқаруды,  адам  ресурстарын дамыту жəне индустриалды дамытуды атап өту  керек.

Қырғызстанның бəсекеге қабілеттілігін ұлғайтатын негізгі фактор саудаға ұлттық əрекеттесу жүйесі болып табылады. Саудаға əрекеттесудің тиімді жүйесі елдің сауда мүмкіндіктерін сақтауда аса маңызды компонент болып табылады (əсіресе, теңізге шығуы жоқ Қырғызстан үшін). Тиімді сауда одан да арзан   импорт   түрінде   жағымды нəтижелерге қол жеткізеді (бұл қолданыстағы саудалық дисбалансқа байланысты мəселелерді ішінара жеңілдетеді). Сонымен қатар ол одан да төмен инфляцияға жəне соның салдарынан, одан да төмен жалақы мен өндіріс құнына алып келеді. Елдің ДСҰ-ға мүшелік ету дəлелінің өзі автоматты түрде тиімділіктерді алуды кепілдемейді, оларды іске асыру бірқатар шарттарға тəуелді  болып келеді, олардың көбісіне Қырғызстан дербес түрде маңызды əсер ете алмайды. Дегенмен, ұйымға Қырғызстанның негізгі сауда серіктестері – Қазақстан, Өзбекстан мен Ресейдің қосылғанынан кейін, жоқ дегенде осы елдердің ДСҰ-ға мүшелігі елдердің сауда саясатындағы күтпеген өзгерістерден сақтану мүмкіндігін беріп, дауласулар мен қақтығыстарды ДСҰ-да қолданылатын процедуралар  көмегімен  шешуге қол жеткізетін жағдай өзгеруі  мүмкін [4].

Қырғызстанның ДСҰ-ға жылдам қабылдануының жағымсыз салдары ретінде Қырғызстанның ДСҰ-ға кіру шарттарын жеткіліксіз өңдеуі болды. Қырғызстан басшылығы мемлекет үшін дамып келе жатқан мемлекет мəртебесін алдын ала ескертпеді, бұл оларға ашылатын преференцияларды қолдана алмауына алып келді. Соның салдарынан, елге дамыған мемлекеттің өте ауыр жəне қатаң міндеттемелері қабылданған болатын, шын мəніне келгенде, Қырғызстан ешбір уақытта ондай мемлекет болмады.

Қырғызстанның  ДСҰ-ға  асығыс   кіруі-   нің өзге салдары ретінде – Тəуелсіз мемлекеттер  достастығы  (ТМД),   Кедендік   одағы  (КО) (ЕурАзЭҚ) жəне Орталық Азиялық экономикалық қоғамдастығы (ОАЭҚ)  бойынша дəстүрлі серіктестерімен қатынастарының қарқынды нашарлауы болды. Осының арқасында, Қырғызстан аталмыш интеграциялық бірлестіктер ішінде нақтылы алшақтықта қалды. Бұл қатысушы-елдер үшін нарықты Қырғызстаннан келетін əлдеқайда арзан тауарлардан қорғаумен, сонымен бірге Қырғызстанның ДСҰ жəне ЕурАзЭҚ-та қабылдаған міндеттерінің күрделі қарама-қайшылықтарымен шартталған болатын.

Кеңес одағының құлдырағанынан кейін жаңа мемлекеттердің алдында екі негізгі міндет пайда болды:

  • біріншіден, өздерінің саяси жəне экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қабілетті институттарды құру арқылы өзінің тəуелсіздігін бекіту;
  • екіншіден, ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді интеграцияның императивімен халықаралық саяси жəне экономикалық құрылымдарға үйлестіру. Сонымен қоса, елдер топтарының қызығушылықтары бойынша интеграциялау   үдерісі
  • аймақтандыру үдерістері белсенді түрде тарала бастады. Аймақтандыру үдерістері, қатысушы-елдердің экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында жабық экономикалық топтамаларды құра отырып, ұлғайып келе жатқан ғаламдануға қарама-қарсы келмейді, себебі  осы үдерістің құрамдастары – капитал мен өндірістің интернационалдандыруы, өндіріс факторларының трансшекаралық ауысуы, саудалық, технологиялық, мəдени алмасудың тереңдеуі мен өсуі – интергациялық топтамалар шектерінде ең қарқынды жүреді.

Қырғызстанның осы экономикалық ұйымға кіруі керек пе, керек емес пе еді, осы қосылу мемлекетке  не  берді,  ДСҰ-ға  мүшелік  етуден республикада қандай тиімділіктер мен жағымсыз жақтар болды деген пікірталастар қоғамда  жалғасуда [2].

Барлық сарапшылар Қырғызстанның ДСҰға қосылуы қажеттілік болды деген бірегей пікірді ұстанады. Мəселе басқада – республика аталмыш атағы бар халықаралық ұйымға мүшелік етуден ашылған мүмкіндіктер мен артықшылықтарды қалай пайдалана алғанын анықтауда  болып табылады.

ДСҰ-ға қосылғаннан кейін Қырғызстан экономиканы терең дағдарыстан шығару үшін негіз болған халықаралық стандарттарға сəйкес келетін экономикалық даму мен құқықтық базаның мүлдем жаңа үлгісіне ие болды. Алайда бұл кезде Қырғызстан ДСҰ-ға ерте қосылудың барлық артықшылықтарын толық мөлшерде пайдалана алмады, экспорттық əлеуетті, инновациялық жəне инвестициялық тартымдылықты дамыту үшін ДСҰ-ның құралдарын іске қоса алмағанын айта кету керек [5].

ДСҰ-ға қатысу – бұл тұрақты дамудың тек бір ғана құралы: өзіндік қолдау болып табылады, алайда ол экспортты ұлғайтудың, технологияларды дамытудың, инвестициялардың ағылып  келуінің,  экономикалық  өсу мен өмір сүру шарттарының жақсару кепілі емес.

ДСҰ-ға мүшелік ету, жалпы алғанда, Қырғызстан  экономикасы,  атап  айтқанда, оның бөлек секторларына қалайша əсер еткені, мемлекеттің əлемдік экономика мен сауда жүйесіне интеграциялау міндеті қалай іске асырылғандығы  туралы   мəселелерді   сауданы жəне кедендік реформаны либерализациялау жөніндегі USAID Аймақтық жобаның тапсырысы бойынша өткізілген арнайы зерттеу нəтижелері бойынша СИАР зерттеу-консалтингтің есебінде ұсынылды  [1].

СИАР сарапшылары, Ұлттық есептеу комитетінің деректеріне, сондай-ақ республикалық бизнес өкілдерін интервьюлеу мен сұрақ-жауап алу негізінде Қырғызстан экономикасының төрт саласына: жеміс-жидек өнімін қайта өңдеу, банктер, телекоммуникация жəне тігін  өнеркəсібінің  талдауын жасады.

Зерттеушілердің пікіріне сəйкес, жемісжидек өнімін  қайта  өңдеу  саласындағы барлық жағымсыз жəне оңтайлы беталыстар ішкі факторлармен – халық сұранысының ерекшеліктерімен, өндірушілердің əлсіз маркетингтік жұмысымен, кəсіпорын басшыларының нарықтық сауатсыздығымен, осы кəсіпорындарда стратегиялық талдау мен жоспарлаудың болмауымен  шартталған.

Сол себептен, осы кəсіпорындардың басым көпшілігінің көрсеткіштері жылдан-жылға нашарлауда, олардағы өндірістік қуаттылықтар толығымен іске қосылмаған, құрал-жабдықтар жаңартылмайды   десе   де   болады.    Салада  ірі болып саналатын кейбір кəсіпорындар, өздерінің өнімдерін тіпті бөлшектеп өткізеді, бұл олардың өндірісінің шағын ауқымдар туралы куəландырады. Қырғызстандағы жемістер мен жидектерді қайта өңдеудің осындай маңызсыз көлемдерінің себебі ретінде СИАР сарапшыларының пікіріне сəйкес қайта өңдеу кəсіпорындарындағы қаражаттарының жеткіліксіздігі, моральдық жəне физикалық ескірген құрал-жабдықтар мен технологияларды пайдалану, сапаны бақылаудың жетілмеген жүйесі, шикізатты өндірушілер  мен  қайта өңдеушілер арасында тұрақты байланыстардың болмауы кіреді. Жəне бұл кезде, Қырғызстан экологиялық таза жеміс жəне жидек мəдениеттерін өсіру бойынша үлкен əлеуетке ие болып келеді  [1].

Қолда  бар  қуаттылықтарды  тиімді   пайдаланған кезде бір жылда 40 мың тоннаға дейін жемістер мен жидектерді, 10 мың  тонна жүзімді, 110 мың тонна томатты қайта өңдеуге болады. Алайда, саланың экономикалық əлсіздігі  шикізатты   сусындар   өндірісінің одан да тиімді өндірісін қайта бөлуге алып келді, ол соңғы 10 жылда 4,7 есеге ұлғайды. Сонымен бірге саладағы мəселелер жемісжидек консервіленген өнімінің импорты 20002009 жж. аралығында сегіз есеге ұлғайғанына, ал оның экспорты – екі еседен төменге алып келді.

ДСҰ-дағы мүшелік етуді барынша пайдалану үшін сарапшылар крестьяндық шаруашылықтардың бөлектенуі мен ауылшаруашылық сауатсыздығын жоюды, өнім сапасын жоғарылатуды, жеміс-жидек өндірісінің инфрақұрылымын дамытуды, сондай-ақ агроқалыптастыруды оған қайта өңдеу жəне қызмет көрсету ұйымдарын қосумен агроөнеркəсіпті дамыта отырып, кешендегі кооперация мен интеграцияны кеңейтуді ынталандыруды ұсынады.

СИАР зерттеушілері Қырғызстанның ДСҰға мүшелік етуінен банктік секторға жағымды жақтарын да атап өтеді. Олардың пікірінше, Қырғызстан ДСҰшеңберіндеөзініңміндеттерін мүлтіксіз орындап отырды. Сонымен қоса либералды заңнамасы қабылданып, инвестициялық қызметте ең жағымды жеңілдік режимі дамытылды, соның қатарында, ДСҰ-ға мүшеелдерден келетін инвесторлар үшін де, соның арқасында мемлекеттің банктік секторы елеулі деңгейде  ашылды [1].

Бұл туралы сауданы  либерализациялау жəне кедендік реформа жөніндегі USAID жобасының  басшысы  Рахат Токтоналиев «Қырғызстан ДСҰ-ның 7-ші министрлік конференциясының алдында»  тақырыбымен өткен дөңгелек үстелінде айтып кетті. Оның айтуынша, мемлекеттің ДСҰ шектеріндегі банктік қызметтер саласындағы міндеттері банктік реттеудегі алдын ала болжамдылықты нығайтты, бұл халықаралық инвесторлар үшін айтарлықтай маңызды болып келеді. Елдің ДСҰ-ға қосылу нəтижесінде республиканың нарығын либерализациялау банктік секторға шетел капиталының ағылып келуіне əрекеттесті [7].

Сол уақытта зерттеушілер елдің банктік секторы  ұлттық  экономиканың  дамуында   аса маңызды орын алатынын айта кете, «науқас» экономикада сау қаржылар бола  алмайтынына жəне сол себептен, банк секторының дамуы экономикадағы нақты секторы  мен оның табыстылығының тұрақты дамуынсыз қамтамасыз етіле алмайтынына назар аударады. Қырғыз экономикасында коммерциялық банктердің   орнын    адекватты   бағалап,    ең бастапқы кезекте, нақты сектордың дамуын онымен орта жəне ұзақ мерзімді əлеуеттерді байланыстыра отырып, басшылыққа алу керек. Телекоммуникация секторына талдау жасай отырып, сарапшылар келесідей қорытындыға  келді:  ИКТ-секторын   ДСҰ-ға кірусіз де дамытуға болады. Оның үстіне, ДСҰ-ға қосылуға қарамастан, саладағы реттеу  механизмдері  кейбір   бағыттар   бойынша əлі мөлдір емес болып қалуда, сондықтан ДСҰ-ға кіру телекоммуникация нарығының динамикалық  дамуының  қажетті  шарты болып табылмайды.

Телекоммуникация  нарығы   əрқашан   да ірі инвесторлар үшін тартымды болған еді. Қырғызстанда ұялы байланыс нарығы таяудағы уақытта қанығу кезеңіне жетеді жəне оның əмбебаптануы телекоммуникация нарығындағы өзге қатысушылардың стагнациясына алып келеді. Қазірдің өзінде ұялы байланыс операторлары байланыс қызметтерінің тəжірибелі барлық түрлерін ұсынады.

Зерттеушілердің бағалаулары бойынша, тіркелген  байланыс  нарығы  соңғы  жылда-   ры тұрақты болып қалуда жəне оны либерализациялау бойынша ДСҰ-ның талаптарын орындауға қарамастан, нарықтың даму динамикасы жоғары емес деңгейде болып қалуда. Сарапшылардың болжамдарына сəйкес, пайдаланушылар санының өсуі орта мерзімді əлеуетте жоғары емес болып қалады. Нарықта тарифтік реттеу сақталынуда, ол нарықтық мезанизмдерді толық мөлшерде енгізуге қол жеткізбейді [4].

Қырғызстанның ДСҰ-ға қосылуынан болған жағымсыз əсері біршама дəрежеде интернет-қызметтері нарығының дамуында көрінді, оның ары қарайғы  дамуы,  негізінен, ұялы байланыс абоненттері арасында қосымша қызметтердің енуін ұлғайту есебінен жүретін болады.

Сонымен бірге СИАР мамандары Қырғызстандағы   жеңіл   өнеркəсіптің   үш   сектор ішіндегі: маталар өндірісі, дайын тігін бұйымдарын шығару жəне трикотажды өндіруді жетік зерттеді. Нəтижесінде олар Қырғызстанның ДСҰ-ға енуінен кейін оның маталар өндірісіне болған əсері айтарлықтай əсер етпеді деген қорытындыға келді.

Жалпы алғанда, тоқыма өнеркəсібі де, тігін жəне трикотаж салаларын қоспағанда, бірнеше жылдар бойы құлдырауда. Қазіргі уақытта, маталар өндірісі мемлекеттің текстильдік жəне тігін салаларының дамуында маңызды орын алмайды. Маталар өндірісінің жандануы өте елеулі ірі инвестицияларды талап  етеді  жəне ол инвестициялардың  ақталатындығы  тура-  лы сұрақ өте күрделі күдіктерді туындатады. Ерекше жағдайларды есепке алғанда, елдің ДСҰ-ға қатысу кезеңі ішінде инвестициялардың осы өндіріске өсуі болған  жоқ.

Тігін өнеркəсібін талдай отырып, зерттеушілер келесідей жағдайды байқады: республикадағы тігін өнеркəсібінің  салыстырмалы тұрақты əрі сəттілікті дамуы елдің ішкі нарығына Қытайдан, Түркия мен өзге елдерден арзан маталардың ағылып келуінің арқасында мүмкін болды, ол кезде жергілікті маталар  өндірісі  құлдырау  үдерісінде   болып, олар импортпен бəсекеге түсе алмады. Осындай қол жеткізімді шикізатсыз елдің тігін өнеркəсібі соншалықты жоғары  қарқынмен дами алмас еді. Алайда бұл елдің ДСҰ-ға кіруінен тəуелділігі төмен болды, себебі сауданы  либерализациялауға  жасалған  бағыт, ішкі нарықты ашу одан да ерте  кезеңде,  ұйымға қосылуға дейін  қабылданған  бола-  тын. Дегенмен, ДСҰ-ға қосылу осы бағыттың бекітілуін қамтамасыз етті, бұл сыртқы сауда саясаттың тұрақтылығы мен болжамдылығын қамтамасыз етті.

Шекараны, ішкі нарықты ашу жəне сауданы либерализациялау тігін  өнеркəсібі  өндірісі көлемдерінің өсу  қарқындарын маңызды дəрежеде жылдамдатты, ол өткізу нарықтарын жоғалтуға, айналым капиталының жетіспеушілігіне, жаңа технологиялар мен құрал-жабдықтардың болмауына байланысты қиыншылықтарды былай да игере алар еді, алайда осыған республиканың ДСҰ-ға кірген кездегіден анағұрлым кеш мерзімде  болушы  еді [6].

Трикотаж бұйымдары өндірісінің секторын зерттей келе, сарапшылар трикотаж бұйымдары қырғыз экспортының құрылымында əзірге маңызды бап болып  табылмайтынын  атап  өтті. Трикотаж бұйымдары өндірісінің секторын зерттей келе, трикотаж бұйымдарының экспорттық əлеуеті бар болғанына қарамастан, сарапшылар трикотаж бұйымдары Қырғызстан экспортының құрылымында əзірге маңызды бөлім болып табылмайды жəне ресми статистикаға сəйкес, олар тігін саласында жеткізудің 10 пайызын құрайды деген пікірге келді.

Сонымен, Қырғызстан ДСҰ-ға алғашқы болып қосылған Орталық Азиядағы жалғыз ғана мемлекет болып табылса да, мемлекет тікелей шетел инвестицияларын тартуда жəне экспорттық мүмкіндіктерді ұлғайтуда үлкен қиыншылықтарға тап болуда. Бұл, негізінен, сыртқы кедергілердің, сонымен бірге инвестицияларға кедергі келтіретін шектен тыс регулятивтік жүйемен байланысты ішкі кедергілердің əсерінен болды. Оның үстіне, елде жеке сектор инвестицияларына арналған экономикада шағын немесе қолдауы жоқ мемлекеттік кəсіпорындардың үлесі əлі күнге дейін жоғары.

Қырғызстан экспорттық бəсекеге қабілеттілікті қолдау үшін тек тарифтер мен преференциалды сауда концессияларынға ғана жүгіне алмайды. Əлемдік нарықта бəсекеге қабілетті жабдықтаушы болу үшін Қырғызстан өзінің экспорттық өнімінің сапасын жақсартуы тиіс. Жаңа өнімдер шығарып, жаңа нарықтарды зерттеу керек. Оған қосымша, Қырғызстан өндірістік  жəне  саудалық  дамуды  қолдау үшін   құрал-жабдықтар   тарапынан, сондайақ  бағдарламалық  қамсыздандыру   тарапынан да инфрақұрылымды дамытуы тиіс. Бағдарламалық қамсыздандыру тарапынан экономиканы басқаруды, адам ресурстарын дамыту жəне индустриалды дамытуды атап өту керек [8].

Қырғызстанның бəсекеге қабілеттілігін ұлғайтатын басқа негізгі фактор саудаға ұлттық əрекеттесу жүйесі болып табылады. Саудаға əрекеттесудің тиімді жүйесі елдің сауда мүмкіндіктерін сақтауда аса маңызды компонент болып табылады (əсіресе теңізге шығуы жоқ Қырғызстан үшін). Тиімді сауда одан да арзан импорт түрінде жағымды нəтижелерге  қол    жеткізеді (бұл  қолданыстағы саудалық дисбалансқа байланысты мəселелерді ішінара жеңілдетеді). Сонымен қатар ол одан да төмен инфляцияға жəне соның салдарынан, одан да төмен жалақы мен өндіріс құнына алып келеді. Бұл дегеніміз материалдар импорты мен экспорттық секторларға салынатын салымдардың одан да арзандарына экспортты алып келіп, құны тұрғысынан бəсекеге қабілетті етеді. Оған қоса, тиімді сауда экспорттық тауарлардың жылдам əрі сенімді қозғалуын білдіреді.  Бұл  əлемдік нарықтағы бəсеке қабілеттілік үшін маңызды. Сөйтіп, тиімді сауда артық құжаттама жəне өзге кедергілердің əсерінен  қиындықсыз  Қырғызстан экономикасын елеулі түрде жақсартады.

Жалпылай алғанда, Қырғыз тəжірибесінің ДСҰ-ға мүшелігіндегі экперименті аймақ мемлекеттеріне өзіндік экономикалық даму дəрежесіне сай сыртқы басым қадамдарда тиянақты болуды көрсеткендей. Сонымен қатар аймақ қауіпсіздігінің де қазіргі уақыттағы сыртқы тарап арқылы қамтамасыз етілу жағдайы да геоэкономикалық мəселелердегі ашықтыққа бармау талаптарын тудырғандай.

 

Əдебиеттер

 

  1. Отчет Исследовательско-консалтингового агентства СИАР по заказу Регионального проекта USAID по либерализации торговли и таможенной реформе. – 2010. – С.
  2. Джумалиев М. Опыт Киргизии во Всемирной Торговой Организации. Седьмой Евразийский Бизнес Саммит. Франция. 5-6 июня 2006. – С.
  3. Бияров М. Отдельные вопросы вхождения Киргизии в ВТО. – Алматы: Экономика, 2000. – С.144.
  4. Мантусов В.Б., Мишаков С.С. Страны СНГ в ВТО: процесс вступления, проблемы, перспективы. – М.: Научная книга. – С.119.
  5. Князев А.А. Интеграционные  проекты и геополитическое соперничество в Центральной Азии // Проекты сотрудничества  и интеграции для Центральной Азии: сравнительный  анализ,  возможности  и перспективы/ под ред. А.А. Князева. – Бишкек.: Изд. дом Кыргызстана, 2009. – С.  411.
  6. Асанова А.  Трамплин  на  мировой  рынок: Внешнеторговая политика Кыргызстана в системе ВТО // Рынок капиталов Кыргызской Республики. – 2002. – №11. – С.32-34.
  7. Токбаева А.  Членство  Киргизии  в ВТО:подводя  итоги,  размышляя  о  перспективах  //Бизнес-Киргизия от 05.10.2009. – C.  8-9.
  8. Андрюшина Е. Это сладкое слово ВТО //Континент. – 2007. – №10. – C. 12-13.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.