Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қытайдағы кибер-национализм феномені мен оның ерекшеліктері

Интернеттің Қытайда кең таралуы қытайлық кибер-национализм құбылысының пайда болуына алып келген болатын. Бұл құбылысты түсіну үшін ең алдымен Қытайдағы ұлтшылдықтың ерекшеліктерімен танысқан дұрыс болады. Жалпы национализм тарихи тұрғыдан алғанда салыстырмалы түрде жаңадан пайда болған феномен ретінде қарастырылады. Ол Еуропада Француз революциясынан кейінгі ұлттық мемлекеттердің пайда болуымен пара-пар келген болатын. Ұлттық-мемлекет институтын әлем халықтары қабылдаған сайын ол дүниежүзінде кеңінен тарайды. Адамдардың сана-сезімінің ұлттық идентификация бағытында дамуы олардың басқа дүниетанымдық принциптерге қарағанда өздерін белгілі бір ұлтпен ассоциациялануына алып келеді.

Ал қытайлық национализм басқа елдерге қарағанда өзінің шығу тегі, белгілері, әрекет  ету модельдері мен саяси приоритеттері жағынан  ерекшеленеді.  Американдық  зерттеуші   Д. Шамбоның сипаттауы бойынша оны «қорғанушы национализм» деп атауға болады [1]. Чжао Суйшенның характеристикасы бойынша қытайлық национализм «ұлттық қорланудан туындаған» және «жәбір көргендердің ұлтшылдығы» болып табылады [1, С.15]. Қытайлық национализм ұлттық намыс пен шетелдік қысымға деген қарсылық көрсетуге бағытталған ұмтылыстан туындар отыр. Қазіргі Қытайдың саяси-қоғамдық өмірінде осындай сипаттағы национализмнің күшейіп бара жатқандығын анық байқауға болады. Бұл үрдіс 1989 жылғы Тяньаньмэнь оқиғаларынан кейін басталған болатын. Ол бір жағынан мемлекет пен партия тарапынан патриоттық риториканының күшеюі мен екінші жағынан мемлекеттік биліктен тыс, қоғамдағы националистік дискурстың кең таралуы арқылы көрініс тауып отыр. Қоғамдық өмірдегі национализмнің ең жарқын мысалдары ретінде интернеттегі националистік дискуссиялар мен қалалық жастардың националистік ұрандармен жаппай акциялардың ұйымдастыруын айтуға болады.

Қытайдағы кибер-национализмнің пайда болуына байланысты түрлі пікірлер  айтылуда. Кейбір зерртеушілердің пікірі бойынша ұлтшылдық дискурстың кең таралуы Қытай Коммунистік партиясының саналы түрде жүргізіп отырған саясатының  нәтижесі  бо-  лып табылады. Бұл тұжырым бойынша Қытай

Коммунистік   партиясы   өзінің   легитимдігін күшейту мақсатында ұлтшылдық күн тәртібін біртіндеп енгізіп, Қытай Халық Республикасын басқа мемлекеттерге қарсы қою арқылы қоғам мен әсіресе жастарды біріктіруге ұмтылып отыр. Бірақ бұл гипотезаның осал жақтары жеткілікті. Біріншіден, Қытай Коммунистік партиясының идеологиясы ұлтшылдық емес патриотизмге бағытталған. Яғни ол басқалармен күресуді  емес  өз  елін  сүю  идеясын  бірінші орынға қоюда.

Екіншіден, национализм Қытай Коммунистік партиясына көбінесе немқұрайды немесе скепсиспен қарайтын жастардың арасында кең таралған. Националистік дискурстың интернетте кең таралуы да осының дәлелі болып табылады. Себебі, қазіргі блогосфера мен басқа да әлеуметтік медиа мемлекеттің тікелей бақылауына жатпағандықтан ол жерде еркін пікір алмасуға  болады.  Ресми  идеологияға  сай келмейтің идеялар үшін жаңа ақпараттық кеңістік өте ыңғайлы платформаға айналады.

Үшіншіден, Сю Удың айтуы бойынша национализм ешқашан да status quo-лық идеология болған емес. Қытай Коммунистік партиясы қолдап отырған патриотизмге қарағанда ұлтшылдық өзін-өзі идентификациялау мен ұлттық талаптарға деген көңіл толмаушылықтан шығып отыр [1,С.125].

Сонымен қатар Қытайдағы национализмнің кең таралуын осы елдегі модернизациялық процесстермен де байланыстыруға болады. Соңғы 20 жыл ішінде қайтадан ұлы державаға айналып келе жатқан Қытай модернизация тудырған екі қиындыққа тап болды. Біріншісі, экономикалық, яғниорталықтандырылғанжәнеаграрлықшаруашылықтан индустриализацияланған нарықтық экономикаға жылдам ауысу процессінің шығынсыз өтуі екітіалай болды. Екіншісі, социеталды проблемалар, яғни конфуцийлік әлеуметтік философия мен синоцентристік мәдени дәстүр реформалар кезеңінде шетелдік идеялар, құндылықтар жүйесі және саяси философиямен қақтығысқа түскен болатын. Глобализациялық трендтер мен шекарасыз ақпараттық технологиялар Қытайдың сыртта жатқан әлеммен арақатынасын күрделендіріп жібереді. Қытай секілді көне өркениет пен Қытайдың ықпалды әулеметтік тобы болып табылатын кибер-националистердің жаңа әулеметтік-экономикалық  талаптарға  деген реакциясы өз алдына бөлек зерттеуді қажет ететін проблема болып табылады.

Қытайлық жастардың даму тенденциялары олардың көпшілігінің ұлтшылдық идеяларына жақын болып, Қытайдың үстемдігі мен өз елінің тарихи қарсыластарына (Жапония, Америка Құрама Штаттары, Тайвань мен Үндістан) деген теріс көзқарастардың күшейгендігін көрсетеді.

Кибер-национализмнің дамуы Қытай Халық Республикасының сыртқы саясат, ғылым мен техникадағы үлкен жетістіктерге жетуімен тұспа-тұс келіп отыр. Интернеттегі және дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарындағы националистік публикациялар саны Қытай ғарыш кемелерін ұшырғанда немесе басқа елдермен қарым-қатынастары ушыққан кезде күрт өсе бастайды. Қытай қоғамындағы ұлтшылдық тенденциялардың нығаюы қытайлық интернетте ерекше айқын байқалуда. Осыған байланысты «кибер-национализм» немесе «жастардың кибер национализмі» деген арнайы терминдер де қолданысқа енгізілген болатын. Бұл терминдер бір жағынан Қытай қоғамындағы интернет маңызының өскендігін көрсетіп, екінші жағынан ұлтшылдық қозғалыстың жастық және жыныстық ерекшеліктерін көрсетеді.

Қытайдың интернеттік ақпараттық орталығының зерттеуі бойынша осы елдің интернет аудиторисының 70% жуығын оқушылар, студенттер мен жас мамандар болып табылатын ер адамдар құрайды  екен.  Олардың  56% 24 жастан төмен және барлығы дерлік қалалық тұрғындар болып табылады [2].

Кибер-национализмнің кең таралу себептерінің бірі ретінде қытайлық жастардың интернетті еркін пікір алмасу алаңы ретінде қарастыратындығы айталады. Дәсүрлі ақпараттық құралдарға қарағанда (мемлекеттік және жеке меншік газеттер мен телеарналар) интернеттегі мемлекеттің ықпалы шектеулі болғандықтан бір-бірінен үлкен қашықтықта орналасқан адамдардың еркін түрде ақпарат  пен пікір алмасып, олардың ортақ саяси позициясының қалыптасуына алып келген болатын.

Кейбі зерттеушілер осы жағдайды 19 ғасырдың соңында шетелдік ықпалдың күшеюіне жауап ретінде пайда болған «Ихэтуань» қозғалысымендесалыстырады. Біраққазіргі ұлтшылдық қозғалыстың мұқият қарағанда басқа  себептермен  пайда  болғандығын көруге болады. Бұл жерде ең алдымен экономикалық факторларды ескеру қажет.

Нарықтық экономиканың дамуы Қытай қоғамындағы әулеметтік теңсіздіктің өсуіне алып келген болатын. Мысалы 2012 жылы Қытай Халық Республикасы азаматтарының 1% жеке меншіктегі активтердің 32% пайызын иеленген болатын. Ал Джини коэффиценті 0,474 жетеді [2, С.2]. Қытай Халық Республикасының статистикалық қызметінің айтуы бойынша бұл коэффициенттің 0,47-0,49 диапазонында болуы әулеметтік теңсіздіктің салыстырмалы биік деңгейге жеткенін көрсетеді. Зерттеушілердің пікірі бойынша 0,4 коэффициенті әулеметтік теңсіздіктің қоғам ішінде ашық бас көтеруге шығуына алып келетін көрсеткішіне сай келеді [2, С.4]. Әулеметік теңсіздік пен ақпараттықкоммуникациялық технологиялардың кең таралуы Қытайдағы жастар ұлтшылдығының пайда болуының басты себептерінің бірі болып табылады

Кибер-национализм жастардың техникалық жағынан білікті, білім деңгейі жоғары және ақпараттық ортаны кең пайдаланатын бөлігін қамтып отыр.

Шартты түрде алғанда қытайдағы кибернационализмнің алғашқы көрінген кезеңі 1999-2001 жылдары басталған болатын. Косово дағдарысы барысында Белградтағы Қытай Халық Республикасы елшілігінің бомбалануы мен Ауғанстандағы Америка  Құра-  ма Штаттарының кампаниясы Қытай қоғамындағы ұлтшылдықтың күшеюіне алып келеді. Қытайлық кибер-национализмнің ерекшеліктеріне келетін болсақ олардың ішінен мыналарын көрсетуге болады:

  • Қытай мен оның жетістіктері үшін шексіз мақтаныш;
  • Қытай өкіметінің сыртқы саясат пен қорғаныс саясатына қатысты жалпы алғанда оң көзқарас пен оның саясатын қолдау;
  • кибер-националистер батыстық мәдениет пен тұрмыс салтын қабылдағанмен бастыстық саяси идеологияға мүлдем қарсы болып отыр.

Интернеттегі национализмнің өзектілігіне келетін болсақ ресейлік автор Д. Регентовтің айтуы бойынша Қытайдағы демографиялық өзгеріс яғни жастар санының қысқаруы мен егде адамдар үлесінің артуы (2050 жылға қарай қарт адамдар Қытай халқының 1/4 бөлігін құрайтын болады)  болашақта  қазіргі  ұлтшылдық  көзқарастағы жастардың өкімет пен қауіпсіздік органдарының орта және жоғарғы звеносының көпшілігін құрауы мүмкін [2,С.5].

Бұған дейін қытайлық национализмнің көбінесе анти-жапондық сипаты туралы айтылып келгенімен оның басқа компоненттерінің арасында күшті анти-американдық дискурс, Қытаймен территориялар бойынша дауласып отырған мемлекеттерге қарсы бағытталған көзқарастар да кең таралған.

Сонымен қатар Тайвань мәселесін де ерекше атап өтуге болады. Қытайлық интернетте Тайваньға қатысты қарулы жолмен «оны азат теу» немесе «қосып алу» идеялары басым болып келеді. Бұл мәселе бойынша пікір-таластарда қытайлық аудитория көбінесе тайваньдықтарды сепаратистер, Қытайдың территориялық біртұтасығын қорлап отырған бүлікшілер деп атайды да, олардың «сазайын тарттыру» қажет деген ойлар жиі айтылады. Тайвань мәселесі бойынша дискуссияның жыл өткен сайын радикализациялануы айқын байқалып отыр.

Тайваньға қатысты күш қолдануға қарсы шығатындар немесе бұл мәселені бейбіт жолмен шешуге шақыратындар үнемі қатаң сынға алынып отырады. Кейбір провинцияларда бұл мәселені интернеттен жастарға арналған басылымдар беттеріне шығаруға да талпыныстар жасалған болатын. Бірақ жергілікті және орталық партия органдары бұл талпыныстарға дер кезінде шектеу қойып отыр. Оның орнына Қытай Халық Республикасының үкіметі Тайвань мен оған қатысты құрлықтық Қытайдың позициясы бойынша басқарылатын дискуссияны дамытуға күш салып отыр.

Бір жағынан алғанда кибер-национализмді тек виртуалды кеңістікте «өмір сүретін» жастар арасында ғана таралған маргиналды құбылыс деп қарастыруға да болады. Бірақ соңғы жылдары ұлтшылдықтың виртуалды кеңістіктен реалды өмірге де әсер етіп отырғандығын байқауға болады. Мысалы кейбір провинцияларда Пекин-Шанхай жүрдек темір жолын салу жобасына жапондық компаниялардың қатысуына қарсы қол жинау науқаны туралы кезінде көп жазылған болатын [2, С.4]. Бұл жерде бұқара өз еркімен және бірнеше провинцияны біріктірген масштабта нақты ұлтшылдық сипаты бар саяси бастаманы көтерген еді.

Ал Америка Құрама Штаттары мен  олрадың  одақтастарының  Югославияға  қарсы операциясының барысында Қытай елшілігіне соққы жасалғаннан кейін бірнеше күн ішінде Американың мыңдаған сайттарына қарсы шабуыл жасалған болатын. Американың энергетика министрлігі, Қытайдағы елшілігі мен әскери флоттың байланыс басқармасына қарсы жасалған щабуылдар нәтижесінде осы мемлекетке елеулі шығын келтірілген болатын.

Жапониямен тұрақты негізде орын алып отырған кризистер кезінде де қытайлық интернет пайдаланушылар жапондық сайттарға жаппай шабуыл жасап отырады. Қытай мен Жапония арасындағы территориялық дау-дамайлар (ең соңғысы Дяоюйдао арадарына байланысты) мен ІІ дүниежүзілік соғыстағы жапон қылмыстары Қытайдағы тұрақты антижапондық көзқарастардың сақталуына алып келіп отыр.

Қазіргі кезде Қытай басшылығы ұлтшылдық тенденцияларды қолдап отыр немесе онымен күресуге құлшыныс танытпай отыр деген ойлар кең таралған. Бірақ шын мәнінде бұл идея тым қарапайым болып көрінеді. Қытай үкіметі мен Қытай коммунистік партиясы жастардың арасында ұлтшылдық идеялардың пайдалы және теріс жақтарынан толық хабардар екендігі анық. Бір жағынан, жастардың ұлттық мақтаныш сезімін пайдаланудың арқасында мемлекет өзінің сыртқы саясат  пен  қорғаныс  саясаты-  на халықтың қолдауын қамтамасыз ете алады. Басқа жағынан алғанда, ұлтшылдықтың кең таралуы мемлекеттің халықаралық және аймақтық аренадағы беделіне үлкен нұқсан келтіріп, көптеген мемлекттердің ашық түрде антиқытайлық позициясын ұстану саясатын ақтап отыр. Сонымен бірге ұлтшылдық қозғалыс күшейген сайын оны сырттан басқару күрделене түсетіндігін де ескеру қажет.

Қытай басшылығы интернетті өте тиімді идеологиялық құрал  ретінде  қарастырып,  оның халыққа қол жетімділігі мен виртуалдық кеңістікті реттеу бойынша түрлі әкімшілік және экономикалық шараларды қолданып келеді. Бірақ экономиканың қарқынды дамуы мен Қытайдың жаһандық процесстерге сіңуінің күшейе түскеніне байланысты интернетті әкімшілік бақылауға алу мүмкіндіктері қысқарғаннан кейін үкімет өз күштерін тікелей виртуалдық өлшемге жұмылдыра бастайды.

Қоғамдағы националистік қозғалыстарды шектеудің тәсілдері ретінде билеуші партия  саяси инструменттерді қолданып отыр. Бұл саясат ұлтшылдық дискуссияны қолға алу мен бақылау (радио, теледидар мен баспасөз беттерінде) және жастар арасында идеологиялық жұмысты күшейту арқылы жүзеге асырылады. Бұл жұмыс көбінесе  жастар  шоғырланатын  жерлерде  яғни жоғарғы оқу орындарында күшейтіледі. Қытайдың көптеген университеттері мен жоғарғы мектептерінде комсомолдық және партия ұйымдарында ұжымдық сезімді күшейту мен халық пен партия бірлігін нығайту бойынша науқандар жүргізіліп отырады.

Қытайдағы ұлтшылдық дискурстың да-  муы XXI ғасырдың басында жаңа екпін  алады. 2001 жылдан бастап Қытай халықаралық аренада бірқатар ірі жетістіктерге жетеді: Қытайдың 2008 жылғы Олимпияда ойындарын қабылдайтын мемлекет болып сайланады, Шанхай қаласында Азия-Тынық мұхитының экономикалық ынтымақтастығының (АПЭК) форумы өтеді, Қытай Халық Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болады, футболдан Қытайдың ұлттық құрамасы бірінші рет әлемдік чемпионатқа жолдама алады. Осы жылды China Economy сайты Қытай ғасырының бірінші жылы деп атаған болатын [3].

90-шы жылдары орын алған вестернизацияны қабылдамау мен ұлттық және мәдени идентификацияның дағдарысының орнына енді Қытай үшін мақтаныш пен «жеңімпаздық» идеялары орын ала бастайды. Ұлттық сана-сезімдегі осы өзгеріс қытайлық жастардың ақпараттықкоммуникациялық технологиялар дамуының жемістерін сіңіре бастаған кезеңіне тұспа-түс келеді.

Интернеттің жастардың националистік көңіл-күйлерін жеткізудің құралы функциясы ретінде қалыптасуы өсіп жастардың мүлдем жаңа ақпараттық ортада,  интернеттің  олардың өмірінің ажырамас бөлігі ретінде болғандығының салдарынан туындап отыр. Интернетте көбінесе консьюмеристік іс-қимыл басым болғандығымен қатар ол Қытайдың жаңа саяси кейпін шыңдаудың тың жолына да айналады.

Қытай жастарының интернеттегі белсенділігі олардың жаңа ұлттық идентификациясын көрсетеді. Бұл ұлттық идентификация батыстың саяси идеологиясына қарсылық пен Қытай  үшін мақтаныш сезімдерінен құралып, дәстүрлі националистік дискурспен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері көп.

Батыс елдерінде Интернетті көбінесе еркін байланыс пен  өз  ойларын  жеткізу  құралы  мен авторитарлы/тоталитарлы режимдерді демократизациялаудың қуатты құралы ретінде қарастырады. Ал Қытайда ақпараттықкоммуникациялық    технологиялардың     саяси функциялараның  мұндай  интерпретациясы өзекті емес. Керісінше батыс елдеріндегі Қытайдың саяси режимі мен сөз бостандығына қатысты айтылып отырған сын пікірлері қытайлық жастар арасында үлкен наразылық тудырып, батыс елдерінің Қытайға қатысты саясатынайыптаукеңтаралған. Интернеттіңқытайлық сегментіндегі Қытайдың шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарындағы образына деген наразылық осы ел мен батыс мемлекеттеріндегі социеталды құндылықтардың мүлдем бөлек екендігін көрсетіп отыр. Қытайлық интернет пайдаланушылар үшін ел ішіндегі жағдай мен шетелдегі Қытай Халық Республикасының бейнесі арасындағы айырмашылық өте айқын және шындыққа жанаспайтын болып көрінеді.

2000-шы жылдардың ортасынан бері Қытайда қарқынды дамып келе жатқан блоггинг пен оның саяси әсерлері ғылыми тұрғыдан енді ғана зерттеліп келеді. Мысалы, қытайлық блоггерлердің  Америка  Құрама  Штаттары  мен басқа да батыс елдеріне деген ашу-ызасы Қытайдағы национализмнің дамуындағы жаңа тенденциялардың белгісі болып табылады. Қытайлық национализм бойынша дәстүрлі зерттеулер Қытай мен Батыс немесе Қытай мен Жапония дихотомиясының негізінде ұлттық идентификация мен ұлттық бейне мәселелерінде шоғарланып келген еді. Тек санаулы ғана зерттеулерде Қытайдағы национализм мен мемлекет, национализм мен демократизация мәселелерінде тоқталған болатын.

Жалпы қытайлық блогосфера қазіргі Қытайдағы билікке көбінесе сын көзбен қарағанымен, Қытайдың басқа мемлекеттермен қарым-қатынастарына келген кезде интернет    аудиториясының    басым    көршілігі өз үкіметінің ұстанып отырған саясатын толығымен қолдап шығады. Осы құбылысқа арналған зерттеулерде бұл жағдайды көбінесе Қытай Коммунистік партиясының ықпалы немесе тікелей араласуының салдары деген қарапайымдандырылған ойлар айтылып келген. Бұл  гипотеза  батыста  қалыптасқан Қытайдағы интернеттің демократиялық потенциалы туралы идеяны сақтауға бағытталған болатын.

Бірақ, 2005-2006 жылдардағы Қытайдағы блогосфераның дамуымен тұстас болған националистік толқын батыста қалыптасқан интернеттің демократиялық потенциялы туралы болжамдарының ақиқаттылығында үлкен күмән тудырады. Қытайдағы интернеттің таралуы мен жастардың қоғамдық белсенділігі демократизацияның орнына ұлтшылдық реакцияны тудыруы көптеген зерттеушілер үшін күтпеген жағдай болды. Қытайлық кибернационализмніңкөптегенөзіндікерекшеліктерін көруге болды. Мысалы, Қытайдағы адам құқықтарын бұзу мен интернеттегі цензура бойынша сынға алу қытайлық жастардың батысқа деген жек көрінішін тудырған болатын. Сонымен қатар, олар үшін саяси реформалар мен демократизация секілді мәселелердің өзектілігі онша жоғары емес болып келеді. Былайша айтқанда кибер-националистер үшін елдің сыртқы саяси мүдделерін қорғау мәселелері оны демократизациялау мен реформалауға қарағанда маңыздырақ болып көрінеді.

Қытайлық интернетті пайдаланушылардың арасындағы националистік идеологияның таралуын осы елдегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың саяси аспектілері тұрғысынан қарастырған дұрыс болады. Батыс елдерінде қытайлық интернет аудиторияны демократияға ұмтылып отырған және батыстың идеологиясын қолдайтын және өз мемлекетінің репрессивті саясатының құрбандары мен жалпы алғанда революцияшыл күш  ретінде  санайтын пікір қалыптасып қалған. Ал шын мәнінде блоггерлердің ұлтшылдық дискурсын олардың революцияны емес керісінше қоғамдық-саяси эволюцияны қозғаушы фактор ретінде де қарастыруға болады.

Қытайдағы интернеттің мемлекеттік цензураға қарағанда өзін-өзі реттеу қабілетінің басым келетіндігі көп жағдайда мүлдем ескерілмейді. Блогосфераның түбегейлі децентрализациясы әрбір ресурстың немесе автордың өзінің «жеке» цензуралық талаптарын енгізуіне мүмкіндік береді. Әрбір ресурс иесі өз аудиториясы үшін рұқсат етілген және тиым салынған тақырыптар, мәселелер мен тіпті жекелеген сөздерді де анықтауға толық һақы бар.

Батыс мемлекеттері, бұқаралық ақпарат құралдары мен бейүкіметтік ұйымдарының Қытайдағы ақпараттық мәдениет ерекшеліктерін түсінбеуі олардың көп жағдайда қытайлық аудиторияның намысына тиетін ақпарат таратуына алып келіп отыр. Осыған  байланы-  сты  ақпараттық  кеңістікте  «өмір  сүретін»  жас Қытай азаматтарының көпшлігі үшін  құқық қорғаушылық немесе либералдыдемократиялық дискурс Батыстың ел ішіндгі жағдайға қол сұғушылығымен байланысты ассоциациялар тудырып келеді.

Батыста қалыптасқан пікірге сай Қытайда сөз  бостандығы  шектеліп  отыр.   Өз   алды-   на мұндай тұжырымдар қытайлық интернетаудиториясының арасында ашу-ызаға алып келеді. Бұл қайшылық Қытай мен Батыс арасында сөз бостандығына қатысты  мүлдем  бөлек түсініктердің бар екендігін көрсетіп  отыр. Қытайлық жастар өздерін алдыңғы ұрпақтармен салыстырғанда сөз бостандығын толығымен пайдаланып отыр деп санайды [4]. Олардың пікірі бойынша экономикалық реформалар тудырған қазіргі жағдай адамдардың өздерінің жеке мақсат-мүдделеріне жету үшін қажетті еркіндік беріп отыр. Бұл жердегі  басты ерекшелік – экономикалық дамуға қажетті интернеттегі бостандық Қытайда осы елдің мәдениетіне тән өзін-өзі реттеу мен қажетті көлемде бостандықты шектеуде болып отыр.

Батыстық зерртеушілерге мұндай мәдени айырмашылықтарды түсіну қиынға соғып отыр. Олар  сырттан  келіп  отырған   мәжбүрлеусізақ қытайлықтардың өздерінің сөздері мен қимылдарын өздері бақылап және шектеп отыратындарын түсіне бермейді. Қытай халқы өздерінің қазіргі жағдайына көңілі толып, саяси жүйенің сақталуы жағдайындағы жеке еркіндіктің артуына қанағаттанып жүргенін естен шығармау қажет.

Батыста қалыптасқан көз-қарастар бойынша цензураның кез-келген формасы мен дәрежесі сөз еркіндігінің шектелуін алып келеді. Либералдық-демократиялық дискурс осыған байланысты сөз бостандығын барын-  ша қолдауға және қорғауға шақырады. Ал Қытайда керісінше цензураның батыс елдерімен салыстырғанда анағұрлым қатаң болуына қарамастан тұрғындардың көпшлігі шектеулі сөз бостандығын өздеріне қолайлы деп табады.

Қытайдың модернизация саясатын алып қарайтын болсақ осы елдегі либерализацияның жоғарыдан төмен келе жатқандығын көруге болады. Қытайдағы ақпарттық саладағы либерализация көбінесе экономикалық реформалардың әсерінен пайда болып, мемлекет пен қоғамда оған деген саналы ұмтылыс байқалмаған еді.

Қытайдағы кибер-национализмнің ықпалына келетін болсақ оның потенциалы 2008 Пекин олимпиядасының алдында анық көріне бастады. Олимпияда алдында Тибеттегі саяси жағдай шиеленісіп жергілікті тұрғындар мен полиция арасында қақтығыстар орын алған болатын. Осы орайда батыстың бұқаралық ақпарат құралдарында Қытайдағы демократия мен адам құқықтары бойынша сын айтылып, Қытай Халық Республикасының үкіметін айыптайтын материалдар көптеп пайда бола бастайды.

Осы жағдайға куәгер болып отырған интернет-аудитория шетелдік жаңалықтарда фактілерді  ауыстыру,  ақпаратты  бұрмалау мен фото-видеоматериалдарды монтаждау оқиғаларын байқай бастайды. Батыс елдеріндегі Қытайға қатысты ақпаратты бұрмалауға қарсы тұру үшін қытайлық блоггерлер «AntiCNN» секілді қауымдастықтарды құрып, мыңдаған адамдардың күшімен осы бұқаралық ақпарат құралдарының объективті емес ақпарат таратқандығын мойындатқызады [4,С.17].

Осы мысалдан көріп отырғанымыздай жаппай және ұйымдасқан виртуалдық қозғалыстың немесе ұйымның күшімен мемлекеттердің сыртқы саясаты мен халықаралық қатынастарға да елеулі әсер етуге болады.

Бірақ кибер-национализм салыстырмалы түрде жаңа құбылыс болғандықтан оның нақты сыртқы және ішкі саяси потенциалы мен әсерін нақты өлшеп оған қатысты болжаулар жасау қиынға соғып отыр. Виртуалды әулеметтік топтардың құрылу мен таралу жылдамдығы, олардың белгілі бір міндетті орындау үшін ғана құрылуы, сан жағынан тұрақсыздығы оларды зерттеуді қиындатуда.

Ақпараттық технологиялардың таралуының саяси салдары да өте күрделі болып келеді. Қытайдағы кибер-национализм үлгісінің негізінде біз ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың демократизацияны алға итеруші күш ретіндегі идеяның барлық мемлекеттерге қатысты бірдей қолданыла бермейтіндігін көріп  отырмыз.  Осы  мысалдан шығатын басты қорытынды – мемлекеттің қауіпсіздік түсінігі түрлі мәдениеттер мен мемлекеттер үшін бөлек болуы мүмкін. Қытай үшін ақпараттық қауіпсіздік тек технологиялық, инфрақұрылымдық мәселелермен шектелмей саяси, экономикалық және идеологиялық проблемаларды қамтитын кешенді ұғым болып табылады.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Xu Chinese cyber-nationalism: how China’s online public sphere affected its social and political transitions. – Florida: UniversityofFlorida, Gainesville, Florida, US, 2005.– 326p.
  2. Регентов Д. «Сетевой национализм» Китая // blog.sina.com.cn:<http://blog.sina.com.cn/s/blog_53bcfae00100a9vy.html>, Accessed: 10.03.2013
  3. Year of China//China Economy: <http://www.ce.cn/id000368.html>, Accessed: 07.2003
  4. Ying Cyber-Nationalism in China: Challenging Western Media portrayals of Internet censorship in China. – Adelaide: University of Adelaide Press, Adelaide, Australia, 2012. – 142 p.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.