Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

АҚШ­-тың Орталық Азияға қатысты саясаты: іске асыру мүмкіндіктері мен болашағы

Орталық Азия елдері өздерінің тәуелсіздіктеріне қол жеткізген сәттен бастап әлемдік алпауыт мемлекеттердің мүдделері тоғысқан аймаққа айналды. Сондай мемлекеттердің бірі қазіргі кездегі әлемдегі бірден-бір қуатты мемлекет АҚШ болып табылады. Орталық Азияны АҚШ ұзақ уақыттан бері өзінің ұлттық мүдделері бар аймақтардың бірі екендігін осы күнге дейін жасырған емес. Вашингтонның Орталық Азияға қатысты мұндай ерекше қатынасына серпін берген факторлардың қатарында КСРО ыдырауын, әлеуметтік-экономикалық жағдайы әлсіз және ешқандай әскери-саяси доктринасы жоқ орта азиялық тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуын атауға болады.

Алайда, АҚШ-тың аймақтағы республикаларға қатысты бастапқы іс-әрекеттерінде дәйектілік пен бірізділік байқалмаған болатын. Бұның себебін АҚШ-тың сыртқы саяси бағдарламаларын жүзеге асыру көптеген жағдайларда Ақ үйде қандай партияның жетекшісі президенттің орын тағын иеленгендігімен түсіндіруге болады. Мысалы, 1992 жылы АҚШ-тың кезекті Президентін сайлайтын жылы президенттікке үміткерлер үшін Орталық Азияға қатысты американ сыртқы саясатын жүзеге асыруға өте қолайлы жыл болды. Себебі президенттіктен үміткерлер Орталық Азияға қатысты өздерінің көзқарастарын сайлау қарсаңындағы науқан барысында жайып салған болатын.

Дегенмен, аталған кезеңде Вашингтон басты назарын өзінің ұлттық қауіпсіздігімен тікелей байланысты мәселелерге аударды. Бұл жерде Вашингтон үшін ең маңызды мәселе КСРО ыдырауы салдарынан пайда болған ядролық қаруды иеленген жаңа үш мемлекеттің біреуі болып табылатын Қазақстан Республикасының Орталық Азияда орналасуы, АҚШ-тың аймаққа деген қызығушылығын арттыра түсті. Бірақ көп ұзамай 1992 жылдың мамырында Қазақстан СШҚ-1 шартының қосымшасы болып табылатын Лиссабон протоколына қол қойды. Бұл шараның нәтижесінде Қазақстан Нанна-Лугар бағдарламасы («Қатерді бірлесіп азайту бағдарламасы», «Cooperative Threat Reduction Program») бойынша бөлінетін американдық көмекті алуға қол жеткізген мемлекеттердің біріне айналды. Бұл бағдарламаның мақсаты континентаралық баллистикалық зымырандардың шахталарын демонтаждау, сондай-ақ, қазақстандық аса байытылған уранды АҚШ-қа тасымалдау болатын. Бұл мақсатты жүзеге асыруда еуропалық төрт донор мемлекеттердің бірлескен қаржысынан әлдеқайда асып түсетін қыруар бөлігін (80 млн долл.) АҚШ бір өзі бөлді [1].

Б. Клинтонның билікке келуі АҚШ-тың Орталық Азия республикаларына қатысты саясатының жаңа кезеңінің басталғанын білдіреді. Бұл саясаттың басты мақсаты және бағыты Ресей Федерациясының Орталық Азиядағы ықпалын әлсірете отырып, аталған аймаққа АҚШ-тың терең бойлай енуін қамтамасыз етуі болатын.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Орталық Азияда пайда болған қақтығыстарды реттеу мәселесіне келер болсақ, онда Б. Клинтон әкімшілігі бұл қақтығыстарды реттеу процесін толығымен өз қолына алуға дайын екендігі туралы мәлімдеме жасады. АҚШ өзінің бұл мақсаттағы шараларының пәрменділігін арттыру мақсатында 1993 жылдың тамыз айында Дж. Колинзді ТМД территориясында орын алған қақтығыстарды реттеуді өз қолына алатын арнайы үйлестіруші ретінде тағайындады. Сол жылы АҚШ-тың мемлекеттік департаментінде осыған сәйкестендірілген бөлім құрылды. Вашингтонның бұндай шаралары Достастық елдерінің қақтығыстарды реттеу мақсатында құрылғын «ішкі» өз күштерін

«интернационалды» көптарапты бітімгершілік күштермен ұзақ мерзімге ауыстырумен аяқталды. Көптарапты бітімгершілік шаралар ауқымынан Ресейді ашықтан-ашық шеттету немесе оның ықпалын айтарлықтай шектеу АҚШ-тың сол кездегі Орталық Азияға қатысты жүргізген сыртқы саясатының басты бағыттарының бірі болды. АҚШ-тың қазіргі кезеңдегі сыртқы саяси стратегиясының үшінші мақсатты жоспары (елдің гүлденуі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар) әлемде демократияны алға жылжыту болып табылады. Американдық нұсқа бойынша әлемді демократиялық жағынан қайта құру баяғыдан бері АҚШ-тың сыртқы саясатының негізгі белгілерінің бірі болғандығына қарамастан, бұл міндеттерді ресми саясат деңгейіне дейін көтеру соңғы жылдардағы бұл елдің халықаралық жүйе мен тәртіпке енгізуге ұмтылыс танытқан жаңалықтарының бірі болып саналады. Алғаш рет «әлемдік еркін нарықтық демократиялар қауымдастығын ұлғайту стратегиясын» Ақ үй 1993 жылы «тежеу» стратегиясының орнын басу мақсатында ұсынған болатын. Аталмыш стратегияда («әлемдік еркін нарықтық демократиялар қауымдастығын ұлғайту стратегиясы») толысқан нарықтық демократиялар қауымдастығын нығайту, жас демократиялы елдерді қолдау және  топтастыру,  сондай-ақ,  антидемократиялық режимдерге оларды бір мезгілде ырықсыздандыра отырып, қарсы тұру. Соңғы жылдары алға қойылған міндеттер біршама өзгерістерге ұшырағанымен, демократияны ілгері бастыру АҚШ сыртқы саясатының маңызды басымды саласы болып отыр.

Америка үшін дәстүрлі болып табылатын демократияны тарату мейлінше қолайлы және қауіпсіз ортаның ұлғаюын білдіреді деген сенім, соңғы уақытта «демократиялық әлем» мектебі тарапынан қосымша қолдауға ие болды. Бұл сенімнің негізгі постулаты демократиялық құрылымды мемлекеттер бейбітшілік сүйгіш болып келеді деген көзқарасқа негізделген. ХХ ғасырдың басында президент В. Вильсон мен оның жақтастары «демократия үшін дүниені қауіпсіз ету» деген идеалистік ұранды ұсынса, қазіргі заманғы вильсоншылдар мейлінше прагматикалық мақсатты – демократияның көмегімен дүниені қауіпсіз етуді көксейді. «Демократияны ілгерілетудің» екінші бір негіздемесі, «қырғи-қабақ» соғыс пен коммунистік жүйенің күйреуінен соң әлемде батыстық демократия серпінді дамудың бірден-бір жұмыс істеуші моделі болып табылады деген ұстаным. Олар (батыстық демократиялық модельді жақтаушылар) барлық елдер бұл модельге өздерінің мәдени және әлеуметтік ерекшеліктеріне қарамастан ұмтылулары керек деген көзқарасты берік ұстанады. Міне осылай, АҚШ-тың ірі либеральды-демократиялық қуатты мемлекет ретіндегі миссиясы демократияның жаһандық үдерісін ынталандырып, оны бағыттаудан көрініс береді. Аталмыш рөлдің белсендірілуі айтарлықтай деңгейде ұлан-байтақ посткеңестік кеңістіктің пайда болуына алып келді.

Бұл пікірді кеңінен талқылайтын болсақ, онда демократияны ілгерілету көптеген құрамды бөліктерден тұратын кешенді іс-қимыл бағдарламасы ретінде қарастырылады. Оның құрамына әскери-саяси және экономикалық шаралар жатады. Мысалы, НАТО-ның ұлғаюы осы бағыттағы маңызды реформа ретінде түсіндіріледі. Демократияландыру мен экономикадағы нарықтық реформаларға және экономикалық интеграцияларға қолдау көрсету жас демократиялық елдерді топтастырудың алғышарттарымен тығыз байланыстырылады.

Тар ауқымда алғанда, АҚШ-тың сыртқы саясатында «демократияны ілгерілету» дегеніміз – бірқатар министрліктер мен ведомстволардың американдық нормалар мен демократиялық институттарын өзге елдердің заңнамалары мен тәжірибесіне енгізу дегенді білдіреді. Бұл жерде осы мақсаттарды жүзеге асыратын негізгі құрал адам құқытарын, ашық әрі таза сайлаудардың өткізілуін, азаматтық қоғамды нығайту және режимдер мен мемлекеттік органдардың халық алдында есеп беруін қамтамасыз ету бағытында техникалық және қаржылай көмек көрсететін «Халықаралық даму агенттігі» болып табылады.

«Демократиялық ноу-хауды» тарату жұмыстарына АҚШ-тың өзге де мемлекеттік мекемелері (әділет және қорғаныс министрліктері мен мемлекеттік департамент), сондай-ақ, қоғамдық ұйымдар, соның ішінде, кәсіподақтар қатысады. ХХ ғасырдың 90-жж. мемлекеттік аппараттың әртүрлі деңгейлерінде бұл қызметтің институционализациясы іске асырылды: Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде демократия, адам құқықтары және гуманитарлық мәселелер бөлімдері, мемлекеттік департаментте – демократия, адам құқықтары және еңбек (мемлекеттік хатшының жаһандық мәселелер жөніндегі жаңа орынбасарына бағындырылған) бюролар пайда болды. 1993-1994 жж. Клинтон әкімшілігі елдік принциптен функциональдық прициптерге көше отырып, шетелдерге көрсетілетін бүткіл көмектің барлық құрылымын өзгертуге әрекет жасады. Бұл көмектің бағыттарының бірі «демократияны құру» болуға тиісті болды. Бірақ реформа АҚШ конгресінде қолдау таппағандықтан, осы саладағы әртүрлі жоспардағы әрекеттерді үйлестіру мәселесінің көпшілігі осы күнге дейін өз шешімін таппай келеді.

Американдық   сарапшылардың  пікірінше, «демократияны ілгерілетудің» ресми мәртебесінің жоғарылығы мен құлашының кеңдігіне қарамастан, бұл концепцияны АҚШ сыртқы саяси стратегиясындағы әскери-саяси және экономикалық шаралармен теңестіруге келмейді. Бұған аталмыш концепцияның жұмсақтығы, нақты белгілері мен анықталған мақсаттарының болмауы, сондай-ақ, оның «кеңестік қатерді тежеу» концепциясымен салыстырғанда жұмылдыру күшінің жеткіліксіздігі кедергі келтіруде. Не қоғамдық  пікір,  не  АҚШ-тың  элиталық топтары «демократияны ілгерілету» концепциясын елдің сыртқы саясатының басымды бағыты ретінде қабылдамайды.

Аталмыш концепцияны іс жүзінде жүзеге асыру шектеулі күйінде қалуда. Мұның басты себебі, АҚШ өзінің іс-әрекеттерінде дәстүрлі геосаяси немесе экономикалық себептерді жиі басшылыққа алады. Бұның жарқын мысалы ретінде – 1994 жылы Қытайға бұл елдегі адам құқытарының жаппай аяққа тапталғандығына қарамастан, мейлінше қолайлы режимін беру, сондай-ақ, АҚШ-тың өзінің стратегиялық одақтастары – Сауд Арабиясы, Кувейт, Түркия және бірқатар елдермен оларда авторитарлы режимдер билік басында отырғандығына қарамастан, тығыз қатынаста болуын келтіруге болады. Қорыта айтқанда, бұл бағытта шығындардың бөлінуіне қарап, «демократияны ілгерілету» Латын Америкасы мен посткеңестік кеңістіктегі жас мемлекеттерге тартылып жатқандығына көз жеткізуге болады.

Күштердің геосаяси орналасуына келер болсақ, АҚШ-тың Орталық Азияға қатысты сыртқы саясатындағы басымдықтардың бірі – аймақтағы мейлінше маңызды республикалар болып табылатын Қазақстан мен Өзбекстанды одан әрі қарай Ресейден алшақтату саясаты болғандығы белгілі. Ескере кетер бір жайт, АҚШ аталған екі республикаға қатысты екі түрлі саясат ұстанды. Мысалы, 1996-1997 жж. дейін Вашингтон, Өзбекстанға қатысты республикада адам құқықтарының бұзылуына байланысты әліптің артын бағушылық саясат ұстанып келсе, АҚШ сол кездің өзінде-ақ Қазақстанмен тығыз ынтымақтастық қатынастар орнатуға бағыт алды. Мысалы, 1994 жылы АҚШ, Қазақстанмен «берік, ұзақ мерзімдік достық, өзара түсіністік пен сенімділік және құрметтеуге» бағытталған тараптардың мәлімдемесі көрініс тапқан «Демократия саласындағы ынтымақтастық туралы Хартияға» қол қойды [2]. Бұл сөз жоқ сол кездегі АҚШ дипломатиясының Орталық Азияға қатысты ұстанған саясатындағы үлкен табыс болатын.

Ал АҚШ-тың Өзбекстанмен қатынастарына келсек, жағдай күрделілігімен сипатталады. ХХ ғасырдың 90-ж. бірінші жартысында Ақ үй И. Каримовтың саясатына аса сақтықпен қарап, республикада адам құқықтарының сақталмау жағдайларына қатысты Өзбекстан жетекшілігінің атына жиі-жиі сын айтумен, ал кейде, ашықтан-ашық айыптаумен болды. Ал ресми Ташкент өз кезегінде Вашингтонды егемендік пен ішкі іске араласпау ұстанымдарын бұзды деген қарсы айыптаулар айтумен келді. Мысалы, 1992 жылдың тамызында И. Каримов Ташкенттегі АҚШ елшілігін оппозиция өкілдерімен байланыс орнатқаны үшін және елдің ішкі саяси жағдайын тек оппозиялық тұрғыдан бағалауда деп қатаң сынға алды.

Бірақ жоғарыда аталған келеңсіз оқиғалар екі елдің арасында экономика саласында бірқатар келісімдер жасауға кедергі болған жоқ. Мысалы, 1992  жылы  өзбек  алтынын  өндіру мақсатында «Заравшан-Ньюмонт» деп аталатын бірлескен кәсіпорын құрылды. Сонымен бірге, 1995-1997 жж. Ташкент пен Вашингтон арасында мейлінше тығыз қатынастар орнатылған жылдар болып есептеледі. Мұндай жағдайға әсер еткен себептердің қатарында: Өзбекстандағы ресми саяси жетекшілік (басқарушы режим) өзара тіл табыса білді. Нәтижесінде алғашқы посткеңестік жылдарда Өзбекстанда қалыптасқан оппозиция («Бірлік» қозғалысы мен «Ерік» партиясы) өзбек қоғамына ықпал ету мүмкіндігінен айрылды.

Қазақстанға арқа сүйемек болған АҚШ-тың әрекеті бұл республиканың өзінің сыртқы саясатында ашықтан-ашық антиресейлік позиция ұстанудан бас тартуына байланысты бірқатар өзгерістерге ұшырады. Қазақстаннның бұндай ұстанымы Ақ үйді Орталық Азия аймағында жаңа әріптес іздестіруге мәжбүр етті. Осы мақсатта АҚШ ендігі жерде Өзбекстанмен қарымқатынасын дұрыс жолға қоюды қолға ала бастады. Ауғанстанда Талибан режимінің пайда болуы, Ташкентті Вашингтонның маңызды стратегиялық әріптесі ретінде алға шығуына әсер етті. Бұның бірнеше себебі болды. Біріншіден, Өзбекстанның Ауғанстанмен шекаралас орналасуы. Екіншіден, Ауғанстанда Талибанға қарсы айтарлықтай өзбек диаспорасының болуы. Осы аталған факторлардың нәтижесінде Орталық Азиядағы геосаяси жағдай Өзбекстанның АҚШтың орта-азиялық аймақтағы стратегиялық әріптесі болуымен өзгерді.

Осы өзгерістердің ресми мойындалуының белгісі ретінде Б. Клинтон мен И. Каримовтың 1996 жылдың маусымындағы алғашқы кездесуін айтуға болады. Сыртқы саяси бағыттың өзгеруінің артынша-ақ, Ташкенттің әскери саясаты да айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Ташкенттің әскери саяатында АҚШ-пен екі жақты қатынастарды дамытуға үлкен мән беріле бастады. Нәтижесінде Өзбекстан НАТО-ның «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасының Орталық Азиядағы ең белсенді қатысушыларының біріне айналды [3].

Ташкенттің бұндай саясат ұстануындағы мақсаттарының бірі Ауғанстандағы ақуалдың шиеленісе түсуі салдарынан ішкі ауғандық қақтығыстардың өзбек территориясына ойысуы орын алған жағдайда АҚШ тарапынан қауіпсіздік кепілдіктерін алу болатын. Оның үстіне 19971999 жж. Ферғана алқабында Өзбекстанның исламдық қозғалысы экстремистерінің белсенді әрекеттері Ташкентті АҚШ-пен әскери байланыстарын мүмкіндігінше берік қалыптастыруға итермеледі. Бірақ АҚШ-тың іс жүзінде Өзбекстанға жан-жақты қамтылған әскери қауіпсіздік кепілдігін (американ-жапон үлгісіндегі) бермеуі, Ташкент саясатының ең басты мақсатына қол жеткізілуіне кедергі келтірді.

Бірақ осыған қарамастан, АҚШ-тың Өзбекстан территориясында одан әрі тұрақтануының көлемі мен сапасы арта түсті. Мысалы, 1997 жылдан 2005 жылға дейін АҚШ қарулы күштерінің контингенті Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан қатысуымен құрылған орта-азиялық бітімгерлік батальонның жаттығуларына қатысуының белсенділігін арттыра түсті. 1996 жылдан 2005 жылға яғни, Андижан оқиғасына дейін, АҚШ жыл сайын өзбек армиясын дамыту мақсатында белгілі бір көлемді қомақты қаржы бөліп келді.

Дегенмен көп ұзамай-ақ, Вашингтонның Орталық Азиядағы әскери және саяси салалардағы әріптестік шаралары тек бір республикаға бағытталған саясатпен шектеліп қалуға болмайтындығына көзі жетті. АҚШ-тың бір республикаға ғана шоғырландырылған саясаты мен назары өзге республикалардың АҚШ-тан өз іргелерін аулақ салу сияқты келеңсіз жағдайларға ұрындыруы мүмкін болатын. Сондықтан АҚШ өзінің Орталық Азияға қатысты саясатында орын алған осы олқылықтың орнын толтыру үшін орта-азиялық өзге республикалардың көңілін аулайтын әрекеттерді жүзеге асыруға көшті. Бұндай шаралардың маңыздыларының бірі ретінде АҚШ-тың 1999 жылы орта-азиялық республикаларды Орта Шығыстағы американдық әскери акцияларды жүзеге асыратын АҚШ қарулы күштерінің Орталық  тобы  қолбасшылығының (CENTCOM),«жауапкершілік аумағына» қосты.

Осындай шаралардың арқасында орта-азиялық республикалардың егемендігі мен шекаралары Пентагонның аймақтағы әскери операцияларын жүзеге асыруға кедергі болу потенциалынан айрылды. Осы орайда, CENTCOM қолбасшысы генерал Т. Фрэнсис ашық түрде: «оның құрама тобының іс-қимылдары талибтердің Орталық Азия республикаларына төндіретін қатерге қарсы тұрумен қатар Ресейдің бұл республиклараға қатысты әскери саясатына тосқауыл болуға бағытталған, яғни, Ресей Федерациясының Орталық Азия елдеріне ықпалының деңгейін әлсірету», – деп көрсетеді [4].

АҚШ-тың Орталық Азия аймағына қатысты саясаты 2001 жылдың 11 қыркүйектегі оқиғасынан кейін жаңа сапа мен сипатқа ие болды. Ауғанстандағы талибтер мен «әл-Кайда» ұйымына қарсы әскери операцияларды дайындау барысында АҚШ Орталық Азия елдерінен әскери-әуе базаларын беруді өтінді. Бұл базалардан көтерілген ұшақтар Ауғанстан территориясындағы террористер шоғырланған қостарға соққы беруге тиісті болатын.

Осындай жолмен, АҚШ Орталық Азияда өзінің түпкілікті тұрақтану үшін және ТМД елдері территориясындағы базалардан әскери қимылдар жасауға еркіндік алды. Орталық Азия елдерімен қол жеткізілген келіссөздердің нәтижесінде АҚШ әскерлері 2001 жылдың 7 қазанында Өзбекстанға табан тірей бастады. Американдарға бұрынғы кеңестік әскери аэропорт Қаршы (батыстық әдебиеттерде Ханабад деп аталады) жалға берілді. Орталық Азияда тағы бір базаны американдықтар Қырғызстандағы Манас аэропортынан алды.

2001 жылдың соңы мен 2002 жылдың бас кезі американдықтар қанша мерзімге аталған базаларды пайдалануы мүмкін деген мәселе төңірегінде қызу пікірталастар жүрді. Ақ үй Орталық Азиядағы АҚШ қарулы күштері Ауғанстандағы әскери операциялар өз мақсатына жеткен соң аймақтан шығарылады деп мәлімдеме жасағанымен, 2012 жылға дейін бұл уәде тек сөз жүзінде қалып келеді. АҚШ әскерлерінің Орталық Азияда тұрақтануы өз жалғасын табуда. Ақ үй бұндай жағдайды Ауғанстандағы өзінің операциясының түпкілікті мақсатқа жетпегендігімен түсіндіруде.

Ал  CENTCOM  қолбасшысы  генерал  Т. Фрэнсис: «Американдықтар Орталық Азияда қаншалықты қажет болса, соншалықты тұрақтанады», – деп әскерилерге тән тіке жауап берді. АҚШ әскери базасының Орталық Азия елдеріндегі тұрақтануы Ресей мен ҚХР-дың мазасын кетіріп болды. Ресей не болмаса Қытай АҚШ-тың террористерге қарсы күресу құқығын мойындағанымен, олар американдықтардың аймақтан кетуін тағатсыздана күтуде. Сондықтан бұл екі елдің әскери-саяси және дипломатиялық топтары Орталық Азия елдеріне американдықтардың аймақтан кетуіне мүдделі екендіктерін үнемі білдірумен келеді. Оның үстіне олар бүкіл әлемге «Орталық Азия елдері халықтарының американдықтардың Орталық Азияда орнығуына қарсылығы күн санап артып келеді» деп, жаңсақ пікірлер таратуда [5].

Бірақ мұндай пікірлерге қарамастан, АҚШтың Орта Азиялық республикалардағы тұрақтануы және олардың одақтастары әскерлерінің санын арттыру сияқты тенденциялар байқалуда. Бұдан өзге, 2002 жылдың 20 тамызында АҚШтың мемлекеттік департаменті арнайы ақпараттық баяндама таратты. Мұнда АҚШ-тың Өзбекстан мен Қырғызстанға қатысты саясатының сапалы өзгерістерге ұшырағандығы жөнінде мәліметтер бар. АҚШ-тың мұндай қадамының мәні  өз  территорияларынан  әскери-әуе базаларын берген республикаларда тұрақты саяси жағдайды нығайту үшін демократия, адам құқықтары және еңбек ету құқытарын дамытуды қолға алды.

Мемлекеттік департаменттің бұл бөлімі қысқа мерзімде келесідей мақсаттарға қол жеткізетін жұмыстарды ұйымдастыруға міндетті болды. Біріншіден, Өзбекстан мен Қырғызстанда демократиялық бағыттағы партиялардың пайда болып қалыптасуына гранттар бөлуді қарастыру.

Екіншіден, аталған республикаларда баспахана мүмкіндіктерін арттыру арқылы халықтың және саяси партиялар мен қозғалыстардың тәуелсіз ақпарат көздерінен мәліметтер алуға қол жеткізу.

Үшіншіден, бұл елдерде «жауапты журналистика» бағдарламасының нығаюына қолдау көрсету. АҚШ-тың бұндай шараларды жүзеге асыруы мақсатының астарында бұл республикалардағы саяси лидерлер Ресей мен Қытайдың ыңғайына жығылып, американдықтардың республикалардан шығарылуы туралы мәселе қоятындай жағдай туындай қалса, бұндай жағдайда, республикаларда билікке таласуға қабілеті бар және АҚШ-ты қолдайтын қолдан өсірілген «демократиялық оппозиция» қажет деген ниет жатыр.

Яғни, Вашингтон Орталық Азияға қатысты өзінің саясатында мүмкін болса, Өзбекстан мен Қырғызстандағы биліктегі саяси режимдерді өз бақылауында ұстауға, ал мүмкін болмаған жағдайда осы екі республикалардағы АҚШ елшілігінің ықпалындағы проамерикандық саяси элитаның көмегіне арқа сүйеуге бағыт алуға дайын. АҚШ-тың бұндай ойыны 2005 жылдың мамырында Қырғызстанда Ақаевтың биліктен тайдырылуына өз себін тигізген болса, 2006 жылдың мамырында Өзбекстанда Андижан оқиғаларына да әсер етті. Осыдан оқиғадан кейін АҚШ пен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастар шиеленісіп кетті. Тараптар  арасындағы қатынастар тек 2012 жылдың тамыз айында И. Каримовтың АҚШ-қа ресми сапары кезінде қайтадан қалпына келтірілгендей болды.

Өзбекстан мен Қырғызстанда проамерикандық үкімет билік басына келер болса, онда бұл елдер ТМД, ШЫҰ-дан, ал Қырғызстан тіпті ҰҚШҰ-дан шығып кетуі мүмкін. Жағдайдың бұлай өрбуі ең алдымен Ресейге сонан соң, Қытайға тиімсіз.

2002-2003 жылдары АҚШ мемлекеттік департаментінің Өзбекстан мен Қырғызстанда «демократиялық оппозиция» қалыптастыру бағытындағы  шаралары  қарқынды  жүргізілді. Атап  айтқанда,  2002  жылдың  наурыз-мамыр айларында Қырғызстандағы АҚШ елшілігі Ақаев пен оның үкіметіне қарсы оппозициялық толқуларға қолдау көрсетті деген пікірлер жиі айтылып жүр [6].

Ал Өзбекстанға келер болсақ, онда АҚШ бұл республикада өз назарын тағы да адам құқықтарына аударды. Мысалы, 2002 жылдың маусымында Орталық Азияға қатысты американдық саясат бойынша АҚШ сенатында өткен тыңдалымдарда мемлекеттік хатшының орынбасары және Мемлекеттік департаменттің демократия, адам құқықтары мен еңбек мәселелері бюросының бастығы Л. Крейнер: «Біз Өзбекстанда адам құқықтарын аяққа таптау тыйылады дегенге сенбейміз. Бізге бұл республикада осы күні 7 мыңдай саяси тұтқын бар екендігі мәлім. Сондықтан біз өзбек үкіметінен бұларды тез арада босатылуын талап етеміз. Саяси көзқарастары үшін тұтқынға алынғандардың саны азайғанымен, бұндай жағдай әлі күнге дейін жалғасып келеді... Осыған байланысты олардың құқықтарын қорғайтын топтардың жұмыстарын белсендіру және оларға ресурстық орталықтар мен кездесулер өткізетін ғимараттар тауып беруіміз қажет. Бұндай жұмыстар демократияны ілгері дамыту үшін өте маңызды. Сондықтан біздің әріптесіміз

«Freedom House» ұйымымен менің бюром үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдардың жұмысын пәрменді ету үшін ресурстық орталықтар мен бұл ұйымдардың тәуелсіз ақпарат көздерінен және интернеттен мәліметтер алуын жеңілдету шараларын қарастыруда» деген болатын [7]. Ал 2012 жылдан, яғни И. Каримовтың 2012 жылдың тамызында АҚШ-қа жасаған сапарынан соң бұндай тосын мәлімдемелер тыйылды. Сол сапардан оралып келе жатқан И. Каримов Астанаға аялдап, Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевпен жабық есік жағдайында сұхбаттасты. Өзбекстанға қатысты Вашингтонның ұстанған саясатын талдай келе мынадай  қорытындылар жасауға болады:

Бірінші, дайындық кезеңі. Бұл кезең сыртқы саясаттың шабуылдаушы тәсіліне негізделген. Яғни, кез келген мемлекет АҚШ-қа қатысты бейтарап саясат ұстанған жағдайда, американ үкіметі өзінің дипломатиясының барлық назарын сол елде адам құқықтарының бұзылуына аударады.

Екінші, демократиялық ұстанымдарды нығайту және тұрақтандыру жолында әріптестікке шақыру. Бұл дегеніміз – егер ондай мемлекет өзінің сыртқы саяси бағытының өзгергендігі туралы жариялап, проамерикандық бағыт ұстау жөнінде ниет білдірсе, онда Вашингтонның бұндай  елге  қатысты  әрекеті  түбірлі  өзгерістерге ұшырайды. Мемлекеттік деңгейде адам құқықтарының бұзылуы туралы айыптаулар тыйылады және адам құқықтарының жағдайы бұндай елде «жақсарып келеді» деген мәлімдеме таратылады.

Үшінші, американдық базаларды орнықтыру. АҚШ бұндай елде өзінің әскери орнығуын жүзеге асырады және әскерлер орныққан мемлекеттің билігінің АҚШ әскерін ығыстырып шығаруға саяси ерік-жігерінің жетпейтіндігіне көз жеткізу қажет. Бұндай жағдайда, Вашингтон осындай елде жай ғана проамерикандық бағыт ұстанатын режимді місе тұтпай, өзінің тікелей ықпалынан шықпайтын адамдарды билікке келтіруге тырысады.

Төртінші, өзінің тұрақтануын нығайту кезеңі. Бұл кезеңде қайтадан адам құқықтарының бұзылуы туралы айыптаулар іске қосылады, ал АҚШ-тың дипломатиялық мекемесі бұндай елде «демократиялық оппозицияны» қалыптастыру жұмыстарына кіріседі. Көріп отырғанымыздай, АҚШ Орталық Азия елдеріне қатысты өзінің мүдделері мен мақсатының деңгейіне қарай осы аталған төрт кезеңді де шебер қолданып келе-  ді. Сонымен қатар адам құқықтары мәселесін американдықтар тек қана саяси мақсатта ғана емес, сондай-ақ, экономикалық мақсаттарына жету үшін де қолдануда. ТМД-ның оңтүстік қанатында АҚШ-тың мұндай саясаты Қазақстанға қатысты қолданылып келді. Мысалы, 2001 жылы АҚШ біздің еліміздің билігін коррупцияға белшесін батқан және адам құқықтарын аяққа таптауда деп белсенді түрде айыптап келді. Ал, 2001 жылдың желтоқсанында Астана қазақ мұнайын Иран арқылы тасымалдау жоспарынан бас тартып, мұнай ағынын Баку-Джейхан мұнай құбырына бағыттау туралы шешім қабылдаған соң АҚШ-тың Қазақстанға қатысты саясаты шұғыл өзгеріп шыға келді. 2002 жылы Вашингтонның Қазақстанға қатысты ұстанған саясаты өзінің бейтараптығымен сипатталды. Осыдан-ақ, АҚШ-тың жоғарыда аталған төрт кезеңнің біріншісі мен екіншісін қолданғанын көруге болады. Сол жылдары тараптар арасындағы келіссөздер саяси мәселелермен қатар ресурстық-экономикалық мәселелерді де қамтыды.

АҚШ-тың Орталық Азия елдеріндегі өзінің кең көлемде және ұзақ мерзімге әскери тұрақтануы туралы шешімі таяудағы 10-15 жылда өзгеріске ұшырай қоюы екіталай. Сондықтан Орталық Азия мемлекеттері жетекшіліктерінің Ақ үймен қандай сипатта болуы осы республикалардың болашағына тікелей әсерін тигізбекші.

 

Әдебиеттер

 

  1. Nuclear Successor States of the Soviet Union. Project of the Monterey Institute of International Studies and the Carnegie Endowment of International Peace. № 1-4.Monterey: MIIS, 1994-1996. –P6-7.
  2. США окажут помощь жителям Казахстана, пострадавшим от ядерных испытаний под Семипалатинском. //www.kz.04.08.2004.
  3. Узбекистан и вопросы международной безопасности [Электронный ресурс]. Режим доступа: http://www.mfa.uz/php?
  4. Quadrennnial Defense Review Report. Washington D.C.: Department of Defense, February 6, 2006.
  5. Выступление Т. Фрэнсиса на слушаниях в комитете по вооруженным силам Палаты представителей Конгресса США 28 марта 2001 г. [Электронный ресурс]. Режим доступа: http://www.house.org, свободный.
  6. Киргизия может закрыть американскую базу Манас [Электронный ресурс]. – Режим доступа: http://www.easttime. ru/news/1/4/231.html, свободный.
  7. Центральноазиатская политика США будет меняться //dw-world.de-1 ноября

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.