Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық кластерінің даму перспективалары

Жаһандық энергетикалық қауіпсіздік, табиғи ресурстардың сарқылуы, үшінші индустриялық төңкеріс, үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық және әлемдік тұрақсызданудың жаңа қаупі сияқты ХХІ ғасырдың түйінді үнқатулары елді әлеуметтік-экономикалық дамуына, оның ішінде елдің көлік жүйесінің инфрақұрылымының дамытудуға қойылатын жаңа талаптарды анықтап береді. Ел ішіндегі көлік жүйесін дамытпайынша, жаһандану жағдайларында Қазақстан экономикасын әлемдік жүйеге сәтті ықпалдастыру мүмкін емес. Сондықтан, көлік саласын дамыту, тұтастай алғанда, көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамыту деңгейін арттыруға бағытталуы тиіс.

Көлік-коммуникация инфрақұрылымының маңызды міндеті көрсетілген көлік қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету және шалғайдағы өңірлер мен халық тығыз орналаспаған өңірлерде «инфрақұрылымдық орталықтар» құру, сондай-ақ ауылды қажетті көлік қатынасымен қамтамасыз ету мәселесін шешу болып табылады. Көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың ілгері қарқыны болмайынша, елдің экономикалық өсуінің орнықты қарқынын, оның қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, әлемдік экономикаға ұтымды ықпалдасуын және тиісінше әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруін қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық міндеттерді ойдағыдай шешу мүмкін емес.

Қазіргі уақытта Қазақстанда мынадай 5 халықаралық көлік дәлізі қалыптасқан және жұмыс істейді:

  • Трансазиялық теміржол магистралінің солтүстік дәлізі (ТАТМ) Батыс Еуропаны Қытаймен, Ресей арқылы Корея түбегімен Жапонияны байланыстырады (Достық/Қорғас – Ақтоғай – Саяқ – Мойынты – Астана – Петропавл (Пресногорьковская) учаскесінде); ТАТМ-ның Оңтүстік дәлізі Аталған дәліз мынадай бағдарлар  – Алматы – Шу – Арыс – Сарыағаш учаскесінде); ТРАСЕКА Шығыс Еуропаны Қара теңіз, Кавказ және Каспий теңізі (Достық/Қорғас – Алматы – Ақтау учаскесінде, оның ішінде Жезқазған – Бейнеу перспективалық түзеткіш теміржол бағдары, сондай-ақ Ахалкалаки (Грузия) – Карс (Түркия) арқылы Орталық Азиямен байланыстырады; Солтүстік – Оңтүстік Қазақстанның қатысуымен Ақтау теңіз порты – Ресейдің Орал өңірлері және Ақтау – Атырау учаскелерінде, сондай-ақ Өзен-Берекет (Түрікменстан) – Горган (Иран) жаңа теміржол желісі арқылы Ресей мен Иран арқылы Парсы шығанағы елдерінен Солтүстік Еуропаға өтеді;ТАТМ-ның Орталық дәлізі Орталық Азия-Батыс Еуропа бағыты бойынша өңірлік транзиттік тасымалдар үшін зор маңызы бар (Сарыағаш – Арыс – Қандыағаш – Озинки учаскесінде).

Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарында алты негізгі бағыт – автокөлік дәліздері қалыптасқан:

  • Ташкент – Шымкент – Тараз – Бішкек – Алматы – Қорғас;
  • Шымкент – Қызылорда – Ақтөбе – Орал
  • Самара;
  • Алматы – Қарағанды – Астана – Петропавл;
  • Астрахань – Атырау – Ақтау – Түрікменстан шекарасы;
  • Омск – Павлодар – Семей – Майқапшағай;
  • Астана – Қостанай – Челябинск – Екатеринбург [2].

Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуетін іске асыру, сондай-ақ экономикалық өсуді қолдау көлік-логистика жүйесінің халықаралық түйінді көлік дәліздеріне жоғары ықпалдасуын, оның ішінде жүк ағындарын бөлуге ықпал ету үшін тасымалдың жоғары жылдамдығын, мерзімділігін, қолжетімділігін және сенімділігін, сондай-ақ көлік қызметтерін пайдалану жайлылығын талап етеді.

Көлік-логистика жүйесінің негізгі проблемалары мыналар болып табылады:

  • қазақстандық дәліздердің танымал болмауы, нәтижесінде Қытай мен ЕО арасындағы транзиттік жүктердің негізгі көлемі Қазақстанды айналып өтеді;
  • дәліздерді жүйелі басқарудың болмауы және олардың инфрақұрылымдық дамымауы;
  • логистикалық сервистің төмен деңгейі;
  • Қазақстаннан тыс жерлерде меншікті сыртқы терминал желілерінің болмауы;
  • басқару жүйесіндегі институционалдық шектеулер;
  • экспорттық, импорттық және транзиттік операцияларды жүргізу үшін әкімшілік рәсімдердің жеткіліксіз тиімділігі [2].

Осы орайда аталынған проблемаларды шешуде көлік-логистикалық кластерінің дамыту негізгі мәселе болып табылады.

Көлік-логистикалық кешені шекараның экономикалық және саяси конъюнктурасына байланысты өзгеріп тұратын Қазақстанның көлік желісінің аймақтық фрагменті ретінде, орталықтандырылған және клиенттер мен тасымалдаушылардың мүддесіне қарай сауда-жолаушылар тасымалын реттейтін көлік торабы – көліктіклогистикалық орталық (КЛО) басымдылығы ретінде орын алады.

Келешекте көліктік-логистикалық орталықтары Алматы қаласында жоспарланған терминал құрылысымен бірге аймақтың көліктік-логистикалық қызметінің ортақ жүйесін қалыптастырады.

Қазақстан бірқатар қуатты жүйені қалыптастыратын және интенсивті дамып жатқан геостратегиялық ресурстарға ие. Бұл Қытай елінің шекаралас дамып келе жатқан аудандарымен шекаралық территориялар, «Қорғас» шекаралас ынтымақтастықтың халықаралық орталығы, Құлжа шекаралық автожолы, «Қорғас-Шығыс Қақпа» шекаралық сауда-экономикалық зонасы және «Достық» индустриалды-сервистік зонасы. Еліміздің   территориясында   «Батыс Қытай Батыс Еуропа» жобасы аясында еліміздің Оңтүстік көлік дәлізінің «Достық – Алматы» және «Қорғас – Алматы» бағытында халықаралық көліктік-коммуникациялық бөлігі даму алады.

Қазіргі таңда «Қорғас» шекаралық ынтымақтастықтың халықаралық орталығының қызметін қамтамасыз ету мақсатында оның көліктік және сервистік-сауда-өндірістік инфрақұрылымын дамыту жөнінде іс-шаралар жүзеге асырылуда.

«Көлік логистикасы» кластерін қалыптастыру аясында Алматы облысында көліктік-логистикалық кешендер құрылды.

Достық станциясын дамыту жөніндегі ісшаралар Жоспарына сәйкес аймақтың қажеттілігін қамтамасыз ету, транзиттік контейнерлік жүктерді өңдеу, Достық темір жолының өткізу қабілетін кеңейту үшін Достық шекаралық жол базасында ірі көлік-логистикалық орталықты құру қарастырылуда. Қазақстан Республикасының 2015 ж. дейінгі Көлік стратегиясына сәйкес [1], халықаралық көлік дәліздерінің белсенді көліклогистикалық торабы ретінде және осы көліклогистикалық орталық арқылы транзиттік жүк тасымалдау үлесін көбейту арқылы Достық шекаралық жолды әрі қарай дамыту жоспарланған. Соңғы жылдары Қазақстанда республиканың ұзақ мерзімді Көлік стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде заманауи көлік-логистикалық орталықтардың отандық желісі белсеңді қалыптасуда.

Көлік-логистикалық орталықты қажетті іріктеу паркі мен техникалық жабдықтары бар, стандартты қызмет кешенін ұсынатын (қосымша құны қосылған жүкті тиеу-түсіру жұмыстарын орындау, контейнерлеу, орап-түптеу/паллетирлеу және т.б. қызметтер, кедендік,  карантин-  дік және басқа процедуралардан өту бойынша мемлекеттік органдардың барлық талаптарын орындау) интермодальды көлік-логистикалық кешені ретінде, өткізілетін жүктер бойынша логистикалық функцияны орындайтын және түрлі көлік түрлерінің өзара іс-әрекетін және үйлестіруін қамтамасыз ететін сауда желілерінің көлік-логистикалық қызмет көрсету орталығының функциясын орындайтын,көлік торабтарында орналасқан көпфункционалды терминал кешені ретінде қолдану жоспарланады [2, 157-176 бб.].

Терминалдың басты мамандануы контейнерлік операциялар болып табылады, бұл үшін ол жеке темір жол станциясына немесе темір жол станциясына жалғасатын сорттау-жинақтау паркіне ие болу керек, сонымен бірге вагондарда жүктерді сақтау үшін. Сонымен бірге терминалдың тағы бір қызметі – Алматы қаласы орталығы болатын Оңтүстік аймақтың негізгі кластерінің кәсіпорындарына және сауда желілеріне қызмет көрсететін логистикалық және дистрибьютерлік орталық.

2006 жылдан бастап қозғалыстың жаңа түрі ұйымдастырылды – жүктерді контейнерлік тасымалдау. Бұл қызметтің жаңа түрі Шығыс Еуропа елдерінің бағытындағы Үрімжі-Достық-Ақсарай-Новосибирь маршруты бойынша жүктерді тасымалдау үшін ыңғайлы. Бұл жобаның алдағы жоспарында – Қазақстан территориясы арқылы Тынық мұхитынан Еуропаға дейін жүктерді контейнерлік тасымалдауды қамтамасыз ету.

Тағы бір жоба – Әзірбайжан, Қазақстан және Грузия елдерімен жүзеге асырылған АлматыАқтау-Баку-Поти маршруты бойынша теміржол арқылы іске асырылатын мультимодальды тасымалдау – ТРАСЕКА дәлізінің бәсекеге қабілеттігін күшейтуге және осы аймақтарда контейнерлік тасымалдаудың дамуына септігін тигізеді. Бұл жобаға Болгария және Қытай елдері өздерінің қызығушылығын танытуда.

Басты жоба Алматы облысының көліктіклогистикалық кешенін құру болу керек, мұның өзі бірнеше тапсырмаларды шешуді талап етеді. Біріншіден, оның құрылуы қала көшелерін, Алматы трассасын және санаторлы-курорттық зонасын жүк көліктерден азайтады, қаланы қойма ғимараттарынан босатады, тауарлардың өзіндік құнының төмендеуіне мүмкіндік береді және қалаға кіру жолдарында үлкен жүкті контейнерлер ағымы тоқтайды. Басқаша айтқанда, болашақтағы кешеннің негізгі функциялары – үлестіруші, жинақтаушы, жүк тиейтін және қалалық сауда желілеріне логистикалық қызмет көрсету болып табылады.

Оңтүстік аймақтың инфрақұрылымының дамуында «серпілісті» қамтамасыз ету және синергетикалық тиімділікті алу мақсатында, Оңтүстік аймақтың ортақ аймақтық көлік-логистикалық жүйесінің шеңберінде қолда бар территориалдық жобаларды бір-бірімен үйлестіру қажет. Оңтүстік аймақтың көлік кешенін ортақ логистикалық орталықтан басқарылатын жеке терминалдарды өзіне қосумен қалыптастыру.

Кластер құрамына, сонымен қатар  қойма-  да сақтайтын және жүктерді өңдейтін мультимодальды орталықтар, авто және темір жолдың кіріс жолдары бар мультимодальды терминалдар, жүк көліктерінің орталығы, контейнерлерді айырбастау және жөндеу тіректері, өндірістік-технологиялық және техникалық қызмет көрсету қызметтері, ақпараттық-логистикалық орталықтар, кедендік рәсімдеу және бақылау орталықтары, персоналды оқыту және қайта даярлау оқу орталықтары, консалтингтік-сараптамалық орталық, күзет агенттігі жатады.

Алматы аймағының көліктік-логистикалық кешенінің жағдайын талдау нәтижелері көліклогистикалық инфрақұрылымның үздіксіз қайта жаңғыруы жүзеге асырылмауын, ресурстардың оптимизациясының жоқтығын, аймақтағы логистикалық қызмет сапасының қажетті деңгейде қамтамасыз етілмеуін көрсетті. Көлік-логистикалық кластерді дамытудың мүмкін варианттарынан ең тиімдісі болып халықаралық көлік дәліздерінің аясында қызмет жасайтын, ұлттық макрологистикалық жүйеге және трансұлттық логистикалық жүйеге интегрирленген аймақтық логистикалық жүйені қалыптастыру табылады.

Ұлттық макрологистикалық жүйе елімізде ортақ логистикалық тірек құруға мүмкіндік береді. Алайда оның тиімді функциялануы үшін аймақтық аспектілерді ескеру қажет. Ұсынылатын макрологистикалық жүйені қалыптастыру ХКД (Халықаралық көлік дәлізі) бойынша негізгі жүк ағымының өтуін жақсартады және материалдық және ақпараттық ағымдардың аймақаралық қозғалысын үйлестіреді. Әр аймақ ішіндегі жүк ағымын тиімді үйлестіру және басқару әр нақты аймақтың функциялану ерекшелігін есепке алмай мүмкін емес. Ұлттық логистикалық жүйе әр аймақтың ерекшелігін толығымен ескере алмағандықтан, әр аймақтың логистикалық басқаруын жетілдіру тәсілдерін жеке-жеке іздеу қажет.

Осы мақсатпен аймақтық көлік-логистикалық жүйені (АКЛЖ) қалыптастыру көлік-логистикалық кластерді құрудың аралық кезеңі болуы керек және олардың жүк-тауар айналымының ұлттық логистикалық жүйесінде интеграциялануы керек. Осы тектес жүйелердің қалыптасуы жергілікті тұтынушылардың көлік-логистикалық сервиске деген қажеттіліктерін толық қанағаттандыра алады және әр аймақтың экономикасының ерекшелігін ескере отырып, оның даму деңгейін еуропалық деңгейге көтеруге мүмкіндік береді [2, 101 б.].

Дәл осы аймақтық билік көлік-логистикалық инфрақұрылымның дамуына ең жоғары мүдделі болуы керек, себебі тек осы жағдайда ғана тауар қозғалысы каналын құрылымдық қайта құру мен аймаққа бәсекелестік артықшылықтарды қамтамасыз ету мүмкін болады.

Қазақстанда логистикалық инфрақұрылымның да, логистикалық  делдалдықтың  да  да-  му деңгейі әлі де төмен болғандықтан, мұндай жүйелердің құрылуына бірінші кезекте аймақ әкімшілігі бастама жасау керек.

Жүк және тауар қозғалысының аймақтық жүйесінің қатысушыларының интеграциясы жүйенің контрагенттері арасындағы мүдделердің келісімін талап етеді және көліктік-үлестіруші үдерістерін басқару үшін қажетті ұйымдастырушылық алғышарттарды талап етеді.

Аймақтық көлік-логистикалық жүйенің тиімді функциялануының ұйымдастыру-экономикалық негізі бір жағынан, бәсекелестік ортаны құруды және тауар-материалдық ағымның қозғалысының барлық қатысушыларының максималды еркіндігі  мен  дербестігін  қамтамасыз етеді, ал екінші жағынан – аймақтың даму мүдделерімен келісілген, жүйенің функциялануының жалпы мақсаттарына қол жеткізудің экономикалық мүддесін құру.

Ұсынылатын жүйенің шартты шекаралары ретінде, оның Алматы облысында қалыптасатынын ескерсек, Алматы облысының территориясы қабылданды. Жүйеге кіру және шығу нүктелері болып облыс шекарасында орналасқан, бірінші кезекте теміржол және іріктеу станциялары, әуежайлар, автомобиль терминалдары мен жүк автостанциялары табылады.

  1. Алматы қаласының сыртында қызмет көрсетіп тұрған көлік-логистикалық орталықтар – қойма кешендері (ИКаР, Первомай, Тау-Терминал, CALM, USKO логистикалық парктері).
  1. Алматы қаласының сыртында жүзеге асыру кезеңінде тұрған және ауданының көлемі бойынша қызмет көрсетіп тұрған жоғары класты қойма ғимаратарынан бірнеше рет асып түсетін жаңа ірі жобалар («ДАМУ» индустриалды-логистикалық орталық, «Астана-Контракт» АҚ көлік-логистикалық орталығы).

Бұл аяны айрықшалау көп жағдайда шартты болып табылады, себебі АКЛЖ-нің функционалды және қамсыздандыру жүйелерінің элементтері өзара тығыз байланысты және интегрирленген логистикалық тізбектерге бірлескен. Сонымен бірге жүйенің жеке элементтерінің логистикалық функцияларының аясы кеңеюі мүмкін, мұндай шартта олардың қызмет көрсету сферасы бірнеше функционалды және қамсыздандыру жүйелерін қамтиды немесе логистикалық функциялардың қатарласуының сәйкестігі шартында бүтіндей барлық аймақтық логистикалық жүйені де қамтуы мүмкін.

Қызмет көрсету деңгейін көтеру үшін толықтай қазақстандық және жекелей аймақтық терминалды-көліктік технологияларды көлік ағымын басқарудың ортақ жалпы әлемдік жүйеге сәйкес келтіру керек. Қойылған міндеттерге қол жеткізудің ең тиімді тәсілі логистикалық үлестіру Орталықтарын ұйымдастыру болып табылады. Бұл Орталықтар экспедиторлар мен көлік агенттерінің шектеусіз саны арқылы әр жүк жіберуші мен сатып алушыға шығу көздерін қамтамасыз ететін логистикалық жүйелері қосылған көлік «дәліздерімен» өзара байланысты болуы керек. Біздің көзқарас бойынша, мұндай орталықтарды құрудың ең тиімді тәсілі – «терминал мекендері» моделі бойынша үлестіру-бөліп тарату орталықтарын құру.

Құрылатын қластердің ядросы көлік-шоғырлану орталғы болуы керек, ол өзіне жүк және жолаушылар тасымалы сферасында қызмет көрсететін барлық ұйымдарды, өнеркәсіптік ұйымдар-жүк жіберушілерді, логистикалық және көлік-логистикалық компанияларды, көмекші қызмет көрсететін компанияларды шоғырландырады.

Көлік-логистикалық кластердің  құрамын-  да Көлік-логистикалық орталықтар «орталық штаб» рөліне ие болады, осы рөлге сәйкес:

  • Көлік-логистикалық кластердің жағдайы туралы теңгерілген көрсеткіштердің кейбір жүйелерінде ақпараттарды жинауды қамтамасыз ететін желілік инфрақұрылымы болу керек;
  • Көлік-логистикалық кластердің динамикасы жайлы мәліметтерді жинауды және өңдеуді жүзеге асыратын ресурстық орталығы болу керек;
  • алынған мәліметтер негізінде Көлік-логистикалық кластердің адекватты моделін қалыптастыратын және оның өзектілігін қолдайтын сарапшылардың тобын қамтитын әдістемелік орталықтары болу керек;
  • әкімшілік және бизнес деңгейінде стратегиялық және тактикалық шешімдерді қабылдау үшін жұмыс инструменті болып табылатын ситуациялық орталық болу керек. Ситуациялық орталық жұмысы өзінің әрі қарайғы дамуына жұмсауға қажетті табыс әкелу керек.

Кластер   қызметіндегі   басты  басымдылық «ҚТЖ» ҰК АҚ филиалы – Алматы теміржолы,«Алматы халықаралық әуежайы» АҚ компанияларына, автокөлік және логистикалық компанияларға беріледі.

Мамандардың болжамы бойынша 2010 жылдың соңында қызмет көрсетіп тұрған терминалдар кешенінің қуаттылығын есепке ала отырып, жалпы тасымалдау көлемі 110,0 млн тоннаны құрады. 2020 жылда Алматы облысының жүк айналымы 2-2,3 есе көбейеді. Тасымалданатын жолаушылар саны біршамаға өседі – 1,3-1,5 есе және жолаушылар айналымы – 1,5-1,8 есе.

Алматы қ. орталықтандырылатын Көлік-логистикалық орталық көлік-логистикалық кластердің алғашқы кешені болады, оның аясында аталған кластер біртіндеп қалыптасады. Қолайлы шарттар жағдайында көлік-логистикалық орталық 2015 жылда толыққанды қалыптасады, ал кластердің өзі – 2025 жылы.

Көлік-логистикалық орталық оңтүстік аймақ территориясында тауар қозғалысын үйлестіретін және мемлекеттік-жеке серіктестік принципі негізінде функцияланатын аймақтық ранг орталығы ретінде құрылуы керек. Көлік-логистикалық кластердің дамуына бағытталатын инвестициялардың шамалас көлемі бірінші бес жылдықта 2,5-3,0 млрд тг құрайды [3].

Облыс экономикасының инновациялық бағытталуы және көлік-логистикалық кластердің қалыптасуы Алматы облысының сыртқы экономикалық қызметінің сапалы масштабтары үшін алғышарттарды туғызады.

Құрылатын аймақтық көлік-логистикалық жүйенің максималды тиімді функциялануына қол жеткізудің міндетті шарты болып оның ұлттық макрологистикалық жүйемен интеграциялануы табылады.

Біздің көзқарас бойынша, аталған логистикалық жүйелердің интеграциясы ұлттық макрологистикалық жүйе звеноларының аймақтық логистикалық көліктік-үлестіруші жүйелердің звеноларымен  интеграциялануы  арқылы жүргізілуі керек. Бұл ұлттық логистикалық жүйеден аймақтық жүйеге кіретін және аймақтық логистикалық жүйеден ұлттық жүйеге шығатын материалдық ағымдарды тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Осылайша, ұлттық макрологистикалық жүйе аймақтар арасындағы ағымдардың тиімді қозғалысын қамтамасыз етеді, ал аймақтық көліктік-үлестіруші жүйелер жекелеген аймақтар деңгейінде материалдық ағымдарды тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.

Басқарудың интеграцияланған жүйесін қалыптастыру кезінде келесі принциптерді жетекшілікке алу орынды болады:

  • экономикалық ымыраға қол жеткізу және жүйе субъектілері арасында жиынтық синергетикалық тиімділікті қайта бөлу жолымен, олардың мүдделерімен келісілу негізінде жүк қозғалысының интегрирленген логистикалық жүйесіне қатысушылардың экономикалық-құқықтық өзара байланыстың ортақ жүйесін құру;
  • аймақтардың логистикалық инфрақұрылымының негізі тұтынушыларға заманауи логистикалық қызметтің толық гаммасын ұсынатын ортақ қолданыстағы ірі үлестіруші-бөліп тарату орталықтар жүйесі болуы керек;
  • прогрессивті терминалды технологиялар негізінде сапаны көтеру мақсатымен, кәсіпкерлік қызметті лизенциялау негізінде көлікэкспедиторлық және логистикалық қызмет нарығын дамытуда тікелей мемлекеттік реттеуді қолдану;
  • аймақтағы көлік және логистикалық инфрақұрылымды дамытуды ірі және шағын отандық бизнес пен шетел капиталын қоса алғанда, бюджеттік немесе бюджеттік емес көздерді тарту арқылы үлестік қаржыландыру;
  • аймақта аралас жүктер қозғалысын ұйымдастыру кезінде көліктердің үлестірілген жұмысына негізделген интермодальды логистикалық технологияны жүзеге асыру;
  • аймақта АКЛЖ қатысушыларын ақпараттық қамсыздандырудың интегрирленген жүйесін құру үшін қажетті ұйымдастыру-экономикалық және өндірістік-техникалық шарт-жағдайлармен қамтамасыз ету;
  • көлік-экспедициялық сферасындағы кадрларды, тасымалдау, үлестіруші-бөліп тарату, сервистік және басқа да логистикалық қызметтің кадрларын кәсіби даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыру, прогрессивті терминал технологияларын оқыту, тауарлы-материалдық және оған көмекші сервистік, ақпараттық, қаржылық ағымдарды басқарудың логистикалық әдісін оқыту;
  • мемлекеттік қолдау мен реттеуді қалыптастыру, мемлекеттік және әкімшілік реттеу негізінде жүк қозғалысының аймақтық логистикалық жүйесіне қатысушыларға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, оның ішінде: лицензиялау жүйесі, инвестицияларды льготалық несиелеу, льготалық салық салу, терминалдар мен логистикалық инфрақұрылымның басқа да объектілерінің құрылысына жер телімдерін бөлу, АКЛЖ қатысушыларына тең шарттарды қамтамасыз ететін нормативті-құқықтық реттеу;
  • Аймақтық көлік-логистикалық жүйені ұлттық логистикалық жүйесімен интеграциясын қамтамасыз ету;
  • логистикалық делдалдардың және жүк және тауар қозғалысы жүйесін ұйымдастырушыоператорлардың институтын құру.

Аймақтық көлік-логистикалық жүйені қалыптастыру үшін аса маңызды мәнге тауар қозғалысы жүйесіндегі логистикалық делдалдар институтын  дамыту  ие.  Мұндай  делдалдар көліктік және көлік-экспедиторлық компаниялар мен фирмалар бола алады; көтерме сауда орталықтары; тауар және қор биржалары; дистрибьютерлік компаниялар; тауар қоймаларының желісі; жүк терминалдары мен мультимодальды терминал кешендері; өнеркәсіптік кәсіпорындардың ішкі өндірістік логистикалық құрылымдары; аймақтық ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелер; банк және басқа қаржылық институттар.

Оңтүстік аймақ территориясындағы көліклогистикалық қызмет нарығына жүргізген маркетингтік зерттеулер оның интенсивті қалыптасу және даму кезеңінде тұрғанын көрсетті. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен және басқа да мүдделі ведомстволармен келісілген жағдайда Оңтүстік Қазақстан территориясында көлік-логистикалық жүйені құрудың аймақтық мақсатты бағдарламасының Тұжырымдамасын әзірлеу қажет деп есептейміз.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Транспортная стратегия Республики Казахстан до 2015 года. Утверждена Указом Президента Республики Казахстан от 11 апреля 2006 года N 86 // http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30051598.
  2. Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 13 қаңтардағы №725 жарлығымен бекітілген, Астана, 2013 ж.http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U100000958_/links.
  3. Кородюк И.С. Региональные транспортно-логистические системы: вопросы теории и практики: Монография / И.С. Кородюк, С.А. Кархова. – Иркутск : Изд-во БГУЭП, 2008. – 335 с.
  4. Титюхин Н, Овчаренко Н. Модель транспортно-логистической системы Казахстана//ЛОГИНФО№9-2008. loginfo.ru/archive/service.cia/200110/08152700.html.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.