Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Некені бұзудың некені жарамсыз деп танудан айырмашылығы

 Некені жарамсыз деп танудың некені бұзудан өзіндік айырмашылығы бар. Егер некені бұзудан кейін тұлғалардың құқықтық қатынастары тоқтатылса, ал некені жарамсыз деп тануда тұлғалардың құқықтық қатынастары ол тіркелген кезден бастап тоқтатылған деп саналады. Сондықтан жарамсыз деп танылған некеде тұрған ерлі-зайыптылардың ҚР «Неке жəне отбасы туралы» Заңында қарастырылғандай ешқандай құқықтары мен міндеттер туындамайды.

Некені бұзудың некені жарамсыз деп танудан айырмашылығы айтарлықтай. А.М. Нечаевтың ойынша, егер неке бұзылған жағдайда некеге тұрған тұлғалардың арасындағы қарым-қатынастар болашақта тоқтатылса, некенің жарамсыз деп тануымен қарым-қатынастар некеге тұрғаннан бастап тоқтатылады. Бұл некенің мүлдем тіркелмегеніндей болады [1].

Сонымен қатар, некені бұзу мен жарамсыз деп танудың айырмашылықтарының бірі сотқа талап етуге құқылы тұлғалардың шеңберінде: егер некені бұзу үшін сотта ерлі-зайыптылардың біреуі, ерекше жағдайларда прокурор немесе қорғаншысы талап етуге құқылы болса, ал некені жарамсыз деп тану үшін осы тұлғалармен қоса, осы неке арқылы құқықтары бұзылған жеке немесе қоғамдық мүдделі тұлғаларда талапкер болып табыла алады.

Неке ерлі-зайыптылардың бірге тұра алмауы негізінде бұзылса, некені жарамсыз деп тану олардың жеке қарым-қатынастарына байланысты емес. Сондықтан, некені жарамсыз деп тану кезінде ерлі-зайыптыларға татуласу үшін уақыт берілмейді.

Некені жарамсыз деп тануды тек сот жүргізгеніне қарап, оның өте маңыздылығын  байқаймыз.

Некені жарамсыз деп танудың негіздерінің бірі - некеге тұру шарттарының бұзылуында, яғни:

  • Өзара ерікті келісімі.
  • Неке жасына жетпеуі мен олардың заңда көзделген төмендетуге келісімнің болмауы.
  • Жалған неке.
  • Егер некеге тұрушы адамдардың біреуі екіншісінен құрылған отбасы мүшелеріне, жеке басының жəне қоғамның қауіпсіздігіне нақты қатер төндіретін ауруы бар екенін жасырса.
  • Сонымен қатар, заңда белгіленген некеге тұру шарттары бұзылған жағдайда.

Аталған некені жарамсыз деп тану негіздерінің əрқайсысы өзіндік ерекшеленеді. Мысалы, жалған неке туралы айтар болсақ, некеге тұрушылардың отбасын құру мүддесі болмайды, сыртқы белгісінде ерлі-зайыптылар бірге тұрмайды жəне т.б.

Егер некені жарамсыз деп тану туралы іс қаралатын сəтке, заңға орай оның қиылуына кедергі жасаған мəн-жайлар жойылса, некені жарамсыз деп тануға болмайды. Сондай-ақ, егер мұндай некені тіркеткен адамдар істі сот қарағанға дейін іс жүзінде отбасын құрса, сот некені жарамсыз деп тани алмайды.

Жоғарыда көрсетілген негіздердің əрқайсысы айқындылықпен ерекшелінеді. Ал жалған некеге келетін болсақ, жалған неке ол - «Неке жəне отбасы» Заңына сəйкес, отбасы құру ниетінсіз заңда белгіленген тəртіппен жасалған жəне ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке. Оның сыртқы белгілеріне ерлі-зайыптылардың бірге тұрмауы, бір-біріне қамқорлық көрсетпеуі, ортақ шаруашылық жүргізбеуі. Жалған некеге тұру жағдайында сотқа некені жарамсыз деп тану талабын прокурор немесе некенің жалғандығы туралы білмеген тұлға бере алады.

Неке жасы Қазақстан Республикасының Заңы бойынша еркектер мен əйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленген. Сонымен қатар, дəлелді себептер болған жағдайда некеге ата-аналарының немесе қорғаншыларының келісімімен АХАЖ органдары неке жасын он алты жасқа дейін төмендете алады. Егер неке жасына толмаған адаммен неке қиылса, кəмелетке толмаған жұбайы, оның ата-анасы (оларды ауыстыратын адамдар), қорғаншы жəне қамқоршы орган немесе прокурор некені жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы. Кəмелетке толмаған жұбай он сегіз жасқа толғаннан кейін некені жарамсыз деп тануды талап етуге тек оның өзі ғана құқылы болып табылады.

Егер некеге тұруға ерлі-зайыптылардың бірінің ерікті келісімі болмаған жағдайда: мəжбүр ету, алдау, қателесу немесе өзінің жай-күйінің салдарынан некеге тұруды мемлекеттік тіркеу кезінде өзінің əрекеттерінің маңызын түсінбей жəне өзін-өзі билей алмауы себепті неке қиылған болса, некеге тұру арқылы құқығы бұзылған жұбай, сондай-ақ прокурор некені жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.

Заңда некеге тұруға жол берілмейтін адамдар көрсетілген, яғни олар:

  • басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың, алғашқы некесі бұзылмаған;
  • тікелей ата-тегі бойынша жəне өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балалардың, атасының, əжесінің жəне немерелерінің), ата-анасы бір жəне ата-анасы бөлек əкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңлілердің (аға-қарындастардың);
  • асырап алушылар мен асырап алғандардың;
  • біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігінің салдарынан сот əрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың арасында жол берілмейді.

Некені қиюға кедергі келтіретін бұндай мəн-жайлардың бар екенін білмеген жұбай, əрекетке қабілетсіз деп танылған жұбайдың қорғаншысы, оның алдындағы бұзылмаған неке бойынша жұбайы, осы талаптарын бұза отырып, қиылған неке арқылы құқықтары бұзылған басқа да адамдар, сондай-ақ, қорғаншы жəне қамқоршы орган мен прокурордың талабы бойынша сот некені жарамсыз деп тануы мүмкін.

Сотта əр тұлғаның өз əділдігін, некесінің дұрыстығын қорғауға, дəлелдемелер  ұсынуға құқылы. Сонымен қатар, заңда некенің жарамсыздығын болғызбайтын мəн-жайлар көрсетілген:

Егер некені жарамсыз деп тану туралы іс қаралатын сəтке заңға орай оның қиылуына кедергі жасаған мəн-жайлар жойылса, некені жарамсыз деп тануға болмайды.

Егер кəмелетке толмаған жұбайдың мүдделері талап етсе, сондай-ақ оның некені жарамсыз деп тануға келісімі болмаған жағдайда сот неке жасына толмаған адаммен қиылған некені жарамсыз деп тану туралы талап-арыздан бас тарта алады.

Егер мұндай некені тіркеткен адамдар істі сот қарағанға дейін іс жүзінде отбасын құрса, сот некені жалған деп тани алмайды.

Ерлі-зайыптылардың арасында заңмен тыйым салынған туыстық дəрежесі болған не некені тіркеу кезінде ерлі-зайыптылардың біреуі басқа бұзылмаған некеде тұрған жағдайларды қоспағанда, некені ол бұзылғаннан кейін жарамсыз деп тануға болмайды [2].

Некені жалған деп тану кезінде тараптардың мақсаты мен сезіміне қарай, оларды адал ниетті жəне адал ниетсіз деп бөлуге болады. Əрине кейбір жағдайларда, бұлай толық айыру қиынға соғады. Өйткені, тек қасындағы адамдарды ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттік органды, АХАЖ қызметкерлерін алдап, бірігіп əрекет етуі де мүмкін. Ал кейбір жағдайларда адал ниетті тарап екінші жақтың ниетін біле тұра, оның ойының өзгеруіне үміттенеді, бұл жағдай да оны қалай адал ниетті деп айтуға болады. Сондықтан көп жағдайларда, некенің жалған екенін дəлелдеу қиын [3].

Неке жəне отбасы Заңы адал ниетті жұбайына кейбір айрықша құқықтар берген, некенi жарамсыз деп тану туралы шешiм шығарған кезде сот некенi жарамсыз деп тану үшiн негiзге алынған мəн-жайлардан некеге тұру кезiнде бейхабар болған жұбайдың (адал ниеттi жұбай) екiншi жұбайдан:

асырауға қаражат алу құқығын тануға құқылы,некенi жарамсыз деп таныған кезге дейiн бiрлесiп сатып алынған мүлiктi бөлуге құқылы, неке шартын толық немесе iшiнара жарамды деп тануға құқылы,Адал ниеттi жұбай азаматтық заңдарда көзделген ережелер бойынша өзiне келтiрiлген материалдық жəне моральдық зиянды өтеудi талап етуге құқылы,Адал ниеттi жұбай некенi жарамсыз деп таныған кезде өзi неке қиюды мемлекеттiк тiркеу кезiнде таңдаған тегiн сақтап қалуға құқылы.

Кей-кездері некені тіркеу кезінде бір мезетте бірнеше шарттардың бұзылуы мүмкін: бұзылмаған некеде тұрған тұлға кəмелетке толмаған тұлғамен, белгіленген тəртіппен неке жасын азайтпай жаңа некеге тұруы, ақыл есі кем тұлғамен некеге тұру жəне т.б. Бұл шарттардың кез- келгенінің бұзылуы некені жарамсыз деп тануға əкеледі.

Жарамсыз некеде тұрған азаматтарда жеке жəне мүліктік құқықтар мен міндеттер туындамайды. Некені жарамсыз деп танығаннан кейін ерлі-зайыптылар неке тіркелген кезде алған бір-бірінің тегін иелену құқығынан айырылады. Жарамсыз некеде алынған мүлікке ортақ меншік режимі тарамайды. Мүлікті қай жұбайы сатып алса, соның мүлкі деп саналады.

Осылайша, некені бұзу некені жарамсыз деп танудан ерекшеленеді. Заңда бекітілген шарттарды бұзу жолымен тіркелген неке жарамсыз неке деп танылады, сондықтан ол пайда болған кезден бастап ешқандай құқықтық қатынастар туындамайды. Шынайы некені ғана бұзуға болады. Шынайы некеден туындаған құқықтық қатынастар тек болашақ кезде ғана тоқтатылады. Олардың кейбіреулері неке бұзылғаннан кейін де жалғасуы мүмкін. Некені бұзу мен некені жарамсыз деп тану тəртібі де бөлек. Неке сотта жəне АХАЖ органдарында бұзылуы мүмкін, ал неке жарамсыз деп тек сотпен танылады.

Егер сот некені жарамсыз деп тану туралы шешім шығаратын болса, соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде АХАЖ органына жіберіліп некесін жояды. Сонымен қатар, ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері жойылады, олардың бірлесіп сатып алған мүліктің құқықтық режимі үлестік меншік туралы ережелермен реттеледі. Ал егер неке шарты болса, ол ішінара немесе толық жарамсыз болады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, неке мен отбасы, ана мен əке жəне бала мемлекеттің қорғауында болады.[4] Некені жарамсыз деп тану мұндай некеде туған немесе неке жарамсыз деп танылған күннен бастап екі жүз жетпіс күн ішінде туған балалардың құқығына нұсқан келтірмейді. Адал ниетті жұбайы азаматтық заңдарда көзделген ережелер бойынша өзіне келтірілген материалдық жəне маральдық зиянды өтетуді талап етуге, өзі неке қиюды мемлекеттік тіркеу кезінде таңдаған тегін сақтап қалуға құқылы. Отбасы құқығындағы арнайы санкцияларының бірі болып табылатын – некені жарамсыз деп тану адамдардың конституциялық құқықтарын қорғайды.

 

Әдебиеттер

  1. Нечаев А.М. Семейное право: курс лекций. -М.,1998.115 б.
  2. Қ.Р. Неке жəне отбасы туралы Заңы,17.12.1998 ж. - Алматы: Юрист,
  3. Пчелинцева Л.М. Семейное право России. - М.1999, 207б.
  4. Қ.Р Конституциясы, 30.08.1995ж., Алматы: Юрист,

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.