Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Азаматтық-құқықтық шарттар тобындағы кешенді кəсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шартының ерекшелігі

Кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында, əсіресе оның бастапқы кезеңдерінде кəсіпкерлердің азаматтық айналымға қандай атпен қатысып отырғаны үлкен маңызға ие болады. Осындай жағдайда аты баршаға мəлім, өнімді əрдайым тұтынушылардың сұранымына ие, тұрақты бизнесі бар компанияның фирмалық атауын, өндіріс құпияларын жəне айрықша құқықтардың өзге де объектілерін пайдаланған тиімді. Бұл – кəсіпкер мен компанияның арасындағы кешенді кəсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шартын жасасу мен орындау арқылы мүмкін болады. Кешенді кəсіпкерлік лицензия шарты рента, лизинг, мүлікті сенімгерлікпен басқару шарттарымен қатар жаңа шарттық институттарға жатады. Ол құқықтың англо-саксондық жəне континентальдық жүйелерінде тұрақты түрде қалыптасуға ие болған шарттық қатынастардың бір түрі.

«Франчайзинг» термині француздың «franchise» – жеңілдік, артықшылық, сонымен қатар салық пен жарналардан босату сөзінен пайда болған [1]. Франчайзингтің қалыптасу жəне даму тарихы, оның дефинициясы мен терминінің мағынасы батыс жəне отандық əдебиеттерде əр түрлі белгіленген. Франчайзинг тарихы ортағасырлардан бастау алады. 1933 жылы жарық көрген ағылшын тілінің Оксфордтық сөздігінде “franchising” сөзі – 1559 жылы король тəжінің қолдауына ие болған эпископаттардың құқықтары мен бостандықтары деп, ал “franchises” сөзі – жəрмеңке, сауда-саттық жүргізуге арналған орын деп анықталған. Британдық корольдер барондарға əр түрлі қызметтер орнына белгілі бір аймақтарда салық жинауға рұқсат еткен, ал жеке тұлғаларға қаланың жəрмеңкелерінде өз тауарларын сатуға мүмкіндік беріп отырған. Осындай сауда-саттыққа арналған орындар франшиза деп аталған. Қазіргі кезде Ұлыбританияда ерте кездегі франшиза əлі де қолданысқа ие. Франчайзингтің заманауи мəндегі қолданылуы дəл осы Ұлыбританияда ХІХ ғасырда биліктің спирттік тауарлар сатумен айналысуға құқығын тек арнайы лицензия арқылы тұрғын үй ауласы бар тұлғаларға беруінен басталған. Ал франчайзингтің коммерциялық тұрғыда қолданыла бастауы – АҚШ-та ол тауарлар мен қызметтерді сату, сатылған күрделі тауарларға сервистік қызметтер көрсету қажеттілігіне байланысты дистрибьюторлық желіні құру, кеңейту жəне жетілдіру мəселелері туындаған кезеңде кеңінен таралды. Бірақ франчайзинг техникасы қиялы мол жеке адамның өнертапқыштығының арқасында бір сəтте пайда болған жоқ. Ол іскерлік операцияларды жүзеге асыру барысындағы проблемаларымен  кездесіп  отырған бизнесмендердің жасаған шешімдерінен туды [2]. Əйгілі «Зингер», «Форд», «MC Donald,s» сауда маркілері франчайзинг қатынастары негізінде дамыған. Франчайзингтің көп аспектілі сипаты мен өзектілігі ғалымдардың оған деген қызығушылығын арттырады. Франчайзинг мəселесін зерттеген шетелдік авторлардың ішінен оның жан-жақты дамуына М. Мендельсон, Я. Мюррей, Дж. Стэнворд, Б. Смит, Н.К. Сирополис жəне сияқты ғалымдар өз үлесін қосты. Батыс құқығы франшизаға келесідей жалпы анықтама береді: «шарт, ол бойынша белгілі қызметті жүргізудің дайын жүйесін иемденуші бір тұлға (франшиза иесі) екінші тұлғаға (франшизаны пайдаланушыға) сыйақыға айырбас ретінде осы  жүйені франшиза иесінің талаптарына сай пайдалануға рұқсат етеді».

Өз кезегінде франшиза шартындағы жүйе пайдаланушылар тауарларды сату немесе қызмет көрсету үшін пайдаланатын бір немесе бірнеше белгіге, фирмалық атауға, өнеркəсіптік үлгіге жəне авторлық құқық пен қорғалатын туындыға, сонымен бірге «ноу-хау» технологиясына жəне коммерциялық құпияға интеллектуалдық меншік құқықтарын қамтитын шарттардың пакеті ретінде түсініледі [3].

Франшиздік келісім деп – лицензиар белгілі бір іскерлік операцияларды (бизнесті) лицензиарға тиесілі атаумен жүргізуге жəне оның кəсіпкерлік қызметінің əдісін пайдалануға лицензия беретін шартты түсінеміз. Əдетте, франшиздік келісім лицензиарға рұқсат етілген іскерлік белсенділікке лицензияның əрекет ету мерзімі ішінде қатал бақылау жасау мүмкіндігін береді. Франчайзинг шарты əр түрлі салаларда қолданылады. Патенттердің тауар белгілері мен интеллектуалдық меншіктің басқа да нысандарының иелері оларды басқа тұлғаларға лицензия бере отырып шетелдерде жиі пайдаланады. Яғни франчайзинг кең таралған халықаралық – жеке құқықтық институттардың бірі болып табылады.

Қазақстанда франчайзингтік қатынастар лицензия деп аталатын заңдарды жəне интеллектуалды жеке меншікті қорғау туралы заңдарды жəне сонымен қатар Азаматтық кодексі арқылы реттеледі.

Қазақстан Республикасының «Кешенді кəсіпкерлік лицензия туралы» (франчайзинг) № 330-2 Заңы 2002 жылы 24 маусымда қабылданған болатын. Ол мемлекеттік аппаратты франчайзингтік қатынастарды қолдау жəне дамыту жөніндегі арнайы бағдарламаларды талдауға, олардың субъектілеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер ұсынуға, нормативтік актілерді жетілдіруге, интеллектуалдық меншікке деген айрықша құқықты қорғауға бағыттайды. Біздің заңнамада «кешенді кəсіпкерлік лицензия» термині қолданылған, ол құқықтық қатынастардың осы тобын ажырату үшін шығарушылармен шартты түрде пайдаланылған. Бірақ əлемнің көптеген елдерінде франчайзинг термині пайдаланылатын болғандықтан, қазақстандық заң шығарушылар бұл терминді аталған бап атауындағы жақшаның ішінде атап өтіп, Қазақстан Республикасында кешенді кəсіпкерлік лицензия деп франчайзинг аталатындығын көрсетті. Осылайша əлемдік заңнамамен белгілі бір үндестік жасалады. Сонымен бірге, баптардың мəтінінде біздің заңнамаға белгілі терминология пайдаланылады. Осындай жолмен заң шығарушылар отандық құқықтық терминологияның дəстүрін сақтап қалды.

Құқықтық классификация тұрғысынан алып қарағанда қазақстандық заңнамада франчайзинг шарты мен кешенді кəсіпкерлік лицензия шарты, синонимдер бола отырып, Азаматтық кодекстің 966-бабының мағынасы бойынша лицензиялық шарттың бір түрі болып табылады. Кешенді кəсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты Азаматтық кодексте, дəл сол атаумен, 45-тарау 896-909- баптардың нормаларымен реттелген.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 896-бабының 1-тармағында былай делінген, кешенді кəсіпкерлік лицензия шарты бойынша бір тарап (кешенді лицензиар) екінші  тарапқа (кешенді лицензиатқа) сыйақыға айрықша құқықтар кешенін (лицензиялық кешен), соның ішінде лицензиардың фирмалық атауын жəне қорғалатын коммерциялық ақпаратын пайдалану құқығын, сондай-ақ лицензиаттың кəсіпкерлік қызметінде пайдалану үшін шартта көзделген айрықша құқықтардың басқа да объектілерін (тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, патент жəне т.б) беруге міндеттенеді [4]. Бұл анықтама франчайзинг шартының мəнін оның нысанасы – лицензиатқа кəсіпкерлік қызметте пайдалану үшін ақылы негізде берілетін бірқатар айрықша құқықтар арқылы (лицензиялық кешен) арқылы ғана түсінуге мүмкіндік береді [5].

Франчайзингтің лицензиялық келісімдердің басқа түрлерінің ерекшелігі кешенді кəсіпкерлік лицензия арқылы айрықша лицензияны беру қамтамасыз етілетіндігінде. Оның тағы бір ерекшелігі – ол интеллектуалдық меншіктің жеке объектісіне деген құқықтарды беру жөнінде бекітілмейді, ол лицензиялық кешенге деген құқықтарды беруді білдіреді. Лицензиялық кешенді пайдалану құқығына ие болған лицензиат оған кіретін құқықтарды өзінің ғана емес, бір жағынан лицензиар мүдделері үшін де пайдалануға міндетті. Лицензиардың бақылауымен, шартта көзделген мақсаттар мен көлемде жүзеге асырылған лицензиат əрекеттері лицензиардың тауар сату, қызмет көрсету, жұмыс атқару саласындағы бизнесін дамытуға, белгілі бір аумақта өзінің монополиясын ұлғайтуға, өз өнімін өткізудің жаңа рыноктарын ашып алуға мүмкіндіктер туғызады. Бұның барлығы  лицензиатқа берілген айрықша құқықтарды жүзеге асыру арқасында мүмкін болады. Бұл құқықтардың объектілерін, негізінен, лицензиардың фирмалық атауы, ашылмаған коммерциялық ақпаратты жəне оның өнімін дараландырудың өзге де құралдары құрайды. Айрықша құқықтардың ерекшелігі сол, олардың бір субъектіден екіншісіне берілгендігін тікелей сырттай бақылау, көзбен көру арқылы анықтау мүмкін емес, өйткені олардың объектілері (интеллектуалдық меншік) заттар тəрізді іс жүзінде беріле алмайды. Құқықтардың берілгендігі формальды жолмен анықталуы мүмкін. Мысалы, айқын дəлел ретінде лицензиялық шарттың тіркелгендігі қолданыла алады. Ал мұндай тіркеу жоқ кезде немесе ол заңмен тікелей талап етілмеген жағдайларда құқықтардың берілгендігін пайдаланушының сол айрықша құқықтардың мазмұнына кіретін мүмкіндіктерді жүзеге асырғанынан көруімізге болады. Мысалы, франчайзинг шартындағы лицензиат лицензиардың фирмалық атауын өз дүкенінің маңдайшасына пайдаланады немесе өз тауарларын лицензиардың атына тіркелген тауар таңбасымен  маркілеп  сатады.  Айрықша  құқықтардың  осындай  «сыртқы  көрінісі франчайзинг шартын басқа азаматтық-құқықтық шарттармен салыстыру, соның негізінде олардың арасында ұқсастықтар мен айырмашылықтар табу арқылы оның мəнін жəне сəйкесінше заңды анықтамасының сапасын бағалауға мүмкіндік туғызады [5].

Франчайзинг шарты қызмет көрсету элементтерімен күрделенуі мүмкін. Ол айқын кəсіпкерлік сипатқа ие. Бұл шарттың мақсаты болып халық тұтынатын тауарларды (тауарлардың өзін, қызмет көрсетулерді, жұмыстарды) өндірудің бəсекеге қабілетті, жоғары технологиялық тəсілдерін, тауарларды (өндірістік) өндірудің құралдарын тарату табылады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 896-бабының 2-тармағына сəйкес лицензиялық кешенмен қатар кəсіпкердің (лицензиардың) іскерлік беделі мен коммерциялық тəжірибесі сияқты интеллектуалдық меншік сипатына ие емес игіліктерді беру мүмкіндігі көзделеді. Кешенді кəсіпкерлік лицензия пəнінің аясы берілуге жатпайтын игіліктермен жəне əрекет етуші заңнамаға сəйкес оларға іскерлік бедел жатпайтын кəсіпкер құқықтарымен шектелуге тиіс. Кешенді кəсіпкерлік лицензия шартын қолдану, яғни лицензия бойынша айрықша құқықтардың жекелеген түрлерін беру (оларды шарт пəніне енгізу) бойынша шектеулер заңды актілермен белгіленуі мүмкін. Мəселен, франчайзинг бойынша құпия түрде ойлап табылғандарға жəне т.б. мүліктік құқықтар беріле алмайды. Лицензиялық кешендерді беруге мүмкіндік бермейтін объективті фактор болып, лицензиялармен қатар шығармашылық интеллектуалдық қызмет нəтижелерінің құқық иелері болып табылатын субъектілердің мүдделеріне зиян келтіру мүмкіндігі табылады. Кешенді кəсіпкерлік лицензия шартының пəні болып лицензияларға тиесілі айрықша құқықтар табылады. Интеллектуалдық меншік объектілерінің үлгілік тізімі АК-нің 961-бабында келтірілген. Жоғарыда атап өткеніміздей, лицензиялық кешеннің негізгі құрамдас бөлігі болып азаматтық айналым қатысушыларын жəне олардың тауарларын, жұмыстары мен қызмет көрсетулерін дараландыру құралы табылады. Оларға аталған баптың 3-тармағына сəйкес фирмалық атаулар, тауарлық белгілер (қызмет көрсету белгілері) жатады. Объективті себептерге байланысты лицензиялық кешеннің құрамында тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын (шығатын жерлерін көрсету) беру бірқатар жағдайларда орынсыз болады. Егер заңды актілермен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсету) дараландырудың басқа да құралдары көзделген болса, онда олар да лицензиялық кешендердің құрамына енгізілетін болады. Осы айтылғанға  сүйене отырып, бұл шарттың негізгі құқықтық мақсаты болып лицензиатқа тиісті лицензияны беру табылатындығын атап өткен жөн.

Ол, сондай-ақ айрықша болып табылатындығына қарамастан, əрекет ету аясында белгілі бір аумақтар мен уақыт кезеңдерімен шектелуі мүмкін. Кешенді кəсіпкерлік лицензия белгілі бір қызмет аясына қатысты беріле алады, мысалы, лицензиялардан алынған немесе пайдаланушымен өндірілген тауарларды сатуға ғана немесе лицензия лицензиатты өзге коммерциялық қызметті (жұмыстар атқаруға, қызмет көрсетуге) жүзеге асыруға уəкілдендіруі мүмкін. Лицензияны беру лицензиатқа берілген құқықтарды жүзеге асырудың іс жүзіндегі мүмкіндігін беру қажеттілігін білдіреді [6].

Сонымен, франчайзинг шарты лицензиялық шарттың түп тармағы болғанымен,  басқа шарттардан ажыратуға мүмкіндік беретін бірқатар ерекшеліктерге ие. Бұл ерекшеліктердің барлығы шарттың нысанасын құрайтын айрықша құқықтардың түпкі ерекшеліктерінен туындайды. Франчайзинг шарттардағы сыртқы қатынастар (лицензияның тауар сату, қызмет көрсету, жұмыс атқару жөнінде тұтынушылармен пайда болатын қатынастары) сол айрықша құқықтар объектілерін пайдаланудың мəнін ашып көрсетеді.

 

 

Әдебиеттер

  1. Хамзин Ұ.М. Азаматтық-құқықтық шарттардың жекелеген түрлері: оқу құралы – Қарағанды: «Болашақ» баспа, 2006- 367 бет;
  2. Гражданский кодекс Республики Казахстан (Особенная часть). Коментарий/ отв.ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. -А., 2000, - 500 б;
  3. Каудыров Т.Е. Гражданско-правовая охрана объектов промышленной собственности: А., 2001. 253-б;
  4. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (ерекше бөлім) (1999 ж., 1 шілде, №409) (2011.02.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)., egov.kz
  5. Хамзин Ұ.М., кешенді кəсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шартының азаматтық-құқықтық шарттар жүйесіндегі орны. Гражданское и гражданско-процессуальное право, «Əділеттің» ғылыми еңбектері, № 1 (23) 2008, 63-68б.
  6. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы: оқулық. Ерекше бөлім. 1-том. - Алматы,
  7. Кешенді кəсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы Қазақстан Республикасының 2002 ж. 24 маусымдағы №330-II Заңы// "Егемен Қазақстан" 2002 жылғы 28 маусым №148-149

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.