Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Дəстүрлі қазақ қоғамындағы отбасы қатынастарынан туындайтын келісім – шарттар

Неке жəне отбасы қатынастары жүйесіндегі келісім-шарттардың негізгі түрлерінің қатарына: айттыру, құдаласу, құйрық бауыр жеу, қалың мал шартын жəне т.б жатқызамыз. Көп жағдайда осы қатынастар əдет құқық нормаларының реттелу аясынан шығып, жалпы əдет сипатындағы тиым ережелерімен қабысып кетіп жатады. Мəселенің осы қыры мұндағы келісім-шарт қатынастарының түрлерін жіктеп көрсетуде көптеген қиындықтар тудыратын.

Неке шарты отбасы қатынастар жүйесіндегі басты келісімнің құқықтық мəнін құрайды. Неке шартын жасау белгілі дəрежеде құқықтық салдар тудырады. Неке шартының арқасында құдалық жүзеге асып, құдалықтың кəделері: қалың мал беріліп, құйрық бауыр асасу, айттыру, жасауын беру жүргізіледі. Бұл неке шартының негізінде туындайтын, былайша айтқанда үлкен құқықтық салдары бар құда кəдесінің көріністері болып табылады. Жоғарыдағы айтылғандардың барлығының неке шартын жүзеге асыруда үлкен орны бар. Олардың əрқайсысы жеке келісімді құрай отыра, белгілі құқықтық фактілердің қызметін атқарады. Неке шартының жасалу тəртібі мен оның жүзеге асу тетіктеріне келетін болсақ, əр түрлі пікірлерді ұшыратстыруға болады. Солардың  ішіндегі толымдысы да, қазақ əдет құқығын жинап, зерделеген П. Маковецкийдің пікірі болып табылады. Ол былай дейді: “Ертеректе хан Тəукенің тұсында еркек 15, əйел 16 жасында некелесуге ерікті екен. Əйелдің тұрмысқа жасы жетіп шығуын ел ағалары текке көздемесе керек, үйдің ішкі, сыртқы тіршілігінің бар тауқыметін тартатын əйел затының еркектен гөрі естірек, төзімдірек болуы өмірдің қажеттілігі еді. Бертін келе бұл заң күшін жойып, қазақтардың некелесуніе жас жағынан шек қойылмайтын болды.

Осы некеге қатысты ежелден келе жатқан, қазір де сақталатын бір шарттың барын айта кеткен жөн. Қазақта 7 атадан қосылатын туыстардың некелесуіне тиым салынған. Өгей шешеге, асыранды қызға, келінге, енеге үйленуге болмайды. Сондай-ақ, əйелінің көзі тірісінде еркек балдызыныа, қайын бикесіне, қайынағасының қызына үйлене алмайды. Бөле, немере ағайындарынң некелесуіне тыйым жоқ. Неке ісінде барлық мəселені ата – ана мен ру басылары шешеді, күйеу жігіт пен қалыңдық тек солардың айьтқанына құлақ асуға тиіс; көп жағдайда қыз бен жігітті бесікте жатқанда атастырып қояды. Қазақтардың құдаласу рəсімі өте күрделі, ол кейде 10 жыл немесе одан да көп уақытқа дейін созылуы мүмкін.

Ең əуелі қыз бен жігіттің əке-шешесі құдаласауға келісіп, қалың мал жөнінде сөйлеседі, жігіт əкесі осы келісімнің белгісі ретінде қызға үкі тағады. Егер қыз əкесі келісімді бұзса, үкіні қайтарып қана қоймай айып төлейді, ал келісімді жігіт жағы бұзса, үкі қайтарылмайды. Бұл келісімнен кейін заңды құдаласу басталады” [1, 4б.]. Көрсетілген шаралар жүзеге асырылғаннан кейін, неке келісімінің тағы бір кезеңі немесе жеке тағы бір келісім-шарт құдаласу жүзеге асады. Осы құдаласаудың отбасы жүйесіндегі келісім-шарт түріндегі маңызы жəне мəні өте жоғары. Құдаласу екі жақтың келісімімен жүзеге асырылады. Құдаласу неке шартын одан əрі нақтылай түсудің бір көрінісі. Бұл жағдайда құдалардың арасындағы өзара міндеттік қатынастар былай жүргізіледі: “Құдалар еш уақытта қалыңдықтың ауылына тура барып түспейді, əуелі көрші аулға тоқтап, сол жерден қыз ауылына хабаршы жібереді. Қыз əкесі дереу туған-туыс, жекжаттарын жинап, бірнеше жерден үй тігіп, құда күтіп алуға əзірлене бастайды, хабаршыдан құдалардың қай күні келіп түскені жөн екенін айтады. Уағдалы күні құдалар қыз əкесіне келіп, ағайын-туғанның төрт көзі түген отырғанынды бұйымтайларын айтады. Қыз əкесі келіссе, қой сойылып, бата оқылады. Содан кейін құда түсер тойы басталады. Тойдың ауқымы қыз жағының əл-ауқатына байланысты, ол бір күнде бітуі немесе бірнеше күнге созылуы мүмкін” [1, 8б.]. Осыдан кейін барып қана, яғни құдаларын аттандырып салған соң қыз əкесі күйеу жігіттің ауылына қалың мал алуға барады, олардың келдер күінін енді жігіт əкесі белгілейді. Межелі күн қалыңдықтың əкесі жігіттің ауылына адамдарын аттандырады не оларды өзі бастап апарады. Бұл жерде дже қыз ауылындағы рəсімдер айнымай қайталанады. Құда күту тойының соңында қалың мал қыз əкесіне тамам жұрттың алдында түгенделіп беріледі, кейде жігіт əкесі қалың малды  біртіндеп төлеуге рұксат сұрайды. Қалың малдың ауыртпалығы  тек жігіт əкесіне ғана емес, құдалыққа бірге барған ағайын-туыстарғада түседі. Ең бағалы киіт алған адам қалың малға да ең қомақты үлес қосуы керек [1, 9б.].

Құйрық бауыр жесу неке шартының заңи айғағы болып табылады. Құдаласуға байланысты дау туған кезде, көбінесе билер құйрық бауыр жеген-жемегендерін сұрайды. Бұл соттық дəлелдеменің де қызметін атқарады. Көріп отырғанымыздай, неке жəне отбасы жүйесінің көптеген институттары əмбебаптық сипатта болып келеді. Құйрық бауыр мəселесіне байланысты қазақ əдет құқығының неке жəне отбасы институттарын зерттеген ғалымдардың бірі, Н.Н. Өсеров былай дейді: “Құда түсіп, сөз байланысқаннан кейін екі арада құқықтық міндеттер де жүзеге шығады. “Қалыңмал”, жасау институттарын айтпағанның өзінде, қанша əдет-ғұрыптық салт – дəстүрлдер, кəде-қауметтер бар. Бұлардың бəрі екі арадағы желісті үзбей,қайта ширата түсетін дəстүрлер. Бұл дəстүрлердің құқықтық мəндері де бар.

Екі жақ “құйрық бауыр” жеп, “баталасқаннан” соң күшіне енеді. Бірақ. Осы дəстүр-салттардың негізгі объектілері қыз бен жігіттің бас қосқанда бақытты болып, ұрпақ өсіру басты  нысанға алынады. Сондықтан да, олардың келісімі, жас шамасы алшақ болмауы, ақыл-есінің бүтін болуы, денсаулығы жақсы болуы, 7 атаға дейін туыс болмауы көзде тұтылады. Егер де осы айтылғандарды біріне кереғар болса, онда құда түсіп, баталаспайды” [2, 13б.]. Құйрық бауырдың ритуалдық сипатымен қатар, заңи мəні жоғары.

Неке шартын жүзеге асыру барысында құдалықтың бастауы болып табылатын атастыру, айттыру сияқты нысандарының маңызы бар. Бұл былайша айтқанда, неке шартын тудырудың құқықтық негіздері де болып табылады: “Аттастыру негізінде бір-бірімен етене жақын, достар, тамырлар, құда- жекжаттар арасында болатын əдет-ғұрып, бұл дəстүрлдің басы салтанатты той-томалақпен көпішіліктің басы қосылған кезінде жарияланады. Болашақ, жұбайлардың əке-шешелері бір-біріне ат мінгізіп, шапан, көйлек кигізу, сақина, білезік салумен, сөзбен шарт жасасып аяқталады. Ол атастырылған жас қыздың “қолбала” кезеңі. Бұл салттың қыз бала психологиясына құқына келешек келін болуға тəрбиелеудегі маңызы зор болған. Екі жақ бала мен қызының саналарына олардың аттастырылғанын айтып тəрбиелік жұмыс жүргізіп, əйелдің болашақ құқықтарының негізін қалыптастырған. Соның нəтижесінде қыз баланың болашақ қайын жұртына, болашақ күйеуіне деген бейімділігі құқықтары нақты түрде қалыптасады. Бұл көшпелілердің этникалық ерекшеліктерінің, ұлттық психологиясының өзіне тəн бір көірінісі жəне əйел құқықтарын қалыптастыру болды” [3, 13б.]. Ал екінші айтып отырған, “айттыру-көшпелі қоғамда əке-шеше тарапынан асырылатын іс- əрекет болды. Көшпелі қазақ қоғамында басы бос бой жеткен қызды кəрі-жас, бай-кедей, жақсы- жаман демей, қалаған адам айттыруға ерікті, хақылы болды. Көшпелі қоғамда қыз айттыру салт- дəстүрі нəтижелі жəне нəтижесіз жақтары да кездесіп отырған. Себебі, қыздың ата-анасы, жақын- туыстары ұзатылатын қыздың дəулетті, текті жерге баруын қалаған. Ата-ананың ақ батасын алмай ризалығынсыз қосылған қыз бен жігіт арасында үлкен дау туып отырған. Көшпелі қоғамда алып қашумен қосылған неке заңсыз деп танылып, қызды алып қашқан жігіт те, онымен бірге қашқан қыз да айыпты деп танылып, оларға ең алдында өлім жазасы кесілген. Мұны талай аңыз, ауыз əдебиеті дəлелдейді” [3, 13б.].

Неке шартындағы тағы бір жеке уағдаласатын мəселе, яғни жеке келісімнің түрі қалыңмал төлеу шарасы болып табылады. Қалыңмал төлеу неке жəне отбасы қатынастар жүйеснідегі келісім- шарттың жеке бір жүзеге асырылатын нысаны болып табылады. Өтйкені, қалыңмалғабайланысты оның төленген, төленбегеніне байланысты жеке-дара құқықтық қатынастар пайда болады. Қалыңмал дауы өз алдына дербес туатын дау болғандықтан, біз бұны бұл бағыттағы келісім-шарттың жеке бір бағыттың түрі деп айқындап отырмыз. Қалыңмал мəселесі қазақ əдет құқығы жүйесінде өте бір ерекше тəртіптелген болатын. Қалыңмалға байланысты əр түрлі көзқарастар жүйесі де қалыптасты. Қалыңмалдың мөлшері туралы айтатын болсақ, оны əр түрлі бағалайды. Мысалы, Д. Андре қалыңмалдың көлемін былай айқындайды: “Қалыңның көлемі де əркімнің қал –ауқатына байланысты. Кедей 5-6 қой тапқанына қуанса, байлар 200 жылқы, 500-1000 қойға дейін қалың береді.

Кіші жүздің ханы Нұралының 16-17 əйелі, оның сыртында 15 кəнизағы болған. Некелі, некесіз əйелдері оған 32 ұл, 33 -34 қыз туып берген.

Жас жігіттер бəірінші əйелді тек ата-анасының қалауымен алады, ал қыздарының күйеу таңдауға еркі жоғы екі бастан белгілі жағдай. Құдаласуға əркім өз теңін іздейді. Бай-бағыландар бесікте жатқанда өзара атастырып қояды. Құдалықтың алғашқы шарты-қалың малдың көлемі мен төленер күіні белгілеу. Қалың малдың барлық жайы келісіліп, құдалар қол алысып, төс соғыстырғаннан кейін молла куəлардың көзінше құдаладан: балларыңды қосуға ризасыңдар ма деп сұрап, құдалықты құранмен бектідеі. Құдаласудың соңы құда күту тойына ұласады. Осыдан кейін біртіндеп, қалың малын төлеуге кіріседі, ал қалдыңдықтың əкесі қызының жасауын жабдықтауға бұйрық береді.

Қалың толық төленіп біткенше, той болады, əйткенмен күйеу қалыңдығымен оңаша отауда жүздесе алады, тек тəн жақындығына бармауы керек” [4, 26б.]. Ал, жоғарыда айтып өткен П. Маковецкий болса, оны кең көлемде жеке-жеке талдай отыра, өзінің ойын былай білдіреді: “Қалың мал жайында таратып айтсақ, ол мынандай бөліктерден тұрады:

  1. Бас жақсы-ең құнды, ең жақсы деген сөз. бұған күнделікті тұрмысқа аса қажетті төрт зат кіреді. а) мерген мылтық; ə) барымта кезінде жаныңды сақтайтын сауыт; б) талай бəйгеде жүлде алған, қашсаң жауыңа жеткізбейтін, қусаң алысқа жібермейтін жүйрікат; г) сыртқы тұртқы келіскен, күші де мол түйе. Түрлі кезбелер мен бармташыларғакезігіп қалмас үшін жиі-жиі қоныс өзгертуге тура келедк, ал көші-қонға түйеден артық мал жоқ.

Бұл заттың əрқайсысының құны - 5 ірі қараға парапар, яки аталмыш құнды заттары жоқ адам жиырма бас ірі қаратөлеген, кейінннен осы жиырма ірі қара қалың малдың өлшеміне айналған. Бірақ бертін келе бас жақсының мəні өзгеріп, əлгі тқрт заттың орнына тұрмысқа керекті өзге дүниелер берілетін болған. Мəселен, Торғай уезіндебас жақсыға 3-12 дейін жылқы, немесе 100-300 дейін, тіпті 600- 1000 дейін күміс ақша береді.

  1. Қара мал-қалың малдың негізгі бөлігі, оны қалыңдықтың құны десе де артық болмайды. Қара малды əркім шама-шарқынша қарай төлейді. Бір жиырмадан бастап, бес жиырмаға дейін беруге болады. Тіпті алты, жеті жиырмадан беретіндер бар, бірақ бұндайлар өте сирек кездеседі. Торғай облысының шығыс жағында бай адамдар қара малға бір қырық жетіден (47), орта ауқатты адамдар бір отыз жетіден (37) береді. Қырық жетінің құрамында жанама жақсысы, жеке ту биесі, төс аты, бір жастағы құлыны бар, барлдығы əр жастағы 33 бас мал болуға тиіс. Отыз жетіде осы құрамдас 26 бас болады.
  2. Ілу-күйеу жігіт қалыңдығына алғаш ұрын барған кезде төленетін төлем, 30-80 жылқыға дейін барады, қара малды көп төлейтін. Орал облысы мен Торғай облысының кейбір жерлерінде ілу 10 түйеден аспайды.
  3. Той мал-қыздың ұзатылу тойына əкелетін мал. Той малдың қарасы қалыңдықтың жасауы мен еншісінің көлеміне байланысты. Қалыңдықтың əкесі қызына қандай енші беретін күйеу жігітке алдын-ала айтып қояды. Той мал əдетте 20-70 жылқының аралығында болады. Бұнымен қосы күйеу жігіт киіз үйдің шаңырағына, түндігіне жетерлік киіз əкелуі керек, іргесін қалыңдық жағы жабдықтайды.
  4. Сүт ақы-қалыңдықтың анасының сүт ақысы. Ол шамамен 1-7 түйенің аралығында болады.

Жігіт түйе-жігітттің өз тарапынан берілетін төлем, ол 2 түйеден аспайды. Ең соңында қыз жағы күеу жігіттің ең қымбат шапаны мен ер-тұрманын алдып қалап алады” [1, 16-17 бб.]. Бұл жерде қалыңмалмен қатар, қалыңмалдың құрамына кіретін оның бөлімдерінің барлығы көрініс тапқан. Тағы да бір орыс жазбаларында қалыңмалдың құрамы былай делінген: “Қалың малдың құрамы былай болып келеді: бас жақсысы-қалыңның ең бағалы бөлігі, қара мал-қалыңның негізгі бөлігі, ілу- күйеудің қалыңдығын алғаш көргендегі берер ақысы (Орынбор жақтың қазақтар ілуді қалыңдық ойнау немесе ұрын келі деп атайды), той мал-ұзату, неке қияр тойларына жұмсалатын мал, той малының көлем қалыңдықтың жасауының құнына тең болуы керек. Өйткені, той малы төленгеннен кейін қалыңдық күйедуің əйелі болып саналады, алда-жалда осыдан кейін күйеу өліп қалса, қыз оның жесірі ретінде қайын жұртына жөнелтіледі” [5, 32б.]. Кейбір мұрағат құжаттарында нақты қалыңмалдың жүзеге асуын былай белгілеп көрсететін жағдайларды кездестіреміз: “ХІХ ғасырдың 20-жылдарына жататынархив документтерінде қалыңмал мөлшері,оның құрамы жайында құнды деректер сақталған. Онда Басентин елінің Ақжан дейтін қызы үшін оның əкесі Досбол құдасы Бура- Найман Мырзабековтен қалыңмал ретінде 1 қыз жетім, 1 бесті ат, 2 алты жасар ат, 2 он жасар ат, 5 қой (25 қозылы қой, 10 тоқты) 2 құлынды бие, 7 тай жəне 1 түйе (3 байтал, 2 құана үшін), 2 кесек киіз, 2 кілем, 2 шапан (қамқа жəне жібек), тақия, орамал жəне əр түрлі маталар мен 1 тоқтылы қой (өлі тірі үшін алған)” [6, 205б.]. Қалың малдың қазақ əдет құқығы жүйесінде ең төменгі мөлшері де белгіленген. И.А. Козловтың ойы бойынша, оның төменгі мөлшері мынандай: “Ең төменгі қалың мал 16-жылқы, 2 түйеден тұрады (түйенің жасы есепке алынбайды), алайда жалқылардың ішінде міндетті түрде құлынды биелер болуы керек, яки құлындардың есебінен жылқы басы 20-жетуі шарт” [7, 30б.].

Міне, осындай қалыңмал төленгеннен кейін ғана, екінші жақ қыздың жасауын əзірлейді. Жасау беру неке шартындағы тағы бір құқықтық міндетті тудыратын шараның бірі болып табылады. Қалыңмалы түгел төленген кезде, жасауын деңгейінде беруге ұмтылады. Жасау мəселесі əр түрлі жағдайда, яғни тараптардың мүмкіндігіне байланысты шешіліп отырған. “Күйеудің  əкесі қалыңмалын төлеуге қандай міндетті болса, қалыңдықтың əкесі қызына жасау беруге сондай борышты. Жасаудың көлемі жайында ешқандай келісім-шартболмайды. Қалыңдықтың əкесі қалың малдың ауқымына қарай жасау əзірлетеді. Орташа тұрмысты жəне жарлы адамдар көбіне қалың малдан  кем  жасау  береді,  өйткені  олар  үшін  қызын  күйеуге  беру-жағдайын  түзеп, тұрмысын бүтіндеудің бір жолы. Ал енді 77 бастан артық қалың мал алған бай адамдар қызының жасауының қалың малынан асырып жасамаса, кем жасамайды.

Мал мен ақшадан тұратын қалың малдан жасаудың айырмашылығы-оның негізіні киім-кешек, көрпе-жастық, кілем-төсеніш, үй жабдықтары, киіз үй құрайды. Малдан тек қыз мінетін ат пен жасау артатын түйе болады. Қазақтың ескілікті салты бойынша, сəукеле мен қымбат əшекейден басқа қыз киімі түгел тоғыздан берілген. Қазір ол дəстүр көп сақталмайды, əркім қал-қадірінше тірлік қылады, мəселен байлар əр киімді 40-тан берсе, кедейлер бір-бірден бергенді місе тұтады, күллі жасауын түгендеуге олардың əл-ауқаты жетпейді”[1, 5-6 бб.].

Қазақ ішінде неке шарты кейбір жағдайда бұзылып та жататын. Неке шартының бұзылуы, яғни ажырасудың көрініс болып табылады. “Қазақтардың тұрмысында ажырасу өте сирек кездесетін жəйт. Тегінде қазақтар отбасының бүтіндігін бəрінен жоғары қояды. Əсіресе əйелдерге талап күшті. Əйелдердің ажырасу жөнінде ниет білдіруге құқы жоқ. Ол тек еркектердің еркіндегі іс. Əйткенмен ерекектер де жөн-жосықсыз əйелін тасмайды. Көбіне-көп əйелінің мінезі шайпау, жеңілтек, өзі салдыр-салақ болғандықтан ажырасады. Еркек əйелімен ажырасуы үшін ешкімнің алдына барып жүгінбейді, тек бір күннің ішінде əйеліне үш мəрте “сен талақ” деп айтса болағаны. Егер күйеуі əйелін талақ тастамай, екі жақ өзара келісімге келіп ажырасса, 3 ай 10 күн өткеннен кейін қайта жарасуларына болады. Тек некелерін қайта қидыруға тиіс.

Сондай-ақ, еркек əйеліне бір немесе екі рет қана “талақ” айтса, онда қайта қосылуларына болады. Ол үшін талақ болған əйел сырт көз үшін басқа біреумен некелесіп, үш күн бірге тұруы керек, бірақ онымен ерлі-зайыптылық қатынас жасамайды. Үш күн өткеннен кейін əйел жалған күйеуінен талақхат алып ажырасады да, бұрынғы күйеуімен қайта некелеседі. Ал, егер еркек əйеліне үш мəрте талақ айтса, онда екеуінің қайта қосылуына еш еркі жоқ” [8, 13б.]. Ажырасу да жеке құқықтық салдарды тудыратын жағдай екендігі белгілі.

Біз жоғарыда қалыңмал мəселесін айтып отырғанда, қалыңмал төлеу қызға ұрын баруға жол ашатын шарт екендігін айтқан жоқ болатынбыз. Қалыңмал төленгеннен кейін ғана, жігітке қыз ауылына баруға жол ашылылады, яғни осы жағынан жігіт белгілі бір құқықтарға ие болады. Ол былай жүзеге асырылады: “Қалың мал түгел төленіп біткен соң күйеудің қыз ауылына келуіне жол ашылады. Əйткенмен де алғашқы ұрын келудің жүгі ауыр, күйеу сайдың тасындай  жігіттерден таңдап нөкер сайлап, ауылдың бір сыйлы ақсақалын алдыға салып қалыңдығының  ауылына аттанады. Қайын жұртына көрші отырған ауылға ат басын тіреп, қайын атасына хабаршы жібереді. Күйеуден хабар алған қыз ауылы дереу күйеуді күтіп алудың қамына кіріседі. Ең əуелі оқшаулау жерге күйеуге арналып үй тігіледі. Сосын күйеуге хабаршылар жіберіледі. Күйеуге бірінші жеткен хабаршы “шауып келді” аталатын сүйінші сыйын алады. Содан кейін күйеуді қаумалаған күллі нөкер, хабаршылар жігітке тігілген оңаша үйге беттейді. Бұл кезде отаудың алдында сол киіз үйді тіккен, “шатыр байғазы” алудан дəмелді қыз – келіншектер қаздай тізіліп тұрады” [1, 9б.].

Міне, қарап отыратын болсақ, неке саласындағы келісім-шарттар өзінің көп қырлығымен  ерекшеленеді. Неке жəне отбасы қатынастарындағы келісім-шарттардың толық сақталмауы, қазақ ішінде бітпес даудың бірі, жесір дауына əкеліп соғады. Қалың малын төлеп, қызды айттырып қойған кезде де дау туып жатады. Кейбір жағдайда қалыңмал өтеп қойғанда да, қыздардың қашып кетіп, ел арасында дау тудырып жататын жағдайлары да болады. Ойымызды қорыта келгенде, айтарымыз, неке жəне отбасы қатынастарынан келісім-шарттың бірнеше түрі қалыптасып, олар өзара байланыста  жалғасып жатады.

 

 

Әдебиеттер

  1. Маковецкий П. Қазақтардың заң орына жүретін дəстүрлері жөніндегі жазбалар / Қазақы неке (салт-дəстүр жөніндегі жазбалар) / Орыс тілінен аударған Б. Қожабекова. – Алматы: Жалын, 1994. – 4-14 бб.
  2. Өсеров Н.Н. Қазақтардың дəстүрлі неке жəне отбасы құқықтары (Қазақ əдет-ғұрып материалдары бойынша): заң ғыл. канд. дис. автореф: 12.00.01. - Алматы, 2002. - 19 б.
  3. Қазиев О. Көшпелі қазақ өркениетіндегі əйел құқығының мəртбесі (ХҮІІІ-ХХ ғғ. бас кезеңі): заң ғыл. канд. дис. автореф: 12.00.01. - Алматы, 2005. - 29 б.
  4. Д. Андре. Қазақтардың ордасында заң есебінде жүретін дəстүрлер / Қазақы неке (салт-дəстүр жөніндегі жазбалар) /Орыс тілінен аударған Б. Қожабекова. – Алматы: Жалын, 1994. – 29-31 бб.
  5. Баллюзек Л. Қазақ некесінің ерекшеліктері / Қазақы неке (салт-дəстүр жөніндегі жазбалар) / Орыс тілінен аударған Б. Қожабекова. – Алматы: Жалын, 1994. – 16-23 бб.
  6. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы: (қазақ отбасының кешегісмі мен бүгінгісі жайындағы ғылыми зерттеу еңбек). – Алматы: Қайнар, 1996. – 288 б.
  7. Козлов И.А. Қазақтардың дəстүрлік заңдары / Қазақы неке (салт-дəстүр жөніндегі жазбалар) / Орыс тілінен аударған Б. Қожабекова. – Алматы: Жалын, 1994. – 32-35 бб.
  8. Левшин А.И. Дəстүрлер / Қазақы неке (салт-дəстүр жөніндегі жазбалар) / Орыс тілінен аударған Б. Қожабекова. –Алматы: Жалын, 1994. – 26-28 бб.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.