Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Неке және отбасы қатынастарын реттеудің конституциялық-құқықтық негіздері: қалыптасуы және даму тенденциясы

Мемлекеттік нормаларды құқық қолдану қызметінде соттың атқарар рөлі орасан зор, әсіресе негізгі адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және мүдделерін сақтау мен қорғау болып табылатын, қоғамның демократиялық негізін, құқықтық мемлекет институттарын қалыптастырудың заманауи талаптарында өзекті болмақ.

Сот билігінің негізгі қызметтері:

  • Елдің конституциялық құрылымы мен құқықтық тәртіп кепілін қамтамасыз ету;
  • Тепе-теңдік, тежемелік балансын қамтамасыз етуде заң шығару, атқару және сот биліктерінің құзреттерінің өзара әрекеттесуі мен шектеуінің өзара қатынас кепілі;
  • Сот билігі органдарының қызметіне сот төрелігін шығаруда басқа мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың араласуын болдырмау;
  • Жеке тұлғалар мен мемлекеттің құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың құқықтық нысанын іс жүргізу заңнамалары негізінде жүзеге асыру;
  • Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам институттарын қалыптастыру мен заңдылықтың бекуіне әсер ету.

Сот жүйесінде мақсаты азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру болып табылатын азаматтық сот өндірісі маңызды рөл атқарады.

Азаматтық құқықтар мен мүдделерді қорғау процесінде соттардың рөлі бірқатар себептер бойынша өсе түседі, дәлірек айтқанда:

  • Кейде құқықтарын тек сот арқылы қорғау мүмкін мүліктік мүдде субъектілері, яғни меншік құқығында мүлкі бар тұлғалар;
  • Мүліктік айналымды құқықтық реттеу қажеттілігімен, соның ішінде мемлекеттік мүдделерді де қорғау үшін;

Азаматтардың азаматтық және мүліктік құқықтарын конституциялық бекіту, оларды заңдылық талаптарына сәйкес тиісті деңгейде қорғауды міндеттейді.

Сот төрелігі – азаматтық құқықтық дауларды қорғау және шешу, іс бойынша заңды және негізді шешім шығару жолымен мемлекет атынан сот билігінің органы ретінде сотпен сотта қарау сатысында жүзеге асырылатын және азаматтық сот өндірісінің мақсаттары мен міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ететін азаматтық сот өндірісінің негізгі және ерекше қызметі болып табылады. Заңдылық сот пен сот жүйесінің қызметінің бүтіндей негізі болып табылады. Құқық қолданушылық тұрғысынан, соттардың қызметінің заңдылығы процессуалдық әрекеттерінің материалдары және процессуалды құқық нормаларына, яғни заңға толықтай сәйкестігін білдіреді. Ал мемлекет және құқық теориясы тұрғысынан, заңдылықты былайынша сипаттауға болады «қоғамдағы тұрақты қызмет атқаратын мемлекеттік-құқықтық режим, оның негізінде барлық мемлекеттік құрылымдар, лауазымды тұлғалар қызмет атқару үшін, әсіресе сот төрелігін жүзеге асыру үшін қажетті мүмкіндіктер жасалуы мүмкін» [1]. Осы жерде заңдылықтың әлеуметтік мәні тұрақты түрде әрекет ететін мемлекеттік-құқықтық режим екенін, және соның негізінде мемлекеттік басқару аппаратының тиімді жұмысы үшін жағдайлар жасау мүмкін екенін және заң шығару, атқару, сот биліктерінің тұрақтылығы қамтамасыз етілуі мүмкін екенін айта кету керек.

Құқықтық мемлекет механизімі биліктің бөліну қағидасына негізделе құрылады. Ұйымдастырушылық және қаржылай тәуелсіз сот билігі объективті сот төрелігінің кепілі болып табылады: «құқықтық мемлекеттің үйлесімді әрекеттесуінің кепілі ретінде, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауда негізгі құрал ретінде, жаңа мемлекеттіліктің анық негізі ретінде күшті және тәуелсіз сот билігін білдіреді» [2]. Республикадағы жүргізілген бірқатар сот реформалар, іс жүргізу заңнамасына өзгерістер еңгізу осы бағыттағы елеулі өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Заңдылық қағидасын жүзеге асыруды конституциялық қамтамасыз етудің жарқын көріністердің бірі ҚР Конституциясының 78 бабы адам мен азаматтың құқықтарын қамтамасыз ету кепілін бекіту болып табылады, дәлірек айтсақ «Соттардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұсқан келтіретін заңдар мен өзгеденормативтікқұқықтықактілердіқолдануға хақысы жоқ. Егер сот колданылуға тиісті заң немесе өзге зе нормативтік құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұсқан келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық кеңеске жүгінуге міндетті» [3].

Аталған қағиданы жүзеге асыру еліміздің барлық іс жүргізу кодекстерінде баянды етіледі және «ҚР Сот жүйесі судьялардың мәртебесі туралы» 2000 жылы 25 желтоқсанда №132 ҚР Конституциялық Заңының негізіне қаланған.

Азаматтардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделерін сот арқылы қорғау нысаны құқық қолдану процесінің тиімділігін арттырып қана қоймай, сондай-ақ ең нәтижелісі болып табылады. Сонымен қатар сот билігінің ерекшелігі – сот төрелігін  жүзеге  асыру,  оған ең қиын қызметтердің бірі – құқық қорғау туралы қақтығыстар, дауларды шешуде арбитр рөлін орындау, мемлекеттегі заңдылық режимін орындау мен сақтауды қамтамасыз ететін орган қызметін атқару жүктелген.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету процесінде заңдылықты қамтамасыз  етудің  бір  құралы  болып,   оларға мемлекеттік пен аралық соттың арасында таңдау жасау құқығын беру табылады. Мұндай таңдау сот өкілеттілігі  саласының  кеңеюіне, сот төрелігінің қол жетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етілуіне себеп болады.

Аралық  (арбитражды)  соттар   Қазақстан сот жүесіне кірмейді және ҚР Азаматтық Кодексінің 9 бабы мен ҚР Азаматтық Іс Жүргізу Кодексінің 25 бабына сәйкес, олар әрекет етіп тұрған нормативтік заңнамаларға дәлірек айтсақ

«Аралық соттар туралы» 28 желтоқсан 2004 жылғы ҚР Заңына сәйкес азаматтық құқықтарды қорғауды жүзеге асырады.

Аралық сотта аралық келісім жасаған немесе сәйкес шартқа аралық келісім енгізген заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар арасындағы барлық дерлік дауларды шешуге болады, ал мемлекеттің мүддесі, мемлекеттік кәсіпорынның, кәмелетке толмағандардың, әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған тұлғалардың, аралық келісім тараптары болып табылмайтындардың мүдделеріне қатысты даулар, қызмет  көрсету  туралы шарттардан, табиғи монополиялар субъектілерінің тауар өндіруге байланысты,  тауар және қызмет көрсету нарығында басым жағдайға ие субъектілерге қатысты, сондай-ақ ҚР заңдарында қарастырылған жағдайларды қоспағанда банкроттық істері бойынша дауларды қарастырып, шеше алмайды [4].

Азаматтық және өзге де істерді кәсіби деңгейде қарастырудың маңызды кепілі болып, Республикамызда соттарды мамандандыру институтын енгізу болып табылады, дәлірек айтсақ бүгінде экономикалық және әкімшілік соттар құрылып, қызметтерін сәтті атқарып жатыр. Ювеналды және инвестициялық соттар құру мәселелері талқыланып жатыр. Сот жүйесін мамандандыру сот корпусының кәсібилігін арттырудың маңызды талабы болып табылады және сәйкесінше, қақтығыстар мен дауларды шешудің тиісті сапасы мен объективтілігі қамтамасыз етіледі, және осы арқылы азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау қамтамасыз етіледі.

Мұндай түрдегі мамандандырылу істі қараушы судьяның арнайы білімінің болу қажеттілігімен негізделеді, ал бұл өз кезегінде конфликтінің негізін мүлік, мүліктік немесе қаржылық мүдде құрайтын, қаржы, валюталық, банкілік, кедендік, инвестициялық және басқа да істер бойынша өте өзекті болып табылады. Ал нарықтық қатынаста мүліктік және ақша қаражаттарының айналым ерекшелігі түрлі және күрделіленіп барады. Мұндай қақтығыс түріндегі даулар азаматтыққұқықтық, сондай-ақ қылмыстық-құқықтық сипатқа да ие.

Сонымен, сот төрелігін – сот дауларын дұрыс қарастыру, заңды және негізді шешімдер қабылдау талаптарында ғана, азаматтардың конституциялық құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін жүзеге асыруды қамтамасыз ете алатын, қоғамның құқық бекітушілік қағидаларына сәйкес келеді деп жіктеуге болады. Сол үшін Қазақстанда бірқатар реформалар кешені жүргізілді, және Қазақстанның құқықтық саясаты Тұжырымдамасында анықталғанындай әрі қарай жалғастырылу жоспарланып отыр.

 

Әдебиет

 

  1. Абдрасулова Г.Э. Применение гражданскоправовых норм судом (вопросы теории и практики): дисс. на соиск. уч. ст. к.ю.н. – А., 2006. – 150 с.
  2. Мами К. Суд как гарант утверждения законности и справедливости. / Правовая реформа в Казахстане, апрель 2006 г. // http://www. kz/news/smi/index.php? ELEMENT_ ID=6364
  3. Конституция Республики Казахстан от 30 августа 1995 г.
  4. Закон Республики Казахстан «О третейских судах» от 28 декабря 2004 года.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.