Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстанның Ресейге қосылу барысындағы қылмыстық заңнамадағы өзгерістер

Қазақстан Республикасы егемендік алып, оның саяси тəуелсіздігі жарияланғаннан кейін жағдай түбегейлі өзгереді. Қазақ халқы бүгінгісі мен болашағына ғана емес, өткен тарихына да жаңа тұғыр, тың көзқарас тұрғысынан қарай бастады. Егемендік, тəуелсіздік, ұлттық мемлекет идеялары қоғамдық өмірдің барлық салалары, оның ішінде, мемлекеттік құрылыс жəне құқықтық жүйе арналарында да жаңа леп алып келді. Ондай ұлттық ерекшеліктер мен ұлттық құндылықтарды көрсетудің бір құралы ретінде Қазақстан Республикасы халықтарының  басым бөлігі ұстанатын мұсылмандық сенім жəне халықтың  түпкі  тамырын,ұлт  ретінде пайда болу кезіндегі ерекшелігін білдіретін əдетғұрып құқығы танылады.

Сондай-ақ əдет-ғұрып заңдарының да институттары оған байланысты ережелерін ой елегінен өткізу, оның жағымды жақтарын іске жарату мүмкіндігін қарастыру жеке ғылыми зерттеуді талап ететін өзекті мəселе болып табылады.

Қазақ əдет-ғұрып құқығы қоғам өміріндегі адам аралық қатынастарды реттеуге арналған, барлық жұртқа ортақ нормалар жүйесі болып табылады.

Қазақтың  дəстүрлі  құқығындағы  «қылмыс» ұғымына   Қазақстанға   VIII    ғасырдан   бастап   енген   мұсылмандық   құқық   нормалары да өзіндік ықпалын тигізді. Дəстүрлі құқық нормаларының құрамдас бөлігі ретінде қаралған дінге қарсы қылмыс түрлері шектеулі ғана енді. Ол мемлекеттік қылмыс сипатынан гөрі діни қағида ережелерін бұзған салт-сана ұғымымен шектелді. Қазақ халқының арасында қалыптасқан көзқарас бойынша дін қағидасын сыйламай, оның тəртібіне бой ұрмай «жаман қылық» жасап, күнəға батқан адамдар, құдайға қарсы келген имансыздар деп саналған. Қылмыстың мұндай заңдылық ұғымы діни имандылық тəртібімен араласып, қоғамдық көзқарастағы дінге қарсы қылмыстардың жеке түрлері бойынша халық арасында жəне отбасындағы қарым-қатынастарда орын алып келді.

Жалпыдəстүрліқазаққұқығындақылмыстың айқын түсінігі орын алмаған. Қылмысты ел ішінде теріс əрекет “ата жолынан аттау” деген теңеулермен бағалап отырды [1].

Қазақ əдет-ғұрып құқығы нормаларының өзгеріске түсуіне орыс қоғамы қондырмасының мемлекеттік-құқықтық бөлімі өте күшті əсер етті. Қазақстан Ресейге қосылуының бастапқы кезеңінен бастап патша үкіметі қазақтардың патриархалдық-феодалдық қатынастарын реттеуде басымдық танытқан жəне де əдеттікқұқықтық нормаларды бұзуды тиімсіз жəне мүмкін емес іс деп тапты. Ол Қазақстанда қолданылып жүрген əдеттік құқықтық нормаларды тек өзінің отаршыл саясатына бейімдеп пайдалануға тырысты.

Сол негізде осыған  сүйене  отырып,  патша үкіметі қазақ əдет-ғұрып құқықтарын Қазақстанда қолданылып жүрген құқықтың қайнар көздерінің бірі ретінде ресми түрде танылды.

ХVІІІ   ғасырдың    80-жылдарында    патша үкіметі Қазақстанның Кіші жəне Орта жүздерінің əкімшілік-соттық құрылымы бойынша маңызды шаралар өткізуді бастамақ болған кезде, қазақ əдет-ғұрып құқығының нормаларымен толығырақ танысуға, сол нормалар туралы керек деректерді жинауға оларға нақты қажеттілік туды. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін ІІ Екатеринаның 1778 жылғы 30 сəуірдегі жарлығымен  Орынбор  өлкесінің басқармасына

«қырғыздардың əдет-ғұрыптары негізінде жинақ құрастыру» тапсырылды. Сонымен патша үкіметінің «Сібір қырғыздары туралы жарғы» (1822 ж.) негізінде жүргізген  əкімшілік соттық реформасы қазақ əдет-ғұрып құқығының қолданылу аясына біршама шектеу енгізген алғашқы əрекет болды деуге болады. Дегенмен де 1822 жылғы жарғыға сəйкес қазақтардың əдет-ғұрып құқығы барлық азаматтық істері мен жалпы қылмыстық істерінің басым бөлігі үшін құқықтың қолданыстағы қайнар көзі ретінде мойындалды.

Жарғы жарық көргеннен бастап 1822 жылы ХІХ ғасыр бойына қазақ əдет-ғұрып құқығы туралы материалдарды жинау мен жүйелеу жұмыстарытұрақтыжүргізіліпотырды. Бұлүшін арнайы қомақты қаражат бөлінді, қазақ даласына шекаралас комиссиялардың түрлі шенеуніктері іс сапарға аттандырылды, олар қазақ əдет-ғұрып құқығының нормаларын жазып алумен болды; қазақтардың қарапайым құқығы жинағының жобасын қайта қарайтын ерекше уақытша комитеттер құрылды; қазақ қоғамының феодалдық рулық ақсүйек өкілдерінің басын қосқан əртүрлі жиындар шақырылып талқыланды.

Осы жұмыстардың нəтижесі ретінде жоғарыда аталып өткен қазақ əдет-ғұрып құқығы жинақтары жарық көрді. Бірақ осы жинақтардың бірде-біреуі заң тұрғысында бекітілген жоқ, тек патша əкімшілігі үшін қажетті анықтамалық материал жинақ ретінде қалды. Патша үкіметінің бұл жинақтарды бекітпеу себептерінің бірі əдет-ғұрып құқығының көптеген нормалары патша заңнамасы жүргізетін ұстанымдарға мүлде қарама-қайшы келді. Мəселен, қазақ əдет-ғұрып құқығы нормалары қанды (рулық) кек, құн, айып, барымта, қылмыскерді тергеусіз соттау, қауым мүшелерінің ұжымдық жауапкершілігі секілді патриархалдық-феодалдық қатынастардың əдет-ғұрыптарын қолдануға рұқсат ете береді. Ал патшалық заңнамада қылмыстық нормалары бойынша, атап көрсетілген əдет-ғұрыптарға рұқсат етілмеген, ал кейбір істерді қарағанда (қанды кек, барымта), тіпті, жазаға тартылатын қылмыстар саналатын. Əдет-ғұрып құқығы мен патшалық қылмыстық заңнамасы нормаларының осындай өзара сəйкес келмеуі шаруашылықтың капиталистік жүйесінің пайда болуына жəне дамуына байланысты болды.

Қазақ əдет-ғұрып құқығы патша үкіметінің заң талаптарын толығымен қанағаттандырмады жəне сол себепке байланысты «Орынбор қырғыздарын басқару туралы ережені», 1867 жəне 1868 жылғы Уақытша ережелер, сондайақ, басқа да заңдардың негізінде ол қазақ   əдет-ғұрып құқығына əсер ету аясын үнемі шектей түсуге ұмтылды, оны жалпы империялық заң нормаларымен алмастырып отырды.

Мысалы айта кететін болсақ, Сырдария жəне Жетісу облыстарын басқару (1867) жəне далалық облыстарды басқару (1868) туралы Уақытша ережелер қабылданғаннан кейін бір немесе уездің өздерінде қаралатын қылмыстық жəне азаматтық істерді талқылауға шақырылған төтенше құрылтайында істі қарастырар алдында сот ісін жүргізу мен материалдық құқықтық жақтарын шешіп алу дəстүрге айналды. Бұл істер жазбаша түрде жүргізілді жəне оған құрылтайда талқылауға қатысушы билердің барлығы қол қоятын болды. Бұдан соң «Ереже» деп аталған бұл ережелер жинағы сол құрылтай үшін заң күші бар құжат болып саналды.

Өзінің мазмұны мен формасы жағынан Ереже жазылған заңға көбірек жақындайды. «Қазақ қазылары, – деп жазды А.Зуев, – құрылтайда қаралатын істерді талқыға салар алдында əдетте біздің заң бойынша шешім шығарарда өздері басшылыққа алатын əдет-ғұрып құқығының түрлі ережелерін – əдеттерді бір-бірінің есіне салып отырады жəне сосын өздері үшін «Ереже» деп аталатын нұсқаушы қаулы түзіп алады, оған əдет-ғұрып құқығының барлық сəйкес тəртіптері мен уағыздары енгізіледі. Бұл қаулы қазылардың сол құрылтайда қолдануы міндетті заң ережелерінің жиынтығы болып шығады» [2]. Жоғарыда аталған құрылтайлардың əрқайсысында сан алуан азаматтық жəне қылмыстық істер қаралатын болған, олардың ішінде кісі өлтіру, барымта, ұрлық, тонаушылық, қыз алып қашу жəне тағы басқалар бар еді.  Мəселен, 1877 жылдың 16 қазанында өткен Түркістан жəне Шымкент уездері билерінің Төтенше құрылтайында 437 қылмыстық жəне  азаматтық іс қаралыпты [3].

Билердің əртүрлі төтенше құрылтайларындағы ережелер өзінің мазмұны жағынан үнемі біркелкі бола берген жоқ. Олардың кейбіреуінде сот ісін жүргізудің қылмыстық, сондай-ақ азаматтық құқықтың мəселелері жанжақты баяндалған. Мəселен, 1885 жылы Шар билерінің төтенше құрылтайында жасалған ереже 74 баптан тұрады, 1893 жылғы Тоқмақ құрылтай ережесі 103 параграфтан, оларды белгілі бір дəрежеде «Əдет-ғұрып құқығының кіші жинағы» деп атаса да болар еді. Оларда сот ісінжүргізутəртібіменсоттаутуралы,қылмыстық қудалаудың мерзімдік ұзақтығы, қылмысқа бірге қатысушылардың жауапкершілігі, жазалаудың түрлері мен мөлшері, оның ішінде құн мен айыптың мөлшері, кінəні ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайлар  баяндалады [4].

Қазақ халқының мемлекеттік тарихында, құқықтық танымы мен санасында халықтың əдет заңының мəдени əлеуметтік, саяси-құқықтық маңызы өте жоғары. Соның арасында Тəуке хан тұсында жүйеге түсіп, қабылданған əдет заңы өз тұсында ел өмірінде өлшеусіз маңызды қызмет атқарды.

«Жеті жарғы» бойынша əрбір қылмыстық ісəрекет жасаған адамның қүнəсіне, жеке басына жəне жағдайларға карап əртүрлі жаза түрлері қолданылған. Соның бір түрі – айып. Осы жаза түрінің өзі жеті түрлі жəне оның қолданылған аясы да кең болғанын Н. Өсеровтың еңбегінен көреміз.

Бірінші айып – «қара нар беру».

Екінші айып – «қара қазан төлеу».

Үшінші айып – «қара мылтық ату».

Төртінші айып – «қара шолақ мылтық ату».

Бесінші айып – «қара кілем ұстау».

Алтыншы айып – «жетім беру».

Жетінші айып – «жеті бастаған тоғыз жөнелту» [5].

Жалпы  қарастыратын  болсақ   қазақтарда ең   ауыр   қылмыстар  қатарына: кісі  өлтіру, жезөкшелік, біреудің некелі əйелін ұрлау немесе зорлау, бірнеше дүркін ұрлық жасау жатады. Осы қылмыстардың түрлерінің арасында кісі өлтіру ең ауыр қылмыстың қатарына жатады, сондықтан да көңіл бөліп карастырғанды жөн көріп отырмыз. Қазақ қоғамында əдет-ғұрып заңдарына сүйенсек, кісі өлімі тек жақын туыстары үшін ғана емес, бүкіл руластардың, тіпті, қала берді жүздің кегіне айналып отырғандықтан, тек осы істерге жаза тағайындау, құн кесу билерден үлкен тəжірибелілікті, парасаттылықты, ақылдылықты, əділеттілікті талап еткен. Құн мөлшері əр қылмыс үшін əртүрлі болған бұл мəселеніС. Зимановтың,  Т.Күлтелеевтің, С. Фукстің еңбектерінде нақты қарастырылған. Жоғарыда аталған еңбектерде қылмыс жасаған адамның кінəсін ауырлататын, немесе керісінше жеңілдететін жағдайлар қарастырылған.

Т.М. Күлтелеев өзінің еңбегінде қазақтың əдет құқығында қылмыстың жазасын ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайлардың тізімін келтіре отыра Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейінгі, яғни ХІХ ғасырдың екінші жартысынан  бастап,  бұл  қылмыстың өзгерген тізімін келтіреді. Мысалы, ханға карсы жасалған қылмыстар өзінің қауымдастығы мен басқа қауымдастықта жасалған қылмыстардың арасындағы айырмашылықтар өзінің маңызын жоғалтты. Отағасының өз отбасы мүшелеріне қарсы жасаған,  сол  сияқты  барымта  жəне тағы басқа жағдайларда жасалған қылмыстың маңызы (кінəні жеңілдету үшін) əлсіреді» деп көрсеткен [6]. Жазаның түрлеріне тоқталатын болсақ денеге зақым келтіру жазасын қолдану кеңестік кезеңде орын алған пікірлер деп санайтын болсақ, соңғы кезеңдегі зерттеулерде де, Тəуке дəуірінде дене мүшесіне зақым келтіретін жазалардың қолданылғандығын сақтайтын ғалымдар да бар.

Осы аталған мəселені арнайы қарастырған Қ. Омарханов былай дейді: “Бұрыннан келе жатқан дəстүрлі құқық заңдарында жəне Тəуке хан жарғысында айыпкерге жазаның түрі ретінде адамның дене мүшелерінің ішінен бір мүшесін зақымдау шарасы қолданылған. Бірақ көшпелі қоғамдағы имандылыққа негізделген əдет-ғұрыпқа сəйкес жазаның мұндай қатыгез шарасын қолдануға билер соты жол бермеген. Сирек жағдайларда ғана, жеке бастың кегін қайтаруға мүдделі болғанда, жəбірленушіге олардың ағайын туысқандарының талабын қанағаттандыру ретінде рұқсат етілген. Адамның бір мүшесін  зақымдау  жолымен жаза  қолдану  ол  ежелгі  заманнан-ақ қазақтың дəстүрлі құқығындағы əдет-ғұрып заңының бір нормасы ретінде қалыптасты. Бірақ та бұл заң ережесінің бірнеше тармақтары сақталғанымен, жазалау шарасы ретінде қолданыста  өте  сирек кездеседі” деп көрсеткен [7]. Айтылған оймен толық келісуге болады. Уақыт бір орында тұрмайды. Сондықтан да қылмысқа қолданылатын жаза да түрленіп, өзгеріп отырады. Бұл үрдісті айып институтын зерттеген Н.Л. Айткулова өзінің еңбегінде былай орынды түсіндірген: “В силу традиционного характера казахского  права,   институт  ответственности в обычном праве казахов на протяжений всей истории развития синтезировал в себе древние правовые идеи и принципы. В нем переплетались как идеи возмездия и устрашения, так и идеи морально материального удовлетворения и наказания [8].

Жалпы алғанда, Қазақстанда патшалық Ресейдің отарлық саясатының толық орнауы біріншіден, қазақ даласында ғасырлар бойы қалыптасып келген хандық биліктің құлауына, сұлтандық мұрагерлік институттың қысқа мерзімде енгізіліп, билер сотына тыйым  салуы абсолюттік орыс билігінің толық орнауына əкелді. Сөйтіп, бұл қазақ-орыс халықтарының жақындасуына, өзара рухани жəне мəдени тұрғыдан араласуларына ықпал етпей қоймады. Бұл тарихи құбылысты да жоққа шығаруға болмайды деп айта кетуге болады.

 

 

Əдебиеттер

 

  1. 1 Материалы по казахскому обычному праву. – Алматы, 1998. – Т.1. –  463 с. 2 Журнал Министерства юстиции.  – 1907. – №2.
  2. 3 ЦГИА УзССР, ф. 17, д. 3372, л. 27.
  3. 4 ЦГИА КазССР, ф. 64, д. 2093, л. 7-25.
  4. Усеров Н.У. Исследования правового памятника «Жеті Жарғы»: автореферат кандидата юридических наук. – АлмаАта. – 1977. – 30 с.
  5. Культелеев Т.М. Уголовное обычное право казахов. – Алма-Ата: Издательство АН КазССР, – 209 с. 7 Омарханов Қ. Қазақ елінің дəстүрлі құқығы. – Астана: 2003. – 280 б.
  6. 8 Айткулова Н.Л. Институт “Айып” в обычном праве казахов: Автореферат диссертации кандидата юридических  наук:12.00.01. – Алматы, 2002. – 30 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.