Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Көлік құралдары іздерінің трасологиялық маңызы

Көлік құралдарының іздері көліктік трасологиямен зерттеледі, оларға төмендегілер жатады:  қозғалатын  бөлшектердің  іздері; көлік құралдарының сыртқа шығып тұратын бөлшектерінің іздері; көлік құралдарынан бөлінген  бөлшектер   мен   детальдардың іздері. Көлік құралдарының іздері жол-көлік оқиғасын тергеу, сондай-ақ көлік құралдарын қылмыстың құралы ретінде қолданған кездерінде де зерттелінеді. Көлік құралдары іздерін зерттеу арқылы көліктік трасологиядағы идентификациялық және диагностикалық мәселелерді шешуге болады. Қозғалатын бөлшек іздері және шығып тұрған бөлшектері бойынша, одан бөлінген детальдары мен бөлшектері бойынша көлік құралдары идентификациялануы немесе бір топқа жататындығы анықталуы мүмкін.  Сонымен  бағытын,  жағдайын  (тежеу, тоқтату); көлік құралының түрін, моделін анықтауға, ал кейбір жағдайларда олармен қатар диагностикалық мәселелер де шешіледі.

Мәселен, болған оқиғаның механизмімен байланысты: қозғалу жүйесі мен бағыты, соғысқан (басып кеткен) жері, соғысқан жердің бұрышы мен сызығы және басқа да жағдайлар анықталады. Қозғалатын бөлшектердің іздеріне рельссіз көлік құралдарының (автокөлік, мотоцикл, трактор, арба мен шаналардың) іздері жатқызылады. Дөңгелек іздері айналу және сырғу арқылы түседі. Бірінші іздерге дөңгелектің айналуы мен дөңгелекті тежеу арқылы және құмға, сондай-ақ басқа да батып қалу кезінде пайда болатын іздер, ал екінші жағдайда іздер тежеу процесінде дөңгелектердің толық тоқтап қалғаннан кейінгі олардың сырғанап барып түсетін іздері жатады [1, 94 с.].

Қатынасқа түсетін объектілердің өзіндік қасиетіне байланысты іздер қозғалатын бөлшектердің іздері беткі қабатты және көлемді іздер болып бөлінеді. Беткі қабатты іздер қабатталу (автокөлік дөңгелегі судан, шалшықтан өтіп құрғақ асфальт беттерінде қалдырған) іздері және қабатсыздану (балшықта қалған) іздері болып бөлінеді. Қабатталу іздері позитивті (боялған сыртқа шығып тұрған бөлшектерінен қалған) іздер және негативті (дөңгелек протекторларының арасында қалған батпақ) іздері деп екі түрге бөлінеді. Дөңгелекпен қатынасқа түсу нәтижесінде өзгеріске ұшыраған (құм, лай, топырақты жерлер) іздер көлемді болып табылады.

Қозғалатын бөлшектерден қалған іздер арқылы көліктің қозғалысын идентификациялауға болады. Артқы қосарланған дөңгелектердің болуы, болмауы арқылы, сондай-ақ автокөлік базасының көлемімен, сорап іздердің ені арқылы жүк таситын және жеңіл көлік құралдарын дифференциациялауға болады. Сорап ізінің ені – дөңгелектің артқы оң және сол жақтарындағы іздерінің ортасындағы сызықтарының арақашықтығы. Түзу бағытта қозғалған автокөлік іздерін зерттеген кезде алдыңғы дөңгелек іздерін артқы дөңгелек іздері толық немесе жартылай басатынын ескеру қажет. Алдыңғы дөңгелек іздері көлік бұрылған жағдайларда зерттелінеді.

Автокөлік базасы – бұл алдыңғы және артқы дөңгелек осьтерінің арасындағы арақашықтығы. Базаны көлік құралдары дөңгелектерінің бұрылыс кезіндегі іздері және статикалық іздері бойынша анықтауға болады. База, сорап іздері арқылы автокөліктің түрі анықталады, ал моделі протектордың жүргізу бөлігінің ені, протектор өрнегінің суреті, дөңгелектің сыртқы диаметрі арқылы анықталады.

Ізде қалған протектор өрнегінің бейнесі суретке түсіріліп, оның барлық элементтері өлшеніп, хаттамаға бекітіледі. Содан кейін мамандардың көмегімен көлік құралы қандай модельге жататындығы анықталады. Барлық белгілерді бағалау арқылы алынған мәліметтер көлікқұралдарыніздестірукезіндеқолданылады.

Протектордың ақау белгілері арқылы да көлік құралдарын идентификациялауға болады [2,51 с.]. Оқиға болған жерден көлік құралдарының табан шынжырының (гусениц) қозғалыс іздері табылған жағдайларда, сорап іздердің (табан шынжыры мен сорап іздерінің арақашықтығы) ені өлшенеді және бекітіледі.

Көлік құралының қозғалатын бөлігінің іздері адам аяғының іздерін алу сияқты әдіспен бекітіледі. Іздер сызықты панорамалық тәсілді қолдана отырып, фотосуретке түсіріледі. Протектор суреттерінің барынша анық көрінетін учаскелерін жеке-жеке фотосуретке түсіру қажет. Барлық фототүсірілімдер масштабты сызғышты қолдану арқылы жүзеге асырылады. Протектордың жекеленген белгілерін анығырақ бейнелейтін учаскелерден гипсты қалып жасалынады.

Егер көлік құралының қозғалатын бөлігінің іздері жәбірленушінің киімінен табылған жағдайда,  онда  ол  бірнеше  рет фотосуретке түсіріледі. Іздердің  орналасқан  жерін айқын көрсету үшін фотосуретк, алдымен, киімді толығымен түсіру керек. Содан соң киімді қыртыстануынан  жазып,  іздің  жанына қатарластырып масштабты сызғыш қойып іздің өзін фотоға түсіреді. Оқиға болған жерден алынған көлік құралының қозғалатын бөлшегі іздерінің қалыптары мен фототүсірілімдері сараптамалық зерттеулерге жіберіледі. Трасология  арқылы  келесідей   сұрақтар  шешіледі: із қандай модельді дөңгелектен қалған? оқиға болған жерде қалған көлік құралы  іздерінің типі (маркасы, моделі) қандай? көлік құралынан қалған іздер қай бағытқа қарай бағытталған? бұл іздер ұсынылып отырған дөңгелектің ізі ме, жоқ па? жәбірленушінің киімінде қалдырылған іздер қандай дөңгелекпен (алдыңғы, артқы, оң жақ, сол жақ) қалдырылған?

Егер көлік сараптамасының мәселесі нақты бір (белгілі) көлік құралының қозғалатын бөлшегінің іздері бойынша теңдестіру жасалған жағдайларда,  олардың  дөңгелектеріне  немесе қалыптарына (іздердің үлгілеріне) салыстырмалы зерттеулер жүргізу үшін қажетті материалдарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Зерттеуге дөңгелекті барлық жабдықтарымен жинап толық ұсынған жөн. Бірақ кейбір дөңгелектің көлемінің үлкендігі мен салмағының ауырлығына байланысты, оны зерттеуге толық құрамда жіберуге барлық уақытта мүмкіндіктер бола бермейді. Көлік құралдарын жүргізген кезде олардың дөңгелектеріндегі идентификациялық жеке белгілер жойылып кетуі мүмкін. Сондықтан да сараптамаға көлік құралдарының өзі емес, оның дөңгелектері немесе олардың үлгілері жіберіледі. Зерттеуге жататын үлгілер: көлемді және беткі қабатты іздердің сипатына байланысты алынады. Көлемді іздер алу үшін көлік құралдарының дөңгелегінің жалпы және жеке белгілерін бейнелену мүмкіндігінше (мысалы: ылғал құмда) оның дөңгелегін құмда шапшаңдық жылдамдығын азайта отырып айналдырып жүргізеді. Сөйтіп, дөңгелектің 2-3 бұрылым ұзындықтағы іздері алынады. Бұдан кейін алынған іздер мұқият қаралып оқиға болған жерді қарау кезінде алынған қалыптағы белгілерге ұқсас белгілері бар екі учаскесі іріктеліп алынады. Экспериментальды іздердің осы учаскелерінің гипстік қалыптары жасалынады. Егер зерттелінетін іздер беткі қабатты болса, экспериментальды үлгілер де беткі қабатты болуы тиіс. Ол үшін оқиға болған жерде бекітілген белгілерге ұқсас белгілері бар дөңгелек учаскесіне бояғыш заттарды жағып көшірмесін алады. Арнайы бояуды резеңкелі білік арқылы дөңгелек учаскесіне  жағады. Қарау кезінде сәйкес учаскелері анықталмаған жағдайларда барлық дөңгелектердің іздері алынады. Дөңгелектің екі-үш айналған кездегі іздерін алған жөн [3, 81 с.]. Оқиға болған жерден табылған детальдар мен бөлшектер көлік құралын іздестіру және оны идентификациялау, сондай-ақ нақты оқиға болған (соғысқан, басып кеткен) учаскені анықтау үшін пайдалы.

Оқиға болған жерде қалған объектілер келесідей бейнеде сипатталып топтастырылуы мүмкін: көлік құралы әйнегінің, фар әйнегінің сынықтарының және басқа да әйнектерінің құрама бөліктері; лак, бояу қабаттарының бөлшектері; көлік құралы бөлшектерінің бөлігі; жеке тораптарының құрама бөліктері немесе тіреуіш детальдары.

Фар және басқа да сынықтарды зерттеу арқылы көлік құралының моделін, типін, маркасын анықтауға болады. Көлік құралдарынан бөлініп қалған лак және бояу қабаттарының бөлшектері оның түсін анықтауға және бұл мәліметтерді іздестіру жұмыстарына  пайдалануға,  сонымен қатар көлік құралы табылғаннан кейін трасологиялық және материалтанушылық сараптама жүргізуге мүмкіндік береді. Көлік құралы бөлшегінің сынықтары ретінде көбінде оқиға болған жерден табылған автокөліктің сыртына орнатылған (сыртқы жағындағы айналарының, антеннасы, қырындағы қосымша фарының, тұтқаларының, бампері және т.б.) детальдары бейнеленеді. Бөлініп қалған детальдар арқылы көлік құралдарының моделін анықтауға болады. Көлік құралының түрі анықталғаннан кейін одан бөлініп қалған бөлшектер бойынша теңдестірулер жүргізіледі.

Трасологияда бүтін затты бөлшек бойынша идентификациялау мәселесі қарастырылады. Оқиға болған жерде қалған заттардың іздерінің әртүрлі болуына байланысты бүтінді оның бөлшегі бойынша зерттеу механоскопиялық идентификациялау арқылы анықталады. Бүтін объект ретінде жеке заттар қарастырылады. Мысалы: куртка матасының бөлігі одан ажыратыла отырып жыртылған. Заттарды ортақ пайдаланудан қалған іздері бар  заттардың жиынтығы да бүтінді бөлшек бойынша анықтаудың объектісіне жатады; сондай-ақ бір агрегаттың жартысы (бөлігі де) да объект  болып  табылуы (мысалы: құралының деталі одан бөлініп оқиға болған жерде қалып қойуы) мүмкін. Бұл объектілерді қарау және сараптық зерттеулер арқылы келесідей жағдайларда: өзара байланысатын бөлшектің бір бүтінге жататындығы туралы мән-жайларды; олардың бөлшекке бөлінуінің себебін (тәсілін); заттардың топтық тиістілігін анықтауға болады. Мұндай зерттеу нәтижелері қылмысты ашу мен тергеуге маңызды өзара байланысатын мән-жайларды анықтауға мүмкіндік береді.

Тергеуші оқиға болған жерден табылған және алынған заттардың бөлшектеріне  аса көңіл бөле отырып, олар (бөліктері, детальдары, сынықтары) қандай заттың бөлшектері болуы мүмкін екендігі жөнінде болжамдар жасаулары тиіс. Бұл мәселелерді шешу үшін тергеуші оқиғаның механизмін толық әрі жан-жақты талдауы қажет. Соның нәтижесінде тергеуші әртүрлі заттардың өзіндік топтық қасиеттерін анықтап алып, әрі қарай іздестіру жұмыстарын жүргізу керек. Іздестіру процесінде бөлшектерді, сынықтарды, ұсақ үгінділерді табу мен алу үшін қажетті техникалық құрал-жабдықтар қолдануы тиіс. Бұзу құралдарынан бөлініп қалған металл үгінділерін табу мен алу үшін магнит қолданған жөн. Ал арнайы прототипті шаңсорғышты пайдалана  отырып,әртүрлі тор-фильтрлері арқылы көлік құралдарынан бөлініп қалған бояу бөліктерін, үгінділерін жинап алуға болады [4, 76 с.].

Табылған заттардың топтық қасиеттерін анықтау негізінде олардың жалпы белгілерін зерттеу – табылған бөлшектерді қараудың негізгі мәселесі болып табылады. Мысалы: жол-көлік оқиғасы болған жерден табылған деталь қандай көлік деталіне жатады. Мұндай жағдайларды анықтаукезіндеіздестіружұмыстарынжеңілдету үшін қарастыратын топ құрамын мүмкіндігінше азайтқан жөн. Қараудың бұл кезеңінде мамандармен (товароведтер, инженер-технолог, көлік инженерлері мен т.б.) кеңесу қажет.

Оқиға   болған   жерден   табылған  бүтіннің бөлшектері (оның формасы, өлшемі, заттардың сыртқы белгілері мен олардың жасалған материалдары, т.б.) масштабты фототүсірілім тәртібі қолданыла отырып, фотосуретке түсіріледі. Әсіресе заттардың ұсақ бөлшектері (фардың сынықтары, автокөлікбояуының бөлшектері) өте көп мөлшерде табылған және оны оқиға болған жерде сипаттап суреттеуге немесе бейнелеуге мүмкіндік болмаған жағдайларда, оны міндетті түрде фотосуретке түсіру керек. Табылған бөлшектердің шеткі жақтары (жиектері) сынып қалмас үшін оған ерекше көңіл бөле отырып, аса сақтықпен буып-түйіледі. Бұл кейіннен табылған бөлшектердің жиектері арқылы салыстырып сәйкестендіру үшін өте қажет.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. 1.Обрацов В.А. Криминалистическая классификация преступлений // Красноярск. – 1998. – 100 с.
  2. Чурилов С.Н. Криминалистическая методика: история и современость // – Москва: Экзамен, – 2008.– 246 с.
  3. Робозеров В.Ф. Раскрытие преступлений как система деятельности// – Москва: – 2006. – 246 с.
  4. Криницский Н.А., Миронов Г.А., Фролов Г.Д. Автоматизированные информационные системы// – Москва: Наука, – 1982. – 382 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.