Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді құқықтық реттеудің кейбір мәселелері

Азық-түлік  қауіпсіздігін  қамтамсыз  ету кез келген мемлекет үшін ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесіндегі күрделі жаһандық мәселе болып табылады. БҰҰның болжамы бойынша Жер шары тұрғындарының саны 2020 жылға қарай 7,5 млрд-қа дейін, ал 2050 жылға қарай 9,3 млрд-тан асады. БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы материалдарына сүйенер болсақ, 2010-2012 жж. аралығында 870 млн-ға жуық адам немесе жер шарының әрбір сегізінші тұрғыны аштық жағдайында болған. Жер шарының тұрғындарын азық-түлікпен қамтамaсыз ету үшін өндірісті екі есеге арттыру қажеттілігі туындауда [1].

Азық-түлікпен қауіпсіздігі ұғымының қалыптасуына 1972-1973 жж. Астық дағдарысынан кейін енгізілген болатын. Алғашында әлемдік азық-түлік қауіпсіздігі әлемнің барлық елдері үшін негізгі азық-түліктің қолжетімділігі жағдайындағы азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты сақтау ретінде қарастырылды    [2]. 1974 жылы БҰҰ-ның

«әлемдегі азық-түлік  қауіпсіздігін  қамтамасыз ету бойынша халықаралық міндеттемелер» резолюциясы дайындалған болатын. Азық-түлік қауіпсіздігін басқару деңгейлерін келесідей бөліп қарастырады: жаһандық деңгей, мемлекетаралық деңгей, ұлттық деңгей, аймақтық деңгей, үй шаруашылығы деңгейі және жеке деңгей.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында, ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері ерекше аталып кеткен болатын. Жолдауда Елбасымыз бірінші сын-қатерге тарихи уақыттың жеделдеуін; екінші сын-қатерге жаһандық демографиялық теңгерімсіздікті; үшінші сынқатерге жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатерді; төртінші сын-қатерге судың тым тапшылығы; бесінші сын-қатерге жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті; алтыншы сынқатерге табиғи ресурстардың сарқылуын; жетінші сын-қатерге үшінші индустриялық революцияны; сегізінші сын-қатерге үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздықты; тоғызыншы сын-қатерге өркениетіміз құндылықтарының дағдарысын; оныншы сын-қатерге жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупін жатқызған болатын, Елбасы өз Жолдауында:  «Бүгіннің өзінде әлемде миллиондаған адам аштыққа ұшырап, миллиардқа жуық адам тағамның ұдайы жетіспеушілігін бастан кешіруде. Тамақ өнімдерін өндіруде революциялық өзгерістер жасамаса, осынау үрейлі цифрлар тек өсе түспек. Біз үшін бұл сын-қатер астарында орасан зор мүмкіндіктер бар. Біз қазірдің өзінде астық дақылдарын аса ірі экспорттаушылар қатарына ендік. Бізде аса ірі экологиялық таза аумақтар бар және экологиялық таза тағам өнімдерін шығара аламыз. Ауыл шаруашылығы өнеркәсібінде сапалы секіріс жасау толықтай қолымыздағы нәрсе. Бұл үшін бізге жаңа тұрпаттағы мемлекеттік ой-сана қажет болады» [3] деп көрсеткен.

Жоғарыда аталған сын-қатерлердің бірі азық-түлік қауіпсіздігі құқықтық реттеу мәселелеріне  тоқталмақпыз.  Алдымен,   азық-түлік қауіпсіздігі ұғымына тоқталар болсақ, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Қазақстан  Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 4-бабы бойынша: «Ұлттық қауіпсіздік түрлеріне қоғамдық қауiпсiздiк, әскери қауіпсіздік) саяси қауіпсіздік, экономикалық қауiпсiздiк, ақпараттық қауiпсiздiк, экологиялық қауiпсiздiк жатқызылып, экономикалық қауiпсiздiк экономиканың орнықты дамуы және оның тәуелді болмауы қамтамасыз етілетін, Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі ретінде анықталған; Экономикалық қауіпсіздікке мемлекет тұтынудың және демографиялық өсудiң физиологиялық нормаларын қанағаттандыру үшiн жеткiлiктi  болатын сапалы және қауіпсіз азық-түлiк тауарларына халықтың нақты және экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз ете алатын экономиканың, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешеннің қорғалу жай-күйін көздейтін азықтүлік қауіпсіздігі жатқызылады [4]». Яғни, азықтүлік қауіпсіздігін ұлттық қауіпсіздіктің, соның ішінде экономикалық қауіпсіздіктің бір бөлімі ретінде анықтаймыз.

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Заңы бойынша азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өлшемдері мен негізгі бағыттары айқындалған, яғни:

  • азық-түлік тауарларына нақты қолжетімділік;
  • азық-түлік тауарларына экономикалық қолжетімділік;
  • тағамдық өнім қауіпсіздігінің кепілдігі азық-түлік қауіпсіздігінің өлшемдері болып табылады.
  1. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары:
  • ішкі аграрлық азық-түлік нарығын молықтыру үшін, оның ішінде отандық ауыл шаруашылығы өнімі мен оның тереңдете қайта өңделгенөнімдерінөндірушілердіқолдауарқылы молықтыру үшін қажетті жағдайлар жасау;
  • азық-түліктің ішкі ресурстарына қатысты азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі;
  • азық-түлік тауарларына сұраныс пен ұсынысты болжау;
  • тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • орталық атқарушы органдар мен жергілікті өкілді және атқарушы органдардың агроөнеркәсіптік кешен субъектілерімен өзара іс-қимылы болып табылады.

Аталған заңнама бойынша азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларына сәйкес азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану; Қазақстан Республикасының  астық туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік астық  ресурстарын  қалыптастыру;  азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейінің мониторингі; азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларына генетикалық түрлендiрiлген тамақ өнiмдерінің, құрамында генетикалық түрлендiрiлген организмдер бар азық-түлiк тауарларының сатып алынуын болғызбау арқылы азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етiледi деп көрсетілген.

Сонымен қатар егер республикадағы азық-түлік тауарларының жылдық өндірісі физиологиялық тұтыну нормаларына сәйкес халықтың жылдық қажеттілігінің сексен пайызынан төмен болса, онда Қазақстан Республикасының азық-түлік тауарларының түрлері бойынша тәуелсіздігі қамтамасыз етілмеген деп есептеледі [5].

Ұлттық азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін агроөнеркәсіптік саладағы жүргізіліп жатқан реформалармен және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерімен өзара байланыста қарастыруымыз қажет.

Біріншіден, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етілгені тек мемлекет үшін қана емес, оның әрбір мүшесі үшін маңызды болып табылады.

Екіншіден, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тек халықты тамақ өнімдерімен жеткілікті қамтамасыз етумен шектелмейді, оған: азық-түліктің стратегиялық қорын құру, ауыл шаруашылығындағы өндірістің дамуы, азық-түлік шикізаттарын өңдеу механизмі, тамақ өнімдерін уақытысында тасымалдайтын көлік жолдарының болуы, фитосанитарлық, ветеринарлық ережелердің сақталуын қадағалау, халыққа қолжетімді бағаның болуы кіреді.

Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі – халықты азық-түлік тәуелсіздігіне, азық-түліктің қолжетімділігіне, мемелекеттің, қоғамның және азаматтардың жеке мүдделерін қамтамасыз етуге қажетті және азаматтардың қалыпты өмір сүру деңгейіне кепілдік беретін экономикалық санат [6].

Енді азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы кейбір түйінді мәселелер мен оларды шешу жолын ұсынбақпыз: aзық-түлік қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету үшін тамақ өнімдерінің рыноктағы бағасы қолжетімді және тұрақты болуы керек. ҚР статистика агенттінің мәліметтеріне жүгінер болсақ, азық-түлік тауарларының бағасы бір ғана  2013  ж. тамызы мен 2012 ж. тамызын салыстырып қарасақ 4,3% ға өскен. Сонымен қатар халықтың тұтыну   шығыстары   93   149   тг.   болса, азық-түлік тауарларына шығысы 43 816 құрайды, яғни халық өз табысының жарты бөлігін тамақ өнімдеріне жұмсайды. Қазіргі халықтың тек азық-түлік қана емес, сонымен қатар азық-түлік емес тауралары (үйге арналған тауарлар, дәрі дәрмек, көлік құралдары, тұрмыста және жеке қолданылатын заттар, демалуға, білім алуға, мәдени шараларға) мен ақылы қызметтерге (коммуналдық, білім беру, денсаулық сақтау, көлік  жәнге  байланыс)  жұмсайтын  шығысы да жеткілікті басқа да шығындары жеткілікті екені белгілі, сондықтан азық-түлік бағасы және азық-түлік бағасының халықтың табысына сәйкес болуы  реттелуі керек.

Күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы – ең төмен деңгейдегі тұтыну қоржыны құнының шамасына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай табыс, ол азық-түлік қоржынының құнынан және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілген қызметтерге жұмсалған шығыстардан тұрады. Ең төменгі тұтыну қоржынының құны тамақ өнімдерін тұтынудың  нормаларын облыстарда ай ортасында қалыптасқан орта бағаларға көбейту жолымен ай сайын есептеледі, бұл әрбір өңір бойынша инфляцияның деңгейін есептеуге мүмкіндік береді. Ең төменгі  тұтыну қоржынында азық-түлік қоржыны мен азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге шығыстардың үлесі арасындағы арасалмақ Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленеді.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 02.12.2005 жылғы № 307/1-п және Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 05.12.2005 жылғы №194 «Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеудің ережелерін бекіту туралы» бекітілген біріккен бұйрықтың негізінде 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасын есептеудің жаңа әдістемесі енгізілді. Азық-түлік қоржынының тамақ өнімдерінің жиынтығы 43 тамақ өнімдерінің атауынан тұрады. Ертерек азық-түлік қоржыны 20 өнімдерінің атауынан тұрған. Азық-түліктің ең төменгі деңгейінің жаңа  құрамы  бір немесе өзге де өнімнің маусымдылығы есебімен түзетіледі, оның үлесі күнкөрістің ең төменгі құнының 60%-ын құрайды. Күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы 2013 жылдың 1 тоқсанында 17 077 тг. құрайды. Тұтыну себетіне Францияда коммуналдық шығындар кіреді. Ал Германияда тұтыну себетіне 750 тауар түрі енеді.    Олар: тамақ өнімдері, киім, пәтер жалдау ақысы, тіпті, ай сайынға балалар бақшасының ақысы, азықтүлік тауарларын үйге жеткізіп беру қызметі, ауруларды күтуге жұмсалатын шығындар. Біздің елімізде де тұтыну себетін қайта қарастыруды соның ішінде, оған экологиялық таза өнімдер мен киім, пәтер жалдау ақысы, тіпті, ай сайынға балалар бақшасының ақысы, азық-түлік тауарларын үйге жеткізіп беру қызметі, ауруларды күтуге жұмсалатын шығындар кіруін ұсынамыз. Азық-түлікпен қамтамасыз ету жүйесінің көрсеткіші тамақ  өнімдерінің сапасы  мен қауіпсіздігі деңгейімен анықталатыны белгілі. Соңғы  кездері  бұл  мәселе   ерекше  маңызға ие болды, отандық нарыққа түскен тамақ өнімдерінің сапасының төмендігінен тамақтан улану фактілері, ішек инфекциялық ауруларына шалдыққандар саны де көптеп кездесуде. Импортталған тауарлардың сапа талаптарына жауап бермейді және денсаулыққа  зияндылығы жоғары. Бұлтамақөнімдерігендіктүрлендірілген шикізаттардан дайындалуда, ал бұл дегеніміз ұлттың денсаулығының төмендеуіне әкеп соғуда [9]. Аталған факторлардың орын алуына әсер етіп отырған жағдай ол тамақ өнімдерінің сапасын мемлекеттік қадағалау қызметін жетілдіруді қажет етеді.

Қорытындылай келе, азық-түлік қауіпсіздігі бұл ұлттық, экономикалық қауіпсіздіктің бөлігі, оның қамтамасыз етілуі  халық  денсаулығы мен демографиясының жоғары көрсеткіштерге көрсетуіне тікелей әсер етеді, сондықтан да азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін кешенді мәселе ретінде қарастыруымыз керек, себебі азық-түлік  қауіпсіздігі  қамтамасыз   етілуі үшін еліміздің сыртқы, ішкі тауар айналымы, халықтың әлеуметтік жағынан қорғалуы сияқты салалардағы мәселелермен тығыз байланысты. Сондықтан да болашақта бұл мәселені құқықтық реттеуді  жетілдіруіміз қажет.

 

 

Әдебиеттер

  1. Декларация Всемирного Саммита по продовольственной безопасности: Всемирный саммит по продовольственной безопасности Рим, 16-18 ноября 2009 года / Продовольственная и сельскохозяйственная организация Объединённых Наций // ftp.fao.org/docrep/fao/Meeting/018/k6050r.pdf.Документы ООН / Организация Объединённых Наций —http://www.un.org/ru/documents/.
  2. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты // «Параграф» ақпараттық жүйесі
  3. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы№ 527-IV Заңы // «Параграф» ақпараттық-анықтама жүйесі 2013.
  4. Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66 Заңы // «Параграф» ақпараттық жүйесі,
  5. Жанбекова З.Х. Продовольственная безопасность Казахстана : теоретические аспекты и приоритеты обеспечения : Автореферат диссертации на соискание ученой степени к.э.н. / З.Х.Жанбекова. КЭУК, 2008. 21 с.
  6. Қазақстан Республикасындағы халықтың тұрмыс деңгейін мониторингілеу. Электрондық кестелер. 2013 жылдың 1 тоқсаны. // ҚР Статистика Агенттігінің интернет-сайты: //www.kaz.stat.kzГермания туралы ақпараттық сайт Deutsche Welle. – 2008. // http://www.dw-world.de
  7. Киршке Д. Международная аграрная экономика и аграрная политика // Международный сельскохозяйственный журнал. – 2000. № 6. – С. 5-13.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.