Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қолданыстағы қылмыстық заңнамадағы кейбір олқылықтар туралы

Құқық шығармашылық мемлекеттің қылмыстық саясаты жүзеге асырылатын негізгі нысаны болып табылады, сондықтан да бұл қызметтің, нәтижелік деңгейіне жоғары талаптар орынды түрде  қойылады.  Яғни зерттеулер, заңдылықтың объективті мағынасы және мемлекеттің құқықтық дамуына тән тенденциялар заңнамалық қызмет үшін маңызды болып танылады. Құқықтық нысандар мен жетілдірілген заңнамалық техниканы қолдану арқылы заңды жасау – бұл терең де жан жан-жақты ғылымизерттеу жұмыстарының нәтижесі.

Қазақстандық құқық шығармашылықтағы асамаңыздымәселелердіңбіріретіндеқұқықтағы кемшіліктерді атап кетуімізге болады. Заң уақыт талабына сай жүруі керек. Дегенмен уақыт  өте келе құқықта кемшіліктер белең ала  бастайды. Себебі қоғамдық қатынастар динамикалық және күнделікті дамытуды қажет  етеді,  бірақ та заңнама мұндай өзгерістерге қолма-қол әсер етіп, сайма-сай бекітуге үлгермейді. Осыған байланысты С.Л. Явич: «мүлдем кемістіксіз жетілдірілген нормативтік құқықтық актілер жүйесін құру мүмкін емес», – дейді [1, с. 140].

Қылмыстық заңнамадағы кемшіліктер жөніндегі сұрақтар шешімін әлі таппаған. Бұл кемшіліктер құқық шығармашылық қызметінде емес, тек құқықты  жүзеге  асыру үдерісінде оны орындау, сақтау, қолдану мен жүзеге  асыру кезінде ғана табылады. Әсіресе құқықты қолданумен   байланысты   қызметте,   мысалы,    әділсоттылықты жүзеге асыру кезінде білінеді. Сондықтан да кемістіктерді толтырып, қылмыстық заңнамадағы олқылықтарды құқықты қолданушы емес, тек заңды шығарушы ғана жоя алады.

В.В. Лазарев: «біз құқықтағы кемшіліктерді тек құқық қолдану үдерісінде соттар мен басқа да органдар толтыра алады дегеннен мүлдем бас тартуымыз қажет. Құқықтағы кемшіліктерді қосымша құқық шығармашылық арқылы жоя аламыз. Алайда құқықты қолдану үдерісінде құқықтағы кемшіліктерді тек соттар ғана көрсетеді, олқылықтарды жеңіп шығады», – дейді [2, с. 59].

Қылмыстық   заңнаманың   сапасы    заңның жекелеген бөліктерінің өзара келісілуін, қылмыстық заңның басқа құқық салаларының заңи актілерімен келісілуін, яғни заңшығармашылық техниканың жеткілікті деңгейін білдіре отырып,  жүргізілетін  криминализация мен пенализацияның толықтығы және негізділігімен, декриминализация мен депенализацияның дер кезінде және қатесіз жүзеге асырылуымен қамтамасыз етіледі. Осыған орай, Д.А. Керимовтің «Заңның мәтіні неғұрлым жетілдірілген болса, оны жүзеге асыру барысында қиындықтар туындамайды», – деп көрсеткен пікірі осы уақытқа дейін өзектілігін жойған емес [3, с. 55].

Қолданыстағы қылмыстық заңнаманың сапасы жоғары деңгейде деп айтып отырсақ та, құқық қолдану деңгейінде қылмыстық саясатты жүзеге асыру және оны түсінуге жағымсыз әсер ететін кейбір кемшіліктерді атап өтуімізге тура келеді.

Кез келген заңның құрылуының техникалық құралдары (тіл, лексика, құрылым және  т.б.) заң шығару актісінде орын ала отырып, заңи реттеудің шектерін белгілейді. Кез келген заңды сипаттау  ережелері  қолданбалы  болғанымен де іс жүзінде заң нормаларының мазмұнын анықтайды. Яғни құқық шығармашылық техникасы – заңдылық жүйесінің белгілі бір жағдайларында тарихи және тәжірибелі түрде қалыптасқан неғұрлым рационалды құрастырылған құқықтық институттардың, нормалар мен құқықтық актілердің ережелерінің жиынтығы.

Қылмыстық саясат қылмыстық-құқықтық нормалардың мазмұнында тікелей көрініс тапқанымен, заң шығармашылық техникасында   жасырын   сипатта   болуы   мүмкін. Заң шығармашылық техникасын асыра пайдалану қарама-қарсы нәтижелерге әкеліп соқтыруы мүмкін. Теориялық тұрғыдан заң шығармашылық деңгейде заң шығармашылық техникасын теріс пайдалану, заңда белгілі бір сұрақтарға қатысты өзіне пайдалы позицияларды жасырын түрде өткізу әбден мүмкін. Осыған байланысты заң шығармашылық техникасының мәселелері саяси сипаттағы, өткір де өзекті мәселелердің қатарында деп айта аламыз.

1959 жылғы ҚазКСР-нің  Қылмыстық кодексі мен 1997 жылғы ҚР Қылмыстық кодексін салыстыратын болсақ, қолданыстағы қылмыстық  кодекстің   сапасы   анағұрлым  жақсы деңгейде  деп  көрсетуімізге  болады. Заңнан сол кезеңде білдіретін идеологиялық таңбалар алынып тасталған, заңның құрылымы кезектілікті және жетілгендікті көрсетеді, баяндау тілі және терминологиялық тұрғыдан қарапайымдандырылған, нақтылыққа ие, бағалық категорияларды бірыңғайландыру және нақтыландыруға ұмтылу байқалады.

Дегенмен де қылмыстық заңның заң шығармашылық техникасының көзге түсетін кемшіліктері ретінде: терминологиялық тұрғыдан бірізділіктің жоқтығын, терминдердің шамадан тыс көптігін; бағалық категориялардың шамадан тыс көптігін; күрделі және қажеттілігі шамалы заң шығармашылық құрылымдарды пайдалануды; жекелеген қылмыстық құқықтық нормалар мен заңның ережелерінде қисынның болмауын; заңның жекелеген ережелері бойынша және қылмыстық заңның басқа заң шығармашылық актілермен келісілмегендігін көрсеткеніміз жөн. Осы аталғандардың кейбіреуіне тоқтала кеткенді орынды санаймыз.

Терминологиялық тұрғыдан бірізділіктің жоқтығы қылмыстық заңнама шеңберінде бірдей терминдерді әртүрлі  мәнге  ие  ету  немесе әртүрлі терминдерге бірдей мазмұн беруді білдіреді. Терминдердің шамадан тыс көптігі шынайы қажеттілігі жоқ, артық лексикалық нысандарды пайдалануды білдіреді. Екеуі де тәжірибе жүзінде қылмыстық-құқықтық норманың мәтінін қабылдауды қиындатып, заңға енгізілген артық терминдерді түсіндіру барысында қиындықтардың туындауына әкеліп соқтырады.

Әртүрлі терминдерге бірдей мазмұн берудің көрінісі ретінде «бопсалау» (шантаж) терминін заң  шығарушының  қолдануын  айтсақ болады.

Бірқатар жағдайларда бұл термин кең түрде түсіндірілетін қорқыту ұғымынан дербес, өз бетінше қолданылады. Мысалы: ҚР ҚК 347бабы – тергеушiнiң немесе алдын ала анықтауды жүргiзушi адамның тарапынан қорқыту, бопсалау немесе өзге де заңсыз iс-әрекеттер қолданылу жолымен күдiктiнi, айыпталған адамды, жәбiрленушiнi, куәгердi  жауап  беруге мәжбүр ету, сол сияқты адамның ерікті түрде жауап беруіне, жасалған қылмыс туралы өтініш беруіне кедергі келтіру не оны жауап беруден бас тартуға мәжбүр ету, не сарапшыны қорытынды беруге мәжбүр ету. Басқа нормаларда заң шығарушы «бопсалау» туралы емес ҚР ҚК 181-бабында қорқытып алушылық, яғни бөтен мүлiктi немесе мүлiкке құқықты берудi немесе күш қолданумен не бөтен мүлiктi жоюмен немесе бүлдiрумен қорқыту арқылы мүлiктiк сипаттағы басқа да iс-әрекеттер жасауды талап ету, сол сияқты жәбiрленушiнi немесе оның туыстарын масқаралайтын мәлiметтердi таратумен не жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулi зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi жариялау деп бопсалау ұғымына қорқыту ұғымын да енгізеді.

Терминдердің шамадан тыс көптігінің мысалы ретінде ҚР ҚК 193-бабын қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыруды келтіруімізге болады. Баптың диспозициясында заң шығарушы қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатымен немесе өзге мүлікпен қаржылық операциялар және (немесе) басқа да мәмілелер жасау деп қаржылық операцияларды басқа да мәмілелердің қатарынан, ақша қаражатын мүліктің ұғымынан арнайы бөліп көрсеткен. Бұл баптың диспозициясының құрылымын ауырлатып тұр. Қаржылық операциялар мәмілелердің бір түрі ретінде қарастырылады, ал меншікке қарсы қылмыстар тарауында (ҚР ҚК 6-тарауы) ақша қаражаттары мүлік ретінде қарастырылған.

Қылмыстық заңда бағалық категорияларды қолдану мәселесін ғалымдар құқықтағы формализм мен бағалықтың қатынасына байланысты күрделі әлеуметтік-құқықтық мәселе деп көрсетеді [4, с. 42].

Бағалық категорияларды, заңда ашылмаған, құқық қолданушымен түсіндірілетін белгілерді пайдалану мәжбүрлі қажеттілік, себебі қылмыстық-құқықтық қатынастардың элементтерінің  барлық  мүмкін  нұсқалары  мен    сипаттамаларын заңда тұтастай, толығымен қарастыру кейде мүмкін емес. Дегенмен заң шығарушы қолданыстағы қылмыстық заңнамада бағалық белгілерді шамадан тыс көрсете берген. Бұл жерде сөз криминалдандыруға әсерін тигізетін белгілер туралы болып отырғандығын назардан тыс қалдырмауымыз керек. Мысалы, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимiнiң бұзылуы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың режимi бұзылып, елеулi зиян келтiруге әкеп соқса деп көрсеткен. Осы елеулі зиянды әртүрлі түсіндіру криминализациялау шектерінің қозғалмалы болуына әкеліп соқтырады. Сондықтан да қылмыстық іс-әрекеттердің шеңбері заң арқылы емес нақты құқық қолданушымен белгіленетіндіктен қылмыстық заңда осы іспеттес терминдерді қолдануға болмайды.

Заң шығарушы қылмыстық іс-әрекеттерді сипаттау барысында тек жалпыға түсінікті, бірізді терминдерді ғана емес, әртүрлі мағынадағы терминдерді де қолданады. Осы кезде құқық қолданушы нақты жағдайға сәйкес терминдердің нақты мағынасын анықтауы керек. Мысалы, «азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіру» дегеніміз не, қандай жағдайда ол «елеулі» болады, осы зиянның қайсысы қылмыс құрамымен қамтылады және т.б. Құқық қолданушыға бағалық белгілердің мазмұнын анықтауды бере отырып, қылмысты қриминализациялаудың шектерін де қоса беретінімізді ұмытпағанымыз жөн. Қылмыстық құқық ғылымында осындай жағдайларды болдыртпаудың екі жолы көрсетілген. Біріншісі, қылмыстық заңда бағалық белгілерді қолданудан бас тарту [5,с. 21]. Қылмыстық мінез-құлықтың көптеген түрлерінің криминалды құраушылары ретінде  осы  қызметтің  жағымсыз  салдарлары көрсетіледі де, олардың барлығын толық көлемде қылмыстық заңда тізбектеп бейнелеу мүмкін емес. Сондықтан да бұл жол тек қиял әлемінен деп есептейміз.

Қылмыстық заңда бағалық белгілерді анықтап көрсету қылмыстық заңнаманы құру барысында заң шығармашылық техникасы қолданатын көне әдіс. Қылмыстық заңнамада осы белгілердің толық сипаттамасын беру мүмкін болмаса да, бағалық категориялардың мазмұнын заң шығармашылық тұрғыда шектеу немесе оларды анықтаудың қағидаларын белгілеу қажет.

Бағалық категорияларды түсіндіру міндетін ҚР Жоғары сотына жүктеу де негізсіз. Себебі бағалық белгілер іс-әрекеттің қылмыстылығын немесе қылмыс еместігін анықтайтындықтан, олардың мазмұны туралы мәселе де тек қылмыстық  заңның  өзінде   ғана   шешілуі   керек.  Жаңа  қылмыстық-құқықтық  нормаларды заң шығарушыдан басқа ешкім де заң шығармашылық әдісінсіз шығара алмайды. Сол себепті де ҚР Қылмыстық кодексінің жобасында қарастырылған «Осы кодексте қолданылған түсініктер мен терминдердің мазмұны» деген арнайы баптың болуы өте орынды [6].

Күрделі және қажеттілігі шамалы заң шығармашылық құрылымдарды пайдалануғы мысал ретінде ҚР ҚК 285-бабын келтірсек болады. Жердi улау, ластау немесе бүлдіру кезінде, егер:

1) бүлдірудің құралы зиянды өнiмдер болса, өз кезегінде олар

2) шаруашылық немесе өзге қызметтiң нәтижесі;

3) улы химикаттарды, тыңайтқыштарды, өсiмдiктердiң өсуiн,   ынталандырғыштарды және өзге де қауiптi химиялық, радиоактивтiлік немесе биологиялық заттардың айналымы ережелерін бұзудың  нәтижесінен  туындаса; 

4)  ережелер сақтау, пайдалану, тасымалдау және көму кезiнде бұзылса;

5) адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтiрілсе қылмыстық тұрғыдан жазаланады.

Тәжірибе жүзінде аталған қылмыс құрамын қолдануға мүмкіндік бар ма? Қылмыс құрамын осылайша күрделендіруге тәжірибелік тұрғыдан негіз болды ма, жоқ па ол жағы да беймәлім. ҚР Қылмыстық кодексінің қазақша мәтінінде терминдердің орысша түпнұсқаға сәйкес келмейтіндігі,  грамматикалық   қателердің орын алуы көңіл қынжылтатын мәселе екендігін де айта кеткен жөн. Мысалы, осы 285-баптың диспозициясында өзге қызметтің зиянды өнімдерімен білдіру деп көрсетіп кеткен. Бұндай мысалдар бүкіл қодекс бойынша қаншама. Сондықтан да заң нұсқасы бірінші мемлекеттік тілде қазақ тілінде жасалынып, кейін орыс тіліне аударылса деп санаймыз.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Явич Л.С. Общая теория права. – Л., 1976. – 257 с.
  2. Лазарев В.В. Пробелы в праве и пути их устранения. – М., 1974. – 95 с. Керимов Д.А. Законодательная техника. – М., 2000. – 167 с.
  3. Уголовное право. Общая часть / под ред. Н.И. Ветрова, Ю.И. Ляпунова. – М., 1999. – 617 с.
  4. Корчагин А.Г. Преступления в сфере экономики и экономическая преступность. – Владивосток, 2001. – 217 с. Проект Уголовного Кодекса Республики Казахстан, 2013 год.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.