Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кәмелетке толмағандармен жастар арасындағы қылмыстардың криминологиялық аспектілері

Қазіргі таңда қоғамның экономикалық және саяси өміріндегі тұрақсыздық салдарынан қылмыстылық кәмелетке толмағандар арасында етек ала бастады. Осы уақытқа дейін кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы біртұтас криминологиялық санат ретінде қаралады. Қылмыстылық бұл салыстырмалы жаппай, тарихи өзгермелі әлеуметтік, қылмыстық-құқықтық сипатқа ие, сонымен қатар белгілі бір  мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұратын таптық қоғамның құбылысы. Қылмыстылықтың келесідей сапалық-сандық да көрсеткіштермен өлшенеді: яғни, қылмыстылықтың мөлшері, деңгейі, құрылымы, динамикасы (қозғалысы). Қылмыскердің жеке тұлғасы, оның қоғамға қайшы көріністердегі рөлі мен орны, оның жеке тұлғалық ерекшеліктері туралы мәліметтер қылмыстың себептері туралы ақпаратты қамтиды. Қылмыскердің жеке тұлғасы сондай-ақ жаңа қылмыстардың (қылмыстың қайталануы – рецидив) алдын алу үшін тікелей зерттеледі. Қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары (криминогендік факторлар, детерминанттар) қылмыстылықты тудыратын және соған себеп болатын жағымсыз экономикалық, демографиялық, психологиялық, саяси, басқарушылық-ұйымдастырушылық құбылыстар мен үдерістердің жүйесін қамтиды [1,68 б.]. Мысалы мазмұнының әртүрлігіне байланысты әртүрлі деңгейде зерттеледі: толық, қылмыстардың жекелеген топтары, нақты қылмыстар бойынша. Қылмыстылықтың алдын алу, яғни ескерту-қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын жоюға, бейтараптандыруға не әлсіретуге бағытталған мемлекеттік немесе қоғамдық шаралардың жүйесі ретінде айтылады. Сонымен қоса қылмыстылықтың алдын алу жүйесінің бағыты, әрекет етудің механизмі, кезеңдері, көлемі, мазмұны, субъектілері және өзге де өлшемдер бойынша талданады.

Қазіргі таңда біздің өсіп келе жатқан ұрпақты салауатты дамуына егеменді де, тәуелсіз мемлекетіміз Қазақстан демократиялық және қиын-қыстау өтпелі кезеңдерде біздің жастарымыздың арасында, соның ішінде атап айтсақ кәмелетке толмағандар арасындағы бақылаусыздық болып тұр. Соңғы жылдары республикада өсіп келе жатқан кәмелетке толмағандар арасында және жастардың төмендегі статистикалық мәліметтеріне қарайтын болсақ, өкінішке орай, қарастырылып отырған тұлғалар арасындағы қылмыстылық өршуде. Отбасының немесе мемлекет қамқорлығының аздығынан, балалардың іс-әрекетіне бақылаудың жоқтығы олардың теріс жолға түсіп кетуіне мүмкіндік береді. Олар өздерінің ойына не келсе соны жасап, заңсыз қаражат тауып, қоғамға қауіп тудырады. Сонымен қатар жасөспірімнің ұзақ уақыт қараусыз және криминалдық ортада болуы оның әрі қарай өмір сүру деңгейін анықтайды.

Кәмелетке толмаған құқық бұзушылықтармен сақтандыру жұмысын жұмысын тиімді жүргізуге кедергі болатын бір жағдай-қоғамға қайшы әрекет жасаған жасөспірімнің 70%-ы кейін өзінің қылмыстық ортасына қайтып оралады. Сол себепті соңғы онжылдықта сақтандыру жұмысын жүргізуге мәжбүр ететін жеткіншіктердің саны жоғары деңгейде тұр. Яғни олардың әртүрлі сылтаулармен қоғамға қайшы әрекет жасау дағдылары бойға орнығуда, қылықтары ересектерден  кем  түспейді.  Сондықтан бүгінгі жеткіншіктер арасындағы зорлықшыл зерделеу проблемасы өзекті мәселеге айналды. Жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыстардың саны өсіп бара жатыр. Олардың  негізгі  себептері  атай  кетсек  төмендегідей [2]:

Бірінші себепте, ата-аналар тәрбиесінің жеткіліксіз болуы. Жеткілікті болғанның өзінде тәрбиенің дұрыс берілмеуі. Қазіргі ата-аналардың тәрбиесі бұрынғымен салыстырғанда мүлдем өзгеше. Нәтижесінде ата-аналар балаларына кері тәрбие береді, яғни атап айтатын болсақ көшеде келе жатып бір-бірімен соқтығысып қалған жағдайда, кешірім сұрап әрі қарай кете берудің орнына, олардың ата-аналары оларға тек өзінікін дұрыс, өзгенікін бұрыс деп тәрбиелейді. Ал сол тәрбиені көріп өскен жас бала ертеңгі күні біреуге жамандық жасаса да өзінікін дұрыс деп санайды. Сол кезде ол жасы кәмелетке толмаған балаға тәрбие беру өте тым кеш болады. Әрине тәрбие ошақ басынан, содан кейін қазіргі таңда мектептегі мұғалімдерінің беделінің төмен түскендігі де байқалады. Бұл да қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Екінші себеп – қоғамдағы қылмыстың артуына нашақорлық пен алкоголизмнің салдары болып тұр. Әрине, ішкен адам өзінің жасаған әрекетіне, мінезіне жауап беруі өте қиын және ол мас күйінде ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін тіпті ойламайды. Сондықтан аталған мәселені шешпейтін болсақ, біз жасөспірімдер арасындағы қылмыстың санын азайту мүмкін емес.

Үшінші себеп – құқық қорғау органдарындағы заңсыздық мәселесі. Бір бала қылмыс жасаса және оны бәрі біледі. Ал осы кезде құқық қорғау органдары әлгі балаға жаза қолданудың орнына басқа заңдылыққа жатпайтын шараларды қолданып, көз жұмып отыра береді, ал бұл жағдай келесі балаға теріс әсер етеді. Осы оқиғаны көрген жастар жазадан құтылуға болады деген ойға келеді. Нәтижесінде жасөсіпірімдер арасында заңға сенімсіздік пайда болады.

Төртінші себеп – біздің  қоғамдағы жастар өз уақыттарын бос және тиімсіз пайдаланады. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін мемлекет тарапынан көп көңіл бөлсе, жасап жатқан жағдайы жеткіліксіз болғандықтан біздің жастар әртүрлі қылмысқа барып отыр. Мәселен, қандай ойын болмасын, тегін баратын жер жоқ, бәрі ақылы, аттап бассаң ақша, тек қана көшеде тегін жүруге болады. Қолы бос болғаннан кейін жастар ойына келгенін істейді. Сол себепті мемлекет тарапынан жастардың бос уақытын орынды пайдалануына мүмкіндіктерді молынан жасау керек деген пікірдеміз.

Қазіргі таңда жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстылығына дұрыс әлеуметтік құқықтық баға беріп, дұрыс түсіну үшін ерекше криминологиялық проблема болып табылатын барлық қылмыстылықтың арнайы құрылымдық бөлігі ретінде қарастыру қажет. Жасы кәмелетке толмағандар қылмыстылығының негізгі көрсеткіштерін талдау барысында әйел және ер жынысындағы құқық бұзушы жасы кәмелетке толмаған топтарды атап көрсеткен жөн. Олар 14-15 және 16-17 жастағылар болып келеді. Сондай-ақ қоғамға қарсы әркеттері үшін жасы 14-ке толмағандардың да қылмыстылығын көрсеткен жөн. Жасы кәмелетке толмағандар қылмыстылығының ресми қылмыстық статистикалық көрсеткіштерін бағалай отырып, жасөспірімдердің қылмыстылығының шын мәніндегі сандық көрсеткіштерін толық көрсетпейтінін айта кету керек. Яғни, қазіргі таңда жасы кәмелетке толмағандар қылмыстылығының латенттілігі өте жоғары деп бағалануда. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты талдау нәтижесінде қылмыстылықтың басқа әлеуметтік құбылыстармен байланысы анықталады, яғни әрқилы түрлерінің өзара әрекеттестігі айқындалады, сапалық сипаттың сандық жағы, қылмыстылықтың өзгеру бағыты ашылады. Айта кететін болсақ ішкі істер оргадары қызметкерлерінің қылмысты жасыруы да кәмелетке толмағандар қылмыстылығының латенттігін көтереді. Жасы кәмелетке толмағандар қылмыстылығының құрылымын меңгеруде және олардың әртүрлі қылмыс қатарын жасаудағы ерекшелігін оқып-білуде олармен жасалатын ұрлық, тонау, қарақшылық, бұзақылық, күш көрсетіп жасалатын қылмыстарға тән сипаттамаға және жасөспірімдік мотивацияға көңіл бөлген жөн. Сондай-ақ жасы кәмелетке толмаған қылмыскерлердің, тұлғалардың криминологиялық сипаттамасы бұл негізгі мәселе болып табылады. Атап айтсақ, жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстық жүріс-тұрысын анықтайтын психикалық ерекшеліктері, олардың адамгершілік-құқықтық көзқарастарын атаса болады. Бұл ерекшеліктерді білу жасы кәмелетке толмағандар қылмыстылығының жалпы және жеке алдын алу жұмыстарын тиімді жүзеге асыруда қажетті болып табылады [3,89 б.].

Мысалы соңғы жылдары Қазақстанда кәмелетке толмағандардың ересектермен бірлесіп жасаған қылмыстарың саны күрт өсуде, яғни 35%-ға дейін өсті. Көп жағдайда ішкі істер органдарының қызметкерлері кәмелетке толмағандардың қоғамға қауіпті іс-әрекеттерін тіркеуге формальды қарайды. Сақтандыру жұмысының тиімділігіне ықпал ететін екінші бір жағдай-кәмелетке толмаған құқық бұзушылармен айналысатын мекемелер арасында тығыз байланыстың болмауы, ондағы қызметкерлердің білім, тәжірибесінің жеткіліксіздігі, жасөспірімнің әрекетіне тиісті баға бере алмауы мүмкін. Мысалы төменде келтірілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық статистика комитетінің арнайы есебінің мәліметтері бойынша 2009-2014 жылдар аралығындағы кәмелетке толмағандардар арасында жасалған қылмыстар өрши түсті.

Сонымен жоғарыда көрсетілген нәтижелер бойынша мынадай тұжырымдар жасауға болады. Статистикалық мәліметтер талдамасы соңғы жылдары кәмелетке толмағандар қылмыстылығының біршама өскендігін көрсетеді, яғни едәуір криминалды байқауға болады. Кәмелетке

толмағандар қылмыстылығының бір ерекшелігі оның топтық сипатында, яғни кәмелетке толмағандардың арасындағы кісі айтқысыз қатыгездік те жатады. Кәмелетке толмағандардың қоғамқа қауіптілігі сонда, олар өз мақсаттарына қалай да жету үшін ату және суық қару қолданады.

Осы жоғарыда айтылған мәселелерге байланысты мән-жайлар – қылмыстылық пен қылмыстық-құқықтық күрес саласындағы гуманизм әділеттік принципімен тығыз байланысты, сондықтан да қылмыс жасаған адамға қолданылатын қылмыстық сипаттағы шаралар мен тәсілдер қылмыстық сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесіне, оның жасалу мән-жайына және жасаған адамның жеке басына сәйкес болуға тиіс. Статистикалық мәлметтерге байланысты қазіргі таңда қыздар арасындағы қылмыстылық та өсу үстінде. Осыдан он жыл бұрын қылмыскер қыздардың үлес салмағы 1,5-2%, ал ұлдар 98% құраған болcа, қазіргі көрсеткіштер бойынша соңғы жылдарда, яғни (2011, 2012, 2013 жылдары) жасөспірім арасындағы ұлдар бойынша 92,4%, ал қыздар 7,6% құрайтыны анықталды.

Сонымен қоғамда әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің ірі көлемді және жылдам процестері жүріп жатқан қазіргі уақытта әсіресе, дүниетанымы әлі толық қалыптаспаған, құндылықтар жүйесі тұрақсыз жастар үшін қиын болып отыр. Қазіргі уақытта жасөспірімдерге, жастарға деген көзқарас әсіресе құқықбұзушылықтың алдын алу, оны туғызатын себептер мен шарттарды жою тұрғысында өте күшейтілуі тиіс. Қорыта келе, кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы қылмыстылықтың криминологиялық аспектлері бойынша, ең алдымен ошақ басындағы, яғни ата-ананың тәрбиесі, сонымен қатар олардың қоғамға қауіпті іс-әрекеттері толықтай заңмен қамтылуы керек, сонымен бірге олардың теріс қылықтары өздеріне зиян келтіретіндігін түсіндіріп оған көз жеткізу керек.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Мауленов Г. Основные характеристики преступности в Республике Казахстан. Алматы, 1999.
  2. Сатыбалды Л. Формы вовлечения несовершеннолетних в преступную деятельность. – Алматы, 1999
  3. Джекебаев У. Соучастие в преступлении: криминологические и уголовно-правовые проблемы. – Алматы.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.