Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасындағы ветеринариялық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері

 Қазіргі таңда зық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру және ветеринария жүйесін жетілдіру алдыңғы орында тұр.

Қазіргі уақытта ауылшаруашылығы жануарларының инфекциялық    және    инвазиялық    (ішек-құрт)    ауруларына шалдығуы, малдың қыс мезгілінде көтерем болып өлуі, ветеринарлық құжатсыз басқа жақтан мал тасымалдау, сату және ол туралы жергілікті ветеринарлық мамандарға хабарламау, тағы басқа жағдайлардың тіркелуі тікелей мал иесінің жауапкершілігінің төмендігінен орын алып отыр. Осындай себептердің салдарынан адам мен жануарға ортақ жұқпалы аурулармен (бруцеллез, туберкулез) және биогельминтозды (эхинококкоз, описторхоз, трихинеллез, дерматомикоз) аурулардың облысымыздағы тұрғындар арасында таралуы белең алуда.

Ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамытудың өзектілігі әсіресе, ауылшаруашалық жануарларының негізгі басының көп бөлігі жеке аулаларда, ұсақ тауарлы, фермерлік, кооперативтік шаруашылықтарда  шоғырлануы  жағдайы  кезінде  едәуір өсті. Сонымен қатар, бүгінгі күні ветеринариялық жүйенің дамуына  тұжырымдамалы  әсер  етуші  себептер  де  бар.    Ол

– жануарлардың негізгі бөлігінің жеке аулаларда шоғырлануы, жергілікті ветеринариялық бақылау жүргізуді елеулі түрде қиындатады. Сонымен қатар, қолдағы бар ақпараттық жүйе өнімдері «фермадан үстелге дейін» қағидаты бойынша қадағалауды қамтамасыз етпейді, бұл эпизоотиялық қадағалау, мониторинг және жануарлар ауруларының ошақтарына болжау жүргізуге келеңсіз әсерін тигізеді.

Ауылшаруашылық тауар өнімдерін толығымен өндіру әр алуан малдан жұғатын жұқпалы аурулардың (сібірлік  язва, оба, туберкулез, бурцеллез, сальмаонеллез, колибактериоз, парафит, құтырма т.б.) болуына байланысты өндіру мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ көбіне Қазақстанда табиғи-климаттық жағдайға байланысты, сонымен қатар ауылшаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде жоғарғы деңгейде бейімделмеген. Мал шаруашылық өнімдерін өндіруде өндірушілер  ветеринариялық-санитариялық  тексерістердің көп   болса,   онда   өндірушілер   көптеген   шығындар болмас еді. Осы шығындар мен аурулар болмас үшін Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайын жасау керек [1, 3 б.].

Өйткені ҚР-сы Конституциясының  29-бабында «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар» делінген. Ал Конституцияның 31-бабына сәйкес «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады» деп көрініс тапқан [2].

ҚР-ның Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, салауатты өмір салтын қалыптастыру денсаулықты нығайту және өмір салтымен  байланысты  аурулардың  алдын алу мәселелерінде халықты ақпараттық қамтамасыз ету, гигиеналық оқыту мен тәрбиелеу жолымен салауатты өмір салтын насихаттауды, дұрыс тамақтануды және аурулардың профилактикасын қамтиды.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы – мекендеу ортасы факторларының адамға зиянды әсері болмайтын және оның тыныс-тіршілігіне қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілетін кездегі халық денсаулығының жайкүйі [3].

Б. Қалымбектің пікірінше, ветеринариялық қауіпсіздік – заңды және жеке тұлғалардың ветеринарлық-санитарлық ережелер талаптарын орындауымен қамтамасыз етілетін техникалық және дәрілік құралдардың, мал шаруашылығы өнімдерінің, ветеринарлық мақсаттар үшін жемдер мен жем қоспалары айналымының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырыушылық-құқықтық, әлеуметтік экономикалық және ветеринарлық шаралар кешені [1, 18 б.].

Ветеринарлық қауіпсіздік түсінігі тікелей жануарлардың аса қауіпті аурулары болмайтын, ал жануарлардың өзге ауру деңгейі белгілі уақыт пен нақты аумақ үшін тән қалыпты ауру деңгейінен аспайтын жағдайдағы эпизоотиялық қолайлылыққа байланысты болып табылады. Ветеринария туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N339 Заңының 1-бабына сәйкес, Ветеринария (ветеринария саласы) жануарлардың аурулары мен азықтан улануын (зақымдануын) зерделеуге, олардың профилактикасына, диагностикасына, оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiнiң Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкес келуiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми бiлiмдер мен практикалық қызмет саласы [4].

Осыдансайыпкеле, ветеринариянықұқықтық қамтамасыз ету дегеніміз адамның денсаулығы мен өміріне қауіп төнбейтін жануарлардан туатын аурулардын алдын алу, жұқпалы ауру туындағанда, оларды емдеу, егер емдеу жағдайы болмағанда ауру жануарларды жою арқылы қамтамасыз ететін шаралар кешені болып табылады. Ветеринарлық қауіпсіздікті қамтмасыз етудің  ұйымдастырушылық  құқықтық  тетігі мемлекеттердің, халықаралық және ұлттық ұйымдардың ұйымдастырушылық қызметін қамтамасыз ететін құқықтық құралдар, институттар, ішкі және сыртқы факторлар жиынтығы. Нақты тетіктің элементтері болып қызметін жүзеге асыруда өзінің ерекшеліктері бар, ұлттық және халықаралық деңгейдегі мемлекеттік органдардың, табиғат қорғау, ветеринарлық және санитарлық қызметтің, халықаралық және өзге де қызметі танылады.

Агроөнеркәсiптiк кешен негізгі саласының бірі ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауiпсiздiктi, ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитды.

Ветеринария саласындағы уәкілеттi мемлекеттiк орган белгілеген тәртiппен ауылшаруашылығы малына бiрдейлендiру жүргiзудi ұйымдастыру, мал көмiнділерін салу, ұстау және қайта жаңарту.

Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер мыналар:

  • жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
  • халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
  • мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
  • ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау;
  • жануарлар ауруларына қарсы күрес құралдары мен әдiстерiн әзiрлеу және пайдалану, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың қауiпсiздiгiне және сапасына ветеринариялықсанитариялық бақылауды қамтамасыз ету;
  • жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
  • ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария мамандарын даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру [4].

мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау – ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарын бұзудың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге және жоюға бағытталған қызметi.

Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау:

  • жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарын орындау жөнiндегi қызметiн бақылауды;
  • бюджеттiк бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды, олардың Республикалық қорын қоса алғанда, бөлудi және оларды сақтауға, тасымалдау (жеткiзу) мен пайдалануға бақылау жасауды;
  • Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық аурулары қоздырушыларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау жөнiндегi ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру мен бақылауды;
  • Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзудi және оларды табыс етудi;
  • ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру мен олардың орындалуын бақылауды;
  • базарларда, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өндiру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткiзу жөнiндегi ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауға жататын жүктердi тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыруды; мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiнiң қауiпсiздiгiн, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылауды;  жануарлар  ауруларының пайда болу мен таралу және жануарлардың азықтан улану себептерi мен жағдайларын ашып, анықтауды;
  • Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауды көздейдi [5].

ҚР-ның Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының  Кодексіне сәйкес, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жануалардан ауру табылған жағдайда, Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасынбұзушылықтардыңалдыналуға,оларды анықтауға, жолын кесуге, сондай-ақ халықтың денсаулығын сақтау және мекендеу ортасын қорғау мақсатында халықтың санитариялықэпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен гигиеналық нормативтердің сақталуын бақылауға бағытталады.

Осы кодекстің 143-бабына сәйкес, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесі: халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган; халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын   өзге   де   мемлекеттік   органдардың құрылымдық бөлімшелері; халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар кіреді [3].

Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы шілденің 8-і. №66-III ҚРЗ заңының 13-бабына сәйкес,Ветеринариялық-санитариялықжәнефитосанитариялық қауiпсіздiктi қамтамасыз ету.

  1. Ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауiпсіздiктi қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Мемлекет ауылшаруашылығы өнiмінің сапасы мен қауіпсiздігін халықаралық талаптарға сәйкес келтiру мақсатында:
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринариялық және фитосанитариялық бақылауды жүргiзу;
  • агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша малдың жұқпалы ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою;
  • малды қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттiк пункттердi, ауылшаруашылығы малын соятын алаңдарды, мал көмiндiлерiн, пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (көмiндiлердi) ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасының аумағын қорғауға және мал мен адамға ортақ аурулардың таралуына жол бермеуге бағытталған ветеринариялық iс-шараларды;
  • зиянды және аса қауiптi зиянды организмдердiң таралуына жол бермеуге, Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғауға, сондай-ақ олардың таралу ошақтарын анықтауға, шектеуге және жоюға бағытталған фитосанитариялық iс-шараларды;
  • малдың және адамның денсаулығына қауіп төндiретiн малды, малдан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қою және жою салдарынан агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне келтiрiлген залалды өтеу iс-шараларын жүзеге асырады [6].

Республикада мал мен құстың жұқпалы ауруларының 200-ден астам түрлерi ұшырасады, соның iшiнде 75-i аса қауiптi түрлерiне жатады, оның көбi адам мен мал үшiн ортақ аурулар болып табылады.

Тұрақсыз эпизоотиялық жағдай АӨК-ні дамыту үшін негізгі қауіп болып табылады. Шекара маңы өңірлері ауруларға неғұрлым ұшыраған, сол жерлерден инфекциялар одан әрі елдің басқа бөліктеріне тарайды. 2011 жылы жіті инфекциялық аурулардың 227 ошағы тіркелді, осының нәтижесінде Қазақстанның бірқатар облыстары үшін мал шаруашылығы өнімінің экспортына тыйым салынды.

Неғұрлым таралған аурулар ІҚМ мен ҰМ бруцеллезі және ІҚМ лейкозы болып табылады.  2011  жылы  бруцеллезге   оң   нәтижені 75 038 ІҚМ сынамасы және 32 705 ҰМ сынамасы көрсетті, сондай-ақ лейкозға 58 046 оң нәтиже анықталды, бұл 2010 жылмен салыстырғанда аурулар санының тиісінше 14%, 15% және 10%-ға төмендеуін көрсетеді [7].

Ауылда меншiк түрiнiң, ауылшаруашылығы өндiрiсiн ұйымдастыру нысандарының өзгеруi және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң нарықтық қатынастарға көшуi ветеринария жүйесiн түбегейлi қайта құруды және ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру жөнiндегi жұмыс әдiстерiн қайта қарауды талап етті. Қолда бар мал басының 98  %-ы  жекеменшiк үй шаруашылығында және ауылшаруашылығы құрылымдарында күтiп бағылады. Ауылшаруашылығының мал басын толық қамту мақсатында ветеринариялық биологиялық препараттарды қолдану жергiлiктi жерлерде бәсекелес ортаға берiлген және лицензиялы ветеринариялық дәрiгерлер мұны конкурстық негізде жүзеге асырады [8].

ҚР-ның Халық денсаулығы және денсаулық сақтау   жүйесі   туралы   Қазақстан    Республикасының Кодексіне сәйкес, Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының, халықтың улануының алдын алу.

  1. Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуының және таралуының, халықтың улануының алдын алу мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарында көзделген санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық), оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағын санитариялық қорғауды жүзеге асыру, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу, өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі, инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын науқастарға қатысты, халықты медициналық тексеріп-қарауды, профилактикалық егуді, гигиеналық тәрбие беру мен оқытуды жүргізу жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.
  2. Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар аумақтарды дамытудың әзірленіп жатқан бағдарламаларына және өзге де өңірлік бағдарламаларға енгізілуге жатады.
  3. Инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын науқастар, инфекциялық және паразиттік аурулармен ауырады деп күдік туғызатын адамдар, бактерия таратушылар оқшаулануға және емделуге, ал олармен қарымқатынаста болған адамдар – медициналық байқауға алынуға және қажет болған кезде оқшаулануға және емделуге жатады.
  4. Айналасындағылар үшін қауіп төндіретін созылмалы инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын науқастар, созылмалы бактерия таратушылар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан уақытша шеттетілуге жатады.

Қазақстан Республикасының аумақтарын санитариялық қорғау:

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде халық денсаулығына қауіп төндіретін жолаушыларға, экипаждарға, поезд бригадаларына, көлік құралдарына, жүктерге санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін санитариялық-карантиндік пункттер ұйымдастырылады.
  2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде (санитариялық-карантиндік пункттерде) санитариялықкарантиндік бақылауды халықтың санитариялықэпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері жүргізеді.
  1. Әкелінуіне тыйым салынған қауіпті жүктер мен тауарларды, сондай-ақ оларға қатысты санитариялық-карантиндік бақылау жүргізген кезде олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелінуі инфекциялық аурулардың немесе жаппай инфекциялық емес аурулар мен уланулардың пайда болуы мен таралу қаупін төндіреді деп белгіленген жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге жол берілмейді.

Қазақстан азаматтарының денсаулығына кауіп төнбейтін азық-түлік қаупсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мал шаруашылығын зерттеу және әртүрлі ауру кесапаттардың алдын алу мақсатында Ветеринария туралы заңнамалар мен нормативтік құқықтық актілер қабылданды және осы саласы бойынша заңнамаларға бірнеше өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенмен оның жүзеге асырулуы өте төмен.

Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы заңдар ветеринариялық заңдардан, сонымен қатар азаматтардың денсаулығына қауіп төнбейтін халықты санитариямен қамтамасыз ету, қоршаған орта мен жануарлар әлемін қорғауда, азық-түлік қауіпсіздігін қамтмасыз ету аумағында заңнамалар қабылдануы тиіс. Бұл дегеніміз негізгі заңнаманың аумағы өте күрделі және көп жақты қызмтеттерді атқаруы тиіс. Оның нарықтық реформаның әсерімен экономиканың барлық аумағында дамуына әкеледі, құқықтық реттеудің жаңа жолдардың туындауына жетектейді (мысалы, ветеринариялық нормалау, ветеринариялық  препараттарды  мемлекеттік  тіркеу, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аумағына да халықаралық ынмақтастықты нығайту) [9, 117 б.].

Қорыта келгенде, Ветеринария жүйесін, ветеринариялық ұйымдардың қызметін мемлекеттік басқару мен реттеуді қайта қарау, сондай-ақ тамақ өнімдерінің, ветеринариялық препараттар мен дәрілік заттардың ветеринариялық-санитариялық қолайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кемшіліктерді жою арқылы Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізе отырып, ветеринария саласындағы заңнамасын жетілдіру қажет. Бұдан басқа, Қазақстанның алдағы уақытта ДСҰ-на кіруі жануарлардың саулығы мен өндірілетін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында нақты құқықтық нормаларды енгізуді талап етеді. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді жануарлардың созылмалы ауруларынан сауықтыруға және тұтастай алғанда Қазақстан Республикасында жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотикалық жағдайды жақсартуға әрі ветеринариялықсанитариялық тұрғыдан қауіпсіз тамақ өнімдерін өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ұсынылған түзетулерге сәйкес заң жобасына бірқатар толықтыру, атап айтқанда, жергілікті атқарушы органдардың ветеринария мәселелері жөніндегі бөлімшелерін және мемлекеттік ветеринарлық ұйымдардың бөлімшелерін ауылды аумақтарда құру туралы толықтыру енгізілуі керек.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Қалымбек Б. Правовое обеспечение ветеринарной безопасности в РК. – Алматы: Қазақ yниверситеті, – 147 c.
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.1995 ж. // Параграф ақпараттық құқықтық жүйесі. –
  3. ҚР-ның Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 2009 жыл 18 қыркүйек №193-ІV // Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасы. –
  4. Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339Заңы // Параграф ақпараттық құқықтық жүйесі. – 2014.
  5. Қазақстан Республикасы Үкіметі. Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы: 28 маусым 2007 жыл N545 Қаулысы // Параграф ақпараттық құқықтық жүйесі. –
  6. Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы шілденің 8-і. №66-III ҚРЗ заңы // Параграф ақпараттық құқықтық жүйесі.
  7. Қазақстан Республикасында   агроөнеркәсіптік   кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған«Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы №151 қаулысы // Параграф ақпараттық құқықтық жүйесі. – 2014.
  8. Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы N 205 Қаулысы //Параграф ақпараттық құқықтық жүйесі. –
  9. Қалымбек Б. Законодательство РК о ветеринарной безопасности: проблемы и преспективы развития. ВетникКазНУ.– Серия юридическая. №2(54). 2010 – 179 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.