Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Көне жəне қазіргі түркі тілдеріндегі лексикалық сабақтастық

 Бүгінгі күні өмір сүріп отырған түркі халықтарының мыңдаған жылдық тарихы бар екендігі белгілі. Бұл олардың қалыптасуы мен дамуынан, тарихынан, мəдениеті мен өнерінен де көрінеді. Солардың бірі – түркі халықтарының тіліне қатысты мəліметтер. Түркі халықтарының жүріп өткен жолынан, бірнеше кезеңдерге қатысты жазба ескерткіштерінен жəне бүгінгі жеке тілдердегі өзіндік ерекшеліктерінен де тілдік деректерге тəн өзгешеліктерді көруге болады.

Түркітануға байланысты тарихи-салыстырмалы зерттеу жүргізу арқылы көне жазба мұраларында қолданылған, түркі тілдеріне ортақ болып саналатын жеке сөздердің тарихи дамуын байқай алатынымыз белгілі. Бір тіл көне түркілік тектестікті сақтаса, кей тіл өзіне ғана тəн заңдылықтармен дамиды, ал келесі бір тіл басқа тілдің ықпалына түседі. Сондай сөздердің қатарына көне түркілік будун, үгүз, саб, адағ, йай сияқты сөздерді жатқызуға болады.

Көне мұраларда қолданылған будун сөзі қазіргі қазақ тіліндегі халық сөзі екені белгілі, себебі көне тілде ел, жұрт сөздері де кездеседі: Чығай будунығ бай қылтым – Жарлы халықты бай қылдым; Он оқ беглері будуны коп келті, йүкүнті – Он оқ бектері халқы көп келді, жүгінді; Іл йеме ілі болты – Ел жəне ел болды; Аңар көрү білің, түрк емті будун беглер! – Бұған қарап білің, түркінің ендігі халқының бектері! Аз қырқ аз будуның йара тып келтіміз, сүңүсдіміз, ілін йана біртіміз – Көгмен жер-суы иесіз қалмасын, — деп, аз қырыз аз халықтарын құрап келдік, соғыстық, елін қайта бердік.

Қазақ тілінде халық сөзі төл сөзіміз болмағанымен, бұл сөзге синонимдес ел, жұрт, қауым, халайық, əлеумет, жамағат, жаран сөздері кездеседі [1] жəне «белгілі бір елді, мемлекетті мекендейтін адамдардың жалпы жиыны» жəне «ел-жұрт, бұқара, көпшілік» [2] сипатында түсіндірілген жəне бұл сөздің араб тілінен енген «жаратушы» деген мағына береді.

Халық сөзі көптеген түркі тілдерінде, фонетикалық ерекшеліктерді есепке алмағанда, қазақ тілімен ортақ сипатта кездеседі: халǎх (чуваш), халық (башқұрт, татар), halk (түркімен), калк (қырғыз) т.б. Мысалдар: чǎваш халǎхĕ (чуваш халқы), бөтə планета халқы (бүкіл əлем халқы), башқорт халқы (башқұрт халқы), урамда бик күп халық йыйылды (көшеде халық көп жиналды).

Түркі тілдерінің бəрінде дерлік «халық» сөзімен мағыналас бірнеше сөз бар: halk, millet, halkyyet (түркімен), халǎх, çынсем, йыш (чуваш), эл, калк (қырғыз), юрт, адам, гиши, инсан (құмық) т.б.

Кей тілдердегі сипаты сəл өзгешелеу: хқас тілінде чон сөзі қолданылса, əзербайжан тілінде «адам» сөзіне көптік жалғау жалғану арқылы адамлар түріндегі нұсқалары, ал якут тілінде орыс тіліндегі «народ» сөзінің фонетикалық өзгеріске түскен түрі наруот, тува тілінде «кижи» сөзіне қосымша чон, хамааты, суур сөздері кездеседі.

Халық сөзіне қатысты осындай ортақтықтар мен сəл-пəл өзгешеліктерді есепке алмағанда, көне түркілік будун сөзі қазіргі түркі тілдерінде орын алмағанын көреміз. Араб тілінен енген «халық» сөзінің фонетикалық нұсқалары көп қолданылады.

Жылдың төрт мезгілінің бірін білдіретін жаз сөзінің көне мұраларда йай, йаз нұсқалары бар болғанымен, «жаз» сөзінің «көктем» сөзімен мағыналас келетін деректер бар. Оғузғару йазын сү ташықдымыз – Жазда əскермен оғызға қарсы шықтық. «Көне түркі сөздігінде» йай – жаз [3; 226], йаз – көктем [3; 250] мағынасында берілсе, М.Қашқари сөздігінде: иаз – жаз. Иазын қатығланса, қышын севнүр – Жазда қатуланса, қыста сүйінер; йай – көктем. Күз келігі йайын белгүлүг – Күздің келетіні көктемнен белгілі [4; 221, 222] сипатында жəне көне түркі тілінен берілген басқа мысалдарда Йай анта йайладым – жазда анда жайладым; Йай көркіңе ынанма, Сувлар үзе тайанма. Есізлікіг анұнма, Тылда шықар едгү сөз болып берілген.

Аталған сөздің қазақ тіліндегі нұсқасы жаз болғанымен, басқа түркі тілдерінде бірізді емес жəне туыстас тілдерден фонетикалық нұсқаларындағы айырмашылықпен қоса, лексикалық та ерешеліктерді көре аламыз. Əзербайжан (йай), татар (жəй), башқұрт (йəй), өзбек (ёз), ұйғыр (яз), қырғыз (жай), тува, хақас (чай) тілдеріндегі нұсқаларында дыбыстық ерекшеліктер болса, якут тілінде «сайын», түркімен тілінде «томус» сөздері арқылы беріледі. Қырғыз тілінде «жай» сөзі біздің тіліміздегі «жаз» сөзімен, ал «жаз» сөзі «көктем» сөзімен мағыналас.

Қазақ тіліндегі «жайлау» сөзінің мағынасын «жаз жайлайтын жер» деп з-й дыбыстық сəйкестіктерімен түсіндірсек те, арғы негізі «йай» екендігі көрінеді. Сонда «жайлау» сөзін «жаз» сөзіне етістік тұғызатын -ла жұрнағы жалғанғанда з-ның й-ға сəйкестігі нəтижесінен (жай+ла+у) «жайлау» сөзі жасалып тұр дегеннен, түбірі көне түркілік йай (жай) арқылы орныққанын түсіндіре аламыз. Оның үстіне қазақ тіліндегі «нанды жайдым – нанды жаздым, көрпені жайдым – көрпені жаздым» сипатындағы нұсқалардан да ұқсастық көре аламыз. Ал басқа түркі тілдеріндегі дыбыстық ерекшеліктер көне жəне қазіргі тілдер арасындағы й-ж (қырғыз – жай), й-ч (хақас – чай), ал якут тіліндегі «сайын» сөзінің й-с арқылы орныққан «сай» сөзіне қатысты деп болжауға болады. Себебі көне түркілік -й алтай тілінде д (дос, док), тува хакас, шор тілдерінде ч- (час, чок), якут тілінде с- (сас, суох), қарашай балқар, қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар тілдерінде ж- (жаз, жоқ), қарашай-балқар тілінің малқар диалектісінде з- түрінде дамыған [5;159].

Қазіргі түркі тілдерімен салыстырғанда өзгеріске түскен көне түркілік сөздердің бірі – үгүз сөзі. Көне түркі тілінен келтірілген мысалдар арқылы бұл сөздің қазақ тіліндегі нұсқасы «өзен» сөзі екені белгілі: Сантуң балыққа Талуй үгүзке тегүртім – Шантуң қаласына, Теңіз өзеніне жеткіздім. Алтун йысығ йолсузын астым, Ертіс үгүзүг кечігсізін кечдіміз – Алтын жерін жолсызбен астым, Ертіс өзенін кешпес ізбен кештім. Ертіс үгүзіг кече йорыдымыз. – Ертіс өзенін кеше жүрдік. Ертіс үгүзіг кече йорыдымыз, түргіс будунығ уда бастымыз – Ертіс өзенін кешіп өттік те, түргеш халқын ұйқыда бастық. Ечүм қаған бірле ілгерү Йашыл үгүз, Шантуң йазықа тегі сүледіміз – Ағам қағанмен бірге ілгері Жасыл өзенінен Шантұң жазығына дейін соғыстық. Йана йорып, соғдақ будун ітейін тійін, Йінчү үзүгіг кече, Темір қапығқа тегі сүледіміз – Жəне жүгіріп соғдыны халық етейін деп, Сырдария өзенін кешіп өтіп, Темір қақпаға дейін соғыстық.

Жоғарыдағы мысалдардағы «үгүз» сөзі – қазіргі түркі тілдерінде сақталмаған, өзгеріске түскен сөздердің бірі. Бұл сөздің салыстырылған тілдерде елга (татар), йылға (башқұрт), дарё (өзбек), дəрия (ұйғыр), өзөн (қырғыз), хем (тува), өрүс (якут), суғ (хақас), дерия (түркімен) нұсқалары кездеседі жəне ешбір тілде көне мұралар тілімен ортақтық көріне қоймайды. Тува тіліндегі «хем» сөзінен басқасы, яғни, «өзен, дария, су, өріс, жылға» сөздері қазақ тіліндегі аққан сумен қатысты мағыналас сөздер.

Көне түркілік «саб» қазіргі қазақ тіліндегі «сөз» деген мағынаны береді: Тоқуз оғуз беглері, будуны, бу сабымын едгүті есід, қатығды тыңда! – Тоғыз оғыз бектері, халқы, бұ сөзімді жақсы есіт, қатты тыңда! Неңнен сабым ерсер, беңгү ташқа уртым. – Айтар сөзім болса, тасқа жаздым. Сабымын түкеті есітгіл – Сөзімді түгел есіткін. Сүчіг сабын, йумчақ ағын ерүр, ырақ будунығ анча йағытур ерміс – Тəтті сөзін, жұмсақ қазынасын беріп, алыс халықты өзіне жақындатқан еді.

М.Қашқари сөздігінде де «сөз» [4; 177] нұсқасында берілген бұл сөз «саб» сипатында қазіргі түркі тілдерінде орын ала қоймаған, себебі барлық түркі тілдерінде «сөз, сүз, һүз, суз, сөс, тыл» түрінде кездесіп, аздаған фонетикалық ерекшелік қана көрінеді. Чуваш тілінде бұл сөз «самах» ретінде қолданылып, көне түркілік «саб» нұсқасына біршама жақындай түседі: иккемешле самах – туынды сөз; пухура самах ил – жиналыста сөз алу; самахсарах анлан – сөзсіз түсіну; самах йреклехе – сөз бостандығы; самах пар – сөз беру; пер самахпа каласан – бір сөзбен айтқанда.

Сөздік қазынасының негізі сақталып келгенмен, ондаған сөздердің бұл күнде, мысалы, қазақ тілінде қолданылмайтындығын білеміз. Дегенмен, қай түркі тілі болмасын, өздерінің бүгінгі лексикалық қазынасында көне сөздерді ішінара сақтап қалғандығы да байқалады. Мысалы, қазақ тілінде «мүлік» мағынасындағы көне түркілік барым сөзі, «шақыру» мағынасындағы оқу, «сөйлеу, сөз» мағынасындағы саб (сөз саптау «сөз сөйлеу»), «кедей» мағынасындағы шығай (Шықбермес Шығайбай) деген сөздер тұрақты тіркестердің құрамында немесе жалқы есімдердің аталуында сақталған [6; 47–78].

Яғни қазақ тіліндегі көне түркілік «саб»-тың орнына «сөз» орныққанымен, «сөз саптауы» деген тіркестен «саб»-ты кездестіре аламыз. Осыған орай қазақ тіліндегі «күш-кайрат, ар-намыс, құр босқа, кұр текке, көр соқыр, шынайы таза» сияқты қосақтап қолданылған мағыналары бірдей немесе жуық сөздер, яғни плеоназмдардың, қатарына «сөз саптауы» дегенді де жатқызуға болар. Сол сияқты көне түркілік «талуй» сөзі «теңіз» мағынасын беріп, қазақ тіліндегі «телегей теңіз» тіркесінде қолданылатыны айтылады. Ал «талуй» түрінде, яғни, «теңіз» мағынасын беретін сөз Сібірдегі кейбір түркі тілдеріне тəн.

Қазақ тілінде «аяқ (айақ) сөзі де көне түркі тілімен салыстырғанда д-т-з-й дыбыстық сəйкестіктері арқылы орныққандығын жəне түркі тілдері фонетикасына байланысты өлшем ретінде зерттеушілер көрсететіні белгілі: «Қазақ тіліндегі адақтау/аяқтау//бітіру, тауысу сөздері мағына жағынан сəйкес, о бастағы бір сөз, бүгінде екі түрлі айтылады. Атақ/адақ сөздеріндегі й мен д дыбысының сəйкестігі көне тілден қалған бір ерекшелік. Егер осы сөздің қазіргі түркі тілдеріндегі вариантын салыстырып көрсек, олардың көпшілігінде аяқ (айтылуда айақ) түрінде кездеседі де, хақас тілінде азах, якут тілінде атах түрінде қолданылады. Бұл мысалдардан й, з, т дыбыстарының сəйкестік қасиетін аңғарамыз» [7; 90] Көне тілден мысалдар: Түрк будун адақ қамаштды – Түрк халқының аяғы əбден шаршады. Түрк будун адақ қамаштды, йаблақ болтачы ерті – Түркі халқынығ аяғы əлсіреді, жаман қалжырады. Күміш күнге ұрса, алтұн адзақын кемір. – Күміс күнге қонса, алтын аяғымен келер. Иүз ат менің ағдын кешті. – Менің аяғымның арасынан жүз ат өтті. Өкүз азақы болғынша бұзағу башы болса ииг. – Өгіздің аяғы болғанша, бұзаудың басы болса игі.

Бұл сөздің басқа тілдерде «аяк, айақ, оёқ, атах, азах» фонетикалық нұсқалары, сондай-ақ «бут, пут» қолданыстары қырғыз, тува, ұйғыр тілдерінде бар. Басқа түркі тілдерінен ерекше «ура» сөзі чуваш тілінде кездеседі жəне бұны зерттеушілер д-т-з-й-р дыбыстық сəйкестіктерімен түсіндіреді [7; 208]. Ал «айақ» немесе «азақ, атақ» сөздерінен «ура» сөзіне жақындыққа қарағанда, «ұр» сөзімен байланыста қараған дұрыс сияқты.

«Қарындас» сөзі – жалпы түркі тілдеріне ортақ сөз, бірақ қазақ, қарақалпақ тілдерінде ғана еркек адамның өзінен жасы кіші бауыры мағынасында қолданылады екен.

«Қарындас» сөзін М.Қашқари сөздігінде «бір қарыннан шыққан» деп түсіндіретіні сияқты бұл сөз басым түркі тілдерінде «ағайын, туыс» сипатында беріледі.

Түркі тілдерінде «карындаш, кардаш» болып қолданылған сөздердің кейбіреуінде мағыналық айырмашылық болса, кей тілдерде айырмасы жоқ. Тува, чуваш, якут, өзбек, түркімен, башқұрт тілдерінде «карындаш, кардаш, хуранташ, харындаш, кериндаш» сөздері екі нұсқада бар болса, алтай, қырғыз, қазақ, қарақалпақ, хақас тілдерінде тек «қарындас» сөзі, гагауз, татар тілдерінде «кардаш» сөзі бір нұсқада ғана кездеседі. Өзбек, түркімен тілдерінде «кариндош, гарындаш» сөздері «туған- туыс, ағайын» мағыналарын, «кардош, гардаш» сөздері «аға, дос, жолдас» мағыналарын береді. Сондай-ақ көптеген тілдерде «туған-туыс, ағайын» мағынасындағы бұл сөз хақас (харындас), əзербайжан (гардош), гагауз (кардош) тілдерінде «аға, іні» мағыналарына сай келсе, түрік тілінде «кыз кардеш, еркек кардеш» болып қолданылады.

Көне түркі тілі лексикасын қазіргі қазақ немесе басқа түркі тілдерімен салыстыру барысында ортақтықтар пен өзгешеліктер де көзге түседі. Осылардың біразын Ғ.Айдаровтың «ҮІІІ ғасырдағы Құтлығ қаған (Онгин) ескерткіші» еңбегі [8] арқылы да дəлелдей көрсетуге болады:

Будун – халық. Чығай будунығ бай қылтым – Жарлы халықты бай қылдым.

Сү – əскер. Қамуқ балыққа тегдім кунладым алтым сүсі келті – Көп қалаға шабуыл жасадым, жорық жасадым, жаулап алдым. Əскері келді.

Ечі – əже. Ечүміз – əжеміз.

Йотаз – əйел. Йотазын анта алтым – Əйелін сонда алдым.

Қунчуй – бикеш (бектердің əйелі). Сіңлім қунчуйлығ біртіміз – Қарындасым бикешті бердік.

Табышқан – қоян. Табышқан йыл бісінч айқа тегдім – Қоян жылы бесінші айда жеттім. Бедізчі – шебер, суретші (өрнекші). Бедізін бедізті, олурты – Өрнегін өрнектеп отырды. Барқ – сарай. Барқын йулмадым – Сарайын алмадым.

Балық – қала. Қамуқ балыққа тегдім қунладым алтым сүсі келті – Көп қалаға шабуыл жасадым, жорық жасадым.

Бітіг – хат, жазу. Бу бітіг бітігме атысы Йоллығ тігін – Бұл хатты қағанның немересі Йоллығ тегін жаздым.

Айғучы – кеңесші. Айғучысы біле ерміс – Кеңесшісі білгіш еді.

Сү – əскер. Сүсі келті – Əскері келді.

Йағучы – қолбасшы. Йағычысы бен ертім – Қолбасшысы тағы мен едім.

Чығай – кедей. Чығай будунығ бай қылтым – Жарлы (кедей) халықты бай қылдым.

Баз – бейбітшілік. Төрт будундақы будунығ қоп баз қылтым – Дүниенің төрт бұрышындағы халықты көп бейбіт еттім.

Чаб, саб – сөз. Сабымын түкеті есітгіл – Сөзімді түгел есіткін.

У – ұйқы. Қырқ аз будунығ уда басдым – Қырқ аз халқын ұйқыда бастық.

Бедүк – биік.

Сүчіг– тəтті. Сүчіг сабын – тəтті сөзін.

Учуз – арзан. Учуз ерті – арзан еді.

Ыд – ыт, жібер. Табғач қағаның ічрекі бедізчіг ыты – Табғаш қағаны іштегі бедізшісін жіберді.

Тег – жет. Түпүтке кічіг тегмедім – Тибетке кішкене жетпедім.

Көне түркі тілімен салыстырғанда қазіргі түркі тілдерінде қолданыстан шыққан немесе сөздік қорда кездесе қоймайтын сөздердің қатарына ечі (əже), табышқан (қоян), сү (əскер), чығай (кедей) сөздерін жатқызуға болады.

Қазақ тіліндегі «əже» мағынасындағы көне түркілік «ечі» сөзіне жақын сөз іче, ууча түрінде хақас тілінде қолданылғанымен, басқа тілдерде өзгеріске түскендігін асане (чуваш), эбэ, эбээ (якут), буви (өзбек), нəнə (əзербайжан), ене, мама (түркімен), эне (қырғыз), əби (татар) т.б. сияқты қолданыстардан көре аламыз. Мысалы, Эбээ, сиэнин кэллэ – Əже, сенің немерең келді (якут).

«Əскер» сөзінің көне түркілік сипатындағы «сү» [3;516] сөзіне əрі лексикалық, əрі фонетикалық жағынан ұқсас қолданыс чуваш тіліндегі салтак, çар çынни сөздермен үндес келетінін, ал басқа тілдерде түркілік емес аскар (өзбек), əскəр (əзербайжан, ұйғыр), ескер (түркімен), гаскер (татар, башқұрт), аскер (қырғыз) сөздері орныққан. Мысалы, Раççей çар çыннисем – Ресей əскері (чуваш).

Көне түркілік «табышқан» сөзінің қазақ тіліндегі қолданысы «қоян» сөзіне сəйкес келеді: Табышқан йыл бісінч айқа тегдім – Қоян жылы бесінші айда жеттім. Бұл сөз алтай, қырғыз тілдерінде коён; башқұрт, чуваш, татар тілдерінде куян; қазақ, қарақалпақ, ноғай, құмық, түркімен, ұйғыр тілдерінде қоян; тува тілінде кодан; өзбек тілінде қуён; хакас тілінде хозан деп кездеседі [Иссл.,136]. Түркі тілдерінің көбінде қоян сөзіне ақ, сұр, ор сөздері тіркесіп келген жағдайда қоянның түрлерін білдіреді.

Махмұт Қашқаридің сөздігінде «қоян» мағынасында тауышған сөзі қолданылған [4]. Қазіргі түркі тілдерінің ішінен əзербайжан тілінде довшан; гагауз, құмық, түрік тілдерінде тавшан; түркімен тілінде товшан; якут тілінде куобах деп кездеседі. Көне түркі тілінде табыш сөзі секіру мағынасын білдіреді. Тавышқан сөзінің шығуы осы етістікпен байланысты болуы керек. Осы сияқты орыс тіліндегі «заяц» сөзінің əсерінен чуваш тіліндегі «қоян» мағынасындағы сайкка сөзін айтуға болады.

Көне мұраларда кездесетін «чығай» сөзінің қазақ тіліндегі мағынасы – «кедей» немесе «жарлы» сөздері: Чығай будунығ бай қылтым – Жарлы (кедей) халықты бай қылдым. Туыстас тілдерде камбағал (өзбек), иохсул (əзербайжан), чох кізі (хақас) кедей (қырғыз), ярлы, фəкир (татар, башқұрт) т.б. сөздер орын алған. Көне қолданысқа ұқсас сөз чуваш тіліне тəн. Бұл тілдегі «чухǎн, юрлǎ, çитмен, çук» сөздерінің ішінде чухан көне түркілік чығай сөзімен үндес екендігі көрінеді. Мысалы, чухǎн хресчен (кедей шаруа); жить бедно çук пурнǎçпа пурǎн (кедейшілікте өмір сүру), örän garyp bolupdyr ол өте кедей еді (түркімен) т.б.

Ескі жазба ескерткіштердегі «балық» сөзі қазіргі біздің тіліміздегі «қала» жəне «балық» [3; 80] сөздерімен үндескенімен, көп жағдайда «қала» мағынасында қолданылады: Қамуқ балыққа тегдім қунладым алтым сүсі келті – Көп қалаға шабуыл жасадым, жорық жасадым. Ал қазіргі туыстас тілдерде хула (чуваш), шахар (өзбек), шахер (түркімен), шаар (қырғыз), кала (башқұрт) т.б. нұсқалары да бар. Якут тіліндегі «куорат» сөзі орыс тілінің əсерінен «город» сөзі арқылы орныққан. Мысалы, хула хĕррисем – қаланың шеті, хула тулашĕнче кан – қала шетінде дем алу (чуваш).

Түркі тілдері салыстырмалы лексикасына байланысты көне мұралар тіліне сай келетін мұралар тіліне сай келетін кей сөздерді қазіргі туыстас тілдермен салыстыру барысында ортақтық басым бола тұра, кей тілдердің ішкі заңдылықтарына сай келетін ерекшеліктер де кездесіп отырады.

Түбі бір түркі тілі болғанымен, кей халықтар бірлікте өмір сүрсе, кей халықтар басқа топтағы тілдермен көп араласты, бөтен тілден енген сөздердің қатары мол болды. Дегенмен де сол тілдердің туыстығын дəлелдейтін, тарихын көрсетіп, тілдің ортақтығын көрсете алатын сөздер көптеп саналады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Синонимдер сөздігі. — Алматы: Арыс, 2007. — 640 б.
  2. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. — Алматы: Ғылым, 1986. — 512 б.
  3. Древнетюркский словарь. — Л.: Наука, 1969. — 676 с.
  4. Қашқари М. Түрік сөздігі. — І-т. — Алматы: Хант, 1997. — 375 б.
  5. Щербак А.М. Сравнительная фонетика тюркских языков. — Л.: Наука, 1970. — 204 с.
  6. Сыздықова Р. Қазақ əдеби тілінің тарихы. — Алматы: Ана тілі, 1993. — 320 б.
  7. Қайдар Ə., Оразов М. Түркітануға кіріспе. — Алматы: Арыс, 2004. — 360 б.
  8. Айдаров Ғ. VІІІ ғасырдағы Құтлығ қаған (Онгин) ескерткіші. — Алматы, 1989. — 51 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.