Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Интерактивтік оқыту — қашықтықтан оқыту жүйесінің негізгі

Қазіргі кезде республикалық жəне халықаралық деңгейдегі зерттеулер нəтижелері мен алдыңғы қатарлы тəжірибе көрсетіп отырғанындай, мамандарды сапалы дайындаудың бір жолы білім беру мазмұнының базалық жəне вариативті компоненттерін қамтамасыз ету болып табылады.

Білім беру мазмұны мен сапасына деген мөлшерлік талаптарды белгілейтін мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары кəсіптік білім беру стандарттарын дайындау бойынша инновациялық білім мазмұны ерекше қызығушылық тудырады. Өз кезегінде мемлекеттік стандарт əзірлеу барысында өмір талаптарына сəйкес білім өлшемдері мен сипатын жаңарту мүмкіндіктері ескерілуі қажет болды. Əлеуметтік-педагогикалық жүйе ретіндегі қашықтықтан оқытудың негізгі қызметі білім беру процесінің субъектілері арасында дəнекер болып табылатын электронды жəне телекоммуникациялық құралдардың көмегімен үздіксіз білім беруді іске асыру болып табылады. Бұл жүйеде субъектілер студент пен оқу процесін ұйымдастырушылар болады.

Инновациялық оқыту интерактивті оқыту жүйесін іске асыруды, оқытудың жаңа құралдары мен ақпараттық технологияларды пайдалануды көздейді. Бүгінгі таңда кəсіби оқыту педагогтарын даярлау қашықтықтан оқыту түрі арқылы да іске асырылады.

Интерактивтілік қашықтықтан оқыту жүйесінің негізгі сипаттамасы болып табылады. Белгілі ғалым Д.М.Жүсібалиеваның [1] зерттеулерінде интерактивтілік қашықтықтан оқыту түрінің принципі ретінде əрекет етеді.

Интерактивті оқыту деп оқытуға қатысушылардың бір-бірімен өзара əрекет етуін, оқытушы мен студенттердің арасында интерактивті оқыту құралдары арқылы электрондық жəне мультимедиалық оқулықтар, тізбекті ақпараттық жүйелер арқылы кері байланыстың болуын (электрондық пошта, əр түрлі режимдегі байланыс жүйесінде телеконференциялар) айтады.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Р.М.Дүзбаева интерактивті оқытуға тəн мынадай белгілерді бөліп көрсеткен:

  • студенттер өздеріне қолайлы уақытта, қолайлы жерде жəне қолайлы қарқынмен жұмыс істей алады, əркім пəнді меңгеру үшін жəне таңдап алған пəндер бойынша қажетті білімді алу үшін қанша оқығысы келсе, сонша оқи алады;
  • интерактивтілік оқытудың негізін модульдік принцип құрайды, студенттер меңгерген əрбір жеке пəн (оқу курсы) мазмұны бойынша белгілі бір пəндік аймаққа сəйкес келеді, бұл дербес немесе топ қажеттіліктеріне жауап беретін тəуелсіз оқу курстарынан оқу жоспарын құруға мүмкіндік береді;
  • оқыту негізгі кəсіби іс-əрекет пен оқытудың өзара бірлігінде жүргізіледі, яғни өндірістен қол үзбей оқуға мүмкіндік береді;
  • студенттердің білім беру мекемесінен қашықтығы (байланыстың сапалы жұмысы жағдайында) білім беру процесінің тиімділігіне кедергі болмайды;
  • оқыту процесінде оқытушы мен студент өздеріне қолайлы кесте бойынша жұмыс істейді;
  • оқытушының жаңа ролі мен қызметі айқын көрінеді;
  • студенттерге қойылатын талаптар дəстүрлі оқыту жүйесінен мүлдем басқаша болады;
  • интерактивтілік оқыту барысында жаңа ақпараттық технологиялардың барлық мүмкіндіктері пайдаланылады [2].

Тұлғаға бағдарланған технологиялық əдіс студенттердің танымдық қабілеттерін, олардың зияткерлік, эмоциялық дамуын, кəсіби бейімділіктері мен ұмтылыстарын, педагогикалық іс-əрекетке деген құндылық қасиеттерін аша түседі. Осыны ескере отырып, жоғары оқу орындарында тұлғаның шығармашылық ерекшелігі жеке қызмет етілуі мен іс-əрекеттің шыңдалуының көрініс табуы үшін тиісті жағдайлар жасалуда. Ең алдымен, білім беру бағдарламалары мен жеке оқыту үлгісін таңдау мүмкіндігі беріледі.

Білім беру жүйесіндегі реформалар мен қазіргі мектептің тұлғалық-бағдарлы оқытуға бет бұруы болашақ кəсіби оқыту педагогтарының даярлығына жаңа талаптар қояды. Білім беру жүйесі дамуының қазіргі кезеңі жаңа парадигмаға өтудің жолдарын іздестірумен, яғни білім берудің жаңа мақсатының жетістіктерімен, байланысты.

Жаңа парадигманың маңызды компоненті тұлғаның өзіндік даму тұжырымдамасы болып табылады. Өзіндік даму — бұл ішкі жəне сыртқы əлеммен байланысу қабілетін қалпына келтіру. Тұлғаның əр түрлі саладағы икемділіктері мен қабілеттерін дамыту оның дербес ерекшеліктеріне, өзіндік талдау, өзіндік баға беру қабілеттеріне байланысты, мұның өзі əрбір студентке ерекше қатынас керек екендігін, оларға өзін көрсетуге, дамытуға мүмкіндік жасау қажеттігін дəлелдейді. Сондықтан біздің зерттеуіміз болашақ мамандарды дəстүрлі формада даярлаумен қатар жаңа ақпараттық технологиялар негізінде жетілдіруді көздейді.

Ғылыми зерттеулерді оқып-үйрену жəне талдау педагогикалық бiлiм беру жүйесiнде болашақ кəсіби оқыту педагогының технологиялық даярлығы мəселесінің педагогика ғылымының теориясында өз алдына дербес проблема ретінде анықталғанын жəне ол үнемі зерттеп отыруды қажет екендігін көруге мүмкіндік берді.

Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, əлемдік білім берудің кеңістігіне енуге бағыт алды. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тəрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда:

  • білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық жəне нарық жағдайларындағы білім беру бағдарламасының нақтылануымен күшейе түсуде;
  • ақпараттың дəстүрлі əдістері, ауызша жəне жазбаша, телефон жəне радиобайланыс қазіргі заманның компьютерлік құралдарына ығысып орын берді;
  • қоғамдық білім мен жаңа педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына жəне ғылымның рөліне мəн берілуде.

Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы негізгі ой- тұжырымдары былай сипатталады:

  • бұрынғы алған білімдерін пайдалана отырып, есте сақтаудың негізінде ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
  • білімнің статикалық үлгісінен ақыл-ой əрекетінің құрылым жүйесіне көшу.

Қазір республикада оқу орындарының педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сəйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің əр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға жəне тəрбиеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан əр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқыту процесінің ерекшеліктеріне орай таңдап, тəжірибеде сынап қараудың маңызы зор.

Қазақстан Республикасында дүние жүзінің дамыған елдері сияқты бірыңғай білімдік-ақпараттық кеңістік қалыптасып келеді. Ал білім беру саласын ақпараттандыру тек қана оқытуды ұйымдастыру формалары мен əдістерін жетілдіріп, өзгертіп қана қоймайды, сонымен қатар бүкіл оқыту процесін басқарудың жəне бақылаудың жаңа əдістерінің пайда болуына жағдай жасайды.

Дұрыс іске қосып, пайдаланған жағдайда ақпараттық технологиялардың мүмкіндігі мол, оқу- əдістемелік материал жинақталады, оқу материалының қолдану тиімділігі арттырылады, жеке бағдарламалармен жұмыс істеуге мүмкіндік туады, сабаққа дайындалу мен оны өткізудің тиімділігін артады, оқытушы өзі немесе студенттердің көмегімен оларға таратылатын дидактикалық материалды көбейтеді, студенттердің білім дəрежесін қадағалап, бақылауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі уақыт талабына сəйкес мемлекетіміздегі 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту бағдарламасына байланысты болып жатқан жаңа өзгерістер қоғам мен мемлекетіміздің алдына жаңадан туындап жатқан құндылықтарды ескере отырып, білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту мəселесін қояды. Нақтылы аса маңызды тұжырымдар мен құндылықтар ғана білім беру сапасын жаңа деңгейге алып шығатын қадамдар жасауға ықпал етеді.

Ақпараттандыру процесі, компьютердің оқу процесінде пайдаланылуы — білім беру жүйесі реформасының негізгі буынының бірі.

Жаңа компьютерлік, ақпараттық техника мен технологияларды экономиканың барлық салаларында қолдана алатын мамандармен қамтамасыздандыру сəйкес салалар бойынша ақпараттық жүйелер мамандарын даярлауға əкеліп тірейді. Ол қазір республикамыздың жоғары оқу орындарында қолға алынған жəне əлі де нығайта түсу қажеттігі туындайды [3].

Заман ағымына сай адамдардың алдына жаңа қызметтік талаптар қойыла бастады, жұмыскер тек қана өндірістік міндеттерді жақсы атқарып қана қоймай, оған қосымша жобалай білуі, шешім қабылдауы жəне шығармашылық жұмыстарды да орындай білуі керек. Осы қабілеттер мен біліктер баланың жас кезінен қалыптасып, оқу жəне еңбек əрекеттерін орындау кезеңдерінде əрі қарай дамуы керек.

Бұрынғы оқыту технологиясының негізінен сөз арқылы мəлімет беруге сүйенетіні белгілі. Ал бірақ адам жадында кез келген мəлімет басқаша жинақы түрде сақталатынын ғалымдар анықтаған болатын, онда олар компьютерлік технологиялар арқылы оңай көрсетілетін көрнекі бейнелер, дыбыстар немесе схемалар тəрізді күйде орналасады екен.

Осыған орай болашақта электрондық кітапханалар ұйымдастырылып, онда оқыту процесінде қолдануға ұсынылған электрондық басылымдар, арнайы əзірленген оқу құралдары мен əдістемелік нұсқаулар болуы тиіс. Əрбір факультетте жалпы жəне кəсіби білім беретін пəндерден оқу-əдістемелік материалдардың мəліметтік базалары жиынтығын, қолда бар компьютерлік техникалар мен институттың компьютерлік орталықтардың тəжірибесін негізге алған деканат тəрізді ұйымдастыру- басқару бағдарламаларымен жабдықталған бөлімдер жұмыс істеуі қажет.

Білім беру үрдісін оқу-əдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етудің жаңа түрлері пайда болғандығын атап өту қажет. Олар — гипермəтін түрінде ұсынылған дəріс материалдарының электронды нұсқасы немесе мультимедиалық курстар жəне интерактивтік оқыту бағдарламалары түріндегі электронды нұсқалар.

Осыған байланысты алдыңғы сапқа жаңа технологияларға сүйенген оқыту бағдарламаларының сапасы шығатынын тағы да айтқанның артығы бола қоймас. Оқыту бағдарламаларын дайындау педагогика саласында терең зерттеулер жүргізіп, оларды жаңа білім жүйесін қалыптастыруға бейімдеу ісін жолға қояды. Ақпараттық жəне коммуникациялық технологияларды өмірге енгізу процесі тəжірибе арқылы расталған ғылыми-əдістемелік жəне педагогикалық тұрғыдан басталуы тиіс. Осы күрделі, əрі қызық жұмысқа біздің педагогтар мен əдіскерлер де өз үлестерін қосуы керек.

Бұдан былай ақпараттық технологияларға жəне қашықтан оқытуға бағытталған Интернет тəсілімен білім алуды дамыту қажеттілігі туып отыр. Оның дайындалу мақсатына ақпараттандыру ісін дамыту мен оның бағыттарын анықтау мəселелері жатады, ол жаңа ақпараттық жəне коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, білім беру жүйесін жетілдіру ісіне біртұтас жүйелік көзқарасты қалыптастыру болып табылады.

Дегенмен, жаңа ақпараттық технологияларды өмірге енгізудің əлі де əлсіз жақтарына электрондық түрдегі оқу материалдарының аздығы, ал бар болған жағдайда оларды пайдалануға білікті мамандардың қажет ететіні жатады.

Сондықтан ақпараттың электрондық нұсқаларын əзірлеп жинақтау жəне оларды қолдану шараларын оңайлату (мамандар басшылығымен) істері ең өзекті мəселе болып табылады. Оның ішінде қашықтан оқыту процесін басқару мəселелері мен мəлімет базаларын пайдалануды шектеу (құқықтық қатынас жүйелерін анықтау) істері ерекше орын алып отыр. Қашықтан оқыту жүйесінде пайдаланылатын ақпараттық орта мүмкіндіктерін жалпы оқу процесінде қолдануды кеңітетін функциялар болуы керек. Осы бағытта мынадай жұмыстар атқарылуы тиіс (сур. қара).

  Сур. Қашықтан оқыту жүйесінде пайдаланылатын ақпараттық функциялар

Қазіргі Қазақстан Республикасы жағдайында білім беру жүйесін ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктеріне сəйкестендіру жəне оның нəтижесіндегі білім беру мазмұнының ғылыми-теориялық деңгейінің артуы мен жоғары білім беруде оны жүзеге асырудың шамаға лайықтылығы арасындағы диалектикалық қайшылықты шешу мəселесі тұр.

Бүгінгі күні қоғам кəсіби білім беру жүйесінен өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, əр істе белсенді шығармашылық əрекет жасайтын, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүріп, еркін жұмыс істей алатын мамандарды даярлауды талап етіп отыр.

Сонымен, бұл жұмыстарды орындау үшін жергілікті компьютерлік желі корпоративтік білім беру ортасы болуы тиіс. Ол қашықтан оқыту жүйесін күндізгі кəсіби оқыту педагогтарына инновациялық-технологиялық даярлық беру кəсіби білім берудің жоғарғы сапасын ғана емес, сонымен бірге азаматтың қоғамның іргетасы ретіндегі білім берудің жаңа философиясын бейнелейтін білім беру парадигмасымен айырбасталады. Маманның кəсіби мəнге ие қасиеттерінің тұтасымен қалыптасу деңгейі неғұрлым жоғары болса, оның əрекетінің тиімділігі соғұрлым маңызды.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Джусубалиева Д.М. Формирование информационной культуры студентов в условиях дистанционного обучения. —Алматы: Ғылым, 1997. — 223 с.
  2. Дузбаева Р.М. Дидактические основы формирования готовности студентов к интерактивному обучению: Автореф....канд. пед. наук: — Алматы: АГУ им.Абая, 2002. — 30 с.
  3. Мəлібекова М.С. Студенттердің кəсіптік-ақпараттық бағыттылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері: Пед. ғыл. д-ры... автореф. — Қарағанды, 2004. — 44 б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.