SOS Балалар ауылының əлеуметтік қызметінің қалыптасу тарихы

Балалық шақ жəне жасөспірім кезінде үйлесімді дамуға бір ғана ұрпақ емес, жалпы қоғамның да болашағы байланысты. Əрбір бала өсе келе өзі тəрбиеленетін қоғамның мəдени құндылықтарын өзіне сіңіріп, келешек ұрпақтарына береді.

Қазіргі кезде Қазақстанда, ресми деректер бойынша, 34 785 бала жетім жəне ата-анасының қамқорлығы мен махаббатын қажетсінуде. Сондықтан олардың көбісіне отбасылық жағдайларға барынша жақын жағдайларды жасаған өте маңызды [1].

Əрбір бала жақсы көретін ата-аналарының қасында, оған қамқорлық беретін отбасында өсуі қажет. Бірақ өмірде жиі басқаша болады: ол жетім болып қалады немесе одан да жаманы — ата- анасы тірі болса да жетім болады, сондықтан оған жетімдер үйіне əкелетін жол ашылады. Əрине, бұл əрқашан мас ата-анасымен тұрғаннан көрі жақсы.

Бірақ балалар үйі қаншалықты жақсы болғанмен, солғын атмосфера баланың эмоциялық күйін қамтамасыз ете алмайды жəне оны өз бетінше өмір сүруге дайындай алмайды.

Бұл жағдайда бұрынғыша ұлттық бірлестіктің «Қазақстанның SOS Балалар ауылы» жобасы инновациялы жəне ең табысты болып табылады. Үйінен айырылған балалар үшін отбасыларын құрып қана қоймай, өзінің болашағын ойдағыдай құруға көмектеседі.

SOS Балалар ауылындағы отбасылық тəсіл 4 қағидатқа негізделген: əрбір балаға ана қажет, ол ағалары мен апаларының арасында, өз үйінде, ауылдың достық қалыпты ортасында көбірек табиғи түрде дамиды. Əдейі сол үшін отбасын нығайтуға жəне əлеуметтік жетімдіктің пайда болуының алдын алуға бағытталған орталықтар мен бағдарламалар құрылған.

ХХ ғасырда кедейшілік, айыпкерлік, жұмыссыздық мəселелері ұлғайып кетті. Осындай қауіпті жағдайлардан қорғау мақсатында кəмелетке толмаған балаларды қамқорлыққа алу керек болды. Соғыс салдарынан Еуропа аумағында отбасы қолдауынан айрылған, бақытсыздыққа ұшыраған балалар саны артқан соғыстан кейінгі кезеңде əлемдегі SOS қозғалысының негізін қалаушы доктор Герман Гмайнер Балалар ауылдарын құру бойынша қауымдастықты құрды.

Мемлекеттік жүйеге қамқорлық керек екендігін Герман Гмайнер Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін түсінді. Еуропадағы барлық интернаттар жəне балалар үйі толық болып, балалар қаңғыбас жəне ұрлықшы бола бастады. SОS Балалар ауылы жобасымен жұмыс істеу барысында Герман Гмайнер бастапқыда шенеуніктер жағынан түсінбестікке ұшырады. Бірақ оның сенімдігі жəне өжеттігі оның арманының орындалуына алып келді. Сондықтан да Герман Гмайнердің өмірлік жолына тоқталу абзал.

Герман Гмайнер Форарльбергте (Австрия) 23 маусымда 1919 жылы шенеуніктің үлкен отбасында алтыншы бала (барлығы 9 бала) болып туды. 1925 жылы наурызда анасы қайтыс болып, 5 жастағы Германға жəне ағалары мен əпкелеріне оның үлкен əпкесі Эльза қарады. 1936 жылы гимназияда ең үздік оқығаны үшін стипендия тағайындалады, бұл оның ары қарай оқуына жақсы мүмкіндік береді. 1940 жылы Вермахтқа əскерге шақырылып, Финляндияда, КСРО-да жəне Венгрияда соғысқа қатысады. 1945 жылы көп жарақаттармен Брегенц қаласындағы лазаретке түседі.

1946 жылы Инсбругте медицинаны оқиды. Медицинадан басқа философиямен жəне педагогикамен айналысады [2].

Гмайнерді аландатқан соғыстан кейінгі үйсіз, отбасысыз қалған балалар жəне, егер балада өзінің туған үйі болмаса, оған қалай жағдай жасасан да, ол көмек болмайтынына сенімді болды. Балалар ауылын құруға себеп болған 1947 жылы 12 жастағы жетім баламен кездесу болды. Баланың қайғылы өмірі Германның жүрегінде үлкен із қалдырып, оның есіне өз өмірі жəне соғыс кезінде оны орыс баласы құтқарғаны түседі [2].

Герман Гмайнер жетім жəне дұрыс жолдан адасып кеткен жасөспірімдермен тəрбиеші ретінде қызмет атқара, балаларға олардың өмірінің басында, яғни, олар басынан кешірген эмоционалды жағдайларды емдеуге болатын кезде көмектесу керек екендігін түсінді. Гмайнер алғашқыдан педагогикалық тəжірибеде ең бастыны түсінді жəне бөліп алды: дербестік, тəуелсіздік, онсыз тəжірибе іске аспайды. Педагогикалық бостандық əкімшілік жəне қаржылық тəуелсіздікті мензеді. Қаражат керек болды. Бірақ ақшасы, байланысы жоқ адам мұндай əдемі, ғажайып идеяға жəне үйді салуға, балаларды тамақтандыруға, киіндіруге қаражатты қайдан алады? Осы кезден бастап Герман Гмайнер қазіргі таңда бізге түсінікті жəне қолжетімді жолмен жүреді. Заң бойынша тіркелген қоғамдық ұйымға қайырымдылық іс-шараларды жүргізуге жəне ақша жинауға рұқсат етілген еді.

Өз арманың іске асыру үшін Герман Гмайнер қолына бір кесе алып көршілерден ақша жинауға шығып, қазір таңда «SOS Балалар ауылы» Ассоциация (SOS-Kinderdorf) тіркелген, 600 шиллинг жинап алды (40 доллар шамасында). 1948 жылы Герман Гмайнер, озiнің көзқарасы бойынша, осы мəселеге əсер ете алады деген мемлекеттік, діни жəне жеке ұйымдарға барады. Қорытындысы нашар болады, өйткені оның бұл идеясын бəрі шындық ретінде қабылдамады [3].

«Мен қайда барсам да мені ешкім түсінбеді. Қай есіктен барып көмек сұрасам да менің идеямды бөлісетін ешкімді таппадым. Балалар ауылы? Балалардың анасының орнын басатын күйеусіз əйелдер? Бірге өмір сүру? Бұндай идеяда ешқандай болашақ жоқ. Мен дилетанттардың да, кəсіби тəрбиешілердің де алдында күлкілі болдым. Маған сенген тек менің аз ғана достарым болды», — деп Герман Гмайнер еске алды [3].

Гмайнерлік модельдің қарсыластары көп болды, бірақ оған тыйым салатын немесе рұқсат беретін ешкім болмады. Батыл жəне көп адамға түсініксіз педагогикалық тəжірибе орындалу үшін керегі — кедергі жасамау болды.

1949 жылдың 22 шілдесінде Гмайнер құрылыс жұмыстарын бастау үшін жер іздеу мақсатында əр түрлі инстанцияларға арыздар жазады. Соңында Имст (Австрия) орталығының мэры Йозеф Кохтан жауап алды. Бөлінген жер электр жүйелері жəне су жоқ таулы жерде болады. Кейінірек осы жерде балалар ауылының бірінші коттеджі құрылды [2].

Тілектестердің қолдауымен жəне адами жақсылыққа қозғалмалы мызғымас сеніммен Герман Гмайнер əлемдегі бірінші SOS Балалар ауылды құруды бастады. SOS Балалар ауылы моделі басқа

«казармалық» балалар үйлерінен қатты өзгешеленді жəне бүкіл əлемдегі балаларды тəрбиелеу жүйесі реформаланды. Герман Гмайнер басқа елдерде SOS Балалар ауылын құруға шамалы қаражаттар салу арқылы көмектескен SOS-достарына өзінің идеясының дұрыс екендігін дəлелдеді. «Цепная реакция добра» барлық контингенттерді жаулап алды жəне бұл идея əлемнің 133 елінде жүзеге асуда. «Біздің балалардың болашағы — біздің болашағымыз», — бұл сөздер өз уақытынан бір қадам алда келе жатқан Герман Гмайнерға тиесілі. Герман Гмайнер өмірден кетер алдында айтқан сөздері: «Мен өмірімді қол созып, сұраумен өттім». Енді қазіргі таңда SOS Балалар ауылы тек ерікті салымдармен жүзеге асуда.

Герман Гмайнер 1986 жылы 26 сəуірде Чернобыль АЭС апаты болған күні қайтыс болды. Оның жұмысын SOS-Kinderdorf International Президентінің орнында 26 жыл отырған Хельмут Кутин жалғастырды [4].

«Гмайнер нағыз табиғи жақсы жəне діни адамға лайықты қасиетке сүйенді — отбасылық ошақтан лақтырылып тасталған балаларды қорғау жəне оларға қамқорлық көрсету. Ол қазыналық бөлмелерді үймен, үлкен топтарды отбасымен ауыстырды. Жəне ол отбасының формалды түрі ғана болған жоқ. Мен мұны дəлелдей аламын, өйткені мен өзім осындай отбасында ер жеттім. Бұл осындай отбасында тұратын балаға қамқорлық, рухани ем жəне қоғамға оралу дегенді білдіреді», — деп Хельмут Кутин еске алды.

SOS Балалар ауылы — бұл балалардың қызығушылықтарын, құқықтарын жəне қажеттіліктерін 64 жыл қорғап келе жатқан халықаралық мемлекеттік емес, əлеуметтік ұйым. Қамқорлық орталығында отбасысыз қалған, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, сонымен қатар қолайсыз жағдайда өмір сүретін отбасылар орын тапқан. SOS Балалар ауылы жəне SOS Жасөспірімдер үйінде қазіргі таңда барлық контингенттерде 65 000 балалар жəне жасөспірімдер пана тапқан. Əлемде мыңдаған адамдар SOS Балалар ауылының шұғыл көмегін жəне педагогика, медицина жəне əлеуметтік бағдарламалар шеңберінде көмек алуда. SOS Балалар ауылы қиын жағдайға түскен балаларға отбасын береді, өзінің болашағын құруға мүмкіндік береді, қоғаммен бірге дамуға көмектеседі [5].

Соғыс салдарынан зардап шеккен балаларды қорғауға асыққан жəне отбасылық тəрбиелеу SOS моделін құруды ойлаған Герман Гмайнер өзінің ойымен бөліскенде, егер мен Австрияда кем дегенде үш балалар ауылын құрсам, мен босқа өмір сүрмегенмен деген еді. Қазіргі таңда əлемнің 133 елінде 532 SOS Балалар ауылы қызмет атқаруда. 1 300 000 балалар мен жасөспірімдерге SOS моделінің Г.Гмайнердің жасөспірімдер үйі, балабақша, Г.Гмайнер мектептері, əлеуметтік, медициналық жəне оқыту орталықтары қызмет көрсетуде.

Əлемде 8 топқа бөлуге болатын, SOS Балалар ауылының 2406 мекемесі қызмет атқаруда (кестенi қара).

  К е с т е Əлемдегі «SOS Балалар ауылының» сандық мəліметтері

 Қызмет атқару жылдарында SOS Балалар ауылы 14 рет Нобельдік сыйлыққа тағайындалды. 2002 жылы Хельмут Кутин SOS Children's Villages атынан бұл облыстағы ең үлкен Конрад Хилтон Қорының гуманитарлық сыйақысын алды.

2012 жылдың шілде айынан SOS Kinderdorf International ұйымын Сиддхартха Каул басқарады. Оның əкесіне Дж. Н. Каулға Үнді еліндегі Балалар ауылының қызметін басқару жүктелген еді. Гринфилдсте бірінші SOS ауылы пайда болғанда Каулдың барлық отбасы көшіп барды. Сиддхартха жоғары оқу орнында архитектураны жəне гуманитарлық ғылымды оқыған. Жазғы лагерларды басқарған, жасөспірімдерге тілден жəне математикадан сабақ берген.

1978 жылы қазанда «Үнді SOS Балалар ауылы» оған оңтүстік Үндіде балалар ауылын ашуды ұсынды. Бұл ұсыныс оған өте пайдалы болды жəне оның ұйымға деген бейімділігі арта түсті. Осы уақыттан бастап оның жеке өмірі мен кəсіби өмірі арасындағы меже жоғалып кетті.

1981 жылдың наурыз айынан бастап С. Каул SOS Сhildren`s Villages International ұйымында жұмыс атқарды жəне ол Шри-Ланкаға жіберілді, мұнда ол дəстүрлі ұйымды құрды. 1986 жылдан С. Каул аймақтық директор болды. Осы уақыттан ол ең жауапты мақсаттарды іске асыра бастады: Вьетнамдағы ұйымды қалпына келтірді, Камбоджада SOS қауымдастығын құрды. SOS ұйымның жоғарғы басқармасына еніп жəне стратегияны құру процесінің қатысушысы болып, 2001 жылы Азияның Бас хатшысының орынбасары болды. 2004 жылы Азияға цунами түскенде масштабты көмекті жəне қалпына келтіруді С. Каул басқарды [5].

Азиядағы əр түрлі əлеуметтік, экономикалық, діни жəне саяси жүйенің шарттарына сəйкес жұмыс істеп, С.Каул этникалық жəне мəдени алуан түрліліктердің маңыздылығы мен бағалылығын түсінуді үйренді. Сиддхартха Каул Азия елдерінің азаматтық қоғам өкілдерінің жəне үкіметтің, ұйымдардың сан алуан сыйлықтарына ие.

Қазақстанға SOS ұйымы 90-жылдары КСРО тарағанда, елде экономикалық тұрақсыздық жаулағанда, жұмыссыздық, əлеуметтік мəселелер пайда болғанда келді. Саясат мəселелерімен айналысып жатқан қоғам жетім балалар мəселелерін бірден байқамады. Бірақ осы уақытта Мюнхенде болған Сара Алпысқызы Назарбаева отбасылық типтегі балалар ауылы туралы біліп, бұл модель туралы айқындай бастады. Бірінші Леди бұл модельдің артықшылықтарын көріп, Қазақстанда да балалар ауылын құруды ойлады. Сара Алпысқызы мемлекетте балалар ауылын құруға қаражаттың жоқтығын түсіне отырып, Халықаралық қормен келісімге қол жеткізді, жақында 1994 жылы Қазақстанды ұйымның реестрына енгізді. «SOS Қазақстан Балалар ауылы» Ұлттық қоры құрылды, бірінші президенті Назарбаева Сара Алпысқызы болды.

Бірінші күннен бастап Бірлестіктің басты мақсаты — бақытсыздыққа ұшыраған балаларға жəне жетім балаларға отбасылық тəрбие беру моделі арқылы ұзақ мерзімді қамқорлық жəне əлеуметтік- педагогикалық көмек беру.

1997 жылы бірінші балаларды Алматы SOS Балалар ауылы қабылдады. 1999 жылы Астана қаласында Балалар ауылының бірінші тасы салынды, ал 2000 жылы ауыл балалар дауысына толды. 2004 жылдың 19 мамырда ең жас балалар ауылының, яғни Теміртау SOS Балалар ауылының, есігі ашылды.

Он тоғыз жыл ішінде Бірлестік Қазақстандағы SOS-қозғалысының дамуына өз үлесін қосты. Қазір SOS Балалар ауылында, атап айқанда, Алматының SOS Балалар ауылында, Астананың SOS Балалар ауылында жəне Теміртаудың SOS Балалар ауылында 300-ге жуық балалар тұрады, олар жастарына сəйкес толық қамқорлық жəне тəрбие алады [1].

«SOS Балалар ауылы» бағдарламаға қатысатын балалар, жасөспірімдер жəне жастардың ғана емес, сондай-ақ қауіп тобындағы отбасылардың балаларының жəне ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалардың да белсенді құқықтарын қорғайды. Бұл жетім балаларды қолдау бағыты қоғамның жəне мемлекеттің оларға қамқорлық жасау жəне олардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мүмкіншіліктерін дамыту болып саналады.

Бүгінгі таңда SOS ауылдарда 300 астам балалар, ал туған отбасында 688 балалар өмір сүреді.

Ойын bus бағдарламасында 2334 балалар тəрбиеленуде [5].

Біздің мемлекеттің бұл саладағы жетістігі — Білім министрлігі жүйесінде балалар үйлері мен интернаттарға балама ретінде отбасылық типтегі балалар ауылының салынуы.

1993 жылы Сары Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен SOS-қозғалысы біздің елімізге келді. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «SOS Kinderdorf International» Халықаралық қоры арасында шарт жасалды.

2004 жылы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынан айрылған балаларға көмек көрсетудегі тығыз ынтымақтастыққа бағытталған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «SOS Kinderdorf-International» Халықаралық қоры арасында шартты бекіту туралы Заңға қол қойды.

Осылай «SOS Kinderdorf International» SOS Балалар ауылының құрылу тарихы мен дамуы əлем бойынша жетім балаларға қамқорлық көрсетуде ата-бабаларымыздың еңбегінің дəлелі болып табылады. Бұл бағытта Қазақстан жағымды тəжірибені қабылдап дамытуда, бұл бүкіл əлем бойынша балаларды əлеуметтік қорғауда қосқан зор үлес болады.

SOS Балалар ауылының қызметінің мақсаты — бақытсыз балаларға отбасылық өмірге жақын жағдайларды жасау. SOS Балалар ауылы қозғалысының өз алдына қоятын басты міндеті — балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғау, олардың отбасында тəрбие алу құқығын жүзеге асыру, олардың ертеңгі күнге деген сенімділік, тəуелсіздік, өзін-өзі таныту сезімдерін тəрбиелеу, балалық үмітін жəне дəмеленуін ақтау жəне оларды жүзеге асыру мүмкіншілігін жасау. Біздің Республикада қабылданған бағдарламалар мен SOS Балалар ауылы қозғалысының жобаларының мəнісі осыда.

Əлеуметтік жұмыскердің қызметінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды əлеуметтік қорғау ерекше орын алады. Сондықтан балалар ауылдарындағы балаларды тəрбиелеу, күту жəне бағу тəжірибесін зерттеу əлеуметтік жұмыс саласындағы болашақ мамандардың кəсіптік құзыретін құруда маңызды орын алады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. [ЭР]. Қолжетімділiк тəртібі: http://news.headline.kz/samoe_pozitivnoe/sos_detskie_derevni_kazahstana_detskie_mechtyi_html
  2. [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://ru.wikipedia.org/wiki/
  3. Брускова Е.С. С миру по шиллингу. — М.: Знание,
Жыл: 2013
Категория: Педагогика