Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сыныптан тыс спорттық шаралар өткізу арқылы оқушыларға патриоттық тəрбие беру

 Қазіргі уақыттың талабы бəсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру барлық педагогикалық ұжымдардың бірігуін талап етеді. Жеке тұлғаға бағытталған сабақ — оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты. Əр оқушының болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлау, өз бетінше шешім қабылдау қабілеттері қалыптасуы тиіс. «Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті жалпы орта білімнің мемлекеттік стандартының негізгі ережелеріне» сүйене отырып, «Дене шынықтыру», «Бастапқы əскери дайындық» пəндерінің білім беру саласындағы негізгі мақсаты денсаулықты нығайту, білім, өмірлік маңызды қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру, адамгершілік, еңбек жəне эстетикалық тəрбиенің міндеттеріне сəйкес жеке тұлғаны үйлесімді дамыту болып табылады [1].

Бұл мəселе төңірегінде көп айтылып жүр. Қазақстан Республикасының Президенті де жылдағы халыққа Жолдауында назардан тыс қалдырмай, мемлекет тарапынан қолдау көрсетуін талап етіп отыр [2].

Сыныптан тыс спорттық шаралар арқылы мектеп жасындағы балалардың патриоттық тəрбиесін жүзеге асыру сұранысқа ие болғанымен, сыныптан тыс жұмыстардағы іс-шаралардың мардымсыздығына байланысты бұл процесс мектептерде жеткіліксіз жүргізіліп отыр. Сыныптан тыс спорттық сабақтарындағы білім түрліше тəсілдермен оқушыларға жеткізіледі, олардың арасынан төмендегілерді айырып көрсетуге болады: құбылыстың мəні мен оның құрылымы туралы баяндау, оны дұрыс орындау туралы айта отырып, қозғалыс əрекеттерін көрсету, үйретудің техникалық құралдарының жəрдемімен берілетін оқу ақпарат хабарлары.

Үйрету барысында жаттығуды басқаша емес, тек осылай ғана орындау керек екендігін, жаттығуды орындауда кеткен қандай қателер қозғалыс қимылының сапасын төмендететіндігін оқушыларға жеткізу маңызды [3].

Кез келген жоспарсыз жасалған, жүргізілген жұмыстың қателіктері көп болады. Ал жүйелі түрде жоспарланып жүргізілген жұмыстың маңызы, мəні де, нəтижесі де жоғары. Сондықтан сыныптан тыс спорттық шаралардың ұйымдастырылуы талапқа сай жүзеге асуы тиіс.

Мектепте баланың сыныптан тыс жұмыспен айналысуында ұстаздың əсері мол. Сыныптан тыс спорттық жұмыстар баланың спортқа деген ынтасын арттыратын, баланы дұрыс та сауатты демалуға үйрететін, өз ойын жүйелі түрде дамытатын ең керекті əдіс [4]. Өзінің тəрбие жүйесінде спорттың əр түрін кеңінен қолдана білген В.К. Бальсевич спорттағы ұжымдық қарым-қатынастың маңызын көрнекті, нақты түрде ашып көрсетті жəне балаларды ұжымдық спорт арқылы тəрбиелеуге болатындығын əйгілеп берді [5].

Спорт оқушылардың бойында күш, ептілік, төзімділік секілді моральдық-ерік сапаларын дамытудың тиімді құралы болып табылады. Спортың тəрбиелік құндылығы мектепте оны дұрыс ұйымдастырған жағдайда жəне оны өткізудің дұрыс əдістерін қолданғанда ғана тиімді болмақ. Əлеуметтік өнегелігі қоғамдағы жаңа қоғамдық қатынастармен анықталады, тəрбиелеу мақсатын көздейді. Адамгершілік қасиеттерді тəрбиелеудің барлық түрі, оның ішінде патриоттық сезімді тəрбиелеу оқушылардың шама-шарқына, мүмкіндіктеріне қарай олардың қазіргі қоғамды тікелей атсалысуы болып табылады.

«Сіздің ойыңызша, спорттық шаралар арқылы патриотизмге тəрбиелеуге бола ма?»;

«Сіздің ойыңызша, сыныптан тыс спорттық шаралар патриотизмге тəрбиелей ме?».

Бұл сұрақнама оқушылар арасында аса қызығушылық ие болды, барлығы қатысты. Сұрақнама мектептің 11-сынып оқушылары арасында жүргізілді. Оның себебі 11-сынып оқушылары 17–18 жас аралығындағы жастар, көзқарасы қалаптасқан, пікірін ашық айта алады.

Оқушылардың 94 % бірінші сұрақ бойынша «елін, жерін сүю» деп жауап берсе; екінші сұраққа 97 % «отанға адал қызмет ету», «өз елі үшін қызмет жасау» сынды жауаптар берді. Əрине, бұл қуантарлық жайт.

Оқушыларда сыныптан тыс спорттық шаралар өткізу арқылы оқушыларға париоттық тəрбие беру барысындағы тəжірибелер мен тағлымдардан тұратын бай қазына, өшпес өнеге, тəрбие өрнектері, тəлім-тəрбиенің баға жетпес қайнар көзі екендігі дəлелденді.

Осы айтылғанның бəрін ескере келіп, Қарағанды қаласындағы № 27 орта мектебіндегі сауалнама жүргіздік.

Ізденіс барысында спорттық шаралар арқылы оқушыларға патриоттық тəрбие беруде келесідей өлшемдер анықталды:

  1. Ұлттық ойындарға деген дұрыс қарым-қатынас.
  2. Спорттық білім аясының болуы.
  3. Сыныптан тыс уақыттарда спорттық ойындардың өткізілуін бағалау жəне пайдалану. Осы өлшемдер негізінде келесідей көрсеткіштер алынды:
  • спорттық ойындар арқылы дұрыс қарым-қатынас көрсеткіштері;
  • спорттық ойындар мен əскери спорттық ойындардың қажеттілігін түсінуге ұмтылу;
  • спорттық ойындарды сезімталдықпен қабылдау;
  • Қазақстанның мемлекеттік рəміздерінің тарихына қажеттілік пен қызығушылық.

Спорттық жəне ұлттық спорттық ойындардың мұрасы негізінде білім аясының көрсеткіштері болуы қажет.

Əзірленген үлгі негізінде деңгейлер ауқымы айқындалды: жоғары, орташа, төмен.

Жоғары деңгей — оқушылар сыныптан тыс уақыттағы спорттық ойындардың маңыздылығын терең түсінеді, оларға тұрақты қызығушылық бар, патриоттық тəрбие ісінде оның маңызын толық сезінеді, патриоттық жəне саяси сипаттағы мазмұнды еркін талдайды, ер қорғаудағы оның маңызын түсінеді.

Орташа деңгей — оқушылар сыныптан тыс уақыттағы спорттық ойындардың маңыздылығын жеткілікті түсінбейді, оларға тұрақты қызығушылық жоқ, патриоттық тəрбие ісінде оның маңызын толық сезінбейді, патриоттық жəне саяси сипаттағы мазмұнды үлкен қиындылықпен талдайды, спорттық ойындардың маңызын жете білмейді.

Төмен деңгей — оқушылар сыныптан тыс уақыттағы спорттық ойындардың маңыздылығын дұрыс түсінбейді, оларға қызығушылық тудырмайды жəне қабылдамайды, патриоттық тəрбие ісінде оның маңызын мүлдем сезінбейді, патриоттық жəне саяси сипаттағы мазмұнды талдай алмайды.

Сонымен, біздің зерттеу жұмысымызда сыныптан тыс уақыттарда спорттық шаралар арқылы оқушылардың патриоттық көзқарастарымен білімінің, білігі мен іскерлігі жəне қызығушылығы жеткіліксіз деңгейде екендігі анықталды. Бұдан шығатын қорытынды оқушыларға сыныптан тыс уақыттарда патриоттық тəрбие деңгейінің өсуіне мүмкіндік беретін арнайы курстық жұмыстарды ұйымдастыру қажет етеді. Мектептерде сыныптан тыс уақыттарда спорттық шаралар арқылы педагогикалық-тəжірибелік эксперименттің қалыптастырушы кезеңінде орта мектептің оқу-тəрбие процесінде 6 сағатқа есептелген «Спорттық іс-шаралар арқылы патриоттық тəрбие қалыптастыру» атты арнай курс енгізіліді. Ондағы мақсаты — сыныптан тыс уақыттарда оқушыларда патриоттық тəрбиені қалыптастыру.

Оқушылар сауалнама сұрақтары бойынша нақты жауап бере алмады, ал олардың патриоттық тəрбиелік мəндерін ашуда өзіндік пайымдаулары төмен.

Эксперименттің екінші кезеңінде бастапқы əскери дайындық сабақтарында əскери педагогикасы негізінде саяси көзқарастарын қалыптастырып, патриоттыққа тəрбиелеуге бағытталған жұмыстар жүргізілді. Бірінші кезеңінде əскери педагогикасы негізінде сабақтар жүйесі жүргізілді. Яғни, саяси жағдайлар мен əр түрлі кезеңдер талдай отырып, оқушыларды патриоттыққа тəрбиелеу шаралар жүйесі ұйымдастырылды. Екінші кезеңде əскери педагогикаға енгізілген тəрбиелік шаралар жүйесі жүргізілді. Соның нəтижесінде эксперименттің бақылау кезеңінде сынып оқушыларынан сауалнама алу арқылы олардың саяси көзқарастарымен патриоттық тəрбие деңгейінің екініші кескіні алынды. Ол нəтижелер көрініс эксперимент тобы мен бақылау тобындағы оқушылардың саяси көзқарастары мен патриоттық тəрбие деңгейлерінде пайыздық қатынас тұрғысынан сапалық өзгерістер бар екенін көрсетті.

Зерттеу жұмысымызда мектептегі сыныптан тыс уақыттарда берілетін патриоттық тəрбиенің бірлігін, тұтастығын, сабақтастығын қамтып, əскери тəрбиенің нəтижелі жүзеге асырылуына тірек болды.

Қарағанды қаласының № 27 қазақ орта мектебінің жүргізілген сауалнамалар, сұхбаттасу, бақылау шаралары арқылы сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі білім деңгейі мен сезімдері анықталып, сарапталды. Мақсат — алғашқы сыныптан тыс уақыттарды спорттық шараларды ұйымдастыруда оқушыларда патриоттық тəрбиені қалыптастыру. Яғни сыныптан тыс сабақтарда əскери жəне спорттық шараларды ұйымдастыру ұғымын қалай түсінеді, оған көзқарастары қандай, сыныптан тыс уақыттарда патриоттық тəрбиені қалыптастырудың қандай жолдарын біледі, əскери мұрадағы тəрбие тəжірибенің əсері бар ма, тағы басқа мəселелер төңірегіндегі ой-пікірлерін, ұғым-түсініктерін зерделеу.

Осындай бірізді реттілікпен айқындалған патриоттық тəрбие деңгейлері, əскери жетекшінің сабақты ұйымдастырудағы əскери көзқарасты жүзеге асыруда жүйелі ықпалда əрекет жасауға мүмкіндік туғызады.

Сауалнама жауаптарын сараптау, бізге спорттық іс-шаралардың мəні, жалпы əскери жəне спорттық ойындар туралы көзқарас туралы субъективті көзқарастары мен білімдері туралы хабардар етті.

Оқушылардың əскери ойындар жəне спорттық ойындар туралы білім деңгейлері қанағаттандырарлық болғанымен, сыныптан тыс уақыттарда əскери-патриоттық шарларды ұйымдастыруда білімдерінің деңгейлерінің төмендігі байқалды.

Анықталған жағдайды негізге ала отырып, біз оқушылардың əскери-спорттық ойындарға көзқарасын, білімін тереңдету мақсатында, қалыптасушы тəжірибе алдында біз эксперименталды жəне бақылау топтарының оқушыларының алдында оқушыларда патриоттық тəрбие қалыптасу деңгейлері бойынша жүргіздік.

Сыныптан тыс сабақтарын өткізу мен ұйымдастыру сабақтарында қалыптасқан патриоттық тəрбие деңгейін анықтадық. Сыныптан тыс сабақтарын өткізуімен ұйымдастыруда патриоттық тəрбие қалыптастыруды анықтау, бақылау жəне қалыптастыру экспериментін жүргізу кезіндегі күйі алғашқы əскери дайындық сабақтарын теориялық, іс-тəжрибелік даярлығы бойынша білімі бойынша білімі, білігі мен іскерлігі, ал əскери пəнге қызығушылығы жоғары, орташа, төмен көрсеткіштерінің нəтижесіне тоқталатын болсақ, сауалнама нəтижесін салыстырғанда спорттық көзқарасы жоғары қызығушылығы 59,2 % өсті, орташа 1,8 % артты, төмен 40,5 % кеміді.

Білім жоғары 51,3 % өсті, орташа 11,4 % артты, төмен деңгейі 56,4 % кеміді. Білік, іскерлік жоғары 43,8 %, орташа — 20,2, төмен 56,6 % кеміді.

Зерттеу жұмысын жүргізу барысында дене шынықтыру жəне алғашқы əскери дайындық жұмыстарында əскери көзқарастарды қалыптастыруда қажетті іскерліктер жəне дағдыларды игереді, əскери көзқарастарының дамып жетілуіне көмегін тигізді.

Бұл біздің зерттеу жұмысы мақсатына сай əзірлеп, өткізген сабақтар мен сабақтан тыс жұмыстардың тиімділігін растайды.

Сонымен, қорыта келе, сыныптан тыс спорттық шараларды ұйымдастыруда білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне мектеп оқушысын белгілі бір қажетті біліктіліктер мен дағдылардың иесі, оқу əрекетінің субъектісі, əр түрлі мəдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін жəне жас ерекшелігіне байланысты өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды білім-тəрбие мазмұнын анықтап, құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта оқыту идеясы арқау болды.

Сыныптан тыс жұмысқа сабақтан бос кезінде жүргізілетін спорттық жарыстар, үйірмелер жатады. Қазіргі кезде оқушылардың белсенді дене-қимылын жүзеге асыруда, жүйелі түрде жүргізілген жұмыстар едəуір орын алады. Сыныптан тыс жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері бар. Бірінші ерекшелігі, сабақтарға қарағанда, сыныптан тыс жұмыс ерікті негізде өткізіледі. Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс жұмыстың мəні — ондағы қоғамдық пайдалы іс-əрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Қазір ол қоғамға пайдасы мол бағытқа ие болып келеді.

Дені сау ұлт қалыптастырамыз десек, жаңа стадиондар мен спорт кешендерін, балаларға арналған жəне басқа спорт алаңдарын салу мен ескілерін жаңарту арқылы барлық жастағы адамдардың спортпен шұғылдануына, өздерінің бойларын сергек ұстауына, сөйтіп, өмір жастарын ұзартуына жағдай жасауы қажет. Сонда ғана елін сүйетін патриот тəрбиелей аламыз.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. 2009–2010 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында ғылым негiздерiн оқыту ерекшелiктерi туралы əдістемелік нұсқау хат. — Алматы: Жалын, 2009. — 8–10-б.
  2. Назарбаев Н.Ə. Қазақстан халқының əл-ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты мақсаты. — Астана: Елорда, 2008. — 24–25-б.
  3. Мұхамеджанова Ұ.Ж. Дене шынықтыру пəнін оқыту əдістемесі: Оқу құралы. — Астана: Фолиант,
  4. Есмағамбетов З. Дене тəрбиесін өткізу жəне басқару. — Қарағанды: Арко, 2004. — 154–156-б.
  5. Бальсевич В.К. Физическое воспитание ребенка в семье // Физическая культура: восп., образов., тренир. — № 3. — С. 17–19.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.